Сандар: философиялық-танымдық мәні



1 Сандардың пайда болу тарихынан
2 Қазақ халқының танымындағы сандардың құпия сырлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
ҚОСЫМША
1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 40 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғаныс, білімге құштарлықты оятады.
Бізді жан – жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз олармен санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз.
Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды.
Қазір сандар бізге барлық жерде және әрқашан қажет. Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны көзіңізге елестетіп көріңізші..
Зерттеудің мақсаты:
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сандар: философиялық-танымдық мәні

Кіріспе

1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 40 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғаныс, білімге құштарлықты оятады.
Бізді жан - жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз олармен санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз.
Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды.
Қазір сандар бізге барлық жерде және әрқашан қажет. Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны көзіңізге елестетіп көріңізші..
Зерттеудің мақсаты:
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау.

1 Сандардың пайда болу тарихынан

Біз зерттеу жұмысымызды сандардың шығу тарихынан бастаймыз. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудың ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап - ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз digit - сан сөзін пайдаланамыз, ол саусақ деген ұғымды білдіреді. Біз дене мүшелерінің көмегімен санай аламыз. Жаңа Гвинеядағы Папуа аралдарындағы тайпалар да санаудың кем дегенде 900 әртүрлі жүйесі бар. Көптеген тайпалар саусақтарымен санайды, бірақ ондық жүйені пайдаланбайды. Бір тайпа қол саусақтарынан кейін аяқ башпайларын санайды.
Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі - ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастаған адамдар базарда сауда жасауға кірісті. Оларға қолдарында қанша нәрсенің бар екенін, қаншасын сатқанын немесе сатып алғанын нақты білу керек болды, әйтпесе адамдар бірін - бірі алдауы мүмкін еді. Сондықтан фермерлер жазба жасап отырды, ол үшін ағаш таяқтарға немесе сүйектерге кетіктер түсірді немесе жіптерге түйіндер байлады. Иракта өзен балшығының дымқыл кесегіне белгілер жасап отырды. Дымқыл кесек күнге кепкен кезде, ондағы жазбалар ұзақ сақталатын еді.
Сөйтіп, Ирактағы фермерлер тек сандардың белгілерін ғана емес, сонымен бірге жалпы жазу өнерін де ойлап тапты. Бұл өркениеттің бастамасы еді және ол сандардың арқасында мүмкін болды.
Бүкіл адамзат тарихында адамдар жүздеген сандық алфавиттерді ойлап тапты. Мұнда ең маңызды жүйелердің шағын бөлігі ғана бейнеленеді. Олар әркелкі, бірақ ортақ нәрселері де өте көп. Жүйелердің көпшілігі сызықтар мен нүктелер сияқты жай белгілерді топтастырудан басталады. Ал көпшілігінде жай 10 цифрды жазудың түрлі стильдері бар, ол - қолдағы саусақтар саны.
Мысалы: Вавилон сандары
Мысыр иероглифтері
Мысыр сандары
Қытай сандары
Қытай шрифті
Үнді сандары (Гвалиор)
Көне еврей сандары
Грек сандары
Рим сандары
Майя сандары
Қазіргі заман араб сандары

2 Қазақ халқының танымындағы сандардың құпия сырлары

Бір санының танымдық мағынасы. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатына ғылыми талдау жасаған ғалым К.Қ.Рысбаева, кейбір сан есімдер ұйытқы болатынын да айтып кеткен. Мәселен, киелі сан есімдер қатарын бір санынан бастай отырып, автор ол санның құдай, алла, жаратушы ием сөздерімен тіркесіп келетінін айтады. Бір құдірет - он сегіз мың ғаламды жаратушы жалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен тіршілікті жаратушы жалғыз - Құдай немесе Алла болса, бір саны жалғыз сөзімен мағыналас келуі, әрине, түсінікті. Мысалы: бір құдайдың ұрғаны, бір құдайдан тілегенім, бір құдай біледі, бір алла өзің жар бола көр!, бір аллаға тәуекел және т.б.
Бір саны дене мүшелерімен тіркесіп соңғы, қорытынды деген мағына береді. Мысалы: бір ауыз сөз соңғы сөз, бір ауыз сөзге келмеді үндемеді, бір беткей айтқанынан қайтпайтын (адам), бір ауыздан түгел, тегіс және т.б.
Бір санымен тіркесіп келетін заттың, нәрсенің мөлшерінің, арасының аз, жақын екенін білдіретін тіркестер қазақ тілінде бірталай. Мысалы: бір уыс бір рет тамақ жасауға жететін арпа, бидай, тары т.б., бір асым (ет), бір аттам өте жақын жер, бір жапырақ азғантай, аз, бір жұтым бір ұрттап жұтарлық, бір киер оқта-текте бір киетін, бір тұтам 1. бір сығым; 2. өте қысқа, бір түйір аз, кішкентай ғана, бір тілім бір ғана кесіп алған, бір үзім жарым-жарты бөлшек, бір шайнам тіске басарлық, бір шөкім азғана, кішкентай және т.б.
Екі санының танымдық мағынасы. Сандар жүйесін ғаламдық бейнеден іздеу қажет.
Дүниежүзіндегі халықтардың зерттеушілерінің еңбектеріне ареалдық талдау жасау барысында екі санымен келетін сөз тіркестерінің көпшілігінің мағынасы қарама-қайшылық екені байқалады. Ондай мағынаға ие болуы - екінің, символдық классификациясының әсері. Көне мифологияға көз жүгіртсек, Үнді мәдениетінің ағаш басында отырған екі құс туралы айтылады: Две птицы, связанные, обхватывают одно и то же дерево. Одно из них ест сладкие плоды, другая - смотрит, не прикасаясь к плодам. Оңтүстік Калифорнияның какуильва тайпасында екі ағайынды Темайауите және Мукате туралы мифте біріншісі ақ түспен байланысты ақ жерді құрайды, ақ топырақтан әртүрлі заттар жасайды, екіншісі қара жерді құрайды, қара топырақтан әртүрлі заттар жасайды. Дуалистік тибет мифінде ақ жұмыртқадан ақ ниетті жарықта өмір сүретін әке шығады, қара жұмыртқадан қара ниетті, қатігез, қара түнекте өмір сүретін әке шығады. Бұндай сарындағы аңыздар қазақ халқының мәдениетінде де кездеседі. Мысалы, лиро-эпостық жырлардағы Қозы мен Қодар, Төлеген мен Бекежан.
Жоғарыда айтқанымздай екі саны көбінесе егіз, жұп мағынасындағы символдық мәнге ие болған. А.Золоторева екінің егіз ұғым гипотезасына дәлел ретінде ежелгі Римдегі егіз култьінің дуалистік ұғымын көрсетеді (44). Ежедгі Римде егіз Ромула және Рема культі болған, яғни екі патша болған. Сондықтан әрбір қызмет орындары екіден болған. Елде екі жақты басқару кейінгі дәуірге де жеткен. Римде екі консул, екі трибун (ежелгі Римдегі қызмет адамы) болған.
Ескі наным-сенімнен бастау алған екі сан саны ертегілерден де орын алған. Мысалы, Ер Төстік ертегісінде Төстік жер астына түскен кезде Бапы ханның ордасында екі қара жылан, екі сұр жылан, екі дәу жылан кездеседі. Сондай-ақ Қара үйрек ертегісінде Қараүйрек пен ағасы екі күн, екі түн алысып, ақыры Қараүйрек қыз ағасын қырық құлаш аспанға лақтырғанда, жерге түспей-ақ өліп кетеді.
Екі сан есімі үндіевропа тілдерінде кез келген қарама-қарсылықты, ақ пен қара, әйел мен еркек дегенді білдіреді. Қазіргі тілде сақталған екі дүние: бұл дүние - фәни. о дүние - бақи; екі мәңгілік: ай және күн және т.б. ұғымдар да қарама-қарсылықтың заңдылықтарына мысал бола алады.
Екі сөзінен туындаған түркі тілдеріндегі егіз сөзі туралы атақты түркітанушы ғалым И.Г.Добродомов былай дейді: В соответствии с названным противоречием (мужское и женское) именем екиз или же именем с этим компонентом у современных тюркских народов нарекают близнеца-младенца мужского пола, родившегося с близнецом женского пола, - дейді. Қазақ фразелогиялық қорында, дос егіз, дұшпан сегіз; егіз қозыдай; екінің бірі, егіздің сыңары т.б. фраземалары сақталған.
Мұндай қарама-қарсылық тұрақты тіркестер бойында қазақ тілінде де кездеседі. Мәселен: екі дүние - діни ұғымда екі дүние бар деп есептеген. Бірі - тірліктегі кез, бұл - жалған дүние, екіншісі - адам өлгеннен кейінгі кез, бұл - шын дүние. Мысалы:
Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Екі дүние бұл тасдиқ - хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы (Абай).
Немесе Екі жүзді (бетті) - кісінің көзінше бір түрлі, сыртынан екінші түрлі сөйлейтін, опасыз адам [1;157]. Мысалы:
Есеңгіреп жүрмесең,
Елді неге даттайсың,
Екі жүзді болмасаң,
Байды неге мақтайсың?! (Жамбыл);
Сонымен қатар теріс сөйлейтін, айтқан сөзінде тұрмайтын, қарама-қарсы сөйлейтін, өтірікші адам туралы: екі сөзді кісі өтірікші, тиянақсыз кісі. Мысалы: Екі сөзді болып елендеп жүргеннен, бір сөзді болып мерт кеткен дұрыс (Б.Момышұлы);
Екі ұшты болды (сөйледі) екі жақты; өтірік, шыны белгісіз, күмәнді және т.б.
Екі сөзінің мағынасы тұрақсыз, сатқын, опасыз сияқты жағымсыз коннотациямен байланысты:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілме.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме кұйрығын,
Ұста жетсін бұйрығың (Абай). Немесе, екі кеменің құйрығын ұстанған суға кетер, көңілі екі болды, және т.б.
Үш санының танымдық мағынасы. Үш санымен байланысты келетін фразеологизмдер де ескі салтқа қатысты. Ешбір басы бірікпейді деген мағынада үш қайнаса сорпасы қосылмайды; ешбір ойына кіріп-шықпаған деген мағынада үш ұйықтаса түсіне енбеген деп келеміз. Ер кезегі үшке дейін деген мақал да бар. Ертегілерде: Біреудің үш баласы болыпты немесе хан үш қайтара сұрапты сияқты тіркестер де жиі кездесетіні белгілі.
Жан алу, жан беру сияқты дәстүр көп елдерде болған. Бұл әдет қазақта да болды. Ертеде жан беруге тура келсе, дүние салған ардақты бір кісінің моласына барып, одан үш рет айналып, жалған айтсам, осы кісінің аруағы ұрсын деп қарғанған. Мұндайда жан беруші айыпқа тартылған кісі емес, ол кісінің үш ата алыстығы бар жақын туысы болуы шарт болған. Туыстығы үш атаға жеткен кісінің сөзі әшкереленіп, жаман қылығы жұртқа аян, сенімсіз болса ғана, айыпқа тартылған кісінің басқа туысы (бірақ үш атадан бері болмау керек) жан беретін болған.
Үш саны көне түркі тілдерінде туыстық, қандастық және руластық мағынасын білдерген.
Қырғыз балаларының асық ойынынан К.К.Юдахин үш сөзінің сандық мағынасынан гөрі аяқталғандықтың, бір нәрсенің соңы екенін көрсету мағынасы жоғары екенін байқайды. Егер І.Кеңесбаевтың зерттеуінен [1;10] түркі халқында үштік санау жүйесі болуы мүмкіндігін ескерсек, үш - санның аяғы болуы мүмкін. Кейін адам миының жетілуіне байланысты бестік санау жүйесі пайда болған кезінде үш реттік мән алған.
Шумерлерден бастау алған құпия сандар ең алғаш уақыт өлшеміне байланысты ерекше қолданыла бастаған: жеті (жеті күндік апта), он екі (он екі ай жыл есебіне байланысты), үш (триада Ану, Энлиль және Эа немесе Син, Шанаш, Иштар). Үштік ерекше қолданысқа ие болуы триада негізінде емес, ғалымның вертикаль моделі, мифтік үш әлемнен Көк (аспан), Жер, Жер асты бастау алалы.
Үш саны қазақ тілінде де өзге тілдердегі жеті, қырық сандары тәрізді өте киелі сипатта айтылмағанымен, біраз фразеологизмдердерге ұйытқы болған. Үш санымен келетін ойын аты, ырым, салт-дәстүр, жыл маусымы, ай аттары, жер-су аттары кездеседі.
Байырғы түркі халықтарының мифологиялық түсінік-сүйсігіне жүгінсек, ертеде адамдардың, әлем үш қабаттан тұрады: аспан, жер, жер асты. Бұлар өзара орталық ось арқылы бірігеді. Осы ось арқылы құдайлар жерге, ал өлгендер жер асты әлеміне түсіп отырған. Жаратылыстың мифологиялық моделінің тігінен алынған бөлігін дүние жүзі халықтары Әлем ағашы (Мировое дерево) десе, көне қазақтар Бәйтерек (Өмір деген бір бәйтерек), Төр деп таныған. Өмір ағашы-бәйтеректе, жер кіндігі -Көктөбеде өседі деген аңыз да бар.
Монғолдың мифологиясында Бәйтерек әлем тауының басында өседі. Хакастарда ол таудың басында өсіп тұрған жеті бұтақты ақ қайың, Хакастарда ол таудың басында өсіп тұрған жеті бұтақты ақ қайың, ал нангайларда ол таудың басында өсіп тұрған жеті бұтақты ақ қайың, ал нанайларда үш бірдей Бәйтерек бар. Біреуі- аспанда, екіншісі- жерде, үшіншісі- жер астында. Якуттар бәйтеректің көлеңкесінде жұмақ бар, онда бірінші адам туған деп есептейді. Түріктердің көне ескіліктерінде өмір бәйтерегінің жапырақтарында әрбір адамның тағдыры жазылған, егер адам өлетін болса, жапырақ жерге түскен. Әлем ағашы әртүрлі халықтарда әр түрлі атаумен аталғанмен түпкі негіз, түсінік біреу.
Әлем ағашы - мифтердің негізін этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуші В.Н. Топоровтың айтуынша, бұл космосты жасаудың құралы. Әлем ағашы тігінен алғанда үш бөліктен тұрады: төменгі ( тамыр), ортаңғы (бойы, діңгек) және жоғарғы (бұтақтары). Әлем ағашы құрылысының негізінде адам танымында үштік элементтер пайда болған: өткен шақ, осы шақ, келер шақ, ата-баба-осы кез және оның ұрпағы; дененің үш бөлігі; бас, дене, аяқ. Міне осылай үштер өмірде әр қырынан көрінеді. Осыған орай, жаратылыс болмысы тігінен алғанда Жоғарғы әлем- Тәңірлер әлемі, Ортаңғы әлем- Адамзат әлемі, Төменгі әлем- Аруақтар әлемі боп үшке бөлінеді. Құран-Кәрімде да Алла тағала бірінші- жер астын, екінші - жерді, үшінші- аспанды дарытты делінген.
Ш.Уәлихановтың таңдамалы шығармаларында: Аспанда да адамдар тұрады, белбеуді тамағынан буынады, біз әлемнің ортасында тұрамыз, белбеуді белімізден буынамыз, ал жер астында тұратындар белбеуді аяқтарынан буынады [2;181] деген аңыз беріледі. Бұл дегеніміз әлемді үшке бөлу жүйесі қазақтарға ғана тән. Қазіргі бақсы-балгерлердің түсіндірулерінше: Адамның жаны, рухы, ақыл, ой, санасы жоғарғы қабаттан беріледі. Адамның тәні ортаңғы қабаттан О дүниеге беріледі. Тіліміздегі Ер кезегі үшке дейін сияқты мақалға, салт-сана, ырым, ем, жалпы әдет-ғұрып және көшпелі мемлекеттердің құрылым мүшесіне тән үштік одақ жоғарыдағы түсінікке орай қалыптасқан.
Қытай халқы да әлемде тігінен үшке аспан, жер, жер асты бөліп, әрқайсысының өз құдайы бар деп түсінген. Үш сфера туралы әртүрлі түсініктер де бар. Жаңа жыл кешінде сыйынатын үш тәңірі: будда, аспан, және жер. Осыған байланысты үш жануарды құрбандыққа шалған: тауық, үйрек, доңыз. Үш тәңірінің құрметін жаңа туған ай туғанда және ай толғанда айға қарап мінәжат еткен.
Осетин фольклорында да үш, жеті сандары ерекше қолданылған. Мысалы Мен өлгеннен кейін, бірінші үш түні мен күзетсіз қалдырмаңдар, үш құс ұшып келеді, от басында үш бақташы отыр. Бұдан миф туралы ілімнің философия, психология, теология, лингвистика ғылымдарымен тоғысып, шектесіп жататындығы көрінеді.
Үш санының символдық мәні. Халық ерте заманнан-ақ түрлі құбылыстарға баға беріп, олардың кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп, оларға бақылау жасаған. Олардың ортақ қасиеттерін саралап, санамен түйіп, оның ізін өз тілінде сақтаған (үш жұрт, үш күндік пәни, үш қайтара сәлем беру, үш қайнаса сорпасы қосылмау және т.б.).
Төрт санының танымдық мағынасы. Қазақ халқында киелі сандар қатарына жатпаса да, өзіндік ерекшелігі бар, ерекше қолданысқа ие болған жұмбақ сандар қатарына жататын төрт санымен келетін сөз тіркестері өте көп. Ең бірінші, төрт сан есімінің ерекше қолданысқа ие болуына әсер етуші фактор - көне мифология. Бүкіл әлемді алып бәйтерекке теңеп, оны мүшелеуі әлемді де төртке бөлуден көрінеді. Ол статистикалық тұтастықтың образы ретінде қабылданады. Тұрақтылықты қажет ететіннің барлығын өзіне тартатын ең тұрақты құрылым ретінде ол тіпті, дүниенің бар бұрышын, үйдің қабырғасына дейін қамтиды. Осы тұрақтылық қасиеті басым төрт сан есімі тұрақты тіркес құрамында сандық ұғымнан гөрі негізгі, басты мағынасында жиі ұшырасады. Мысалы: төрт түлік, төрт тарап, төрт құбыла, төртжолдың торабы, төрт құлақ, екі көзі төрт болды, төрт көзі түгел, төрт тағандау, төртпақ, өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, төрт қанат үй, төрт бұрыш, түн ұйқысын төрт бөлді т.б. Бұл мысалдардағы матастырушы роль атқарып тұрған-төрт сан есімі бірінші мағынаны білдіріп тұр.
Біз бұның төркіні әлі де арыда жатқанын айтар едік. Себебі өмір ағашының бұтағы бар, әр бұтақтың төрт жағы бар. Бұтақтың төрт жағы- бұл төңіректің төрт бұріші немесе дүниенің төрт бұрышы және төрт басты түсті білдіреді. Сонымен, ең алдымен төрт құбыла, одан кейін төрт, түс, төрт түстен кейін төрт элемент туралы түсінік пайда болған. Төрт құбыла, дүниенің төрт бұрышы, төңіректің төрт бұрышы, төрт тарап, төрт қанат деген тіркестерде төрт саны тұрақтылық белгісін көрсетсе, төрт түс, төрт түлік, төрт періште, төрт тұрман, төрт қонақ тіркестерінде негізгі, басты ұғымды беріп, түн ұйқысын төрт бөлу, төрт жолдың торабы, екі көзі төрт болды тіркестерінде ауыспалы мәнде жұмсалып тұр.
Төрт санының символикалық мәні. Төрт саны ең алдымен дүниенің төрт бұрышымен - оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыспен тікелей байланысты. Төрт саны мифологиялық түсінікте тұрақтылық, тұтастық мағынасында жұмсалады. Мысалы: төрт құбыласы түгел, төрт көзі түгел, төрт қанат үй, төрт мезгіл, төрт мүше, төрт маусым, құранның төрт мүшесі, төрт пір және т.б.
Төрт саны туралы Ф.Р.Ахметжанова мен Қ.С.Дүсіпбаева былай дейді: Төрт періште мифология мен діни ұғымдар бойынша, құдайдың әмірін жеткізіп тұратын, табиғаттан тыс мифтік көмекшілер. Аллаға жақын ұлы төрт періште бар, олар: Жәбірейіл - Алламен арадағы байланысшы, сенімді хабаршы; Мекайыл - табиғат күшін (жауын, жел, егіншілік т.б.), құбылыстарын бақылайды; Исрафил - қиямет күнінде жел тұрғызып дауылдатады, адамдардың қайта дүниеге келуін бақылайды; Әзірейіл - ажалы жеткендердің жанын алады (Ахметжанова, Дүсіпбаева, 2001:63).
Төрт санының киелі қасиеттері туралы ғалымдар Ж.Байзақов пен С.Қонақбаев, дүниенің негізі төрт элементтен - от, су, жер және жел, төрт ұғымы осымен байланысты деп түсіндіреді (Байзақов, Қонақбаев, 1979: 25).
Түркі халықтарында, әсіресе, қазақ халқы үшін төрт түлік күн көріс пен тіршіліктің негізгі көзі болған. Төрт түлік мал фраземасының мотиві - түйе, жылқы, сиыр, қой. Төрт түліктің сақтаушы иесі бар деп есептеген, атап айтсақ: түйе пірі - Ойсыл қара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан (Шекшек) ата және оларға сиынған.
Бес санының танымдық мағынасы. Қазақ тілінде бес сөзі бүтін қол мәнінде жұмсалады. Сөз түбірі о баста беш не біл түрінде емес, піл түрінде айтылса керек. Адам баласы үштік санау жүйесінен кейін бестік санау жүйесін ойлап тапты. Бестік санау жүйесі бойынша ертеде сандарының шегі бес болғаны анық. Әрі бес - календарь жүйесіндегі негізгі сан атауы. Бес анық: анық сөзі бұл жерде айқын деген мағынады қолданған. Бес анықты тарататын болсақ: тіл, дін, дәстүр, тарих, атамекен. Грек ғұламаларының айтуынша, адамдардың белгілі, ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін 5 түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс:
- біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білу керек;
- екіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіру керек;
- үшіншіден, сол ұлттың мекендеген жерлерінің ой - шұңқырын білку парыз;
- төртіншіден, ұлттың дінін мойындау керек;
- бесіншіден, сол ұлттың тарихын мойындау керек
Сандардың шегі бес деп білген халық, қолдағы бес саусақпен байлап, бүкіл қаруды жинастырып бес бөлікке бөлуі де ғажап емес. Өйткені қару-жарақ адамдар үшін тіршілік көзі. Әрі, бес сан атауы бір қолдағы бес саусаққа байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Адам қолындағы бес саусақтың бірігіп тұрған төртеуі төрт текті (жер, су, от, ауа) яғни адамның топырақтан жаратылғанын білдірсе, бесінші тіке тұрған бес бармақ аспанға қарап, жаратушының жалғыздығын көрсетеді.
Бес санының символикалық мәні. Санау жүйесі ретінде бес ертегідегі сандардың шегі болған. Санау жүйесінің бастамасы саусақтан басталатынын ескерсек, шектік, көптік мағына бес саусақпен тікелей байланысты. В.Гордлевский сөзімен айтсақ, ... вообще число пять заключало в себе какое-то законченное количество, скорее указывающее на огромность числа и на руке всего пять пальцев.
Қазақ тіліндегі бес аспабы сайлаулы бар қаруы дайын, жау-жарағы әзір фраземасы бес қарудан шыққан. Бес қару тартыспақ - садақ, атыспақ - мылтық, шанышпақ - найза, сүңгі, шабыспақ - қылыш, алдаспан, салыспақ - шоқпар, айбалта. Ертедегі түсінік бойынша, ержігіттің бес қаруы болуы керек, ол әрқашан дайын тұру қажет.
Тілдегі бес аспап қолынан бәрі келетін шебер, барлық іске икемді, бес саусақтай біледі жатқа біледі, жетік біледі, бес биенің сабасындай толық, ет жеңді тіркестерінде өте жақсы, керемет мағыналары бар.
Бес санының магиялық, жұмбақ сырын бес асыл, бес дұшпан деп жырлаған Абай өлеңінің жолдары да дәлелдей түседі:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз...
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз. ...(Абай).
Бес күндік пәни бес күндік жалған дүние бес күндік өмір шектеулі ғұмыр мағынасында шектік, уақытша ұғымындағы адамның жарық дүниеге келіп, о дүниеге аттану аралығындағы уақыт өлшемін білдіреді.
Алты санының танымдық мағынасы. Алты санының символикалық мәні. Алты санының мағынасында өте көп, шексіз, шетсіз семасы бар. Бестік санау жүйесінен кейінгі (көп мағынасындағы) алты саны да халық ұғымында алыстық, күштілік, кереметтік, қаһарлық мағынасы бар. Алты аласы, бес бересі жоқ айдаладағы, алыс: біреу, алты арыс ірі-ірі ру-тайпалары, туыстық жағынан жақындар, алты алаштың баласы күллі қазақ, тұтас, алтау араз болса өзара араз, береке болмаса, алты қабат аспанның ар жағында алты қырдың ар жағында алты қырдың астынан алыста, қиырда тіркестерінде алыс, көпшілік, біртұтас мағыналары басым болса, алты басты айдаһар айбарлы, күшті, дүлей, алты батпан аса зор, үлкен, тым ауыр, алты батпан азап ауыр жол, қиянат-қасіреті мол өмір, алты малта ас болмай басқа қиыншылық күндер туып, жартымсыз тамаққа көну, алты қанат ақ үй алты қанат ақ орда үлкен, еңселі, салтанатты, алты құлаш ақ найза батырларға арналған ұзын қару тіркестерінде күшті, қаһарлы, үлкен, ұзын, дәу, өте зор мағыналары басым.
Жеті санының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антика философиясы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
Фараби шығармаларындағы есептердің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану ерекшеліктері
Оқытудың инновациялық технологиясын қолданудың теориялық негіздері
Математика ғылымының қалыптасуы
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Ана тілі Математика пәндері
Пәндер