Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары


Қазақ тілі МЕН ӘДЕБИЕТІ ПәнДЕРі бойынша
жүргізілетін жазба жұмыстары
Құрастырушы авторлар:
Алғы сөз
Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар, творчестволық жазба жұмыстары.
ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т. б. болып бөлінеді.
Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.
4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.
Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі.
Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн.
Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз . . . көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын.
Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта «Нені үйреттім?», «Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады.
Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді.
Жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында оқушының сезім- түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытамыз.
Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Түсіндірмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар бойынша және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді.
Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша талдау және жазбаша талдау болып. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады:
а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;
ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;
б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;
в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.
Бұндай жаттығуларды төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады.
Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді.
Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынандай дағдылар қалыптасады:
1. Оқушылардың білімі бекітіледі.
2. Есту қабілеті қалыптасады.
3. Сенімділік қабілеті нығаяды.
4. Байқау қабілеті дамиды.
Ауызша және жазбаша өтілетін талдау жаттығуларды жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдаланылады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.
Жаттығудағы талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:
1. Жаттығудың нөмірі жазылады, орындау үлгісі көрсетіледі.
2. Объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі.
Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді.
Ауызша талдау көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігі белгілі, сондықтан балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:
- Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.
- Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.
3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар- қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынандай:
1. Фонетикалық жаттығулар
Фонетикалық жаттығулардың міндеті - оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар кезінде кейбір оқушылардың тілін тістеп, сақауланып сөйлеуі, кейбір дыбысты қалдырып кетуі, немесе «с» мен «ш», «р» мен «л», «ж» мен «з», «н» мен «ң» дыбыстарды алмастырып айту кемшіліктері оқуға да, жазуға да зиян келтіреді.
Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.
Оқу материалдарында, шәкірттердің жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырылады. Бұған қоса тілімізге басқа тілден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Фонетикалыќ талдау
Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады. Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.
Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау , күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау , орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.
“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2000 жылғы №10 санында жарияланған педогогика ғылымының кандидаты Н. Оразханованың “Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу” [3, 27] деп аталатын мақаласын осындай үлгілердіњ қатарына жатқызуға болады. Мақалада сызбалар арқылы сөзге фонетикалық талдау жүргізудің толық түрі, ықшамдалған түрі, сондай-ақ дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгілері берілген. Бұл сипаттас тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. Аталған талдау түрлерін грамматиканың барлық бөлімдері бойынша тестік нұсқамен де беруге болады. Тестік нұсқаның артықшылығы-дәл әрі тез орындалады.
- а) Жуан буынды
ә) Жіңішке буынды
б) Аралас буынды
- а) 3 буынды
ә) 4 буынды
б) 5 буынды
- а) 1 ашық, 1 тұйық, 1 бітеу буын бар
ә) 2 ашық, 2 бітеу буын бар
б) 3 ашық, 1 бітеу буын бар
4. а) Тасымалданады
ә) Тасымалданбайды
5. а) 3 түрлі жолмен тасымалданады
- ә) 2 түрлі жолмен тасымалданады
б) 1 түрлі жолмен тасымалданады
- а) Екпін сөздін соңғы буынына түседі
ә) Екпін сөздін соңғы буынына түспейді
- а) Буын үндестігі бар
ә) Буын үндестігі жоқ
- а) Дыбыс үндестігі бар
ә) Дыбыс үндестігі жоқ
10. а) Ілгерінді ықпал бар
ә) Кейінді ықпал бар
б) Тоғыспалы ықпал бар
11. Сөздегі дыбыстардыњ саны:
а) 9, ә) 10, б) 11
12. Дауысты дыбыстар саны:
а) 3, ә) 4, б) 5.
13. Жуан дауыстылар:
а) 1, ә) 2, б) 3.
14. Жіңішке даустылар:
а) 1, ә) 2, б) 3
15. Ашық дауыстылар:
а) 1, ә) 2, б) 3
16. Қысаң дауыстылар:
а) 1, ә) 2, б) 3
17. Еріндік дауыстылар:
а) 1, ә) 2, б) 3
18. Езулік дауыстылар:
а) 1, ә) 2, б) 3
19. Дауыссыз дыбыстар:
а) 5, ә) 6, б) 7,
20. Қатаң дауыссыздар:
а) 0, ә) 1, б) 2
21. Ұяң дауыссыздар:
а) 1, ә) 2, б) 3
22. Үнді дауыссыздар:
а) 2, ә) 3, б) 4
23. Ауыз жолды үнді дауыссыздар:
а) 2, ә) 3, б) 4
24. Мұрын жолды үнді дауыссыздар
а) 2, ә) 3, б) 4
Фонетика - тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика - фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.
2. Лексикалық жаттығулар
Әдіскер-ғалымдар М. Т. Баранов, А. Р. Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізі сөзбен жұмыс жасайды» [4, 12] дей келіп, бұл ғалымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына жағдай жасайды.
5-сыныпта лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты тіл дамытуға арналған жаттығу түрлерін жинастыруда, топтастыруда мына жағдайлар ескеріледі: а) 5-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру, соған сәйкес жаттығу жұмыстарын түрлендіру; ә) тіл дамытуға арналған жаттығу жұмыстарының мақсатын комплексті түрде қою.
Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі әдістемелік талаптар ескеріледі. Олар: 1) жаттығу мәтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс; 2) жаттығу мәтінінің тәрбиелік мәнінің болуы; 3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы; 4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.
Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді: 1) лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;
2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;
3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.
Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптардың қатысына қарай бөлінсе, екінші топтағы жаттығулар - ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, лексикалық сызғыш, суретпен жұмыс жатқызылады, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырмасы бар мазмұндама, тілдік тапсырмасы бар шығарма топтастырылды.
Лексикалық тапсырмалар
- Сөз, оның мағынасы (тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер) .
I-деңгей.
а) Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.
Терең (өзен, білім, ой), қатты (сөз, құрт), қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, ниет), жұмсақ (адам, мінез, орындық)
- Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
Қанат - құстар мен шыбын - шіркейлердің ұшып - қонатын дене мүшесі
Мысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық.
Көз - адамның дене мүшесі, көруге арналған.
Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.
- Ыстық, ауырсөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)
Марат ауыр жүк көтерді
Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі
Дастарханға ыстық тамақ та келді
II - деңгей
- Омоним сөздердің антонимдерін көрсет
- Алдымен синонимдік қатар, кейін антонимдік жұп түзе.
Үлгі: Дұрыс, жөн - қате, теріс, бұрыс, жаңсақ.
Сұлу- әдемі, көрікті, ажарлы
Түзу- тік, тура
Ұшқалақ- жеңілтек, күйгелек
Мөлдір- тұнық, таза
- Синонимдер қатарын түзе
Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.
Ит өлген жер
Көзді ашып жұмғанша
Жүрек жұтқан
- Мақалдарға қажетті антонимдерді тап
Үлгі: Еңбек етсең ерінбей - жалқау
3. Морфологиялық жаттығулар
Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:
- Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;
- Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді, одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі. ; 3) туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.
Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3) сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.
Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.
2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.
3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.
Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz