Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі



Жоспары:

Кіріспе:

I. Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі.
1.1 Тауардың түсінігі.

II . Таурлар және оларды өткізуін есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.
2.1 Өнімдер мен тауарларды өткізі шығындарын құжаттармен рәсімдеу және есепке алу.
2.2 Тауарды жабдықтауға тапсырыс алу.

III. Таурлар және оларды өткізу аудиті.
3.1 Таурлар және оларды өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклінің аудтін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері.

Қорытынды:

Пайдалынған әдебиеттер:
Кіріспе
Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша , тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты. Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ «мүлік» «жақсылық» мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері «тауар» ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәңге ие.
Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді
Бұл курстық жұмыстааудиторлық есептің негізгі құрауыштардың бірі –тауар және оларды өткізу мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты – тауар және олрды өткізу мен оны есептеу, түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру және аудитін жүзгізу.
Тақырыптың соңғы және ең күрделі бөлімінде тауар және оларды өткізу аудиті, оның басты міндеттері, түрлері, ерекшеліктері, кезеңдері жөнінде айтылады, сонымен қатар дайын өнім аудитін жүзеге асыру бағдарламасының кестесі келтірілген. Бұл бөлімдегі аса маңызды мәлімет - аудитордың міндеттері, тексеру мен қорытынды жасау үшін қажетті мағлұмат жиыны.
Пайдаланылған әдебиетер:

1.Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж
2.Радостовец «Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі»
3.Сейдахметова «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп»
4. Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаев, Ж.Ғ Жұмағалиев «Аудит» 2006ж
5. Толпаков. Ж С «Бухгалтерлік есеп» 2009 ж

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе:

I. Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі.

1.1 Тауардың түсінігі.

II . Таурлар және оларды өткізуін есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.

2.1 Өнімдер мен тауарларды өткізі шығындарын құжаттармен рәсімдеу және
есепке алу.

2.2 Тауарды жабдықтауға тапсырыс алу.

III. Таурлар және оларды өткізу аудиті.

3.1 Таурлар және оларды өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклінің
аудтін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері.

Қорытынды:

Пайдалынған әдебиеттер:

Кіріспе

Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша , тауарды зерттеуден басталады,
өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с
осыған тікелей байланысты. Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға
назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық
зат.

Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа
тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік
тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ мүлік жақсылық
мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне
ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері тауар ұғымын басқаша
айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі
мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық
теорияда тауар сөзі ерекше мәңге ие.
Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның
өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп
көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы,
барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп
білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын
дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді

Бұл курстық жұмыстааудиторлық есептің негізгі құрауыштардың бірі –тауар
және оларды өткізу мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған.
Жұмыстың негізгі мақсаты – тауар және олрды өткізу мен оны есептеу,
түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру және аудитін жүзгізу.

Тақырыптың соңғы және ең күрделі бөлімінде тауар және оларды өткізу
аудиті, оның басты міндеттері, түрлері, ерекшеліктері, кезеңдері жөнінде
айтылады, сонымен қатар дайын өнім аудитін жүзеге асыру бағдарламасының
кестесі келтірілген. Бұл бөлімдегі аса маңызды мәлімет - аудитордың
міндеттері, тексеру мен қорытынды жасау үшін қажетті мағлұмат жиыны.

1.1 Тауардың түсінігі

  Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену,
пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық
обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда
оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу
ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі
пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты.
Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын
анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық
сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты.

Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның
өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп
көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы,
барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп
білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын
дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке
жауап бере алуы керек. Бұдан келіп екі талап шығады: біріншіден: жаңа
қажеттілікті болжау және жинақтау; екіншіден: шетелдік көсіпкерлердің
тәжірибесі көрсеткендей, нарыққа шығарылған 10 өнімнің 8-і олардың артқан
үмітін ақтамайды десек, онда жаңа тауарды коммерциялық құлдырауға әкеліп
соқтыратын себеп қандай? Сөйтсек “жер асты су тастары” тізімінде бірінші
болып сұраныс көлемін қате анықтау (45%) одан кейін тауардың кемшіліктерін
(29%) жарнаманың жеткіліксіздігі және тауарды өткізуге аз жұмсалуы (25%),
жоғары баға (19%), бәсекелестердің жауаптары (17%), нарыққа шығатын
уақыттың тиімсіздігі (14%), кәсіпорынның шешілмеген проблемалары (12%)
көрсетілген. Сондықтан, ең бастысы, жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорын
проблемасына басты көңіл аудару қажет. Сол себепті құрастыру кезінде жаңа
техникалық және технико-экономикалық өрлеуге емес, “жаңа нарықтық тауардың”
пайда болуына молырақ көңіл бөліну керек. Жаңа идея қабылданғаннан кейін
фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттеуді жалғастырады:

1. Конструкциялық және технологиялық табыстың мүмкіндігі.

2. Эксперименталдық жұмысқа жіберілген шығын.

3. Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе ескіні модернизациялау.

4. Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты.

5. Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыс өткізуге қосымша
қаржы тартудың қажеттілігі.

6. Тауардың нарыққа шыққан кездегі және одан кейінгі уақыттағы нарықтағы
өтуін барлау.

7. Бәсекелесушінің мінез-құлығы.

8. Тауарды қажет етуші, нарық секторы.

9. Болжауды баға және оның өту көлеміне қатысы мен бәсекелестер қызметі.

10. Қарсыластардағы бәсекелес тауардың пайда болу мүмкіндігі (уақыты,
тауардың сапасы).

Барлық ұсынылған идеялар, жаңа тауарлар аталған критерийлер бойынша
салыстырылады. Осыған орай тауардың белгілі бір нарықта өте қажет екендігін
атап өту тиімді. Ішкі нарықта табысты тауардың сыртқы нарыққа қажет болуы
тиімді емес. Американдық “ Rucer менеджементі” журналы 187 корпорацияға
зерттеу жүргізіп жаңа тауарларды құрастыру кезінде қиындық тудыратын
техникалық емес сипаттың себептерін мәлімдеген. Бірінші орында олар
конструкторлар мен маркетингтік өткізу бөлімі (37%) арасындағы нашар қарым-
қатынасты қойды. 25%-тік жағдайда ғылыми кадрлардың творчестволық
жеткіліксіздігі, “ғылыми ауырлығы” 14% жағдайда ұзақ уақытқа арналған
жоспарлардың, графиктердің және анық қойылған мақсаттың жоқтығы. 9% нашар
қаржылау және шығындану есебінің жоғы, жобаның нашар таңдалуы ұзақ
мерзімдік жоспардағы жағдайды дұрыс көре алмау, жаңа идеяға аз көңіл бөлу-
осының бәрі 8% құлдырауға әкеледі. Шетелде жаңа тауарды құрастыру кезінде
лидер мен бірнеше маманнан құралған “мақсатты тор ” әдісі табысты
пайдаланылады, бұл басқа функционалдық бөлімдердегі мамандарды өзіне
тартады. Топ жетекшісінің жақсы ұйымдастыру қабілеті және сол техника
саласында ірі маман болуы керек. Тар көлемді маман өздерінің
құрастырғандарын өте көңілге қонымды санайтындықтан бұл топқа өздерінше
білгіш санайтын өз “адвокат дьяволдарын” сайлайды. Топ өзді-өзі болмыс үшін
оларға екі-үш жоба ұсынады, ал ол қатысушылардың ой-өрісін, араласуын
кеңейтеді. Мақсатты топтың құрамы 4 адамнан кем болмау керек, ал оған адам
қабылдау өз еркімен емес, маман ретінде осында істегісі келетіндігін іс
үстінде көрсете білген адам болуы қажет. Жобаны жасау тиімділігі-міндетті
түрде кәсіптік оқу мен мамандардың білімін жетілдірумен ұштасып жатады. Өз
білімін көрсетуге ынтасы жоқтар мен оқығысы келмейтін адамдарды аз
мамандандырылған жұмысқа ауыстырып отыру немесе оларды жұмыстан шығаруға
тиіс. Зерттеуші-мамандарды фирма 6 жылда 1 жыл немесе 3 жылдың ішінде 6 ай
немесе 1 жылда 1 ай оқытып отырады. Бұл уақытта адамдар жұмыстан арнайы
босатылады, немесе кешкі оқуға орналастырады. Мұнда сырттай оқу тиімді емес
деп есептеледі. “Нарықтық жаңа тауардың” пайда болу процесінің
технологиясын қанағаттандыру түріне, тауардың конструктивтік ерекшелігін
қажеттілікке қарай көптеген идеялардың ұсынылуын жатқызуға болады.

Жапондық компаниялардың тәжірибесіне орай, кәсіпорынның барлық жұмысшыларын
тауарды модернизациялаудың жаңа идеяларын және әсіресе жаңа өнім ойлауға
итермелеудің қажеттігі сезіледі. Ондаған ірі жапондық компаниялар жыл сайын
өз қызметшілерінің 10 миллиондаған ұсыныс енгізітін мақтаныш тұтады. Бұл
фирмаларда 1 жұмысшыға 12,8 ұсыныстан келеді. Ол американдық кәсіпорынның
орташа статистикалық берілгеніне қарағанда 85 есе көп.

Сатып алушы шынында не алды деген сұраққа жауап беруге негіз болатын деңгей
– ойланылған тауар. Шын мәніне келетін болсақ, кез келген тауар – қайбір
проблеманы шешуге арналып орауышталған қызмет. Дайындаушы ойланылған
тауарды орыдалған тауарға айналдыруға тиіс. Реальды орындалған тауардың бес
сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы, арнайы
көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы. Дайындаушы тауарды нығайтушы
қосымша қызметтер мен пайдаларды қарастыруы мүмкін.

Тауарлар бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып
табылады: өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және
уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын
бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып
алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің
нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.

Тауар өнімінің құрамына кіреді:

а) дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдайлар мен
стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып,
қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай
тапсырыс берушімен қабылданған;

ә) жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;

б) өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс, шетте жасалған.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік бірлестіктерде (комбинаттарда)
жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі - өнім болып
табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтынушылық
қасиетін артуы экономиканың әріқарай дамуын және халық тұрмысының
көтерілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушыларға,
сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық
құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты
элементі болып табылады.

Технологияық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім
болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен
жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және
қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын
сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған.

Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйымдар
кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің
қоймасына тапсырылса. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны,
бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.

Кейбір химиялық өнімдерді олардың өндірісі аяқталғасын цехтан тыс жекелеген
қоймаларға апармағай, оларды сатып алушыларға босатқанға дейін цех
қоймаларында сақтаған дұрыс. Өнімнің басқа да ерекшеліктері болады, осы
ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларға босату мүмкін емес
болады. Осындай жағдайларда бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық
бақылау бөлімі және сату бөлімі қабылдаған кезден жазылады.

Екінші жағынан, бұйымдарды қоймаға өткізгеннен кейін бұйымдарды әр қашан
дайын деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарттар немесе техникалық
жағдайлар бұйымдарды қорапта болу керек деп есептсе, онда олар қорапта
болғаннан кейін ғана дайын болып есептеледі, тіпті қораптау цехта емес
қоймада болсада.

Дайын бұйымдарды өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату
уақытыда маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы
күнінде сағат 24 дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе
үшінші) смена графикка сай жұмысын сағат 24 кейін аяқтаса, онда бұйым дайын
өнімнің қатарына қосылады оларды келесі күннің таңғы сағат 8 дейін қоймаға
тапсырса.

Бұр мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде
бұйымдарды қораптаса немесе сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамына
жатқызылады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар және сатып
алушыларға, өзіндік өнеркәсіптік шаруашылығына немесе меншіктік капиталдық
құрылыс үшін босатылған өнеркәсіптік типтегі көмекші және қосалқы цехтардың
(өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына босатылған
сәттен уақытына қарамастан қосыа береді.

Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпорынның
басқа негізгі цехтарында әрі қарай өнделуіне (қайта өнделуіне) арналған
өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Тоқыма өнеркәсібіндегі
кәсіпорындарында жуылған жүн осы болып табылады, ол кейіннен жіп өндіруге
қолданады, осы жіптен ақырғы өнім болып табылатын дайын мата жасалады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі – бұл өнеркәсіптік сипаттағы
жұмыс.

Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет
мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.

Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт
міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды
бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның
қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына
сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі
тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қомадағы және сатып алушыға
жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу
операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату
барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін
қадағалау мақсатын көздейді.

Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін
кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет.
Мысалы, өнім өндіру жөніндегі күнделікті хабар тәуіліктік тапсырманың және
айлық өндірістік бағдарламаның орындалғаның тұрақты түрде бақылап отыруына
және жоспардан ауытқып кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік
береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті
потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған
өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның
пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша
жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет.

Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де
есеп ақпараты өте маңызды. Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның
қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның
өнімді шығару, босату және сатуды бақылау бойынша негізгі міндеттері
келесілер:

• Өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету – оның
қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі;

• Материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабылдануын
және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның
запастарының сай болуын бақылау;

• Келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді
жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін
ұйымдастыру. (Осы оперативті есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне
жүктейді);

• Өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем
құжаттарын толтыру;

• Ағымдағы есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жүйелерінде өнімді
өндіру, босату және сату операцияларын жазу;

• Тауарды сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың
шамасы мен құрамын бақылау;

• Тауарды сату жоспарын орындауды бақылау;

• Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау немесе оларды
есептеу ақпараттары;

Осы міндеттерді толық орындау үшін есеп дұрыс жүргізілу қажет.

II. Таурлар және оларды өткізуін есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.

Тауарлар қозғалысын есептеудің алғышарттары үшін нормативті-анықтамалық
ақпарат қажет. Тауарлар запасының жағдайын жан-жақты бақылау, оның өндіру
және жеткізу жоспарын орындау, әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының
қозғалысын қадағалауын қажет тұтады. Есептеуді осылай детальдап қарау дайын
өнімді есептеу мен оның қозғалысын ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып
табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.

Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен
өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі
бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына
номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы
белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық
тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.

Өнімнің осындай түрде жасалған номенклатуралық тізімі әрбір номенклатуралық
позицияның коды мен сөзбен жазылған түсініктемесінің арасындағы байланысты
орнататын ақпараты бар анықтамалық материал болып табылады.

Есепті жеңілдету мақсатында бір номенклатуралық номерге бағасы бірдей
немесе бір-біріне жақын бірнеше өнімдердің размерін, сорттарын немесе
түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп
мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын жақсарту мақсатында
номенклатураның жайылған түрі тартымдырақ болады.

Көптеген бухгалтериялар есептеу бағасы ретінде кәсіпорынның көтерме бағасын
қолдануды қалайды (айналымнан салықсыз) немесе бөлшектеу бағасын қолданады,
егер соңғысы болса. Есептеу бағасы үшін өнімнің орташа жылдық жоспарлы
өндірістік өзіндік құнын қабылдайтын бухгалтерия бар кәсіпорындарда аз
емес.

Нығайтылған топтық ассортименті бойынша кәсіпорынның бухгалтериясы
жүргізетін өнімнің талдамалық есебі болған жағдайда есептік баға осы топ
үшін орташа болып есептеледі және бағалау шамасының нормативті-анықтамалық
массиві бойынша жеке дара позиция болады. Дайын өнім есебін ұйымдастырудың
алғышарттары нормативті-анықтамалық ақпараттың бар болуы ғана емес, сонымен
қатар осыған барлық қызығушылығы бар тұлғалардың қол жетуін қамтамасыз етуі
екенін ескеру қажет. Көптеген көздер бойынша бөлінген бұл ақпаратты
рационалды ұйымдастыру қажет, олардың әрбірі белгілі пайдаланушыға қажетті
нақты мәліметтерді массивте біріктіреді.

Материалды-жауапты тұлғалар номенклатуралық парақ ұстау қажет, онда барлық
өнімнің түрі, өнімнің позициялық коды, өлшеу бірлігі және есептеу бағасы
болады. Нақты осы деректемелерді материалды-жауапты тұлғалар өнімнің
қозғалысын көрсететін басқы құжаттарды толтырғанда белгілеу міндетті.

Жедел жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің қызметкерлері дәл осындай
номенклатуралық парақты қажетсінеді, бірақ онда сату бағасы көрсетіледі
және де сол бағалар прейскуранттың позициясы мен номеріне сілтейді, олар
сатып алушыларға берген шоттарда белгіленеді. Сонымен қатар, оларға сатып
алушылардың, келісім-шарттардың коды бойынша дифференциалды өнімдердің
жеткізуі бойынша кәсіпорынның міндеттері мен жоспарлық тапсырмалары туралы
анықтамалық құжаттың мәліметтері керек.

Пайдаланушылардың мүдделеріне сай нормативті-анықтамалық ақпаратты
ұйымдастырудың рационалды әдістері арнайы әдебиеттерде экономикалық
ақпаратты механикалық өндеуді жобалау және басқаруды автоматизацилау
жүйесімен байланыста қарастырады. Бірақ бұл әдістердің негізгі идеяларын
өнім және оның қозғалысы туралы жоспарлық және есептік ақпараттар
компьютерлендірілмесе де қолдануға болады.

Тауарлар туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары
техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық мәліметтерді салу болып
табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру және өзгерістер және
толықтырулар қажет болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін
жасау.

2.1 Өнімдер мен тауарларды өткізі шығындарын құжаттармен рәсімдеу және
есепке алу.

Өндірілген өнімдер мен шығарылған тауарларды сатумен (саудамен,
коммерциямен) шұғылданатын мекемеларді (кәсіпорындардың) кезаң шығындарының
бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізу және бақылауды күшейту үшін өнімдер мен
тауарларды сату шығындарының ғылыми негізделген есептік юаптарын
қалыптастырудың үлкен маңызы бар.

Жоғарыда көрсетілгендей №10 журнал-ордердің №5 тізімдемесіндекелтірілген
өнімдер мен тауарлар сату шығындарының тізімі сауда мекемелерінің қаржылық-
шаруашылық қызметінің ерекшелігін көрсетпейді.Онда сауда мекемелерінде
ғана тиесілі өнімдер мен тауарларды өткізі (сату) шығындарының ерекше
баптарын (түрлерін) ,мысалы, Тауарлық материалдық қорларды
сақтау,өндеу,сұраптау мен буып-түю және тоңазытқыш жабдықтарын ұстау
шығындары (штаттық қызметкерлерінің еңбекақыларынан басқа), Тауарлық
материалдық қорлардың табиғи кему мөлшерлері шегіндегі ысырыпталуы мен
технологиялық қалдықтар, Санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-
кешектер, асханалық киімдер,ыдыстар мен аспаптар шығындары, т.б.
кездеспейді.Сонымен қатар, экономикалық мазмұны мен мағынасы біртекті
тауарларды сату шығындардарының баптары негізсіз егжей-тегжейлі
бөлшектеніп, өте ұқсас баптарды құрап, бірін-бірі қайталайды. Мысалы,
Негізгі құралдпрды ұстау шығыңдары, Жүктерді жөнелту пунтке дейін
тасымалдау, мен Тауарлады буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары; Тиеу-
түсіру жұмыстары мен Тауарлады буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары,
Коммуналдық буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары. Сол сияқты Сыйақы және
басқа сол сияқты төлемдер деген бапты жеке көрсетудің қажеті жоқ,себебі
олар бұрынғыдайбасқа көзден емес,негізгі жалақы сияқты төлеу қорынан
төленеді,сондықтан оларды Қызметкерлердің еңбекақысы деген бапта көрсету
керек.

Өнімдер мен тауарлады өткізу шығындарын тым егжейтегжейлі бөлшектеу есептік
жазбаларды көбейтіп,еңбекқызметкерлерінің еңбегін артық шығые етеді.Ол тек
қана есепші мұндай бөлшектердің шын мәнінде керектігіне көз жеткізсе ғана
пайдалануға болады.

Сондықтан жоғарыда айтылған Сауда қызметімен шұғылданатын субъектілердегі
мерзім шығындарын есепке алу атты оқу-тәжірибелік құралда кезең
шығындарының есептік баптар тізюегін жасауда тауарлар өткізу шығындары мен
жалпы және әкімшілік шы.ындарының \баптарын бір-бірінен дұрыс ажыратуға
көңіл бөлінеді.

Кезең шығындарының есептік баптар тізбегі сауда мекемелерінен меншік
нысаны мен ведомтволық бағынушылығына қарай пайдалануға арналған, сондықтан
ол сауды ұйымдарының материлдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді және
ұтымды пайдалануына қатаң бақылау қою мақсатында нақты шығындарын
уақытылы,толық және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Кезең шығындарының біртұтас тізбегі мен баптарының мазмұнын сақтау,біздің
ойымызша,шаруашылық операцияларын кезең шығындарының ұсынылған баптары
бойынша бірдей және экономикалық дұрыс есепке алу мен аудан,облыс пен бүкіл
ел көлемінде сауда саласының кезең шығындарының жеке баптары бойынша
қортынды жасау,терең және салыстырмалы таудау жүргізу мен шығындардың
тиімділігін арттыру резервтерін анықтау үшін қажетті мәліметтермен
қаматамасыз етеді.

Өнімдер мен тауарларды сату шығындарының тиімділігін арттыру мақсатында
оларды жоспарлау,есепке алу,қаржылық есеп беруде көрсету және талдаужасау
үшін саудамен шұғылданатын мекемелерге шығындарды төмендегідей баптар
тізбегі бойынша талдау есебін жүргізу ұсынылады.

Ұсынылған шығын баптарының тізбегінің сатылуын және бір түрлі шаруашылық
оперциялары тауар өткізу шығындарының белгіденген баптары бойынша бірдей
және экономикалық дұрыс көрініс табу үшін шығындарының әрбір бабының
экономикалық мазмұнын және бухгалтерлік есепте көрсету әдістемесі түбегейлі
қарастырамыз.

баптар№ Шығындар баптарының атауы
1 Тасымалдау-дайындау шығындары
2 Субьектінің басқару аппараты мен күзеттен басқа штаттағы
қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу
3 Еңбекке ақы төлеуден аударымдар
4 негізгі құралдар үшін жал ақы төлеу, ұстау және пайдалану
шығындары
5 негізгі құралдардың тозуы
6 негізгі құралдардың жөндеу шығындары
7 Тауарлық-материалдық қорларды сақтау өндеу сұраптау мен
буып-түю және тоңазытқыш жабдықтарды ұстау шығындары
8 Тауарлық-материалдық қорлардың табиғи кему мөлшері шегіндегі
ысырапталуы және техникалық қалдықтар
9 ыдыстар бойынша шығындар мен ысыраптар
10 тауарларды жарнамалау және өткізу нарықтарын зерттеу мен
нарыққа шығару шығындары
11 санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер және
асханалық киімдер ыдыстар мен аспаптар бойынша шығындар
12 мүліктік және жеке сақтандыру шығындары
13 басқа да шығындар

Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарын есепке алу үшін бухгалтерлік есеп
шоттарының үлгілік жоспарында 7110 Өнімдер сату қызметтер көрсету бойынша
шығыстар шоты қарастырылған. Мұнда тауарлық –материалдық қорларды сатып ал
,тасымалдау,сақтау,өңдеу сұрыптау,буып-түю және өткізу істермен тікелей
байланысты жедел шығындар есепеке алынады.Мұндай тікелей шығындар көтерме
және бөлшек сауда ұйымдарында көкеніс қоймасын да,дайындау және жабдықтау
–өткізу мекемелерінде болады.

Қазіргі уақытта еліміздің экономикасында жүргізілген жатқан реформаларға
сәйкес көптеген мекемелер және тұтынушылар кооперациясының мекемелері көп
салалық шаруашылық қызметін атқарады: сауда,қоғамдық тамақтандыру,дайындау,
т.б. сондықтан құрамында аталған салалардың кәсіпорындары бар. Олар осы
кәсіпорындарының шығындары есебін жалпы иесіздік, көпшілік әдісімен
жүргізеді.

Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарына шек қою,бақылауды күшейту және
тиімділігін арттыру резервтерін анықтау мақсатында тауарлық-материалдық
қорларды өткізу шығындарын өнімдер мен тауарларды өндіріс орындарынан
тұтынушаларға жеткізумен шұғылданатын кәсіпорындар бойынша жекелеген есеп
жүргізу қажет,сондықтан сауда түріне байланысты 7110 Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотына мынадай қосымша шоттар ашуды
ұсынамыз:

7111 Көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары қосымша шоты, мұнда көтерме
базалар мен қоймалардың тауарлық-матеиарлдық қорларды сатып алу,
тасымалдау, сақтау, сұрыптау, буып-түю және сауда мекемелері мен
кәсіпорындарына алып-сатуға және өтдірістік байланысты кеткен шығындары
есепке алынады;

7112 Бөлшек сауда кәсіпорындарының шығындары қосымша шоты,мұнда бөлшек
сауда ұйымдарының тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау, сұрыптау, буып-
түю және тұтынушы-тұрығындарға тікелей сатып шығындары көрініс табады.

Жоғарыда қаралған қосымша шоттарда шығындар есебі белгіленген есептік
баптар тізбегіне сәйкес жүргізуге асырылады. Сонымен,жекелеген сауда
кәсіпоырндарының шығындарын есепке алу үшін 7110 Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотынын тиісті қосымша шоттарын
пайдалана отырып,мекеме шығындары қызмет салалары бойынша шетеуге мүмкіндік
алады,бұл нарықтық экономика жағдайында сауда мекемелернің қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелігін жақсарту мақсатында шығындарғы бақылау күшейту және
оларды азайту шараларын қолдануға мүмкіндік туғызады.

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
тиісті қосымша шоттарының дебетінде шығындардың едәуір бөлігі төлеу
кезеңіне қарамастан оларды есептеу кезінде көрініс табады.Мысалы,ай сайын
шығындардың мынадай баптарын есептеу жүргізіледі: Субъектінің басқару
аппараты мен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақв төлеу;
Еңбекақы төлеуден аударымдар; Негізгі құралдар үшін жал ақы төлеу, ұстау
және пайдалану шығындары; Негізгі құралдардың тозуы және басқалар.

Кейбір шығындар тиісті қосымша шоттардың дебетіне олады төлеу кезіде
жазылады.Олар,мысалы, өнімдер мен тауарлады талдау шығындарын төлеу;іссапар
шығындары;банк,пошта байланыс қызметтерін төлеу және тағы басқа алдын-ала
есептеуді қажет етпейтін кейбір шығындар жатады.

Мекеменің шаруашылық қызметігің шаруашылық қаржылық нәтижелерін дұрыс
анықтау үшін сол есеп беру кезеңіне жататын барлық шығындарды уақытында
және толық қамтып көрсету қажет.

Мекемелер шығындарының ұсынылған есептік баптар тізбегіне сәйкес олардың
жекелеген түрлерін құжаттармен рәсімдеу мен бухгалтерлік есептің
әдістемесін егжей-тегжейлі қараймыз.

Тасымалдау-дайындау шығындары бабында мекемелердің тек тиісті көлік
тауарлық құжаттармен жан-жақты салыстырып тексерілгеннен кейін ғана
белгіленген тәртіп бойынша өз есебені алынған тауарлық-материалдық қорларды
тасымалдау шығындары,сондай-ақ мұқият тексерілгеннен соң бекітілген
тарифтер мен баға көрсеткіштер бойынша есептілген қызмет көрсету құны
есепке алынады.

Бұл орайда жабдықтаушының өнімдер мен тауарды сатып алушының есеп айырысу
шотына енгізілген тасымалдау шығындарының сомасына,содай-ақ көлік және
басқы сырт мекемелерінің жүктерді құн салығынсыз бухгалиерлік есеп
шоттарында мынадай жазба жазылады:

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
дебеті

Есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі шоттардың кредиты:

3310 Жеткізушілер мен мердігерлерден қысқа мерзімді берешек

4110 Жеткізушілер мен мердігерлерге беретін ұзақ мерзімді бетрешек

Банк көшірмесімен басқа ақша құжаттары негізінде төленген тасымалдау
шығындар сомасына қосымша құн салығынсыз есеп айырысу түрі мен төлем көзіне
байланысты мынадай бухгалтерлі тізбе беріледі:

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
дебеті

Тиісті шоттардың кредиты:

1010 Кассадағы ақша қаражаты

1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты

1060 Өзге ақша қаражаты шоттының тиісті қосымша шоттары:

1061 Аккредитивтердің ақша қаражаты

1062 Чек ктапшалардағы ақша қаражаты

1063 Арнаулы шоттардағы ақша қаражаты

Жабдықтаушылар,мердігерлер мен көлік мекемелеріне жолдағы тауарлық-
материалдық қорларды белгіленген табиға кему мөлшерінен тыс жетіспеушілігі
немесе тарифтен асып есептегіні үшін сотқа берілген талаптар
қанағаттандырылмаған берешек сомасына көрсетілген ұйымдардың шешіміне
сәйкес төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады:

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
дебеті

1280 Өзге қсықа мерзімде дебиторлық берешек шотының Талаптар бойынша
есеп айырысу субшотының кредиты.

Тауарды жарнамалау және өткізу нарықтарын зерттеу мен нарыққа шығару
шығындары бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетілген
мақсаттарға кететің төмендегідей шығындар көрсетіледі.

Терезелік көрмелер,көрме залдары,өнімдер тауарлар мен азық-түлік үлгілері
бөлмелерін көркемдеу және стендтер,жарнамалық қалқалар мен көрсеткіштер,
т.б. жасауға шығыс құжаттамасы,материалды есептен шығару кесімдер мен
басқадай шығыс құжаттарына сәйкес жұмсалған материалдар мынадай
бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады:

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1310 Шикізат және материалдар

1350 Өзге қорлар

Мекеменің терезелік көрмелер,сауда залдар,көрмелер мен жәрмеңкелерде қойып
көрсету кезінде түгел немесе жартылай өзінің бастапқы сапасын жоғалтқан
өнімдер мен тауарларды арзандату сомасына өнімдер мен тауарларды арзандату
және есептен шығару кесімдеріне сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай
жазу жазылады:

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1320 Дайын өнім

1330 Тауарлар

Осындай бухгатерлік тізбе тікелей сатып алушыларға немесе делдал
мекемелерге тегін немесе қайтаруға жатпайтын келісім-шарттар және басқадай
құжаттарға сәйкес дайын өнімдер мен берілген тауарлар үлгілірінің құнына да
беріледі.

Жарнамалық бұйымдар,жарнамалық жариялау,заттаңба нұсқаулары, пакеттердің
ерекше және фирмалық үлгілерін дайындау және істеп шығару,бұқаралық
ақпараттар құралдары арқылы жарнамалық құлақтандырулар беруді, т.б. төлеуге
кеткен шығындар сомасына есептесу түрі мен төлеу көздері және төлеген есеп
айырысу шоттар мен басқадай ақша құжаттарына сәйкес мынадай бухгалтерлік
жазулар жазылады:

7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар шотының
дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

1010 Кассадағы ақша қаражаты

1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты

1060 Өзге ақша қаражаты тиісті қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары
Баға нарық категориясы ретінде
Квалиметрия негіздері, өнімнің сапасы
Тауар және оның қасиеттері. тауар қасиеттерінің альтернативті теориялары
Нарықтық экономика жағдайы
Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы
Сатып алу - сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Ақшаның уақытша құны, экономикалық мәні
Сұраныс түсінігі және мәні туралы
Пәндер