Арабтар


6. АРАБТАР
Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық үрдістердің барысында араб халкы калыптасты және VII ғасырдың бас кезін-де жаңа діни жүйе - исламның негізінде мемлекет құрылды. Мұнда фео-даддық қатынастар қалыптасып, нығайды, алайда рулық-тайпалық ұйым, әсіресе көшпелілер арасында әлі күшті еді.
Мұхаммед өлгеннен (632 ж. ) кейін Араб түбегінің әр жерінде билік үшін күрес өріс алды, халық қозғалысы басталды. Араб шонжарлары ішкі қайшы-лықтарды әлсіретіп, дін басылары билейтін мемлекетті нығайту мақсатын-да, соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына түсті.
633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен жаулап алушы-лық жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палес-тина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыс-тарына жақындады.
Арабтар Орта Азияда. Арабтардын жаулап алуы басталған қарсанда Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігін-де болған еді. Орта Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әуле-ттер баскарды. Иран тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындасушылық белең адды. Шаруашылык карым-қатынастар ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бұл факторлар араб жаулап алушылары-на бірлесіп тойтарыс беруді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.
Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс жағындағы аймақ - Мауараннахрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Пайкендке (Бұхараға таяу) қарай беттеді. Түргештер соғдылықтарға көмекке келді. Түріктер мен соғдылардың біріккен колы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап адцы. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауы-ның арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бұхара об-лысындағы қала) ұрыссыз адды, бірақ жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауараннахрға тағы да аттанып, Бұхараның маңына таяп келді. Түрік-соғды тобы араб әскеріне елеулі соққы берді. Кутейба тағы да алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархұнды түріктердің көмегі-нен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды.
712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхархудат әскерлерімен бірге Сама-рқандқа бет алды. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және Ферғана ихшидынан көмек сұрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы Инел-қаған баскарды 182 . Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жа-тқан қолдың жолын жансыздар арқылы біліп алған арабтар торуыл жасап, ақсүйек жауынгерлерден құрылған тандаулы түрік отрядын талкандады. Самарқанд табандатқан бір ай бойы қорғанғанымен, ақырында Гурак Са-марқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп, Кутейба осында өзінің отрядын қалдырды.
712 жылы Орта Азияға түргештерді талқандаған Шығыс түріктерінің қағаны Мочжоның әскері келді. Мочжо әскері «соғды халқын жайғасты-ру» үшін Сырдариядан жүзіп өтті. Бұл кезде самарқандықтар араб биле-ушісіне қарсы көтерілген болатын, тап осы кезде оған түрік қағаны келіп шабуыл жасады 183 . Бірак бұған Кутейба келіп үлгеріп, араб гарнизонын то-лық талқандалудан сақтап қалды. 712-713 жылдары түріктердің, соғдылар-дың, шаштықтардың және ферғаналықтардың біріккен қолы арабтарға қа-рсы шықты. Бұған жауап ретінде Кутейба қалың қол жинап, отрядтарын Ферғана мен Шашқа жіберді. Шаш қоныстарының көпшілігі өртеп жіберідці.
Арабтар Оңтұстік Қазақстаңца. 7 14 жылы Кутейба Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасады 184 . Ол Мауараннахрдағы араб өктемдігіне Түргеш қағанаты мен Орта Азия мемлекеттері одағының қандай қауіп төндіретінін түсінген еді.
723 жылы Ферғана қарлұқтары түріктермен және шаштықтармен бірігіп, арабтарды мықтап женді де, оларды Ходженттен Самарқандқа дейін қуды. Күресте екі жақ кезек жеңіп отырды. 724 жылы араб әскері Ферғанаға кіріп, оның астанасы Касанды қоршап алды. Ферғаналықтарға Сұлу бастаған түргештер көмекке келді. Арабтар асығыс кейін шегіне бастады, бірақШаш пен Ферғана әскерлері оларды Сырдариядан күтіп алып, қирата соққы берді, бұл арабтарды ұзақ қорғанысқа көшуге мәжбүр етті.
Түргештер өздерінің дәуірлеп тұрған кезеңінде Мауараннахрға билік жүргізуде арабтармен таласатын құдіретті күшке айналды. Түргештер әскер күшімен қолдаған халықкөтерілістері нәтижесінде арабтар Мауараннахр-дан түгел дерлік куылды. Түргештердің кағаны арабтарға қарсы батыл да пәрменді қимыл жасады, мұнысы үшін арабтар оған «Әбу Музахим» (Сүзе-ген) деген ат қойды. 737 жылы ол арабтарға қарсы аттанып, Тоқарстанға дейін жетті, мұнда қарлұқтардың жабғуымен бірікті. Жетісуға кайтып келген жерінде қаған кісі қолынан өліп, түргештер елінде өзара қырқыс басталды.
Түргеш қағанатының әлсіреуін пайдаланып, Хорасандағы араб билеушісі Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет жаулап алушылык жорықтар жаса-ды. Арабтарға қарсы күрес жалғастырыла берді, жер-жерде арабтарға қа-рсы бой көрсетулер бодды, бірақ бұлар қарудың күшімен жаншылып ба-сылды. 737-739 жылдары Насыр ибн Сейяр Самарқандтағы, Шаштағы, Фарабтағы көтерілістерді тұншықтырды.
748 жылы қытайлар Суябты уақытша басып алып, қиратты, ал келесі жылы Шаштың билеушісі өлтірідді. Оның баласы арабтардан көмек сұра-ды. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласының түбінде араб қолба-сшысы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжидің арасында орасан зор шайқас бодды. Шайқас бес күнге созыдды. Шешуші кезде қытай тылында қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шықты. Қытай әскері түгеддей талқандалады 185 .
766 жылы Жетісуда билікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті қарлұқ жабғуы басқарды. Ферғана қарлұқтарының күресі жандана түсті. VIII ғасырдың екінші жартысында арабтар халықты «тыю» үшін Ферғанаға-бірнеше рет жорық жасады. Жетісу қарлұқтары ез тайпаластарын қодд-ады, осы себепті 792-793 жылдары Гитриф ибн Ата қарлұқ жабғуын ығыс-тырып шығару үшін Ферғанаға Әмір ибн Жамилді жіберді 186 .
VIII ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи оқиғаларға, көтерілістер
мен бүліктерге толы. Арабтарға қарсы және мұсылмандыққа қарсы сипат-
тағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы Муканна қозғалысы бол-
ды
187
, оны Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың түрік тайпалары қолдады.
Халық көтерілістері IX ғасырдың бас кезінде де токталған жок. 806 жылы
Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған бүлік шықты, оған «Шаштың билеушісі
өзінің түріктерімен», құрлұқтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер қатысты
188
.
Арабтар бүлікті басып, 810 жылы қарлұқтардың қаласы Құланға
189
(қазіргі
Луговое қонысы) жорық ұйымдастырды. Хорасанның билеушісі Мамұн 811
жылы халиф Әминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахл-
ге маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, қарлұқ жабғуы бағынудан қалып
тұрған кезде бастауға тура келіп тұр деп шағынады. Отырар патшасы бұрын
төлеп жүрген алымын төлеуден бас тартады. Фадл Мамұнға жабғуға хат
жазып, оның қазір иеленіп отырған аймактарын сыйлыққа беріңіз, ал Оты-
рар патшасынан рақымдылықретінде бір жыл алым алмайтын болыңыз деп
ақыл берді. Бірақ бітімге келудің сәті түспеді.
Қарлұқтар ұйғырлардан ойсырай жеңілген жылы (812 ж. ) Фадл ибн Сахл Отырар аймағына басып кірді, онда шекаралыққамалдың бастығын өлтіріп, қарлұқтар жабғуының екі баласы мен әйелін тұтқынға алды, ал жабғудың өзін кимектер еліне барып бас сауғалауға мәжбүр етті 190 . Бірақ бұдан кейін де жағдай тынышталмады. Араб тарихшылары Фарабтың, Испиджабтың және Шаштың арабтар үшін ең бі? тынышсыз иеліктер болғанын атап өтеді 191 .
IX ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла
бастады. Мауараннахр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі
мұнда жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағ-
дай туғызды. Солай болып шықты да. IX ғасырдың 20-жылдарынан бастап
Хорасан мен Мауараннахрды жергілікті Тахирилер мен Саманилердің әулеті
биледі, олар Бағдатқа салык төлеп тұрды, ал басқа жағынан шын мәнінде
тәуелсіз бодды.Араб үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат құрамына кірген тек бір бөлігінде ғана жүрді. Ал Қазақсганның оңтүстігі мен Жетісудың ұлан-ғайыр аймағында арабтардың жаулап алуының елеулі зардаптары тек X- XII ғасырларда ғана білінді.
Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін, өз билігін нығайту үшін Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде әділетсіз соғыс-тар жүргізді. Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ, ол халифаттың қол астында болған жерлердің әле-уметтік-экономикалық, саяси және мәдени емірінде, ондағы этникалық және тіддік үрдістерде өз ізін қалдырды.
Бағындырылған халыктар талан-таражғатүсіп, зорлық-зомбылық керді, жері мен малынан айрылды, екі жақты езгіге - араб ақсүйектері мен жергілікті шонжарлардың езгісіне түсті. Арабтардың Мауараннахрда жеңіс-терге жетуі Батыс түрік және Түргеш қағанаттарының ыдырауына себепші болды. Сонымен қатар сыртқы қауіп түрік тайпаларының: карлұқтардың, оғыздардың және белгілі бір дәрежеде кимектердің топтасуына жағдай жа-сады.
Жаңа мемлекеттік дін - ислам дінінің, араб тілі мен жазуының тара-луы қоғам еміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі бодды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылып шығарылды, ал түрік лексикасына араб сөздері кірді.
Орта Азия сияқты, Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аймактарының халифат құрамына енуі феодаддық қатынастардың даму үрдісін тездетіп, ол терең әлеуметтік қайшылықтар мен халық қозғалыстары жағдайында өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz