Гендерлік бейвербалды қатысымның мәдени-әлеуметтік сипаты


Гендерлік бейвербалды қатысымның мәдени-әлеуметтік сипаты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде ер мен әйел тілін коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу ерекше орын алып келеді. Сонымен қатар, ер мен әйел тілінің коммуникативтік табиғатын бейвербалды амалдардың қолданылуымен қатар зерделеу де тілдік қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Осы айтылған мәселелер ғылыми жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы лингвистикада бейвербалды тілдік элементтерді зерттеген еңбектер жоқ емес, бар, зерттеушілердің тобы айқындалып келеді. Ол зерттеушілер тобы әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған.
Е. В. Красильникова, Т. М. Николаева, Г. В. Колшанский, Г. Е. Крейдлин, И. Н. Горелов, А. А. Акишина, т. б. - орыс тіліндегі, Т. Т. Железанова - неміс тіліндегі, А. Н. Нурманов, М. М. Сайдханов, Д. А. Абдуазизова - өзбек тіліндегі, М. М. Мұқанов, С. С. Татубаев, Қ. Ш. Қажығалиева, А. Д. Сейсенова, Ж. Қ. Өмірәлиева, С. Б. Бейсембаева, М. П. Ешимов - қазақ тіліндегі бейвербалды тілдік құралдарды әр түрлі тілдік аспектіден қарастырған зерттеушілер болып табылады. Бұл жұмыстарда, негізінен, бейвербалды амалдардың жалпы тілдік сипаттары талданғандықтан, сөйленістің көмекші құралдарының гендерлік ерекшеліктері жеке-дара зерттеу нысаны болмаған еді. Зерттеу жұмысымыздың ерекшелігінің өзі бейвербалды амалдарды гендерлік тұрғыдан саралау, бір амалдың қаншалықты мағына беретіндігін анықтау, оны мысалдармен дәйектеу, әлеуметтік-мәдени, ұлттық сипатын нақтылау болғандықтан, бұрын-соңды бейвербалды амалдардың нақты осы сипаты қарастырылмағандықтан көтеріліп отырған мәселені өзекті деп білеміз.
Тақырып бойынша пайдаланылған дереккөздері. Зерттеу жұмысына теориялық негіз ретінде Г. В. Колшанский, Н. Н. Горелов, Т. М. Николаева, Г. Е. Смирнова, А. Пиз, С. С. Татубаев, Б. Қ. Момынова, Г. Н. Смағұлова, т. б. ғалымдар мен М. М. Мұқанов, Ж. Сейсенова, Ж. Қ. Өмірәлиева, С. Б. Бейсембаева, М. П. Ешимов, т. б. зерттеушілердің еңбектері алынды.
Зерттеудің мақсаты . Ер мен әйел тілінде бейвербалды амалдардың қолданылу өрісін қарастыра отырып, олардың жасалу жолдарын, мән-мағынасын ашу, әлеуметтік, ұлттық-мәдени негізін, гендерлік қырын анықтау.
Зерттеудің міндеттері . Аталған мақсат мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:
- бейвербалды амалдардың зерттелу деңгейін анықтау;
- бейвербалды амалдардың атқаратын қызметін анықтау;
- бейвербалды амалдардың гендерлік сипатын айқындау;
- ер тілі мен әйел тіліне тән ерекшеліктерге сай бейвербалды амалдары саралап көрсету, олардың қолданылу ретін, жүйесін анықтау;
- ер тілі мен әйел тіліне тән ерекшеліктерге сай бейвербалды амалдардың классификациясын жасау;
- ер тілі мен әйел тіліне тән ерекшеліктерге сай бейвербалды амалдардың әлеуметтік, ұлттық-мәдени сипатын ашу.
Зерттеудің нысаны. Ер мен әйел тіліне тән тілдік бейтілдік ерекшеліктер алынды.
Зерттеудің әдісі : Зерттеу негізінен синхронды тұрғыда сипаттамалы әдіспен жазылған. Сонымен қатар жұмыста баяндау, ғылыми талдау, семантикалық, талдау тәсілдері басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеуде жинақтау, жүйелеу, талдау әдістері кеңінен қолданылды .
Ғылыми жқмыстың құрылымы. Жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.
1 Бейвербалды қатысымды зерттеудің теориялық негіздері
- Бейвербалды қатысымды зерттеудің ғылыми бағыттары
Тіл - мәдениеттің негізі. Ұлт тілі мен оның мәдениеті өзара тығыз байланысып жатады. Ұлтты, оның тілін толық танып-білу үшін экстра-, -интра, паралингвистикалық амалдардың, бәрінің де ерекшеліктерін зерттеу қажет. Әр саланың тілдік жүйедегі орнын саралап білу де аса қажетті. Соған орай паралингвистикаға байланысты терминдердің қалай тілімізде қалыптасып жатқанына тоқталып көрелік. Паралингвистикалық терминдердің ішінде ең жиі қолданылатындары әрі оларды толық сипаттайтындары ым және ишарат сөздері болып табылады деп білеміз. Біз соларға, ым және ишарат сөздеріне тоқталып өтеміз.
Бейвербалды амалдар мимика - ым, жест - ишара, поза - дене қалыбы терминдеріне тікелей тәуелді. Орыс тіл білімінде Г. В. Старикова осы терминдердің ұғымына байланысты мынадай ойын ортаға салады: “Жест - это значащее телодвижение (обычно рукой с помощью которого непроизвольно выражается душевное состояние человека или обобщающиеся сознательно передают друг другу информацию.
Мимика - это значащее движение человеческого лица.
Поза - значащее положения человеческого тела” [1, с. 188] .
Бірақ осы ғалымның келтірілген пікірін өзге ғалымдардың бәрі бірдей қолдамайды. Е. Я. Кедрова ишараға қолдың қимылымен бірге жалпы дене қимылын да жатқызады [2, 29б. ] . Біз, өз тарапымыздан, Н. И. Формановскаяның [3] және Г. В. Колшанскийдің көзқарастарына қосылатынығымызды ескертеміз [4] . Олар ишараға дене мүшелерінің, оның ішінде қол, аяқ, бас секілді дене мүшелерінің динамикалы қозғалысын жатқызады. Ал мимиканы бетпен, бет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысымен байланыстырады.
Енді қазақ тіл білімінде осы терминдердің қалай қалыптасып келе жатқанына көңіл аударып көрелік.
Орыс тілі арқылы енген мимика сөзі көп жылдар бойы осы күйінде айтылып та, жазылып та жүрді. Тек соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулер жүргізіле бастағаннан бері бұл терминді аударып айту үрдісі арнаулы әдебиеттерде іске асырыла бастады. Енді мимика мен жест терминдерінің түрлі сөздіктерде түсіндірілуі, аударылуы, балама табылуы қандай дәрежеде екеніне назар аударайық.
“Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікте”: мимика - мимика [5, 184 б. ] , жест - ым, жестикулировать - ымдау, поза - кескін, қалып, кейіп деп берілген.
Ал терминологиялық сөздіктің “Педагогика және психология” тараулары бойынша [6] : жест - ым, ишара болса, жест вербальный - вербальдық ым [6, 178 б. ], мимика - мимика [6, 208 б. ], поза - кейіп [6, 231 б. ] түрінде, ал дене тәрбиесі мен спортқа арналған томда [7] : жест - ым, [7, 170 б. ] поза - қалып, бейне [7, 221 б. ] делініп жүр.
Сондай-ақ, Қ. Бектаев құрастырған “Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздікте” Ым - жест, мимика, знак, сигнал. Ым - ишарат, - жесты. Ым тілі - язык жестов. Ымдасу - мимика, дать знак, подмигнуть: Жестикуляция, жестикулировать түрінде келтірілген және түсінігі берілген [8, 491 б. ] .
Қазақ тарихындағы жеке ғылым саласы ретінде психология ғылымына арнап алғаш жазылған Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығында: мимиканы беттің ымы, келбет ілімі деп қазақшалап, сол кездің өзінде аударған. Мимикаға Ж. Аймауытовтың берген түсінігі: Кісінің қылығын қимылына қарап сыйлаймыз, көзге өте көп көрінетін қимыл беттікі , - дейді [9, 88 б. ] .
Ал мимика нені зерттейді деген сауалға Ж. Аймауытов мыналарды тізбелеп көрсетеді:
- бет құбылысы;
- маңдайдың қатпары, сызығы;
- қастың қимылы;
- көздің қарасы;
- танаудың желбіреуі;
- еріннің, төменгі жақ сүйегінің қозғалыстары, т. б.
Жестке бастың, иықтың, еңсенің қозғалуын жатқызады [9, 88 б. ] .
М. Жұмабаев “Педагогика” еңбегінің “Психология” атты тарауында: “Адамның жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді, дене де жанға байлаулы, жан көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанының қандай күйде екені көрініп-ақ тұрады”, - дейді [10] .
Байқап отырғанымыздай, мимика мен жест терминдері қазақ тіліне аударылғанда әр түрлі аударылып келгенімен, түсініктері бір арнаға келіп тіреледі екен. Сондықтан, бұл жерде біздің ойымызша, басын ашып айта кететін бір нәрсе бар, ол - ымның бет-әлпетке қатысты қимыл екендігі, ал ишараттың әрі бет-әлпет арқылы, әрі дене қимылдары арқылы жасалатын бейвербалды амалға жатқызылып жүргені.
Ишарат сөзінің өзі көп жағдайда жеке бір қимылды білдірмегенмен, белгілі бір қимыл, нақты ишаратпен қосарлана қолданылып отыруы көңіл аудартады. Мұндайда, ишараттың өзі суреттеледі де, соны нақтылай түсу үшін ишарат жасады, ишарат етті, ишарат білдірді, ишарат қылды тіркестерін қосарлана, қабаттаса айтылады. Мұндайда ишарат сөзі нақты бір ишаратты білдірмейді, тек өзге бір ишаратты нақтылайды. Мысалы :
Құнанбай сол қолын шүғыл көтеріп қап “Доғар” дегендей ишарат қылды [11] . Мұнда негізгі ойды білдіріп тұрған ишарат сол қолын шұғыл көтеру екені белгілі. Ал ишарат сөзі осы сол қолын шұғыл көтерудің ишарат, қимыл екенін білдіруші, нақтылай түсуші сөз ғана.
Құнанбай “Жетті, доғар” дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады [11] .
Өмірде, көркем шығармаларда ым, ишара, емеурін, кескін ілімі, дене қалпы (мимика, жест, поза) бір-біріне синоним ретінде бірінің орнына бірі ауысып қолданыла бергенімен, психологияда, әдебиеттануда, әсіресе, лингвистикада ғылыми талапқа сай, қалыптасқан тұрақты терминдік өз атауларына айналған. Сондықтан біз мимиканы ым, ымдау деп әдеби тілде, өмірде қалыптасқан қалпында қолдануға тиіспіз. Өйткені ғылым нақтылықты, дәлдікті қалайды. Ал мимикаға мынадай кескін-келбеттегі қимыл-қозғалыстар жатады: көздің қозғалысы (көзін алақтату, көзін қысу, т. б. ), көзін жұму ; еріннің қозғалысына (ернін сылп еткізу, ернін шүйіру, ернін жымқыру, ернін шығару), қабақтың қозғалысы - қабақтың түйілуі , жазылуы, қарс түйілуі, оң я сол қабақтың көтерілуі, маңдайдың қозғалысы - маңдайдың қыртыстануы, маңдай сызықтарының жиырылуы, маңдайға сызат жиналуы; қастың (қабақтың) қозғалысы - қастың керілуі, қастың түйілуі, оң қасының көтерілуі, сол қасының көтерілуі, қастың жазылуы, т. б. секілді мәнді, өзіндік мағынасы бар бет-әлпет арқылы орындалатын қимылдар жатады.
Қас-қабақтың қимылында да мән бар (қабағын шыту, қас-қабағымен нұсқау, қабағынан қар жауып, қас-қабағын қозғау, т. б. ), тілге қатысты ( тіл шығару, тілін салаң еткізіп шығару , тілін жылт еткізу, тілін шығарып күлу, тілін тістей ойлану, т. б. ) өзге ишараттарға ұқсамайтын өзгеше мағынаға ие тағы басқадай қимыл-қозғалыстар бар. Бұлардың бәрі де тек мимикаға қатысты, мимика төңірегіндегі мәнді (выразительные) бейвербалды ишараттар.
Енді емеурін, ишара ( жестке) келер болсақ, бұған тек дене мүшелерінің араласуымен, кейде бет-әлпет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы арқылы жасалатын іс-әрекеттер мен қимыл-қозғалыстар жатады. Және оның қазақша әуелден қалыптасқан емеурін, ишара деген атауы бар.
Емеурін, ишара (жестке) мынадай мәнді, мағыналы қимыл-қозғалыстар жатады: белгілі бір дене мүшесінің, бөлшегінің қимылы (санын соғу, қол бұлғау, қол сілтеу, қолын шығару, аусағымен нұсқау, саусағын шошайту, бас бармағын шошайту, қолын шығару, т. б. ), дене қимылдарының әр түрлі кейіп-қалпы (позы), мысалы, малдас құрып отыру, жантаю, арқадан қағу, басын төмен салу, қол қусырып, иіліп сәлем беру , қолын бұлғау, қолына орамал алып бұлғау, аяғымен жер шұқу, иығын қусыру, қос қолын жайып шарасыздық білдіру, қос қолын ала жүгіріп сәлем беру, т. б. секілді толып жатқан белгілі бір ишараны сипаттайды, ол ишараттар өзгеге ұқсамайтын мағынаны беретін қимыл-қозғалыстар болып табылады.
Кинесикалық элементтер информациялық-ақпараттық жақтан қарастырғанда бағалы, құнды болып отырады және функционалды жақтан ақпаратты жеткізу кезінде оның толыққанды шығуына әсері жеткілікті. тіпті көп десек, ешқандай дау тудырмайды.
Сонымен бірге, кинесикалық элементтер өз алдына бір жүйе құрайды, ал сол жүйені құрайтын компонеттерге мыналар жатады:
- пластикалық дене қимылдары - бұлар кинесиканың жалпыламалық сипатын құрайды;
- ишараттар мен бет-пішін өзгерісінің (қимылының) жиынтығы түріндегі мимика - кинесиканың даралығының белгісі;
ишараттар - кинесиканың басты белгісі.
1. 2 Бейвербалды гендерлік таптаурындар, түрлері
Вербалды тілдер мәдени ерекшеліктерге байланысты бір-бірінен ажыратылады, сондай-ақ бір ұлттың бейвербалды тілінің екінші ұлттың бейвербалды тілінен айырмашылығы болады. Бір ұлтта белгілі бір мазмұнға ие дене қимылы екінші ұлтта еш нәрсені білдірмеуі мүмкін.
Қимылдар да сөйлемдер сияқты жасалынып, адамның көңіл-күйі, қарым-қатынасын дәл білдіреді. Байқағыш адам мұндай бейвербалды сөйлемдерді «оқып», оны сөйлеушінің ауызша сөйлемдерімен салыстыра алады. Демек, адамдар тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Кейде олар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары арқылы ұғынысуы сияқты көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің (қолдың, аяқтың, иықтың т. б. ) әр түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін сан саққа жүгіртуге болады. Баяншы айналасындағылармен алуан түрлі ым-ишара, белгі, бас шайқау, қол сілтеу, иек қағу, бас изеу арқылы да өз ойынан хабар бере алады. Бейвербалды амалдар арқылы сан қилы ақпарат алуға болады. Мысалы, телефон арқылы сөйлеп тұрған дауысқа қарап, сөйлеушінің жас мөлшерін, көңіл-күйін байқауға болады. Немесе алдыңызда отырған сөйлеушінің бет-жүзіндегі өзгерістерге, оның қимыл-әрекетіне қарай оның мінезі, көзқарасы, көңіл-күйі жайлы хабар ала аласыз.
Тілдік қатынас кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады. Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі оны қабылдап алады. Кез келген түсіністік қарым-қатынас әр түрлі бейвербалды амалдармен бірге жүруі мүмкін. Коммуниканттар әрі вербалды, яғни тіл арқылы; әрі бейвербалды, яғни тілдік емес факторлар арқылы қарым-қатынас жасай алады. Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі - тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Ғалым
Ф. Ш. Оразбаеваның еңбегінде тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастықтары сараланып көрсетілген [12, 11] . Осымен байланысты ғалымдар тілдік қатынасты - вербалды, тілсіз қатынасты - бейвербалды амалдар деп атайды.
Паралингвистикалық терминдердің ішінде ең жиі қолданылатындары әрі оларды толық сипаттайтындары ым және ишарат сөздері болып табылады. Бейвербалды амалдар мимика - ым, жест - ишара, поза - дене қалыбы терминдеріне тікелей тәуелді. Орыс тіл білімінде Г. В. Старикова осы терминдердің ұғымына байланысты мынадай пікір айтады: «Жест - это значащее телодвижение (обычно рукой с помощью которого непроизвольно выражается душевное состояние человека или обобщающиеся сознательно передают друг другу информацию) . Мимика - это значащее положения человеческого тела». Алайда аталған ғалымның көрсетілген пікірін басқа ғалымдардың барлығы дерлік қолдай қоймайды. Е. Я. Кедрова ишараға қолдың қимылымен бірге жалпы дене қимылын да жатқызады [13, 29] . Н. И. Формановская және Г. В. Колшанский ишараға дене мүшелерінің, оның ішінде қол, аяқ, бас секілді дене мүшелерінің динамикалы қозғалысын жатқызады. Ал мимиканы бетпен, бет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысымен байланыстырады. Ал «қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікте»: «мимика - мимика», жест - ым, жестикулировать - ымдау, поза - кескін, қалып, кейіп деп берілген.
Мимика мен жест терминдері қазақ тіліне әр түрлі аударылғанмен, түсініктері бір арнаға келіп тірелетінін байқау қиын емес. Сондықтан, біздің пікірімізше, ым бет-әлпетке қатысты, ал ишарат әрі бет-әлпет арқылы, әрі дене қимылдары арқылы жасалатын бейвербалды амалдарға жатады.
Ишарат сөзінің өзі көп жағдайда жеке бір қимылды білдірмегенмен, белгілі бір қимыл, нақты ишаратпен қосарлана қолданылады. Мұндайда, ишараттың өзі суреттеледі де, соны нақтылай түсу үшін ишарат жасады, ишарат етті, ишарат білдірді, ишарат қылды деп айтылып, өзге бір ишаратты нақтылайды. Мысалы,
Құнанбай сол қолын шұғыл көтеріп қап «Доғар» дегендей ишарат қылды (М. Әуезов) .
Мұнда негізгі ойды білдіріп тұрған ишарат - сол қолын шұғыл көтеру екені белгілі. Ал ишарат сөзі аталған қимылдың ишарат екенін нақтылай түсу қызметін атқарушы сөз ғана. Өмірде, көркем шығармаларда ым, ишара, емеурін, кескін ілімі, дене қалпы (мимика, жест, поза) бір-біріне синоним ретінде бірінің орнына бірі ауысып қолданыла бергенімен, психологияда, әдебиеттануда, әсіресе, лингвистикада ғылыми талапқа сай, қалыптасқан тұрақты терминдерге айналған. Сондықтан біз мимиканы ым, ымдау деп әдеби тілде, өмірде қалыптасқан қалпында қолданғанды жөн көрдік. Ал мимикаға мынадай кескін-келбеттегі қозғалыстар жатады:
Көздің қозғалысы (көзін алақтату, көзін қысу, көзінің құйрығымен қарау, көзін қадау т. б. ), көзін жұму (көзін шарт жұму, бір көзін қысу, көзін кірпіктерімен қамалап, сығырайту), еріннің қозғалысына (ернін сылп еткізу, ернін шүйіру, ернін жымқыру, ернін шығару, еріндерін бұлтиту, аузын (еріндерін) бір жағына қисайту) т. б., қабақтың қозғалысы (қабақтың түйілуі, жазылуы, қарс түйілуі, оң я сол қабақтың көтерілуі) т. б. Қазақ тілінде дене атауларына қатысты қолданылатын төмендегідей ым мен ишараттарды көрсетуге болады:
І. Бастың қатысуымен жасалған бейвербалды амалдар:
• Басын шайқау - әлденеше рет басты оңға, солға жылдамдата бұру. Мағынасы - 1. таңқалу, тамаша болу, таңырқау. Мысалы, Күйме ішінде әншінің «Сырымбетін» естігенде, Ақандар бір-біріне үнсіз қарасып, таңырқағандай бас шайқасты (С. Жүнісов. Ақан сері) .
2. Біреудің ойымен, пікірімен үзілді-кесілді келіспеу. Мысалы, Ербол төреші болғандықтан, енді жұрттың бәрі жаттап алған төрелікті өзі тағы бір айтып, аз ойланып , бас шайқады (М. Әуезов. Абай жолы) .
• Басын изеу - басты бір немесе бірнеше рет жоғары көтеріп, төмен түсіру. Мағынасы - 1. келісу, құптау, мақұлдау. Мысалы, Бұнысын Мағаш мақұлдап, бас изеді (М. Әуезов. Абай жолы) .
2. Амандасу, сәлемдесу. Мысалы,
Қазақтармен
бас изеп
амандасты
(С. Жүнісов. Ақан сері) .
3. Қоштасу. Мысалы, -
Ал, бала, қош! - деді ол маған
басын изеп
(С. Мұқанов. Өмір мектебі) .
• Бас ию - басты сәл төмен иген қалыпта азғана ұстап тұру. Мағынасы - 1. Сәлемдесу. Мысалы, Орнынан тұрып, беті қып-қызыл боп ду ете түсіп, сәл бас ие , амандасқандай белгі етті (М. Әуезов. Абай жолы) .
2. Кінәсін, айыбын мойындау. Мысалы, Мені аға десең, мына сөзіңді қайтып ал. Қайтып ал мына есер мінезіңді! Көрсетпе көзіме! Басыңды иіп, үлкеннен кешірім өтін! (С. Жүнісов. Ақан сері) .
3. Қадірлеу, құрметтеу, қадірлі адамға сый көрсету. Мысалы, Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ерлігіне бас иеміз !
4. Басқа біреудің артықшылығын, үстемдігін мойындау, мойынсұну.
Мысалы, Жігітек жаны болатын болса, жалтақтамай жетсін де, алдымызға келіп бас исін ! - депті (М. Әуезов. Абай жолы) .
• Басын шұлғу - басын бірнеше рет жоғары көтеріп, төмен түсіру.
Мағынасы: келісу, мақұлдау. Мысалы, Әбіш мақұлдап, барынша ден қойып, басын қайта-қайта шұлғыды (М. Әуезов. Абай жолы) .
• Басынан сипау - алақанмен маңдай тұсынан бастап әлденеше рет сипай жүргізу (көбінесе балалардың басынан сипайды) . Мағынасы - 1. Ұнату, жақсы көру, еркелету. Мысалы, Жаным, құлыным, - деп қызының басынан сипады.
2. Мүсіркеу, аяу. Мысалы, Дәркембай атаға жаны ашып тістене жылап отырған екі жетімек жастарды да басынан сипап , қолтығына тартты (М. Әуезов. Абай жолы) .
• Басын төмен салу - басын төмен иіп, аяғының басына, жерге қарау. Мағынасы: 1. Ұялу, қымсыну, қысылу. Мысалы, Ебейсін басын төмен салып , сазарып отыр (Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер) .
2. Ішкі алай-түлей сезімді өзгелерге білдірмеуге тырысу. Мысалы, Болыс ағам қызық. Жоғының ізіне мені сала береді, - деп Тәңірберген төмен қарап, мұртынан күліп отырды да, - мал жоғалса - ұрыдан іздемеуші ме еді осы, - деді (Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер) .
ІІ. Беттің қатысуымен жасалған бейвербалды амалдар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz