Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақ және ағылшын тілдерінің фонологиялық жүйесінің типологиялық ерекшеліктері
1.1 Қазақ және ағылшын тілдерінің фонологиялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Диалектілерге қатысты қалыптасқан фонетикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
1.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұлғасы мен мазмұны сәйкес лексемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
1.4 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі имитатив негізді сөздердегі дыбыс сәйкестіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Жұмыстың өзектілігі. Агглютинативті тілдер мен флективті тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен ортақ тұстарын айқындау алдымен жекелеген тілдерді салғастыра зерттеуді қажет етеді. Сол себепті де агглютинативті сипатқа ие түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілі мен флективті сипаттағы герман тілдеріне жататын ағылшын тілінің фонетикалық құрылымындағы ерекшеліктерді, екі тілдегі дыбыстық өзгерістердің табиғатын салғастырмалы деңгейде зерттеу қазақ тіл білімінде ғана емес жалпы түркі тіл білімі үшін де өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда ұлтаралық қатынастардың дамуына байланысты, әртүрлі тілдік топтарды және құрылымы жағынан мүлдем алшақ тілдерді типологиялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі де туындап отыруы да қазақ және ағылшын тілдерін салғастыра қарастырудың көкейкестілігін айқындап отыр.
Зерттеу нысаны – қазақ және ағылшын тілдеріндегі дыбыстық өзгерістер.
Зерттеу пәні - қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық жүйесі.
Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдері фонетикалық жүйесіндегі дыбыстық өзгерістердің типологиялық сипаттамасын жасау. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді шешу көзделді:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жергілікті диалектілерге қатысты орныққан дыбыстық ерекшеліктерді көрсету;
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың типологиялық ерекшеліктері айқындау;
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі имитатив негізді сөздердегі дыбыс сәйкестіктерін саралау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде ретінде Аракин В.Д., Буранов Дж., Исаев М.К.,Айғабылов А., Нұрмағамбетова Ә., Аманжолов С., Омарбеков С., Жүнісов Н., Жүсіпов М.,Құсайынов К.Ш., т.б. еңбектері алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Тіларалық қатынастардың дамуына байланысты қазіргі тіл білімінде салғастырмалы-типологиялық әдісті қолдану - генетикалық жағынан алыс тілдерді бір-бірімен салыстырғанда аса маңызға ие. Бұл әдіспен зерттеу нәтижесінде жеке тілдерге тән ерекшеліктер мен тіларалық сәйкестіктерді жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туады. Сондықтан жұмысты орындау барысында негізгі тәсіл ретінде салғастырмалы-типологиялық әдіс қолданылды, сондай-ақ салыстырмалы-тарихи әдіс, жинақтау, қорыту, сипаттау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, бір тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Трубецкой Н.С. Основы фонологии.Пер.с немецкого. –М.: Изд-ство иностр.лит., 1960. – 342с.
2. Звегинцев В.А. История языкознания ХІХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. ч. ІІ. –М.:Учпедгиз, 1960. -406с.
3. Қазақ грамматикасы.-Астана,2002. -783б.
4. Из истории отечественной фонологии. –М.,1970. -517с
5. Реформатский А.А. Агглютинация и фузия как две тенденции грамматического строения слова.// Морфологическая типология и проблема классификации языков. –М.-Л.: Наука, 1965. -303с.
6. Хасанов Б. Языки народов Казахстана: от молчания к стратегии развития (социопсихилингвистические аспекты) – Алматы: Орда,2007. – 384с.
7. Гумбольд В.фон. Избранные труды по языкознанию. – Москва: Прогресс,1984.- 398с.
8. Ф де.Соссюр. Курс общей лингвистики. М.: Едиториал, 2004. -274с.
9. Гухман М.М. Историческая типология и проблема диахронических констант.М.:Наука, 1981.-249с.
10. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. –Алматы, 2004. -120б.
11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –Алматы,Санат.1993. -489б.
12. Салкынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы: Сөздік-Cловарь, 1998. -301б.
13. Щерба Л.В. Фонетика французского языка. –Л., 1937.- 216б.
14. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, Ана тілі. 1993. -216б.
15. Қалиұлы Б. Сөзстан (мақалалар жинағы).-Алматы.: 2009 -342б.
16. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы,1966.-169б.
17. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- Алматы: Өнер, 2002.- 37б.
18. Аракин В.Д. Типология языков и проблема методического прогнозирования. –М., Высшая школа, 1989. -148с.
19. Солнцев В.Н. Язык как системно-структурное образование. –М: Наука,1971.-292с.
20. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ғылым,1954. -563б.
21. Аванесов Р.И. Фонетика современного русского литературного языка. –М., 1956.
22. Ф де Соссюр. Труды по языкознанию. –М.: Прогресс, 1977.-285с.
23. Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. –Алма –ата: Наука, 1987. -89с.
24. Жүнісбеков Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-307б.
25. Баданбекқызы З. Қазақ тілінде фонемалардың дыбыс қорлары. Филол.ғыл.канд.дәрежесін алу жазыл.диссертация.- Алматы,2001. – 111б.
26. Тіл білімі сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған проф.Э.Д.Сүлейменова. –Алматы,1998.-540б.
27. Атабай Б., Будагов Л.З. және қазақ тілі.- Алматы: «Қазақ университеті» 2001.-129б.
28. Ж. Мұсаұлы, Р.Әміренова. Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Көкшетау,2003.-217б.
29. Шаймерденова Н.Г. Функционально-семантическое микрополя прошедшего времени в русском и казахском языках. Диссер.на соиск.уч.ст.канд.фил.наук. –Алматы, 1994.-274с.
30. Таткенова А.Т. Экспрессивный синтаксис казахского и английского языков. Диссер.на соиск.уч.ст.канд.фил.наук. –Алматы,2004. -136с.
31. Қалибек Т. Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің құрылымы мен семантикалық ерекшеліктері. Фил.ғыл.канд.дәрежесін аалу үшін жаз.диссертация.-Алматы,2004. -151б.
32. Утенияз М.С. Вводно-вставные (парентезные) конструкции как средство выражения модальности в разносистемных языках. –Алматы. 2004.- 165с.
33. 91 McDougal, Littell. The Writer’s Craft. Idea to Expession. McDougal, Littell & Company: Evanson, Illinois. New York. Dallas. Cacramento. Columbia, SC. – 1992, 904 p.
34. Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и русского языков.-Л.:Просвещение,1979-259с.
35. Мельников Г.П. Детерминанта – ведущая грамматическая тенденция языка. В книге фонетика. Фонология. Грамматика. - Москва.: Наука, 1971.
36. Реформатский А.А. Введение в языкознание. Под ред.В.А. Виноградова. –М.: Аспект Пресс, 2000, -536с.
37. Кацнельсон С.Д. Лингвистическая типология – Вопросы языкознания. 1983,-19-34с.
38. Широкова А.В. Сопоставительная типология разноструктурных языков (фонетика, морфология). М.: Добросвет, 2000, -200с.
39. Алпатов В.М. История лингвистических учений. Учебное пособие. М.: Языки русской культуры, 1998, -368с.
40. Скаличка В.О. О фонологии языков Центральной Европы.// Пражский лингвистический кружок: Сборник статей.М.: Прогресс, 1967, с.84-87
41. Якобсон Р, Фант Г, Халле М. Введение в анализ речи. Различные признаки и их корреляты // Новое в лингвистике. М.: Прогресс, 1962, -Вып.2
42. Жүнісбеков Ә. Қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы // Қ.Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. –Алматы.: Гылым, 1990,192с.
43. Омарбеков Ж. Ауызекі тіл ерекшеліктері.
44. С.Аманжолов. Диалектология и история диалектологии.
45. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, «ғылым» баспасы, Алматы-1966, 218б
46. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
47. Этимологический словарь тюркских языков (общетюркские и межтюркские лексические основы на буквы Л,М,Н,П,С), Москва,2003, стр.221-222.
48. интернет желісі, google. kz, wikipedia
49. Ескеева М.Қ. «Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі», Алматы, 2007, 102б.
50. К.Ш. Хусаинов, М.Х. Жубанова Проблемы фоносемантической деривации. Алматы,1998

Тақырыбы: Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы
сипаты
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақ және ағылшын тілдерінің фонологиялық жүйесінің типологиялық
ерекшеліктері
1.1 Қазақ және ағылшын тілдерінің фонологиялық 4
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.2 Диалектілерге қатысты қалыптасқан фонетикалық 28
ерекшеліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұлғасы мен мазмұны сәйкес 34
лексемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.4 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі имитатив негізді сөздердегі дыбыс 37
сәйкестіктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Сөздік
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы
Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары
туралы ілім
Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Лингвистика – тіл туралы ғылым
Лингвист – тіл маманы
Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін
ілім
Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін
зерттейтін ілім
Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен
жасалған термин
Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен
жасалған термин
Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре
айту құбылысы
Семиотика – таңбалар жүйесі
Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін
сала
Синхрония – гректің бір кездегі
Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық
тәсілі
Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту
құбылысы
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Агглютинативті тілдер мен флективті тілдердің
өзіндік ерекшеліктері мен ортақ тұстарын айқындау алдымен жекелеген
тілдерді салғастыра зерттеуді қажет етеді. Сол себепті де агглютинативті
сипатқа ие түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілі мен флективті сипаттағы
герман тілдеріне жататын ағылшын тілінің фонетикалық құрылымындағы
ерекшеліктерді, екі тілдегі дыбыстық өзгерістердің табиғатын салғастырмалы
деңгейде зерттеу қазақ тіл білімінде ғана емес жалпы түркі тіл білімі үшін
де өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда ұлтаралық қатынастардың
дамуына байланысты, әртүрлі тілдік топтарды және құрылымы жағынан мүлдем
алшақ тілдерді типологиялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі де туындап отыруы
да қазақ және ағылшын тілдерін салғастыра қарастырудың көкейкестілігін
айқындап отыр.
Зерттеу нысаны – қазақ және ағылшын тілдеріндегі дыбыстық өзгерістер.
Зерттеу пәні - қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық жүйесі.
Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдері фонетикалық
жүйесіндегі дыбыстық өзгерістердің типологиялық сипаттамасын жасау. Осы
мақсатқа орай мынадай міндеттерді шешу көзделді:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жергілікті диалектілерге қатысты
орныққан дыбыстық ерекшеліктерді көрсету;
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың
типологиялық ерекшеліктері айқындау;
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі имитатив негізді сөздердегі дыбыс
сәйкестіктерін саралау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде ретінде Аракин
В.Д., Буранов Дж., Исаев М.К.,Айғабылов А., Нұрмағамбетова Ә., Аманжолов
С., Омарбеков С., Жүнісов Н., Жүсіпов М.,Құсайынов К.Ш., т.б. еңбектері
алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Тіларалық қатынастардың дамуына байланысты
қазіргі тіл білімінде салғастырмалы-типологиялық әдісті қолдану -
генетикалық жағынан алыс тілдерді бір-бірімен салыстырғанда аса маңызға ие.
Бұл әдіспен зерттеу нәтижесінде жеке тілдерге тән ерекшеліктер мен
тіларалық сәйкестіктерді жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туады. Сондықтан
жұмысты орындау барысында негізгі тәсіл ретінде салғастырмалы-типологиялық
әдіс қолданылды, сондай-ақ салыстырмалы-тарихи әдіс, жинақтау, қорыту,
сипаттау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, бір тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНІҢ ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақ және ағылшын тілдерінің фонологиялық жүйесі
Компаративистика үшін фонологиялық типологияның практикалық мәні зор.
Фонологиялық типологияның aлғы шарты әлем тілдері әртүрлі болса да, барлық
адамзат атаулының сөйлеу аппаратының құрылымы бірдей екендігінен шығады.
Дәл осы мәселеге байланысты көптеген зандылықтар қалыптасқан. Мәселен,
әлемнің әртүрлі тілдеріне тән палатализация құбылысын айтуға болады. Бұның
мәні тіл арты дауыссыздары (орыс тіліндегі - к, г, х) езінен кейін тіл алды
дауыстылары (орыс тілінде - и, е) келсе, өз характерін өзгертіп, айтылуын
жұмсартады. Бұл кұбылысты лиигвотехникалық тұрғыдан түсіндіруге болады:
тілдік аппаратты тіл арты дыбыстарының артикуляциясынан тіл алды
дыбыстарының артикуляциясына тез бейімдеп, ауыстыру өте қиын. Кейде
палатизация тіл арты дыбыстары (к, г) африкаттарға (ч, ц, дз қос дыбыстар
типтеріне) ауысуымен де ерекшеленеді. Тіл жүйесінде палатизация құбылысы
кездесетін тілдердің ортақ ештенесі жоқ, бірақ, типологиялық ортақ
ерекшеліктердің кездесуін, мысалы, орыс тілінде пеку-печет, итальян тілінде
аmісо- аmісі (дос-достар), ағылшын тілінде lieutenant [lu`tɛnənt]
(лейтенант), ал канадалық ағылшын тілінде lieutenant [lɛf`tenənt]
дегендерді тілдердің фонологиялық жүйесіндегі универсалды типологиялык
заңдылықтар деп түсінуіміз керек.
Тіл білімі фонетикасы жалпы фонетика және жеке тілдердің фонетикасы деп
екіге бөлінеді. Көптеген зерттеулерге қарағанда, жалпы фонетика сөйлеу
дыбыстарын акустикалық және артикуляциялык жақтан зерттейді де, олардың сөз
мағынасына қатынасы есепке алынбайды. Бұл заңды жағдай. Өйткені жалпы
фонетика жеке бір тілге қатысты емес, ол жалпы тілдерге ортақ фонетикалық
заңдылықтарды тексереді.
Жеке тілдердің фонетикасы барлық тіл дыбыстарын үш аспектіде
-акустикалық, физиологиялық, лингвистикалық жақтан зерттейді. Қазақ тілі
фонетикасы жөнінде де осыны айтуға болады.
Фонетика мен фонологияның зерттелу тарихына көз жүгіртсек көптеген талас
пікірлерді кездестіреміз. Бірсыпыра еңбектерде фонология фонетиканың
синонимі ретінде қолданылады. Ал кейбір Батыс Еуропа лингвистері бұл екеуін
бір-біріне қарсы қояды. Ағылшын тілінде дәстүр бойынша фонология
қолданылады. Француз тілінде фонетика мен фонологияны бір-бірінен ажыратып
қарамайды. Ф. де Соссюрдің пікірінше, фонология дыбыстардың атқаратын
функциясына қарап зерттелуі тиіс.
Фонемалардың тіркесу теориясының негізін салушылардың бірі Н.С.Трубецкой
болды. Ол өзінің Основы фонологии деген еңбегінде: В каждом языке фонемы
сочетаются по специфическим для данного языка законам, которые необходимо
устанавливать для каждого языка отдельно, - деген болатын [1,274].
XX ғасырдың 30 жылдарында Прага лингвистерінің ұсынған
программасында фонология мен фонетиканың айырмашылығы шектеліп,
айқын бөлініп көрсетілді. Бұлайша бөлу сөйлеу дыбыстары ішінен
фонемаларды табуға сүйелініп жасалды. Сонымен бірге, бұл бағдарламада
тілді жүйе ретінде қарау және түрлі тілдер фонологиялық жүйесінің
структуралық заңдарын белгілеу талап етілді [2]. Олардың концепциясы
бойынша, тілдің жалпы грамматикалық және лексикалық кұрылысын
фонема жүйесі мен осы жүйенін, ерекшеліктері анықтайды. Сондықтан да
фонология структуралық зерттеулердегі негізгі пән ретінде тіл білімінде
оқшауланып бөлініп шығарылды. : .
Жоғарыда структуралистердің фонетика мен фонологияға шек қоятынын айтып
кеттік. Мәселен, Н.С.Трубецкой фонетиканы тілдегі дыбыстардың физика-
физиологиялық табиғатын, ал фонология әрбір нақтылы тілдегі дыбыстардың
мағына ажырату функциясын зерттейтін ғылым деп түсіндірді.
Тілдердің фонетикалық және фонологиялық жүйесіне типологиялық
тұрғыдан талдау жүргізілгенде, ондай талдау-сипаттамалар жіктеліп,
әрқайсысы өз алдына дербес сала ретінде берілуі қажет. Ал дәстүрлі
фонетикамызда оның бәрі араласып кеткені дау туғызбайды. Дыбыстардың
жасалымы (артикуляциясы), айтылымы (акустикасы), естілімінің
(перцепциясы) өзіне тән ұғымдары мен атаулары бар. Оларды бір-бірімен
араластырмай, жеке-жеке талдап шығу - фонетикалық зерттеудің басты
ұстанымы.
Фонологиялық талдау үндесім (сингармонизм) заңына лайық жүргізіледі.
Себебі қазақ фонологиясы дегеніміз үндесім фонологиясы болып табылады.
Қазақ фонологиясының ақиқат табиғатын тек үндесім фонологиясы тұрғысынан
талдағанда ғана дұрыс танимыз. Сондықтан да, қазақ дыбыстары үндесім заңы
тұрғысынан өз алдына дербес талдануы тиіс [3,12].
50-шы жылдары А.А.Реформатский өзінің Тіл, структура және фонология
атты мақаласында фонологияға байланысты басты ұғымдардың негізін салды. Ол
кіснің айтуынша, фонология - кез келген тілге тән фонема туралы, оның
жүйелік-құрылымдық бірлігі туралы ілім. Ғалым: Члены системы
взаимосвязаны и взаимообусловлены в целом, поэтому и число элементов и их
соотношение отражаются на каждом из членов. В понятие системы входят не
только однородные элементы, составляющие систему, но и отношения между
ними,- дейді [4,516].
А.А.Реформатский орыс тілінін дауыссыз дыбыстарының ерекшелігіне
тоқталады: Егер орыс тіліндегі жуан дауыссыздарды жіңішке дауыссыздармен
алмастырса, ол сөздер әртүрлі мағына береді. Мысалы: кон-конь, мол-молъ,
кров-кровь т.б. Дыбыстардың мұндай әртүрлі сөз құру қабілетінің өзі орыс
тілінің фонетикасына қандай фонемалар кіретінінің айғағы. Бұл сөздер
қосағының екеуі де жіңішке дыбысқа аякталса, онда орыс тілінің дауыссыз
дыбыстары жуан және жіңішке болып жіктелетінін аңғармаған болар едік.
Ағылшын және неміс тілінде дауыссыз дыбыстардағы жуан-жіңішкелік ешқандай
рөл атқармайды. Бүл тілдерде ондай белгі жоқ. Есесіне бұл тілдерде дауысты
дыбыстардың созылыңқы және қысқа айту белгісі бар (ол орыс тіліне тән
емес): салыстыр. нем. іһm і:m оған - іm предлог; ағыл. Sit отыру -
seat si:t орьіндық.
А.А.Реформатский. жүйе және құрылым сөздеріне анықтама бере келе: С
и с т е м a - единство или совокупность однородных взаимообусловленных
элементов. Структура - единство разнородных элементов (например, система
рычагов, система мер, энергетическая система, система фонем или структура
почвы, структура книги, структура предложения, структура языка) [5,25],-
дегенді айтады.
Тілді жүйелердің жүйесі түрінде алып қарастыру тіл білімінің негізгі
тұжырымдарының бірі болып саналады. Тіл бір-біріне тәуелді бірнеше кіші
жүйелердің байланысынан, тығыз қарым-қатынасынан тұратын біртұтас жүйені
құрайды. Жалпы жүйе, кұрылым ұғымдарын айқындау тілдің жүйелі сипаты
мен құрылымдық қасиетін танып білуге көмектеседі. Тілдік жүйе - табиғи
тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам грамматикалық құрылыстың
тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы [6,
246].
Тілдің белгілі бір құрылымы және қызметі бар, бірбүтін жүйелі құбылыс
ретінде өмір сүреді. Тілдің жүйелілік сипатын айқындау тілдің ішкі
заңдылықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген
ғалымдар тілдің осы қасиетіне ерекше назар аударған. Тілдің біртұтас жүйе
екендігі алғаш peт XIX ғасырда неміс тілшісі В.фон Гумбольдтің еңбектерінде
сөз етілді. Ғалым: Тілде жеке дара ештене жоқ, оның әрбір элементі тек
бүтіннің бөлшегі түрінде ғана көрініс береді,- деп тілдің өзі бірнеше
бөлшектердің жиынтығынан, олардың өзара байланысынан тұратын түтас құбылыс
екенін айтты [7,268].
XX ғасырдан бастап лингвистикада тілдің жүйелілігі, тілдің
құрылымы деген қағидалар тұрақты ғылыми теория ретінде орнығып,
ғалымдар тарапынан кен колданысқа ие бола бастады. Бүл кезендегі
зерттеулердің теориялық негізін салушы ғалымдар қатарында Ф де Соссюр
мен Бодуэн де Куртене болды. Тіл жүйесі теориясын жасауда әсіресе Ф.де
Соссюр үлкен үлес қосты. Ғалымның ойынша, әрбір тіл бөлек-бөлек
жүйелер. Ол жүйелер өзара тығыз байланыста тұратын әртүрлі элементтерден
құралады.
Жүйе элементтерінің мәні оларды бір-біріне ұқсастыру немесе қарама-
қарсы қоя қарау арқылы айқындалады. Тілдік жүйе дегеніміз - таңбалар
жүйесі, элементтер қатынастарының жүйесі. Ф.де Соссюр тіл жүйесінің
диахрондық, синхрондық күйде даму сипатын ашты. Алайда ол тілдік жүйені тек
синхрондық түрғыда зерттелуі керек, оны диахрондық сипатта зерттеу тілдің
жүйелік қалпын нақты көрсетпейді деп тұжырымдады. Ғалым тілдік жүйені
таңбалардан тұратын таңбалық жүйе деп карастырды.
Жүйе, құрылым үғымдары күрделі обьектінің ерекшеліктері екендігін Ф. де
Соссюр система - совокупность единиц, в которой каждая единица
определяется всеми другими, т.е.получает, свою характеристику деп
көрсеткен [8,42]. Одан әрі ғалым: ...тіл - барлық элементтері бір бүтінді
құрайтын жүйе, ал бір элементтің маңыздылығы тек өзгелермен қатар
колданғанда ғана айқындалады, - деп, тілдің жүйелілігіне баса назар
аударды [8,147].
Ғалымның тілді элементтері бір-бірімен тығыз байланыста болатын, өзінің
тәртібіне бағынатын жүйе ретінде анықтауы қазіргі тіл білімі үшін де өз
маныздылығын жойған жоқ. Өйткені тілді жүйелік касиеті бар құбылыс, барлық
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бағынышты (тәуелді),
біртұтас кұбылыс деп қарау тілдің табиғатын, бүтін мен оны кұрастырушы
бөлшектердің арақатысын, атап айтқанда, бүтіннің оны құрастырушы
бөлшектерге (тілдік элементтерге) тәуелділігін, керісінше, бөлшектердің
бүтінге (тілдің бүтіндей жүйесіне) тәуелділігін айқындауға мүмкіндік береді
[9,68].
Тілдік жүйе - кез келген табиғи тілдің бір-бірімен қатынаста, байланыста
тұрып, белгілі бір тұтастықты, бірлікті тудыратын тілдік элементтердің
жиынтығы. Жүйе кұрамындағы бөлшектер, тұлғалар жүйе элементтері деп
аталады. Тілдік жүйе құрамындағы бөлшектердің өзара жымдасып, берік
бірлікте, шартты қатынаста болуын талап етеді.
Б.Қалиев тілдік жүйе болу үшін бес шарт орындалуын алға тартады:
бірінші, бір заттан ешқандай жүйе тумайды. Жүйе болу үшін бірнеше зат болу
керек. Екінші, ол көп заттың біртектес болуы шарт. Үшінші, кез келген
біртектес көп зат жүйелі бола бермейді. Ол үшін олар белгілі бір тәртіпке
келтірілген болуы керек (мәселен, жіктік, септік жалғауларының реті т.б.).
Төртінші, тәртіпке келтірілген заттардың элементтері өзара байланысты,
шартты қатынаста болуы қажет. Бесінші, ол элементтер бүтінге тәуелді болуы
шарт. Міне, осы сияқты керектер мен шарттар түгел болса ғана
жүйелілікті іздеуге болады.
Тілдік жүйе деп бір-бірімен байланысып түрған, тәртіпке түскен,
біртектес тілдік элементтер мен олардың өзара қатынастарының,
байланыстарының жиынтығын айтамыз [10,69].
Жүйенің қасиеттерін, оның құрылымы мен субстанциясының бүтіннің
элементтерінің арасындағы қатынастардың схемасын құрылым деп атайды. Ал
жүйе, қалай болған күнде де, белгілі бір құрылымның болуын аңғартады.
Дегенмен, жүйе тек құрылымнан ғана тұрмайды. Әрбір жүйе оған өте-мөте тән
және бір-бірімен байланысты үш түрлі атрибуттың - кұрылым мен субстанцияның
және қызметтің (функция) ұштасып келуінен және олардың диалектикалық
бірлігінен құралып, өмір сүреді және дамиды.
Тілдік жүйе, тілдік құрылым (структура) деген терминдер өзара тығыз
байланысты. Бірақ олар тепе-тең емес, бір-бірінен өзгешеліктері бар. Екеуі
де тілдік элементтер қарым-катынасы мен байланыстарының жиынтығы. Бұлардың
бір-бірінен айырмашылығы: жүйе - тілдік элементтердің және олардың
қатынастары мен байланыстарының жиынтығына қатысты үғым болса, ал құрылым -
тек қатынастар мен байланыстарға ғана қатысты ұғым [2,23].
Құрылымсыз жүйе болмайды, жүйе бар жердің бәрінде құрылым бар. Құрылым
қатынастардың қаңқасы (схемасы) дегенді білдірсе, осыған орай құрылым ұғымы
жүйенің бір ғана шағын жағы - оның реляциялы (қатынасты білдіруші) қаңқасын
сипаттайды. Ал жүйе ұғымы - құрылым үғымынан әрі кең, әрі күрделі ұғым.
Жүйе - рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Сонымен жүйе
құрылымға ие болатын, белгілі бір мақсатты орындау үшін осы құрылымды
субстанция арқылы іске асыратын ұйымдасқан, ретке келген бір бүтін
(организованное целое) ретінде қаралады.
Тілдегі құрылым әртектес элементтердің арақатынасынан және бірлігінен
тұрады. Ол элементтер мыналар: а)дыбыс (фонема), э)морфема, б)сөз,
в)сөйлем. Бұл элементтердің арасындағы айырмашылықтар -сапалық
айырмашылықтар. Демек, аталған тілдік элементтер бір-бірінен сапасы жағынан
ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның қызметі айқындап береді.
Тілдік жүйе - өте көп қабатты құбылыс. Қазіргі тіл деңгейлерінің
әрқайсысы жеке-жеке жүйе болып табылады. Сонымен бірге, олар өз ішінде
бірнеше шағын не ұсақ жүйелерге бөлінеді. Мысалы, тілдің фонетикалық
деңгейі өз ішінде дауысты-дауыссыз дыбыстар жүйесіне дауыстылар - жуан-
жіңішке, ашык-қысаң, еріндік-езулік болып, дауыссыздар үннің қатысына қарай
- қатаң, ұяң, үнді, жасалуына қарай тағы бірнеше топқа бөлінеді. Осындай
жағдайды басқа тіл деңгейлерінен де көруге болады. Сонда біртұтас тіл
жүйесі дегеніміз - фонетика, лексика, морфология, синтаксис ірі
деңгейлердің жүйесінен тұратын жүйелердің жүйесі болып шығады.
Тілдік жүйе бір-бірімен тығыз байланысты: тіл деңгейлері, тіл
бірліктері, парадигматика, синтагматика, тілдің таңбалылығы, тілдің формасы
мен функциясы, тілдің сыртқы және ішкі жағы, диахрония-синхрония, анализ-
синтез, гетрогендік-гомогендік т.б. ұғымдармен байланысты жеке тілдердің
даму ерекшеліктеріне сай, тереңдетіліп зерттелуде.
Тіл атаулыға тән құрылымдық-жүйелік сипат оның зерттелетін обьектіні
тұтас күйінде танып білуге мүмкіндік тудыратын қызметімен анықталады.
К.Аханов Жүйесіз нәрсені еске сақтау киын деген қағидаға сүйене келе,
тілдік бірліктердің құрылымдық деңгейлеріне, олардың тығыз
байланысқа түсер сатылы қарым-қатынасына аса зор мән береді. Ғалым
жекелеген элементтер арасында сақталатын заңдылықтар, тілдің құрылымдық
жүйесі өзгеше танымдық процесті құрайды деп есептейді [11,34].
Тілдерді жүйелеу - сайып келгенде дүние жүзіндегі тілдерді белгілі бір
таксономиялық топқа жатқызу. Тілдерді жүйелеу мәселесі тілдерді
салғастырған кезде пайда болады.
Тілдерді жүйелеудің негізгі екі түрі болады: генеологиялық (тектік) және
типологиялық жүйе. Генеологиялық жүйенің негізін туыстық түсінігі құраса,
типологиялық жүйеде негізге ұқсастық түсінігі алынады (формалды не
семантикалық ұқсастық) [12,242].
Тілді бір-бірімен байланысты жүйе және құрылым бойынша тілдің әр түрлі
деңгейінде қарастыру (мәселен, фонема, морфема, сөйлемнің құрылымы және
т.б.) әр тілдің табиғатын толық ашуға мүмкіндік береді. Бір тілдің
құрылымын екінші тілдің құрылымымен салыстыру арқылы оларға тән жеке және
жалпы зандылықтарды анықтауға болады.
Әлем тілдерінің жалпы лингвистикалық табиғатын неғұрлым терең танып
білуде, тілдің грамматикалық құрылысын тұтас бір жүйе ретінде, оның
грамматикалық құрылысындағы құбылыстарды, тілдік бірліктерді өзара тығыз
байланысты қарауды лингвистикалық типология өз үлесіне алған.
Күрделі иерархиялық құрылымға ие деңгейлер арасында ең біріншісі де,
негізгісі де - тілдік бірлігі фонема болып табылатын фонологиялық деңгей.
Оны анықтау үшін фонетика мен фонологияның, дыбыс пен фонеманың ара
жіктерін ашып алған абзал.
Фонетика гректің Phone (дыбыс, дауыс) деген сөзінің негізінде
қолданысқа еніп, қалыптасқан. Фонетика – тіл дыбыстарының жүйесін, олардың
жасалу жолдарын, тіркесу заңдарын, бір-бірімен қатынасын, сөздердің
фонетикалық құрылысын зерттейді. Тіл білімінің фонетика деп аталатын
бөлімініңнегізгі обьектісі- дыбыс.
Кез келген сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі
сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды.
Фонемалық дыбыстар да қалай болса солай тіркесіп, сөз құрай бермейді. Сөз
бен дыбыстың арасында заңды бірліктің болуы шарт. Сөз бен дыбыстың бірлігі
мынада: 1. Сөз болмаған жерде дыбыс жоқ. 2. Дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс –
сөздің материалы. Фонема – тіл дыбыстарының мағына айқындайтын кезеңін
қарастырады.
Л.Б. Щербаның айтуынша, сөзді және сөздің тұлғасын ажырататын дыбыс
типі, дыбыстардың айтылу түрі көп, шегі жоқ. Бірақ олар орайласып, бір
дыбыс типін құрайды, оны фонема деп ұғамыз [13, 17].Л.В. щерба фонема және
фонема варианттары жөнінде теорияны жасады.
Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Әріп пен дыбыстың бірнеше
айырмашылықтары бар: 1. Әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге,
қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан,
оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек
көзбен көруге болады. 2. Әріп құбылмалы емес, үнемі бір белгімен
таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Әріптердің бәрін дербес фонема деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың
бірқатары екі дербес дыбыстың қосындысы, мысалы, я= й+а; ю= й+у; ё= е+о.
Енді біреулері ешқандай дыбысты белгілемейді, олар кейде тілдегі қатар
айтылған кейбір дауыссыз дыбыстар мен дауысты дыбыстарды ажыратып айту
үшін, кейде дауыссыз дыбыстардың не жуан не жіңішкелігін көрсету үшін
алынған шартты таңбалар ь, ъ .
Әріп дыбыстардың таңбасы болғанымен, оның саны тілдегі дыбыс санымен
бірдей болуы шарт емес. Әрбір тілдің ерекшелігіне байланысты, жазуда
жеңілдік тудыру үшін, жазу тіліндегі әріп саны әртүрлі болып келуі мумкін.
Дыбыс таңбасын әріп деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен әріп
бар дейміз. Дыбыс пен әріп – екі басқа нәрсе. Біріне – бірін қатыстырып,
шатастырмасқа тиіс. Дыбыс – естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, әріп –
көрінетін, естілмейтін нәрсе [14,146]
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды (қосымшаларды) ажыратуға қызмет
ететін болса, фонемалардың да негізгі қызметі сол. Ахмет Байтұрсыновтың
айырым белгі теориясы бойынша, егер белгілі бір дыбысты екінші бір дыбыстан
нақты айырып тұратын белгісі болмаса, ондай дыбыстық бірлік фонема деп
танылмайды, тілдің дыбыстық парадигмасына кірмейді.Яғни ол дыбыстардың
фонемалық статусы жоқ дегенді білдіреді.
Қазіргі қазақ тілінде оқулықтарда көрсетілгендей, 37 дыбыс, 42 әріп
бар. Қазақ тіліндегі сөз мағынасын және сөз тұлғасын түрлендіруге жарайтын
фонемалар дыбыстар мыналар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л,
м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э.
Алайда профессор Б.Қалиев 42 әріптің ішіндегі в, е, и, у, ф, х, ц, ч,
щ, ь, ъ, э, ю, я деген 14-і қазақ дыбыстарының таңбалары емес,олар орыс
сөздерінде кездесетін дыбыстардың таңбалары. Егер осы 14 әріпті орыс
тілінің дыбыстары деп есептеп, оларды қазақ тілі әліпбиінің құрамынан
шығарып тастасақ, онда қазақ тілінде небәрі 28-ақ әріп (дыбыс) қалады,
-дейді ғалым [15,57].
Фонема - тілдегі дыбыстық жүйені құрайтын бірлік. Ол мағыналық
бірліктерді (морфемаларды) ажырату үшін қажет. Абстрактылы бірлік ретінде
фонема дыбысқа қарама-қарсы қойылады, өйткені дыбыс нактылы бірлік
[12,258],
Қ.Жұбанов фонологияның басты мәселесінің бірі - фонема туралы мынадай
құнды пікірлер айтқан: 1) Бір сөз екінші сөзден өзге болу үшін біреуінің
бір-ақ бөлшегінің өзгеше дыбысталуы жеткілікті, түгелімен өзгеше дыбысталуы
шарт емес, 2)Бір ғана дыбысы басқа болса да, бір ғана дыбысы артық я кем
болса да немесе бір дыбысы да басқа, я артық-кем болмай-ақ, дыбыстардың тек
түзілу тәртібі басқа болса да, сездер бірінен бірі басқа болады, 3)Бір
тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының ұшы-қиыры жоқ, бірак, оның
бәрінің сапасы әртүрлі бола бермейді. Сапасы әртүрлі болатын дыбыстар
белгілі мөлшерде ғана болады, көп болмайды [16,59].
Фонема туралы айтылған бұл үш түрлі ереже күні бүгінге дейін ғылыми
маңыздылығын жоғалтқан жоқ, қайта олар фонологияның негізгі қағидасына
айналып отыр. Қ.Жұбанов бір сөз екінші бір сөзден өзгеше болу үшін бір-ақ
дыбыс жеткілікті екенін көрсетіп, фонеманьщ сырын дұрыс түсіндіреді.
Сөздерді және оның тұлғасын өзгерте алатын кішкене мүшені (дыбысты) -фонема
деп таниды.
Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатын дыбыстардың
типін - фонема деп атаймыз. Мысалы, ән, ен, он, өн секілді создерде
біріңғай н дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерінен н дыбысы бірде жуан он,
бірде жіңішке ен, өн, ән, бірде еріндік он, өн, бірде езулік ән, ел болып
біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір
ғана фонема болып танылады. Бір фонеманың айтылуының мү-ндай бірнеше түрі
тіл білімінде аллофондар деп аталады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен
формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема кейде бірінің
орнына бірі синоним ретінде қолдана береді. Ал орыс тілінде олай емес,
дауыссыздардың жуан, жіңішке айтылуының (угол-уголь, стол-столь, тол-толь,
кон-конь т.б.) сөз мағынасына әсері болады. Сондықтан орыс тілінде дауыссыз
дыбыстардың әрқайсысы жеке фонема (негізгі дыбыс) деп есептеледі [14,8],
Фонемалар қандай да болмасын тілдің фонетикасынан бөлек алынып, жеке
қаралмайды, дербес қолданылмайды, тек сөзде ғана қолданылады. Сөз
дыбыстардың заңды тіркесімінен құралады. Сөз ішінде фонема түрлі
фонетикалық жағдайларға байланысты, сөздегі алатын орнына, екпіннің жайьша
қарай әртүрлі айтыла берілуі мүмкін [13,17]. Ол фонеманың қомбинаторлық не
позициялык, варианттары деп аталынады. Тілдегі дыбыстың қайсысы болмасын,
белгілі бір фонеманың көрінісі. Фонема және оның варианты диалектілік
бірліктегі категория. Варианттар фонетикалық жағдайға тәуелді болса, ал
фонема тәуелсіз болады. Бір фонеманың комбинаторлық варианттары екінші
фонемаға үйлес келмейді. Фонема дегеніміздің өзі - мағына айқындау
функциясы бар ақустикалық жағынан шектелген дыбыстар тобы [17,24].
Тілдік жүйенің негізгі қабаттарының алғашқысы фонологиялық деңгей болып
табылады. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, фонема тілге тиесілі екі үлкен
роль атқарады. Бір жағынан, ол дыбыстарға тән жалпы ерекшеліктерді,
мәселен, дауысты, дауыссыз, жуаң, жіңішке т.б. көрсетсе, екінші жағынан,
кей дыбыстарға тән жеке ерекшеліктерді де (мәселен, тіл алды, тіл арты,
шұғыл, ызың) айырып береді. Алайда, типологиялық зерттеулердің мәртебесін
дыбыстардың фонетикадық ерекшеліктері (айтылуы, естілуі) турғысынан емес,
фонологиялық қызметі түрғыдан талдау керектігін ескерген жөн.
Функционалдық (қызметтік) жағынан да фонема үлкен мәнге ие. Ол басқа
тілдік деңгейлердің, мәселен, тілдің морфологиялық деңгейінің (морфема,
сөз), синтаксистік деңгейінің (сөз тіркесі, сөйлем) құрылымдық материалы
болып табылады. Бұл - фонеманың конститутивті қызметі. Екінші жағынан,
фонема бір морфеманы басқа морфемадан ( -лар, -лер), бір сөзді екінші
сөзден (он, ән, өн) ажыратуға ықпал етеді. Фонеманың бұл кызметі -
ажыратушы (различительная) немесе дистинктивті қызмет деп аталады.
Бұлар фонеманың ең негізгі қызметтері. Ең кіші дыбыстық бірлік ретінде
фонема сөздер мен морфемалардың дыбыстық құрамын ажыратуға көмектеседі.
Сонымен, фонема тілдің фонологиялық деңгейінің негізгі бірлігі ретінде
екі түрлі қызмет атқарады екен [18,66]. 1 .Конститутивтік функция, тілдің
морфологиялық және басқа деңгейлерінде фонема тілдің құрылыс материалы
болып табылады (фонемасыз не морфема, не сөздер өмір сүре алмайды);
2.Дистинктивтік функция, яғни оны айыру (различительная) функциясы деп те
атауға болады. Өйткені ол бір морфеманы басқа морфемадан, бір сөзді өзге
сөзден айыру мүмкіндігін береді.
Сондай-ақ, фонема адамның қатынас-мақсатында үлкен роль атқарады.
Мәселен, В.М. Солнцев [19,219] фонема жөнінде: фонемы - класс физически
сходных и функционально тождественных звуков, -дейді.
Басқа тілдер сияқты, қазақ тілінің фонетикасының негізіне де, анықтама
ретінде академик Л.В.Щербаның мынадай пікірі алынган: Фонема - сөз бен
оның формаларын дифференциялайтын, яғни адамның қатынас-мақсатына қызмет
ететін дыбыстардың типтері болып есептеледі [20, 96]. Ал, Р.И.Аванесов
[21,15] Л.В.Щербаның бұл пікіріне кейбір толықтырулар енгізіп, фонема мен
мағынаның ортасындағы байланыс тікелей жақын болмайды, өйткені форма сөздің
мағынасынан гөрі оның заттық қабыршағын ажыратуға жәрдем береді деп
есептейді.
Фонема туралы ілімнің 1870 негізін көрнекті лингвист ғалым И.А.Бодуэн
де Куртене қалады. Ол өзінің көптеген еңбектерінде әрбір фонеманың тілдегі
артикуляциялық жақын дыбыстар арқылы іске асатынын көрсетті.Бүл жақын
дыбыстар дәл бір дыбыс сияқты айтылады, өйткені бул айту варианттарының
бәрі бір ғана морфеманы құрайды. Дыбыстардың жалпы морфологиялық-
семантикалық мәні түрлі дыбыстардың айтылу варианттарын бір дыбысқа
біріктіреді. Бұл дыбысты сөйлеу процесінен тыс басқа таза физиологиялық
дыбыстар деп ажырату үшін фонема деп атайды.
Бодуэн де Куртене алғашында фонемаға тілдің материалдық бірлігі ретінде
қарады. Бірте-бірте ол фонеманы дыбыс деп қарамай, дыбыс жөніндегі түсінік
деп ұғындыра бастады. Мәселен, ғалым былай деп жазады: Біздің психикамызда
үнемі дыбыс жөніндегі түсінік өмір сүреді, яғни күрделі дыбыс комплексінің
бір мезгілде айтылуын, одан алынган әсерді фонема деп атаймыз.
Бодуэн де Куртене 1895 жылы Опыт теории фонетических альтернаций атты
еңбегі аркылы қазіргі морфонологияның негізін салды. Бұл еңбекте автор
фонетикалық өзгерістерді морфологиялық деңгейде түсіндіреді. Яғни ол
кісінің айтуынша, альтернация дегеніміз - бір тектес морфемалар құрамындағы
әр тектес фонемалардың түбірдің тұлғалануы
процесінде өзгеруі. Мысалы: везу- воз (ео), несу-нош (сш), муха-мушка,
(хш). Жақша ішіндегі дыбыстар бір-бірімен альтернат деп аталады 115.
Фонемаларға материалдық, психикалық элемент ретінде идеалистік
трактовка бергеніне қарамастан, Бодуэн де Куртененің тілдегі фонема
құрылысын табуы - тіл білімі дамуындағы жаңа бетбұрыс болды.
Ф.де Соссюр де фонетикаға қатысты бірнеше жаңалық енгізді: І.Ол кісі
фонетика мен фонологияны бөліп қарады. Фонологияның пәні -дыбыстың
физиологиясы, фонетиканың міндеті - дыбыстардың эволюциясын білу. 2. Соссюр
фонетиканың орнына фонологияны енгізуді жақтады. Сөзде манызды роль дыбыста
емес, сөзді сөзден айыратын айырым - дыбыста, фонемада деді [22,111].
Осы уақытқа дейін тюркологияда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін
сингармонизм заңдылығы түрғысынан зерттеуші фонетист ғалым Ә.Жүнісбеков
фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді емес екенін
айтады [23,60]. Ол үндіевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс
тілдерінде фонема сәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бөлек, түркі
тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді
[24,6]. Бүл - түркі тілдерінің жүйесіндегі сингармонизм зандылығымен
сабақтас.
Сингармонизм - гректің sun бірге және hanmoni байланысу
деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. Тіліміздегі
байырғы сөздер не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады. Мысалы:
жуан сөздер: балалар, қалалар, қаралау. Жіңіщке сөздер: үйлерді,
тереземіз, әжелер.
Өзге тілдерден енген кірме сөздер сингармонизм заңынва
бағынбайды. Мысалы, мұ-ға-лім-дер, кі-тап-тар. Алайда оларға қазақ тілінің
қосымшалары соңғы буын негізінде жалғанады. Мысалы, пио-нер- лер-ге, де-
путат-map-ғa. Тілімізде дыбыс үндестігімен қатар ерін үндестігі де бар.
Ол еріндік о, ө, ү, ү дыбыстарынан құралған сөздердің келесі буынының
құрамын еріндік дыбыстарға жақындатып айтылады.
І.Алғашқы буындағы о немесе ү дыбыстары екінші буындағы ы, дыбысын ұ-
ға айналдырады. Мысалы: орын - орұн, құлын - қүлұн. Бұл жерде жуан
дауыстының еріндікке алмасу құбылысы көрініс тапқан. Ал ашық дауысты а
дыбысына о-ның да, ұ-ның да әсері байқалмайды. Мысалы: орақ, құрақ.
2.Алғашқы буындағы ө немесе ү дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге
айналдырады. Мысалы: көрік - көрүк, күдік - күдүк. Мұнда жіңішке қысаң
дауыстының еріндікке алмасу процесі көрінеді.
З.Алғашқы буындағы ө немесе ү дыбыстары екінші буындағы е дыбысын ө-ге
айналдырады. Мысалы: өлең - өлөң, күрек - күрөк. Алайда езулік дыбыстардың
еріндікке алмасуы тек қана айту нормасына жатады, жазуда оны елемейміз.
Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бірыңғай жуан дауыстылар,
не бірыңғай жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы
буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың
әуекіне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бүлайша үндесуі
лингвальдық (латын тілінің тіл деген сөзі бойынша жасалған)
сингармонизм деп аталады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындагы ауытқулардың сөздің мағынасы мен
тулғасына әсері жоқ деуге болады.
Белгілі бір тілдердегі фонемалардын инвентарін анықтауда көптеген
қиындықтардың кездесетіні белгілі, Қазақ тіліндегі фонемалардың санын
көрсетуде де едәуір алшақтық бар. Heгe деген сауалға жауап беру үшін
фонема сөз мағынасын ажыратады деу жеткіліксіз [25,65]. Сондықтан да
фонемалар дыбыстардың типтері дсген қағидаға (постулатқа) сүйенген
абзал. Өйткені фонема бірнеше дыбыс түрінде өмір суреді. Фонемалар санының
әртүрлі болуының себебі: а Фонема туралы ұғымның анық, айқын болмауы; ә
Фонема мен дыбыстың тепе-тең деп қаралуы.
Белгілі бір бөтен тілдің дыбыстық жүйесін қарастырған зерттеуші
Сол тілге тән дыбыстық құрылымы тұрғысынан қарайды. Мысалы,
В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский қазақ тілінің
консонантизм жүйесін орыс тілінің дыбыстық жүйесінің ыңғайымен жуан
л,р, жіңішке л,р жеке, дербес дыбыстар бар деп тұжырымдады.
Шынында да бұл дыбыстар қазақ тіліндегі фонологиялық көзқарас
бойынша бір фонеманың жуан, жіңішке ренктері болып табылады. Орыс
түркітанушылары бұл дауыссыздарды жеке-жеке төрт дыбыс деп тануы,
жоғарада айтылғандай қазақ тілінің дыбыстық жүйесін орыс тілі
дауыссыздарының дифференциалдық белгісінің ыңғайында қарастырумен
байланысты. [25,72].
Қандай да бір фонема өзінің орны мен тіркесіміне байланысты әртүрлі
вариантта болуы ықтимал. Мәселен, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды
(қосымшаларды) ажыратуға қызмет ететін болса, бұл фонеманың да негізгі
қызметі болып саналады. Мысалы, ат, ет, от, өт секілді сөздерде біріңғай т
дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерінен т дыбысы бірде жуан ат, от,
бірде жіңішке ет, өт, бірде еріндік от,өт, бірде езулік ат,ет болып
біршама ауыткушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір
ғана фонема болып танылады. Демек, сөз дыбыс емес, фонемадан қүралады.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен
формасына ешқандай әсері жоқ деуге болады.
Фонологиялық онпозициялар біртектес тіл бірліктерінің айырым білгілері
болып табылады. Мысылы, қазақ тілінде мал — тал ; орыс тілінде дом - лом,
ағылшын тілінде sun sʌn 1. күн; 2. son sɒn бала; ұл. Фонологиялық
оппозиция теориясын жасаушы Н.С.Трубецкой және басқа ғалымдар фонологиялық
оппозиция терминін функционалды (мәнді) бірліктермен қатар функционалды
емес (мәнсіз) бірліктерге қатысты қолданды.
Н.С.Трубецкой алғаш рет оппозиция типтерін жүйеледі және оларды үш
ұстаным бойынша топтастырды: а) аталмыш оппозицияның бүкіл оппозиция
жүйесіне қатысы; б) оппозиция мүшелері арасындағы қатынастар бойынша; в)
мағына ажырату мүмкіндіктер көлеміне карай [22,411].
Бұл жағдайда пайда болған аллофондар немесе бір фонеманың варианттары да
тілдің фонологиялық деңгейінің бір бөлігі болып табылады. Морфема мен
сөздің құрамындағы фонемалар берік кезектестікті сақтайды: фонемалар буынға
бірігеді, оларды сөйлеу ағымының сегментациясы бөлігі ретінде қарастыруға
болады.
Дифтонг - екі элементтен құралған, мүшеленбейтін, бір буын құрай алатын
күрделі дыбыс. Мысалы, қазақ тілінде оқиды, ки сөздерінде кездесетін и
дыбысы дифтонг больш табылады.
Сегменттік бірліктер деп аталатын фонема және оның
аллофондарымен (варианттарымен) бірге фонологиялық деңгейдің
қатарына жоғары сегментті немесе суперсегментгі бірліктер - екпін мен
интонация кіреді.Сонымен, тілдің фонологиялық деңгейі фонемадан, және оның
аллофондарынан (варианттарынан), буын, екпін және интонациядан құралады
екен. Салыстырмалы-типология бойынша алынған фонологиялық зерттеулер мына
материалдар негізінде жүргізіледі: а)әртүрлі жүйедегі (туыс емес) тілдер
арасында; ә) жақын, туыс тілдер арасында; б)туыстығы алыс тілдер арасында.
Олай болса, туыс емес екі тілдің фонетикасын-фонологиясын салғастыра
салыстыра зерттеу көптеген тілдік ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік
жасайды.
Қазақ және ағылшын тілдерінің әр түрлі туыстық тілдер тобына
жататыны белгілі: қазақ тілі түркі тілдер тобына жататын болса, ағылшын
тілі үндіеуропа, оның ішінде роман тілдерінің бірі болып табылады. Қазақ
және ағылшын тілдерінің арасындағы типологиялық айырмашылық фонетика
деңгейінде де баршылық. Екі тілдің арасындағы дыбыс құрамында (дыбыс
санында) дыбыстардың түрленуіне (аллофондарына), буын жүйесіне сөз
деңгейіндегі просодикасына (қазақ тілінде сингорманизм, ағылшын тілінде
екпін), сондай ақ фонетикалық құбылыстарына қатысты екені белгілі.
Белгілі ғалым М.Ж. Жүсіпов фонетикалық интерференцияның шығуын зерттеу
барысында өзінің Звуковые системы русского и казахского языков и обучение
произношению деген монографиясында осы дыбыстық интерференцияның ненің
салдарынан пайда болғанын анықтайды.
Автордың пікірінше, тілдердің фонетикалық жүйелерінің айырмашылықтары
фонетикалық интерференцияның жүзеге асырылуының негізгі себебі болып
табылады. Сондай тілдердің айырмашылықтарына келесілер жатады: 1) Различия
в составе фонем и их позиционных разновидностей в русском и родном языках;
2) в произносительных доминантах артикуляционных баз. 3) В строение слога и
динамике слогообразования и слогоделения в русском и родном языках; 4)
особенности сингорманизма казахского языка. [27, 163]
Ж.Әбуұлы қазақ және орыс тілдерін салыстыру нәтижесінде қазақ тілінің
сингорманизмдық ерекшелігі орыс тілін үйрену барысында интерференциялық
құбылыстарға әкеледі деген тұжырымдамаға келеді [28,47].
Ағылшын тілі үндіеуропа тіліне жатады, ал ол тілдерге сингорманизм
белгісі мүлдем тән емес, сондықтан да ағылшын сөздерін дыбыстау кезінде
қазақ ағылшын фонетикалық интерференциясы кездесуі мүмкін. Енді екі тілді
(қазақ және ағылшын) ажырататын екінші факторға тоқтайық. Ол тілдердің
фонетикалық жүйелеріндегі дыбыстардың құрамы. Қазақ тіліндегі дыбыстардың
құрамы туралы арнайы әдебиетте пікірлер кең тараған, мысалы К.Андабаеваның
пайымдауынша қазақ тілінде 17\19 дауыссыз дыбыс бар екен [29,736]. Осы
пікірге орай дыбыс құрамын санап көрсек, фонетикалық жүйеде 34 фонема ғана
бар. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны 34 болады. Қазақ
грамматикасы атты еңбекте төл дауыссыз дыбыстардың саны 17 деп атайды;
қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар:
б,д, ғ,г, ж,з, қ,к, л,м, н, ң, п, р, с, т, ш [30]. Ал С.Мырзабековтың
айтуынша қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар [31, 200]. Ал ағылшын тілінде
24 дауыссыз дыбыс бар, дауыстылардың саны 20 [32].
Қазақ, ағылшын фонетикалық жүйелерінің дыбыс құрамын № кестеге
шығарып, салыстырып көрейік.
Қазақ, ағылшын фонетикалық жүйелерінің дыбыс құрамы.
Қазақ тілі Ағылшын тілі
дауысты Дауыссыз дауысты Дауыссыз
а б н i u: B s
ә д ң o C t
ə:
і ғ\г п e ei D v
е ж р æ oi F w
ұ з с u au Q x
ү й т ə H z
ou
о қ\к у i: J
iə
ө л ш o: ə P
ы М a: uə R
Ең алдымен қазақ, ағылшын тілдерінің дауыссыз дыбыстарын салыстырып
көрелік. К. Андабаеваның [29] дауыссыз дыбыстардың саны 17\19 деп, ағылшын
тілінде 24 дауыссыз деп екі тілдің дыбыстарын салыстыру барысында мынадай
тұжырымдамаларға келеді:
1) Қазақ және ағылшын тілдерінде қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар
бар.Дауыс қатысына қарай қазақ және ағылшын дауыссыздары бірыңғай
жіктелінеді екен;
2) Дауыссыздар жасалу орнына қарай бірыңғай ортақ белгілері бар.
Екі тілде де ерін еріндік (билабиал) дауыссыздар бар, сондықтан
еріндік топтағы дауыссыз дыбыстар қазақ және ағылшын тілдеріне ортақ болып
шықты.
Екі тілде де тіл ұшы дауыссыздары бар. Тіл ұшы топтағы дауыссыз
дыбыстар қазақ және ағылшын тілдеріне ортақ екен.
Тілдің үсті арқылы жасалатын дауыссыздардың жай басқаша болып шықты.
Қазақ тілінде к, г, ң, и тіл ортасы арқылы жасалады, ал қ, ғ, ң, й тілшік
(увулярный) арқылы жасалады. Ал ағылшын тілінде k, g, ng, j тіл арты
(заднеязычный) арқылы жасалады. Сонымен, қазақ тілінде тіл арты арқылы
жасалатын дауыссыз жоқ, ал ағылшын тілінде тіл ортасы арқылы жасалатын
дыбыс жоқ. Ендеше бұл топтағы дауыссыз дыбыстардың жасалу орны екі тілде
екі түрлі болып шықты, бір бірімей үлеспей тұр. Жасалу тәсілі бойынша қазақ
тіліндегі және ағылшын тіліндегі дыбыстар ұқсайды. Жасалу тәсіліне қарай
ұқсас дыбыстар жеткілікті.
Екі тілде де тоғысыңқы (смычный), жуысыңқы (щелевой), діріл
(дрожащий) және жанама (боковой) дауыссыздар бар. Сөз басындағы дж
аффрикатына лайық ағылшын аффрикаты бар. Жасалу тәсіліне қарай бір біріне
ұқсас дыбыстар жеткілікті.
Ағылшын тілінде мына дауыссыздар жұп құрайды: d-t, b-p, k-g, z-s, dɜ-
tf, p-ɵ, v-f, қазақ тілінде d-t, b-p, k-g, z-s, s.
Қазақ тілі дауыссыздар жүйесінде эквиваленті жоқ ағылшын фонемалары dɜ-
tf, p-ɵ, v-f артық жұп құрайды.
Қазақ, ағылшын тіліндегі дауысты дыбыстары да ұқсас келмейді, өйткені
қазақ тілінде төл дауысты дыбыстар тығыз: а,ә,і,е,ұ,ү,о,ө,ы, ал ағылшын
тілінде 20 дауысты дыбыс: [a:], [e], [i], [o], [u], [y], [æ], [ə], [ə:],
[iə],[uə],[ə],[ei],[ai],[oi],[au],[ ou],[i:],[o:], [u:]. Осы дыбыстардың
ұқсастығы да айырмашылығы да бар. Дауысты дыбыстардың айырмашылығы: 1)
дауыстылардың құрамы екі тілде бірдей емес, өйткені біреуінде 9 (қазақ),
екіншісінде 20 (ағылшын), ағылшын тілінде он бір дауысты дыбыс артық.
2)қазақ және ағылшын тілінде де дауысты дыбыстылар жалаң (жалқы) және
құранды егізек болып екі топқа бөлінеді. Жалаң дауыстыларға а,ә,ы,і,ұ,ү
дыбыстары, ал құрамды дыбыстыларға о,ө,е дыбыстары жатады. Ағылшын тілінде
де жалаң және егізек дауыстылар бар. Жалаң дауыстылар: [i], [o], [u], [y],
[æ], [ə], [ə:],[i:],[o:], [u:]. Ағылшын тіліндегі дифтонгтар:
[iə],[uə],[ə],[ei],[ai],[oi],[au],[ ou].
Сонымен қоса, қазақ және ағылшын тіліндегі дыбыс құрамдарын
салыстырумен бірге дыбыстардың түрленімінің ерекшелігіне назар аудару
керек. Қазақ тіліндегі дыбыстардың позициялық алмасу түрлері мен олардың
түрленімінің ерекшелігінде.
1-кесте – Ағылшынның дауыссыз фонемаларын таңбалайтын графемалар
–Дауыссыздар(Consonants
IPA
фонема графема(grapheme мысал(example
(phoneme
p p, pp, ph, pe, gh pill, happy, Phuket, tape, hiccough
b b, bb, bh, be bit, rabbit, Bhutan, tribe
t t, tt, ed, pt, th, ten, bitter, topped, ptomaine, thyme,
ct, te ctenoid, hate
d d, dd, ed, dh, de Dive, ladder, failed, dharma, made
g g, gg, gue, gh, gu go, stagger, catalogue, ghost, guilt
k c, k, ck, ch, cc, cat, key, tack, chord, account,
cch, qu, q, cq, cu, saccharin, liquor, Iraq, acquaint,
que, kk, kh, k biscuit, mosque, trekker, khan, make
m ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz