Америкадағы бизнес психологиясының ерекшеліктері



1 Дэвид Мерсер
2 Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі
3 Бірінші өндірістік.шаруашылық буындарды ірілендіру
Американдықтардың іскерлік белсенділікке ықпал ететін ұлттық ерекшелігі, олардың өз артықшылықтары мен өмірге төзімділігін дәлелдел, сол үшін күресе білетіндігінде. Американдықтар жайлы қалыптасқан түсінік - бұлар зор күш-қуаты бар, қажымайтын, өз ерекшеліктерімен көзге түсетін табанды, жігерлі адамдар.
Соңғы жылдары американдық бизнес психологиясында өзінің жетекшілігі үшін күресу, позитивтік өзгеріске әзір тұру жағы байқалады. Мұндайда, негізгі проблемалар — жаңа рыноктар іздестіру, басқару құрылымын бюрократтықтан (кеңесшілдіктен) арылту, өндірісте басқару стилін жаңарту. АҚШ-та шамамен 20 жыл бұрын дара басшылық стилі үстемдік етті. Американдық фирмалардын ұйымдық қызметінде қазіргі кезде де қатаң тәртіп, сөзсіз бағыну орын алған.
Американдық кәсіпкерлер мен менеджерлер арасында өз ісіне тәуелсіз, ерекше қабілетті, дербес шешім қабылдайтын көптеген адамдар бар.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Америкадағы бизнес психологиясының ерекшеліктері.
Американдықтардың іскерлік белсенділікке ықпал ететін ұлттық ерекшелігі, олардың өз артықшылықтары мен өмірге төзімділігін дәлелдел, сол үшін күресе білетіндігінде. Американдықтар жайлы қалыптасқан түсінік - бұлар зор күш-қуаты бар, қажымайтын, өз ерекшеліктерімен көзге түсетін табанды, жігерлі адамдар.
Соңғы жылдары американдық бизнес психологиясында өзінің жетекшілігі үшін күресу, позитивтік өзгеріске әзір тұру жағы байқалады. Мұндайда, негізгі проблемалар —жаңа рыноктар іздестіру, басқару құрылымын бюрократтықтан (кеңесшілдіктен) арылту, өндірісте басқару стилін жаңарту. АҚШ-та шамамен 20 жыл бұрын дара басшылық стилі үстемдік етті. Американдық фирмалардын ұйымдық қызметінде қазіргі кезде де қатаң тәртіп, сөзсіз бағыну орын алған.
Американдық кәсіпкерлер мен менеджерлер арасында өз ісіне тәуелсіз, ерекше қабілетті, дербес шешім қабылдайтын көптеген адамдар бар. Америка бұрыннан қиындықты тайсалмай жеңе білетін, ержүрек адамдарды қадір тұтқан. Алайда, соңғы жылдары менеджмент кеңесшілері мен теоретиктері басқарудың өктемдік стилін іскерлікпен, жайдары мінез-құлықпен амастыруды, дара басшылықтан бас тартуды жақтайды.
Дэвид Мерсер Корпорация әлеміндегі басқару кітабында фирмадағы басқару жүйесін ұйымдаскан анархиянын жоғарғы формасы деп атады. Алайда, ол іскерлік өмірдегі өктемдік, тікелей қатаң стиль күн өткен сайын демократиялық, үйлестіруші, көлбеу басшылықпен алмасатындығын атап көрсетеді. Мұнда, атап айтқанда, басшылар мен оларға бағыныштьшардың арасында шынайы сенімге негізделген принциптер тұжырымдалған, мұның өзі бүкіл Америкадағы іскер топтарға тән қасиет. Соның бастылары мынадай:
Әрбір адам құрметтеуге лайық.
Әрбір сатып алушы ең тәуір қызмет етуді талап етуге хақысы бар: кез келген талап 24 сағаттың ішінде, ал техникалық қызмет көрсету сұранымы —бір сағаттың ішінде қанағаттандырылады.
Кез келген міндет ең тәуір жолмен шешілуі тиіс.
Компания қызметкерлеріне орындай алатын билік пен жауапкершілікті жүктеуі тиіс.
Стратегиялық жоспарды оперативтік жоспармен байланыстырғанда, оның нақты орындалатындығына барлығының көзі жетуі тиіс. Мұндайда тіпті ерекше қолайсыз жағдайдың өзінде орындауға болатын жоспардың қосымша варианты болуы тиіс.
Қызметкерлердің сатып алушылармен мәжіліс өткізуі, сатып алушылардың жағдайы талқылануы және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: біз сатып алушылармен қалай жұмыс істейміз? Біз қандай мақсатқа жету үшін оларға көмектесуіміз қажет? Бәсеке деңгейі қандай? Сатып алушылар қандай бұйымдарды қажет етеді? Олардың сапа мен бағаға қоятын талабы қанағаттандырыла ма?
Фирмаға жұмысқа қабылданғанда ақтық шешімді төменгі буындағы басшыларға қалдыру.
Компанияның маңызды буыны - оларды сауда қызметкерлері, бұлар жаңа келгендерді үйрету тиіс.
Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда, тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан (ұзақ мерзімді капитал жұмсаудан) гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық-басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.
Сол себепті АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік-монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу, өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.
Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады. Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыланлырады, коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда, ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық, ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау тіптен мүмкін емес. Сондықтанда, эмпирикалық мектептің кейбір өкілдерінің пікірінше, өндірістін сипатына, сол өндірістегі қызметтің ерекшелігіне, тиісті әкімшілік қызметшілердің аз-көптігіне қарай кез келген ұйымдық шешімдерді іліндегі жағдайға қарай бейімдеу қажет.

Кейбір компанияларда ұйымдық өзгеріс цикілді сипат алады, яғни жаңа бөлімнің пайда болу кезеңі оның шоғырлану және басқарудың жалпы орталықтану кезеңімен алмасады.
Бірінші өндірістік-шаруашылық буындарды ірілендіру, корпорациялардағы децентрализациялау шекарасын белгілеу көп жағдайда өндіріс шығындары мен қосымша шығындарды қысқарту керектігімен түсіндіріледі. Қазіргі кезде бұл проблемамен американың өндірісті басқару жөніндегі мамандары белсене шұғылдануда. Басқаруды тиімді ету, басқару және қызмет көрсету буындарын арзандату. Солтүстік Америкадағы Форд компаниясында антомобильдерді өндіру жөніндегі барлық операцияларды шоғырландыруға себепші болды.
Компанияның табыстылығын арттырудың жаңа жолдарын қарастыруда ғылыми зерттеулер мен ізденістерді тиімді етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа нәтижелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері
Қонақ үйдің негізгі қызмет үдерістерін басқару
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Клубтық демалыс жүйесінің сипаттамасы
Басқару психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Ұжымдық орналастыру құралдары
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Басқарудың экономикадағы рөлі
Шет елдік менеджмент ерекшеліктері
Пәндер