Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі



КІРІСПЕ
3
САН КОМПОНЕНТТІ МАҚАЛ.МӘТЕЛДЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ТІЛДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ ЖҮЙЕНІҢ САНДЫҚ СИПАТЫ
4
САН КОМПОНЕНТТІ МАҚАЛ.МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КИЕЛІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ САНДАР
10
ҚОРЫТЫНДЫ
18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20
Зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсетін тағы бір фактор - қазақ мақалдарының жасалуындағы бейнелілік пен ұлттық танымдық ерекшеліктерінің зерттелуі, мақал-мәтелдердің көркем мәтіндегі орны туралы пайымдай, мақал-мәтелдегі этномәдени белгілердің символдық мәнін ашуға талпыныс жасалды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - қазақ тіліндегі сандарға негізделген мақал-мәтелдерде жинақталған білім құрылымын зерделей отырып, сан компонентті мақал-мәтелдердің тілдік зтномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалу ерекшелігін танытып, ұлттық-мәдени негізін айқындау. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді шешу мүддесі көзделеді:
• Сан компонентті мақал-мәтелдер құрамындағы бір санының өзіндік ерекшелігі мен «Жалғыз» сөзінің танымдық мәнін зерделеу;
• Мақал-мәтел құрамында реттік, есептік, жннақтық сан есімдердің «антонимдік» жұп түзу ерекшелігін көрсету;
• Мақал-мәтелдер құрамындағы киелі сандар мен дәстүрлі сандардың этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалуын зерделеу;
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі сан компонентті мақал-мәтелдер.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында нақты міндеттерге байланысты салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.
Мақал мен мәтелдердің, негізгі ерекшелігі: ол- халық ойының ескерткіші ғана емес, сонымен қатар күнделікті сөйлеу тілі кұрамындағы тірі тілдік бірлік. Мақал-мәтел қазақ халқынын рухани, даналық қазынасы. Оны студентке оқыту, үйрету сол қазынадан нәр беру, рухани жағынан халыққа жақындастыру, халықтың рухани, даналық байлығын түсіну, меңгеру арқылы қазақ халкын сыйлауға бағыттау, достыққа шақыру деп түсіну керек.
Қазақ мақал-мәтелдерін ғылыми жүйелеу мәселесі олардың ғылыми жинағын, біріншіден, қазақ фольклорының кіші жанрларын зерттеу барысында жинақталған теориялық, қағидалық тұжырым, қорытындыларды жинақта, бір ізге түсіру үшін керек; екіншіден, қазақ халқының даналық мұрасының байлығы мен өзіндік ерекше белгілерін, ұлттық төтума сипаттарын көрсету үшін керек. Үшіншіден, қазақ паремиологиясы мен паремиографиясының терминдік жүйесі мен оның теориялық –ұғымдық негіздерін жетілдіруге септігін тигізу үшін керек деп ойлаймыз. Сол себепті, аталған жанрдың мазмұндық құрылымы, ерекшелігін, ішкі табиғатын жазбай танып, тап басатын жіктеу жүйесі керектігі анық.
1. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. - Алматы: Толғанай, 2004.
2. Абдулдинова Б. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі көркемдік ойдың құрылымы. Жинақ, 2009.
3. Современная Западная философия. Словарь.-М.:Изд-во полит. лит-ры, 1991.
4. Нұрғали Р. Қазақтың 10000 мақал-мәтелі. – Астана: Фолиант. 2006.
5. Шалабай Б. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. - Алматы, 1997.
6. Философия терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы, 1996

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Сан компонентТі мақал-мәтелдердің
ұлттық мәдени ЕРЕКШЕЛІГІ

Мазмұны

Кіріспе 3
Сан компонентті мақал-мәтелдердегі ұлттық ерекшелігі және 4
тілдегі этномәдени жүйенің сандық сипаты
Сан компонентті мақал-мәтелдердің құрамындағы киелі және 10
дәстүрлі сандар
Қорытынды 18
Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 20

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсетін тағы бір фактор - қазақ
мақалдарының жасалуындағы бейнелілік пен ұлттық танымдық ерекшеліктерінің
зерттелуі, мақал-мәтелдердің көркем мәтіндегі орны туралы пайымдай, мақал-
мәтелдегі этномәдени белгілердің символдық мәнін ашуға талпыныс жасалды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты
- қазақ тіліндегі сандарға негізделген мақал-мәтелдерде жинақталған білім
құрылымын зерделей отырып, сан компонентті мақал-мәтелдердің тілдік
зтномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалу ерекшелігін танытып,
ұлттық-мәдени негізін айқындау. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді шешу
мүддесі көзделеді:
• Сан компонентті мақал-мәтелдер құрамындағы бір санының өзіндік
ерекшелігі мен Жалғыз сөзінің танымдық мәнін зерделеу;
• Мақал-мәтел құрамында реттік, есептік, жннақтық сан есімдердің
антонимдік жұп түзу ерекшелігін көрсету;
• Мақал-мәтелдер құрамындағы киелі сандар мен дәстүрлі сандардың
этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалуын зерделеу;
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі сан компонентті мақал-мәтелдер.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында нақты міндеттерге байланысты
салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

Сан компонентті мақал-мәтелдердегі ұлттық ерекшелігі және тілдегі
этномәдени жүйенің сандық сипаты

Мақал мен мәтелдердің, негізгі ерекшелігі: ол- халық ойының ескерткіші
ғана емес, сонымен қатар күнделікті сөйлеу тілі кұрамындағы тірі тілдік
бірлік. Мақал-мәтел қазақ халқынын рухани, даналық қазынасы. Оны студентке
оқыту, үйрету сол қазынадан нәр беру, рухани жағынан халыққа жақындастыру,
халықтың рухани, даналық байлығын түсіну, меңгеру арқылы қазақ халкын
сыйлауға бағыттау, достыққа шақыру деп түсіну керек.
Қазақ мақал-мәтелдерін ғылыми жүйелеу мәселесі олардың ғылыми
жинағын, біріншіден, қазақ фольклорының кіші жанрларын зерттеу барысында
жинақталған теориялық, қағидалық тұжырым, қорытындыларды жинақта, бір ізге
түсіру үшін керек; екіншіден, қазақ халқының даналық мұрасының байлығы мен
өзіндік ерекше белгілерін, ұлттық төтума сипаттарын көрсету үшін керек.
Үшіншіден, қазақ паремиологиясы мен паремиографиясының терминдік жүйесі
мен оның теориялық –ұғымдық негіздерін жетілдіруге септігін тигізу үшін
керек деп ойлаймыз. Сол себепті, аталған жанрдың мазмұндық құрылымы,
ерекшелігін, ішкі табиғатын жазбай танып, тап басатын жіктеу жүйесі
керектігі анық.
Абай атамыздың сөзімен айтсақ, "Біз өз жанымыздан ғылым шығара
алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп,
ақылмен біліп" деген ғақлиясын жадымызда ұстап, дәстүрлі тақырыпқа бөлудің
де артықшылығын байқатамыз. Әрине, толық ғылыми жинақ шығару үшін, бүл
көрсеткіштерден өзге мақал-мәтелдердің географиялық жағынан таралу
көрсеткішін, жас, жыныс ерекшелігіне қарай әлеуметтік бөліну көрсеткішін,
мақал-мәтелдерді жинаушылардың есімдері көрсеткішін, текст туралы бұдан да
басқа толығырақ мәлімет (қайда, қашан, кімнен жазылып алынғаны туралы)
беріп, тарихи, этнографиялық, фольклорлық деректермен қамтамасыз елуге,
толықтыруға болады.
Қысқасы, мақал-мәтелдер халық өмірін, пәлсапалық түсінігін, тіршілік
тынысын, ерлік-рухын, әдет-ғұрпын,
мәдениетін кеңінен қамтитын мол мұраның көркемдік табиғатын тап басып
танытады, қазақ халқының мәдени өмірін бейнелейді. Осы шығармалар арқылы
сол кездегі мәдени өмірдің бейнесін анық көреміз.
Б.Ш.Абдульдина: Халықтың дәстүрлі мәдениеті мен дүниетанымдық
көзқарасы бейнеленген ауыз әдебиеті үлгілерін ғасырлар тоғысуында,
көркемдіктің биік нысаналарынан лайықты бағалайтын мезгіл жеткен сияқты.
Қазақ ауыз әдебиетінің кіші жанрларының бірінен саналатын мақал-мәтелдердің
жанрлық және құрылымдық, көркемдік табиғатын қазіргі фольклортану ғылымының
биіктерінен тану — бүгінгі күннің зәру мәселелері болып қала бермек-
дейді. 1,13
1991 жылы жарық көрген Қазіргі Батыс философиясы сөздігінде
-менталитет латыншадан аударғанда (mens - ақыл, ойлау, ойлаудың бейнесі,
жанның қатпары) бейсаналылықты қосқандағы ұжымдық және жеке сананың терең
деңгейі. Менталитет - жеке және әлеуметтік топтардың қимылға, ойлауға,
сезінуге және дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау бағытының дайындығының
жиынтығы делінген 2, 171-178.
Менталитет - рухани болмыс тарихынын сығымдалған және тұрақты негізде
қордаланған формасы ретінде жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың
дүниетанымында орын алатын ерекше көрініс десе, қазақ менталитетін
танытатын айрықша қасиеттер қатарына даналықты жатқызуға болады. Мәдениет
пен дәстүрде, дүниетанымдық ұстанымдар мен көзқарастарда біртұтас
феномендік деңгейде көрініс беретін аналық қазақ тілінің паремиологиялық
қорының ділдік арқауын құрайды.
Халық даналығы қазынасында адам мен табиғат, қоғам мен адам, адам мен
адам арасындағы қатынастарда көрініс беретін даналықтың тұтастығы білім мен
адамгершіліктің, ақыл, қайрат, жүректің бірлігі, іштесуі мен астарласуы
түрінде сипатталады. Оған дәлел, тұтастықтың бір көрінісі ретінде адам мен
табиғат арасындағы қатынасты қарастырайық. Қазақ қашанда табиғатпен етене
өскен халық. Ол өзін табиғатқа ешқашан қарсы қоймаған. Өзін табиғаттың бел
баласымын деп санаған. Ол табиғаттың сұлулығына бас иген, ойға өрнек,
тілге тиек етіп, мақал –мәтелдерге, ән-жырға қосқан. Мәселен:
Адамгершілікке арналған үш сауал бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге
көпір салған бір сауап, жолға ағаш еккен бір сауал, Жаңбыр бір жауса,
терек екі жауады.
Даналықтың іздерін қазақ халқының рухани дүниесін құрайтын фольклор,
мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, дидактикалық толғаулар, салт-дәстүрлерден
кездестіруге болады. Соның бірі - жеті аталық дәстүр. Бұл дәстүр - ұлттың
қандық тазалығын сақтап қана қоймайды, сонымен бірге ұрпақ, ата-баба
арасындағы өзіндік байланысты да қамтамасыз етеді. Айналып келгенде
бұлардын барлығы тектілікті қалыптастырады. Тектілік бар жерде даналық,
ментальдық тұтастық бар. Тексіз менталитет желмен ұшқан қаңбақ секілді.
Сосын да болар, қазақтың тегіне тартсаң тозбайсың - дейтіні. Дүниенің
паремиологиялық бейнесінде жеті аталық дәстүр, тектілік. Мысалы:
Жеті атасын білмеген — жетімдіктің белгісі.

Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Адамға екі нәрсе тіректегі,
Бірі тал, бірі - ділің жүректегі.

Жетімнің қарны жетеу.
Қазақ халқының менталитетін айтқанда, онын басты бір ерекшелігі - ол
тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқынын бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-
мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары
айналып келгенде тірілетіні тәрбислік мәселе. Олар адамгершілікке,
көпшілдікке, азаматтыққа баулыған. Олардың дені сандарға негізделген мақал-
мәтелдерде жан-жақты кездеседі. Яғни баланың шыр етіп, дүниеге келген
күнінен бастап, адам өмірінің сонына дейінгі ырым-жырымдар, ұлағатты
ұғымдағы мақал-мәтелдер.
Этникалык мэдениетті ренрезентациялантын тіл бірліктерінін мазмұндық
қурылымдық жүйесін біз тілдік-этномэдсни жүйе деп атаймыз. Ол жүйеде тіл
мен этникалық мэдениет арасындагы қаіысгыктын сан алуан сипаты корініс
табады. Ол жүйенің өзіндік ерекшелігі этнос болмысын екі жақты яғни тіл мен
мәдениетте таңбалануда. Онда әр түрлі кодтар өмір сүреді. Оның бірі сандык
кодтар.
Сан компопентті мақал-мәтелдер тілдік этномәдени жүйенің сандық коды
қызметі атқаратындығымен ерекшеленеді. Сандар - дүниетанымның бір тетігі.
Таным- тарихи дамып отыратын жүйе. Сондықтан, ол танымның филогенез және
онтогенезі толық философиялық жиынтығына, таным мен мәдениеттің тарихын
талдауға сүйену арқылы сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктеріне талдау
жүргізе аламыз.
Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері
этнолингвистикалық арналардың барлығынан табылады. Әсіресе, тұрақты
теңеулерде, фразеологизмдерде, мақал - мәтелдерде. Сандарға негізделген
мақал-мәтелдердегі сандардың этно-мәдени жүйедегі сандық кодын айқындауда
киелі және дәстүрлі деп бөліп қарастыруды жөн көрдік.
Сандарға негізделген мақал-мәтелдердің этно-мәдени жүйеге түсіріп
жіктеудің қажеттілігі, яғни микро-макрожүйесінде қарастыру халықтардың
рухани өмір байлығынан шығу көздері мен даму арнасын, тарихи этимологиялық
себептер мен әсер етуші факторларды айқындай түсуге мүмкіншілік береді.
Сандар - дүниенің негізі. Бірден тоғызға дейінгі сандардың өміріне
бағынған әріптерден бастап адамның тағдыры да осы сандарға байланысты.
Сондықтан адам, қоғам, табиғат макрожүйесінің тұтас аясы да сандар
гармониясына негізделген деген болжамы кешенді түрде қарастыру арқылы,
соның ішінде, тілдің деректік, танымдық қасиеті мен құдіреті арқылы
дәлелдеудің мәні болашағы зор.
Әр түрлі халықтың сүйікті символдық мақсатта танылатын сандары бар
және бұның өзінде сандардың белгілі бір ұлт мәдениетіндегі орны байқалады.
Бір саны - бұл белгілі бір бүтіндік, бірлік және өркениетті білдіреді.
Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді дейді қазақ. Ақындар
тойып секіреді. Олардың жазғандарында өз қара басына байланысты сөз көп
бола бермейтін сияқты. Менің де ақын болғым келеді Мөлдір махаббат,
202 б..
Мақал-мәтелдердегі санға қатысты тағы бір мысал келтірсек;
Бір бала кемпірді болдырып өлтіреді.

Бала бесіктен бес түлейді.

Бір жетімнің маңдайынан сипасаң,
Жеті жұмақ есігін ашады.

Балаға байқап сөйлессең,
Ақылыңа көнер.
Байқамай көп сөйлесе,
Көрсетер бір өнер.

Болар бала жетісінде бас болар,
Болмас бала қырқында жас болар.

Болымды баласы,
Он бесінде баспын дер.

Екеуге бергісіз –біреуім,
Екеуге бергісіз – білеуім.

Он үште ұл-ұлан,
Он бесте қыз ұлан.

Түйін бір қолмен бағаланбайды,
Бір қолмен шешілмейді.

Төртеу түгел болса алар,
Алтау ала болса алдырар.
Үш саны - әлемнің үш бірлігін - жоғары, ортаңғы және төменгі -өткенді,
қазіргіні, болашақты білдіреді. Мысалы,
- Рақмет! — деді Мейрам. Жаңылмасам деп ұдайымен екі айттыңыз,
үшіншіде жаңылмас деп сенем.
- Ер кезегі үшке дейін дегеніңіз бе? Ер екенімді қайдан білдіңіз?
- Ер болмағанда жаңыла бересіз бе?
- Жаңыла жүріп үйренеміз де. Оның не айыбы бар? Қарағанды, 91
б..
Бұл түсінік қазақ салтында айқын көрінеді, мысалы: Ер кезегі үшке
дейін - деп, әр нәрсенің толу, жетілу уақытын үш санымен таразылайды. Осы
уақыт аралығы бір нәрсенің болу, болмау нәтижесін көрсетеді: Үш жұрттың
тілін білген өзгеден үш есе биік тұрады; Үш нәрседе ұят жоқ: ұйқыда,
күлкіде, тамақта; Үш тілсіз жау бар: өрт, сел, ұйқы; Үш күннен соң
адам көрге де үйренеді.
Төрт санының символикалық мәні қазақ танымында тұрақты бүтінділікті
білдіретіні:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі кетеді.

Төрт босағаң төр болсын.
Жеті саны қазақтың ұлттық танымында қасиетті, киелі сандардың бірі.
Жеті қазына байлық көзі, байлық - құт-берекенің бірі деген мағынаны
білдіретіні белгілі. Жаңа жылдың алғашқы күнінің сәулесі түсіп құты
кұйылып, нұры сіңген қасиетті ас Наурыз көженің жеті түрлі тағамнан
жасалуы да жеті санының қасиеттілігімен байланысты. Ол – жақсылықтың,
молшылық пен өнімділік, сәттіліктің символы.
Жетісін беру қайтыс болған кісінің артын күту мағынасында
қолданылады. Қайтыс болған кісіге жеті күн өткен соң, құдайы садақа береді,
оны еске aлy үшін жұртты жинап, ас береді. Осы ұғым негізінде жеті нан
кұдайы, жеті тиын садақа фразеологизмдері қалыптасқан. Мысалы:
Жеті атаның жөнін біл,
Жеті рудың тілін біл.

Жеті атасын білмеген - жетесіз,
Арғы тегін білмеген – тексіз.

Жеті қарақшы таныған жеті түнде адаспайды.
Қазақтың ұлттық танымында жеті саны өзінің тура мағынасынан өзге,
ауыспалы мағыналарда қолданылып, ғалам құрылымының символы болып табылады.
Қазақтың ұлттық танымында он үш саны да өзіндік мәнге не. Мысалы, Бұл
сөздерім сені өкпелетуі мүмкін, сүйікті Бөкен!.. Оған жан деген сөзді
босқа қосып отырған жоқпын. Қазақ қызды Он үште отау иесі дейді. Мен
қазір он төртке шықтым. Әліде баламын дегенмен, он төртте де адам өз
болашағын ойлай бастайтын сияқты. Қиссаларға сенсек, адам бесіктен-ақ сүйе
бастайтын көрінеді Мөлдір махаббат, 186-187б.
Сонымен, ұлт өміріндегі, мәдениетіндегі қасиетті сандар мақал-
мәтелдерде өзіндік символдық мәнге ие.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі - мақал-мәтелдерден
ерекше байқалады. Өйткені, қазақ мақал-мәтелдері - халық өмірінің айнасы.
Бұл айнада ұлт менталитетінің көрінісі тұтастай қамтылады. Сондықтан да
мақал - мәтелдерде астарлы ой, символдық мағына, көркемдік таным үлгілері
басым.
Мақал мен мәтел айтылатын ойдың мақсатын және уақиға желісін
тындаушыға бірден аңғартуға және сөйлеген сөзден қысқа, тұжырымды қорытынды
шығаруға үлкен женілдік туғызады. Осы қасиеттеріне қарай, мақал-мәтелдерді
сөйлеуде, шығармада орынды қолдану керек. Орынды қолданылған мақал-мәтел
сөйлеушінің ойын дәл, анық, әсерлі етіп беруге көмектеседі.
Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бай.
Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-
мәтелдердегі қолданылған сөздердің тек кана сыртқы сұлулығына қарамайды,
сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар
аударады. Мақал-мәтелдерді оқып үйрену (ана) тіліміздің байлығын, сөйлем
құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, тілімізді дамытып, ой-
өрісімізді кеңейтуге себепші болады.
Қорыта келе айтарымыз, мақал - мәтелдер тілге ұлттық танымдық ерекше
сипат, нақыш береді. Өйткені мақал - мәтелдер - ұлттық психологияны, оның
тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңірген, соларды
баяндайтын этномәдени бірліктер түрінде кездеседі.
Қазақ халқының мерейі биік, үстем, пейілі кең, дастарханы мол, маңдайы
жарқын, мақсат-бағдары жоғары әрі айқын, ата-бабаларының өсиетіне берік.
Осыдан келіп оның рухани бейнесі сомдалып, ұлттық менталитеті арта түсетіні
айқындалады.

Сан компонентті мақал-мәтелдердің құрамындағы киелі және дәстүрлі сандар

Халқымыздың сонау есте жоқ ескі заманнан бастап күні бүгінге дейінгі
өмір жолында белгілі бір жүйеге түскен көптеген қымбат қазыналары бар. Өзін
қоршаған ортамен қатынас жасаудың негізінде туындаған қымбат қазыналар
елмен қатар жасасып, халықтың өзіндік түсінігін тудырған.
Сан ғасырлық уақытқа созылған сол түсініктер бірте-бірте дами келіп,
нәтижелі еленістердің негізінде халықтық салт-сана мен педагогиканы
қалыптастырған. Халқың қандай десең- салтымнан сынап біл дейтін атамыз
қазақтың зейін-зердесі мен ақыл-ойы, даналығы мен даралығы, шешендігі мен
тапқырлығы өзін қоршаған ортаның құпия - сырын танып - білу көзқарастарымен
ұштасып жатады. Міне, сондықтан ауыл мен аймаққа, ру мен арысқа, ұлыс пен
жүзге жүйелене білген бабаларымыз дүниетанымдық көзқарастарын ұрпағына
мирас етіп, желісін үзбей жеткізіп келеді. Сондай желілердің бірі- киелі
сандар төнңрегіне жинақталған танымы. Сандар төңірегіне шоғырланған сөздер
мен фразеологизмдер қазақ әдебиетіндегі сөздік қолданыстың қыр-сырын танып
білу үлкен ғылыми міндет жүктейді. Олардың ішінде әсіресе 3,7,9 және 40
сандары қасиетті саналады. Киелі ұғымдардың дені белгілі бір сан
төңірегінен туындап жатады. Бұл халқымыздың көптеген фразалық сөздері мен
мақал-мәтелдерінен де байқаймыз.
Р.Нұрғали: Қазақтың мақал-мәтелдері– сөз өнеріміздің телегей-теңіз
байлығы, ғасырлар бойы жиналған. Халық даналығының айқын көірініс осы асыл,
үнемді, ықшам, көркем, шебер, дәл, терең, астарлы, ұйқасты бейнелі сөздер
жатыр - дейді 3, 84.
Қазақ халқы ерте заманнан - ақ түрлі құбылыстарға баға беріп, олардың
кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп, оларға бақылау жасаған. Олардың
ортақ қасиеттерін саралап, оларға бақылау жасаған. Олардың ортақ
қасиеттерін саралап, санамен түйіп, оның ізін өз тілінде сақтаған. Олардың
дені мақал-мәтелдерде кездеседі. Мәселен:
Үшеудің бірі шарана,
төртеудің бірі қаймана.

Үш тағанның бірі қисайса,
қалғандары құлайды.

Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі - саудаға түспеген мал дүние, екіншісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал-мәтелдер құрамындағы сан есімдердің этнолингвистикалық сипаты
Қазақ паремиологиясының тіл білімінде зерттелуі
Қазақ мақал - мәтелдерінің табиғаты
ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ
Қазақ тілінің маңызы
Сан компанентті фразеологизмдер
Эквиваленсіз лексикалық аудармасы
Ұлттық фразеологиялық қор
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Жазушы Әкім Таразидың Тасжарған романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Пәндер