Ажырасудың себептері мен салдары жайында



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қоғамның бастауы . отбасы.
2. Ажырасудың негізгі себептері
3. Ажырасудың қоғамға тигізетін салдары.
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Оның да іргесі – берік, берекесі – биік болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана жарасымды тірлік болмақ. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалардың бірі ажырасу.Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.Ажырасу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
• кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
• бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Бүгінгі отбасы мәселесі туралы айтқанда, шүкірімізден «қауіпіміздің» басым болатыны қалай? Ағайын арасының суй бастауы, туыстықтың жып-жылы қарым-қатынасы үзілудің алдында тұруы нені көрсетеді? Әулеттік, туыстық сезімдерге не себепті селкеу түсе бастаған? Ер мен әйелдің арасындағы көрінбес жіптің жіңішкере түсуі – бүгінгі қоғамның кемшілігі ме, отбасы ұғымының арзандауынан ба? Отбасы деген ұғымды ер мен әйел жұбының одағы деп қана түсіну дұрыс па? Расында да, неке бұзу, дәстүрден аттау, бала санының аздығы – бүгінгінің басты сауалы болып тұрғаны жасырын емес. Ендеше Қазақты сақтағымыз келсе, қазақтың отбасын сақтап қалу – күн тәртібіндегі басты мәселе екенін мойындап жүрміз бе? Ұлттың ертеңін өмірге әкеліп, алақанында мәпелеп, бесігінде тербетіп, тәрбиелейтін ұрпақ өкілдері – біздер қай жерде қате бастық екен?..Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінгі.Қазақстанда төрт миллионнан аса отбасы бар.Елімізде қаншама шағын мемлекет барын өзіңіз ойлап көріңіз енді. Сол «ша¬ғын мемлекеттердің» рухани-әлеу¬меттік жағдайының жай-күйін ой еле¬гінен тағы бір өткізіп алыңыз. Бұлай деуіміздің себебі, отбасы мәселесін зерт¬¬теп жүрген кез келген сала ғалым¬дарының сөзіне құлақ ассаңыз, заманауи отбасының дағдарыста тұрғанын мәселе қылып көтереді. Және бұл Қазақ¬станға ғана тән құбылыс емес. Заманауи отбасының жай-күйі қазір көптеген елде талқы¬ланып жатқаны біз айтпай-ақ белгілі. Бұл жағына терең¬демей-ақ қоялық.Отбасы құлдыраса не тұр, ең әуелі адам, қоғам аман болсын деуге де болар еді. Олай айтсақ, қатты қателесетін түріміз бар.Қоғамның бастауы – отбасы деген пікірмен келіспейтін жан жоқ шығар. Адамзаттың дамуында отбасының қо¬мақты рөлін жоққа шығару тіптен ұят. Ол аз десеңіз, сіз бен біз өмір сүріп отыр¬ған қоғамның қалыптасуына үлкен сер¬пін берген де осы отбасы екенін ма¬ман¬дардың өзі мойындайды.Міне, осы әлеуметтік институтты жоғалтар болсақ, не боларын болжаудың өзі қиын. Бұлай қауіп айтуымыздың себебі – отбасы әлеуметтік институт ретінде құлдырап, өз рөлінен алшақтап барады. Бұл да біздің сөз емес. Маман¬дардың ескертуі.Ең әуелі, отбасы институты деген не? Қарапайым ғана сөзбен түсіндірсек, Жер бетінде мемлекет, білім, армия, ке¬рек десеңіз, нарықтық қарым-қа¬ты¬настар пайда болмай-тұрып-ақ, ең ал¬ғашқы болып құрылған, адамзаттық қоғамның қалыптасуына, дамуына үлкен ықпал еткен ежелгі әлеуметтік институт – отбасы деп аталады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Заң факультеті

Әлеуметтану және Саясаттану секциясы

Студенттермен магистранттардың ХХІ ғылыми-теориялық
конференциясы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Ажырасудың себептері мен салдары

Ғылыми жетекшісі:

Орындаған :
тобының студенті

Түркістан – 2013ж.

Жоспар

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Қоғамның бастауы – отбасы.
2. Ажырасудың негізгі себептері
3. Ажырасудың қоғамға тигізетін салдары.
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай  Отан. Оның да
іргесі – берік, берекесі – биік болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана
жарасымды тірлік болмақ. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік,
ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет,
сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір
қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді. 
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру
мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық
келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық
одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік
құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке
заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі –
зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені
тоқтататын оқиғалардың бірі ажырасу.Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ
органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы
мүмкін.Ажырасу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара
келісімі;
• кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
• бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Бүгінгі отбасы мәселесі туралы айтқанда, шүкірімізден қауіпіміздің басым
болатыны қалай? Ағайын арасының суй бастауы, туыстықтың жып-жылы қарым-
қатынасы үзілудің алдында тұруы нені көрсетеді? Әулеттік, туыстық
сезімдерге не себепті селкеу түсе бастаған? Ер мен әйелдің арасындағы
көрінбес жіптің жіңішкере түсуі – бүгінгі қоғамның кемшілігі ме, отбасы
ұғымының арзандауынан ба? Отбасы деген ұғымды ер мен әйел жұбының одағы деп
қана түсіну дұрыс па? Расында да, неке бұзу, дәстүрден аттау, бала санының
аздығы – бүгінгінің басты сауалы болып тұрғаны жасырын емес. Ендеше Қазақты
сақтағымыз келсе, қазақтың отбасын сақтап қалу – күн тәртібіндегі басты
мәселе екенін мойындап жүрміз бе? Ұлттың ертеңін өмірге әкеліп, алақанында
мәпелеп, бесігінде тербетіп, тәрбиелейтін ұрпақ өкілдері – біздер қай жерде
қате бастық екен?..Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінгі.Қазақстанда төрт
миллионнан аса отбасы бар.Елімізде қаншама шағын мемлекет барын өзіңіз
ойлап көріңіз енді. Сол шағын мемлекеттердің рухани-әлеуметтік жағдайының
жай-күйін ой елегінен тағы бір өткізіп алыңыз. Бұлай деуіміздің себебі,
отбасы мәселесін зерттеп жүрген кез келген сала ғалымдарының сөзіне құлақ
ассаңыз, заманауи отбасының дағдарыста тұрғанын мәселе қылып көтереді. Және
бұл Қазақстанға ғана тән құбылыс емес. Заманауи отбасының жай-күйі қазір
көптеген елде талқыланып жатқаны біз айтпай-ақ белгілі. Бұл жағына
тереңдемей-ақ қоялық.Отбасы құлдыраса не тұр, ең әуелі адам, қоғам аман
болсын деуге де болар еді. Олай айтсақ, қатты қателесетін түріміз
бар.Қоғамның бастауы – отбасы деген пікірмен келіспейтін жан жоқ шығар.
Адамзаттың дамуында отбасының қомақты рөлін жоққа шығару тіптен ұят. Ол аз
десеңіз, сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғамның қалыптасуына үлкен серпін
берген де осы отбасы екенін мамандардың өзі мойындайды.Міне, осы әлеуметтік
институтты жоғалтар болсақ, не боларын болжаудың өзі қиын. Бұлай қауіп
айтуымыздың себебі – отбасы әлеуметтік институт ретінде құлдырап, өз
рөлінен алшақтап барады. Бұл да біздің сөз емес. Мамандардың ескертуі.Ең
әуелі, отбасы институты деген не? Қарапайым ғана сөзбен түсіндірсек, Жер
бетінде мемлекет, білім, армия, керек десеңіз, нарықтық қарым-қатынастар
пайда болмай-тұрып-ақ, ең алғашқы болып құрылған, адамзаттық қоғамның
қалыптасуына, дамуына үлкен ықпал еткен ежелгі әлеуметтік институт – отбасы
деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1 Қоғамның бастауы – отбасы. Бүгінгі күннің ағымы қоғамдағы отбасының
рөлiн өзгертіп қана қоймай, отбасының қызмет аясын, сипатын, мазмұнын да
өзгеріске ұшыратқан. Қазір ата-аналардың қызмет аясы отбасылық шаруашылықты
жүргiзумен ғана шектелiп отырған шаңырақтар кездеседі. Тәрбие негізінен
балабақша, білім беру мекемелерінің шаруасы дейтіндер де бар. Ол аз
десеңіз, БАҚ арқылы кең көлемде насихатталып жатқан шетелдiк мәдениеттiң
әсерін қосып қойыңыз. Өмірдің шындығын ата-анасынан естіп, отбасынан
көрмеген бала теледидарға сенбегенде қайтпек?Міне, осы себептерге
байланысты отбасы деген ұғымның өзі заманына орай өзгеріске түскен,
түзету мен толықтырулар енгізілген. Бір ғана мысал, осы күні ажырасу мен
толық емес отбасы – қалыпты дүние есебінде қарастырыла береді.
Бұрынырақта... деп алысқа көз жүгіртпей-ақ қоялық, біздің бала күнімізде
ауылда бірлі-жарым ажырасу оқиғаларын көзбен көргеніміз рас, бірақ ол өте
бір ұят нәрсе секілді болып көрінетін. Ажырасу деген сөз, сыбырлап қана
айтылатын. Осы күні ше? Бұлай жүре берсең, жынданып кетерсің деп, қызымды
үйге әкеліп алдым... Кім ажыраспай жатыр дейсің, ең әуелі жан амандығы
керек... Ішіме сиған балам, сыртыма да сияды... Ары кетсе қызы қайтып келді
дер, Күйеуге тимей жүрген қыз көп, соның біреуін қайта ала саларсың...
Қазіргілер дауысын анық шығарып, нығырлап айтады. Дауысты қойшы, ажырасу –
ұят деген сезімді айтсаңызшы.Жалғызілікті отбасы мүшесіне біздің қоғамның
еті үйренген. Әкесіз өсуге бейімделген бала да бар. Әйел өзінің ұлын, не
қызын жалғыз өзі дүниеге әкеліп (некесіз), асырап бағуы (ажырасу) ұят
саналмайды. Қазақта шеше көрген тон пішер деген сөз бар. Мұндай тәрбие
көрген қыз баланың болашақтағы әдеп-қылығының қандай болмағын айтып жату
артықтық етер. Ал жалғызілікті әйелдің перзенті ұл бала болса ше? Күндердің
күнінде ол бала ержетіп, шаңырақ көтергісі келмей ме? Ал қазақта – келін
қайын ененің топырағынан. Яғни, бала өз анасына ұқсас әйел алса, ол келін
де жалғыз өмір сүргісі келмесіне кім кепіл? Әрине, сөзіміз шындыққа сәйкес
келмеуі де мүмкін... Дініміз ажырасуға мүлдем болмайды демейді. Мұсылмандықта
ерекше бір жағдайларда, тығырықтан шығар басқа жол қалмағанда ажырасуға
рұқсат берілген. Үлкен себептердің кесірінен шаңырағын шайқалтып алған
жүрегі жаралы жандардың жан жарасын тырнағымыз келмейді. Біздің тілге тиек
етіп отырған себептеріміз басқа.Бүгінгі қоғамда әйелдердің өзімшілдігі
байқалады. Себебі, заманауи әйел ер-азаматпен бір деңгейде жұмыс істеп,
кіріс кіргізуге қабілетті. Бұл әйелді қаржылық, әлеуметтік тұрғыдан
тәуелсіз ете түспек. Нарық заңы да – осы. Ер-азаматтардың да мәселесі оңып
тұрғаны шамалы: Қыз – табылады!... Міне, осындай өзімшілдік меңдеген
қоғамда ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, бір-бірінің ығына жығылып,
айтқанына көнуі, бір-бірінің сөзіне құлақ асуы, отбасы мүшелерінің ортақ
шаңырақ астында бірігуі жылы қарым-қатынас орнатуы – күрделі мәселеге
айналып кеткендей. Нарықтық қатынастар да баланы өмірге әкеле бергенше,
мансап қуу керек екенін айтады. Ал демографтар ата-ана дәнекері – бала саны
азайғанын мәселе қылып көтеруде. Егер осы бір мәселенің шешімін қазірден
таппасақ, болашақ қазақ үшін отбасы – өз құндылығын жоғалтып қана қоймай,
ұлттық көбеміздің сөгілуіне де түрткі болары сөзсіз.Оның үстіне, адамның
жан басына шаққанда ажырасу көрсеткіші ең жоғарғы үш ел байырғы
посткеңестік мемлекеттер: Ресей, Белорусия, Украина екенін естен шығармаған
жөн. Иә, тегі өзге болса да, дәл осы мемлекеттермен біз бір идеология
аясында өмір кешкенбіз. Жетпіс жыл бойы болашақты бірге жоспарлағанбыз.
Мұны да естен шығармаған абзал.Үйлену оңай үй болу қиын.Атам заманнан
бері келе жатқан дәстүріміз осы ұғымға иланады. Иә, үйлену қашанда оңай. Ал
үй болу ше? Ойланып қаламыз.Шын мәнінде үй болу неге қиын? Бұл, ең алдымен,
қоғам алдындағы жауапкершілік. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда шаңырақ
көтеруге бел буған жастардың көбісі осы бір жауапкершілікке немқұрайды
қарап кеткендей сезіледі. Некелескен жастардың бір-бірімен тіл табыса
алмай, қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, жараса алмай ажырасып кетуіне не
себеп? Осы мәселе турасында ой жүгіртіп көрсек.Жалпы алғанда, ажырасудың
себептері бір күнде пайда бола салмайтыны түсінікті. Оған түрткі болатын
себептер көп. Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ресми
деректерге сүйенсек, республикамызда отбасын құру мен ажырасудың ара
қатынасы 4:1-ге сәйкес екен. Бұл әр төрт некенің біреуі ажырасып тынады
деген сөз. Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 3:1-ге тең. Ең өкініштісі,
елімізде бұндай мәліметтер жыл санап артып барады. Мысалы, 2009 жылы 38 871
неке бұзылса, 2010 жылы 40 982 отаудың шаңырағы шайқалған. АХАЖ органдары
тіркеген некеге тұру саны 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 9,6% өсті. Ал
ажырасу саны Қазақстанда 2011 жылы 7,8 % ұлғайды. Бұл мәліметке қалайша көз
жұмып қарауға болады? Егер ұрпақ қамын ойласақ, қазірден бастап ажырасудың
алдын алуға жұмылғанымыз жөн. Ел іргесіне сызат түсіретін бұл әрекеттің
зияны шаш-етектен. Ең бірінші баланы әкесіз яки анасыз қалдырады. Ал әке-
шешесіз өскен жас ұрпақтың кейінгі тағдыры не болмақ? Қазіргі кезде көп
айтылып, жазылып жүрген мәселенің бірі – жастардың ой-санасындағы сезімге,
махаббатқа деген көзқарастың өзгергендігі. Бұл рас та шығар. Себебі –
махаббаттың таза күйінде өмір сүруіне әлеуметтік мәселелер ырық бермейді.
Ал оның салдары, отбасы, ошақ қасындағы кикілжіңдерге соқтырады.Қазақ
халқының салт-дәстүрі мен дүниетанымы тұрғысынан алғанда екі жасты
жарастыруды ертеде үй іші болып, қауым болып қолға алатын. Араздасқанды
татуластырып, ымыраға келтіріп, құда-құдағилар жас отбасын сақтап қалуға
мүдделілік танытатын еді.Осы күнде отбасылық құндылықтардың сан және
сапалық тұрғыдан өзгеріске ұшырағандығын байқаймыз. Үйленіп, үй болып
жатқан жастардың ертеңгі күнгі тағдырын болжап білмейсің. Сәні мен
салтанаты жарасқан аста-төк тойдың соңында айырылысып кететіндері аз
кездеспейді. Бүгіндері үйленудің өзі арзанға түспейтіні белгілі. Ата-ана
қарызданып, қауғаланып жүріп, бар-жоғын жиып, теріп, той жасайды. Тойшыл
қазақпыз деп, көрпемізге қарай көсілуді естен шығарып алатынымыз тағы
бар. Асылы, үйлену деген мәселеге жастар жағы асқан бір жауапкершілікпен
қарап, өмірдегі маңызды қадамды мың ойланып, жүз толғанып барып жасаса
дейсің. Әйтпесе, бүгін сүйдім-күйдім деп отасып алып, қанша елді әбігерге
салып, алыстан ат терлетіп тойға келтіріп, той қызығы басылып, артынша біз
бірге тұра алмайтын болдық, ажырасамыз деп шыға келетіндерді көргенде бұл
қалай болды, не болып кетті өзі деп, дағдарғандай күйге түсесің. Бәлкім,
үйленер алдында өмір бейне бір романтикалық сәттерге толы болатын да шығар?
Алайда, үйлену тек жалғыз тоймен аяқтала салатын дүние емес қой. Отбасын
құрудағы жауапсыздық, некеге жеңіл, атүсті қараушылық, маған қыз жоқ па,
азар болса тағы үйленермін, маған жігіт жоқ па, азар болса тағы да күйеуге
тиермін деген ұшқары ұғымға салынатындардың тірлігінен бұл мәселе жетер
жеріне жетіп бір-ақ тоқтайды. Мұның себебі – жаһанданып бара жатқан
санамыздан ежелден қалыптасып қалған киелі де асыл ұғымдардың жоғала
бастауы. Ата-бабамыз ынтымақ пен бірлікті көздің қарашығындай сақтаған.
Бұл, керек десеңіз, алтын қазықты қара шаңырақ ұғымының басты мәселесі.
Заман көшінен тыс қала алмайтын болғандықтан, әлемге ортақ ұғым-түсініктер
біздің де ой-санамыздан орын тепті. Бүгінде қазақы дәстүрді толығымен
сақтап отырған отбасын табудың өзі қиынға соғады. Төл дүниетанымымызға сай
келетін жөн-жоралғылардың көмескіленіп кеткендігінің ағайын арасындағы
қарым-қатысқа селкеу түсіріп отырғаны шындық. Енесін сыйламайтын келін, ата-
анасына қарайласпайтын бала, үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп
білмейтіндер кездесіп қалатыны жасырын емес. Қадірлеп, қастерлер салт-сана
болмаған жерде, болашағымыздың көсегесі көгере қояр ма екен? Ажырасу- XIX
ғ.-дың аяғында қазақтар арасында сирек ұшырасқан. әлсіреуіне, ыдырауына
соқтыратындықтан, әйелдің күйеуден, күйеудің әйелден ажырасуына байырғы
қазақ қоғамы жол бермеуге тырысқан. Босағаның берік, керегенің кең,
шаңырақтың биік болуын өсіп-өнген жуан ауыл, табаны жалпақ, құрыгы ұзын
тайпа іргелі елдіктің негізі деп ұққан. Ажырасудың себептері ауылбасы,
рубасы, билердің қатысуымен мұқият тексерілген.Қазақы ортада сай ажырасуға
себеп болатын жағдайлар күйеуіне қатысты жағдайлардан туындауы мүмкін: егер
күйеужігіт бірге тұруға жарамаса; ол қылмыс жасап, ұзақ уақытқа қамалса;
басқа дінді қабылдаса; ұзақ уақыт (3-4 ай) бойы хабар-ошарсыз жоқ болып
кеткен кезде әйелдің ажырасу талабын қоя алатын құқы болды. Бұл жағдайлар
созылып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдет-ғұрыптық бойынша немесе
Шариғат жолымен ажырасу мәселесі қарастырылады. Мұндай жағдайлардағы
қолданылатын ұстанымдар бір-бірін толықтырып отырады. Негізінде, ажырасу
әйелдің төркіні тарапынан жасалған талаптарға байланысты немесе әйелдің
өзінің ауыл ақсақалдары мен ықпалды адамдарға немесе билерге шағымдануы
негізінде қаралады. Егер әйелі күйеуінің бірге тұруға жарамайды деген
шағымы болса, көп жағдайда еріне емделуге, қаралуға үш ай уақыт мұрсат
беріледі. Егер ажырасу туралы шағымына себепкер әйелдің мінезі арқау болса,
ол шағымды қарастырушылар тарапынан көбіне қабылданбайды, дәлірегі әйелдің
Құдай берген мінезі ажырасуға себеп бола алмайды Ішінара әйелдердің
ерлерінен қашып кетуі некен-саяқ болса да, кездескен. Қалыптасқан үрдіс
бойынша, ажырасу үшін алдымен, әйелі күйеуінен үш рет қашып шығуы тиіс.
Үшінші рет қашып шыққаннан кейін, егер ел әйелдің күйеуінен жәбір көргенін
растайтын болса не¬месе куәгерлер ері әйелін үйден қуып жіберіп, бірнеше
жыл қарамағанын дәлелдейтін болса ғана ажырасуға рұқсат берілді. Қазақ
арасындағы ұстаным бойынша, сай ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде әйел
ажырасуға себеп емес. Қазақы түсінік бойынша, әйел кінәсіз болған жағдайда,
оның пайдасына (ортақ) мал мүлкінен арнайы үлес бөлініп берілді. Оған қоса
әйелдің күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары қоса берілген.
Ажырасқан кезде кінәсіз деп танылған әйелге тиетін мұндай үлесті ақымар деп
атаған. Ақымар малдай, жылжымайтын мүліктей немесе ақшалай да берілген.
Шариғат заңы бойынша күйеуі талақ деп үш рет айтса, неке бұзылып
ажырасуға болады деп есептелген. Егер талақ деп екі рет айтылып келесі
некеге дейінгі күтетін мерзімі (ол идда деп аталады әлбетте төрт ай он күн)
өтсе, онда қайтадан некесін қиған. Күйеуінің өз әйелін соққыға жығып, бір
мүшесін мертіктіріп, басын жарып, көзін шығарса, зақым болған мүшесінің
құнын (саусақ құны, көз құны және т.б.) төлеткен. Бұл жайт ажырасуға себеп
болуы мүмкін. Ал, әйелдің туыстарын балағаттап, намысына тигендігі
дәлелденген жағдайда, сүйек сындырған құны, өнерлі әйелдің өнеріне нұқсан
келтірген жағдайда, өнер құны тәрізді мәселелер арнайы қарастырылады .
Бірақ, бұл ажырасуға себеп бола алмайды
Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 және 2006.01.10 N 116
Заңдарымен Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ
оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп
анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда келтірілген заңдардың 16-бабында былай деп келтірілген.
1.Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған
ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын
ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.
2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына
қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-
зайыптылардың екіншісін:
1. сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2.сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3.қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға
сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
3.Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен
жүргізеді.Ал 17-бапта, азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені
бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау Некені
бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ажырасудың негізгі себептері
Демография және әлеуметтану
Әйелдердің тәжірибесі
Ажырасудың себептері мен салдары
Бүгінгі жастар неге жиі ажырасады?
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы
Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері
Пәндер