Саяси интернет дискурстағы субъективтік модалділік категориясының берілуі
Кіріспе
1 Саяси интернет.дискурс ерекшелігі
2 Интернеттегі тілдік қарым.қатынас сипаты
3 Интернет желісіндегі қазақ тілінің қолданысы
4 Саяси интернет дискурс тоналділігі мен субъективтік модалділігі зерттелуінің теориялық негіздері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Модалділік категориясын зерттеу, түрлі айтылымдардың шындыққа қатысын сипаттау – ХХ ғасырда қарқынды дамыған ғылыми бағыттардың бірі. Әсіресе бұл бағыт «адам және тіл» мәселесіне қатысты жүргізілген зерттеулерде анық көрініс тапты. Бұл бағыттағы зерттеулерге Ш.Балли, А.В.Бондарко, В.В.Виноградов, Г.В.Колшанский, В.З.Панфилов, А.М.Пешков-ский, Н.Ю.Шведова және т.с.с. ғалымдар еңбектері жатады. Г.В.Колшанскийдің айтуынша, тіл хабардың танымдық мазмұнын кейбір қарым-қатынаста тасымалдайды. Санадағы ойдың заттанған кезінде қарым-қатынас нақты жағдаятта орындалады, әрі ол хабарлама белгілі бір нақты коммуникантқа бағытталады [1].
Модалділік категориясының негізгі белгісі сөйлеушінің түрлі тілдік құралдармен берілетін шындыққа қатынасы болса, онда модалділік категориясы сөзге де, мәтінге де тән болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда модалділік категориясын тілші-зерттеушілер қарым-қатынастың мына факторларының өзара әрекеттесуінің көрінісі деп таниды: сөйлеуші, оның сөзін қабылдаушы және айтылым мазмұны мен шындықтың қатынасы. Субъективтік модалділік – сөйлеушінің сөз мазмұнындағы хабарға қатынасын көрсетудің маңызды жолы.
Тақырыптың өзектілігі Интернет-газет мәтіндеріндегі автордың өзіндік ерекшелігін көрсету құралы, яғни субъективтік модалділік пен тоналділік категориясын зерттеу зерттеушілердің де, тіпті газетті дайындаушылардың өздерінің де назарын аударып отыр. Бұл Интернет хабарламаларының, олардың бинарлы табиғатының өте аз талдануымен байланысты өзектілікке ие болып отыр.
Зерттеу пәніне субъективтік модалділікті білдіретін тілдік және сөйлеу құралдарының жиынтығы енеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты – саяси интернет дискурстағы субъективтік модалділік категориясының тілдік және сөйлеу құралдары қызметінің ерекшелігін анықтау. Бұл мақсатқа жетудегі белгіленген міндеттер:
- Саяси интернет дискурстың ерекшелігін сипаттау, саяси сипаттағы интернет мәтіндерінің өзіндік ерекшелігін ашу;
- Субъективтік модалділік пен тоналділікті білдіретін тілдік және сөйлеу құралдарының жиынтығын анықтау, ол құралдардың иерархиясын нақтылау;
- Адресат пен субъективтік модалділік пен тоналділік құралдарын таңдау факторларының арақатынасын ашу.
Зерттеудің негізгі әдістері: дискурстық талдау, лингвостилистикалық және мәнмәтіндік талдау, жалпылау және талдау әдістері.

1 Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке / Отв. ред. А. М. Шахнарович. Предисл. С. И. Мельник и А. М. Шахнаровича. — Изд. 2-е, доп. — М: Едиториал УРСС, 2005. — 128 с.
2 Универсальный энциклопедический словарь. - М.: Большая Российская энциклопедия, 2000. - 496 с.
3 Шейгал Е. Власть как концепт и категория дискурса/ http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Polit/Article/scheig_vlast.php
4 Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы. Алматы, 2007. 172-б.
5 Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования Изд. 4-е, стереотипное. — М: КомКнига, 2006. — 144 с.
6 Золотова Т.А. Золотова Г. А., Анипенко Н. А., Сидорова М.Ю. Коммуникативная грамматика русского языка. М.: МГУ, 2003. 528 с.
7 Анипкина J1.H. Оценочные высказывания в прагматическом аспекте // Филологические науки, 2000. №2. - С. 58 - 65.
8 Агуца О.В. Вербальные функции модальных средств в русском языке: Автореф.канд. филол. наук. Краснодар, Кубанский гос. ун-т, 1998. -24 с.
9 Тулан М. Субъективная модальность и тональность в проблемном политическом тексте // Лингвистика: Бюллетень Уральского лингвистического общества / Уральский государственный педагогический университет. - Екатеринбург, 2006. - Т.18. - С. 122-134

Модалділік категориясын зерттеу, түрлі айтылымдардың шындыққа қатысын сипаттау - ХХ ғасырда қарқынды дамыған ғылыми бағыттардың бірі. Әсіресе бұл бағыт адам және тіл мәселесіне қатысты жүргізілген зерттеулерде анық көрініс тапты. Бұл бағыттағы зерттеулерге Ш.Балли, А.В.Бондарко, В.В.Виноградов, Г.В.Колшанский, В.З.Панфилов, А.М.Пешков-ский, Н.Ю.Шведова және т.с.с. ғалымдар еңбектері жатады. Г.В.Колшанскийдің айтуынша, тіл хабардың танымдық мазмұнын кейбір қарым-қатынаста тасымалдайды. Санадағы ойдың заттанған кезінде қарым-қатынас нақты жағдаятта орындалады, әрі ол хабарлама белгілі бір нақты коммуникантқа бағытталады [1].
Модалділік категориясының негізгі белгісі сөйлеушінің түрлі тілдік құралдармен берілетін шындыққа қатынасы болса, онда модалділік категориясы сөзге де, мәтінге де тән болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда модалділік категориясын тілші-зерттеушілер қарым-қатынастың мына факторларының өзара әрекеттесуінің көрінісі деп таниды: сөйлеуші, оның сөзін қабылдаушы және айтылым мазмұны мен шындықтың қатынасы. Субъективтік модалділік - сөйлеушінің сөз мазмұнындағы хабарға қатынасын көрсетудің маңызды жолы.
Тақырыптың өзектілігі Интернет-газет мәтіндеріндегі автордың өзіндік ерекшелігін көрсету құралы, яғни субъективтік модалділік пен тоналділік категориясын зерттеу зерттеушілердің де, тіпті газетті дайындаушылардың өздерінің де назарын аударып отыр. Бұл Интернет хабарламаларының, олардың бинарлы табиғатының өте аз талдануымен байланысты өзектілікке ие болып отыр.
Зерттеу пәніне субъективтік модалділікті білдіретін тілдік және сөйлеу құралдарының жиынтығы енеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты - саяси интернет дискурстағы субъективтік модалділік категориясының тілдік және сөйлеу құралдары қызметінің ерекшелігін анықтау. Бұл мақсатқа жетудегі белгіленген міндеттер:
Саяси интернет дискурстың ерекшелігін сипаттау, саяси сипаттағы интернет мәтіндерінің өзіндік ерекшелігін ашу;
Субъективтік модалділік пен тоналділікті білдіретін тілдік және сөйлеу құралдарының жиынтығын анықтау, ол құралдардың иерархиясын нақтылау;
Адресат пен субъективтік модалділік пен тоналділік құралдарын таңдау факторларының арақатынасын ашу.
Зерттеудің негізгі әдістері: дискурстық талдау, лингвостилистикалық және мәнмәтіндік талдау, жалпылау және талдау әдістері.
Саяси интернет-дискурс ерекшелігі
Саяси интернет дискурс дегеніміз - екі дискурстың, яғни интернет дискурс пен саяси дискурстың тоғысуы негізінде пайда болған синкретті өнім. Аталған екі дискурстың қосылуы нәтижесінде түзілген саяси интернет дискурстың өзіне тән белгілері бар. Ол саяси дискурсқа тән мына белгілерді өз бойына сақтаған:
белгілі бір саясаткердің не саяси топтың қандай да бір әрекетін бейнелейтін саяси тақырыптың болуы;
саяси дискурсқа тән қызмет ерекшеліктерін сақтаған:
1) ақпаратты тарату қызметі, ақпарат қазіргі кезеңде интернет арқылы жедел және кеңінен таратылады;
2) нақты саяси реалийлерді қалыптастырады;
3) биліктің әрекетіне қарсылық көрсету не қолдамайтынын білдіру;
4) қоғамдық сананы билеу;
5) магиялық қызмет;
6) мәтіннің эмоционалды бояуының қанық болуы мен әсерінің жоғары болуы;
7) сыни пафостың болуы, интернет-мәтіндердің басты бір міндеті - билік әрекетіне баға беру;
8) саяси дискурсқа тән тіл бірліктерінің (штамптардың, клишелердің, эмоционалды лексиканың, терминдердің) болуы.
Бірақ саяси интернет дискурс жалпы дискурс тәрізді бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда демократиялығы жоғары болады, бұл дискурста ой мен сөз бостандығы басымырақ сипатқа ие. Бұл сипатты ол жалпы интернет дискурстан иеленіп тұр. Бұқаралық ақпарат құралдары арасында интернет дискурс жалпы көпшілікке қолжетімді. Юдинаның [6] айтуынша, басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда интернет қандай да бір адамның барлық ақпаратты өз қолына жинақтауына кедергі бола алады. Осылайша адресанттың өз көзқарасымен ашық бөлісуіне мүмкіндік туғызады.
Интернет ақпаратты шексіз көлемде орналастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттың бір деңгейден өзге деңгейге ауысуы шексіз жалғаса береді, ол аяқталмайды, өйткені желіде үнемі мәліметтер жаңартылады, шұғыл ақпарат беттері толықтырылады.
Интернет виртуалды диалог құру мүмкіндігін арттырады, соның нәтижесінде адресат факторы өзгереді. Егер саяси дискурста адресант (сөйлеушіжазушы) белсенділігі жоғары болса, саяси интернет дискурста екі коммуникант та - адресант пен адресат - жоғары белсенділікке ие болады. Адресатта (тыңдаушыдаоқырманда) адресантпен байланысқа түсу мүмкіндігі болады. Ол электронды поштаға хат жазу арқылы да немесе саясаткер сайтына кіріп онымен әңгіме дүкен құра алады. Сайттардың көпшілігінде арнайы парақшалар болады, осы парақшаларда талқыланатын сұрақтарға қатысты ойталқы форумдар ұйымдастырылады. Осылайша жанрлар диффузиясы, олардың бір-бірін шұғыл ауыстыруы жүріп жатады.
Қандай да бір мәтінді құрған кезде автор өз коммуникативтік мақсатына сай, өз ойын жеткізуге оңтайлы жанрлық құрылымды таңдайды, сондықтан жанр автор ойын жеткізудің мазмұндық-формалдық бағдары сапасында танылады, ол өз кезегінде автордың тұжырымы мен оны қабылдаудың негізгі нүктелерінің ұйыстырушысы қызметін атқарады.
Интернет-газеттерде газет көсемсөз стилінің жанрлары қолданылады. Бірақ желідегі баспа жанрлары өзгеріске ұшыраған. Қалыпты көсемсөз жанры газет туындыларын түзушілер шығармашылығын шектейтін болды. Ал желідегі газет жанрларының өз шығармашылығын түзуінде шектеу жоқ деуге болады, осыған орай енді желідегі газет жанрларының сипаты аралас, гибридтік сипатта көріне бастады. Оны синкретті құрылым деуге болады. Бұқаралық ақпарат құралдары басылымының жанрлық корпусы базасында дамитын, сонымен бірге қалыпты көсемсөз белгілерін сақтайтын құрылым болып табылады. Нақты атасақ, жанрлар диффузиясы жүреді. Интернет желісіндегі мәтіндерінде мақала мен очерктің, мақала мен памфлеттің, сұхбат пен хабарламаның белгілері араласқан мәтіндер жиі кездеседі. Кей жанрлардың дамуы байқалады, мысалы, очерк жанрының дамуы айқын. Осыған байланысты жанрлардың формасы мен мазмұнының өзгерісін де байқауға болады.
Интернет дискурстағы саяси портрет екі жанрдың өзара әрекеттесуінен, атап айтқанда, мақала мен очерк жанрларының кірігуінен туады. Ол айтылымның мазмұндық жоспарына да, айтылымдық жоспарына да әсер етеді. Нәтижесінде белгілі бір оқиғаның сипаттамасы не ол туралы кейіпкердің ойталқысы ғана емес, сол оқиға кейіпкерінің өз тұлғасын тануға, оның саясаткерлік жолындағы дамуын анықтауға, нақты саяси оқиға мен жеке тұлғаның арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік туады.
Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарының жанрлық трансформациясына қарамастан, жанрлық уәждемелердің жалпыламалылығы сақталатынын баса айтуға болады. Қай жанрын алсақ та, публицистикалық жанрлардың қалыпты белгілері сақталады. Егер көсемсөз мәтіндерінің жанрлық формалары туралы айтар болсақ, онда зерттеліп отырған категория қалыпты түрде жанр тасымалдаушысымен сәйкестенеді: субъективтік модалділік категориясы субъективтік ұйымдасумен сабақтасады, ал тоналділік категориясы мәтіннің сөзі мен интонациясы жағынан ұйымдасуымен байланысады. Осылайша субъективтік модалділік категориясын зерттеу авторлық ұстанымды білдірудің құралы мен жолдарын анықтауға, автордың ойлау тәсілдерін түсінуге, оның дүниетанымы мен көзқарасын тануға мүмкіндік береді.
Мәтіннің тоналділік категориясын зерттеу автордың сезімдік-еріктік ұстанымын, психологиялық бағдарын, оның кейіпкерге не шындық өмірге деген бағасын анықтау мүмкіндігін береді.
Қорыта айтқанда, саяси интернет-дискурс саяси дискурс пен интернет дискурстың өзара әрекеттесуінен түзілген өнім, оның бойында аталған екі дискурстың негізгі белгілері жинақталған. Бұгінгі күні интернет ақпаратты алудың, оның ішінде, саяси ақпарат алудың басты көзі. Оның бұл қызметін сандаған ақпараттық сервистер мен жаңалықтар порталы, Интернет-газеттер жүзеге асырып отыр. Интернет-газеттер мәтініне тотальді ирония мен стилдерінің аралас сипаты тән, әсіресе бұл саяси мәтіндерде айқын байқалады. Бұқаралық ақпарат құралдары басылымының жанрлық корпусы Интернет-газетте жаңа өмірге ие болады, дамиды және жаңа жанрлық форма алады, бұл авторларға еркіндік пен сөз бостандығын, шығармашылық тұрғыдан шектелмеуін береді.
Интернеттегі тілдік қарым-қатынас сипаты
Соңғы кездері интернет тіліне деген тілші-ғалымдар тарапынан қызығушылық артты, олай деу себебіміз - интернет тілі зерттеле бастады. Әсіресе еуропа мен орыс тілдерінің интернет желісіндегі қолданысына ерекше назар аударылып, бірқатар зерттеу еңбектер жарияланды. Осындай қызығушылық соңғы онжылдықта интернет лингвистика деген тіл білімінің жаңа саласының қалыптасуына ықпал етті. Бұл бағыт ағылшын тілі зерттеушілерінің еңбектерінен бастау алды. Мысалы, З.JI.Берг, М.П.Коллинздер [7] интернеттегі қарым-қатынас жасаудың өзіндік әлеуметтік-психологиялық сипаты бар жаңа сала деп қараса, Т.Виноградов пен А.Флорес [8] интернеттегі вербалды қарым-қатынасты ерекше семиотикалық жүйе ретінде сипаттап, табиғи тілдер мен жаңа компьютерлік технологиялар бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынас жасау арқылы кибер кеңістік құрайды деп жазды. Дж. Болен, Ф.Хейлиген, И.Р.Купер, Н.К.Сюльжин, Н.В.Беляев [9] және өзге де зерттеушілер интернеттегі қарым-қатынастың гипермәтіндік құрылымын лингвистикалық талдау нысаны ретінде қарастырады. Ағылшын тіліндегі интернетті қолданудың лингводидактикалық аспектісіне арналған зерттеулер аз емес. Солардың қатарына И.А.Хребетованың [10] ағылшын тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдарының когнитивтік-прагматикалық ерекшелігін зерттеген еңбегін, А.А.Атабекова [11] ағылшын және орыс тілдеріндегі веб-парақтардың тілдік ресімделуін салыстыра қарастырады.
Электронды коммуникацияда қалыпты жазбаша сөздің мынадай жанрлары қолданылады: чат-коммуникация, пікірталастық форумдар, қонақ кітапшасындағы жазбалар, желілік күнделік, блогтар, интернеттегі қарым-қатынастың түрліше жанрлары. Енді аталған жанрлардың кейбіріне қысқаша тоқталсақ.
Чат-коммуникация терминінің құрамындағы коммуникация қарым-қатынас деген ұғымды берсе, чат (chat - сөйлесу) - интернетті пайдаланушылардың бір-бірімен нақты уақыт режимінде (online - ағылшын тілінен аударғанда желі бойында, байланыста деген мағынаны білдіреді) сөйлесуі дегенді білдіреді. Демек, чат-коммуникация - желі бойындағы байланыста орындалатын қарым-қатынас. Бұл желіде нақты уақытта интерактивті сұхбаттасу сипатында өтеді. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі пернетақтадан сөздерді теріп жібереді де, ол сөздер бірнеше секундтан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді. Осындай тәсілмен сөйлесу түрін чат-коммуникация дейміз. Чаттағы қарым-қатынас жүйесін осы ерекшелігіне қарай тікелей және жанама деп бөледі. Тікелей чат-коммуникацияда қарым-қатынасқа түсушілер веб-камера арқылы сөйлеседі, бұл кезде сөйлесу әдеттегідей болады. Чат-коммуникациясының ерекшелігіне мына жайттарды атауға болады:
1) Жанама қарым-қатынаста адресант (хабарды жіберуші) жіберген хабарламасын адресат (хабарды қабылдаушы) қалай қабылдағанын немесе оның эмоциясын сол мезетте көре алмайды. Адресаттың эмоциясы тек жіберген жауабы арқылы ғана ашылады. Интернет-коммуникант өзінің эмоциясын білдіру үшін бірнеше әлеуметтік ұстанымдарды ескермейді деп айтуға болады. Біріншіден, қысқа жауап беруге тырысады. Нақты уақыт режимінде сөйлесіп отырған екі коммуниканттың сөйлесу тембрі, оның күші, дикциясы, мимикасы тәрізді паралингвистикалық әрекеттері көрінбейді. Мұнда екі коммуникант бір-бірін мәтін арқылы таниды.
2) Паралингвистикалық амалдардың орнын толтыру үшін чатта смайликтер қолданылады. Яғни, дыбыс, қозғалыс сияқты әрекеттер вербалды таңбалармен беріліп, белгілі бір мағынаны үстеп отырады. Белгілі бір коммуниканттың эмоциясын екінші коммуникант тілдік емес, бейвербалды құралдар арқылы, яғни тыныс белгілерінің қосындысы арқылы белгіленетін мағынасы бар смайликтерден біледі [12, 57].
3) Чатта сөйлесу интерактивті болғандықтан, мұнда сөйлесу темпі ауызша тілге өте жақын болады. Чаттағы сөйлесу телефонмен сөйлескенге ұқсайды. Сөйлесушілер өздеріне қажетті хабарды сол мезетте алады. Бірақ ақпарат тек мәтіндік хабарламалар түрінде болады. Чаттағы хабарлардың ұялы телефондағы СМС-тен (хабардан) айырмашылығы тек интернет жүйесі арқылы тарайтындығында. Чат арқылы хабарласу уақыт кеңістігі арқылы орындалады. Яғни, қарым-қатынас сол мезетте орындалады, әрі көп коммуниканттың қарым-қатынасқа бір уақытта түсу мүмкіндігі бар. Чат-коммуникациядағы тілдік қолданыс сипаты, негізінен, мынадай болып келеді:
1) коммуникация, негізінен, диалогтік репликаға құрылады;
2) мұндай сөйлесу қарапайым сөйлеу жүйесімен пара-пар;
3) сөз қысқа, жүйесіз, тілдік бірліктерге жұтаң болса да, екі коммуникантқа ортақ аялық білім болғандықтан, коммуниканттар бірін-бірі жақсы түсінеді;
4) чатта диалогтік мәтіндермен қабат полилогтік мәтіндер де көп қолданылады;
5) сөздердің графикалық қысқартылған нұсқалары жиі қолданылады, атап айтқанда: см - сәлем, сб - сау бол, қс - қалайсың, инет - интернет т.с.с.;
Бір назар аударатын жайт - чат коммуникация барысындағы жазылған мәтіндердегі қысқартулар мен орфографиялық ережелердің бұзылуы белгілі бір норманың бұзылуы болып саналмайды, сұхбаттасушысына қатысты құрметтемеушілік болып табылмайды. Бірақ чат коммуникация барысында мәтіндегі сөздерді бөлек жазу, бірге жазу немесе жартылай бөлек жазу (дефис арқылы) ережелері назардан тыс қалмайды.
Интернетпен қатынас жасау кезінде байланыс арнасы коммуникант жасаған мәтіндерді жазбаша жазып алуға мүмкіндік береді. Онлайндық қатынас желідегі тұтынушылардың сұхбатын жүзеге асырады, яғни жазбаша тіркеу емес, әңгімелесу түрінде жүреді. Соған орай қазақ тілінде чатта әңгімелесу, чаттан есту деген тіркестер қалыптасты. Аталған сөйлесу формасы сөйлеушінің өз ойын барынша үнемді түрде жеткізуге тырысқан күшін (қарқынын) байқатады. Шынайы қарым-қатынас жағдаятындағы ауызша сөйлеуден желіде сөйлесудің артықшылығы коммуниканттардың қарым-қатынас кезіндегі кейбір қателерді немесе хабарлама жіберу барысындағы қолтаңбаларды (өте сирек болса да) жөндеуге, дұрыстауға мүмкіндік береді.
Чаттағы бетті жаңарту жылдамдығы кезінде немесе бір уақытта бірнеше адамдармен қарым-қатынаста болу кезінде бастапқы жазылған хабарлама еш жөнделмей-ақ көпшілікке жаппай таратылады. Хабарламаны жөндеу ереже бойынша, толық жіберілгеннен кейін, адресат оқығаннан кейін жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар егер жіберілген қателер мен қолтаңбалар айтылатын ой мазмұнына едәуір әсер ететін болса ғана назарға алынып, жөндеуді қажет етеді. Мысалы, Менің айтып отырғаным (менің атып отырғаным) деген репликаны жібергеннен кейін өзінің бір әріпті тастап кеткенін білген адресат жауапты күтпей-ақ осы фразаның артынша жедел түрде аЙтып отырғаным деп жөнделген вариантын жібереді. Егер фразаның мазмұнында қате болса да, адресант біле тұрса да оны жөндеп жатпайды. Бұндай жағдаят тек чатта ғана емес, интернет жанрларының біразында кездеседі.
Интернет көрсететін қызмет түрлері тек чатпен шектелмейді, интернетте сонымен бірге форум, электронды почта, FTP, Telnet секілді т.б. танымал қызмет түрлері кездеседі.
Г.А.Трофимова: Кез келген чат не сайт оны құрушылардың, қатысушылардың және тұтынушылардың орфографиялық, пунктуациялық және стильдік сауаттылығынан хабар береді [13], - дейді.
Интернет-сөйлеудің ерекшеліктерін зерттеуші тілші ғалымдар оларға мынадай ерекшеліктер тән екендігін атайды:
1) Әдеби нормадан ауытқуы: қарапайым сөздер, әсіресе, дөрекі ауызекі сөздердің мол болуы, жаргон сөздердің жиі жұмсалуы, сөйлесуде ауызекі тілге жақындатылған синтаксистік құрылымдардың жұмсалуы;
2) Интернетте қазақ тілінде сөйлесетін коммуниканттардың ауызекі фонетикалық ерекшеліктері (казр, не стейсн, щас, ваще) көп кездеседі, кейде фразаны интонациямен бояу тәсілдері ұшырасады, мысалы, интернеттегі арнайы белгілер смайлдар арқылы, сондай-ақ дауыстыларды созып айту арқылы (ну-у-у-у, мааааасаған), коммуникация шарттарының ерекшеліктерін суреттеу арқылы (хм-м-м (Ол ойланып қалды, басын шайқап тұр)).
3) Сөздер кейде орфоэпиялық нормаға сай жазылса, кейде орфографиялық нормаға да, орфоэпиялық нормаға да сай келмей жазылады: Ме каз барам (Мен қазір барамын). Он ойнша, асандкі дұрс мес (Оның ойынша, Асандікі дұрыс емес).
Көріп отырғанымыздай, сөйлемдерде сөздер мүлдем қысқарып, әріптері түсіп қалған, жалқы есім (Асан) кіші әріппен жазылған.
Коммуниканттар жазбаша қатынасқа түсіп отырғанымен, олардың осы ауызекі сөйлеу стилі бәріне де ұғынымды болып келеді. Желідегі жеке қатынас сын таразысына тартылмайтындығымен сипатталады. Сынды кей жағдайларда модераторлар жүргізеді. Олар қатынас нормативтерін құрмаса да, осы қатынастың кейбір кезеңдері мен үзінділерін кодтап, түзетіп отыруға тырысады.
Форум-коммуникацияның чат-коммуникациядан айырмашылығы бар, олар мынадай:
1) Чатта әр түрлі тақырыпқа қатысты қарым-қатынас іске асса, форумда бір ғана тақырып аясында пікірталас болады. Форум дегеніміз - субъектінің қызығушылығына байланысты ашылған клуб немесе орталық.
2) Чатта хабар сол мезетте іске асу қажет болса, форумда бұл міндетті саналмайды. Форум коммуникацияда коммуникант белгілі бір хабарды әбден қорытып, екі күннен кейін немесе бірнеше күннен кейін де жауап жазуға құқылы. Сондықтан мұнда коммуникант сөзі алдын-ала дайындалып, еркін сөйлеу түрінен алшақтайды. Чаттағы тілдік қолданыс ауызекі, еркін сөйлеуге жақын болса, форумда жазбаша сөйлесуге жақын болады.
Айтылған мәліметтерге интернеттегі қазақ тіліндегі хабар алмасудан мысал келтірейік:
Тақырыптың бастамасы: Жаңадан шыққан қазақша майл ру агент.
Ж.: Менде қазір сондай тур. Айтатыным бытшыт! Көп сөздерінің мәні жоқ. Маған ұнамайды. Нағыз қазақ тілін білмейтін шала қазақтар жасаған ғой.
К.: Жоқ, аудармасы әжептәуір, кейбір қателер бар, әрине, оның бері жағында Windowsтың өзінде адамның күлкісін келтіретін қателер бар, бұл кешірімді.
Д.: Бір қызығы, қосылғанда Қотарылуда деп тұрады ғой (күліп тұрған смайлик) нені қотарып жатыр? (күліп тұрған смайлик). Түсініксіз...Ол сөзді Майлагенттен ғана көрдім (күліп тұрған смайлик).
К.: Мен бұл сөзді көрмеппін ғой, қайда тур ол? (күліп тұрған смайлик).
Д.: Қосылып жатқанда тұрады (смайлик). Қосылғанда күтіп отырсаңыз шығады. Орысша ожидается дегеннің аудармасы болу керек (смайлик).
К.: аааааааа, қызық екен, менде қосылу деп жүктеледі. Бұл интернет қуатын болды. Ии ... ... ... ... әйтеуір.
Берілген мысалды талдасақ, жоғарыдағы тұжырымымыз расталады. Атап айтсақ,
қарапайым сөздер мен жаргон сөздер: Айтатыным бытшыт! шала қазақтар, адамның күлкісін келтіретін, қуатын болды.
Фразаны интонациямен бояу тәсілдері ұшырасады:
1) ... Қотарылуда деп тұрады ғой (күліп тұрған смайлик) нені қотарып жатыр? (күліп тұрған смайлик).
2) дауыстыларды созып айту арқылы: аааааааа, Ии ... ... ... ... әйтеуір.
Кей сөздердің орфографиялық нормадан ауытқып жазылуы: тур (тұр).
Желідегі жекелеген жанрдың нормасы өзінің мәдени фонына сәйкес келеді. Интернеттегі қатынас қарым-қатынасқа түсушілер арасында жазбаша өрбейді, бірақ жазбаша тілге тән ресмилік мұнда болмайды. Интернеттегі қарым-қатынас түрлеріне ресми еместік, ауызекі сөйлеу стилі тән. Интернет дискурстың гипермәтіні әр дәстүрлі тіл үлгілерін, әрі мүлдем төтенше, жаңаша тілдік идиомаларды еркін қолданады. Бұл айтылған жайттар интернет дискурс тілінің ерекшелігіне, түрлену және қолдану аясының кеңдігіне дәлел бола алады.
Интернеттегі қолданылған тіл мен бетпе-бет келіп сөйлескендегі тіл арасында айырмашылықтар болады, осындай ерекшеліктер интернеттегі қарым-қатынас жанрларының өз арасында (чат пен форумның т.с.с.) да ұшырасады. Бұл өзгешеліктер әр жанрдың құрылымына, мақсатына, кімдерге қызмет ететініне тәуелді. Сонымен бірге коммуниканттардың жас ерекшелігі, әлеуметтік тұлғасы (дәрежесі, қызметі, кәсіби саласы) ықпалын тигізеді.
Интернет тілі ауызша және жазбаша сөйлесу тіліне ұқсас болғанымен, олар бір емес, сондықтан интернет тілі олармен сабақтастырыла отырып, бөлек сападағы тіл ретінде зерттеледі. Жалпы интернеттегі тіл ауызша және жазбаша сөздің (интонация, тон) паралингвистикалық құралдардың (сурет, фотосурет, шрифт, түс, графикалық символдар (смайликтер) және т.с.с.) жазбаша сипатта бейімделуімен ерекшеленіп көрінеді. Интернетте әріптер, сандар, тыныс белгілері паралингвистикалық амалдарды толық атқарады. Интернет тілінде бұлар смайликтер немесе эмотикон деп те аталады.
Интернет желісіндегі қазақ тілінің қолданысы
Ауызша сөздің жазба сөзден айырмашылығы ауызша сөз уақыт пен кеңістікке жазба сөзге қарағанда көп тәуелді болады. Белгілі бір уақыт кезеңінде, белгілі бір жағдаяттық ортада сөйленген сөз басқа уақыт шегі мен кеңістік шеңберінде дәл алдыңғыдай өзекті бола алмайды. Және сол кезеңдегідей түсінікте қабылданбайды, уақыт өте келе ол ақпараттың әсерлілігі бәсеңдейді. Сондықтан да жазбашадан гөрі ауызша қасиеті басым келетін интернеттегі қазақ тілі де өзге тілдер сияқты өзгерістерге, өзге тілдер мен технологиялық құбылыстардың ықпалына жиі ұшырайды.
Күнделікті қазақ тіліміз интернетте қолданылғанда өзара әрекеттестік пайда болады. Бір жағынан интернет тілі ішінде қалыпты лексика тасымалданады, қалыпты сөздер, белгілер, символдар жаңа мағынаға ие болады. Екінші жағынан қалыпты қазақ тілі тұрмыстық тіл әлеміне тап болып, әрі кәсіби тіл сапасында өзінің орнын табады, осы әлеумет мүшелеріне (интернет тұтынушыларына) ортақ болады, сөздіктерде белгіленеді.
Қарапайым ауызекі тілде кейбір интернет түсініктер жаңа мағыналарды арқалайды. Интернеттің әсерінен тіл белгілі бір деңгейде жеңілдене түседі: сөздер дефистерден айырылады, бірге жазыла бастайды, қысқартып жазу, адам аттарын кіші әріппен жазу, бірнеше әріпті бір ғана әріппен ауыстырып жазу. Осы орайда мамандардың: Интернеттің техникалық экспансиясымен байланысты тілдің белсенді интернеттенуін байқауға болады деген пікірімен толық келісуге болады.
Интернет лексикасының ішкі жүйесі үнемі өседі, тұрақтанады, ұлттық тілдің өзге функционалдық салаларынан өзіндік тілдік құбылыстармен айырықшаланады, пайдалану ауқымын кеңейтеді. Интернет бірліктер қолданыста нормадан ауытқи отырып пайдаланушылардың тілдік практикасына енеді, ал бұл өз кезегінде қалыптасқан нормативтік сөйлеу практикасының бұзылуына, жалпы тілдік норманың төмендеуіне әкеледі. Интернеттің өспелі тілдік ішкі жүйесі басқа кез келген ғылым мен техниканың тілдік жүйесі секілді тілдің сөздік құрамының молаюына септігін тигізеді. Осы арқылы кез келген тілдің, соның ішінде қазақ тілінің де дамуының маңызды факторы, оның динамикалық сипатының дәлеліне айналады.
Ақпараттық технологияның, әсіресе интернеттің пайда болуы тілдік өзгерістерді күшейтті. Сондай өзгерістер интернет арқылы қазақ тіліндегі қарым-қатынаста метафоралардың пайда болғанын атап көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, ғаламдық тор, электронды желі, виртуалды кеңістік. Сонымен бірге интернеттегі қазақ тілінде сленгтер, аббревиатуралар, смайл сияқты жаңа құбылыстар пайда болды. Құбылыс деуіміздің себебі мынада: оларды сөздер деп айтуға келмейді, өйткені олар тыныс белгілерден де, суреттерден де құралуы мүмкін.
Сленг, аббревиатура, смайлдар - интернеттегі қарым-қатынаста адамның ойын, сезімін, көңіл күйін білдіруге қызмет ететін тілдік бірліктер. Олар желі тілінің маңызды бөлігіне айналып үлгерген.
Интернеттегі қазақ тіліндегі қарым-қатынаста орфографияны бұрмалау формасы албан тілі, яғни креатифф, эрративті тіл, аффтар тілі, падокаф тілі, превед тілі, неограф тілі, ОРФО-арт тілі деп аталып жүр. Және олар желілік сленгтің ерекше түрін, яғни лексика қабатында өзінің екінші рет өмірін тапқан ерекшелікті танытады. Пайдаланылған әрбір сөз бен сөйленістер эрратив деп танылады. Эрратив латын тілінің errare - қателесу деген сөзінен шыққан. Яғни әдеби тіл нормасымен сөйлейтін адамдар тіліндегі әдейі бұрмалану, қате сөйлеуге шалдыққан сөздер мен сөйленістер. Тілдегі барлық эрративтерді бірінші және екінші деңгейдегі эрративтер деп бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі эрративтерге ауызша сөйлеу формасын қалыптастыра отырып, жазба норманы бұрмалау да жатады. Екінші деңгейдегі эрративтер бірінші эрративте қолданылатын сөз, сөйленімдердің гипербұрмаланған, қиын айтылатын түрін ұсынады. Мысалы, нормаланған красавчик үлгісіне кросавчег мүлдем сай келмейді, осыдан барып красафчек деген эрратив пайда болады. Осындай эрративтер өз ішінде одан әрі әркімнің айтылу ыңғайына қарай бұрмалана берсе, яғни жалпыадамзатқа, білімді, сауаты бар тұлғаларға мүлде түсініксіз сөйленіс түрі қалыптасса, ондай жазу түрін падонки деп атайды, бұл жазба түрі креатиффтер қатарына енеді. Креатиффтерді жиі қолдану тек екі интернет желі байланысындағы сөйлесуші арасында ғана емес, бүкіл байланыс кеңістігіне де тарап, падонковтық субмәдениет қалыптастыруы мүмкін.
Интернеттегі қазақ тілінің қолданысында сленгтер де молынан ұшырасады. Бірақ олардың сөздігі жасалмаған. Ағылшын және орыс тілінің зерттеушілері интернеттегі сленгтердің сөздіктерін құрастырған. Қазақ жастары интернетті қолданғанда сленгті де мол пайдаланады. Интернеттегі қарым-қатынаста сленгтермен қатап бейәдеп, дөрекі сөздер, анайы афоризмдер де ұшырасады. Интернет тұтынушылары арасында арнайы жүргізілген тәжірибе қорытындысына сүйенсек, сауалнамаға қатысушылардың 22 пайызы мүлдем бейәдеп сөздерді қолданбаймыз десе, 24 пайызы үнемі сондай сөздерді келтіріп отыратынын, бірақ тура формасында емес, кей әріптерін басқа символдық белгілермен өзгертіп, сөз мағынасын беруге тырысады екен. Интернет байланысында отыратындардың 63 пайызы дөрекі тілде сөйлесуді сәнді, қажетті, онсыз сені интернет желісінде ешкім түсіне бермейді деп санайды.
Электронды желі арқылы таралатын коммуникация жазбаша формаларға негізделетіндіктен жазба тілдің гипермәтіні техникаға байланысты түрлі өзгерістерге ұшырап, сөйлеу тіліне тән тілдік бірліктер жиі қолданылады. Яғни, жазба тіл синтезделеді. Эмоция, сөйлемнің қысқартылып берілуі тәрізді бірліктер желі ішінде әртүрлі беріледі. Бұл жағынан алатын болсақ, қазақ тілінің де интернетте жазбаша мен ауызша тіл белгілерін бойына сақтайтынына көз жеткіземіз.
Мысалы, мен барамын, сен барасын ба? Ин-еттен окыдын ба? компь-пен жұмыс істеп отырғанда...
Келтірілген бірінші мысалда екі коммуникантқа белгілі сөз орамы қысқартылып берілген. Ал екінші және үшінші мысалда жеке сөз айтылымының басқы және соңғы буындары мен тек қана басқы буыны алынған.
Желі қарым-қатынасында қолданылатын қазақ тілінде қайталаулар да кең қолданылады. Әсіресе, сөйлеу тілінің және кітаби тілдің элементтері жиі кездеседі. Веб-коммуникацияда сөйленістер әр түрлі субъектілерге арналуы мүмкін. Сөйленістер тікелей немесе жанама, дайындалған немесе дайындықсыз, ресми не бейресми түрде болады. Веб-коммуникация кезінде ақпарат жанама не кешіктірілген болса да, оны қабылдау әсері сол сәтте болады. Ауызша әдеби тіл түрлерінің адресаттың жеке, ұжымдық немесе бұқаралық сипаты арақатыстылығының ұстанымы интернеттегі қарым-қатынаста біршама өзгереді. Мұнда ауызша сөйлеу (жеке адресат) , ауызша ғылыми (ұжымдық адресат), ауызша бұқаралық сөйлеу тілі жеке субъектіге немесе ұжымдық адресатқа бағытталып отырады. Интернет тілінде ауызекі сөйлеудегі тәрізді сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай берілгендіктен, сөйлеу тілінің басты элементтері болып табылатын жаргондар, диалектизмдер, варваризмдер жиі ұшырайды.
Мысалы, Ислам дінінде вооообще жок ко! Ол супермен ғой! Гламурно все таки, ия. Мен саған звооондаган едим жоксин гой. Конешно мен ренжимин саган. Ойланшы осыган. Дурыстап.
Интернеттегі тілдік қарым-қатынас, көбіне, диалогтік репликаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz