Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі жайында


Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті.
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік -саяси пәндер кафедрасы.
Диплом жұмысы.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
Ғылыми жетекшісі: дүниежүзілік тарих және әлеуметтік -саяси
оқытушысы:
Орындаған:
Диплом жұмысы
қорғауға жіберілді «__» 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі:
Орал қаласы 2011 ж.
Мазмұны.
Кіріспе . . . 2 бет
І - бөлім. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі . . . 13 бет
1. 1. Мажоритарлық және теңдестірілген сайлау жүйелері . . . 13 бет
1. 2. Электронды сайлау жүйесі . . . 22 бет
ІІ - бөлім. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығы және сайлау органдары . . . 32 бет
2. 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығы . . . 32 бет
2. 2. Қазақстан Республикасының сайлау органдары . . . 42 бет
ІІІ - бөлім. Қазақстан Республикасының жоғарғы билік органдарын сайлау . . . 52 бет
3. 1. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау . . . 52 бет
3. 2. Қазақстан Республикасы Парламентін сайлау . . . 59 бет
Қорытынды . . . 75 бет
Сілтеме жасалынған әдебиеттер тізімі . . . 81 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 84 бет
Кіріспе.
Сайлау - азаматтық қоғамның аса маңызды институты, қазіргі заманғы жағдайларда азамат еркінің көрінісі қызметін атқаратын халық билігін тікелей іске асыру нысаны. Сайлау арқылы өкілді билік органдарын қалыптастыру, сондай - ақ Президентті сайлау қазіргі демократиялық республикалардың негізгі элементтерінің бірі және түпкі негізі болып табылады. Мемлекеттік маңызы бар сайлауларды өткізу деңгейі мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Сайлау, сайлау құқығының нормаларымен реттелетін рәсім ретінде, белгілі бір қағидаттарға негізделеді. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің қағидаттары, сондай - ақ субъективті сайлау құқықтарын беру қағидаттары сайлау құқығы қағидаттарының құрамдас бөліктері болып табылады, олар өз кезегінде халық билігінің мәнін көрсетеді және Конституциялық деңгейде бекітілген (Қазақстан Республикасы Конституциясының 33, 41, 51, 86-баптары) .
Біздің еліміздің сайлау заңнамасын жетілдіру процесі - тұрақты процесс. Әрбір өткізілген сайлау науқаны өз түзетулерін енгізеді. Кейде, қоғам мүдделерін ескере отырып, міндетті құқық қолдану тәжірибесін жүзеге асыру үшін жаңа нормаларды немесе жаңа сайлау тетіктерін енгізуге тура келеді.
Сайлау заңнамасын жетілдіру үшін халықаралық тәжірибенің де маңызы зор. Біздің сайлау заңнамамыздың көптеген нормаларының демократиялық дәстүрлер қалыптасқан елдерде пайдаланылатын, қазақстандық жағдайларға бейіиделген сайлау құқығы нормалары екені ешкімге де құпия емес.
Сонымен қатар ЕҚЫҰ - ға, сондай - ақ бірқатар басқа халықаралық ұйымдарға қатысушы ел ретінде біз демократиялық адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы тиісті халықаралық құжаттарды ратификацияладық. Олардың ішінде аса маңыздылары демократиялық сайлау қағидаттары айқындалған Азаматтық жәнен саяси құқықтар туралы халықаралық пакті мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құықтары мен бостандықтары туралы болып табылатыны сөзсіз. Осы құжаттардың негізгі ережелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілген.
Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру кезінде азаматқа сайлау бюллетенін алуға және дауыс беруге қатысуға мүмкіндік беретін сайлаушылардың тізімдерін сапалаы жасау шешуші сәттердің бірі болып табылады. Терминологияда, сайлау жасына жеткен (Қазақстанда - 18 жас) халықтың жиынтығы электорат деп аталады.
Бүгінгі күні Қазақстан республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша деректеріне сай бүкіл республика бойынша сайлаушылардың жалпы саны 8 879 241 адамды құрайды. Сайлаушылардың ең көп саны дәстүрлі түрде жоғары дамыған өнеркәсіптік және аграрлық облыстарда тұрады: Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Қарағанды облысы. Сондай - ақ халқының тығыздығына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында да сайлаушылардың саны көп (1 107 289 адам), бұл жалпы сайлаушылар санының 12%-ын құрайды. Қазақстанның батыс өңірлерінде дауыс берушілердің саны аз - Атырау облысы (267 832 адам), Маңғыстау облысы (237 176 адам) . Қалған облыстардағы сайлаушылардың саны орташа дәрежеде - жарты миллион адамнан аспайды.
Осы статистикалық көрсеткіштердің сайлау өткізу кезіндегі халық белсенділігінің көрсеткіштерінен айырмашылығы бар. Қалыптасқан жағдай бойынша Алматы қаласы таңдаушылардың жалпы санының 25%-нан жоғары көрсеткішті берген емес (2005 жылғы Қазақстан Республикасының Президентін сайлауды қоспағанда), Оңтүстік Қазақстан облысындағы сайлаулар жалпы таңдаушылардың 34%-нан асқан жоқ. Сонымен бірге халқының саны аз Атырау облысында сайлауға қатысатын халықтың саны 35 - 40%-дан төмен түспейді. {1}
Диплом жұмысының өзектілігі.
Конституцияға енгiзiлген сайлау заңына қатысты демократиялық өзгерiстер халықтың қолдауына ие болды. Бiрақ, бұл - бiздiңше, демократияландыру бағытындағы алғашқы қадам. Қоғамда әлi де болса демократияландыру iсiне кедергi келтiретiн келеңсiз жағдайлар баршылық. Мәселен, кейбiр шенеунiктердiң өз құзырын асыра пайдаланып, кәсiби этиканы сақтамайтыны, озбырлығы және өкiнiшке қарай, ел iшiнде орын алып отырған жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыс секiлдi өрелi азаматқа сай емес тiрлiктер мемлекет пен қоғамның дамуына, мемлекеттiң беделiне нұқсан келтiредi. Бiздiңше, Конституциясын қадiрлейтiн елде осынау жағымсыз әрекетке тосқауыл қойылатын болады. Ол үшiн атқарылып жатқан шаралар баршылық. Демек, қоғамда демократияландыру процесiн әлi де жетiлдiре түсетiн тұстар аз емес. Ең әуелi Парламенттiң құзырын арттырып, атқарушы билiктiң құзырын бұрынғыға қарағанда, кемiту ел басқару iсiне айтарлықтай зиян тигiзбейдi деп бiлемiз. Сондай-ақ, тәуелсiз және объективтi сайлап қойылатын сот жүйесiн енгiзу; әкiмдердi халық сайлап, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды толық қалыптастыру; баспасөз бостандығына демократиялық кепiлдiк беру сияқты шаралар қажет. Диплом жұмысының өзектілігі Қазақстандағы сайлау жүйесінің шын мәнінде демократиялық сайлауға тән негіздерін зерттеу қажеттілігінен туындап отыр.
Диплом жұмысының мақсаты.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін ғылыми - теориялық және қолданбалы - тәжірибелік тұрғыдан зерттеу. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктерін ашып көрсету. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығының сақталуы және сайлау органдарының институционалдық құрылымын зерттеу. Қазақстан Республикасының жоғарғы билік органдарын сайлау тәжірибесін зерттеу және оны жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін ғылыми - теориялық және қолданбалы - тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.
2. Мажоритарлық және теңдестірілген сайлау жүйелерін салыстырмалы зерттеу және олардың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету.
3. Электронды сайлау жүйесін басқа елдерді қолданылып жүрген электронды сайлау жүйелерімен салыстырмалы зерттеу және оның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығы және сайлау органдары мәселелерін ғылыми - теориялық және қолданбалы - тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығы сақталуы мәселелерін зерттеу және азаматтардың сайлау құқықтарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
6. Қазақстан Республикасының сайлау органдарының институционалдық құрылымын зерттеу және олардың қызметтерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
7. Қазақстан Республикасының жоғарғы билік органдарын сайлау тәжірибесін зерттеу.
8. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәжірибесін зерттеу және оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
9. Қазақстан Республикасы Парламентін сайлау тәжірибесін зерттеу және оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы үш бөлім және алты тараудан тұрады.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін ғылыми - теориялық және қолданбалы - тәжірибелік тұрғыдан зерттеу және Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктерін ашып көрсету мәселелері қойылды.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінің бірінші тарауы мажоритарлық және теңдестірілген сайлау жүйелерін салыстырмалы зерттеу және олардың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетуге арналды.
Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады., билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.
Қазіргі уақытта әлем елдерінде сайлау жүйесінің екі - мажоритарлық және пропорционалдық жүйесі кең тараған. Мажоритарлық сайлау жүйесі (французша - majorіtaіre - көпшілік) - дүние жүзі елдерінде ең жиі кездесетін сайлау жүйесінің түрі. Бұл жүйе бойынша сайлауға түскен үміткерлердің ішінде ең көп дауыс алғаны жеңіске жетеді. Бірақ “көпшілік” дауыс ұғымы сол елдің сайлау заңымен анықталады. Абсолютті көпшілікке округ бойынша берілген дауыстың жартысының көбін алған кандидат сайланған болып есептелсе, салыстырмалы көпшілік дауыста өз қарсыластарынан көп дауыс алған үміткер жеңіске жеткен болып саналады. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Канада сияқты дамыған елдерде сайлаудың осы жүйесі жұмыс істейді.
Пропорционалдық сайлау жүйесінде дауыс беру нәтижесі берілген дауыстың нақты пропорционалды саны бойынша анықталады. Бұл жүйе бойынша сол елдің сайлау заңында белгіленген межеден (барьерден) өткен партия депутаттық орынтаққа ие бола алады. Бұл шек Қазақстанда 7% болып белгіленген. Яғни, 7% дауыс алған партиялар заң шығарушы органға өз өкілдерін жібере алады. Бұл жүйе демократиялықтың ең жарқын үлгісі болып есептелгенмен, бұл жүйе азаматтардың бір бөлігінің сайлану құқығын шектеуі мүмкін. Өйткені, партияда жоқ азаматтар парламентке өте алмайды. Сондықтан да әлем елдерінің едәуір бөлігінде депутаттардың жартысы мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы пропорционалдық жүйемен сайланады. Бұл жүйе аралас жүйе деп аталады.
Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.
Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.
Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы - сайлаушылардың қалған 49 пайызының (ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді. {2}
Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы- ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропоционалдық жүйесінің кемшілігі- айлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінің екінші тарауы электронды сайлау жүйесін басқа елдерді қолданылып жүрген электронды сайлау жүйелерімен салыстырмалы зерттеу және оның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетуге арналып отыр.
« Сайлау » автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізі 2003 жылы қаланды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2004 жылғы халыққа жолдауында елімізде сайлаушылар, дауыс беру тізімін құрайтын, дауыс беру нәтижелерін бекіту және сайлау нәтижелерін «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының Президентін , Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын, мәслихаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару әкімдері мен мүшелерін, сонымен қатар республикалық референдум сайлауларын жоспарлау, дайындау және өткізуді іске асыратын ақпаратты іс жүргізулерін автоматтандыру үшін арналған.
Қазақстан Республикасы аймағында «Сайлау» ААЖ енгізу, барлық дәрежедегі сайлау комиссиялары жұмыстарының тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуды, сайлау нәтижесіне республика халқының, халықаралық ұйымдардың және саяси қызмет субьектілерінің сенім деңгейін қаматамасыз етуге бағытталған.
2004 жылы 15 қыркүйекте электронды сайлау жүйесін қабылдау Мемлекеттік комиссиясымен «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ жүргізген байланыс арналары және «Сайлау» ААЖ құралын алдын ала тестілеу зерттеулерінің нәтижелері бойынша, жүйені Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарын 2004 жылғы 19 қыркүйектегі сайлауын өткізу барысында 961 сайлау учаскесінде пайдалануға шешім қабылданған болатын.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды дауыс беру 1447 сайлау учаскелерінде пайдаланды, ол еліміздегі барлық сайлау учаскелерінің жалпы санынан 15 % құрады. Сонымен, 2005 жылы 4 желтоқсандағы Қазақастан Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды дауыс беру жүйесін сайлаушылардың 31 % қолдануға мүмкіншілігі болды.
Бұл ретте сайлаушылар өз еріктерін білдіру үшін дауыстарын өз қалауынша беруге мүмкіндік жасалды, - «Сайлау» ААЖ немесе қағаз бюллетендерін қолдану арқылы.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде автоматтандырылған ақпарат жүйесі өзінің сенімділігін көрсетіп, сайлаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық бақылаушылардың өң бағаларын алды.
«Сайлау» ААЖ пайдалану кезінде алынған тәжірибе, оны ары қарай дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды құруға мүмкіндік берді.
Диплом жұмысының екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығы және сайлау органдары мәселелерін ғылыми - теориялық және қолданбалы - тәжірибелік тұрғыдан зерттеу жағдаяты көтерілді. {3}
Диплом жұмысының екінші бөлімінің бірінші тарауы Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығы сақталуы мәселелерін зерттеу және азаматтардың сайлау құқықтарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге арналды.
Қазақстан Республикасындағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 2 - бабы) .
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай - ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ. (3-б. 3-т)
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез - келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы. (4-б. 1-т. ) . Сайлаушылар Республика Президенті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады (5-б. 1-т. ) . Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады (5-б. 2-т. ) .
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7 - бабына сәйкес Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.
Президентті, Парлдамент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлаушылар тізімі жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезінде таңдаушылардың тізімдері жасалады. («Сайлау туралы» КЗ 24-б. 1-т. ) . Таңдаушылардың тізімдеріне: 1) облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың; 2) тиісінше респбликалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгізіледі. 3. Азамат (таңдаушы) сайлаушылардың (таңдаушылардың) бір ғана тізіміне ене алады. («Сайлау туралы» КЗ 25-б. 2-3 т. ) . {4}
Диплом жұмысының екінші бөлімінің екінші тарауы Қазақстан Республикасының сайлау органдарының институционалдық құрылымын зерттеу және олардың қызметтерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге арналды.
Қазақ ССР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен 25 адамнан құрылған болатын.
1989 жылғы 18 қазанда Қазақ ССР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрамы бекітілді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес Ортсайлауком аппараты 7 адамнан құралды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 28 маусымда Қазақ ССР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізді.
1993 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын сайлау туралы» қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлады.
Осы жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже бекітілді.
1995 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы» Жарлығы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының отставкаға кету туралы өтінішін қарай келе, Орталық сайлау комиссиясының бүкіл құрамын қызметтен босату туралы шешім қабылданды.
1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.
1996 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясы туралы жаңа Ереже бекітілді.
2007 жылғы конституциялық реформаға дейін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Төрағасын, Төрағаның орынбасарын және мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша сайлау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің айрықша құзіретіне жататын.
Қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияға сәйкес Орталық сайлау комиссиясын қалыптастырудың келесі тәртібі қолданылады:
• Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге Қазақстан республикасының Президенті тағайындайды;
• Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Сенаты тағайындайды;
• Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Мәжілісі тағайындайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келiсетiнi туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай бұрын басталады және өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде олардың қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтiнiшiнiң негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
Диплом жұмысының үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының жоғарғы билік органдарын сайлау тәжірибесін зерттеу мәселесі қойылып отыр. {5}
Диплом жұмысының үшінші бөлімінің бірінші тарауы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәжірибесін зерттеу және оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру мәселелеріне арналып отыр.
Президенттiң кезектi сайлауы бес жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi қыркүйектiң екiншi жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды.
Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне - Елбасына қолданылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz