Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау



Кіріспе
І Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жиі қолданылатын кейбір лексикалық стилистикалық әдістердің берілу жолдары.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі метафораның қолданылуы
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі теңеудің қолданылуы
1.3. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі метонимияның қолданылуы
1.4. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі гиперболаның қолданылуы
1.5. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі перифраздың қолданылуы
1.6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттің қолданылуы
Қорытынды
Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық т.б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған.
Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалыстилистика, салыстырмалы – салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды.
1. Galperin L.R. Stylistics Moscow 1971 Higher School publishing house.
2. В. В. Виноградов. Стиль Пушкина. М., 1945, стр. 89
3. Аханов А. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1965. б. 158
4. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.- Алматы:
Мектеп, 1996. Б. 18
5. Сүлейменова Э. Д, Мадиева Г. т.б. Тіл білімі сөздігі.- Алматы: Ғылым,
1998. Б.20
6. Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы:
Филол. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс.- Алматы, 1963. Б.
136
7. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ, Қазіргі қазақ тілі.- Алматы, Мектеп, 1962. Б158
8. Болғанбаев Ә, Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997.- Б.90
9. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы.- Алматы: Мектеп, 1969. Б.222
10. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы:
Сөздік – Словарь, 1998. Б44
11. Смағұлова Г. Н. Фразеолегизмдердің варианттылығы. –Алматы: Санат,
1996. Б.126
12. Сыбанбаева А. Метафораның зерттелу тарихы. ҚазМУ хабаршысы.
Филология сериясы. 1998. №20. 31-34 б.
13. Сыбанбаева А. Метафора және таным. Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімі.
Алматы, 1999. 311- 321 б.
14. Сыбанбаева А. Концептуалдық метафораның компоненттер құрамы мен
құрылымдық сипаты. Астана, 1999. Б. 311-321
15. Сыбанбаева А. Тілдік метафораны зерттеудің жаңа бағыттары. ҚазМУ
хабаршысы. Филология сериясы. 1997. №5. 33-34 б.
16. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің лексикасы. Докт. дисс. дисс.қолжазбасы.
Алматы, 1960. Б. 685
17. Кулиев Г. Г. Метафора и научное познание. Баку: Эл, 1987. 155с
18. Encyclopedia International, 1981, p. 494
19. Раевська Н. М. English Lexicology. – Киів: Видав ницто «Вища школа»;
1971. – 331 с
20. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы : Мектеп, 1987. – 192
21. Л. И. Тимофеев. Основы теории литературы, М., 1971, стр.220-221
22. И. В. Гутаров. Основы советского литературоведения. Минск, 1967,
стр.221
23. А. И. Федоров. Семантическая основа образных средств языка.
Новосибирск, 1969, стр. 13
24. Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. Алматы: Мектеп,
1988. Б.92
25. М. Балақаев, Т. Қордабаев Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971, 189 б
26. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы 8 б
27. Скребнев Ю.М . Основы стилистики английского языка, - Москва:
Астрель, 2000, - 224 с
28. Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. Алматы «Сөздік – словарь» баспасы- 2006. Б. 125
29. Жапбаров А. «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері» Алматы «Қазақ университеті» 1991. Б 143
30. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том «Қазақ энциклопедиясының»
бас редакциясы Алматы, 2004. Б 494
31. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Алматы 2008 «Дайк - Пресс. Б. 593
32. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1992. б 248
33. Хасенов Ә. «Тіл білімі» Алматы «Санат», 2003. Б 146
34. Нұржекеева Л, Метонимияның лингвистикалық табиғаты, Алматы 1992
35. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Қазақ ССР- нің «ҒЫЛЫМ» баспасы
Алматы 1986
36. Әдебиеттану терминдер сөздігі Алматы 1998
37. Лингвистический энциклопедический словарь, Москва 1990
38. Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы: Ғылым, 1992.
39. Ш. Құдайбердив шығармалары (өлеңдер, дастандар, қара сөздер)
Алматы: Жазушы 1988, 360 бет
40. Үш ғасыр жырлайды. Революцияға дейінгі қазақ ақындарының
шығармалары. Алматы: Жазушы, 1965, 680
41. Г.Ж. Үсенбаева Перифраздың тілдік табиғаты Алматы, 1995
42. Құйылған жыр – құдыретті тіл. Тіл білімі, 4- кітап, ЕҰУ, Астана,
2008, 257- 261
43. Мұқаметқалиева Г. Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. Филол. Ғыл. канд.
дәрежесін алу үшін жазылған дисс.дисс. –Алматы, 1991.б 193
44. Э. Хемингуей «Қош бол, майдан!» Жалын баспасы Алматы, 1979
45. E. Hemingway “A farewell to arms” Progress publishers Moscow 1976

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл біліміндегі салыстырмалы-
салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес
тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық т.б.
жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп
төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы,
олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-
тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін
салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық
құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін
анықтау үшін қолданылған.
Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып,
тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа
мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас
емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген
пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық,
тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа
бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-
салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика,
салыстырмалы-салғастырмалыстилистик а, салыстырмалы – салғастырмалы
фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән
ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды.
Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген
заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық
қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы-салғастырмалы тіл
білімі өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тілдерді
салыстыра –салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін,
қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Осындай зерттеулер
мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен
түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміз егемендік алып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда,
жоғары дамыған Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдениаралық қарым-
қатынастың дамып отырған уақытында – қазақ тілін Еуропаның беделді
тілдерінің бірі ағылшын тілімен салғастыра зерттеу – баға жетпес құнды
дүние.
Сонымен қатар соңғы жылдары тіл білімінде қазақ тілін генетикалық
және типологиялық жағынан туыстығы жоқ тілдермен салыстыра зерттеу
мәселесі кеңінен өріс алып келеді.
Тілді, тілдік бірліктерді адами фактолармен, адами құндылықтармен
бірге қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты
бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл
иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең
түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Осындай зерттеу
жұмыстарында ұлттық құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл
бөлініп, тіл тек тұлғалық жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық,
ұғымдық, мәдени концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды.
Тілді ұлттық тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни
дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда
ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным
болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың
тарихынан, мәдениетінен, таным-болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар
ететін тілдік бірліктерге мақал-мәтелдер,сөздерді көркейту мақсатында сөз
мағынасын түрлендіріп, әсемдейтін стилистикалық мағыналары бар сөздер:
теңеу, метафора, метонимия, синекдоха сияқты тілді көркемдеуші сөздер,
нақыл сөздер жатады себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге
ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт- дәстүр ерекшеліктерін
білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.
Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салыстыра зерттеуге
арналған еңбектер аз емес. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана
бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі- қазақ және
ағылшын тілдерін салыстырып отырып зерттеу.
Халықтың ауызекі сөз өнері қазақ әдеби тілін дүниеге
келтірген оған нәр берген негізгі арналарының бірі болғаны
баршамызға мәлім. Фольклор шығармасы тіліне, оның стильдік
жүйелеріне тән ерекшеліктерді танып біліп, соған қатысты
проблемаларды ойдағыдай шешіп алмайынша жазба әдеби тілдің
эвалюциясын әсіресе, оның бастапқы пайда болуы кезеңін түсіну,
заңдылықтарын білу мүмкін емес. Жер бетінде қанша ұлт болса,
сонша ұлттық ерекшелік, дәстүрі бар. Әр халықтың туа бітті
болмысына, өмір кешу жағдайына орайлас қалыптасқан осы дәстүрлердің
тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне таратып жатса, мұның
өзі адамзат көшінің жарасымымен ілгері озуына септігін тигізген.
Соның ішінде көркем шығарма, өлеңдерді көркейту мақсатында сөз
мағыналарын өзгертіп гүлдендіріп әрі оқырманды тартатын
стилистикалық мағыналары бар сөздер: Метафора, метонимия, теңеу
т.б. болып табылады. Әрбір халықтың даналығы мен шешендігінің
куәсі болып тұратын осы сөз маржандары кез – келген халықтың
өшпес мұрасы, әрі өткен өмірдің, қилы – қилы замандардың хабаршысы
іспеттес.
Белгілі бір халықтың көркем әдебиет басқа халықтардың әдебиетінен, ең
алдымен өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен
ерекшеленеді.
Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері- ұлттық
характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре
алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы өте зор.
Құрылыс материалы жоқ жерде құрылыс объектілері болмайтыны сияқты, тіл жоқ
жерде әдебиет те жоқ. Демек, тіл- әдебиеттің құрылыс материалы, ол әдебиет
өніп - өсетін топырақ, ол әдебиет тыныстайтын ауа.
Сол себепті де көркем әдебиет деген ұғым ең алдымен, образды сөз,
көркем сөз деген ұғымға келіп тіреледі. Сол себепті де ол сөздің патшасы,
сөз сарасы. Түр мен мазмұнның бірлігінен көркем әдебиеттің шынайы
табиғаты, бүкіл болмысы жасалады.
Сөйлеу әдемілігі, әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып,
ұнамды құралуынан болады. Ол жазушының не сөйлеушінің шеберлігін толғайды.
Сөздің кестесін келтіріп айту деген сөз- Абайдың- тілге жеңілі деген
сөзі дейді- Ахмет Байтұрсынов. Сөз кестесі келсе, құлаққа жағымды болады,
жағымды болу- әуезді болу, әдемі болу. Ахмет Байтұрсынов: Ақыл ісі-
аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салу, ойлау; қиял ісі-
меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне
ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі - түю, талғау дей келіп,
ойыңдағы, қиялыңдағы, көңіліңдегі нәрсені тілмен айтып жеткізу өте қиын,
тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын - деген түйін жасайды. Сөзді өнер
деп таныған Ахмет Байтұрсынов Сөздің өзін танытатын белгі- тіл, яғни
лұғат белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен, өз оңтайымен сөз
тізіп әдеттенуінен, салттануынан болады, өзіндік ерекшелік тілдері бар
заңдылықтарға үстелетін, соның үстіне ғана қосылатының, қазіргі
стилистика қарастыратын мәселелерімен үндестіреді.
Тақырыптың өзектілігі. Эрнест Хемингуейдің Қош бол, майдан!
атты шығармасын қазақ тіліндегі аудармасымен салыстыра отырып,
берілген лексикалық стилистикалық әдістер: метафора, теңеудің ұқсастықтары
мен ерекшеліктеріне қарай классификациялап, сонымен қатар, бұл жолмен
аударылудың басты себебін анықтау, әрине бұл нәтижеге жету үшін ең алдымен
бұл әдістерді жеткілікті дәрежеге дейін зерттеп, ішкі мәні теория
бөлімінде ашылуы тиіс, осыдан кейін барып тақырыптың толық ашылу
нәтижесіне қол жеткізуге болатыны анық.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыпқа өзек етіліп
алынған Э. Хемингуэйдің Қош бол, майдан! романындағы лексикалық
стилистикалық әдістердің яғни теңеу және метафоралардың қазақ тіліндегі
аудармасында берілу жолдарының сын – сипатын анықтау және төмендегі
міндеттер атқарылуы тиіс:
- Метафора және теңеудің ағылшын тіліндегі аудармасында берілуін көрсету.
- Метафора және теңеудің ағылшын қазақ тіліндегі аудармасында берілуін
көрсету.
- Метафора және теңеудің екі (ағылшын, қазақ) тілдерінде берілген
ұқсастықтарын көрсету.
Зерттеудің пәні: Стилистика
Зерттеудің дерек көздері:
1. Galperin L.R Stylistics – Moscow :1971. Higher school publishing
house.
2. Ernest Hemingway A farewell to arms Progress publishers Moscow 1976
3. Э. Хемингуей Қош бол, майдан Жалын баспасы Алматы, 1979
4. М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М: Томанов, Б. Манасбаев Қазақ тілінің
стилистикасы Алматы 2007
5. Айтбай Айғабылұлы Қазақ тілінің лексикологиясы
6. А.Сыбанбаева Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар
Қазақ университеті Алматы 2002
7. А. Жапбаров Қазақ тілі стилистикасының оқыыту методикасының негіздері
Алматы Қазақ университеті 1991
8. С. Хасанова, Ғ. Жексенбаева Алматы – 1999 Республикалық баспа кабинеті
9. Скребнев Ю. М. Основы стилистики английского яязыка, - Москва: Астрель,
2000
10. Раевська Н. М. English lexocology. – Киів: Видав Ницто Вица школа,
1971
11. Г. Ж. Үсенбаева Перифраздың тілдік табиғаты, Алматы, 1995

Зерттеудің ғылыми жаналығы мен нәтижелері
Э. Хемингуэйдің Қош бол, майдан! атты романына зерттеу, талдау
жасалынды. Бұл аталмыш нысанаға алынған романда теңеу, метафора сияқты
лексикалық стилистикалық әдістер кездестіріліп, екі тіл, яғни ағылшын және
қазақ тілдерінде салыстырылып отырып қарастырылды. Екі тіл аудармасында
бұл әдістердің жасалу жолдары мен берілу тәсілдері әркелкі. Мәселен,
• Метафоралық тіркес қолданысында
• Метафоралық эпитет қолданысында
• Метафоралық теңеу қолданысында
• Және метонимия, эпитет, теңеу, символдық мәнді қолданыстарында
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
Ағылшын тілінде кездескен метафора, теңеу қазақша аудармасында тура
мағынада қарапайым сөзбен берілген, бірақ кейбір жоғарыда көрсетілген
әдістер өзгеріске ұшырап, мағынасын жоғалтып, өзгертіліп берілген. Қазақ
тілінде кездескен метафора, теңеулерде дәл осылай берілген. Әрине, бірақ
екі тілде аталмыш лексикалық стилистикалық әдістерде ұқсастықтар бар. Бұл
тәржімалаушының қиялының еншісінде, оның аудару шеберлігіне байланысты
екеніне көз жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы
Тіл білімінің стилистика саласында ағылшын тіліндегі метафора,
теңеулерді қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырмалы түрде үйретуде
маңызды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жиі қолданылатын кейбір лексикалық
стилистикалық әдістердің берілу жолдары.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі метафораның қолданылуы

Ағылшын тілінде метафораға анықтама былай беріледі:
A Metaphor is a relation between the dictionary, and contextual logical
meanings based on the affinity or similarity of certain properties or
features of the two corresponding concepts. [1, p 10]
Метафора – белгілі бір зат немесе құбылыс атауы басқа бір зат немесе
құбылыстың түрі, тұлғасы, қимыл-әрекет ұқсастықтарына қарай ауысып аталу
тәсілін атайды.
Төмендегі мысалдарға қарасақ бұған көз жеткізуге болады:
“Dear Nature is the kindest Mother still”.
(Byron, “Childe Harold”)
Бұл жерде табиғатты анаға теңеп тұр, яғни адамға ұқсатып жатыр.
Метафора басқа да сөйлем мүшелері болып келеді: Зат есім, сын есім,
етістік, үстеу т.б.
Мысалы: “The human tide is rolling west-ward”. (Dickens, “Dombey and
Son”), бұл жерде метафора сын есім болып берілген.

“In the slanting beams that steamed through the open window, the dust
danced and was golden”.
(J.Wilde,
“The Picture of Dorian Gray”).
Бұл жерде метафора етістік болып берілген.

“The leaves fell sorrowfully”
Бұл жерде үстеу болып берілген.

Метафора – семантикалық жағынан баршаға мәлім жаңа мағына және
жаңа сөз құраудың бірден-бір құралы.
Куинтилианның айтуы бойынша: метафораның арқасында тілде әр заттық
өзіне тән аты пайда болады.
Мысалы: “Try to be precise”, “And you are bound to be metaphorical”

J.Middlefon Murry

Метафора басқа да стилистикалық әдістер сияқты өзінің деңгейіне сүйене
отырып кенет классификациялануы мүмкін. Яғни аяқ астынан пайда болған,
ойдан шыққан метафоралар. Бұларды genuine metaphors деп атайды.
Ал адамдар арасында қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын және кейбір
түрлері сөздікте кездесетін метафораларды trite metaphors немесе deаd
metaphors деп атайды.
Бұлардың қолданылуын былай ажыратуға болады.
Genuine metaphors қарым-қатынасқа түскен кезіндегі әңгімеде қолданылады.
Trite metaphors бұл түрі арнайы сөздік қорында сақталған, халыққа мәлім
тіл білімінде қолданылады.
В.В.Виноградовтың айтуы бойынша:
‘... a metaphor, if is not a cliché, is an act of establishing an individual
world outlook, it is an act subjective isolation...Therefore a world
metaphor is narrow, subjectively enclosed, ... it imposes on the a reader a
subjective view of the object or phenomenon and its semantic ties”[2,
p137].
Жоғарыда айтылып кеткен мысалда genuine metaphor-ға жатқызуға болады.
Араларында trite metaphor-ға жататындары да кездеседі. Бұл метафоралар
тілге сіңіп кеткен.
Мысалға алатын болсақ: Үміттің жарығы, етегі жасқа толды, қарсылығы
толқынмен бірдей болды, қуаныштан ұшып кете жаздады, қуаныштары кішкене
жарқырады, күлкінің көлеңкесі көрінгендей болды және т.б.
Негізгі мағына мен ауыспалы мағына арасындағы айырмашылықтарын түрлі
формаларынан байқауға болады. Кей жағдайларда бұл екі мағыналар арасында
байланыстары да бар дейді. Мұндай жағдайларда әр мағына өзінің
ерекшеліктерін байқатады. Метафоралық қолданыстағы сөздер өзінің негізгі
мағынасына да әсерін тигізбей қоймайды. Себебі, әуел бастан метафоралық
қолданыста қалған сөздер өздерінің мағынасын алаңсыз жоғалтып қояды. Осы
жерде біз deаd metaphor деп айтуға болады.
Мысалы, to grasp (=to understand), to get (=to understand), to see
(=to understand) бұл жерде жақшадағы сөздер сөздіктерде тіркелген дәл осы
мағына ретінде, бірақ астарлап әңгімені көркейту мақсатында жоғарыдағы
сөздер алынған еді. Бұл жерде ешқандай стилистикалық әдіс қолданылмаған,
метафорада жоқ.
Melt (away) сөзін мына сөйлемге қоятын болсақ:
“These misgivings gradually melted away”
Қорқыныштарым жәймен-жәймен жойыла еріп кетті.
Бұл сөз сөздікте бұл мағынамен жазылмаған, яғни сөздіктегі сөзді басқа
мақсатпен қолданып жазған.
Trite metaphor – кей жағдайларда өзінің өзгешелігін танытады, яғни
негізгі мағына жаңа мағына екеуі бір сөз есебінде қолданылады. Бұл
дегеніміз – сөйлемде қолданылып тұрған обьектке қосымша жаңа метафоралық
сөздер қосу.
Мысалы,
“Mr.Pickwick bottled up his vengeance and corked it down”. Мистр
Пикуик өзінің кегін бөтелкеге салып, қақпағын жауып қойды. Бұл сөйлемдегі
bottle up – етістігі держать под контролем, іште сақтау мағынасымен
(“Penguin Dictionary”, Cassell’s New English Dictionary”) сөздіктерінде
берілген. Бұл контексті dead metaphor деп атаса болады, себебі бұл
қолданыстан шығып қалған ескі метафора. Мына төмендегі тағы бір осыған
ұқсайтын метафора:
Mr.Dombey’s sup of satisfaction was so full at this moment, however,
that he felt he could afford a drop or two of its contents, even to
sprinkle on the dust in the by path of his little daughter”.
Бұл сөйлемде автордың ойын қанағат сөзінен түсінеміз, бұл сөз
болмағанда сөйлем қарапайым сөйлем болар еді. Себебі (стакан толды, тамшы
шашырады) барлық сөздер бір қанағат сөзімен байланысты болып тұр.
Шекспирдің мына жолдарыда осыған ұқсас.
I have no spur to prick the sides of my intent.
Ал енді метафораның қазақ тіліндегі берілу жолдарына келер болсақ,
Метафора- грек тілінің сөзі, ауысу деген мағынаны білдіретін термин, бұл
термин Ежелгі Грек, Рим ғалымдарының зерттеу еңбектерінен белгілі.
Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір
заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы-
метафора деп аталады [3, 158 б]
Метафора екі сөз мағынасының өзара қарым-қатынасын көрсетеді.
Метафоралы сөз саптауда таныс емес зат пен құбылыс міндетті түрде жақсы
таныс нәрсемен салыстырылады. [4,18 б] өз мағынасының ауысуы зат,
құбылыстырдың тұлға, түс, қимыл ұқсастығының негізінде болады.
Метафораға лингвистикалық, әдебиеттану терминдері сөздіктеріне
берілген түсініктемелерге көңіл бөлсек, Тіл білімі сөздігінде
"Метафора (грек metaрһога - ауыстыру) - троптың бір түрі ұқсастық,
сәйкестік және т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы
мағынада қолданылуы", - деген түсініктеме беріледі, ал метафоралану
бьлайша түсіндіріледі: Метафоралану ауыспалы мағынаның пайда болуы мен
оның экспрессивті касиеттерінің күшеюі нәтижесінде сөздің мағыналық
аумағының кеңеюі [5, 20 б]
Р. Барлыбаев метафора жөнінде былай дейді: Бір заттың атауы жалпы
сыртқы ұқсастық, сәйкестікке қарай екінші бір заттың, құбылыстың атауына
ауысады екен. Олай болса, сөз мағынасының ауысуы обьективтік болмыстағы
заттардың, құбылыстардың жалпылық жақтарының негізінде туған тілдік
құбылыс деп қарастырады [6, 136 б]
К. Ахановтың Тіл біліміне кіріспе атты оқулығында метафораға
мынандай анықтама беріледі: Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не
құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз
мағынасының ауысуы- метафора деп аталады [3, 166 б]
Ғалым Ә. Болғанбаевтың Қазақ тілінің лексикологиясы атты
еңбегінде метафораға мынандай анықтама беріледі: Өмірдегі зат пен
құбылыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің
бірнеше мағынада ауысып қолданылуын метафора дейміз [5, 25]
Ғалым Қ.Жұмалиев: Метафора- сыртқы не ішкі бір ұқсастығына қарап,
бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Екі нәрсенің арасына тепе- теңдік
белгісін қою,- десе [3, 170 б] академик жазушы З. Қабдолов: Метафора-
сөз мәнін өндендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты
айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа
не құбылысқа балау: сөйтіп зерттеліп отырған заттың не құбылыстың
мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту,-дейді. [6, 136 б]
"Метафора (грек. метарһога - ауыстыру) - троп немесе сөйлеу механизмі.
Метафора – сөздің басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда
метафора номинациялық кұрал ретінде қарастырылады"
[7, 158 б]"Лингвистикалық түсіндірме сөздікте" метафораға осылайша қысқаша
түсініктеме берілсе, Әдебиеттану терминдер сөздігінде" мынандай
түсініктеме беріледі:
"Метафора, ауыстыру (грек сезі - ауыстырып қою), екі нәрсені, құбылысты
салыстыру және жанастырып -жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін
бейнелі сез немесе сөз тіркесі. Мысалы, Абай өлеңдерінде қездесетін
жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген метафора
үлгілерін атауға болады.[8, 90 б]
Метафораның күнделікті сөйлеу тілінде кездесетін қарапайым түрлері іші
күйіп, бойы мұздап, орақ ауызды, от тілді деген секілді болып келеді.
Көздің жанары дегеннің орнына "көздің майы немесе қазанның тұтқасы деген
сөздің орнына "кұлағы" деп те айтыла береді (қазаншының еркі бар қайдан
құлак, шығарса).
Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақын, мысалы: тас жүрек, Бірақ
метафорада теңеудегідей екі нәрсені теңеп, салыстырудан гөрі олардың
арасындағы ұқсастық-жақындықты, сезім-әсер жалғастығын тірек ету
басым болады. Көбінесе сондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісін
емеурін жасап, сездіреді" [9,222 б]
Дәстүрлі теория метафораны тек ауыспалы мағына туғызатын тілдік құрал
ретінде қарастырып, "метафора" терминінің қолданысын шектеп келді.
Метафора құбылысының сөздің мағынасында орын тепкені соншалық, метафораның
негізінде туған косьмша мағынаның көп жағдайда ауыспалы мағына екені
бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, бауыр (адамзат, жан-жануардың ас қорыту,
қан тарату қызметтерін атқаратын ішкі мүшесі), бірге туған, ағайындас
адамдар мағынасында; түйін (бір нәрсенін шиеленіп байланған жері),
қорытылған ой мағынасында; түлек (қыран құс балапанының жетіліп, бабына
келген ұшар кезі) жас ұрпақ, жеткіншек мағынасында. Сөз мағыналарының
метафоралық ауысуы тілдік семантиканы дамытудың аса маңызды тәсілі ретінде
танылды. Күнделікті қарым-қатынаста жұмсалатын көптеген лексикалық
единицалар өзінің жасалу жолына байланысты метафоралар болып табылады,
Мысалы, кітаптың беті, орындықтын аяғы, иненің көзі, сағаттың т ілі.[7,
165 б]
Метафора тілге тек көркемдік беретін элемент қана емес, ол -тілдің
бір құрамдас бөлігі іспеттес құбылыс. Бұны оның тілде қолданылу жиілігі
дәлелдейді.[10, 44 б]
Метафора - көптеген тіл қабаттарының шығу көзі. Мәселен,
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер метафораға негізделіп
жасалады. Мысалы, Жақсы дәстүр жан семіртеді; Ауыр істің салмағы білекке
түсер, ащы сөздің салмағы жүрекке түсер; Атадан жақсы ұл туса, есіктегі
басын төрге сүйрер, атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер;
Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол; Малым - жанымның садағасы, жаным -
арымның садағасы; Тәуекелдің кемесі суға батпайды; Кең болсаң, кем
болмайсың; Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы; Білімдіге дүние - жарық,
білімсіздің күні - кәріп; Жақсы сөз - жан азығы деген сияқты көптеген
мақал-мәтелдердің метафоралық ойға негізделіп жасалғанын көруге болады.
Ал метафоралардың тұрақты қолданысқа түсуінен идиомалар жасалады.
Мысалы, тас бауыр, ақ жүрек, қара ниет, кеудесінде оты бар, қабырғасы
қайысу, оң көзбен қарау, басына бұлт төну, бет моншағы түсу, ыстық-суықты
көру, тілі ұзын, қанаты қату, үміті үзілу,т.б фразеологизмдердің жасалуы-
бұл ең алдымен метафоралық қайта ойлаудан өткізу туғызған терең
семантикалық процесстер нәтижесі екендігін дәлелдейді. [6, 157 б]
Б. Хасанов Ең қиыны- идиомдар мен метафораның ара жігін ажырату,
бұл идиомдардың метафоралық тіркестің негізінде жасалуына байланысты
екендігін айтады. [4, 29 б] Ғалым олардың мынадай негізгі
айырмашылықтарын көрсетеді: Біріншіден, идиомның компоненттерінен
тарихтың ізін байқаймыз: оның элементтерінен грамматикалық құрылысы,
лексикалық құрам немесе семантикалық мәнін жоғалтқандығы байқауға болса,
метафоралық тіркес-тілдің өткеніне де, қазіргі қалпына да, кейінгі
сатысына да тән категория, құбылыс.
Екіншіден, идиомның құрамындағы компоненттері жиылып барып, өз
мағынасын емес, мүлдем басқа мағына беретін болса, метафоралық тіркестің
бір сыңары көпшілік жағдайда төл мағынасында келеді [11,126 б]
Метафора" термині тіл білімінде екі түрлі магынада: нәтиже, процесс
ретінде қолданылады. Метафора процесс ретінде екі мағынада қолданылуы
мүмкін: жаңа ұғымдарды білдіретін және қалыптастыратын концептуалдық
процесс және тілді өзгертетін, дамытатын процесс ретінде сипатталуы
мүмкін. [12, 31 б]
Метафораға екі жактылық тән. Оның бойында байырғы мағына мен жаңа
мағына қатар өмір сүреді. Бұдан метафоралық мағына туындайды, Күдік құрты,
дала ұлы, тағдыр жазуы, ғасыр перзенті, ғасыр көпірі, тіршілік керуені,
көніл көкжиегі, үміт жібі, ел кіндігі, кызмет шылбыры, сенім жүгі, өрт
құшағы, жан айқайы, ажал бұғалығы, билік тізгіні, әнгіменің тұздығы,
рухани аштық сияқты метафоралық колданыстардан оның осы қасиетін анық
аңғаруға болады. [13, 311 б]
Метафоралар заттардың біз байқамаған қасиеттерін байқауға
көмектеседі. Олар адам таңқаларлық аналогия мен ұқсастықтарды көрсетеді.
Метафора аркылы адам ойлау дүниесінде күтпеген батыл ассоциациялар
жасалады.
Метафора тілде бірнеше қызмет атқарады. Ол сөзге атау беріп, жаңа
мағына тудырады, көркем образ жасайды, сөз мағынасына көркемдік қана
бермейді, айтылатын ойға тереңдік, жандылық береді. Сөзге эмоционалды-
экспрессивті мағына үстейді. Ол- адамның эмоционалды реакциясын білдіруді
манызды
кұралдарының бірі. Сонымен бірге метафораның белгілі бір жағдайға
баға беру касиеті де бар.
Метафора құбылысына тән тағы бір ерекшелік - ол тілде белгілі
бір нәрсеге баға (жағымды, жағымсыз) да береді. Метафоризация
процесі кезінде баға беру мәнінің пайда болу мүмкіндігі метафора
табиғатымен тікелей байланысты. Метафораның баға беру қызметін
мына мысалдардан айқын көруге болады: жылы сезім, ыстық ықылас,
жылы қабылдау, үлкен жүрек, суык қарау, салқын амандасу, кара
ниет, суық хабар, қара тізім, қара күш, қара іс, көңілсіздік көлеңкесі,
өмірдің ащысы, жаны жалын, мейірім шуағы, лас сөз, жылы қабақ,
сары уайым, ащы сабақ, кұрғақ сан, кұрғак сөз, көбік сөз, салқын
көзқарас т.б. Мұндай қызмет атқаратын метафоралардың біразының
тілде жиі қолданысқа түсіп, фразеологизмдерге айналғандығын көруге
болады. Мысалы, қара тізім, құрғақ сөз, құрғақ сан, ащы сабақ, шала
сөз т.б.
Бір сөз әр тілде әр түрлі метафоралық мағына білдіруі мумкін.
Мәселен, арнайы алаңдарда орналасқан еркін сауда-саттық жайы,
орны деген мағынаны білдіретін базар сөзі қазақ тілінде өмірдің
базары, үйдің базары деген тіркестерде қолданылып, адамның жастық
шағы, қарттыққа дейінгі өмір кезеңі, өмірдегі қуаныш, отбасындағы
береке, бала-шаға деген сияқты жағымды мағыналарды білдірсе,
орыс тіліндегі қолданысында тәртіпсіздік, "айқай, у-шу" деген
жағымсыз мағынаны білдіреді.
Метафора заттар мен құбылыстарға қосымша сандық сипаттама береді.
Метафораның сандық сипаттамасы оның баға беру қызметімен тығыз байланысты.
Сандық сипаттама баға беру аясында жүзеге асады. Бұған көтеріліс толқыны,
түпсіз тауқымет, өлең шоғыры, акпарат (тар) ағыны, пікір(лер) ағыны т.б.
сияқты мысалдарды келтіруге болады Соңғы кезде газет тілінде сандық
сипаттағы етістік тұлғалы метафоралар жиі қолданысқа түсуде. Мәселен,
халық ағылады,қаражат құйылды, одақ ыдырады, қылмыс өршіді, гүлдер
төгілді, жау қаптады, халық тұншықты. Ақша шашылды, тұрмыс гүлдеді т.б
[14, 321 б]
Метафора тілдегі көп қырлы құбылыс болғандықтан оның табиғатын бір
анықтамамен толық ашып таныту мүмкін емес. Сондықтан метафора құбылыстың
анықтап көрсететін оған тән белгі – қасиеттер мен ерекшеліктер ретінде
мыналарды көрсетеміз:
• Метафора – ойлау, таным процессінің нәтижесі.
• Метафора аналогия, яғни ұқсастық негізінде жасалады.
• Метафора адам ойының бір – біріне мүлдем ұқсамайтын зат, құбылыс,
белгілер арасында ұқсастық табуынан, оларды бір – біріне қарама – қарсы
қоюдан пайда болады.
• Метафора – ойда зат, құбылыс, олардың белгілерінің ассоциациялануының,
яғни байланысының нәтижесі.
• Метафора – тілдік қолданысты бар сөз мағынасы мен жаңа ұғым атауының
арақатынасының нәтижесі.
• Метафора – қолданыстағы сөз мағынасының қайта ойлаудан өтуі.
• Метафора тілді жандандырады, көріктендіреді.
• Метафораның жасалуы шексіз. Оған семантикалық шек қою мүмкін емес.
• Метафораның жасалуы адам еркіне тәуелді емес. Ол тілдегі қажеттіліктен
пайда болады.
• Метафора – тілдік үнемдеудің бір көрінісі.
Қазақ тіліндегі метафораның түрлері.
Қазақ тіл білімінде метафора тілдегі қолдану сипатына карай:
1) тілдік метафора;
2) тұрақты метафора;
3) жеке қолданыстағы метафора деген түрлерге бөлінеді.
Ал әдебиет теориясында көркемдік (троптык) қызметіне карай:
1) күрделі метафора;
2) ұлғайған метафора;
1) поэтикалық метафора түрлеріне ажыратылып талданады,
Әр ғалым метафора түрлерін өзінше саралайды, мәселен,
Б.Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі:
"Метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі — белгілі бір шешеннің
сөз саптауынан пайда болған индивидуальдық метафора, екіншісі - халықтық
сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ, бұл екеуінің ашық ара-жігі жоқ,
өйткені жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтық дәстүрлі
метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең тарауы мүмкін"
[15, 33 б]
1.Тілдік метафора. Тілдік метафора жалпы халық тілінде:
сөйлеу, жазу, оның ішінде әдеби шығармаларда да кең қолданылады.
Бірақ олар әдебиетте көркем образ, суреттеу құралы ретінде емес, стиль
аралық лексика түрінде қолданылады. Мысалы: таудың басы, өзеннің басы, қос
басы, шөп басы, сөз басы, әскер басы; кітап беті, істің беті, судың беті,
жердің беті т. б. [16, 685 б]
2.Тұрақты метафора. Тұрақты метафоралар жалпы халық
тілінде қолданылатын, бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен
ерекшеленетін ауыспалы мағыналы сөздер. Мысалы сары алтын (бидай),
қара алтын (көмір), ақ алтын (мақта), көгілдір экран (телевизор),
жасыл алаң (футбол) барқыт түн, алтын күз, сөз маржаны т.б.
3.Индивидуальдық метафора. Бұл топқа сөз шеберлерінің метафора
тәсілі арқылы қолданған көпшіліктің қолданысында жоқ метафоралар енеді.
Мысалы:
Жаксылық жауып,
Дүниені мынау селе етсе,
Жауыздықтардың,
Жамандықтардың барлығына,
Көрге алып кетем керексе.
(М. Мақатаев).
Сыпайы тұспалмен бастап, шыншыл бір тың сөздермен мұң төкті. ( М.
Әуезов). "Асаркөл" жолына бұрылған соң, бос жатқан даланың Шаяхмет айтқан
көріністері барлық жазғы бояуларымен көз алдына төселе кетті. (Ғ.
Мүсірепов).
Бұл мысалдардағы жақсылық жауын, мұң төкті. Көріністері төселе
кетті деген метафоралар акын, жазушылардың жеке қолданысындағы
стильдік өзгешелікті көрсететін суреттеу құралы болып қала береді. Бұндай
индивидуальдық метафоралар лексикалық мағына беретін сөз ретінде
қаралмайды, түсіндірме сөздікке енбейді. Тек жеке реңк пайда беретін құрал
болып қала береді.
Күрделі метафоралар жасаудағы мақсат- сөзді құбылту арқылы ұғымды
тереңдету; ой бейнесін үстемелей, өсіре келе оның әсерін күшейту
[17, 155 б]
Қ. Жұмалиевтің пікірінше метафораның ұлғайған түрін өзара үшке
бөледі. Бірінші түрі, бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы, екінші
түрі бір нәрсені екінші нәрсеге баламастан бұрын оның артықшылық, ерекше
қасиеттерін троптың басқа түрлері, көбіне эпитеттің көмегі арқылы
суреттеп, көзге елестетіп, балау арқылы жасалады. Ұлғайған метафораның
үшінші түрінде бір нәрсе бірнеше нәрсеге суреттеліп, баланады.[13, 311 б]
Поэтикалық метафора атайтын объектісінің тура атауы емес, тек бейнелі
немесе ауыспалы атауы болып табылады. Поэтикалық метафора тура және
ауыспалы мағынаның бір уакытта қатар өмір сүруінің нәтижесінде дүниеге
келеді. Осы екі атаудың теңдей дәрежеде өмір сүруі метафораның өз
поэтикалык мақсатына жетуіне және танымдық құңдылыққа ие болуына мүмкіндік
береді. Поэтикалык метафора адамды күтпеген кездейсоқтық пен жұмбақтар
әлеміне жетелейді.
Поэтикалық метафоралардың мүмкіндігі шексіз. Ақын өз ойын бейнелі,
әсерлі ету үшін кез келген сөздің лексикалық мағынасын өз ойындағы ұғым
түсінікке сәйкес метафоралық мағына айналдыра алады. Көркем шығармаларда
қолданылған метафоралар поэтикалық, бейнелік қызмет қана атқармайды.
Мәселен, мына сөйлемдердегі метафоралардың ойды анық, дәл жеткізу қызметі
де байқалады.
Ал қазір Бату да қара бүркіт тағдырға ештеңе де істей алмай, бордай
опырылып, күйреп қалған. (І. Есенберлин); Әлде тіршілік шіркінді қия
алмай, қасірет мухитынан өтетін жол таба алмай, құр жүдеп отыра береме?
(І. Есенберлин) [17,168 б ]
Құбылыстар мен затардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада
қолданылуы метафора. Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика,
логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика )
ғылымдары зерттейді.
Метафораның табиғатында жұмбақтылық бар (Аристотель) Сөз өнерінде
метафораның символик, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі
жастықтың оты, жүректің көзі, деген метафоралармен қатар дәстүрлі
қолданыстағы метафоралар кездеседі : жан азығы, табиғат – ана, өмір -
өзен, асау толқын т.б. Ойды әсерлі жеткізу үшін метафора қолданылады.
Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып немесе
Қасқа бұлақ қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін? (М.
Мақатаев) Ол мақал – мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде
жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас
жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер
жақындығын көрсету басым. Көбіне оның екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі
емеурінмен білдіріледі. Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от,
лаулап жанар аспанға өрлей (Мағжан). Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана
салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет
етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоционалды –
экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, көңіл көкжиегі,
жан айғайы, ғасыр перзенті, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай
жеке және қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді.

1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі теңеудің қолданылуы

Теңеулер әр елдің өзінің салт - дәстүріне, мәдениетіне, тұрмыс-
тіршілігіне, көзқарасына сезімдері мен сенімдеріне байланысты
қалыптасады.
Ағылшын тіліндегі теңеулер негізінен теңеу жасайтын элементтер арқылы
құрылады. Олар мыналар: like, as, such as, as if, seem, as though, as
like, as...as, т.б.
"The intensification of some feature of the concept in question is
realized in a device called simile. Ordinary comparison and simile must
not be confused. They represented two diverse processes. Comparison means
weighing two objects belonging to one class of things with the purpose of
establishing the degree of their sameness or difference. To use a simile
is to characterize one object by bringing it into contact with another
object belonging to an entirely different class of things. Comparison
takes into consideration all the properties of the two objects, stressing
the one that is compared. Simile excluded all the properties of the two
objects expect one which is made common to them. [1, р 164]
Ағылшын тілінде теңеулі сөйлем мен жай сын есімі бар сөйлем екеуінің
құрылым жағынан ажырату күрделі. Сондықтан да жай салыстыру мен теңеу
шатастырылмауы қажет. Салыстыру бір класқа жататын екі заттың ұқсастығын
немесе әртүрлілігінің салмақтығын өлшеу мағынасын береді. Ал теңеу болса,
бір затты әсерлеу үшін оны басқа бір класқа жататын өзге бір затпен
салыстырып, теңейді. Салыстыру екі заттың барлық қасиетіне салыстырылып
отырған затқа екпін қоя отырып қарастырады. Ал теңеу екі затқа ортақ
болған белгіден басқа барлық қасиетін қарастырады. Мысалы: Тhе bоу seems
tо bе as clever as his mother.- Бала өзінің анасы сияқты ақылды болып
көрінеді , бұл сөйлем құрылымы жағынан теңеуі бар сөйлемге ұқсас, бірақ
бұл жай ғана салыстыру. Өйткені бала да, ана да заттың бір ғана адамзат
типіне жатады. Және де ұқсастықты табуда тек сапасына екпін түсірілген.
Бірақ мына мысалда, Maidens, like moths, are ever caught by glare.
Бұл таза теңеу, өйткені “Maidens” қыздар және “Moths” көбелектер
әртүрлі класқа жатады, сондықтан Байрон сөйлемді тартымды, әрі әсерлі ету
үшін (Maiden) қыз теңеу концептісінен (Moth) көбелектен тауып отыр.
Similes forcibly set one object against another regardless of the fact
that they may be completely alien to each other. And without our being
aware of it, the simile gives rise to a new understanding of the object
characterizing as well as of the object characterized.[18,р 494]
Яғни теңеу бір затты екінші бір затқа, олардың толық жат екеніне
қарамастан бір-біріне күштеп сипатталады. Және ол туралы біздін қанша
толық, жақсы білгенімізбен, теңеу ол заттың сипаттауының жаңа бір қырынан
әсерлеп, бейнелеп береді.
Заттың жекеменшігі әртүрлі көзқарастармен көрінуі мүмкін, мысалы:
өзінің іс-әрекетімен, өзінің орнымен, мінез-құлқымен т.с.с. Ағылшын
тілінде теңеу сын есімді толықтауышпен, пысықтауышпен, етістікті
баяндауышпен және басқа сөйлем мүшелерімен қүрылуы мүмкін. Осы теңеулерді
көрсеткен көптеген ағылшын тілінде жазылған шығармалардан алынған
стилистикалық құрылымдарды қарастырып көрейік.
“His mind was restless but it worked persely and thoughts jerked through
his brain like the misfiring of a defective carburettor” (S. Maugham)
Өзінің қолданысымен бұл теңеудің құрылымы өте қызық. Оны тексеріп
қарастырып керейік. jerked (итеру, бірден тарту) thoughts (ой, ақыл)
сөзімен тіркесіп метафора кұрайды. Оны like the misfiring of a defective
carburettor (бұзылған карбюратордьң сым-тетіктері сияқты) сөз тіркесі
теңеу етеді, ал бұндағы to jerk сөзі өзінің тура логикалық мағынасында
тұр. Бір сөзбен айтқанда, оның іс-қимылы теңеу мағыналары арқылы
суреттелді. Келесі мысал:
“It was that moment of the year when the countryside seems to faint
from its own loveliness, from the intoxication pof its scents and sounds”
Жартысы метафорадан тұратын бұл теңеулі сөйлем. Егер seems кұрылымдық
сөзі болмағанда, біз оны метафора дер едік. Шынында да, егер біз seems
сөзін тастап, the countryide to faint from. деп айтсақ, онда басты сөз
faintі (есінен тану) метафораға айналар еді. Бірақ “seems” сөзі әлсіз,
жабырқау, іс-әрекетсіздік түсінігінен өзгеше тұрады. faint сөзі арқылы
екінші мүше, адамзат мағынасы ойға келтірілсе ғана, ол теңеу болады.
Теңеу құрайтын sеет және as if элементтерінің семантикалық табиғатының
ұқсастығы бір-бірінен алыстау беріледі. lіке және аs
байланыстырушылары да әртүрлі. Бұлар категориялық және іс-әрекетте екі
заттың ортасындағы ұқсастықты тіпті ашық негіздейді.
Кейде теңеу кұраушы lіке элементі өзіне қоса отырып сөз тіркесінің
соңында орналасады және жартылай суффикс болады, мысалы:
Emily Barton was very pink, very Dresden- china- shepherdess.
Жай образды тілде, ол келесі қалыпты алар еді: Emily Barton was very
pink, and looked like a Dresden-china- shepherdness. [1, р 165]
Ағылшын және қазақ тілдерінде тұрақты теңеулерде аз емес. Мәселен,
Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы теңеулер: Қаз.:
Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы; Ағыл.: a memory like an
elephant (сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау қабілеті жоғары, as
blunt as a hummer (сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни топас, т.б
Адамның жағдай күйіне байланысты теңеулер: Қаз.: Сең соққан балықтай,
жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай ала сұрды; Ағыл.: as miserable as
a bandicoot- (қалталы көртышқандай)- бақытсыз, аянышты, as still as a
mouse-Тышқандай жасырынып тұру т.б
Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы теңеулер:Қаз.: қырмызыдай ажарлы, ақ
маралдай әдемі; Ағылш.: as fair as a lily,-лилия гүліндей сұлу, pale as
death- өліктей бозарған т.б.
Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы теңеулер: Қаз.: түлкі қуған
тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру; Ағыл.: as thick as thieves
(бір- біріне ұрылардай жақын болу)- жан дос, айырылмас дос, to live like
cat and dog- мысық пен иттей өмір сүру.
Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы теңеулер: Қаз.: найза үстінде
отырғандай, тышқан алған мысықтай; Ағыл.: to shake quake tremble like an
aspen leaf-көк теректің жапырағындай қалтырау, to sit on a powder keg- оқ-
дәріге толы бөшкенің (күбінің) үстінде отырғандай.
Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы теңеулер:
Қаз.: жыландай жек көру, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау; ағыл.: hate
smb like poison- біреуді удай жек көру, flieng smb aside like an old boot
- біреуді қажеті жоқ ескі аяқ киімдей лақтырып тастау,яғни пайдаланып
алғаннан кейін өзінен алыстату, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының бейнеленуі
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Шыңғыс Айтматов
Ш.Айтматов шығармашылығы
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Т. Ахтанов прозасындағы қаһарманның адамгершілік әлемі
ҚАЛАМ ҚҰДІРЕТІ
Көркем аударма ерекшеліктері.Көркем аударма міндеттері. Аудармашыға қойылатын талаптар, аудармашы қызметі
Жәңгір ханның немересі
Пәндер