Математика және халық ауыз әдебиеті



Кіріспе
1 Математиқалық ертегілер
2 Есеп үлгісіндегі халық ауыз әдебиеті мұралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әр халықтың өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті ар - ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесінің сыннан өткен салт - дәстүрлері пайдаланып келеді.
Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе түседі. Олар: ертегілер, "жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал - мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері, халықтық ойындар мен ойыншықтар.
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді.
Батырлар жыры мен лирикалық дастандар, термелер мен өсиеттер, бесік жыры адамгершілік тәрбиесінің куатты құралдары. Ол жырлар баланы ерлікке, халқын сүюге, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш сезімін тудырады.
Аңыз әңгімелер шыншылдықка, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін кеңейтеді.
Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарыктатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.
Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық, юморлық уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың анайы түрлері де болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр.
Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның мақал - мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн сайын толықтырып отырады.
Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата - бабаны —ардақтауға тәрбиелейді. Философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән - мағынасын сезініп, терең ойлануға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының шешендік сөздері ұлы мұра, терең философия.
Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет - ғұрыптардың заманға сай, ұрпақтарымызды өркендететін орнектерін халық жоғары 'бағалайды. "Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар" - деп халық ең озық дәстүрлерді дұрыс дәріптеп, ұрпақтан - ұрпаққа мол мұра етіп қалдыруда, әдемі әдет, әдемі әдеп, аталық дәстүр, рәсім бәрі - бәрі ғасырлар бойы қалыптаскан халық педагогикасы, адамгершілікке толы үлгі - өнеге. Әрбір ұлттың әдептілік қағидалары сол ұлттың тарихи - мәдени дәрежесін айқыы көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін бейнелеп тұрады. Қазақ халқының әзілқойлығы, қалжыңбастығы ұлттық әдет болса, оның ізеттілігі мен инабаттылығы, меймандостығы, сыйласымдылығы тағы басқа игі әдеттері ұлттық дәстүр болып табылады.
1. Ақадықова Б. "1001 мақал". // Қазақстан мектебі. 2003ж, №7.
2. Ақылбаева М. Қызықты есептер. //Бастауыш мектеп/ 2004ж. №1
3. Асарбаева А. Ұлттық ойындар — халық педагогикасының
құрамдас бөлігі. // Ұлт тағылымы. 2002ж. №2.
4. Баймұханов Б. "Математика есептерін шығаруға үйрету".— Алматы, 1983ж.
5. Біләлова Ж. Математиқалық ұғымды меңгеру.
// Бастауыш мектеп. 2001ж.№і2.
6. Елубаева С. Дидактиқалық ұлттық ойындар немесе
логиқалық есептер. // Бастауыш мектеп. 1991ж.№8.
7. Елубаев С. "Қазақдың байырғы қара есептері". - Алматы: "Қазақстан", 1996ж.
8. Едігенова А. Танымдық кызығуды қалыптастырудағы халық
ертегілерінің мүмкіндіктері.// Қазақстан мектебі. 2003ж.Х«9.
9. Елубаев С. Халық аузындағы еспетердің сипаттары.// Бастауыш мектеп. 2003ж.№2.
10. Қалиева Г. Математиқалық ертегілер. //Бастауыш мектеп. 2002ж.№8.
11. Табыддиев Ә. "700 жұмбақ". -Алматы: "Жалын", 1985ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Кіріспе

Әр халықтың өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін
әділ, ержүрек ізгі ниетті ар - ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл
мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар
бойы қолданып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесінің сыннан өткен салт -
дәстүрлері пайдаланып келеді.
Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе
түседі. Олар: ертегілер, "жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар,
мазақтамалар, мақал - мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері,
халықтық ойындар мен ойыншықтар.
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның
қиялын дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын
нышандарын өрнектейді.
Батырлар жыры мен лирикалық дастандар, термелер мен өсиеттер, бесік
жыры адамгершілік тәрбиесінің куатты құралдары. Ол жырлар баланы ерлікке,
халқын сүюге, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш
сезімін тудырады.
Аңыз әңгімелер шыншылдықка, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге
зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық
түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін
кеңейтеді.
Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарыктатып,
қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.
Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға
тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар
балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық,
юморлық уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке
тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың анайы түрлері де
болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы
сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр.
Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының
мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның
мақал - мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн
сайын толықтырып отырады.
Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата - бабаны
—ардақтауға тәрбиелейді. Философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән
- мағынасын сезініп, терең ойлануға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой
қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле
би, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының
шешендік сөздері ұлы мұра, терең философия.
Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет - ғұрыптардың заманға сай,
ұрпақтарымызды өркендететін орнектерін халық жоғары 'бағалайды. "Дәстүрдің
де озығы бар, тозығы бар" - деп халық ең озық дәстүрлерді дұрыс дәріптеп,
ұрпақтан - ұрпаққа мол мұра етіп қалдыруда, әдемі әдет, әдемі әдеп, аталық
дәстүр, рәсім бәрі - бәрі ғасырлар бойы қалыптаскан халық педагогикасы,
адамгершілікке толы үлгі - өнеге. Әрбір ұлттың әдептілік қағидалары сол
ұлттың тарихи - мәдени дәрежесін айқыы көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін
бейнелеп тұрады. Қазақ халқының әзілқойлығы, қалжыңбастығы ұлттық әдет
болса, оның ізеттілігі мен инабаттылығы, меймандостығы, сыйласымдылығы тағы
басқа игі әдеттері ұлттық дәстүр болып табылады.
Халықтық ойындар мен ойыншықтар бала тәрбиесінде елеулі орын алады.
"Ақсерек пен көксерек", "Алтыбақан" сияқты ойындармен бірге "Көкпар",
"Аударыспақ" тәрізді спорттық сайыстар дене тәрбиесінің асыл арқауы. Жас
қыздар қуыршақ ойынын кейде күрделендіріп "қуыршақ театры" сияқты сюжетте
құрып ойнайтын. Әсіресе қыз баланың үй ішінің тіршілігіне үйренуі осы
қуыршақ ойындарынан басталады. Ертеде ойыншықтарды, көбінесе балалардың
өздері жасап, өз талғамы, өз еңбеп, өз өнері арқылы іске бейімділігін, ойын
дамытып отырған.
¥лттық мерекелер мен тойлардың да тәрбиелік мәні зор. "Шілдехана
тойы", "Тұсау кесер", "Атқа мінгізу", "Наурыз тойы" тағы баска тойлар мен
мерекелер баланы шаттыққа бөлейді. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп,
халық тойға дайындық кезінде баларды өнерге ынталандырып, еңбекке баулиды,
салтанатты салттарды қайта өткізу жолдарын үйретеді. Әулеттік тағылымдар
мен тәжірибелер бір атадан тараған әулеттік тұрмыстық әулеттік, әдептік
өзгешеліктері болып табылады. Яғни әр бір әулеттің өзіне тән қалыптасқан
дәстүрі болады. Дәстүр әдеттен, дағдылану мен әдеппен, қалыптасады. Мысалы,
сәулет өнері белгілі бір әулеттің өзіне тән тәлімдік мұрасы болуы мүмкін,
сол сияқты күйшілік, әншілік, шешендік өнері де бір әулеттің өмірлік мәніне
айналған қымбат мұрасы болуы ықтимал. Халықтық педагогика сан салалы,
мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім - тәрбие ісінде пайдаланып келеді.
Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие
ісіне арқау ету борышымыз.

1. Математиқалық ертегілер

Қазіргі кездегі маңызды міндеттердің бірі – баланың
қисынды (логиқалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен
ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу
барысында, математика сабақтарында математиқалық ертегілерді қолданудың
тиімді жақтары бар екендігі даусыз.
Ертегі - баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын
дамытады. Математикада ертегіне қолдану оқушының оқу материалдарын терең
түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін
дамытады.
Мысалы, геометриялық ұғымдар: нүкте, кесінді, сызык түрлері, т.б.
туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түсіндіру материалды жақсы игеруге,
тапсырманы өз бетімен түсіне отырып орындау мүмкіндігіне кол жеткізеді. 1,2-
сыныптарда Ондықтар такырыбын өткенде Цифрлар айтысы, Цифрлар және
сандар ертегісін пайдадану - оқушылардың дөңгелек ондықтардың сандық
құрылымы мен таңбалануы, разряд бірліктеріне карай өзгеруі, оның жазылуы
мен оқылуын мецгсруге, есте сақтауына көмектеседі. Цифр мен сан ұғымының
айырмашылығын түсінуде де бұл ертегілерді қолдану пайдалы. Туысқандар
ертегісін қолдану барысынды шаршы мен тік төртбұрыштың ұқсастығын және
айырмашылығын оқушының өзіне айтқызу, оның өз бетімен ойлануына,
ізденушілігіне жетелейді.
Тәрбиелік жағынан алсақ - бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп,
мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жүруге бейімдейді.
Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту
арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды.
Зерттеу барысында математика мен халық ауыз әдебиетінің байланысын
көрсететін ұтымды жұмыс түрлерін ұсынып отырмыз.
Сандар және цифрлар.
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен
қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң
сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны, он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу "он
бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры
қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер өтіп жатады. Here екені белгісіз бір күні сандар цифрларға
келіп:
- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз
сендерден
мықтымыз, - дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын.
Көрейік не
істейтіндерін? - дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өзінің
есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша
айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой.
Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да
цифрсыз өмір сүре алмайы екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында
оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату - тәтті, достықта өмір сүріп жатыр
екен.
Нүктелер достығы.
Ерте - ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті.
Бұл өзі өте әдемі қызыл түсті нүкте еді. (Мұғалім тақтаға түрлі - түсті
борман, ал оқушылар дәптерде қызыл түсті қарындашпен нүкте қояды).
Бір күні нүкте отырып ойланады:
- Шіркін менің көп досым болса ғой! Қой мен серуендеуге шығып
өзіме дос
іздеп келейін.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы
бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда
бара жатқанын сұрайды.
- Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп
келейік, -
дейді қызыл нүкте. (Мұғалім мен оқушылар бірінші нүктенің қасына
екінші нүктені қояды). Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл
нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.
Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді.
Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, түзу шыға келді.
(Мұғалім тұзу сызады). Осылайша тұзу сызық пайда болады.
Нүктелер тұзу келе жатса тұзу сызық шығады да, ал олар тұзу
жүрмесе кисық сызық шығады.
Қарындаштың бастан кешкендері.
Ертеде бір қарындаш өмір сүріпті. Бір күні Қарындаш тұзу сызықтың
бойымен келе жатады. Ол тұзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап,
дем алады да, өзіне - өзі: "Әлі қанша жүрер екенмін? Мына тұзудің шегіне
жетемін бе, жоқ па?" - деді.
Мұны естіп тұрған тұзу күліп жібереді де:
Әй, Қарындаш - ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен
тұзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің?- дейді.
Қой, онда мен қайта кері қайтайын, адасып кетіп жүрермін, - деді
Қарындаш.
- Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды, - деді Тұзу.
Тұзу тіпті әндетіп жіберді:
Шетсіз, шексіз түзу сыз
Шетсіз, шексіз түзу сыз, - деп.
Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалады.
Сонда мен тоқтаусыз жүре бермекпін бе?
Егер тоқтағың келсе, түзудің бойынан екі нүкте белгіле, - деді Тұзу.
Алақай! - деп қуанып кетті Қарындаш. - Енді мен тұзудің бойымен бір
нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай
аталады?
Бұл менің кесіндім, - деп жауап береді Түзу жымиып.
Түзудің кесіндісі, түзудің кесіндісі, - деп қайталай отырып, Қарындаш
кесіндінің бір шетінен екіншісіне серуендеп жүрді.
Міне, осылай кесінді пайда болған екен.
Цифрлар айтысы.
Бір күні цифрлар нөлмен ұстасып қалады да, оны мазақтайды:
- Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2
цифрын алса, 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.
- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.
- Сендер түкке түсінбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның
оң
жағына қатар тұра қалсам қандай санға айналады? Жауап беріңдерші,- деді
нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға
келді.
- Егер сенің оң жағыңа тұра қалсам, сен қандай санға айналасың?-
деді нөл
беске. Нөл бестің оң жағына қатар тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті.
. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына қатар тұра қалып, цифрлардан
олардың қандай сандарға айналғанын сұрап шықты.
- Міне сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке
тұрмайсың дейсіңдер. Кәне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым
қандай? Тіпті сендер жоқ жерже де мен сендерді жоқтатпаймын. Сендер
мынандай мысалдың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма: 5 - 5 =..., 7-7= ... , 9-
9=... .
- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға
келмейді.
Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтын
болады.
Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.
- Мен барлығыңнан да үлкенмін, мен қайдағы бір кіп-кішкентай бір
емеспін ғой, - деп мақтанып тоғыз шықты. Бір шегі қатқанша күліп алды да,
секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.
- Ал, кәнеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! -
деді бір (19 саны шықты ғой). Бір айтты:
- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсың. Он тоғыздан
үлкен
емес пе? Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жіберді де, тоғыздың сол
жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты. - Мен 7 ондықпын, жетпіспін,
түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.
Осылайша барлық цифрлар келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді,
бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай
мақтанғанына ұялып қалды.
Цифрлар осыдан кейін өз қателерін түсініп, айтысқандарын қойды.
Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады?
Қорытындысы: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрғанда ғана үлкен, ал егер олар
бір - бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы - санның
жазылуындағы цифрлардың орны.
Қасқыр, қой және шөпті судан өткізу.
Ерте заманда бір адамға қасқыр, қой және бір бау шөпті бір-біріне
жегізбей, судан алып өту қажет болған. Судың жағасында бір ғана қайық бар
және қайыққа әлгі адам өзімен бірге бір ғана орынға не қасқырды, не қойды,
не шөпті алып өте алады. Сонда әлгі адам бір бірден қандай әдіспен үшеуін
судың арғы жағына алып өте алады?
Шешуі:
Бірінші қойды алып өтеді, өйткені қасқыр шөпті жемейді, екінші шөпті
алып өтеді де, қой шөпті жемес үшін, қойды қайта екінші жаққа алып өтеді.
Сол жағаға қойды қалдырып, қасқырды алып өтеді. Ақырында қойды қайтадан
алып кетеді.
Бұл ертегі логиқалық ойлау қабілетін дамытады.
Қасқыр мен түлкі.
Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты.
Сонда қасқыр:
"Түлкі сен маған қарағанда есептерді жақсы шығарасың ғой, балықтарды
сен бөлші" - депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара
алмайтынын байқап, былай дейді:
- Біреуі саған екеуі маған, үшеуі саған тертеуі маған, бесеуі
саған алтауы
маған, жетеуі саған сегізі маған, тоғызы саған оны маған.
Сонда олардың жегені қанша балықтан болды? Қасқыр тақ сандар:
1+3+5+7+9 = 25. Түлкіге жұп сандар: 2+4+6+8+10 = 30.
Екі достың байлық таластары.
Бір адам өзінің досына:
Маған жүз қой бер, сонда мен сенен екі есе бай боламын - депті. Сонда
досы:
Сен маған тек алты қой берсең, мен сенен 6 есе бай боламын- депті.
Сонда әр қайсысында қанша қой болған?
Шешуі:
Біріншіде X қой, екіншіде У қой болсын.
Сонда:
Х+ 100-2 (у- 100)
6(х- 100) = у+ 10,
у = 6х-10,
х+ 100 = 2(6х- 170),
х = 40, у = 170.
Жауабы: 40 қой, 170 қой.
Табадағы самсалар.
Табаға бір ретте тек екі самса ғана салуға болады. Самсаның бір
жағының пісуіне бір минөт, екінші жағының пісуіне бір минөт, жиыны екі
минөт уақыт жетеді. Үш самсаны үш минөтте қалай пісіруге болады? Шешуі:
Табаға екі самса ғана сиятын болғандықтан, бірінші минөтте екі
самсаның бір жағын пісіріп алып, екінші минөтте біреуін алып тастап, үшінші
самсаны саламыз да, екінші самсаны аударып салып, бір минөт қоямыз. Сонда
алғашқы самсамыз пісіп болады да, үшінші самсаның бір жағы піседі. Ал
үшінші минөтте, үшінші самса мен алып тастаған самсамыздың екінші
жағын пісіреміз.
2 Математикалық ұлттық ойындар
Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне
асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра
болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары сол
ұлттық өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның сан мыңдаған
ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын козғап, ұлттық болмысы мен
өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін дәстүрлі құбылыс.
Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған
мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас
ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік - педагогиқалық мүмкіншілігі зор
тәрбие құралы.
Қазақ халқының рухани байлығын, оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет
қағаз бетіне түсіріп, әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия
саяхатшысы Плано Карапини XIII ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде
болған кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет - ғұрыптары, ойын
-сауықтары жайлы көптеген этнографиқалық материалдар жинап, жазып
қалдырған.
Одан кейінгі кезеңде біз тағы да сол Италия жұртының аяулы ұлдарының
бірі Марко Полоның, орыс саяхатшысы П.И. Рычковтың, орыс ғалымы П.С.
Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамберидің, неміс этнографы Р.Каруцтың,
неміс ғалымы А. Гумбольдтің, поляк халқының зиялы өкілдері А.Янушкевич,
С.Гросс, Б. Зеленский және басқалардың түрлі деректерді жинап тасқа
бастырып, жүрек жарды жеке ниеттерін білдіргендерін зор ілтипатпен еске
аламыз.
Солай бола тұрса да тіпті, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін
халқымыз жасаған басқа да рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің
баға жетпес қызметін, орындап, ел есінде сақталып келеді. Содан бері жаңа
ұрпақпен жаңарып, дамып, толысып бізге дейін жетті.
¥лт ойындарының математикалық табиғаты.
Құрақ құрау.
Мақсаты. Геометриялық фигурлардың түр - түсіне, пішіні мен мөлшеріне
қарай ажыратуға дағдыландыру. Ұлттық қолөнеріміз ою - өрнектер туралы
мағлұматтар беру.
Қажетті құрал-жабдықтар. Жолақша, түрлі - түсті геометриялық
фигуралар, оюлар. Құрақ көрпеше үлгісі, өрнек салынған сандықтың көрнекті
суреті, не моделі.
Ойын мазмұны. Мұғалім құрақ көрпеше, сандық туралы кіріспе әңгіме
жүргізеді.
Оқушыларға қажетті заттар таратылып беріледі. 6-8-деп геометриялық
фигуралар, жолақша, орындарына отырып әр оқушы өз шығармашылық өнерін
көрсетуге тиіс. Яғни жолақшаға әртүрлі геометриялық фигураны, оюды
қиюластыра орналастырып, қатты қағаз, матаға жолақшалы апликация жасау және
олардың орналасу тәртібіне түсінік беру керек.
Мысалы, оқушы былай дейді: менің аппликациямның ортасында үлкен
көк дөңгелек, оң және сол жағында көк оюлар, жоғары жағында жасыл, төменгі
жағында көк үшбұрыш, ал оюлардың жанына сары кішкене шаршылар
орналастырылды.
Ойын барысында сөйлеу шеберлігі дамиды, заттардың орналасу реті туралы
түсініктері кеңейеді. Ойынды мұғалім қалауынша жалғастыра алады.
Хан талапай.
Мақсаты. Санау дағдыларын бекіту. Артық кем түсініктерін
тиянақтау.
Қажетті құрал - жабдықтар. Асық (саны 20)
Ойын мазмұны. Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады. Талапай -
ау талапай, Табылды ойын, алақай! Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді.
Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты
сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған
соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?
Нешеу? Қаншасы артық? Сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны
мадақтайды.
Ақсүйек.
Мақсаты. Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.
Қажетті құрал - жабдықтар. Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріп
өрнектер мен теңдеулер.

10 7 9
5 4 2 2 3
4 5 8 6 2+5 Ойын мазмұны. Ойынға сынып толық
қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Халық ауызекі шығармашылығын адамгершілік тәрбиесінде қолдану идеясы
Салмақ өлшемдері
Балалар қабілетін ертегі арқылы дамыту
Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі
Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі
2- сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану
ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ
Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
Пәндер