Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту



1. Алғы сөз
2. Модульдік технология арқылы оқытудың зерттелу жайы
3. Оқушылардың іскерлік қарым.қатынас тілін модульдік технология арқылы оқытудың лингвистикалық, педагогикалық және психологиялық негіздері
4. Қазақ тілі сабағында оқушылардың іскерлік қарым.қатынас тілін модульдік технологиямен оқытуда қолданылатын әдістер
5. Қазақ тілі сабағында оқушылардың іскерлік қарым.қатынас тілін оқытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар
6. Қазақ тілі сабағында оқушылардың іскерлік қарым.қатынас тілін дамытуға байланысты жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі
7. Қазақ тілі пәнін модульдік жүйе бойынша оқыту тәжірибесінен
8. Қорытынды
9. Әдебиеттер тізімі
Білім беру технологиялары – оқытудың ұтымды жолдарын зерделейтін, оқу үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді мақсатты түрде жұмылдыратын, оларды сабақта жүзеге асырудың жолдарын көрсететін, жаңа ұстанымдар жүйесін ендіретін күрделі құбылыс. Педагогикалық технология туралы пікірлер Г.С.Сельевко, В.П.Беспалько, М.М.Левин, Б.Т.Лихачев, Ж.А.Қараев, Б.Әбдікәрімұлы, М.Мәлібековалардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Кейінгі уақытта біздің елімізде де қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Атап айтар болсақ, «Оқытудың
үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы (Ж.А.Қараев, Ж.У. Кобдикова), жүйелілік негізде оқыту (Т.Т. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту (Қ.А.Әбдіғалиев, Н.Н.Нұрахметов т. б. ), модульдік оқыту
(М.М.Жанпейісова, К.Жақсылықова, З.Бейсенбаева), жобалай оқыту технологиясы (А.Сатбекова), сатылай кешенді талдау (Н.А.Оразахынова.) және т.б. технологияларды жатқызуға болады.
Ғалым-әдіскер К.Жақсылықова жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін модульмен оқыту жайлы жазылған зерттеу жұмысында: «Модульмен оқыту жайындағы түсінігімізді тағы былай толықтыруымызға болады. Біздің ойымызша, модульмен оқыту ішіне оқытушы, оқушы және оларды біріктіретін оқу ұжымының дербес даму сипаттамасы да енуі тиіс. Яғни, оқу үрдісінде әрекет жасаушы екі жақтың (оқытушы мен оқушы) танымдық және тұлғалық деңгейінің жетілуіне, жандануына мүмкіндік жасайтын оқытуды модульмен оқыту жүйесі деп атау керек» [2, 70 б.]. Сондай-ақ К.Жақсылықова модульдік оқытудың ұстанымдары, модуль бағдарламасы, модульмен оқыту мазмұнын сұрыптау және оны ұйымдастыру т.б. мәселелерді ғылыми тұрғыда сөз етеді де, тілді оқытуда модульді қолдану әдістемесіне де ерекше мән береді. Оны мына сөзінен көруге болады: «Сонымен қатар оқу тобының ұжымға айналу үрдісі жеделдейтін, өзіне тән әрекеттестік пен қарым-қатынаста негізі қаланған мүмкіндіктерді іс жүзінде пайдалану белсенділігі артатын оқыту да модульмен оқыту болмақ», – дейді [2, 95 б.].
Педагогика ғылымдарының докторы З.Бейсенбаева тіл білімінің бір саласы сөзжасамды модульдік технология негізінде оқытуды дәлелдей отырып: «Модульдік оқыту технологиясының мақсаты – білім бағдарламасының мазмұнын іске асыруға жағдай жасау; іріленген блок-модуль түріндегі оқу единицаларын игеру арқылы кешенді дидактикалық міндетті орындау. Модуль – нақты мақсатқа құрылған оқу элементтерінен тұратын модуль бағдарламасының дербес дидактикалық бірлігі. Оқу элементтері – жеке мақсатты іске асырудағы оқу материалының дидактикалық бірлігі», – деп қорытынды жасайды [3, 106 б.].
Оқыту технологиясы туралы пікірлер басқа да ғалымдар зерттеулерінде кеңінен сөз болады. Бұл туралы ғалым М.М.Жанпейісова: «Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы», – деп тұжырымдайды [4, 5 б.]. Зерттеуші әдіскер ғалымдардың еңбектері жан-жақты талданып, жұмысымызға әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.
1 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. (Оқу құралы). – Алматы: РБК, 2000. – 207 б.
2 Жанпейісова М.М. Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде (Аударған Д.А.Қойшыбекова). – Алматы, 2002. – 180 б.
3 Бейсенбаева З. Жоғары оқу орындарында сөзжасам пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. п.ғ.докторлық дисс. ... – Алматы, 2004. – 322б.
4 Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілді бөлімдерде модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері: п.ғ.докторлық дисс. ... 13.00.02. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001. – 397 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІСКЕРЛІК
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТІЛІН ДАМЫТУ

Құрастырушы автор:
Рецензенттер:

Ана тіліне тек қарым-қатынас құралы деп қарамай, оны ұлттық тіл
мәдениетінің жоғары көрсеткіші ретінде оқытуда егеменді елдің экономикасы
жан-жақты даму үстінде, соған лайықты бәсекеге қабілетті еліміз үшін
мамандар дайындап, өндіріске қосуда олардың терең білімділігімен қоса,
іскерлік қарым-қатынасты меңгеруінің де орны айрықша болып отыр. Біз
ұсынып отырған әдістемелік құрал осы мақсаттағы іс-тәжірибеміздің жемісі
болып табылады.

АЛҒЫ СӨЗ

Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілінің ана тілі ретіндегі
ұлттық бояуы мен болмысын таныта отырып, оқушыға ұлттық тілдің қасиет-
сапасын меңгертудің маңызы өте зор. Сондықтан ана тіліне тек қарым-қатынас
құралы деп қарамай, оны ұлттық тіл мәдениетінің жоғары көрсеткіші ретінде
оқытуда егеменді елдің экономикасы жан-жақты даму үстінде, соған лайықты
бәсекеге қабілетті еліміз үшін мамандар дайындап, өндіріске қосуда олардың
терең білімділігімен қоса, іскерлік қарым-қатынасты меңгеруінің де орны
айрықша болып отыр. Күні ертең-ақ қоғамдық-әлеуметтік ортаға баратын мектеп
оқушыларын тілдің теориялық жағынан гөрі, іскерлік қарым-қатынас жағдайында
жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Әрі сонымен қатар бұл
жастағы жеткіншектер дайын теориядан гөрі, практикалық әрекет нәтижесінде
өздерінің тұжырымын жасауды қалайды.
Қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтарында іскерлік қарым-қатынасты
оқыту кенже қалып келе жатқан мәселелердің бірі.
Тілдің қарым-қатынас құралы қызметін атқаратыны жайлы пікірлер бұдан
бұрын да айтылғанымен, тілдік қарым-қатынастың тіл білімінің жеке мәселесі
ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді.
Ғалым Ф.Ш.Оразбаева тілдік қарым-қатынастың бүгінгі таңдағы орны
туралы айта келіп, оның өзіндік ерекшелігін былайша саралайды: Тілдік
қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай
ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны
бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың
жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының
түп қазығы дегенді білдіреді [1, 178 б.].
Берілген анықтамаға сүйенсек, тілдік қарым-қатынасты меңгеру сөзді
орнымен жұмсау шеберлігіне, адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас
жасауына алып келетіні байқалады. Жалпы білім беретін мектеп оқушысына өз
ана тілінің тілдік қарым-қатынасын әрі ғылым ретінде, әрі практикалық
тұрғыда меңгеру әлдеқайда мазмұнды әрі қызықты болатыны сөзсіз. Бірақ
жоғары білім беретін мектепте іскерлік қарым-қатынасты оқытуда оның осы
ерекше қыры көп байқалмай, назардан тыс қалып келеді. Оған іскерлік қарым-
қатынасқа мектеп оқулықтарында аз ғана сағат бөлінгені, соған сай берілген
жаттығу өзіндік ерекшелігінің ескерілмеуі, түрлі іскерлік қарым-қатынасты
мәтінмен жұмыстың өз деңгейінде ұйымдастырылмауы ықпал етіп отыр.
Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол
мамандарды даярлау міндеті бүгінгі мектептің басты да негізгі мақсаты екені
даусыз. Осы мақсатты іске асыруда, ең алдымен, оқушыларға іскерлік қарым-
қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде. Әдістемелік
құралдың маңыздылығы осы айтылғандарға байланысты айқындалады.

Модульдік технология арқылы оқытудың зерттелу жайы

Білім беру технологиялары – оқытудың ұтымды жолдарын зерделейтін, оқу
үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді мақсатты түрде жұмылдыратын, оларды сабақта
жүзеге асырудың жолдарын көрсететін, жаңа ұстанымдар жүйесін ендіретін
күрделі құбылыс. Педагогикалық технология туралы пікірлер Г.С.Сельевко,
В.П.Беспалько, М.М.Левин, Б.Т.Лихачев, Ж.А.Қараев, Б.Әбдікәрімұлы,
М.Мәлібековалардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Кейінгі уақытта біздің елімізде де қазақстандық мектептер
үшін оқыту технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра
зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Атап айтар болсақ, Оқытудың

үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы
(Ж.А.Қараев, Ж.У. Кобдикова), жүйелілік негізде оқыту (Т.Т. Ғалиев),
шоғырландырып-қарқынды оқыту (Қ.А.Әбдіғалиев, Н.Н.Нұрахметов т. б.
), модульдік оқыту
(М.М.Жанпейісова, К.Жақсылықова, З.Бейсенбаева), жобалай оқыту технологиясы
(А.Сатбекова), сатылай кешенді талдау (Н.А.Оразахынова.) және т.б.
технологияларды жатқызуға болады.
Ғалым-әдіскер К.Жақсылықова жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде
қазақ тілін модульмен оқыту жайлы жазылған зерттеу жұмысында: Модульмен
оқыту жайындағы түсінігімізді тағы былай толықтыруымызға болады. Біздің
ойымызша, модульмен оқыту ішіне оқытушы, оқушы және оларды біріктіретін оқу
ұжымының дербес даму сипаттамасы да енуі тиіс. Яғни, оқу үрдісінде әрекет
жасаушы екі жақтың (оқытушы мен оқушы) танымдық және тұлғалық деңгейінің
жетілуіне, жандануына мүмкіндік жасайтын оқытуды модульмен оқыту жүйесі деп
атау керек [2, 70 б.]. Сондай-ақ К.Жақсылықова модульдік оқытудың
ұстанымдары, модуль бағдарламасы, модульмен оқыту мазмұнын сұрыптау және
оны ұйымдастыру т.б. мәселелерді ғылыми тұрғыда сөз етеді де, тілді оқытуда
модульді қолдану әдістемесіне де ерекше мән береді. Оны мына сөзінен көруге
болады: Сонымен қатар оқу тобының ұжымға айналу үрдісі жеделдейтін, өзіне
тән әрекеттестік пен қарым-қатынаста негізі қаланған мүмкіндіктерді іс
жүзінде пайдалану белсенділігі артатын оқыту да модульмен оқыту болмақ, –
дейді [2, 95 б.].
Педагогика ғылымдарының докторы З.Бейсенбаева тіл білімінің бір саласы
сөзжасамды модульдік технология негізінде оқытуды дәлелдей отырып:
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты – білім
бағдарламасының мазмұнын іске асыруға жағдай жасау; іріленген блок-модуль
түріндегі оқу единицаларын игеру арқылы кешенді дидактикалық міндетті
орындау. Модуль – нақты мақсатқа құрылған оқу элементтерінен тұратын модуль
бағдарламасының дербес дидактикалық бірлігі. Оқу элементтері – жеке
мақсатты іске асырудағы оқу материалының дидактикалық бірлігі, – деп
қорытынды жасайды [3, 106 б.].
Оқыту технологиясы туралы пікірлер басқа да ғалымдар зерттеулерінде
кеңінен сөз болады. Бұл туралы ғалым М.М.Жанпейісова: Оқыту
технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді
меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді:
яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды,
ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар
арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру,
өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және
жазбаша) дамытуға бағытталуы, – деп тұжырымдайды [4, 5 б.]. Зерттеуші
әдіскер ғалымдардың еңбектері жан-жақты талданып, жұмысымызға әдістемелік
тұрғыдан басшылыққа алынды.

Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін модульдік технология арқылы
оқытудың лингвистикалық, педагогикалық және психологиялық негіздері

Тілдің қатысымдық қызметі – адамның тіл арқылы алуан түрлі қарым-
қатынасқа түсуі. Оқытудың қатысымдық қызметі тілді жан-жақты меңгеру,
хабарлау, суреттеу, диалогтік, монологтік, көркемдік-тілдік құралдарды
пайдалануды талап етеді.
Лингвистикалық талдаулар негізінде іскерлік қарым-қатынас жайлы
берілетін білім мазмұнының көлемін, ұғымдар жүйесін, оларды толық меңгеруге
мүмкіндік беретін теориялық мәліметтер мен дағдыландыратын практикалық
жаттығулар жүйеленді.
Қатысым дегеніміз – әрекет. Оның ұйымдастыру амалдары мен нұсқасы
болады. Сондықтан біз қатысымдық әрекеттің негізіндегі сөйлеу нұсқаларына
байланысты тілдік құралдарды анықтадық. Әдістемелік әдебиеттерде қарым-
қатынас құралдарын сөйлеудің екі нұсқасымен байланысты анықтайды. Олар:
ауызша және жазбаша. Ал бұлардың әрқайсысына тән икемділіктері мен
дағдылары, қарым-қатынас әрекетінің құралдары, сөйлеудің бұл нұсқаларын
игерудің өзіндік жолдары бар.
Іскерлік қарым-қатынас тілін дамытуда дағдылар төмендегідей бағытпен
жүзеге асады: 1. Лексикалық дағдысын қалыптастыру; 2. Грамматикалық
дағдысын қалыптастыру.
Сондықтан біз зерттеуімізде іскерлік қарым-қатынас тілін дамытуды
мынадай жүйеде құрдық:
- сөйлеуге қажетті лексикалық материалдар беру үшін лексикалық
икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру;
- оқушы өз ойынан сөйлем құрастыра білу үшін грамматикалық ұғымдарды
сауатты қолдану дағдысын қалыптастыру мен дамыту;
- оқушының сөйлеуі нәтижелі болу үшін мәтін құрастыра білу
икемділігін жетілдіру.
Жоғарыдағы пікірлерді тұжырымдай келгенде, модульдік технология арқылы
іскерлік қарым-қатынас тілін дамытудың мәні мен мазмұны баланың қарым-
қатынас жасау үшін ана тілінің жүйесі мен заңдылықтарын білу, сол меңгерген
білімдерін басшылыққа ала отырып, өзін қоршаған өмірдегі ұғымдар негізінде
ойлау икемділіктерін арттырып, оларды күнделікті қарым-қатынас пен өз
тәжірибесінде түрлі орындар мен ахуалдарға орай пайдалана білу
шеберліктерін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан біз зерттеуімізде
оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту икемділігі мен дағдыларын
қалыптастыруды лингвистика, психология, педагогика ғылымдары негізінде
анықтап, қатысымдық іс-әрекет теориясын әдіснамалық модель ретінде негізге
алдық.
Қазақ тілі сабағында модульдік технология арқылы оқушылардың іскерлік
қарым-қатынас тілін дамыту – өзекті мәселе. Жалпы оқушыларды мектеп
қабырғасынан осы іскерлiк қарым-қатынастардың тілін білуге, үйренуге
тәрбиелеудің мәні зор. Бүгінгі оқушы – ертеңгі іскер азамат, яғни ол –
еліміздің болашағы. Сондықтан оқушыларға іскерлiк қарым-қатынасты
инновациялық технологияға сүйене отырып оқыту қажет.
Модульдiк оқыту негiзiне П.Я.Гальпериннiң тұжырымдамасы, оның ақыл-ой
әрекетiн кезең-кезеңмен бiртiндеп қалыптастыру теориясы алынған. Бұл
теорияның негiзiнде отандық психологияның iргелi қағидасы – психикалық жаңа
түзiлiмдер үрдісiнiң әрекеттiлiк тәсiлi, адам психикасы мен iс-әрекетiнiң
бiрлiгiн тану жатыр.
Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін модульдік технология арқылы
оқыту – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен
дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы
тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да
танымдық қасиеттерінің жан-жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрі. Оқушы
– білім алуда негізгі психологиялық үрдістерді басынан кешуші субъект.
Қазіргі кезеңде педагогика-психологияның өзекті мәселелері қатарында оқу-
танымдық қызмет жүйесінің маңызды екі компоненті – мұғалім мен оқушының
субъект- субъектілік қарым-қатынас мәселесі қойылып отыр.
Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін модульдік технология арқылы
оқытудың психологиялық негіздерін анықтауда жоғарыда айтылған теориялық
және практикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді тұрақтандыруды мүмкін
ететін психикалық үрдістер қарастырылады. Ғалымдар психиканың түйсіну,
қабылдау, ойлау немесе қиял процестерінің ұйымдасқан жүйесі ретінде
зерттелуі – бүгінде осы процестердің өздерін зерттеуді ғана емес, сонымен
қатар жүйелер мен жалпы объектілердің табиғаты жөніндегі түсінігімізді
тереңінен қайта ұғынуды талап етеді деп түсіндіреді.
Оқушылардың рухани қызығуын туғызу үшін қазақ тілі сабағында
модульдік технология арқылы іскерлік қарым-қатынасты оқыту кезінде мынадай
жұмыстар жүргізуге болады:
• оқушылардың іскерлік қарым-қатынасқа деген қызығушылығын дамыту.
Ол үшін оқушыларға іскерлік қарым-қатынасқа байланысты түрлі
мазмұндағы мақалаларды оқытып, интеллектуалдық бағдарламаларды,
оқушылар арасында өткізілетін түрлі сайыстарды көрсетіп, олар
туралы пікір алысады, соның нәтижесінде оқушы:
• іскерлік қарым-қатынас туралы терең мағлұмат алады;
• тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті артады;
• тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді.
Қарым-қатынасқа түсу барысында ұлы ойшылдар мен ғұламалар, ақын-
жазушылардың қанатты сөздері мен ана тіл, туған жер, еңбек,
тәрбие т.б. туралы айтқан ұлағаты мол толғамдары, даналық
сөздерінің мәтіндерін оқи отырып, өз ұлтына, оның сарқылмас
қайнары мол мұрасына деген құрметі артады, сүйіспеншілігі
қалыптасады:
• Қарым-қатынас – оқушының әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуіне, тіл
мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе
білуіне, яғни көңілдегі көрікті ойды көркем сөзбен жеткізе білуге
бағыттау. Бұл бағытқа іскерлік әңгімелер, іскерлік келіссөздер,
іскерлік ойындар, мәселелік жағдаяттарды шешу жатады.
Орындалатын мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық белсенділігін
туғызады, білім алудың жолдарын іздестіруге мәжбүр етеді;
• Білімді жүйелеу. Бұл кезең әр сабақтың алдында жүргізіледі. Оның
мақсаты – оқушы игерген білімнің беріктігі, нақтылығын анықтау. Ол
жаңа білімді өз мәнінде игеруге бағытталады. Білімді жүйелеу
кезеңіне жүйелілік, нақтылық, беріктілік ұстанымы негіз болады;
• Іскерлік қарым-қатынас кезіндегі психологиялық жағдай. Мұғалім мен
оқушы арасында сыйластық, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген
қамқорлығы, ықыластылық, мейірімділік, ынтымақтастық, табиғилық,
әдептілік, сыпайгершілік сияқты қасиеттер орын алуы керек.
Психологтардың жоғарыда көрсетілген тұжырымдарын негізге ала отырып,
мектеп оқушыларының іскерлік қарым-қатынасқа түсу барысында мынандай
тұжырымдар жасауға болады: іскерлік қарым-қатынас кезінде шешен сөйлей
білудің қажеттілігі, іскерлік қарым-қатынас кезінде өз алдына мақсат қоя
алуы, ойды жоспарлай білу, ой ұшқырлығын дамыта алу, өзінің шығармашылық
қабілетін дер кезінде көрсете білулері.
Іскерлік қарым-қатынасты орнатуда баяндаушы тыңдаушының қатысымдық
мүмкіншілігін ескере отырып, жағдайды бағдарлайды. Оның негізінде іштей
жоспар жасайды, өз ойын неден бастаған жөн, пікірін қалай жеткізгені дұрыс
екендігін түйіндей келе ой мен тілді байланыстырады.
Іскерлік қарым-қатынас әңгімесінің мазмұны қатысушылардың өмірдегі
тәжірибелеріне, алға қойған мақсаттарына, тақырыптың қажеттілігіне
байланысты қарастырылады. Іскерлік қарым-қатынасқа түсушілер алдына мынадай
мақсат жоспарлауы мүмкін:
- бір нәрсені хабарлау, айту;
- әңгімелесушіден өзіне қажетті ақпаратты сұрау;
- болған оқиғаға, нысанаға тыңдаушының көңілін аудару;
- өзінің пікірлерін, бақылауларын, қорытындыларын хабарлау;
- әңгімелесушілерге немесе басқа біреулерге қатысты фактілерді
анықтау;
- бір іске өзінің келісімін, қарсылығын білдіру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, күнделiктi өзгерiп жатқан
осынау кездегi оқу-тәрбие үрдісі әр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның
өзiне тән сана, сезiм, ерік, өзiндiк әрекет жасай бiлетiн бағыт-бағдары бар
қабiлеттi іскер азамат қалыптастыруға мүмкіндік жасайтынын ескере отырып,
мынадай мiндеттердi жүзеге асыру керек деп пайымдаймыз:
- оқушылардың бiлiмге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой
қабiлетiн, диалектикалық дүниетанымын ұштау, өмiрлiк мақсат-мүддесiн
айқындау, жеке басының қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске
асыруға көмектесу, қазақ тілі сабағында модульдік технология арқылы іскер
азаматтарды дайындауға барынша ат салысу;
- ата-бабамыздан берi келе жатқан ұлттық мұраны қадiрлеп, санасына
сiңiру, сол арқылы ұлттық менталитетін қалыптастыру;
- бәсекеге қабiлеттi азаматтарды тәрбиелеу үшiн дарынды балаларды
анықтау, олардың қабiлетiн дамытуға жан-жақты жағдай жасау;
- жаһандану үрдiсiн өз мағынасында түсіне білетін, жер тағдыры мен ел
тағдырын, табиғат және адам өмiрiнiң бiрлiгiн терең сезiнетiн азаматты
тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениет пен өнер негiзiнде жан-жақты эстетикалық тәрбие
беру, әдемiлiкке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету.
Қорыта келгенде, модульдік технология арқылы іскерлік қарым-қатынасты
оқыту кезінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің (жас
ерекшеліктері, мінез-құлқы, сана-сезімі т.б.) ерекше қызмет атқаратындығы
анықталды. Іскерлік-қарым-қатынасқа түсу барысында олардың психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін ескеру жұмыстың нәтижелі болуына өз ықпалын
тигізетінін байқадық.
Педагог-психологтар еңбектеріндегі қарым-қатынас туралы айтылған
ойларды қорытындылай келе, іскерлік қарым-қатынас – әрқайсысының
адамгершілік нормалары және жалпыадамзаттық құндылықтармен қамтамасыз
етілген жеке тұлғаның санасында көрінетін, күнделікті әлеуметтік обьектілер
қатынасында (адамдар, топтар т.б.), іс-әрекетінде жүзеге асатын жүйе деп
айтуға болады.
Модульдік оқыту технологиясының міндетті шарттарының бірі – оқытуды
ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру.
Бүгінгі таңда ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі.
Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу
үрдісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, пәнге деген
қызығушылығын тудырады.
Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса
зор. Оқушылар әртүрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын
іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды
жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу,
проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).
2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау,
пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау,
талқыланған шешімді қабылдау).
3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын
іздестіру).
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде
оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады, ойын барысында жағымды
эмоциялар алып, белсенділiгi артады, сөздік қоры дамиды, жеке тұлғаның
қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Ұсынылған іскерлік ойындарды педагогтің кәсіби шеберлігін дамытуда,
құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге
болатындығын біз зерттеу жұмысын жүргізген кезде анық байқадық және мұны
күнделікті өмір тәжірибесінің өзі де дәлелдеуде.
Қатысымдық біліктілік – сөйлесу әрекетінде оқушының өз ойын еркін
жеткізіп, тілдесушіні жақсы түсіне білуі. Қатысымдық біліктілікке басқа
адамдармен өзара әрекетке түсу, топта жұмыс жасау дағдылары, ұжымдағы
әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеру кіреді.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін модульдік
технологиямен оқытуда қолданылатын әдістер

Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті жоғары жеке
тұлғаны тәрбиелеу мiндетi бүгiнгi мектептiң басты мақсаты екенi даусыз. Осы
мақсатты iске асыруда, ең алдымен, іскерлік қарым-қатынастағы сөз
мәдениетiнiң дұрыс оқытылуы қажет. Бұл бағытта модульдік технологияға
негізделген әдістер мен тәсілдерді таңдап ала білудің мәні зор.
Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне орай қолданылатын әдістер: сөздік
(түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс), көрнекілік
(иллюстрация және демонстрация), тәжірибелік (лаборатория, практика,
графика, әртүрлі жаттығу жұмыстары) басшылыққа алынады.
Солардың бірі – әңгімелесу әдісі. Ол мұғалім мен оқушы арасында жаңа
білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастыратын сұрақ-
жауап тәсілінде жүзеге асады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі
әдісі болып есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер
тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.
Қазіргі таңда дидактика ілімінде оқытудың интербелсенді әдістеріне
мыналарды жатқызып жүр:
- пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;
- эвристикалық әдісі;
- дөңгелек үстел әдісі;
- іскерлік, рөлдік ойындар, тренингтер және т.б.
Бұл аталып отырған интербелсенді әдістер тәжірибемізде модульдік оқыту
технологиясымен жүргізілген іскерлік қарым-қатынасты орнатуға орай
жүргізілген сабақтарда өз жетістігін көрсетіп отырды.
Іскерлік қарым-қатынасты модульдік технологиямен оқыту кезінде
қолданылатын әдістің енді бірі – іскерлік ойындар. Бұл әдіс ойынға
қатысушылардың сан қилы мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін
қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды қажет етеді.
Іскерлік ойындар әлеуметтік немесе ұлттық сипаттағы нақты бір жағдайды
шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады.
Іскерлік ойындардың педагогикалық мәні: оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Іскерлік ойындар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы
өзара қарым-қатынасты айқындап, оқушылардың білім, білігі мен жеке
қасиеттерін тексеру мүмкіндігін туғызады. Іскерлік ойын олардың жеке
қасиеттерін: мақсаткерлік, белсенділік, жауапкершілік, іскерлік, шыншылдық,
шешім қабылдауға икемділік сияқты қасиеттерін дамытады.
Сонымен қатар оқушыларды іскерлік қарым-қатынасты дұрыс жүргізуге
үйрету үшін жоғарыда айтылған әдістермен қатар, күнделікті сабақта жиі
қолданылатын мақал-мәтелдер жинату әдiсiн тiл табысу, тыңдай бiлу әдебi
туралы тақырыптарды өткенде үй тапсырмасын беру кезінде қолданып, нәтижесiн
келесi сабақта сайыс түрiнде көрсетеді. Сөз мәдениетiнiң қосалқы
құралдарының сөз мәдениетiне қатысы туралы өз пiкiрлерiн айтқызу әдiсi де
сабақты тартымды өткiзуге игi әсерiн тигiзедi. Сөз мәдениетiнiң қосалқы
құралдарына ым, ишара, қимыл-қозғалыс әрекеттерi жататыны белгiлi. Әуелi
ым дегендi түсiндiрiп алып, содан соң мұғалiм оның әртүрлi мағыналы
қимылдарын көрсетуi керек.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін оқытуға
арналған тапсырмалар мен жаттығулар

Мұнда тілді оқыту барысында біліктіліктерді қалыптастыруда модульдік
тапсырмалар жүйесінің орны ерекше екендігі айқындалды. Тапсырмалар жүйесі,
біріншіден, оқыту негізі, яғни нақты, айқын нәтижеге жетуге бағытталған
оқушылардың ұйымдастырушылық және өзара байланысты әрекеттерін айқындайтын
болса, екіншіден, ол күтілетін нәтижені бағалау және диагностикалау тәсілі,
әрі тұлға сапаларының, қалыптасып, даму үстіндегі біліктіліктері мен
қабілеттерінің өлшеуіші болып табылады.
Зерттеу жұмысы кезінде басқа да жалпы біліктіліктерді дамытатын
тапсырмаларды да ұсынуға болатындығын байқадық. Мұндай жалпы
біліктіліктерге:
- жұмыстың әртүрлі тәсілдерін қолдана білу;
- өз уақытын тиімді пайдаланып, жұмыс орнын ұйымдастыра білу;
- берілген ақпаратты кесте түрінде көрсете алу;
- ақпарат жинай алу;
- сұрақты дұрыс тұжырымдай білу;
- өз қателерін түсініп есепке ала білу;
- өз сөзімен ақпаратты жеткізе алуды жатқызады.
Іскерлік қарым-қатынас барысында жаңа талаптарға байланысты мұғалім
алдында әр шәкірттің өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын,
талап-тілегін қанағаттандыруына толық мүмкіндік туғызу міндеті тұр. Демек,
білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін қайта қарап, өзгерістер
енгізу арқылы мұғалімдердің іскерлік қарым-қатынасты кеңінен жүргізуіне
мүмкіндік туады. Бұл жағынан алғанда оқушыларға берілетін оқу
тапсырмаларының орны ерекше.
Тапсырма түрі оны орындауға бағытталған әрекет сипаттамасымен
айқындалатындықтан, тапсырманың негізгі түрлері:
- білімді меңгеруге байланысты модульмен берілген тапсырмалар;
- білімді қолдануға байланысты модульді тапсырмалар болып
есептеледі.
Сондықтан қандай да болмасын тапсырманы орындау оқушыны танымдық
әрекетке жетелейді. Яғни, егер тапсырма болмаса, оқушының оқу-танымдық
әрекеті де болмайды, соған сәйкес қарым-қатынас әрекеті де жүзеге аспайды.
Іскерлік қарым-қатынасқа түсуді үйретуге қажетті әдіс-тәсілді оқушының
өзі таңдауына негізделген. Бұл тапсырмалар келесі тәсілдер көмегімен
шешілуі мүмкін:
а) тапсырманы интуициялық ізденіс көмегімен анықтау;
ә) тапсырманы ойлау және тәжірибелік әрекет жүйесін кезең бойынша
қалыптастыру негізінде ұйымдастыру;
б) тапсырманы оқу әрекетін оқушының өзі ұйымдастыру нәтижесінде шешу.
Іскерлік қарым-қатынастың оқушыларды өз бетімен білім алуға дайындауда
көп қырлы мүмкіндіктері бар:
- олар білімге, оқуға қызығушылық туғызады;
- өз бетімен білім алудың мағынасын түсінуге көмектеседі;
- тұлғаның дербестік, белсенділік, ерік, жауапкершілік, мақсаттылық
сияқты дағдыларын қалыптастырады;
- оқушының білім, білік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда бекітеді, оларға
қажеттілік туғызады;
- өз бетімен білім алу әрекетінің білік, дағдыларының қалыптасуына
қолайлы жағдай жасайды.
Қорыта келгенде, оқу үрдiсiне іскерлік қарым-қатынас әрекетінің осындай
көптеген түрiнiң қатысуының маңызы мынада:
- оқудың және оқытудың негiзiн құрайтын еңбек, таным, қарым-қатынас
әрекеттерiнiң арасындағы жан-жақты байланысты анықтау арқылы оқу-танымдық
әрекетi және бүкiл оқу үрдiсi байытылып, толықтырылып отырады;
- қарым-қатынас әрекеттерінің әрқайсысы оқушы белсендiлiгiн өзiнше
арттырады, дербестiгiн туғызады, оқуға қызығушылығын арттырады. Ал осы
әрекет түрлерi бiрiге отырып, оқу үрдiсiнiң нәтижелi болуын күшейте түседi.
Оқу модулінің диалог бөлімінде интербелсенді әдісті қолдану қарым-
қатынасқа түсуге, танымдық әрекетін қалыптастыруға жақсы стимул болады.
Мұғалім жеке оқушыларға көп көңіл бөле алады, өйткені олардың барлығы
белгілі бір іспен айналысады. Бірігіп оқуға, әрекет етуге тән ерекшеліктер
(мақсат пен міндеттің ортақтығы, жеке жауапкершілік пен нәтижеге жетудің
бәріне бірдей мүмкін болуы) мұғалімге әр оқушының әрекетінен хабардар
болуға, олардың әрқайсысына көңіл бөлуге және қажет болған жағдайда көмек
беруге мүмкіндік туғызады. Ал бұл сыныптық-сабақтық жүйе шартындағы әр
оқушыға бағытталған тәсіл болып табылады.
Бұл бөлім оқушылардың өзін-өзі оқытуына, өзін-өзі бағалауына, бірін-
бірі оқытуына және бағалауына негізделіп құрылған. Сонымен қатар,
интербелсенді әдістің ерекшелігіне көңіл аудара отырып, оқушыларға оқу
материалын меңгертуде арнайы жұмыс формаларын, лайықты тапсырмаларды, түрлі
бағдарлы жаттығуларды орындату оқытылып отырған пәннің практикалық тұрғыдан
нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың пәнді
оқып-үйренуге деген қызығушылығын, оқушылардың қиялын, елестетуін, ойлау
қабілеттерін арттырады. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар
ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
Қазақ тілі сабағында модульдік технология арқылы тілдік қарым-қатынас
жасау үшін топтық жұмыстың бірнеше түрлерін жүргізуге болады. Бұл дұрыс
сөйлей білуге үйретеді, оқудағы қызығушылықты арттырады, өзара қатынасты
нығайтады, бір-бірін түсінуге, ұжымды қалыптастыруға итермелейді, топ
алдында оқушы беделін көтереді.
Қатысымдық жаттығуларды шығармашылық жаттығулар деп атауға да болады.
Өйткені кей жаттығуларды орындау үстінде оқушылар өз белсенділіктерін
көрсетіп, алған білімдерін қолдануға ұмтылады, әрі шамаларына қарап өз
бетімен ізденушіліктері пайда болады, себебі олар еске түсіру, ойлау сияқты
жеке қабілеттеріне сүйенеді.
Біздің пікірімізше, тілдік қатынас жалпы адамзат арасындағы ойға,
санаға қатысты болса, ол, ең алдымен, сыртқы нысанды шындықты қабылдаудан,
жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады. Сондықтан баланың сөйлеу
әрекеттерін дамыту үшін қатысымдық тұлғаларды және оның ерекшеліктерін
ажыратып алу керек.
Оқушының модуль арқылы іскерлік қарым-қатынас тілін дамытудың жоғары
деңгейі қарым-қатынас мақсатына орай мәтін құрастыра және сөйлей білу
икемділігі мен дағдысын қалыптастырудан туындайды.
Сондықтан сөйлеу икемділігі мен дағдыларын белгілеу үшін, ең алдымен,
қатысым қалай жүретіндігін анықтап алу қажет.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамытуға
байланысты жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі

Мұнда зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндетіне сәйкес тәжірбиелік-
эксперименттік жұмыстар баяндалған. Біз тәжірибелік жұмыстарымызда
басшылыққа алып отырған жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 10-сыныпқа
арналған Қазақ тiлi бағдарламаларында мұғалiмге жүктелетiн мiндеттер
былай жүйеленген:
1. Қарым-қатынас түрлерiне лайықты сөз әдебiне үйрету;
2. Әлеуметтiк-тiлдiк дағдыларын қалыптастыру;
3. Iс қағаздарының үлгiлерiн сауатты жазуға дағдыландыру.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген міндеттер үдерісінен шығу үшін
тәжірибелік бағдарламамызда модульдік технология арқылы өткізілген
сабақтарға ерекше мән бердік. Оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке үйрету
модульдік технология арқылы жүзеге асты. Сондықтан біз жұмыс түрлерінің
өлшемдерін түрлендіріп отыруды мақсат еттік.
Тәжірибе жұмысы үш кезеңнен тұрды: анықтаушы, қалыптастырушы және
қорытындылау.
Тәжірибе жұмысын жүргізудің алдында, яғни анықтау кезеңінде оқушы
дайындығы ауызша сұрау, сабақтарды бақылау, жазбаша жұмыстар және
әңгімелесу арқылы тексерілді. Соған байланысты бақылау және тәжірибелік
сынып оқушыларының дайындығы, білім деңгейі, іскерлік тілінің дәрежесі
анықталды. Әр кезеңде сабақтар жүйесі оқу бағдарламасының талаптарына
сәйкес ұйымдастырылды. Оқу жоспарына байланысты сабақ құрылымының мақсаты –
модульдік тапсырмалар негізінде оқушылардың іскерлік қарым­қатынас тілін
жетілдіру мен оны практикалық тұрғыдан дұрыс қолдануға негізделді.
Іскерлік қарым-қатынас тілін меңгеру дегеніміз – бұл дұрыс оқылым,
айтылым, тыңдалым, жазылым және тілдесім әрекеттерін дұрыс түсініп, оларды
орынды қолдана білу.
Іскерлік әрекеттің негізінде білімділік, біліктілік пен дағдылар
жатады. Яғни, оқушылар жоғарыда айтылған компоненттер көмегімен іскерлік
қарым-қатынас жасайды, өз ойын ашық жеткізу, сауатты сөйлеу және жазу
дағдылары қалыптасады. Бұл дағдыларды қалыптастыру түрлі жаттығулар
көмегімен жүзеге асты. Мұндай жаттығуларға көбінесе іскерлік қарым-
қатынастың мақсатына сай, мазмұнын ашатын, қоғамдағы жаңа өзгерістердің
бағытына қарай іріктелген материалдар жүйеленіп алынды.
Тәжірибе кезінде өткен материалдың меңгерілу дәрежесі мен бақылау
сынақтары алынып, оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін қолдану деңгейі
анықталып отырды. Модульдік технологиямен оқыту барысында іскерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Қарым - қатынас арқылы шет тілдерін оқыту
Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
Пәндер