Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Жасөспірімдердің девиантты мінез.құлық ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1Девиантты мінез.құлыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Жасөспірім шақтағы девиантты мінез.құлықтың көрінуі ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ тарау. Жасөспірімдердің девиантты мінез.құлық ерекшеліктерін анықтаудағы тәжірибелік.эксперименталды зерттеу
2.1.Девиантты мінез.құлықты оқушыларды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.Девиантты мінез.құлықты оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстары 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Зерттеу өзектілігі:Қазіргі кезде жастардың девианттық мінез-құлқы жайлы көптеген ғалымдар жазып та,айтып жүр.Дегенмен оның алдын-алу мақсатындағы жайттар аздың қасы.
Девиантты мінез-құлық әр түрлі болса да,олар өзара байланысты.Ішімдік,есірткі қолдану,жаулап алушылық және заңсыз мінез-құлықтар бір блокты құрайды,солай жасөспірімдердің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мүмкін.Заңсыз қылықтар қатты болмаса да,психикалық қалыптың бұзылуына әсер етеді.Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар сәйкес келеді.Жеке дара факторларға –өзіндік бақылау мен өзін-өзі сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тренингтер мен ойындардың рөлі ерекше.тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады.
Біріншіден,жасөспірімдердің жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға,жаңалыққа “тойынып қалу” феноменімен,шаршаудан,қажудан сақтайды.
Екіншіден,балаларға біртіндеп тренингтік әсер болады да,оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, енжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді.
Және балалардың тренинг жүргізушіге бауыр басып қалып,өздерінің бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекеттерінен,педагогтарынан аулақ болуды сақтайды.
Зерттеу мақсаты – жасөспірімдердің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарын жақсарту,девиантты мінез-құлықты оқушылардың қарым-қатынасын дамытуға бағыттау,
Зерттеу міндеттері – девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасауды қарастыру,тренингтар өткізу арқылы мінез-құлықтарын дамыту;
Зерттеу пәні:білім мен тәрбие беру үрдісі
Зерттеу обьектісі:жасөспірімдер
Зерттеу болжамы:Егер девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлықтарын дамытып,жетілдіру барысында тренингтер мен ойындарды пайдалансақ,олардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартуға,сана мен ойлау қабілетінің дамуына үлкен септігін тигізеді.
Зерттеу әдістері:психологиялық ойындар мен тренингтар арқылы жасөспірімдерді зерттеу.
1. Муртазина Э. Педагогические основы конструирования учебных деловых игр: Дис. ... канд.пед.наук. – Л., 1990.
2. Беспалько В.П. Элементы теории управления процессом обучения. – М.: Просвещение, 1971.
3. Маркова А.П. Формирование мотивации учения. – М.: Просвещение, 1975.
4. Пидкасистый И.П. Технология игры в обучении. – М.: Просвещение, 1992.
5. Габрусевич С., Зорин Г. От деловой игры – к профессиональному творчеству. – Минск, 1989.
6. Габай Т. Учебная деятельность и ее средства. – М., 1988.
7. Соловьева А. Деловая игра «Суд над традиционной лекцией». Новые технологии обучения: деловые игры. – 1991.
8. Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии. – 1996. - № 6. – С. 3-43.
9. Гоноболин Ф.Н. Книга об учителе. – М.: Просвещение, 1965. – 260 с.
10. Кулюткин Ю.Н. Психологические проблемы образования взрослых // Вопросы психологии. – 1989. - № 2.
11. Инновационное обучение: Стратегия и практика / Под ред. В.Я.Ляудис. – М.: МГУ, 1994. – 203 с.
12. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под. Ред. Н.В.Горбуновой. – М.: Новая школа, 1995. – 107 с.
13. Дъяченко В.К. Сотрудничество в обучении. – Просвещение, 1991.
14. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников // Под.ред. И.Б. Первина. – М.: Педагогика, 1985.
15. Лиймитес Х.И. Групповая работа на уроке. – М.: Просвещение, 1975.
16. Миртов А.В. Сочинение в школе. Уроки коллективного творчества // Литература в школе. - № 6.
17. Поливанов Н.И., Ривина И.В. Принципы и формы организации совместной учебной деятельности // Психологическая наука и образование. – 1996. - № 2.
18. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
19. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.
20. Щукина Г.И. Проблемы познавательного интереса в педагогике.Москва. 1971.
21. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ревенка. //Вопросы психологии. 1966.
22. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
23. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969.
24. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
25. Педагогикалық ізденіс. Алматы.1976.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерінің теориялық
негіздері
1.1Девиантты мінез-құлыққа
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Жасөспірім шақтағы девиантты мінез-құлықтың
көрінуі ... ... ... ... ... ... ...1 3
ІІ тарау. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтаудағы
тәжірибелік-эксперименталды зерттеу
2.1.Девиантты мінез-құлықты оқушыларды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.Девиантты мінез-құлықты оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстары 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі:Қазіргі кезде жастардың девианттық мінез-құлқы
жайлы көптеген ғалымдар жазып та,айтып жүр.Дегенмен оның алдын-алу
мақсатындағы жайттар аздың қасы.
Девиантты мінез-құлық әр түрлі болса да,олар өзара
байланысты.Ішімдік,есірткі қолдану,жаулап алушылық және заңсыз мінез-
құлықтар бір блокты құрайды,солай жасөспірімдердің оның біреуіне
тартымдылығы өсуі мүмкін.Заңсыз қылықтар қатты болмаса да,психикалық
қалыптың бұзылуына әсер етеді.Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік
факторлар сәйкес келеді.Жеке дара факторларға –өзіндік бақылау мен өзін-өзі
сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тренингтер мен ойындардың
рөлі ерекше.тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы
вариант болып табылады.
Біріншіден,жасөспірімдердің жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке
деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға,жаңалыққа “тойынып қалу”
феноменімен,шаршаудан,қажудан сақтайды.
Екіншіден,балаларға біртіндеп тренингтік әсер болады да,оларды
жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, енжарлыққа бой
ұрып қалмауға мүмкіндік береді.
Және балалардың тренинг жүргізушіге бауыр басып қалып,өздерінің
бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекеттерінен,педагогтарынан аулақ болуды
сақтайды.
Зерттеу мақсаты – жасөспірімдердің бір-бірімен өзара қарым-
қатынастарын жақсарту,девиантты мінез-құлықты оқушылардың қарым-қатынасын
дамытуға бағыттау,
Зерттеу міндеттері – девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өз
ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,жағымсыз құбылыстарды болдырмауға
әрекет жасауды қарастыру,тренингтар өткізу арқылы мінез-құлықтарын дамыту;
Зерттеу пәні:білім мен тәрбие беру үрдісі
Зерттеу обьектісі:жасөспірімдер
Зерттеу болжамы:Егер девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-
құлықтарын дамытып,жетілдіру барысында тренингтер мен ойындарды
пайдалансақ,олардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартуға,сана мен
ойлау қабілетінің дамуына үлкен септігін тигізеді.
Зерттеу әдістері:психологиялық ойындар мен тренингтар арқылы
жасөспірімдерді зерттеу.
Зерттеу базасы:№30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-д сынып
оқушылары.

1-тарау. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерінің
теориялық негіздері.
1.1 Девиантты мінез-құлыққа жалпы сипаттама

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және
нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық
орта,дәрігерлік қызмнттің нашарлығы, т.б. балалардың денсаулығына,мінез-
ққұлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуге
қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.
Көптеген ғалымдардың пікірінше,бала мінез-құлқының қиындығын 4-5
сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады.Бірақ соңғы жылдары мінез-
құлқы қиын оқушылардың арасында жасау тенденциясы
байқалады,олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр.
Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде
құралып келген ,бірінші категория – қалыпты балаларкатегориясы,яғни баланың
дамуы өз жасына сәйкес және аномалды балалар,дене және психологиялық
дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы онжылдықтағы ғылыми
зерттеулер балалрдың осы екі категория арасында аралық буын бар
екенін дәлелдеді. Осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және
мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады,оларды көбінесе қауіп-
қатер балалары деп атайды.Олардың бойында дене және психлолгиялық
дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық
және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың мекткеп жасына жеткен
кезде мектепте жақсы оқуы үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары
жоқ.Денсаулықғының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы ,өз
құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы, қауіп-қатер факторы
,үлгермеушілік,мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының
себептері болып табылады.Ғалымдардың ой-пікірлеріне жүгінетін болсақ,

девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез –құлығы ортаның
келеңсіз ықпалынан және педогогикалық процестің жеткіліксіздігінен
рухани көз-қарасының дұрыс қалыптаспағандығы , сезімнің дәрменсіздігі
,қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын, әрі үнемі байқалып
тұрумен көрінеді.. Мінез-құлқы қиын балалар арасында жүргізілген
көптеген зерттеулер бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып
оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықьың мұндай
белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік – психологиялық
дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық
бұзылуының амникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына
әкеліп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыдан
Л.С.Выготский(1928) талқыланды , сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен
де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес
қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Жасөспірімдердік кезеңі баланың жеке басының ары қарай
қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады .Оның өмірінде мектеп
табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер
пайда болады, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді ,
бала үшін жетекші орын оқу әрекеті қалыптасады.
Жасөспірімнің жеке қасиеттерінің , психолгиялық дұрыс дамып
кетуі үшін педогогтық ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың
көз-қарасы және принциптерге негізделген мектеп пен отбасы
арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.Мысалы, бұл тұрғыдан
әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын , оның
ақылы да , яғни тәнімен бірге жанында да өсіп – өну пайда болады. Бұл
оның өмірінде маңызды рөл атқарады. Ана құрсағында –ақ тән
түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіқтер , заттардың түрін,
түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір
барысында ,
оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше
әрекеттенуі,өзіндік белсенділігі ерекше маңызды.Адамның
адамгершілік,имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын
тәжірибесіне,үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды.Адам дүниеге келгенде
ақылды,не ақылсыз,зұлым,не ақ ниетті болып келмейді,мұның бәрі де жүре
пайда болады.
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған
француз әлеуматтанушысы Эмиль Дюркгейм.Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру
үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды.”Аномия” термині француз тілінен
аударғанда ұжымның,заңның болмауы.
Ал,Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени
мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы
үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Сәйкессіз мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына
климаттық,геофизикалық,экологиялық факторларды
енгіземіз.Мысалы,шу,геомагниттік,өз геріс,таршылық,т.б жағдайлар үрей
туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір
себебі болады.Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын
тигізеді:
• қоғамдық үрдістер(әлеуметтік-экономикалық жағдай,мемлекеттік
саясат,салт дәстүр,бұқаралық ақпарат құралдары,т.б);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі(этикалық құрылым,әлеуметтік
мәртебе,референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта(отбасының өмір стилі және
деңгейлері,отбасындағы өзара қарым-қатынас типі,отбасындағы тәрбие
стилі,достар,басқы да маңызды адамдар).
Мінез-құлықтың сәйкессіздігін – девиация деп атайды.Девиация бірнеше
типтен тұрады:девиантты,делинквентті және криминалды мінез-құлық.Сәйкессіз
мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-
құлықты айтады.Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.Кейбір әдебиеттерде бұл
типті “антидисциплиналық” деп те атайды.
Девиацияның екінші түрі – делинквентті мінез-құлық.Ол заң
бұзушылықпен ерекшеленеді.Оның мынадай типтері бар:
1.Агрессивті – зорлаушылық мінез-құлық.Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік,төбелес,күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
2.Ашкөздік мінез-құлық(корыстное поведение):майда ұрлықтар,қорқытып-
үркіту,автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты
жат мінез-құлық.
3.Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады.Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып
табылады:алкоголизм,токсикомания,на шақорлық,жезөкшелік,суицид,заң бұзушылық
және қылмыскерлік.Олар жалпы қоғамға,айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда
болу факторларын түрліше түсіндіреді.Біріншілері оларды екі үлкен топқа
ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе,екіншілері оларды бөлмей :
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқорлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім
қабылдай алмау,сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалану;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психлолгиялық көмек көрсету қызметінің нашар
дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары ,-
деп көрсетсе , үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп
қарастырады. Оларды жекеше қараотыратын болсақ :
1.. Биологиялық факторлар - баланың әлеуметттік бейімделуіне
кедергі жасайтын физиологиялық және жағымсыз ерекшеліктер. Оларға
мыналар жатады:
- ұрпақтан – ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлық заттарды пайдалануы, темекі
тартуы , ананың физикалық, психологиялық т.б. сырқаттары себеп
болатын генетикалық факторлар : ақыл – ой дамуының бұзылуы , есту,
көру кемшіліктері , жүйке жүйесінің зақымдауцынан пайда болған
денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау- жанжал,
келіспеушілік жағдайлар , адам организмдеіне кері әсер ететін ,
қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық ,аллергиялық,
токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа
түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу диффекттері , адам бойындағы
соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға , жеке адамдарға деген
жағымсыз қарым-қатынасын тудырады , ал балалар болса, өзіндік сезім
мен танымдық деңгейіне байланысты , құрбы- құрдастары арасында ,ұжымда
еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар .Бұған баладағы психопотологиялар мен
мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл
ауытқушылықтар жүйкелік- психикалық ауруларда, психоапатияда,
неврастенияда, т.б. көрінеді.Оларға міндетті түрдек әлеуметтік-
медициналық реабилитация, сонымен қоса , арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізқу керек.
Баланың әрбір даму сатысында,олардың психикалық қасиеттері,тұлғалық
және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып,дамып отырады.Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей,жатсынып кетуі
мүмкін,
Егер,балаға ата-ананың жылуы,махаббаты,ықыласы жетіспесе,онда,ол аа-
анасынан шеттеніп кетеді.Шеттену – невротикалық реакциялар,қоршаған
ортамен қатынастың бұзылуы , сезімдік (эмоциялық), тепе-теңсіздік және
суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол
ашады.Егер , балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса , онда, ол
пайдакүнемдік , қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты
жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педогогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық
,қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы
үлгермеушілігіне байланысты . Мұндай балалар көбінесе мектепке
дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға
парықсыз қарайтындар.Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы
мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация - баланың жалпы мектепке деген
қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда
қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік - бала сабаққа үлгермеуімен қатар
,оның мінез- құлқы өзгеріп ,мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым –
қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен
біртіндеп қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік - баланың оқуға , мектепке, ұжымға
деген қызығушылығы жойылады, ассоциялдық топтармен араласып,
алкогольге, нашақорлыққа қызығам бастайды;
- криминалды лық - кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың
өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке
әкеледі, ал мекиеп оқушысы ,жасы жетпегендіктен жұмыс істей
алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса
бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы
- ата-ана.Баланың бойындағы ассоциалды мінез - құлықты
қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
- дисгормонды стиль - бір жағынан ата – ана баланың барлық
тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан
конфликтті жағдайларға баланы итермелейді;
- тұрақсыз ,конфликтті стиль - толық емес отбасындағы , ажырасу
кезіндегі , ата – ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім
- тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
- АССоциалды стиль - ата – ананың арақ ішуі , нашақор заттарды
пайдалануы, криминалды іс- әрекет , аморальді өмір сүру
жағдайы, отбасылық қатыгездік, зорлаушылық жатады.
- Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар :қинаушылық,
эмоционалды , жыныстық зорлық- зомбылық. Қатігездік үйде ,
далада,мектепте, балалар үйлерінде , ауруханаларда көрсетілуі
мүмкін. Мұндай әрекетке душар болған қалыпты түрде даму көрмей,
қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады.Соның әсерінен ,бала өзін
жаман,керексізбін деп сезінеді. Баланың қатігездікке жауап беру түрі
баланың жасына ,тұлғалық ерекшелігіне ,әлеуметтік тәжірибесіне
байланысты.Психикалық реакциялардан басқа(қорқыныш,үрей,ұйқының
бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.)балалардың мінез-құлқы да
өзгереді:агрессия жоғарылайды,төбелескіш,өзіне сенімсіз,ұялшақ,өзіне
деген бағасы өте төмен болады.Зерттеулерге қарағанда,зорлық-зомбылықты
көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4.Әлеуметтік-экономикалық факторлар.Әлеуметтің теңсіздігі,қоғамның
кедей және бай болып бөлінуі,жұрттың
кедейленуі,жұмыссыздық,инфляция,әле уметтік кернеу,т.б.
5.Моралді-этикалық факторлар.Қазіргі қоғамның адамгершілік
қасиеттерінің деңгейі төмен болуы,рухани құндылықтардың бұзылуы.
Сәйкессіз мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қин әрі ұзақ
процесс.Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет.
Қазіргі,осы саладағы әлеуметтік,педагогикалық талаптар мен жүзеге
асырылып жатқан тәжірибелер негізінде ,бұл саладағы тәрбие міндеттерін
жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• Балаға ілтипатпен,ізгі тілектестікпен қарау;
• Оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• Оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндеріне сену;
• Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы
білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалну;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыруға,қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• Сәйкессіз мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы
іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді
бағдарламалар құру болып табылады.

1.2 Жасөспірім шақтағы девиантты мінез-құлықтың көрінуі
Жалпы жасөспірімдік шақта девиантты мінез-құлық көптеп
байқалады. Себебі бұл кезеңде адамның тұлғалық жағынан пісіп – жетілу
кезеңі аяқталады, үлкен өмірге деген негізгі сипаттары қалыптасады
, әлеуметтік жауапкершілікке ұмтыла бастайды .Көбінесе жасөспірімдерде
девиантты мінез- құлық әр түрлі байқалады ,олар әр түрлі болса да
олар өзара байланысты болады. Ішімдік, есірткі қолдну , жаулап
алушылық, және заңсыз мінез- құлықтар бір блокты құрайды, солай
жасөспірімнің оның біреуінеи тартымдылығы өсуі мүмкін. Дегенмен
заңсыз қылықтар қатты болмаса да, психикалық қалыптың бұзылуына әсер
етеді. Кейде девиантты мінез – құлыққа әлеуметтік факторлар әсер
етеді.Негізінен жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлықтың көрінетін
фактор - өзіндік бақылау мен сыйлау деңгейі.
Өзін- өзі сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде
девиантты мінез - құлықтың әділетсіздік , қылмысты топтарға
тәуелділік, заңсыз істерді жасау , есірткіні қолдану , ішімдік ,
басқыншылық мінез – құлықтармен байқалады.Олар мыналар :
• Девиантты мінез – құлық өзін – өзі сыйлауды түсіруге
септігін тигізеді.Себебі соған қатысты индивид еріксіз
өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі.
• Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез –
құлықтардың өсуіне әсер етеді :әлеуметтік ұйымдарды шетке
ысырып , әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысуы
арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін
құрдастары арасында жоғарылатқысы , мектепте немесе үйде
болмаған өзіндік қабылдау әдісін тапқысы келеді.
• Кейбір топтар бойынша , әсіресе төменгі бастамалы өзін
құрметеу девивнтты мінез - құлықтың жоғарылауына , өзін
сыйлау деңгейінің өсуіне әсер етеді .

• Делинквенттіліктен басқа да мінез – құлықтар , жас
келген сайын өзгеретін әсерлері де болады .

Девиантты мінез – құлықты жасөспірім тұлғасы , әдетте төмен
әлеуметтік деңгейімен көрінеді :жанұяда , мектепке және

қоғамда. Екінші жағынан жасөспірімге ерекше сфера көп әсер

етеді , ол - дала , аула , кері бағыттағы аула топтары.

Әсіресе , қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің

Жертөлелерінде өткізеді. Үй асты өмірі олар үшін қалыпты

жағдай .Себебі ол жерге өздері сияқты әр түрлі балалар

жиналады.Сондықтан олардың өздерінің Үй асты моральдық кодексі ,

жазылмаған заңдары мен дағдылары бар .Мұндай жағдайда жеке ауытқу

ғана емес , топтық уытқу дамиды. Кәмелетке толмаған құқық

бұзушылардың санының көбейуі отбасының құрылымындағы

кемшіліктерге байланысты.Қандай себептерге байланысты болмасын

отбасының бұзылуы , жасөспірмнің бойына терең із қалдырады. Олар

қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі ,ұйық бола бастайды. Кейбір

жағдайларда, ажырасу , ішеілікке салыну немесе ата – анасының
біреуінің

бейморальдық мінез – құлқына байланысты болса , бұл нашарлауға емес
,

керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі

мүмкін.

Атақты профессор , А.Е.Личко жасөспірімдерде девиантты
мінез –

құлық мынадай жағдайларға байланысты деп, бөліп көрсетті:

1.отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека);

2. немқұрайлылық (гипоопека), балалардың жиі , шамадан тыс

бақылаусыз қалуы.

Осындай жағдайлардан кейін балалар қиын жағдайларға тап

болады. Мысалы, қылмыс жасаушы жасөспірімдердің ішінде , сол ,

мектепке нашар мінез – құлықпен танылған балалар ілігеді. Сонымен

қатар кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы мінез – құлқының

болуы, е ң бірінші сыртқы әлеуметтік ортаның ықпалынан ,сондай-ақ ,

жасөспірімнің өзінің өмірлік қиыншылықтарға көзқарасы әсерінен

қалыптасқан мінез – құлықтан пайда болады.

Қиын тәрбиелену түсінігінің мәнінде негативизм (кері әсер)
және

педогогикалық ықпалдарға қарсы тұру жатады.Егер қандай да бір

жағдайларға сай , жасөспірім аула тпотпрына қосылып кетсе, онда ол

қауіпті криминалды фактор болады.Оларға қосылып ішімдік ішу, анаша

шегу, бұзақылық т.б. тұлға құрылымын , санасын бұзады .

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға топтық қылмыс жасау
тән,

себебі оларға қылмыс асаудың техникалық жағдайлары қиындық

тудырады.

Шиеленіс жағдайлары үлкен адамдармен , ата-анамен және
мұғаліммен жасөспірімдердің органикалық өзгерістерімен , сонымен
бірге , олардың өзімен жастыларға және үлкендерге қатысымен
суреттеледі. Жасөспірімдер үлкендердің баға беруі мен әсер етуінен
құтылу үшін , ал олардың жетіспеушіліктерін байқап , оларды аса
сезіммен сезеді , үлкендердің кеңесі мен ойларына күдік тудырады.
Жасөспірімдердің тоқырауы , олрдың криминализация тенденциясының
айқындығымен көрінеді. Бұл кезеңде олар үшін маңызды - ол өз
достарымен, құрбылармен тілдесуі, өзін ортада жақсы сезіну ,
құрбыларының сөзіне нақты жауап қайтару тән. Жасөспірімдік шақта
адамның өзін – өзі бағалауы ,сананың құрылуы ,тұлғаның негізі
қалануы басталады.
Жалпы , жасөспірімдердің дамуындағы негізгі жетекші іс – әрекет
- оқу.Жасөспірім үшін оқу ең алдымен болашақ кәсіби іс – әрекетіне
дайындық құралы ретіндегі мәнге ие болады.
Жасөспірім шақта психикалық процестер негізінен толыққанды ырықты
ретінде қалыптасқан.
Адам қоғамда өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және
дамиды , оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мінез – құлқын
өзгертеді , топтың басқа мүшелерімен өзара әрекеттесу арқылы әр
түрлі байланысты сезінеді .
Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің психологиясы мынадай
құбылыстардан көрінеді: түйсіну , еліктеу , сендіру , көбіне жанжалдық
көптеп көрінеді.
Сонымен қатар девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің
басқалардан айырмашылығы ,олар басқалармен тез тіл табыса алмайды
,қоғамда, көпшілік ортада өзін ұстауы нашар болады .
Жасөспірімдердің девиантты мінезінің тағы бір көрінісі – бұл
кезде , жасөспірім жақсы заттардан гөрі ,көбіне зиянды әдеттерге
жақын ,қылмыстық істерге бейім болады.Жалпы девиантты мінез - құлықты
жасөспірімдерде шу, ашуланшақтық , геомагниттік өзгеріс , таршылық
,т.б. жағдайлар үрей туғызып , агрессивті және басқа да қажетсіз мінез
– құлықтар көрінеді.

2 тарау.Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтаудағы
тәжірибелік-эксперименталды зерттеу.
2.1.Девиантты мінез-құлықты оқушыларды анықтау

. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін
анықтаудың теориялық негіздері
1.1.Жасөспірім шақ туралы жалпы ұғым
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің сыныбына сәйкес келеді
және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Бұл жаста (15-17жаста) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі
аяқталады,оның өмірге деген көзқарасының негізгі сипаттары
қалыптасады,үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім
қабылдап,болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады.Қоғамда балалық
шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-
жетілуінің ғана белгісі емес,сонымен бірге мәдениетке ұмтылу,белгілі бір
деңгейіндегі білім,нормалары мен дағды жүйесін игеруі,сол арқылы жеке тұлға
еңбек етіп,қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті
сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған
аралық шек жоқ,ол шартты түрде ғана алынады,тіпті көп жағдайда бірімен-бірі
үйлесімді болып келеді.14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда
ерте жастық шақ болып есептеледі,ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың
соңы деп айтылады.Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік
шақ бозбалалар үшін 13-16 жас,қыз балалар үшін 12-14 жас,ал жастық шақ
жігіттер үшін 17-21 жас,қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын
нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына
байланысты.Әлеуметтік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының
тұлғалық жағынан қалыптастыру кезеңінен бастап,білім алу деңгейі мен
дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты
өзіндік- жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі.

Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын технологиясын өткізу мен
ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері

1.1. Ойын түсінігі және түрлері мен мақсаты

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып,
толық тәрбиеленуге көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып,
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін
сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп,
жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге,
шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет,
шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор
екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа,
еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана
көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне
қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты
көрінеді - дейді.
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді.
Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс
дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар
ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды
жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін
тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін
ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық
сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту
болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие
жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген
ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
• ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
• жеке оқыту маңызының артуы;
• оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі
күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен
мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі
қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш
ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз,
ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен
атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта
аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ,
ел іргесі сөгілмек емес.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша
жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы
оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп,
олардың тіл мәдениетін жетілді

1.2.Жасөспірім шақтағы мінез-құлықтың ерекшеліктері

Анатомо-физиологиялық ерекшеліктер.Оқушылардың мектептік өмірінің
соңғы сатысы жоғары сыныптық оқушы кезеңі болып табылады.Осы кезеңде оның
физикалық апалары біркелкі,бірақ елеулі дамиды.Бойдың өсуі баяулайды,ал
дене массасы ұлғаяды.Мускулатура және булшық еттік күш тез өседі және үлкен
адам күйіне жетеді.Физикалық тұрғыдан жоғарғы сынып оқушылары кез-келген
физикалық және ақыл-ой жұмысына дайын.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Ерте жасөспірім шақтың негізгі
ерекшеліктерінің бірі – бұл маңызды кісілердің алмасуы және үлкендермен
өзара қатынастарды қайта құру.
Мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынастары неғұрлым күрделі және
дифференцияланған болып келкді.Жоғары сынып оқушыс үшін идеалды мұғалім –
бұл түсінуге,эмпатияға қабілеттілік,кәсіби біліктілік,мұғалімнің бойыныа
дос-жолдасты көргісі келеді.
Дамудың әлеуметтік жағдайының ерекшелігі ата-ана және мұғалімдермен
қары-қатынасы тепе-тең ,тең құқықтық деңгейге қайта бағдарлау.

Жоғарғы сынып оқушысы үшін қатарластарымен қарым-қатынас:
1.Ақпараттың маңызды арнасы.Соның арқасында бозбалалар мен
қыздар,қандай да бір себеппен оларға үлкендер айтпайтын мәселелерді біледі.
2.Тұлға аралық қатынастардың өзгеше түрі.Әлеуметтік өзара әрекеттесу
дағдылары,өз құқықтарын сақтап қалу мүмкіндігі болады.
3.Эмоционалдық байланыстың өзгеше түрі.

Осы кезеңдегі жаңа құрылым. Психологиялық жаңа құрылым дүние танымның
қалыптасуы, өз бетінше пайымдау, адамның моральдық келбетіне жоғары талап
қою, өзін-өзі бағалаудың қалыптасқандығы, өзін-өз

Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі
Ойын ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Қиын балалар ұғымының мәні
Пәндер