Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы



КІРІСПЕ 3
I ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АНТРОПОНИМДЕР ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің зерттелу ерекшелігі 6
1.2 Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің гендерлік . семантикалық мәні 12

II ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ АДАМ ЕСІМДЕРІ КОНЦЕПТІСІНІҢ АССОЦИАТИВТІК.ГЕНДЕРЛІК ҚҰРАМЫ
2.1 Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің концептілік модельдеу 25
2.2 Түркі тілдеріндегі адам есімдері концептісінің ассоциативтік . гендерлік құрамы 47
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе.
Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: «Әрбір халықтың тілі тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар, рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама берген [1, 34 б.].
Антропонимика – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің түрлі құбылыстарын көрсете алады.
Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В.Д. Бондалетов, Н.А.Баскаков, С.И. Зинин, Ю.А. Карпенко, А.А. Реформаторский, А.М.Селищев, О.Н. Трубачев, Н.М. Тупиков, В.П. Морошкин, В.К. Чичагов, Л.В. Успенский, А.А. Белецкий, В.А. Никонов, Н.В. Подольская, А.В.Суперанская, Р.Г. Алеев, Г.Ф. Саттаров, К.М. Мусаев, Т.Ж. Жанұзақов сияқты ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимка саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп келеді. Қазақ ономастикасы тақырыбына Т.Ж. Жанұзақовтың, А.Т. Қайдаровтың, Г.Б. Мадиеваның, Б.М. Тілеубердиевтің кешенді еңбектері арналған.
Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының жан-жақты дамуымен қатар ономастика ғылымының да қарқынды дамуы байқалуда. Қазіргі ономастика ғылымы тілдің ономастикалық бірліктерін салыстырмалы, салғастырмалы және типологиялық тұрғыдан зерттеу өрістеп келеді. Мұндай зерттеулер әр тілдің өзіндік антропонимиялық жүйесін, қорын, лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, Ана тілі, 1999. – 141 б.
2. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Доктор. дисс.
авторефераты. –Алматы, 1995. – 8 б.
3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері.
– Алматы, Мектеп, 1985. – 66 б.
4. Саадиев Ш.М. Основные правила выбора имен для новорожденных (по
азербайджанской антропонимии) //Личные имена в прошлом,
настоящем, будущем. Проблемы антропонимики. – Москва: Наука, 1970.
– С. 185-187.
5. Жанузаков Т.Дж. Лично-собсвенные имена в казахском языке. Автореферат дисс. кан. филол. наук. –Алма-Ата, 1960. – С. 56, 45.
6. Самойлович А.Н. Заветные слова в языке казак-киргизкой замужней женщины //Жиавя старина. –Петроград, 1915. – С. 151.
7. Самойлович А.Н. К вопросу о наречии имен у турецких племен // Жиавя старина. От этнографии, СПБ, 1911 вып 2 – С. 29.
8. Никонов В.А. Имя и общество. –Москва: Наука, 1974 –С. 56.
9. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологи. Москва:
Наука, 1999. – С. 98
10. Мусаев К.М. Лексикология тюрских языков. – Москва: Наука. 1984. –
С. 205.
11. Идрисов А. Кыргыз тилиндеги ысымдар. – Фрунзе, 1971. –17-37 б.
12. Джанузаков Т.Дж. Основные проблемы ономастики казахского языка:
Автореф. дисс. доктора филол. наук. – Алма-Ата, 1976. –С. 15-24.
13. Саттаров Г. Ф. Некоторые вопросы татарской антропонимии.//Вопросы истории философии и педогогики. – Казань, 1965, –вып. 1.
14. Гордлевский В.А. К личной ономастики у османцев. – изб. соч.Москва, 1968. Т 4, –С. 131-136.
15. Гарипов Г.М. О древних кыпчакских именах в антропонимии башкир //Ономастика Поволжья. – Уфа, 1973, –вып 3.
16. Валиханов Ч. Избранные произведения. – Алма-Ата, Т. 1, 1958. – С.17
17. Лотте Д.С. Изменение значений слов как средство образования научно-техничских терминов. //Известия АН ССР. Отдел технических наук. Москва, 1941. т.6 – С. 27
18. Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, Ғылым, 1997. –282б.
19. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында.
– Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.
20. Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.-140б.
21. Курышжанов А. Исследование по лексике «Тюрско-арабско словаря» Алма-Ата: Наука, 1970. С. 76-223
22. Ағабекова Ж. Қазақ тілінде қалыптасқан араб текті кісі аттарының этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 2005. –10-25 бб
23. Абду Салам Мухаммад Бадауи. Асмаул Хусна. Каир, 1998. 51 б.
24. Халифа Алтай. «Құран-Кәрім» қазақша баламасы. 59-сүре, 22-24 аяттар.
25. Мустафина Р.М. Представленя культуры, обряды у казахов. Алма-Ата:
Қазақ университеті, 1992. 176
26. Сманов Ұлыбек. Әуелі құдай, әруақ. Шымкент, 1997. 187 б.
27. Кармышева Ж. Земледельческая обрядность у казахов //Древние
обряды, верования и культы народов Средней Азии. –Москва:Наука, 1986. –С.47
28. Керімбаев А. Қазақ тіліндегі сакральді атаулардың этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2007. –34
29. Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б
30. Ғабитхан Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тілінде тұрақты тіркестер. Алматы, 1995
31. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1998. – 276 б.
32. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы, 2002, 368 б.
33. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. Алматы, – 1966
34. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. – Алматы, Арыс, 1998. –215б.
35. Панзарбекова Р.Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 1998. –18 б.
36. Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. – 175 б.
37. Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.
–140б.
38. Фон Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию (перевод с немец.
языка). – Москва: 1984. –С. 10.
39. Азадовский М. История русской фольклористики 2-х томах – Москва:
Учпедгиз, 1963. Т 2 . –С.60.
40. Г.Б.Мадиева Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ университеті, 2003, – С. 28-29.
41. Энгельс Ф. Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы. – Алматы, 1967. 47-49 б.
42. Мұхаммедова З.Б. Исследование по истории туркменского языка
XI-XIVвв. – Ашхабад, 1973. – С. 45
43. Бегметов Э. Антропонимика узбекского языка. – Ташкент, 1965 –С. 18.
44. Абдрахманова Т.М. Қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі лақап есімдерінің
ерекшелігі // Тілтаным, 2004, № 4, –129 б.
45. Олшанский И.Г., Кириллина А.В. Гендер: лингвистические аспекты.//
Филологические науки. 2000, №3. – С. 133
46. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988. –34б.
47. Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры. – Алматы, 1965. – 75 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
АДАМ ЕСІМДЕРІ КОНЦЕПТІСІНІҢ АССОЦИАТИВТІК - ГЕНДЕРЛІК ҚҰРАМЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
I
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АНТРОПОНИМДЕР ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1
Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің зерттелу ерекшелігі
6
1.2
Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің гендерлік - семантикалық мәні
12

II
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ АДАМ ЕСІМДЕРІ КОНЦЕПТІСІНІҢ АССОЦИАТИВТІК - ГЕНДЕРЛІК ҚҰРАМЫ

2.1
Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің концептілік модельдеу
25
2.2
Түркі тілдеріндегі адам есімдері концептісінің ассоциативтік - гендерлік құрамы
47

ҚОРЫТЫНДЫ
60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
62

КІРІСПЕ

Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе.
Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: Әрбір халықтың тілі тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар, рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар деп тілге анықтама берген [1, 34 б.].
Антропонимика - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің түрлі құбылыстарын көрсете алады.
Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В.Д. Бондалетов, Н.А.Баскаков, С.И. Зинин, Ю.А. Карпенко, А.А. Реформаторский, А.М.Селищев, О.Н. Трубачев, Н.М. Тупиков, В.П. Морошкин, В.К. Чичагов, Л.В. Успенский, А.А. Белецкий, В.А. Никонов, Н.В. Подольская, А.В.Суперанская, Р.Г. Алеев, Г.Ф. Саттаров, К.М. Мусаев, Т.Ж. Жанұзақов сияқты ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимка саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп келеді. Қазақ ономастикасы тақырыбына Т.Ж. Жанұзақовтың, А.Т. Қайдаровтың, Г.Б. Мадиеваның, Б.М. Тілеубердиевтің кешенді еңбектері арналған.
Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының жан-жақты дамуымен қатар ономастика ғылымының да қарқынды дамуы байқалуда. Қазіргі ономастика ғылымы тілдің ономастикалық бірліктерін салыстырмалы, салғастырмалы және типологиялық тұрғыдан зерттеу өрістеп келеді. Мұндай зерттеулер әр тілдің өзіндік антропонимиялық жүйесін, қорын, лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген халықтың антропонимдері сол халықтың дүниетанымы туралы білімді жинақтай отырып, семантикасында ер не әйелге тән ұлттық, мәдени, әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, көне түркі антропонимдері негізінде қалыптасқан тілдің антропонимдік қоры, типологиялық ұқсастықтар мен есім беру салтындағы орын алған ұлттық ерекшеліктерді анықтау жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Зерттеудің мақсаты - түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдердің қалыптасуы, тілдік құрылымы мен құрылысын, лексико-семантикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, қалыптасқан түрлі тілдік варианттарын анықтау, халық ауыз әдебиеті шығармаларындағы әйел есімдері, етістік тұлғалы әйел есімдері, ресми қаратпалар, ресми емес есімдер және олардың құрылымы мен жасалу жолдарын анықтай отырып барынша ашып көрсету.
Зерттеудің нысаны: Түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдер.
Зерттеудің пәні: Түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдерінің құрылысы, типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктері.
Зерттеудің ма міндеттері:
- жалпы гендерлік лингвистика, ономастика ғылымына қатысты бұрын-соңды жүргізілген еңбектерге тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- түркі тілдеріндегі антропонимдерінің құрылысына қарай талдау жасау;
- түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдерінің лексико-семантикалық типтерін анықтап, жүйесін жасау арқылы антропонимдердің уәжділігін ашу;
- түркі негізді антропонимдер мен шет тілден енген антропонимдердің гендерлік ерекшеліктерін анықтау.
Мәселенің деректік көздері. Қажетті тілдік деректер қазақ және түрік тіліндегі есімдерге байланысты лексикографиялық еңбектерден, мерзімді басылым беттерінде жарияланған материалдар мен ақпараттар, әдеби шығармалар сияқты дереккөздерден жиналды.
Әдіснамалық және теориялық негіздері: Жұмысты жазу барысында Т.Ж. Жанұзақов (1965, 1971, 2006), В.У. Махпиров (1990, 1997), Г.Б.Мадиева (2003, 2004), В.А. Никонов (1974), А.В. Суперанская (1973, 1986), Ф. Сүмер (1999), А. Ерол (1992), С. Сакаұлы (2001) сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістері: Сипаттамалық әдіс, салыстырмалы, құрылымдық талдау, атауларды топтастырып жіктеу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылып сандық есеп жүргізілді.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
- түркі тілдері есімдерінің антропонимиядағы орны, гендерлік сипаты анықталды;
- түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдерінің лексикалық классификациясы мен семантикалық жүйесі жасала отырып, ортақ уәжділіктер айқындалды;
- қарастырылып отырған гендерлік антропонимдерінің құрамындағы формальді көрсеткіштер алынып олардың қолданылу ерекшеліктері талданды;
- түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдердің жүйесі, олардың қалыптасуы мен түрлері қарастырыла отырып ат қою принципінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері сараланды.
Түркі тілдеріндегі гендерлік антропонимдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері мен материалдарын ономастикалық, салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы зерттеулерде кеңінен қолдануға болады.
Зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінің ономастикасы, лингвомәдениеттану, түркі ономастикасы салалары бойынша оқытылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеудің негізгі желісі бойынша 2015 жылдың 30 cәуірінде Интеллект ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Қазіргі заманғы білім мен ғылымның дамуы мен келешегі атты дистанциондық форматтағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндама жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АНТРОПОНИМДЕР
ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің зерттелу ерекшелігі

Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ.Жұбановтың еңбектерінде назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика - (қазақша-әлеуметтік лингвистика) - тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы тұрғыдан А.Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі, - деді [1, 141].
Себебі қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айрықша қабылдауы, түйсінуі - заңды құбылыс. Ал, социолингвистика болса, тіл мен қоғамның өзара байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді.
Сондықтан да әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта анықтаса, (тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
Осымен байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мәнді бір қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас қызметі іске аса алмайды.
Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика - кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі ономия (грек тілінде оnomа есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т.б.) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Катанов, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мадиева, А.Жартыбаев т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз,өзен, су, көл атауларын зерттейді) т.б.
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы - антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасалған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:
1 кезең: 1950 - 1970ж.ж. (Т.Жанұзақов Лично-собственные имена в казахском языке 1961ж; Қазақ тіліндегі жалқы есімдер 1965ж; Қазақ есімдерінің тарихы 1971ж.)
2 кезең: 1970 - 1990ж.ж. (Т.Жанұзақов Очерк казахской ономастики 1982ж; Е.Керімбаев Атаулар сыры 1986; Қазақ емісдері 1988; В.Махпиров Собственые имена в памятнике Х в. Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского 1980ж канд. дисс. )
3 кезең: 1990-2000ж.ж. (В.Махпиров Имена далеких предков 1997; М.Мұсабаева Қазақ тіліндегі антропонимиялық аталымдардың этнолингвистикалық сипаты 1995ж канд. дисс.; У.Мусабекова Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков 1996 канд. дисс. Е.Керімбаев Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен 1992ж. док. дисс.; К.Головина Сопоставительный анализ идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков; К.Жаппар Эстетические функции имен собственных в поэзии О.Сулейменова 2000ж; ).
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б.Көшімова Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі 2001ж; Б.Досжанов Қазақ тіліндегі көне антропонимдер 2003ж; Д.Керімбаев Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты, 2004ж; Г.Аубакирова Идиоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте 2004; А.Бахамова Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика 2004; ).
Сонымен бірге ономастикалық лингвокультуремалардың ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған.
Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар көз тимесін, балам аман болсын деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай, Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультурема-лары ұл куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін - шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да, антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік т.б. аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни, эвфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік көріністері қазіргі қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы өтірік айту - қосып айту, ұрланыпты - қолды болыпты, өлді - қайтыс болды, үзілді т.б.
Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген [2, 8]. Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады.
Тілші-ғалым Ә.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т.б. [3, 66].
Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы есімдердің көбі табуға айналған. Ш.Саадиевтің мәліметі бойынша, әзірбайжанда күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған. Түркіменстанда әр баланың чын ады - шын аты және ямен ады - жасырын аты бар. Сібірдің солтүстігінде ер адамдарда екі ат болды, оның бірі - шын ат, ол сирек қолданылса, ал екіншісі күнделікті қолданыстағы ат болып саналған [4, 185]. Қазақ жалқы есімдерін - антропонимдерді зерттеуші Т.Жанұзақ былай дейді: Запрет некоторых слов (табу) имел свое влияние и в сфере лично-собственных имен. Казахские замужние женщины давали свои имена Төрем, Шырақ, Жарқын, Тетелес, Мырзажігіт, Шырайлым, Бикеш и др. [5, 56].
Оңтүстік Сібірдегі түркілердің дәстүрлі дүниетанымын А.Самойловичтен кейінгі зерттеушілер күйеуі мен оның туыстарының атын айтуға тыйым салыну некелік қарым-қатынастың сипатына байланысты деп есептейді. Әйел басқа тектен (әлемнен) болғандықтан күйеуінің жағында оған бірқатар сөздік тыйымдар салынады: Большинство запретов, которыми было окружено ее поведение во время сватовства и свадьбы, постепенно снимались, но оставался минимум символов, который на протяжении всей ее жизни на земле мужа подчеркивал особый статус женщины - пришелицы, единственного существа со стороны, находившегося в роде. Она не имела права произносить в слух имена своих старших родственников. Для нее их имен словно бы не существовало, равно как имена мужа [6, 151].
Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік тыйымдар (табу), жоғарыда атап өткендей, қазақ әйелінің де сөздік ғұрпында болған. Қазақ әйелінің сөзіндегі табуға айналған жалқы есімдер эвфемизмдермен алмастырылған. Профессор Т. Жанұзақ былай деп жазады: Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли қайынаға (деверь). При запрете личное имя определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо Али-Сали, Турсын-Мурсын. Для замужней женщины являлись запретными и нарицательные имена [5, 45].
Акад. А.Н.Самойлович ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың әлеуметтік, этномәдени аспектісіне мән беріп, түркітанудың болашағы өзекті мәселелерінің бірі ретінде мән берген: чтобы исследователи разных тюркских народов обратили особое внимание на личные имена, о том, что следовало бы составлять полные алфавитные списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему давалось то или иное имя, что в последствии позволило бы произвести весьма интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных имен всех тюркоязычных народов [7, 299].
Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи-этномәдени, әлеуметтік тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (қыпшақ) кезеңімен сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен мәдени-тарихи байланысын, қарым-қатынасын да деректейді. Сондықтан белгілі ономаст-ғалым В.А.Никонов антропонимика саласының негізгі міндеттерін кезінде былай деп анықтаған: Антропонимия может служит драгоценным источником, помогая выяснить былой этнический состав и миграции населения в прошлом, датировать, локализовать письменные памятники и т. д... Антропонимика образует в языке особую подсистему, разобраться в которой бессильны методы только лингвистики без неразрывного единства с этнографией, историей, социологией, правом. [8, 56].
Осымен байланысты екінші тарауды біз орыс жылнамаларындағы түркизм антропонимдерді, олардың қазіргі түркі тілдеріндегі антропоним жүйесімен лингвомәдени сабақтастығын анықтауға арнадық.
В.Гумбольдттың концепцияларын басшылыққа ала отырып, оны одан әрі дамытқан американдық ғалым Э.Сепирдың мына пікірі: тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің құралы адамдар белгілі мөлшерде, өз тілінің ықпалында болады, тіл мінез-құлық нормасына да әсер етеді, халықтың мәдени дәрежесін, оның тілін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің жетекші құралы дегенге саяды. [9, 29]. Бұл мәселе өткен ғасырдың ІІ жартысында орыс ғалымдары Н.Буслаев, А.Н.Афанасьевтердің еңбектерінде алғашқы рет сөз болды. Олар тіл ерекшеліктерін пайдалана отырып, орыс халқындағы табиғи құбылыстарға байланысты пайда болған әртүрлі наным-сенімдерді зерттеу негізінде көптеген мифтеріне талдау жасады.
Атап айтқанда, антропонимдік зерттеулердің басы ертеден басталып, даму барысында әртүрлі сипатта қарастырылған. Мысалы, Қазанда 1905жылы жарық көрген В.К.Магницкийдің Чувашские языческие имена кітабында, акад. К.Мусаевтың көрсетуінше, 10587 ер адамның аты (фонетикалық варианттармен қоса) берілген [10, 205].
Қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың (кыргыз тилиндеги ысымдар. Фрунзе, 1971) еңбегінде антропонимдердің қалыптасу кезеңдері қоғамның тарихи-экономикалық даму кезеңдеріне сәйкес анықталды: 1) Алтай дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған жануарлармен, құстармен, географиялық атаулармен байланысты антропонимдер жатады. 2) Хун дәуірінде қалыптасқан антропонимдер (б.э.д. ІІ, ІІІ-VІ б.ғ.) Оған мал жануар, құс, өсімдік, жәндік, аспан денелері т.б. байланысты аттар жатады. 3) Көне түркі кезең (V-Хғ.) Алдындағы кезеңдердегі антропонимдермен қоса, мысал ретінде ескі түркі ескерткіштеріндегі антропонимдер - Чур, Барс, Шумкар, Арстан т.б. келтіреді. 4) Ортағасырлық кезеңдегі (Х-XVғғ.) аттарға араб есімдері қосылады. 5) Жаңатүркі кезеңде (ХV-ХХғғ.) бұрынғы есімдерге ескіеврей (библиялық) араб, парсы аттары қосылады. 6) Октябрьден кейінгі кезең аттарының қатарында революционерлер, әдеби кейіпкерлер, мемлекеттік ресми тұлғалар атауларымен сипатталған [11, 17].
Қазақ тіл біліміндегі ономастика, антропонимика саласын қалыптастырушы ғалым Т.Жанұзақовтың антропонимдердің қалыптасуын, даму кезеңдерін басқаша жіктегенін байқаймыз. Атап айтқанда: 1) Ескі түркі кезеңі (V-Хғғ.) пұтқа табынуға байланысты жалқы есімдер. 2) Ортағасырлық кезең (Х-ХVІІғғ.) - туыстық атаулар, тайпа, ру атауларымен, жануар мен өсімдіктер, астрономиялық атаулар, қымбат тастар мен материалдық мәдениет пен тұрмыс, әлеуметтік-саяси терминдермен байланысты. 3) ХVІІ-ХІХғғ. кезең - негізінен аппелятивтік лексикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулар: Жібек, Баршын, Қамқа, Шекер, Алуа т.б. 4) Совет кезеңі - жаңа дәуірге сәйкес жаңа ұғымдармен байланысты есімдер көріп отырғанымыздай, бұл зерттеудің нәтижесі, тілдік деректердің мазмұны нақтылығымен дәйектелген [12, 15].
Сонымен бірге Г.Ф. Саттаровтың мақаласында татар тілінің антропонимиясының ежелгі қабаты көне түркі және ежелгі бұлғар кезеңіне қатысты анықталып, ежелгі түркілердің наным-сенімдеріне сәйкес - аспанға табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен көрсетіледі: Таштемир, Бикташ, Тәңгеребирде, Кугәй, (Кук+ай), Айсылу, Чулпан т.б. [13, 69].
Cол сияқты түрікмен тілінде де ежелгі антропонимдер ретінде атмосфералық ылғал, күн, ай, флора мен фаунаға байланысты қалыптасқан есімдер көрсетіледі. Мысалы, Ягмур, (жаңбыр) ХІ ғасырдағы түркіменің қолбасшысының аты.
Академик В.А.Гордлевскийдің түркі антропонимдер жүйесінің түркі қабатын мұсылмандыққа дейінгі деп анықтауы көптеген түркі тілдері бойынша антропонимист ғалымдардың пікірлерінде қолдау тауып жалғасты. Нақты айтқанда, осы зерттеулердің нәтижесінде танымдық, мифотанымдық сипаттама космонимдік лақап аттардың т.б. негізі осы қабатқа тән [14,131].
Башқұрт антропонимиясындағы қыпшақ қабатын зерттеуші Г.М.Гариповтың пікірінше, барлық түркі тілдеріне ортақ, байырғы, түсінікті этностың терең қайнарларынан деректер беретін тарихи көздер [15, 52].
Түркі тілдерінің лексикологиясын салыстырмалы түрде зерттеуші К.Мусаевтың еңбегін антропонимияға қатысты топтастырудың 7 принципін береді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т.б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға, этнолингвистикаға сай келеді.
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәдени мәні ерекше екенін жоғарыда атап өтілген. Мұны қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистика-лық, әлеуметтанымдық зерттеулер дәлелдеп отыр. Мысалы, балаға ат қоюда ерте кездің өзінен-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Ал, ырым мен әдет-ғұрып Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән [16, 17]. Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлбосын деп ат қояды. Ондағысы кейінгі бала ұл болса" деген ырым-сенім.

0.2 Түркі тілдеріндегі адам есімдерінің гендерлік - семантикалық мәні

Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бір есімдерді жаңғыртып, қайталамайды. Дүниеге келген сәбиге есім беруде аса мән беріп, мәнді де мағыналы есімдер берген. Антропонимдер ономастиканың антропонимдерді, яғни, кісі аттарын, фамилияларын лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін саласы. Кісі есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады. Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады. Бұл өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты. Ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы халықтың игі дәстүрi. Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үшін қарт шежіре сияқты ұрпаққа жеткізіп отырады. Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те мол болумен қатар, құрамы мен құрылысы жағынан да әр алуан өзінше бөлек, дәстүрлі қазақ есімдері де көп алуан өзінше бөлек, дәстүрлі қазақ есімдері де көп кездеседі. Ол жөнінде жазылған еңбектер біздің қазақ тіл білімінде де аз емес. Әйткенмен, кісі есімдері жөнінде жазылған еңбектердің ішіндегі халыққа ең қажеттісі де, керегі де кісі аттары жайлы анықтама құрал. 1968 жылы белгілі ономаст ғалым Т. Жанұзақовтың қазақ есімдерінің қысқаша анықтама құралы Қандай есімді ұнатасыз деген атпен шығып еді. Бұл анықтама жаңа туған нәрестеге ат таңдауда жақсы және әдемі есімдерді ұсынумен қатар, қазақ есімдерінің жазылуына да біраз түзетулер енгізген. Алайда қазақ антропонимдері құрылысы мен құрамы жағынан, лексика-семантика, этнолингвистикалық тұрғыда жеке-жеке, жан-жақты қаралып бітпей жатқан мәселенің бірі болып саналады. Қазақ антропонимдері мейлінше бай әрі әр алуан, бірақ, тіліміздегі есімдердің басым көпшілігінің кірме сөздерден екендігін бүгінгі күнде тіпті ажырата да алмай жатамыз. Өзге тілдерден еніп, қазіргі тілдік қолданысымызда жүрген антропонимдердің тілімізге келіп, әдбен кірігіп, сіңісіп кетуі соншалық, бұл күнде оларды өзге тілдерден енген есімдер деп айту өте қиын. Қазақ антропонимдерін жүйелей келе тіліміздегі антропонимдердің басым көпшілігінің араб, иран тілдерінен келгендігіне көзіміз жетті. Кісі есімдерін белгілі бір тәртіппен, жүйеге келтіріп, қатаң әліпбилік ретпен беріп, мағыналарын түсіндіретін анықтамалық кітап-антропонимиялық сөздік. Антропонимиялық сөздік жер жүзі халықтары тілдерінде ерте заманнан бар. Ол Батыс, Евразия, Арабия, Иран, Америка, Қытай, Жапония. Түркі халықтарында бұрын да, қазір де жариялануда. Олар көлемі мен құрылысы жағынан да әр түрлі болып келеді. Әр халықтың жалпы тіл білімінде антропонимия ғылымы жақсы әрі жан-жақты қаралған, антропонимдердің құрамы, құрылысы, лексика-семантикасы, этнолингвистикасы, тағы басқа да толып жатқан әртүрлі анықталған, антропонимдердің түсіндірме сөздіктері, этимологиялық сөздіктері, анықтама сөздіктері жасалған. Ал біздің қазақ тіл білімінде әлі толық қарастыра алмай, бір бағытта жүйелей алмай жатырмыз. Жалпы тіл біліміндегі антропонимия саласында айналысып жүрген ономаст ғалымдар - Г.В.Тропин, А.В.Суперанская, В.А.Никонов, Н.А.Баскаков, Н.М.Тупиков. Өзбек тілінде Э.А.Бегматовтың Өзбек есімдері, татар тілінде Г.Ф.Саттаровтың Татар есімдері, И.С.Колосов, Ш.Жапаров қырғыз тілінде шығарған Қырғыз есімдері сөздігі, А.В.Суперанская мен Ю.М.Гусева редакциясымен жарық көрген РСФСР халықтары есімдері сөздігі О.Мирзаевтің Әзербайжан есімдері, Р.Ортиков пен Я.Калонтаевтің Тәжік есімдерінің емлесі атты еңбектерді ерекше атауға болады. Қазақ ғалымдарынан Т.Жанұзақов пен К.Есбаеваның Қазақ есімдері атты қазақ тіліндегі анықтама сөздігін де осы еңбектердің қатарына қоя аламыз. Антропонимдер тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі қорынан алады да тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп ол тілдегі сөздердің (лексиканың) барлық салаларынан жасалады. Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді. Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып, төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.
Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота, Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б.
Табиғат құбылысымен байланысты есімдер: Таубай, Боран, Толғанай, Айым т.б.
Аңдар мен үй хайуанаттары және құстармен байланысты есімдер: Аққу, Қарлығаш, Арыстан, Итбай, Түлкібай, Лашын т.б.
Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына байланысты есімдер: Алтын, Күміс, Болат, Маржан т.б.
Өсімдік аттарына байланысты: Қызғалдақ, Райхан, Раушан, Гүлжан т.б.
Жеміс-жидек атауларымен байланысты: Алма, Мейіз, Анар, Жаңғақ т.б.
Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, Туғанбай, Жиенбай т.б.
Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ, Орал, Алтай т.б.
Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара, Табақбай, Айнагүл т.б.
Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.
Балаларға ат қоюды ертеде белгілі дәрежеде ырым мен дәстүр ерекше орын алып отырған. Олардың кейбірін сөздің киелі күшімен де байланыстырып отырушылық көне дәуірден бар құбылыс. Сол ескі замандарда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтау мақсатымен елеусіз оғаш есімдер қойып отырған. Мәселен, Итбай, Күшікбай, Жаманбай тағы басқа. Есім берудегі кеңінен тараған дәстүрдің бірі - сан есіммен байланысты болып келеді. Ондай сан есімдерден қойылған кісі аттары бір сан есімінен мың санына дейін кездеседі. Мысалы: Бірбай, Біржан, Бесбай, Жетібай, Сегізбай, Елубай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай, Мыңбай. Керісінше, сан есімнен қойылған әйел есімдері некен-саяқ қана. Ал, балаларға жарасымды да сұлу есім беруде ешбір шек болмаған есімдер тарихында ғасырлар бойы жаңару, ескіру, архаизмге айналу процесі болып отырады. Адамға ат қоюдың себептері алуан-түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған. Бұл заңды құбылыс. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған.
1. Бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай, Алтынбай, Малбай т.б.
2. Күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын деп қойылған есімдер: Арыстан, Батыр, Тарғын т.б.
3. Бала сұлу да көрікті, ажарлы да әдемі болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Айсұлу, Әсем, Нұрсұлу, Ботагөз.
4. Денсаулығы зор болып, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есімдер: Ұзақ, Өмірзақ, Мыңжасар.
5. Бала ақылды да тапқыр болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Ақылбай, Ақылбек, Данышпан.
6. Бала мырза да жомарт болсын деп қойылған есімдер: Жомарт, Мырзабек, Мәртай.
Есімдерді таңдап, талғап қоюда бұлардан басқа да белгілер мен түрлі нышан, әр түрлі жағдаяттар болып отырған. Мәселеге, Аманжан, Қаржаубай, Жолай тағы басқа. Көп ретте ертедегі есімдер халықтың әдет-ғұрып, салт-сана, тарихи дәстүрлерімен байланысты қойылып отырғаны белгілі. Ал балалары тұрмай өле берген үйлерде өмірге жаңа келген сәбилерге: Тоқтар, Тұрар, Тұрсын деген есімдер қойылып отырған. Батырлар жырларындағы халық батырлары мен тамаша, ақылды да парасатты тарихи адамдардың дәстүрлі есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге дейін қойылып келе жатыр. Тіліміздегі кеңінен тараған екі не үш сөздерден құралған күрделі тұлғасы есімдердің көбірек кездесетіндері - құрамында бай, бек, би, хан, сұлтан, төре, шах, ханым компоненттері (сыңарлары) бар есімдер. Тарихи сипаты жағынан бұл сөздер архаизм әрі историзм ретінде келмеске кеткен әлеуметтік терминдер. Қазақ халқы тарихында ақсүйектер - өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді. Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандардан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі кездесетін. Бірақ кейінгі кезеңде анықтауыштар әуелгі мағыналарынан айырылса, енді біреулері жаңа мағынаға ие болды. Мәселен, мырза қазіргі кезде қайырымды, жомарт, мәрт адам, бай, әлді, қуатты. Бұл күнде ата-аналар балаларына - бай, бек, би, сұлтан, төре сөздері арқылы жасалған есімдерді сирек беріп, балаларға мән-мағынасы айқын да анық, сұлу да көркем есімдер береді: Мәселен, Басат, Азат, Артур, Айбек, Серік, Алма, Дина, Мира, Сәуле тағы басқа. Кейбір есімдердің мән-мағынасы (семантикасы) мен дыбыстық сипаттары арқылы белгілі бір аймақ тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Сол жергілікті тілдер негізінде қойылған есімдердің алуан түрлі тұлғалары мен тұрмыстың варианттары да ерекшеленіп тұрады. Атап айтқанда, оңтүстік, тұрғындары есімдеріне дауыссыз еріндік және сонар м дыбыстары орнына қатаң дауысты п дыбысы қолданылса, сол п дыбысы орнына сонар м дыбысының қолданылуы есімдер мен фамилиялардың тек басқа буындарында ғана емес, ортасында да кездесіп отырады. Мәселен, Пақтагүл (әдеби тілдегі Мақтагүл орнына), Палым (Балым); Полат (Болат), Палымбет (Болымбет) т.б. Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында, сондай-ақ Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында әдеби тіліміздегі дауыссыз ұяң ш дыбысы орнына тіл алды ч дыбысы қолданылады. Мәселен, Ақчал, Чегебай, Чотбай, Чойбек т.б. Тілімізде халықтың осындай ұлттық психологиялық түсінік, ырым, наным-сенім негізінде дүниеге келген есімдер өте көп. Айталық, аты аңызға айналған Қорқыт есімінің шығу тарихы Қорқыт ата кітабында: Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп, көк аспанды қара бұлт басып, бірнеше күн қараңғылық билеп, елдің зәре құтын қашырған күн болыпты делінген. Халықты қорқытқан бала деп атын Қорқыт атапты десе, енді бір деректерде Қорқыт түбірі - құт-береке, байлық, ырыс мағынасында қойылған есім делінеді.
Профессор Қ.Жұбановтың кісі аттарының қойылу ерекшеліктерін халықтық дүниетаным тұрғысынан саралай талдап көрсеткен тың тұжырымы біріккен тұлғалы Итбай, Күшікбай, Бөрібай секілді кісі есімдерін құрылымдық жағынан талдауда көрінеді. Ғалым бұл есімдердің табиғатын былайша түсіндіреді: ... в этих личных именах мы имеем дело с далеким и отзвуками тотемистического мировоззрения, когда собака и ей подобные животные могли считаться родоначальниками известных групп людей[17].
Бұндай есімдердің қойылу себебі ілгері кезеңдердегі халқымыздың бөріге тәу еткен наным-сенімінен, дүниетанымынан туған дәстүр екендігіне жол салады. Бір замандарда бөрі сөзінің баламасы көк аспан болыпты,- деп жазады Т. Зәкенұлы. Демек, бөрі ұғымы біз үшін аса қасиетті ұғым. Ол қыр даласының арланы, серкесі, еркебұланы. Бұғауға, қорқытуға көнбейді. Еркіндік, көк аспан, көктүрік, кеңдік - бәрі бір ұғым[18].
Ерте кезеңдерде түркі халықтарында бір адамға бірнеше есім болған. Мұның өзі сол халықтың танымдық дәрежесімен, қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты. Ғалым Т.Жанұзақовтың көрсетуінше, түркі халықтарында адамдардың есімі олардың қоғамда алатын орнын, атқаратын қызметтерін көрсететін болған.
Түркі халықтарындағы ат қою дәстүрінің ерекшеліктерін Л.Н.Гумилев деректерінен де көре аламыз. Ол өзінің Древние тюрки (1967) еңбегінде былай деп жазады: Мальчиком он (тюрок) имел имя (кличку), юношей - чин, мужем- титул, а если это был хан, то титул менялся согласно удельно -лестничной системе [12, 90-91].
Профессор Қ.Жұбанов Итбай, Күшікбай, Бөрібай есімдеріндегі бай сөзі байлық мағынасын бермейтіндігін, яғни бұл жерде адамдардың дәрежесін көрсететін мағынада тұрғандығын атап көрсеткен болатын. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде күрделі құрамды кісі аттарындағы бай сөзінің титулдық мәнде жұмсалғандығын көреміз. Мұндай есімдерде ит, күшік, бөрі сөздері эпитет ретінде қызмет атқарған. Түркі халықтарының ертеден келе жатқан ортақ мұрасы болып саналатын Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл сөздердің қолданыс аясын көрсететін төмендегідей жолдар бар:
Тәңірі қуат берген соң
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты
Жаулары қойдай бопты ...[13].
Итбай, Күшікбай есімдерінің табиғатын ғалым Т.Жанұзақовтың былайша түсіндіреді: У народов Средней Азии и у казахов существовал обычай одевать ребенка через сорок дней после рождения в так называемую ит көйлек, букв. собачья рубашонка. А отсюда возникновение таких имен, как Итбай собака богач, Күшікбай щенок богач...[19]. Ал біздің пайымдауымызша, Итбай, Күшікбай, Бөрібай есімдерінің ұлттық таным тұрғысындағы мәні профессор Қ.Жұбанов көрсеткен тотемдік мәнге ие.
Тіліміздегі өзге сөздер секілді түр-түс атауларының да негізгі номинативтік мағыналарымен қатар көптеген ауыспалы мағыналары болады. Мұндай мағыналардың өзі, біріншіден, номинативтік мағынасына жақын семантикалық байланысын әлі де үзе қоймаған болып келсе, екіншіден, номинативтік мағынасымен семантикалық байланысы байқалмайтын не мүлдем жоқ, ауыспалы мағынада болып келеді. Соңғылары халқымыздың материалдық, рухани мәдениетіне, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына, дүниетанымына байланысты жүріп өткен тарихи өмір жолынан мағлұмат берерлік фактілер. Тілімізде номинативтік мағынасынан өзге көптеген ауыспалы символикалық мағына-мәнге ие түр-түс атауларының бірі - қара.
Профессор Қ.Жұбанов біріккен тұлғалы Кенжеқара есімін синтаксистік құрылымы жағынан талдай келіп мұндағы қара сөзінің мағынасына ерекше назар аударады: ... я вижу в данном случае в слове қара не значение черный, а значение опора, сторонник, встречающееся во фразе қара жию (вовлечь сторонников своих); біреудің қарасын көбейту (увеличить [число] сторонников кого либо) ... [8, 44].
Ғалымның көрсетуінше, мұндағы қара сөзінің семантикасы номинативтік мағынасын алып жатқандығын көреміз. Қ.Жұбанов келтірген Кенжеқара есімінен өзге алғашқы не соңғы сыңары қара болып келетін антропонимдер көптеп кездеседі. Мысалы, ер адамдар арасында Қарабек, Қаражан, Қаратай т.б., ал қыздарға қойылатын Қарашаш, Қарагөз т.б. есімдер бар. Мұндай кісі аттарында профессор Қ.Жұбанов көрсеткендей қара сөзінің сүйеніш, жақтас мағынасында келуін тек ерлер есімінен көре аламыз. Ал қыздар есіміндегі қара сөзінің семантикасы номинативтік мағынасына жақын, бұл жерде қара сөзі сұлулық мәнге ие. Ауыз әдебиеті үлгілері тілінде кезедесетін қолаң қара шаш, қарақаттай мөлдір көз т.б. тіркестер құрамында қара сөзі тұрақты эпитетке айналған. Кенже сөзінің мағынасын Севортян жас, бала, ең кішкентай, кіші бала деп көрсетеді және бұл сөз монғол тілінде малға қаратып айтылса, түркі тілінде адамға қаратылып айтылатынын жазады. Бұл сөздің қазақ тілінде алатын орнын былайша береді: кейінгі последний сын или последняя дочь от тюркского кейін последний[20].
Халқымыздың табиғатында әке шаңырағының иесі ер бала, оның ішінде кенже бала саналады. Ал бір тұқымның ұрпақ жалғастығы ер балаға қатысты болса, қыздарды өріс кеңейтуші деп қараған.
Осы мәселелердің бәрін тұжырымдай келе, ер адамдарға қойылатын кісі есімдерінің мағынаға саяды.
Лингвистикада табу мен эвфемизм үнемі бірге қарастырылады. Қандай себептерге байланысты пайда болмасын, қай заманда, қай тілде тумасын табуға тән басты ерекшелік оның эфвемизмсіз өмір сүре алмауы. Себебі кез-келген тиым салынған сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
Ғаламның тілдік бейнесіндегі «Қазақ әйелі» концептісі
АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
Концептуалды талдау жұмысы
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Сұлулық
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Пәндер