Жеткіншектердің өзіндік бақылауының психологиялық табиғаты



Кіріспе
1 Жеткіншектердің өзіндік бақылауы: қалыптасуы және оған әсер етуші факторлар
2 Жеткіншектер қарым.қатынасының өзіндік бағалауын эксперименттік зерттеу
3 Зерттеу мәліметтерінің сандық.сапалық көрсеткіші
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Психология ғылымы жеке адам мәселесін бастан-ақ ұсынған. Соның ішінде жеке адамның өзіндік бағалауы бұл жеке адамға тән мәселелердің ең күрделі және зерттеу маңызына ие мәселе болып табылады. Жеке адамның дамуы, қалыптасуы, оның өмірінің мәні туралы өзіндік сана-сезімі, өзіндік бағалау ерекшеліктері, ондағы жалпы адам бойындағы өзгерістер мен ауытқулар батыс және отандық психологияда әртүрлі тұрғыдан қарастырылған.
Жеткіншек кезеңінің жеке адам дамуындағы ерекшелігі – оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кездегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделерінің танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез-құлыққа іс-әрекетпен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Мақсаты – жеткіншектер қарым-қатынасындағы өзіндік бағалаудың әсерін психологиялық зерттеу.
1. Мамалила Т.А. Исследование оценки и самооценки в связи с совместной деятельности. Автореф. Л. 1983. 72-76 б.
2. Алексеева А. П. Влияние самооценки на способ решение конфликтной ситуации. Автореф. Минск 1983. 21-23 б.
3. Алексеев В.В. Развитие самосознание на рубеже подросткого и юношеского возраста. Автореф. М.1985. 39-41 б.
4. Липкина. А.Н. Самооценка школьника. М.1975.185-192 б.
5. Андрушенко П.Ю. Психология условие формирование самооценку детей старшего школьного возраста. Автореф. Минск 1983. 68-75 б.
6. Божович Л.И. Этапы формирование личности в онтогенезе. Вопросы психологии. 1979. N 2. 249-253 б.
7. Бороздина Л.В. Молчанова О. Н. Самооценки в первой зрелости. Вестник М ТЦ. Сер. 14 психология 1990. N 2. 87-92 б.
8. Галкина Т.В. Психологической механизм решение задач на самооценку. Автореф. М. 1996. 64-68 б.
9. Горбач Т.Н. Оценочное взаимоотношение младших подростков как фактор формирование по характера. Автореф. Киев 1991. 38-47 б.
10. Столин Ф.В. Самосознание личности. М. 1983.19-27 б.
11. Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений М. 1984. 219-223 б.
12. Соколова Е.И. Чеснокова И.Г. Зависимость самооценки подростка от отношении к нему родителей / Вопросы психологии. 1986. N 2. 164 б.
13. Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М. 1982. 62-71 б.
14. Жуков Ю.М. Межличностное восприятия в группе. М. 1981. 215-223 б.
15. Захарова А.В. Генезис самооценки. Автореф. М. 1983. 42-45 б.
16. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. Л. 1968. 128- 135 б.
17. Федорин Д.И. Динамика самооценки старшеклассников в сверстников. Автореф. Киев. 1985. 69-75 б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жеткіншектердің өзіндік бақылауының психологиялық табиғаты

Кіріспе

Психология ғылымы жеке адам мәселесін бастан-ақ ұсынған. Соның ішінде
жеке адамның өзіндік бағалауы бұл жеке адамға тән мәселелердің ең күрделі
және зерттеу маңызына ие мәселе болып табылады. Жеке адамның дамуы,
қалыптасуы, оның өмірінің мәні туралы өзіндік сана-сезімі, өзіндік бағалау
ерекшеліктері, ондағы жалпы адам бойындағы өзгерістер мен ауытқулар батыс
және отандық психологияда әртүрлі тұрғыдан қарастырылған.
Жеткіншек кезеңінің жеке адам дамуындағы ерекшелігі – оның өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл
атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық
шақтан ересектікке өту осы кездегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік
дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып
табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады.
Организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың
олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделерінің танымдық және
оқу іс-әрекетінің мінез-құлыққа іс-әрекетпен қарым-қатынасқа арқау болатын
моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік
элементтері пайда болады.
Мақсаты – жеткіншектер қарым-қатынасындағы өзіндік бағалаудың әсерін
психологиялық зерттеу.

1 Жеткіншектердің өзіндік бақылауы: қалыптасуы және оған әсер етуші
факторлар

Қазіргі психологияда өзін-өзі бағалау мәселесі бірден-бір талқыланатын
маңызды жағдай. Бастапқы кезде оның талдамы үшін өзі-өзі бағалау өзіндік
сана-сезімінің бөлшегі ретінде қызмет етеді. Өзін-өзі бағалау - ұғымын
Мен психологиясы сферасындағы басқа концепциялармен қатар қою кездеседі.
Өзін-өзі бағалау сөзімен алғашқыда адамның өзін қандайда бір жеке
қабілеттерімен немесе қасиеттерімен бағалануы өзінің потенциалдарымен
жалпылай бағалауы ассоцияланады.
Психологияда өзін-өзі бағалауда шетелдік әдебиеттерде Мен
концепциясы деген термині индивидтің өзі барлық ұсыныстарының жиынтығын
білдіруші ретінде қабылданған. Мен концепциясы Мен бейнесі деп аталатын
бейнелеуші танымдық құрылымы ретінде бөлінеді. Өзін-өзі бағалауды жүргізуде
өзіне деген қатынастың позитивті немесе жағымсыз жақтары қалыптасады.
Демек, өзі туралы білім, өзіне деген қатынас модасын бере алу қабілетіне
ие, өзіндік бағалау үшін керекті материал ретінде қызмет етеді.
Батыс психологиясында өзіндік сана мен өзіндік бағалау мәселесі жан-
жақты қарастырылған. ХХ ғасырдың басындағы неміс психологы А. Пфендер Мен
және өзіндік сана, өзіндік бағалау мәселелерін ажыратудан бастайды[1].
Мен немесе психикалық субъект барлық қобалжуларды реттейтін және
ұйымдастыратын адамда әрекетті бастама ретінде пайда болады. Жалпы Менсіз
қобалжулар арасында ешқандай ішкі байланыстар ешқашан болмайды.
З. Фрейд бойынша, өзіндік бағалау - өзіндік Мен позициясының
құндылығы мен нақтылығына байланысты.
К. Хорнидің да психоаналитикалық концепциясының бірнеше аспектілері
өзіндік сана мәселесін талдауымен байланысты. Мұнда реалды Мен арқылы
өзіндік бағалау деңгейін көрсету. Негізінен бұл жақсы, бағалы және жеке
адамдық маңызды бөлігін сипаттау деңгейін көрсететін көрсеткіш. Өзін-өзі
бағалау мынадай автономия ретінде өзіндік сананың өте маңызды элементі
болып табылады. Яғни белгілі бір өлшемде субъектінің өзін-өзі қабылдау
деңгейін де, оның өзі-өзі қанағаттануын көрсететін жеке адамдық комфортын
немесе дискомфортын детерминациялайды. Сонымен қатар, өзіндік бағалау
адамның өзі туралы білімнің толықтырудың негізі болып қызмет атқарады.
Өзін-өзі бағалау туралы кеңес психологиясында да баршама жоғары
дәрежеде зерттелген[2], [3], [4], [5], [6], [7], [8], [9]. Мысалы, Е.И.
Горбачтың зерттеулері балалардың өзін-өзі бағалауына арналған [10].
Тұлғаның психикалық өміріндегі өзіндік бағалаудың негізгі қызметі
жүріс-тұрыстың және әрекеттің реттеуіндегі ішкі шарттармен шығуы мүмкін.
А.М. Липкинаның еңбектерінде өзін-өзі сана мәселесін қарастыра отырып,
ондағы өзін-өзі бағалау ақыл-ой әрекетінің жеке адамдық параметрі ретінде
қарастырылады. Өзін-өзі бағалау – күрделі динамикалық тұлғалық деңгей. Ол
тұлғада өз күшін бағалау шеберлігін, өзіне сын көзбен қарауды
қалыптастырады [4].
Өзіндік бағалау деп тұлғаның өзін, өзінің қабілеттерін басқа адамдар
арасындағы орнын бағалау деп түсінеміз. Психологиялық зерттеулер нәтижесі
өзіндік бағалаудың ерекшеліктері адамның эмоциялық көңіл-күйіне, жұмысына,
сабағына, өмірлік қанағаттылығына тікелей әсер ететіндігін дәлелдеп отыр.
Жалпы өзін-өзі сыйламайтын адамнан, басқаны сыйлап, сүйе алады дегенді
күтуге болмайды.
Өзіндік бағалаудың онтогенездік дамуын қарастырсақ, жаңа туған
нәрестелер болмыстың нақты шекараларын ажыратпайды, өздері бір бөлігін
еркін әлі түсінейді. Бесіктегі сәби қандай да бір өзгерістердің себебі өзім
деп біледі, оған өзінің әрекеті, ойы, қалауы, әлемді билейтіндей болып
көрінеді. 1-жасқа келген бала өзінің басқа заттармен, адамдармен
ерекшелігін сезіне бастайды. Басқа адамдардың жүріс-тұрысы оның еркіне
байланысты еместігін түсінеді. 2-3 жастағы балалар өздерін басқалармен
салыстыра бастайды, осылайша өзіндік бағалаудың алғышарттары қаланады.
Ата-аналар аузынан мынадай сөздерді жиі естуге болады: Ана баланы
қарашы, қолын өзі жуып тұр. Сәби осы сәтте өзін сол бөтен баламен
салыстырады, өзін қандай топқа жатқызу керектігі туралы ойлана бастайды.
Балада жас кезінен оң өзіндік бағалау қалыптастыру үшін ата-аналар
баласының өзіндік ерекшеліктерін үнемі қолдап отыру керек. Керісінше
жағдайда, балада ұялу, өзінің мүмкіндіктеріне сенбеу сезімі пайда болады. 4-
5 жастағы балалар өздерінің жеке қасиеттерін, жетістіктерін, сәтсіздіктерін
дұрыс бағалай алатын жағдайға келеді. Мектепке дейінгі балада өзіндік
бағалауды қалыптастыруда басты рөлді ата-аналар ойнайды. Балалар ат-аналары
берген бағаны ғана өздеріне сіңіреді. Ал, өсе келе бала үлкендердің
бағасына сын көзбен қарай бастайды.
Жеткіншек кезде құрбыларының бағасы мен өзіндік идеалы туралы ойлар
басты орынға ие бола бастайды. Жеткіншектің өзіндік бағалауының құрылымы
екі компоненттен тұрады: когнитивті, екіншісі діни деген қатынасын
көрсетеді. Өзіндік бағалау кезінде бұл екі компонент ажырамас бірлікте
қызмет етеді. Ғалымдар өзіндік бағалаудың үш деңгейін көрсетеді.
Неғұрлым жоғары өзіндік бағалау, өзін реалистік бағалаумен
сипатталады. Жеткіншек өзіндік бағалау кезінде өзінің ерекшеліктері туралы
біліміне сүйенеді. Оған өзіндік бағалаудың жан-жақты тұжырымдары тән.
Орташа деңгей: өзін реалистік бағалау ретсіз көрінеді. Өзіндік бағалау
кезінде жеткіншек айналасындағылардың көзқарасына сүйенеді. Төмен деңгей -
өзіндік бағалауда эмоционалдық көп орын алады. Өзіндік бағалау
тұжырымдарының таяздығы тән.
Түрлі жастағы жеткіншектер өздерін түрлі бағалайды. Өзі туралы
көзқарастың қалыптасқан жүйесі пайда болады. Бұл Мен образы деп аталады.
Адам бойында шын мәнісінде бірнеше бірін-бірі алмастырушы Мен образдары
бар. Адамның шын мәнісінде белгілі бір сәттегі өзі туралы түсінігі реалды
Мен деп аталады. Реалды Меннен басқа адамға қандай болу керектігі
туралы түсінік болады, өйткені барлық адам белгілі бір идеалға ұмтылады.
Бұл бағалау идеалды Мен деп аталады.
Психологтар өзіндік бағалауды түрлі жағынан қарастырады. Адам өзін не
жақсы, не жаман бағаласа, ол өзіндік бағалау деп аталады, ал белгілі
әрекеттерден жетістіктерге байланысты өзіндік бағалау парциалды деп
аталады. Санымен қатар, өзіндік бағалау адекватты және адекватты емес деп
бөлінеді. Яғни, индивидтің потенциалды мүмкіндігі мен реалды нәтижелерінің
сәйкес келу немесе келмеуі. Адекватты өзіндік бағалау, адамның өзін, өзінің
мүмкіндіктерін, жүріс-тұрысын, мінез-құлқының қасиеттерін бағалау.
Адекватты бағалау субъектіге сынай қарауға, өзінің күшін түрлі қиындықты
мәселермен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Зерттеушілер жеткіншекте өзіндік адекватты бағалаудың өсуін байқайды.
Р. Бернс оны былайша түсіндіреді: Жеткіншектер өздерін сынай қарайды,
өздерін төмендетілген көрсеткіштермен бағалайды, ал балалық шақта
керісінше өзінің қабілеттерін тым жоғары бағалау тән. Жеткіншектердің
өзіндік бағалау тұлғада белгілі бір қасиеттердің қалыптасуын анықтайды.
Мысалы, өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі сияқты қасиеттерді
қалыптастырады.
Өзіндік баға мен оқу – қоғамдық белсенділік арасында байланыс бар
екендігін бағалауы бар жеткіншектерде қызығушылық көп, олардың белсенділігі
түрлі салаға бағытталған, ал тұлғааралық қатынастар мақсаты басқалармен
араласу кезінде олар өзін және басқаларды танып білуге тырысады. Тым жоғар
өзіндік бағалау үрдісі бар жеткіншектердің айналысатын қызығушылығы өте
шектеулі, бірақ олар қарым-қатынасқа түсуге бейім келеді. Бірақ көп
жағдайда бұндай қатынастар бағыт-бағдарсыз, мақсатсыз. Өзін шектен тыс
бағалайтын (не жоғары, не төмен) жеткіншектер кең әлеуметтік қатынастардан
қорқады, оларға эгоцентризм қиын жағдайлардан шығу жолын таба алмау тән.
Төмен деңгейлі өзіндік бағалау бар жеткіншектер депрессияға бейім
келеді. Кейбір ғалымдар төмен өзіндік бағалау депрессияға әкеледі,
кейбіреуі депрессияны аффект төмен өзіндік бағалаудың себебі деп
түсіндіреді. Психологтарға көп жағдайда өзіндік бағалауы тым төмен адамдар
келеді. Бұл жағдайда индивидтің талаптану деңгейіне мән беру керек.
Тәжірбиеде екі түрлі төмендетілген өзіндік бағалау белгілі. Талаптануы
төмен өзіндік бағалау (шектен тыс төмен өзіндік бағалау) талаптануы жоғары
төмен өзіндік бағалау. Бірінші жағдайда адам өзінің кемшіліктерін еселейді,
өзінің жетістіктерін басқалардың арқасы немесе жай ғана кездейсоқтық деп
бағалайды.
Екінші жағдайда ішкі конфликтілік көбейеді. Бұндай бағалаудан
жеткіншекте толымсыздық, жетіспеушілік, үнемі үреймен қорқыныш сезімі пайда
болуы мүмкін. Өзіндік бағалауы төмен адамдарда өте ауыр эмоционалды
реакциялар болады. Психологияда бұл ұғым бей адекваттық аффект деп
аталады. Бұндай адамдар барлық жерде бірінші болуға ұмтылады, сонықтан
олардың қабілеттілігін тексеру эмоционалдық жағынан өте ауыр келеді.
Шектен тыс жоғары бағалау барысында адам өзінің мүмкіндіктерін асыра
бағалайды. Осының нәтижесінде адамда негізсіз талаптар пайда болады, олар
көп жағдайда қоршаған адамдардан қолдау таппайды. Кей жағдайда индивид өз
ішінде тұйықталып қалуы мүмкін, олар ашуланшақ, басқаларға менсінбей
қарайтын болуы мүмкін. Осылайша тұлғааралық қатынастар бұзылады, ішкі
конфликттер пайда болады. Өзіндік бағалауы тым жоғары адамдардан үнемі
мені ешкім түсінбейді, менің қабілеттерімді, жетістіктерімді ешкім дұрыс
бағаламайды, менің қадірімді ешкім білмейді деген сөздерді жиі естуге
болады.
Өзіндік бағалау динамикасы. Өзіндік бағалау динамикасы психология мен
педгогиканың ең өзекті мәселесі болып отыр. Бұл әрине кездейсоқ емес.
Адамның өмір бойы, оның әлеуметтік дамуына өзіндік бағалауда алар орны зор.
Өзіндік бағалау тұлғаның өзін, өзінің мүмкіндіктері мен басқа адамдар
арасындағы орнын бағалау.
1993-1997жж. лонгитюдті зерттеуге Санкт-Петербургтің №192 мектебінің
10-14 жас аралығындағы 40 қыз, 36 ұл қатысқан [11]. Бұл зерттеудің басты
мақсаты түрлі жас этапындағы тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеу болды. 4
жыл бойы жылына 1 рет балалар өздерін 21 жұп жеке қасиеттер бойынша
бағалады (сүйкімді, сүйкімсіз, ашық, тұйық, жуас, пысық т.б.). Айтып өтетін
жәйт 4 жыл бойы жеткіншектердің өзіндік бағалауы оң болып қала берді.
Зерттеулер нәтижесінде балаларда мынадай ерекшеліктер байқалды. 5-
сыныпта өзіндік бағалауының 60% темперамент параметрлерімен сәйкес келді. 5-
тен 6-сыныпқа көшкен оқушыларда өзіндік бағалау тұрақты болып, барлық
бағаланатын қасиеттердің 86% өзгермеді. Қасиеттердің 14%-і өзгерді.
Оқушыларда тұлғалық (қырсық, араласқыш, индивидуалды, белсенді)
қасиеттер ашылды. Жеткіншектерде қырсықтық мінездің пайда болу оның
тәуелсіздікке ұмтылысымен түсіндірілді. Тәелсіздігін көрсету жеткіншек үшін
өз ерік-жігерін көрсетумен пара-пар болып табылатыны анықталды. 6-сыныптан
7-ге көшкенде өзіндік бағалау соншалықты өзгермейді. Қасиеттердің 9%-і ғана
өзгеріске ұшырайды. 7-сыныптағылар өздерін әділ, қайырымды, адал деп
бағалайды.
Зерттеулердің 3-ші бөлімінде 7-сынып оқушылары идеалды Менін
бағалады. Реалды Мен мен идеалды Мен қасиеттерін сәйкестендіргенде
олардың 19%-і өзгеріссіз қалды. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі тұрақты
сипаттамаларға негізделеді.
Жеткіншектік кезеңде өзін-өзі жетілдіру екі бағытта жүреді. Бірінші
бағытта индивидуалды қасиет кіреді: ашушаңдық, асығушылық жеткіншектер
олардан құтылуға ұмтылады, олар үшін бұл қасиеттер әлеуметті қажетсіз.
Екінші топта әлеуметті қажетті қасиеттер жатады. Олар сенім, адалдық, шешім
қабылдағыштық. Бұл қасиеттерді жеткіншек өзінше ұштағысы келеді. Идеал
ретінде кино, кітап т.б. кейіпкерін алады.
Жеткіншектің өзіндік бағалауына ата-аналарының әсері. Жеткіншектік
кезеңде өзіндік бағалаудың қалыптасуының бірден-бір шарты – оған деген ата-
анасының қатынасы. Бірақ, тек ата-аналардың балаға деген қатынасы, кейін
оның ішкі жан дүниесінде қалай орын алатынын бір жақты айту қиын. Балаға
бағытталған кез-келген эмоционалдық қатынас әсер ету тәсілдері баланың
психологиялық реакциясында ғана мағынаға ие болады. Әр бала жанұяда орын
тауып, сол арқылы өзінің маңыздылығын, өзін-өзі сыйлауды, жанұямен бірлікте
сезінуге ұмтылады. Баланың әлеуметтік тәжірибесі кеңейе келіп,
айналасындағылармен араласа келе, өзінің жүріс-тұрысына өзі жауап бере
алатын кезде оның бұрын қалыптасқан бір түзулі өзіндік бағалауы бұзылады.
Жеткіншек сыртқы бағалау өзіндік бағалаумен сәйкес келмей,
жеткіншектердің өзіндік бағалауының ата-аналарының қатысы тәуелділігінің
бірнеше варианттарымен келтірейік [6].
1. Баланың өзіндік бағалауының жаңғырық текті. Ол ата-аналарының
бағасын тура қалпына келтіру. Балалар ең алдымен ата-аналары байқап
бағалаған қасиеттерге үлкен мән береді. Егер балаға өзі туралы теріс
пікірлер көп айтылса, жас балада өзіне деген теріс көзқарас қалыптасады.
Балада толымсыздық пен өзін қабылдамау сезімі пайда болады.
Жасөспірімнің санасында себеп пен салдар орнын ауыстырады: жеткіншек
өзіне теріс, өйткені ата-аналар оған дұрыс қарамайды, ал ата-аналарының
баланы теріс бағалауы оның жаман қасиеттерінен деп ойлайды. Бұндай
жаңғырық бағалаудың жаман жағы, бала басқалардың оған берер бағасына
тәуелді болып қалуы мүмкін, бұл баланың өз бойынан ішкі критерилерінен
қалыптастыруға, өзіндік бағалауын кедергі келтіреді.
2. Аралас өзіндік бағалау да кездеседі. Бұл кезде біріншіден
жасөспірімді, жақсы нәтижелі әлеуметтік тәжірибе салдарынан Мен образы
қалыптаса бастайды, екінші жағынан ата-аналарының қатынасы, олардың бағасы.
Бала жанұядан тыс қарым-қатынаста үлкен жетістікке жетіп, өзін-өзі сыйлау
қасиетін қалыптастырады.
3. Жеткіншек ата-аналарының берген бағасын қабылдайды, бірақ өзі оған
мүлде басқа баға береді.
4. Жеткіншек ата-аналарының пікірі мен бағасына қарсы күрес жүргізеді.
Бірақ өзін-өзі ата-анасының талабымен құндылықтар жүйесіне сай бағалайды.
5. Жеткіншек ата-анасының берген бағасының теріс жағын қабылдайды. Мен
осындай болғым келеді деп, ата-ана құндылықтарынан бас тартады.
6. Жеткіншек ата-анасы берген теріс бағаны мүлдем байқамайды [6].
Жеткіншек шақтың зерттеулері нәтижесі, бұл кезеңде баланың өзіндік
бағалауына ата-аналарының әсері төмендеп, керісінше құрбыларының әсері
жоғарылайтындығын көрсетеді. Бұл кездегі жеткіншектер ата-анасының
көзқарасынан бас тартып, өзінің жеке позициясын қалыптасыра бастайды.
Позицияның мәні – жеткіншек ата-анасының бағасын басты деп есептелмейді.
Оның өзін бағалаудың көптеген варианттарының бірі деп қарайды. Бірақ
жасөспірімдер толығымен ата-анасының пікірінен бас тартып, оған қарсы
маңызды деп бір нақты айтуға болмайды. Өзіңді қай жерде неғұрлым қауіпсіз
қорғалған сезінесің? – деген сұраққа көп жас балалар үйде, жанұяда деп
жауап береді.
Мен концепциясын қалыптастырудағы жанұяның рөлі туралы тұжырымдарға
сүйеніп, жеткіншектің өзіндік бағалауына ата-анасының бақылауы нәтижесінде
ата-анасының баланы қолдауы, оның қызығушылығының дамытуға жағдай жасауы,
жасөспірімнің жалпы өзіндік бағалауына үлкен әсер етеді. Ол мектептегі
жетістіктері мұғалімнің берген бағасы баланың өз қабілеттерін бағалау үшін
ғана маңызды екенін көрсетті.
Осы бағыттағы зерттеулер, ата-анасының балаға жылы бар назарымен
қарауы жасөспірімде оң өзіндік бағалаудың қалыптасуының алғышарты
[6],[8],[9]. Ата-ананың қатал, қатаң қатынасы кері әсер тигізеді. Келесідей
екі стиль ажыратылады:
• Симметриялы стиль: жанұя мүшелері арасында бірдей тең қатынастар
орнаған. Бұндай отбасында өскен балада өзіндік бағалаудың жеке
критерийлері болады, баланың өзін-өзі сыйлауы мен әрекетінің
нәтижелілігі үнемі қолдау тауып отырады.
• Ассиметриялы стиль: отбасындағы қарым-қатынас баланың шешім
қабылдауға араласуын шектейді. Бұндай балада өзіне деген теріс
көзқарас қалыптасуына алғышарт болып табылады.
Әлеуметтік–психологиялық статус және өзіндік бағалау. Әлеуметтік-
психологиялық статус дегеніміз – адамның тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі
орны, адамның топ мүшелеріне психологиялық әсерінің өлшемі. Жеткіншектерге
топталу тән, бұндай топтар ішінде қатаң статустық бөлінуі болады. Бұл жерде
жасөспірімнің әлеуметтік-психологияның орнымен, өзіндік бағалаумен
байланысын анықтау мәселесі туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін әлеуметтік
перцепция ұғымы туралы айтып өту жөн.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер саласы, ол адамдардың түрлі
әлеуметтік объектілерді, жағдайларды, басқа адамдарды бағалау процесі мен
механизмін зерттейді [12],[13],[14],[15].
Т.Р. Гомес жеткіншектерде әлеуметтік перцепцияның бірнеше
заңдылықтарын анықтады [16]. Олар:
• нашар оқитын оқушыларда өзінің әлеуметтік статусын доғары бағалау
үрдісі немесе үлгерімі жақсы оқушылар өзінің әлеуметтік статусын
төмен бағалайды.
• эгоцентристік үрдіс – топтың басқа мүшелерін өзінің статусымен тең
не төмен бағалау.
• ретроспективті оптималдау - өзінің статусын бұрынғы топтарға
жоғары бағалау.
Бұл салада келесі зерттеулер жеткіншектің өзіндік бағалау ерекшелігі
оның сыныптағы әлеуметтік-психологиялық статусымен байланысы төңірегінде
болады.
Жеткіншек неғұрлым өзіне сынай қараса, соғұрлым оның өзіндік бағалауы
мен социометриялық статусы жоғары болады. Өзіндік бағалауы неғұрлым жоғары
притез деңгейі де жоғары, бірақ оң социометрлік статусы төмендейді.
Жеткіншектің коллективтегі орнын дұрыс бағаламауы (тым жоғары, тым төмен)
кері әсерін тигізеді, көп жағдайда конфликттік жағдайларға әкеледі. Мысалы,
егер оқушы өзін тым жоғары бағаласа, ол қалғандарды менсінбей жоғарыдан
қарайды, тым төмен бағалау жеткіншекте қорқақтау, сенімсіздік сезімін
туғызады.
Педагогикалық баға мен өзіндік бағалау. Ғалымдар барлық балалар
мектепке оң мотивпен оқуға келетінін айтады. Зопков бастауыш мектепте оқу
процесіне қатынасына байланысты екі типті бөліп көрсетеді.
Алғашқылары нәтижеге ұмтылады, яғни неғұрлым жақсы жоғары баға алғысы
келеді, жарысқа лидерлікке бейім, үлкендермен де, құрбыларымен араласа алу
қабілеті бар, үлгерімі де физикалық қасиеттері де жоғары. Олар топтан
бөлініп көрінгісі келеді, іс-әрекет, мақсаты оларда жоғары өзіндік бағалау
дамиды. Пассивті оқушыларға іс-әрекеттің төмен нәтижелігі тән, оларда
инициатива жоқ, ойлауы да қозғалысы да жай эмоционалды қорқақ, өзіндік
бағалауы төменірек. Бірақ бұлардың жеткіншектік шақта өзіндік бағалауы
өзгеруі мүмкін. Қызығушылық туғызатын мәселе ол мұғалім бағасының
жеткіншектің өзіндік бағалауына әсері.
Кеңес психологиясында бұл мәселені Б.Г. Ананьев жан-жақты зерттеді
[17]. Ол педагогикалық бағаның екі функциясын атап көрсетті. Бағыттаушы
(интеллектуалды мүмкіндігіне әсер ету), белсендіруші (ерік жігеріне әсер
ету). Мұғалімнің бағасы балалар арасында қатынастардың құрылуына септілігін
тигізеді.
П.А. Дезниченко жеткіншектің өзіндік бағалауы мен үлгерімінің
арасындағы байланыс механизмін алуға тырысты. Автордың ойынша, өзіндік
бағалаудың үлгеріміне әсері механизмінің негізінде баланың эмоционалдық
толғанысы жатыр [18].
Бұны ғалым өзіндік бағалауы төмен жасөспірімдерде эмогендік
жағдайларға адаптациялану қабілетінің нашарлағандығымен түсіндіреді. Оқушы
мектепте алда болу үшін ол өзіне және өзінің қабілетіне сенімді болу
қажеттілігі анық. Бақылау мен баға жақсы оқу процесін жүргізу үшін өте
қажет бағалау-тәрбиелеудің басты әдісі, ол тәрбиелеп қана қоймайды, ол
тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімнің оқушылардың
сеніміне кіру, сыныппен ортақ тіл табу психологиялық үйлесімділік
атмосферасын қалыптастыру басты міндет.

2 Жеткіншектер қарым-қатынасының өзіндік бағалауын эксперименттік зерттеу

Мақсаты – жеткіншек жастағы топтық қарым-қатынастағы өзіндік
бағалаудың әсерін психологиялық зерттеу.
Болжамы:
1. Жеткіншектер тобындағы қарым-қатынастық жағында қалыптасуы, олардың
өзіндік бағалауымен тығыз байланысты.
2. Жеткіншек ұлдар мен қыздардың қарым-қатынас стилдері арасында
елеулі айырмашылықтар бар.
Зерттеудің объектісі: 14-15 жас аралығындағы жеткіншектер тобы.
Зерттеу пәні – жеткіншектер тобындағы қарым-қатынастың қалыптасу
жағдайлары.
Зерттеудің әдістемелері:
1. Т. Лиридің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған
әдістемесі.
2. Мен кіммін әдістемесі.
3. Дембо-Рубинштейн өзіндік бағалау шкаласы.
4. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын модельді түсініктер
әдістемесі.
Зерттеудің мерзімі – 10 ақпан – 30 наурыз 2014 жылы.
Зерттеу өткізілген орын - ?????????????????????
Зерттеудің міндеттері:
1. Әдістемелер арқылы жеткіншектер тобына зерттеу жұмысын жүргізу.
2. Индивидуалды мәліметтерді өңдеу.
3. Математикалық статистика әдістер арқылы топтық көрсеткіштерді
анықтау.
4. Зерттеу мәліметтерінің сандық талдауы.

Зерттеу әдістемелердің сипаттамасы және барысы

Т. Лиридің әдістемесіне сипаттама
Т. Лири әдістемесі адамдардың күнделікті сана талдамына негізделген
жеке адамаралық қатынастар кеңістігі идеясына құралған. Бұл әдістеменің
бірнеше модификациялық варианттары бар. Т. Лири әдістемесінің мақсатының
негізі – жеке адамаралық қарым-қатынастарды диагностикалау, зерттелушінің
өзіне жеке идеалды Мен бейнесіне қатынасы, топтағы адамдар арасындағы
тартылыстардың бағыттарымен деңгейлерін анықтау, конфликтті аймақтарды
анықтау, шағын топтың психологиялық ахуалын зерттеуге арналған жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Лири
жеке адамаралық өзара әрекеттестіктің 8 жалпы және 16 нақтыланған түрін
бөліп шығарып, оны шеберлік психограмма бойына орналастырады.
Бұл схемадағы полярлық варианттар бір-біріне қарама-қарсы болып
келеді. Сауалнама жеке адамаралық жүріс-тұрыстың осы типтеріне байланысты
16 сұрақтан тұратын қарама-қарсы 8 – октантаға топтастырылған 128 қарапайым
түрлі эпитеттік сипаттамалардан құралған. Әдістеме зерттелушіге жеке
карточка немесе бланкі түрінде берілуі мүмкін. Зерттеуші бірінші ретте
өзіне тән ел қатарлы + белгісімен белгілеуі қажет. Екінші ретте идеалды
Мен бейнесіне тән сипаттарды белгілейді. Әрбір октантаға жеке адамаралық
қарым-қатынас типі сәйкес келеді.
1. Авторитарлық тип.
2. Тәуелсіз доминанттық тип.
3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Физикалық вербальды агрессия
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Адам дамуындағы биологиялықтың түрлік спецификасы
Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Пәндер