Қазақ тілінің вокализм және консонантизм жүйесі, жіктеу принциптері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1. Қазақ тілінің вокализм және консонантизм жүйесі, жіктеу принциптері;

2. Фонема теориясының қазақ тіліндегі көрінісі.

Вокализм (дауысты дыбыстар)

Қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Вокализм солардың өзара қарым-қатынасынан құралады. Оның тоғызы монофтонг. Жалаң дауыстылар: а, е-э, о, ө, ы, і, ұ, ү, ә, қалған екеуі - дифтонг дауыстылар: и, у. Түркі тілдердің біразында (қырғыз, алтай, түрікпен т. б. ) дауыстының қысқа не созылыңқы айтылуы белгілі мағынамен байланысты болып келеді: қырғыз тілінде «мал» сөзі «мал» мағынасында айтылса, кейде уақыт, мезгіл (мал) мағынасында қолданылады; «әр» сөзі «әрі» мағынасында айтылса, «эр» ат абзалы мағынасында жұмасалады. Осы тәрізді түрікмен тілінде «ак» етістік «ақ» сын есім мағынасында айтылады.

Дауыстылар фонетикалық жағдайына қарай әртүрлі комбинаторлық варианттарда келе береді: мәселен, е, о, ө дауыстылары сөздің бас позициясында үнемі ашық дифтонг (иэ, уо, уө) сапасында айтылады: йекі (екі), йэшкі (ешкі), йэрте (ерте), йэрке (ерке), уол (ол), уотан (отан), уожау (ожау), уөгіз (өгіз), уөзі (өзі) т. б. сондықтан йэ, уо, уө дифтонгтерін э, о, ө фонемаларының сөз басында айтылатын комбинаторлық не позициялық варианттары деп қараймыз.

Қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Дауыстылардың ішінде ә фонемасы қазақ тілінің бергі даму кезеңінде пайда болған. Артикуляциялық ерекшелігі бойынша а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, монофтонг фонемалар да, қалған екеуі и, у дифтонгфонемалар. Дауысты фонеманың комбинаторлық варианты да болады. Дауыстыларын жасалу жолына қарай

Дыбысталу мүшелерінің осындай қызметіне қарап, дауыстыларға мына төмендегі белгілер тән деуге болады:

  1. дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамайды;
  2. дауыстыларды айтқанда өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қаттырақ дірілдетеді;
  3. дауыс шымылдығынан өткен ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне дерлік таралып түседі;
  4. дауыстыларда үн басым, олармен ән салуға болады. Сондықтан музыканы тануда ноталар тіркесіндегідо, ре, ме, фа, соль, ля, си- дауыстылардың қасиетіне негізделген;
  5. дауыстылардың тағы бір қасиеті - олардың буын құрайтындығы. Қазақ тілінің буын жүйесі бойынша сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Мысалы:үй, үн, қыс, ә-ке, ба-ла-лар.

Сонымен, айтқанда ауа дауыс шымылдығынан кейін кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Қазақ тілінде 9 жалаң дауысты (монофтонг) (а, ә, е, о, ө, ү, ұ, ы, і) және екі дифтонг дауысты дыбыс (и, у) бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары - 11. Орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты болады.

  1. О, ө, у, ұ, үдауыстыларын айтқанда, ерін сүйірленіп, ілгері қарай жылжиды, ала, ә, е, и, ы, і, э, дыбыстарын айтқанда ерін тартылып, екі езу кейін, құлаққа қарай жылжиды.
  2. А, ә, е, о, эдауыстыларын айтқанда, иек төмен түсіп, ауа еркін шығып, али, у, ы, ұ, ү, ідауыстыларын айтқанда, иек жоғары көтеріліп, ауа қысылып шығады.
  3. А, о, ұ, ы, (у), (и) дауыстыларын айтқанда, тіл артқа, кейін тартылып, тілдің үсті көтеріледі де, дыбыстар жуан шығады, алә, ө, ү, і, е, э, (и), (у) дауыстыларын айтқанда, тіл ұшы ілгері жылжиды да, тілдің үсті шамалы төмендеп ойысады. Осының нәтижесінде бұл дыбыстар жіңішке айтылады. Сөйтіп дауыстыларды:
  1. еріннің қатысына қарай:еріндік, езулік;
  2. иектің (жақтың) қатысына қарай:ашық, қысаң;
  3. тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішкедеп бөлеміз.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жіктелуі:

Еріннің қызметіне

қарай

Иектің (жақтың)

Қызметіне қарай

Тілдің қызметіне

қарай

Дауысты дыбыстардың жіктелуі:

Еріндік

о, ө, у, ұ, ү

Езулік

а, ә, э, е, ы, і

Ашық

а, ә, е, э

Қысаң

ы, і, ұ, ү, и

Жаун

а, о, ы, ұ, (и), (у)

Жіңішке

ә, і, ө, ү, е,

(и), (у)

Консонантизмдер (дауыссыз дыбыстар)

Дауыссыз дыбыстар консонантизмдердің жасалуын айтқанда, ол

дауыстылардың жасалуыемн салыстыра түсіндіріледі:

  1. дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды;
  2. дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
  3. дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып түспейді;
  4. дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарада дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
  5. дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;
  6. дауыссыздармен буын құра алмаймыз.

Сонымен, ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар, олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Сонымен бірге в, ф, ц, ч, щ - қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен енген дауыссыздар.

Дауыссыз дыбыстар негізінен үн емн салдырдан жасалады. Соған сай дауыссыздар: 1) тек қана салдырдан тұратын; 2) салдыр мен үннен тұратын дыбыстар болып екіге бөлінеді.

Салдырдан тұратындар
Салдыр мен үннен тұратындар
Салдырдан тұратындар: к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
Салдыр мен үннен тұратындар: Й, л, м, н, ң, р, (у), б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үннен салдыры басым дыбыстар
Салдырдан үні басым дыбыстар
Үннен салдыры басым дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Салдырдан үні басым дыбыстар: й, л, м, н, ң, р, (у)

Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы (голосовая связка) жиырылып қалмаса және дауыстың (үннің) қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады, ал егердауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта олса, онда ұяң дыбыстар жасалады. Сонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды қатаң , үннен салдыры басым дыбыстарды - ұяң, ал салдырдан гөрі үні басым дыбыстарды үнді деп атайды.

қатаң: к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
қатаң:к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ: ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
қатаң:к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ: үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)

Дауыссыздар жасалу орнына қарай мына төмендегіше жіктеледі:

1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у) (билабиаль) ;

2. Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в (лабиаденталь) ;

3. Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з (денталь) ;

4. Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л (альвеоляр) ;

5. Тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ (палаталь) ;

6. Тіл ортасы дауыссыздары: к, г (препалаталь) ;

7. Тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ (веляр) ;

8. Көмей дауыссызы: һ

Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл (эксплозив) : п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың (фрикатив) : ф, в, с, ң, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді. Шұғыл дауыссызсыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп шұғыл шығады. Ал ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады.

Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді: 1) ерін немесе лабиаль дауыссыздар. Ерін дауыссыздары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе үстіңгі тіскетиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік (губно-губные) немесе билабиаль дауыссыздар жасалады. Мысалы: б, п, м; ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан ерінді-тіс (губно-зубные) немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы: в, ф.

  1. Тіл алды дауыссыздары. Тіл алды дауыссыздарының жасалуында

тілдің алдыңғы бөлегі активті қызмет атқарады. Ол өз ішінде екіге бөлінеді. а) тіс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, л; ә) тіл ұшын немесе альвеоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж.

  1. Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта

шенінің үстіңгі жағынығ қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі й дыбысы және неміс тіліндегі графикалық жақтан сһ әрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ - «мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.

  1. Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы

шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты шенініңдарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң дыбыстары жатады.

  1. Көмей (фрингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ

қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Бұған һ дыбысы жатады.

Фонема

Фонема - сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Бір фонеманың өзі әртүрлі фонетикалық жағдайда келуі оның артикуляциясына әсер етеді. Соның нәтижесінде белгілі бір фонеманың түрліше дыбысталуы мүмкін. Алайда, мұнан фонеманың табиғаты өзгеріп кетпейді. Сондықтан да Л. В. Щерба бұл тәрізді дыбыстық айырмашылықтарды фонеманың реңктері (оттенки фонемы) деп атайды. Реңктің позициялы реңктер (позиционные оттенки) деп аталатын түрлері бар. Фонема екпін мен буынға, методикаға және т. б. байланысты белгілі бір реңкке ие болуы мүмкін. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі комбинаторлық реңк деп аталады. Әр тілдің өзіне тән фонетикалық заңдылықтары болады. Демек, белгілі бір дыбыстардың фонемалық қасиеті екінші бір тілде яғни фонема бола алмайтын дәрежеде кездесуі мүмкін. Мәселен, орыс тілінде дауыссыздардың жуан-жіңішке болуында фонемалық қасиет бар. Ал қазақ тілінде (қ-ғ, к-г дыбыстарын есепке алмағанда) мұндай қасиет жоқ. Орыс тілінде мол-моль, угол-уголь, кон-конь сөздеріндегі жуан л, н және жіңішке ль, нь дыбыстарының әрқайсысы өз алдына бір-бір фонема. Қазақ тілінде осы тәрізді дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің сөз мағынасына тиер әсері жоқ: бал, бел, бөл, бол деген сөздерде сөз мағынасына ұйытқы болып, жуан-жіңішке болып тұрғандар - дауысты дыбыстар. Тілдегі буындар дыбыстарға, яғни фонемаларға бөлінеді. Фонема қай тілде болмасын, сөздер мен морфемаларды ажырату үшін жұмсалады. Сөйтіп, фонема сөздерді, тілдегі ұғымдарды мағына жағынан бір-бірінен ажыратуда негізгі қызмет атқарады.

Фонема тілдің дыбыстық құрылысының әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кішкене мағыналы бөлшегі болғандықтан, жеке сөздің, қосымшаның бірін, екіншісін мағына жағынан ажыратып, саралап бөлуге негізгі үлес қосады: той - тор, шаш - шақ, күн - күш, т. б.

Қазақ тілінің өзіне тән ерекшелігінің бірі болып есептелетін 28 фонема бар. Бұлар байырғы төл сөздер мен сөз формаларын жасауда, акустика, артикуляия жағынан қалыптасқан барлық сөздерде қолданылатын фонемалар. Қазақ тілі сөздік құрамының жалпы дыбыс жүйесінде халықаралық сөздерде қолданылатын 8 фонеманы (в, ф, х, э, щ, һ, ч, ) қоссақ тілімізде барлығы 36 фонема бар.

Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде, біздің түсінігімізше, бір-ақ т дыбысы бар.

Тілдің заңдылығы бойынша фонеманың әр түрлі дыбыстарға беретін толып жатқан түрлері болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді:

1) Сөздің ішкі мағынасына өз ісерін тигізе алмайтын дыбыс алмасуын негізгі фонеманың варианты дейді: бүгін (бүгүн), тіс (тс), жұлдыз (жұлдұз), т. б.

2) Сөздің ішкі мағынасына тікелей әсер ететін дыбыстық алмасуды фонеманың вариаиясы дейді: он қол - оң қол, көнбеді - көмбеді, қанба - қамба, т. б[1, 23-24] .

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Мектепте фонетиканы оқыту
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайлы
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайында
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz