Алдан Аймбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер. «Казахская правда» газетінің көтерген өзекті мәселелері



І тарау
Алдан Аймбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер.
ІІ.тарау
«Казахская правда» газетінің көтерген өзекті мәселелері
Қорытнды
Аймбетов Алдан 1931 жылы 15 желтоқсанда ОҚО Түркістан ауданы Шерт елді-мекенінде дүниеге келген. 1949 жылы орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1956 жылы КазГУ-дың философия факультетін тәмәмдаған.1964 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.[1]
Негізінен мамандығы философ. Бірақ, қажеттіліктен қолына қалам алған Аймбетов Алдан кейін шебер публицист, журналист болады. Сонымен , үш қайнаса сорпасы қосылмайтын журналистикаға қалай келді?
Тәуелсіздіктің алғаш жылдарында қазаққа қарсы, қазақтың ұлттығына қарсылар көп болды. Олар қазақтың санасын ақпарат құралдары арқылы әлсіретіп, улап жатты. Сондай қазақтың ұлттығына қарсы бір мақала «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Бұны оқыған Аймбетов қарсы мақала жазып аталмыш газеттің редакторына тапсырады. Бірақ, газет мақаланы жариялаудан бас тартады. Сонда А.Аймбетов қазақтың сөзін сөйлейтін өз «Правдасы» болады деп газет ашуды ұйғарады.[2]
Мақаланы басқа газетте жариялайды. Оны ақпарат министрлігінің баспа ісі жөніндегі орынбасары оқып, сол сарындас мақаласын «Казахстанская парвда» газетінде жариялайды. Мақалада Аймбетовтың адресіне де сын айтылады. Бірақ өзінің пікірлесін тапқан Алдан Аймбетов ол кісімен кездесу іздейді.
Бір күні министр орынбасары С.Құттықадам Аймбетовты шақыртады. Екеуі біраз әңгімелеседі. А.Аймбетов сонда:»Өзімнің газетім болса қазақ мемлекетінің бүкіл дұшпандарын жеңер едім»− дейді.
С.Құттықадам Аймбетовке газетін тіркеп беруге көмек беретінін айтады.Міне осылай «Казахская правда» газеті ашылады.
Газет алғаш санынан бастап ұлтарлық татулықты насихаттайды. Қазақтың ұлттық мүддесін қорғауда, қазақтың қордаланған проблемаларын жоғарыда отырған қазақша білмейтін орыс тілді қазақтарға орысша жеткізуді мақсат еткен.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
І тарау
Алдан Аймбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер.

Аймбетов Алдан 1931 жылы 15 желтоқсанда ОҚО Түркістан ауданы Шерт елді-
мекенінде дүниеге келген. 1949 жылы орта мектепті алтын медальмен бітірген.
1956 жылы КазГУ-дың философия факультетін тәмәмдаған.1964 жылы кандидаттық
диссертациясын қорғады.[1]
Негізінен мамандығы философ. Бірақ, қажеттіліктен қолына қалам алған
Аймбетов Алдан кейін шебер публицист, журналист болады. Сонымен , үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын журналистикаға қалай келді?
Тәуелсіздіктің алғаш жылдарында қазаққа қарсы, қазақтың ұлттығына
қарсылар көп болды. Олар қазақтың санасын ақпарат құралдары арқылы
әлсіретіп, улап жатты. Сондай қазақтың ұлттығына қарсы бір мақала
Казахстанская правда газетінде жарияланды. Бұны оқыған Аймбетов қарсы
мақала жазып аталмыш газеттің редакторына тапсырады. Бірақ, газет
мақаланы жариялаудан бас тартады. Сонда А.Аймбетов қазақтың сөзін сөйлейтін
өз Правдасы болады деп газет ашуды ұйғарады.[2]
Мақаланы басқа газетте жариялайды. Оны ақпарат министрлігінің баспа ісі
жөніндегі орынбасары оқып, сол сарындас мақаласын Казахстанская парвда
газетінде жариялайды. Мақалада Аймбетовтың адресіне де сын айтылады. Бірақ
өзінің пікірлесін тапқан Алдан Аймбетов ол кісімен кездесу іздейді.
Бір күні министр орынбасары С.Құттықадам Аймбетовты шақыртады. Екеуі
біраз әңгімелеседі. А.Аймбетов сонда:Өзімнің газетім болса қазақ
мемлекетінің бүкіл дұшпандарын жеңер едім− дейді.
С.Құттықадам Аймбетовке газетін тіркеп беруге көмек беретінін
айтады.Міне осылай Казахская правда газеті ашылады.
Газет алғаш санынан бастап ұлтарлық татулықты насихаттайды. Қазақтың
ұлттық мүддесін қорғауда, қазақтың қордаланған проблемаларын жоғарыда
отырған қазақша білмейтін орыс тілді қазақтарға орысша жеткізуді мақсат
еткен.
Егемендік алған тұсты еске түсірейікші. Қазақ мәз болатындай ахуал
жоқтың қасы еді.Орыс тілінде шығатын газеттер, телеарналар түгелдей бір
ауыздан қазақтың намысын таптап, тілін, ділін, келеке етіп, болар болмас
егемендігімізді тұншықтыруға жабыла күш салған еді ғой. Сол кезде өте әлсіз
қазақ басылымдары арасында бұған тойтарыс беретін шама жоқ еді. [3]
Міне осы жағдайлар орыс тілінде шығатын Казахская правда газетін
дүниеге әкелді. Шын мәнісінде Казахская правда бір адамның ерік жігерінің
арқасында шығып тұрған газет. Алғаш саны 1993 жылдың қаңтарында, соңғы
номері 2006 жылдың тамызында 13 жыл бойы жарық көрген. 13 жыл ішінде 175
нөмері жарияланған.А3 форматта , кейде 4 беттік, кейде 8 беттік болып ,
кейде екі аптада бір рет , кейде айына бір рет , кейде екі айда бір рет
шығып тұрған. Бәрі де қаржыға байланысты.
Аймбетов алғашында газетті өз зейнетақысына шығарып жүрді. Ара-тұра кей
азаматтар демеушілік жасап тұрды. Бірақ газет сотталып, редакторына
Антисемит деп айдар тағылған соң комек берушілер жәрдемін тоқтатты.
Анау айтқандай демеушілері де болған жоқ. Негізінен мамандығы философ.
Бірақ еліміздегі жағдай, патриоттық сезім оны қалам ұстап, журналист
публицист болуға мәжбүрледі.
Казахстанслая правда газетінде жарияланған мақалаға қарсы жазған жауап
материалы оның тырнақ алды туындысы , журналистикаға басқан алғашқы қадамы
деуге болады.
Оның публицистикалық мақалалары мыңдаған қазақтың санасына ұлттық сезім
мен париотизм ұялатты. Мақалаларымен қоғамды әрекетке шақырды. Кейде
көрсек те елемей жүрген мәселелерді көруге түрткі болды. Орыс тілді
аудиторияға қазақтың ұлттық идеясын түсіндірумен болды.
А. Аймбетов қоғамдағы өзгеріске , кетартпалыққа бейжай қарап отыра
алмады. Қазақстанның экономикасы , әлеуметті жағдайы, мемлекет басшыларының
ұстанып отырған саясатына өз көзқарасын білдіріп , дұрыстығын не
бұрыстығын тайсалмай айтып , кемшіліктерін қорықпай әшкерелеп отырған.
Ия, негізінен алпыстан асқан соң өзге ақсақалдарымыз бала-шаға, отбасы
күйбеңінен ары аса алмайды. Ал Алдан ағаны пайғамбар жасына келгенде
газет шығаруға халқына деген сүйіспеншілік, шын потриоттық сезім
итемеледі. Немесе қартайған шағында өз атақ даңқы өзіне жетерлік адам
газет шығарып несі бар?
Тәуелсіздікке қазақ екі ғасырда әрең жетті. Осы енді тәй-тәй басып келе
жатқан тәуелсіздігімізді бесігінде тұншықтырғысы келгендер көп болды.
Қазақстанда орыстар өктем болды. Олар Тәуелсіздік алған соң да осы
әрекетінен айырылғысы келмеді. Сосын олар ашық шабуылға, ақпараттық күреске
шықтты.Барлық ақпарат құралдары орысша сөйлейтін. Қарапайым халықтан
үкімет басшыларына дейін орыс тілді басылымдарды оқыды. Қазақтың орыс тілін
меңгергені соншалық, тіпті орысқа үйрететін халге жетті. Ал бұл тілінен
айрылу ел ретінде тарих сахнасынан жоқ боп кету деген сөз. Сонда күреске
Аймбетов шықты.Ол шынында ұлты үшін, ұлтының болашағы үшін күресті,
қазақтың дұшпандарымен жалғыз күресті.
Міне, он жылдан асты.Майданда жалғыз жеке батыр А.Аймбетов қана
соғысуда. Один в поле не воин дейді орыстар.Жоқ, бұл ереже қазаққа
жүрмейді. Жүрмейтініне Алдан ағаның ерлігі куә. [4]
Алдан қазақ халқы үшін , оның ұлттық мүддесі үшін күресті. Халықтың
мұңын мұңдап , жоғын жоқтап күресті.
Күрес әсіресе , қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алу төңірегінде көп
болды. Республикамызда және Ресейде шығатын басылымдар бұрынғы өктемдігін
сақтап қалуды көксеп қазақтарға қарсы мақалалар жазды. Бұған
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Караван, Казахская правда
газеттерінде шыққан мақалалар дәлел. Бұндай жағдай жалпы қара
халыққа , әсіресе , халқының бүгіні мен ертеңіне бейжай қарай
алмайтын отаншыл азаматтарға ауыр тиді. Қазақ тілінде жазылған
мақалалар нысанаға жетпей сөздері далаға кеткендей болатын. Себебі,
жоғары лауазымды қызметкерлердің дені қазақ баспасөзін оқымайтын. Ал
орыс тілді басылымдар қазақ ұлтының мұңы мен мұқтажын ешқашан
көтермейтін дәл осындайда қазақтың талап-тілегін орыс тілінде жеткізіп
айтатын қазақтың қаскүнемдерімен талмай күрескен Казакская правда
газетінің редакторы А.Аймбетов болды.
Мен Гиллердің кезінде Караванмен айтысқанмын. Караванның ажалы
менен болады дегенмін. Сол сертімде тұрдым. Гиллердің Караванының
үнін өшірдім. [4]
Қазаққа қарсы мақалалар көп жарияланатын басылым
Казахстанская правда еді. Онда ұлттар арсына жік салып, от жағатын
материалдар көп басылатын. Аймбетов оныменде күресті. Ақыры Срыбных
жұмыстан кетті.
Казахстанская правданың оқырмандары Казахская правданың тегеурінін
мойындап оның әрбір санын іздеп оқитын болды.
Қазақты масқаралап, жамандап жазатын газеттің бірі Мегаполис
еді. Мегаполис қазақтың саққа ешқандай қатысы жоқ деп жазды.
Аймбетов бұның керісінше екенін ғылыми тұжырымдармен дәлелдеп,
газеттің тас талқанын шығарды. Бас редакторы орнынан кетеді.
Аймбетов қазаққа, намысты азаматтарға ұлттың терең мүддесін
түсіндіріп, шовинистік, евроцентристік күштермен бітіспей соғысқа
түседі. Ол халқының көкейкесті мәселелерін сөз етіп , еліміздің
дұрыс дамуы үшін күш салады. Ұлттық демократиялық мемлекетті
қалыптастыру керектігін айтып , сондай қоғамды қалыптастыру үшін
күреседі. А.Аймбетов сияқты ұлт тағдырына қатысты проблемаларды көтеру
батылдықты ғана емес , білімділікті , отансүйгіштікті , жанкештілікті
қажет етеді.
Біраз басылымдар Көп ұлтты Қазақстан деген тіркесті
қолдануда. Ал Аймбетов республиканың негізгі ұлты қазақ , ал ,
басқалары өзге халықтардың диаспорасы деп есептейді. Ол патшалық
Ресеймен Кеңес билігі дәуірінде ұлттық мүддесі тапталған қазақ
халқының мәдени экономикалық қажетіне Үкімет көп көңіл бөлу керек
деп есептейді. Қазақтың жерден айрылуы тарихын ұзақ зерттеген
С.Әсіповтың бастамасын қолдап, қазақтың қазір тәуелсіздік жылдарында
да қазақ өз жерінен айрылып жатқынын айтып бұл мәселенің өзктілігін өз
басылымында көтерген. Үкіметтің назарын осыған аударған Аймбетов
болатын. Қазақтың жауы өз ішінен де табылып жатты. Олар қазақ тілін
де, тарихын да , дәстүрін де мойындағысы келемейтін , бірақ өздерін
қазақпыз дейтіндер. Олар қазақтың дұшпадарымен бірігіп , қазақтың
мемлекет болып кетуіне кедергі жасайды. Қазақтың аяқтан шалушы ішкі
жаулары көп. Алдан Аймбетов солармен күреседі. Атамекеніне оралған
қазақтарға азаматтық алуда жасанды келдергі келтірушілер көп екенін
, осыған үкімет шындап көңіл бөлу керектігін айтады. Казахская
правда шетелге бала сату адамдыққа жат сорақы іс екенін , қазақ
жерінің түкпір-түкпірін аралап дінінен айырып өзегінен жарып жүрген
миссионерлерді де сынап жазады. Әлбетте, мұндай қазақтың мұңын мұңдап
жоғын жоқтаушы халықтың шын жанашыр басылымы оқырман қолдауына ие
болады.
Ия , Аймбетов шын мәнісінде ұлтын ұлықтаған патриот кісі болған
кейде ол патриоттығы шектен шығып та кетеді екен. Ол өз
басылымында тек түр әлпеті келескен қазақты ғана басқан. Ал , манғол
тектес болып кеткен қазақтарды басудан бас тартқан екен.
Мегаполистің редакторы газетте ылғи түрі келіспеген қазақтарды
басып шығарады. Сонда Алдакең өз суретімен аталмыш газеттің редакторы
А.Тәжуітов суретін қатар басып шығарып, неге сен қазақты
төмендетесің деген.
Міне , оның патриоттығы соншалық тіпті қазақты әдемі емес деген
адмды жақтырмай қалған екен. Шынында А.Аймбетов халқы үшін ештеңеден
тайынбаған ол өз басылымы арқылы қазақтың дұшпандарымен күрескен. Ол
ұлты үшін ештеңеден аянбай, халқы үшін ештеңеден тартынған жоқ.
А.Аймбетов ұлты үшін күресіп жүр екен ғой деп оған көмек қолын
созған үкіметте болмады. ОЛ газетті өз қаржысымен шығарады. Газет
шығару үшін алтын-күмісін сатты , мініп жүрген көлігін , киіп
жүрген бөрігін сатты. Сөйтіп , күні кешеге дейін қалғудың аз-ақ
қалпында тұрған ҚАЗАҚ РУХЫН күндіз-түні көз ілмей отырып қорыды. 13
жыл күзетті. Ұйықтап бара жатқанды түртіп оятты. Есінеп тұрғанды
бүркіп оятты. Бүтін бір институттың жұмысын бір өзі атгқарды,
шенде шекпен де сұраған жоқ.
Алдан аға президентпен кездескен. Бірақ ол елбасынан ештеңе
сұрамаған. Шынында , мұндай сәтті пайдаланушылар президентпен
кездесуден кейін бай адам болып шыға келер еді. Ал Аймбетов олай
етпеген.
1994 жылы желтоқсанда кездескен болатын. Қызмет те , ақша да
сұрамаған бар айтқаны көлік жағынан қиналып жүрмін деген. Сонда
министрлер кабинетінің гаражынан ескілеу волга бергізген. [5]
Аймбетов халқы үшін өмір сүрген. Жоғарыда айтып кеткеніміздей ,
ол марапат үшін шен алу емес халқын шын сүйгені үшін күрескен. Ол
қарапайым тұрған. Асқан атақ-даңқты ұнатпаған. Қарапайым тұрғанына
қарамастан , жәрдем қажет еткен адамға көмек қолын соза білген.
Алдан өзі қайтыс болардан екі жыл бұрын бір әйелдің
ауруханада жатқанын , оған әкесінің бүйрегін салу үшін ақша керектігі
жайлы оқыған. Алдан маған келіп ақылдасты. Сонымен , газеттің
тілшісі арқылы әлгі әйелді таптырдық. Оған 300 әлде 400 долларды өз
қолымен береді. Сонда Алдан өз фамилиясын да айтпаған. Тек Алдан
аға және Тамара Мұхамедиярқызынан деген екен.
Міне , азаматтың азматтығы. А.Аймбетов ұлтын шын сүйген патриот
, тек сөзімен емес , ісімен сүйген адам. Ұлты үшін күрескен
азамат. Ол Казахская правдада ең өзекті мәселелерді көтерген.
Ертең маған кесірі тиер , ертең біреулер сүріндірер деп қорықпай
шындықты шырқыратып жазған. Казахская правда газетінің 175-ші
номерінде жарияланған мақалаларды алып қарайтын болсаңыз қазақ
халқының , ұлтының өркендеу жолындағы мақсаттар мен мұраттар ,
атқаратын істер деп қарауға болады.
Егер Казахская правданың 80-ші номерінде көтерілген
мәселелерді бір үлкен томның көлемінде топтап шығарса, оны ұлттың
даму мұратының энциклопедиясы деп атауға болар еді.[6]
Онда көкейкесті халықтың пісіп тұрған мәселелері көтерілген.
Жалпы , Казахская правда жайлы айтсақ, Казахская правда
А.Аймбетовтың болмысы десек те болады.
Казахская правда еліміздегі нағыз ұлттық, патриттық
басылым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Казахская правда
көтерген күрделі проблемаларды тіптен ешбір басылым жаза алмады
десек те болады.
1990 жылдары енді тәуелсіздігімізді алған тұста басылымдар
мен ақпарат құралдарының дені орысша еді. Олар ешқашан қазақтың
ұлттық мүддесін қозғамады, ал қазақша басылымдар жалтақ, ондай
мәселелерді көтеруге дәрменсіз еді. Ал, ұлттық мүддені жазған
басылымдардың өзінің үні әлсіз шығатын. Тіпті 2000 жылдары
Қазақстан аяғына нық тұрып, оң-солын танып, қазақша ақпарат
құралдары көбейіп, сөз бостандығы орнады деген кезде де кей
мәселені жазуға басылымдардың ерік - жігері жете бермейтін.
Жер сатылмайды, жер-Отан, Отан-Ана Өзбекстан тапа – тал түсте
шекара сызып, столбтар қойып, Қазақстан территориясына кіріп жатыр.
Ал біздің саясаткерлеріміз, мемелекет қайраткерлеріміз саусағын да
сытырлатқан жоқ.Тіпті, Өзбекстанмен келісімге келетін тиімді шешім
қабылдаймыз деп Өзбекстанның бұл әрекеттерін қолдап отырған сыңай
танытты.Осылай өздерінің бейбіт мемлекет екенін көрсеткісі
келетіндей. Бірақ жерге, Отангға келгенде үндемей қалу Отаныңды
сатқаның деп Қазақстанның жер мәселесі , шекара , дәлірек айтқанда
Өзбекстанмен шекара жайлы ұстанып отырған саясатын сынайды.
Бізде осындай жағдай болып жаттқанда, қоғамның үндемей отырғаны
таң қалдырды .Ал оппозиция қайда қарап жүр? Халықты жұмылдырып
соңынан ертетін сәт осы емес пе? БАҚ не істеп жүр? Осындайда
жазбағанда қашан жазады?[7]
Міне , Аймбетов тіпті оппозиция үнсіз қалып отырған
проблеманы көтереді , ақпарат құралдарының үнсіздігін сынайды. Неге
халықтың тағдырына қатысты нәрсені жазуға қорқады деп күйінеді.
Казахская правда шынында ел мүддесі үшін күрескен газет.
Онда еліміздің мемлекет болып қалыптасуы үшін жарияланған мақалалар
көп-ақ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басылымдардың көбісі сары
басылым еді. Олардың жазатыны тек өсек, дәйексіз, дәлелсіз мыс-
мыстар мен ұзынқұлақтан естігендері ғана.Тіпті сондай айдармен газет
те шығарылып жүрді. Ал одан қала берсе ылғи төсек қатынасын
дәріптейтін порнографиялық басылымдар болды.
1990. жылдары барлық нәрсе жекелендіріліп мекемелер өзін-өзін
қаржыландыратын болғандықтан басылымдардың осылай ақша табу
жолына түсіп , қарақан басының қамы үшін арсыздыққа
барғаны баршамызға мәлім. Ал ұлттық мүддені қозғап
жазатын болса одан түсер пайда жоқ және былыққа толы
саясатты жазуға үлкен күш-жігер қажет болды. Олар үкімет
басшыларын , лауазымды иелерді сынауға , олардың екпініне
қорықты. Ал Казахская правда ақиқатты батыл да өткір
жазды. Бұ Аймбетовтың емендей берік мінезін азаматтық
ерлігін көрсетеді.
Патшаны әбден ұрлық-қарлыққа дәніккен тойымсыз , өзінің және
ұрлаған мүлкін сақтап қалуға тырысқан айналасындағы адамдар сатып
кетті. Біздің мемлекетті де құлатуға мүдделері бар , олар -
жемқорлар дейді.[8]
Яғни Аймбетов еліміз енді аяққа тұрып келе жатқанда оны аяқтан
шалушылар көп, ол ішімізден шыққан жаулар дейді. Жемқорлар
мемлекетімізге қауіпті, олар мемлекетті ішінен ірітушілер дейді.
Бір топ бизнесмендер жерді сатып алғылары келіп Обращение
деген ат жазыпты. Казахская правда да қарап отыра алмай бұларды
қатты сынайды. Жерді сатуға қарсы байлар сатып алады да крестьянство
орнайды. Ол сіңірі шыққан халық моладан 2 метр жер де ала алмайды
дейді.
Жер тауар емес жер құдайдың берген ырзығы. Ол халыққа,
ұлтқа тиесілі жерге халықтың атынан сөулеуге құқық алған адамдар
қипалық етеді.
Тіпті шаһтар, падишаһтар, шахиншаһтар билейтін шығыстың
деспоттық мемлекеттерде жер ортақ иелікте болғанның өзінде жерге
жекеменшік түрі кездеседі.
Бірақ мұны да Қазақстанда қолдануға болмайды.[9]
Жер сатылатын болса , онда қарахалық иелеріне яғни жер
иеленушілерге қызмеи етіп , иелерімізге таным ететін боламыз. Бұл
недеген мәңгүрттік , жерді сатып алу , сату! Біздің батырларымыз ,
хандарымыз уақыт өте келе сатылсын деп қасық қаны қалғанша
жаудан қорғаған жоқ қой.
Алдан Аймбетов қоғамдағы індетті дөп басып таба білді және ең
бастысы қоғамдағы қазіргі жағдайларды саралай отырып келешекті
көрегендікпен болжай білген.
Кто следующий президент Казахстана! деген мақаласында: Келер
сайлауда Назарбаев өз жағында отырып президенттікке түседі. Деп
Назарбаевтың мезгілінен бұрын сайлауға түсетінін айтқан. Қазақстанның
келесі президенті ретінде тағы да Назарбаевты көргісі келетінін
және солай болатынын айтады. Өткелде атты ауыстырған дұрыс емес
дейді.
Біздің болжамымыз бойынша келесі сайлауға сөзсіз Назарбаев
жеңіске жетеді. Дегенмен сайлаудың өз заңдары бар және жүзбен
әрқашан жеңіске жете бермейді.
Бірақ президент болып Назарбаев қайта сайланған жағдайда
Қазақстанды көптеген саяси-әлеуметтік прогресстер шын мәнісінде
аспаған ел басы күтіп тұр.
Жоғарылау мен құлдыраудың , жеңіс пен жеңілістің дәмін шын
сезінген ғана мемлекет басқаруға лайықты саясаткер болады.
Көріп отырғанымыздай Аймбетов Алдан шындықты жаза білген ,
саяси ахуалды туралықпен сынай білген сонымен бірге тек сынап қана
қоймай оның нәтижесінен әкеп соғарын білген адам . Оның жазып
кеткені көріп отырғанымыздай айна қатесіз келіп отыр .Президент
сайлау мерзімінен бұрын түсіп жеңгені рас және президентіміздің
ұстанып отырған саясаты біршама дұрыс. Әлеуметтік , экономикалық ,
рухани жағынан да біршама ілгерілеп келеміз.
Ия Алдан Аймбетов саяси публицист ол мақалаларының
бірінде сынға алған, анау шенеунік екені мынау депутат екен ертең
маған зияны келер деп ойламаған. Тіпті, ең алдымен, сол халық
қалаулыларын сынаған.
Парламентке , шын мәнісінде , халық қалаулысы емес кім
көргеннің сайланатынын , ал санына келсе өте көптігін айтады. Құл
жиылып бас болмайды, құм жиылып тас болмайды дейді . Саны көп
болғанымен ішінде іліп алары саусақпен санауға боларлықтай. [10]
Парламент үш рет таратылды дейді. Бірінші парламентті
Қазақстанды ядролық қарусыз деп танып сол арқылы әлемнің талапайына
жол ашқаны үшін кінәләйді.
Ал екіншісін тіпті халық жоғын жоқтамақ түгілі өзінде
қорғай алмағандығы үшін кінәләйді.
Үшінші парламент принципсіз, ел тағдырына енжар қарайды.
Қандай шешім болса да қабылдауға даяр, тек президентке ұнаса
болғаны. Әйтеуір таратып жібермесе болғаны деп отырғандар.
Біткен іске сыншы көп дейді. Бірақ Аймбетов тек сынап қана
қоймайды, сол тығырықтан шығу жолдарын да ұсынады.
Сайлау жүйесін өзгерту керек , түбегейлі қайта қарастыру керек.
Комиссияны басқа емес халықтың өзі таңдап , жұмысын бақылап отыру
керек.
Бос сөйлейтін емес жұмыс істейтін парламент керек.
Назарбаевтың бұл жеті жылдық елбасылық басқаруы алдыңғы
жылдарынан тым бөлек болады.
Біріншіден қоғамның құлдырауын тоқтату үшін орасан зор күш
керек.
Екіншіден Қазақстан халқы тәуелсіздігіміздің алғаш
жылдарындағыдай емес, көзі ашық. Халықты енді ерте білу керек.
Үшіншіден келесі жеті жылдықта шын мәнісінде батыс
үлгісіндегі оппозиция қалыпт асады.
Назарбаевтың келесі жеті жылдық басқаруында көп партиялар
құрылып , партиялық жүйе орнайды деп Аймбетов келесі елбасылық
мерзімде кездесетін қиыншылықтарды айтады.
Он жылдық басқаруында кемшіліктерді сынай келе, Қазақстанның
экономикасы, әлеуметтік жағдайын көтеру үшін не істеу керектігін
айтады.Аймбетов тек сынап қана қоймаған, тығырықтан шығу жолдарын
да көрсеткен.Сонымен бірге, тым қатты сынға алған болса мойындай
білген.
Бүгінгі күні бұрын Назарбаевты қатты сынап қателескенімді
мойындаймын. Менің тек армандағандарымның президент 80 пайызын іске
асыра білді .
Ол жағдайды ушықтырып, Грузиядағыдай соғысқа ұластырмай қазақ
мемелекетін құра білді.
Мен қазақ тәуелсіздігін алған жылдары билік басына ұлтшыл-
радикалдардың келмегеніне қуанамын, мемлекет басқаруда тәжірибесіз
олар не бүлдіретінін елестету де қиын. [11]
Аймбетов Алдан публицист, саяси публицист. Елдегі жағдайды
таразылай білген. Парламентте отырған саясаткерлеріміздің өздері көре
білмеген дүниелерді Алдан Аймбетов көре білген. Елбасының, үкіметтің
қолданып отырған саясаты неге әкеліп соғарын білген, және де артық
кеткен жерлерін еш қорқынышсыз әшкерелей білген. Ештеңеден
тайсалмаған, елі үшін еміренген патриот болған.Бұны әшкерелесем
ертең өзіме қиын болады деп қорқпаған.Оның публицистикалары қоғамның
көзін ашты, ұлттың ұлттық санасының оянуына түрткі болды.Ол
өзінің публицистикасымен мемлекетіміздің өзекті проблемаларына үн
қосып, халықтың санасына сіңіре білген.
Айтып кеткеніміздей ол еш қорқынышсыз шенеуніктер мен
үкімет басындағыларды, лауазымды иелерді де сынға алған.Бірақ ол бір
жақтама жамандап кемшіліктерді тізбектеп жаза берген жоқ. Ол іс-
әрекеттерін қателіктерін сынап, жақсы жақтарын дәріптеп отырды.
Сайлау алдында президенттікке үміткерлерді, дәлірек айтқанда
А.Қажыгелдин мен Н.Назарбаевты тілге тиек етеді. Кейбір оппозициялық
басылымдар сияқты біржақтама ия жамандап, ия мақтап жазбайды.
Назарбаевты да Қажыгелденді де оңдырмай сынайды, қате кеткен тұстарын
айтып қана қоймай артықшылықтарын да айтады.
А.Қажыгелдин Назарбаевқа бәсекелестік тудыратын бірден бір
үміткер.Президенттікрке үміткер басқа да азаматтар бар, бірақ олар
жайлы сөз етудің қажеті шамалы.
Әкежан Қажыгелдин мықты әрі лайықты қарсылас. [12]
Қажыгелдин Назарбаевтың конституцияға Елбаның ар-ұжданына
тиетін сөз айтуға болмайды деп бап енгізгенін сынайды.Әлбетте,
дейді Алдан Аймбетов кез келген сын ар-ұжданына тиетін сөз болып
есептелетіндіктен бұл дегеніміз елбасын мүлдем сынауға болмайды
деген сөз емес пе? Бұл жерде Қажыгелдинмен толықтай келісемін.
Аймбетов Алдан өте обьективті, шыншыл және тура
журналист.Ол ештеңені дерекке сүйенбей біржақтама жазбаған, жақсы
жағын да жаман жағын салыстыра отырып қорытынды шығара
білген.Назарбаевтың саясатының кемшін тұстарын санамалай отырып,
жақсы жақтарын да айта кетеді.
Қажыгелдинді де дәл солай жақсы жақтарын, келісетін тұстарын
көрсетіп, бірақ оның халықтың тағдырына енжар қарайтынын сынайды.
Оның қазақ тілінің жанашырларымен өз бетінше есеп айрылысқанын
айтып бұндай қателікті халық кешірмейтіндігін ескертеді.
Алдан Аймбетов өте білімді, саяси көзі ашық кісі болған.
Жымысқы саясаттың астарында не жатқанын болжай білген. Ол
мемлекеттің ішкі саясатымен сытрқы саясатын елдегі жағдаймен
әлемдегі жағдайды, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым қатынасын
таразылай келіп өз қорытындысын шығарған.Саясатты сайқал дейді.Олай
дейтіні астарында не жатқанын білу оңай емес.Әр саясаттың
астарында үлкен мән жатады.Аймбетов соны көре білді.Таразылай
салмақтай келіп халыққа пайдалы болса мақтап, қолдап , ал зиянды
болса дабыл қаққан.
Алдан Аймбетов журналист ,саяси публицист.Ол қордаланған
мәселені көре білген, қоғамдағы дертті дөп басып таба білген, сол
кеселді халыққа мақалаларымен жеткізе білген.
Ол өзінің публицистикаларында өзекті мәселелерді көтеріп,
елбасы мен үкіметтің саясатының астарына үңіліп соны халыққа тарата
білген.Алдан Аймбетов публицистикалық мақалаларымен шын мәнісінде
саясатта ушығып тұрған проблемаларға үн қоса білді.Ол тек
Қазақстанның ішкі саясатын жазып қана қойған жоқ, ол
мемлекетіміздің өзге елдермен сыртқы саясатын, қарым-қатынасын да
саралап отырды.Керек жерлерінде тіпті елбасыға да не істеу
керектігін жазып отырды.
А.Аймбетов көреген саясаткер , біз болған жайтты ғана көреміз,
бізге қалай көрсетеді соны ғана көреміз.Ал Аймбетов қабылданған
шешімнің, істің жақсы жақтары мен жаман жақтарын таразылай отырып,
пайдасы мен зиянын, келешекте қандай зардабы немесе пайдасы
боларын айтады.
Қазақстанның елбасы Назарбаев ядролық қарудан бас тартып, оны
ядролық державаларға берген кезде барлыға Назарбаевты сынады, бұл
ісін қолдамады.
Ядролық қару біздің қорғанымыз еді.Ядролық қаруымыз барда
ғана алып мемлекеттер бізбен санасар еді, неге бас тартты деп бір
сынады.Ал енді бас тартқан күнде де оған үлкен сомада ақы алу
керек еді.Немесе саяси экономикалық келіссөздер жасап, өз пайдасына
шешіп алу керек еді, ал Назарбаев жай бере салды деп тағы
сынады.
Аймбетов бұл өте дұрыс шешім болды, осылай Қазақстан
экономикалық та , саяси да жеңіске жетті деді.Енді ядролық
державалар клубының мүшесі көбеймейді.Ал қарудың өзіне келер болсақ
қару Қазақстанда тұрғанымен оны басқару тетігі Москвада
болды.Кезінде
СССР бұл салаға тек орыстарды жұмысқа алып кадрды солардан
дайындаған, сондықтан ол қаруды пайдалану мүмкіндіктері жоқ еді.
Ал өзімізден кадр дайындауға 20 жылдай уақыт керек еді.Қаруды бермей
ұстау үшін қомақты сома төлеп тұру керек.Ал ондай ақша 1991
жылдары Қазақстанда қайдан болсын дейді.Сонымен бір кезде Қазақстан
ядролық держава статусынан бас тартып тек ұтты, өйткені басқара
алмаған соң ол қарудың үстінде отырумен тең.
Міне, бір кезде Назарбаевты сынға алғандар бұның дұрыс
шешім екенін енді түсініп отыр.

ІІ.тарау
Казахская правда газетінің көтерген өзекті мәселелері
Казахская правда газеті түрлі тақырыптарлды қозғады.Халықтың
әлеуметтік жағдайын, экономикалық-саяси проблемаларды көтерді.
Елбасынан бастап үкімет, депутат түрлі ұйымдарға жазылған ашық
хаттар басылды. Негізінен алғанда газеттің басты мақсаты яғни
Аймбетовтың газетті шығарудағы мақсаты ұлтаралық татулықты
насихаттау болғандықтан онда негізінен осы сарындағы мақалалар өте
көп басылды.
Казахская правданың алғаш нөмерінің алғашқы бетінде Это газета
для тех, кто дорожит межнацианольным согласием атты жарияланған
мақаладан-ақ белгілі.
Біз тек шындықты жазамыз және де штаттан тыс авторлардың
материалдарын да жариялаймыз.Біз кез-келген материалдарды жариялаймыз ,
тек ол сепаратистік және экстремистік бағытта болмаса болды.[13]
Біз қазір тіпті көршілес тұратын әр ұлттың иті бір-бірімен
ырылдасса арты ұрысқа ұласатын, ал балалардың шекісіп қалуы, көше
бұзықтығына ұласып отырған заманда өмір сүріп жатырмыз.
Қазақтар және орыстар − біздің мемлекетіміздің екі үлкен
этносы.Олардың қарым-қатынасынан салқа айналған бауырластығын сақтай
алуынан бәріне болмаса да көп нәрсеге ықпалы бар.
Жалпы қазақ кез-келген көршісімен тату тұратын бейбіт
халық.Қазақстандағы бейбітшіліктің негізі осында жатыр. Казахская
правда осы бейбітшілікті сақтап және әрі қарай тұрақтандыру үшін
бар күш – жігерін салады.
Газет алғаш санына бастап ұлтаралық татулықты
насихаттайды.Қазір Қазақстанда орыс тілділер мен қазақ тілділердің
күресі жүріп жатыр.Бірақ орыс тілділердің барлығы орыстар емес,
олардың басым лкөпшілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдан Айымбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер
Ұлтын ұлықтаған қайраткер
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Жиырмасыншы жылдардағы саяси – әлеуметтік жағдай және қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Темірбек Жүргеновтің публицистикалық шығармалары
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Пәндер