Өзге діндер жайында


Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') - Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн) ; 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т. б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 - 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 - 390), Григорий Нисский (335 - 394), Василий Кессарийский (330 - 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 - 11 ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16 ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан. [1]
Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б. д. д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мүнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық қүдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті IV ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т. б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиаңдықгың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т. б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметгерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды.
Xристиандық негізгі үш бағытымен берілген: православие, католик және протестанттық. Православие (бұл Құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді) - шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шығып, ұйымдастырылып құрылған христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері Құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух) болып табылады. Иисус Христостың Құдай кейпіне өтуі күнәсін жууы, қайта түлеуі және жоғары көтерілуі болып табылады. Православие үшін күрделі, егжей-тегжей әзірленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті басты дәстүр - құпия құрайды: шоқыну, тазару, (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), мирамен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты Құдайға құлшылық ету - литургия, басты мереке - Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Ерлер және әйелдер моностырьлары бар Монах қана епископ бола алады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Сербтық, Чехословак, Эллада және төрт автономдық шіркеу: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық.
Орыс православие шіркеуі (РПШ) 988 жылы қасиетті князь І Владимир кезінде орталығы Киевте болып Константинополь шіркеуінің Митрополиясы ретінде құрылды. Қазіргі уақытта РПШ Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы - Кирилл.
ХРИСТИАНДЫҚ
Христиан діні - әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі - Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.
Вавилон, парсы, македон басқыншылығын (б. д. б. VІ-ІІ ғғ. ) және жат елдік Птоломейлер мен Селеквидтер әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық еврейлер аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізеді. Б. д. б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Б. д. б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған Иудея Рим империясының бір бөлігіне айналды. Иудея мен Самария өзін-өзі басқарудың соңғы белгілерінен айырылды. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланды. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес - Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтті.
Саяси тәуелсіздіктен айырылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдады. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралды. Бұл еврейлердің діни-ұлттық топтары - хасидейлер (ізгі иудейлер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етті. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін, жат жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырды. Бұл Жаңа Өсиет мәтіндерінде көрініс тапты. Әлеуметтік құрамы бойынша фарисейлер қала тұрғындарының орта таптарынан (саудагерлер мен қолөнершілерден, синагога оқытушыларынан) тұрды.
Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенімсіздік пен селқостық, болашақтың бұлыңғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туындатты. Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның иудей халқын құтқарып, “иудей патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды.
Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырды. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді.
Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийскийдің (б. д. б. 25-б. д. 50 жж. ) неоплатонизмі мен римдік ойшыл Сенеканың этикалық көзқарастары ерекше әсер етті. Филон библиялық дәстүрге аян алуда танылатын және жаратушы сөзі ретінде түсінілетін Логос ұғымы мен эллинистік дәстүрде ғарыш қозғалысын бағыттайтын ішкі заң ретіндегі Логосты біріктірді. Филон Логосты мәнді пайымдауға мүмкіндік беретін Қасиетті сөз ретінде қарастырды. Филонның адамдардың туа біткен күнәһарлығы, мойынсұну, мәннің дүние бастауы ретіндегі ілімдері, Құдайға жақындау құралы - экстаз, жоғарғы Логос және Құдай ұлы болып табылатын логостар (періштелер) туралы идеялары, рухани бастаулардың иерархиялығы туралы түсініктері христиандық көзқарастардың идеялық алғышарттары болып табылады және бұл идеялар мен түсініктер христиандықтың қалыптасуына зор ықпал етті. Христианшылдықтың ізгілікке жету туралы адамгершілік ілімі Луцей Анней Сенека көзқарастарына өте ұқсас. Сенека кез келген адам үшін бастысы құдайылық қажеттілікті түсіну арқылы рухани бостандыққа жету деп санады.
Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі таптары - құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрды. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты.
Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты.
Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан бас тартқандықтан, императорлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан (245-316) және т. б. кезінде қатты қуғынға ұшырады. Азап шеккендер культі христианшылдықтың таралуына және христиандардың бірігуіне ықпал етті. Көптеген христиандар қуғынан шөл далаларға қашты. Бұл осы уақыттарда христиан монахтығының пайда болуына ықпал етті.
Қауымның әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Бұрынғы демократиялық үрдістерден бас тарту күшейе түсті. Шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі еді. Ұлттық діндерді біртіндеп, атап айтқанда, рим дінін әлемдік дінге айналдыру сәтсіз аяқталды. Империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. Император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті.
Христиан ілімі Қасиетті Жазу - Библия мен Қасиетті Аңызға - шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер - “игі хабарлар” арқылы таралды.
Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді. Сонымен қатар топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған евангелиялар да, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі (“Дидахе”), Герма “Пастрі” сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да кездеседі.
Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін бір орталықтан басқарылатын ортақ ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин қайтыс болғаннан кейін 363 жылы болған Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, Жаңа Өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаган соборында бекітілді. Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, апостолдардың 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.
Христиандық догматтардың бір де біреуі аяқталған күйде пайда болғ
Зороастризм
Зороастризм храмы
Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні - Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды.
Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі - зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.
Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы - от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпен аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы - дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани-тәндік, пайдалы-зиянкес, адал-арам, ақ-қара, жақсы-жаман, т. б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі - Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған.
[өңдеу]
Тәңірлік діні
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін.
Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.
[өңдеу]
Шаманизм
Тотем
Шаманизм
Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз - адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм - белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.
Анимизм - бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия - жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.
[өңдеу]
Буддизм
Будда
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Акбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.
Буддизм кесенесі
[өңдеу]
Несториандық бағыттағы христиан діні
Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты "Құдай емес, - адам, Құдайдың жердегі өкілі ғана" дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы несториандық ағымы VII-VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұктар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т. б. қалаларды қазғанда табылды. XIV ғасырда қазак жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды.
Жалпы, христиан дінін қазақ жеріне, одан Шығыс Түркістанға, тіпті сонау Монғолияға дейін таратқан - Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар еді. X-XI ғасырларда христиан дініне керейлердің, наймандардың біразы кіргендігі жөнінде тарихи деректер бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Тіпті, кейде христиан католиктеріні ел басқарушы мұсылман халифтер тағайындады. Бірақ монғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғасырда) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде монғол хандарының біразы христиан дінін қабылдаған болатын. Мысалы, Батыйдың ұлы Сартақ несториандық дінге үлкен қолдау жасаған. Жалпы, христиан діні қазақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарындағы ру-тайпалардың арасында әр жерде қауым болып, бірде әлсіреп, бірде күшейіп, XIV ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Олардан қалған тарихи жәдігерлер археологиялық қазбалардан белгілі шіркеулер қалдығы, сирия тілінде қағазға, қышқа жазылған христиандық уағыздар, крест рәміздер, иконалар, металл крестер және ортағасырлық авторлардың мәліметтері. Несториандық христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі - крест пен көгершін.
[өңдеу]
Манихей діні
Манихей діннің адамдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz