Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Орта ғасырдағы Араб.мұсылман философиясы
2. Ибн Сина Әбу Әли
3. Әбу Райхан әл.Бируни
4. Әл.Фараби
5. Ахмед Яссауи
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Орта ғасыр философиясы – адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі.
1) Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды.
2) Ортағасырлық мұсылман философиясы Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан.
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемiнiң данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениетi мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлердi онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дiндi идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негiздеу процесi жүрiп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы бiлiм салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерiнiң үлкен үлестерiн қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердiң өз осiнен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бiрi болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердiң өмiр сүруi туралы идеялар мен бiрнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшiншi дәрежеге дейiнгi теңдеулердiң шешiмiн жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.
Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан.
1. «Әлемдік философиялық мұра». Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы. Алматы: Жазушы,2005.
2. «Әл-Фарабидің философиясы». Астана: Аударма,2005.
Терновский В.Н., Ибн Сина (Авиценна), М., 1969.
3. «Ислам философиясы». Астана: Аударма,2005.
4. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
5. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
2. Ибн Сина Әбу Әли
3. Әбу Райхан әл-Бируни
4. Әл-Фараби
5. Ахмед Яссауи
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Орта ғасыр философиясы – адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі.
1) Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа
философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын
негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды.
2) Ортағасырлық мұсылман философиясы Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі
грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі
жалғастырып, дамытқан.
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және
мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемiнiң данышпандары ерте грек
ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс
мәдениетi мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлердi онан
ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дiндi
идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негiздеу процесi жүрiп
өтсе, ал мұсылман аймағында, әсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым
өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде ғылымның мынадай
салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология,
астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы бiлiм
салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б.
ойшылдар өздерiнiң үлкен үлестерiн қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердiң өз
осiнен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бiрi
болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердiң өмiр сүруi туралы идеялар мен
бiрнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы
үшiншi дәрежеге дейiнгi теңдеулердiң шешiмiн жүйелеп, оны тұңғыш рет
геометриямен байланыстырды.
Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру,
философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII –
X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді.
Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина,
т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен
ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық
жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы
арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс
мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін
қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде
“арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес,
дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай
материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан.

Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы

Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде
сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі
философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы
мутализиттердің (оқшауланғандардың) – қаламның рационалдық дін ілімінің –
ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің
бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан
бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат
еткен концепцияларды жасаумен аяқтады.
Арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен
танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен
логика мәселелеріне баса назар аударды.
Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш
рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі)
атасы деп есептелді.
Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым,
философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты.
Дін ғылымының жандануы атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес
қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер де ("тамаша
мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани әдемілігіне баға
беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл
көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал
музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін
адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық
шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп,
соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы
белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі
жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты
келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал
Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге
қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан ғажап еңбек.
Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында
Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі
шығармалары: Жоққа шығаруды жоққа шығару, Дінмен философиялық
салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды. Ислам дінінен қол
үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің
жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір
туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің
негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі
Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды.
Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді
уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап
айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында
жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан
айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың
ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор
ықпал етті.

Ибн Сина Әбу Әли

Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы
тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. Білім
кітабы (Даниш намаз), Емдеу кітабы, Медицина каноны және т.б.
еңбектердің авторы.
Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын
арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің
философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын
ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм
жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын
жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың
әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге
қарсы шықты.
Әбу Әли ибн Сина, Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах (лат. транскрипциясы —
Авиценна; 980, Бұхара қ. жанындағы Афшана а. — 18. 6. 1037, Хамадан) —
ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде
(Иранда) өмір сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік
қызметтер атқарған. Басты филос. еңбектері — “Дауа кітабы” (“Құтқару
кітабының” қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), “өсиеттер мен кеңестер кітабы”,
“Білім кітабы” (парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Ә. Ә. ибн С. философиясы
метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі
дәстүрін, бір жағынаннеоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады.
Ә. Ә. ибн С. пікірінше тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың
бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек
құдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт
пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі
өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды. Ә. Ә. ибн С-ның әлеуметтік
ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға
болатыны туралы ой бөлекше есте қалады.
Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) Ә. Ә. ибн
С-ны “дін бұзарлығы” мен “атеизмі” үшін айыптаса, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн
Рушд оны натуралистік көзқарастары үшін сынға алады. Ә. Ә. ибн С-ның филос.
және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар
бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер
қатарында келеді. Ә. Ә. ибн С-ның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ
өлеңдері сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар —
материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. өлеңдерінің өзіндік
белгілері — афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің
қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде
жазылған. Ә. Ә. ибн С. шығармалары классикалық парсы, араб, өзбек және орта
ғасырлық еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Ә. Ә. ибн С. дәрігерлік
кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. жергілікті тәбиб әдістерін үйренген
соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай мед. негіздерін
өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі юнан жұртының атақты
дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айтқан
қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады.
Ә. Ә. ибн С. арқасында Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жайылды,
әйтегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның
күрделі туындысы — “Дәрігерлік ғылымның каноны” (“Китаб әл-канун фи-т-
тибб”), бұл — көл. 200 баспа табақ, 5 кітаптан тұратын мед. энциклопедия.
Араб тілінде сан рет көшірілді.  Латынша аудармасы 12 ғ-да жарық көріп, аз
уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Ә. Ә. ибн С.
осы кітап арқылы 5 — 6 ғ. бойы мед. ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің
ұлы ұстазы болды, “Медициналық ханзада”, “Шейх-ур-райс” деген ұлы есімге ие
болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін “Канонның” басылуы Інжілмен
бәсекелес өтті. Араб тіліндегісін санамағанда лат. аудармасы 30 шақты рет
басылды. “Канон” орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық салтанатына
байланысты Ташкентте (1954 — 56) басылып шықты. “Медицина — саулықты
сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым”, —
дейді автор. “Медицинаның бір бөлігі — білім, екіншісі — амал, мұның екеуі
де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі — амал жасау
ережелері”. Ә. Ә. ибн С-ның ең негізгі насихаты — саулықты күні бұрын
сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені
шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған кітаптар да өте көп. Саулық сақтау
жолдарын Ә. Ә. ибн С. былай деп көрсетеді: “Дене құрылысының гармониясын
бір қалыпты ұстау, тағам мен ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау,
киім мен ауа тазалығын ұстау, дене мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы
тәртібін бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына,
күшіне сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт қыдыру тиімді
болса, қуаты азайған кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сол сияқты бозбалаға
шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта
ұйқыны көбейту, жылы сулы бұлау қабылдау, қышқыл, тұзды тағамды азайтып,
сүт қоректерін, өсімдіктерді әсіресе сарымсақ, қызылша мен капустаны
көбірек пайдалану керек”, — дейді. “Канондағы” саулық сақтау үшін
дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы — қанағат. Тамақтануда,
шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей,
қанағат ету. Ә. Ә. ибн С. қалдырған соны мұраның ішіндегі ізгісінің бірі —
ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөніндегі
ережелер тек дәрігерлерге арналған уағыз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы
қоғамға пайдалы ережеге айналды. Мыс., сол дәуірде Үргеніш, Самарқан,
Отырар, Тараз сияқты қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су
тазарту тәртіптері өкімет тарапынан қадағаланып отырды.  Бұл тәртіптер Ә.
Ә. ибн С-ның және оның шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды. Таң
қаларлық жағдай: Ә. Ә. ибн С. кесел-аурулардың жұғуы көзге көрінбейтін өте
ұсақ нәрселермен байланысты деген пікір айтты. “Бұзылған, иістенген су ішті
бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін қоздырады. Аурудан сақтану
үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып ішу шарт”, — дейді ұлы ғалым. Ә. Ә. ибн С.
ауру-кеселдің түрін анықтауға, жалпы оташылыққа аса көп көңіл бөлді. Әр
түрлі мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба ауруларын толық сипаттап
жазды. Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі мен түрі арқылы
ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы
өкпе нұқсанын аңғару әдісін кең пайдалана білген. Бұл диагностикалық әдіс
Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өріс алды. Ә. Ә. ибн С. келтірген
көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уақытқа дейін маңызын сақтауда. Мыс.,
өткен 1000 жылдың ішінде құтыру ауруының жұғу жолдары, бастамасы, қозуы
тіпті өзгеріссіз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің толық белгісі тек
18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің құрылысы мен қалай көретіндігіне
оның берген ұғымы осы күнге  дейін қалпында. Ә. Ә. ибн С. келте кесу
(ампутация), шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара
таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп кетті. Ә. Ә. ибн С. ауруды
емдеуде дәріні кең қолданды, Гиппократ дәрінің 200 түрін, үнді тәбибтері
800 түрін пайдаланған болса, Ә. Ә. ибн С. дәуірінде 2600 түрлі дәрі
қолданылып, оның жартысынан көбі өсімдіктерден алынған, Ә. Ә. ибн С.
көптеген дәрілерді жасау, дайындау, сақтау әдістерін ұсынды.     
Әл-Фараби

Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб
қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы,
ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі.
Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің
екінші ұстазы деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары:
Философиялық трактаттар, Математикалық трактаттар, Әлеуметтік-
эстетикалық трактаттар, Қайырымды қала тұрғындары, т.б. Әл-Фарабидің
қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі
кемеңгер философтар Қайырымды қала туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа
жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға
бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар
бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды.
Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс
Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті.
Әл-Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де
көрініс тапты.
Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8-9
ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық
ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм
тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен
құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең
жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер
бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. Құдаймен
бірігу, Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше шабыттану
жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады.
Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл-Ғазали (1059-1111), Суфи Алаяр (1720
жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи. Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) –
ислам дінін зерттеуші ғалым, философ.
Әбу Насыр әл-Фараби ғылымы фәлсафа, логика сияқты салаларының ірге
тасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере
отырып олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Күрделі
зерттеулер жүргізген, математикада үлкен жаңалықтар ашқан, астраномияда
кесек-кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымын тың ойларымен байытқан.
Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минералогия секілді аса маңызды
салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне
грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған.
Әл-Фарабидің Ғылымдар энциклопедиясы трактатының ғылым тарихында
алатын орны ерекше. Бұл кітап мыныдай бес тараудан тұрады: 1. Тіл білімі
және оның тараулары; 2. Логика және оның тараулары; 3. Математика, яғни
арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка,
статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым; 4. Физика мен метафизика және оның
тараулары; 5. Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм
(дін ғылымы).
Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес және қарапайым
сөздер мен сөйлемдер туралы; мәнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен
ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу, шайырлық туралы
ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас және поэзия болып үшке
бөлінеді.
Логика. Фарабидің анықтауы бойынша логика – ойлаудың заңдары мен
ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау әрекетін
тәрбиелей алады, өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой
қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.
Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын
берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни
сан туралы ғылым. Оған практикалық және теориялық арифметика деп айрықша
мән берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша сан объективті ақиқат нәрселердің
сезіп-түйсінуге болатын, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын
жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын
бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.
Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мәнін ғалым төмендегіше
тұжырымдайды:  Геометрия екі ғылымды біріктіреді – біріншісі – практикалық
геометрия, екіншісі – теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар
мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына
лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде қарастырылады. Теориялық
геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың, геометриялық денелердің формасы
мен мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың түрлері, реті және басқа
осыларға байланысты барлық нәрселерді зерттейді.
Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша математикаға оптиканы да жатқызған.
Бұл туралы ол былай дейді: Оптикада геометрия тәріздес форма, шама, рет,
тәртіп, орын, теңдік, теңсіздік т.б. нарселерді қарастырады. Оптиканың
мәні мен ақиқат, анық пен оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Араб және мұсылман елдерінің өнері
Теориялық дінтану
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Орта ғасыр философиясы
Орта ғасыр философиясы туралы
Мұсылман философиясы
Пәндер