Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

1 Пәндерді оқытуда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмысты орындауының психологиялық-педагогикалық сипаты . . . 7

1. 2 Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптар . . . 14

1. 3 Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселелері . . . 21

2 Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі

2. 1 Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың шарттары, көрсеткіштері . . . 37

2. 2 Студенттердің этнопедагогика пәнінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі . . . 50

2. 3 Студенттердің этнопедагогика пәнінде өзіндік жұмыс жасауға арналған сабақ жоспарларының үлгілері мен педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83

ҚОСЫМША . . . 87

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХІ ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі ең алдымен халқымыздың білімі мен біліктілігін арттыруды көздейді. Биылғы 2010 жылдың 29 қаңтарындағы кезекті халыққа Жолдауында еліміздегі білім беру жүйесін одан дамыту міндеттері жүктелді[1] . Қазақстанда білім беру саясатының негізгі принциптері ҚР «Білім туралы» Заңында (15. 08. 2007), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында белгіленген.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту жағдайларында қолдануға болатын жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр[2] .

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген[3] .

Студенттерді ұлттық тәрбиеге кәсіби даярлаудағы пәндердің негізін этнопедагогика пәні құрайды. Этнопедагогика пәнінің жалпы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі, оның саласы, ол қазақ этнофилософиясының, этносаясатының, этномәдениетінің, этногафиясының, этнос теориясының, фольклористикасының, этнопсихологиясының, этнопедагогика тарихының тоғысуы арқылы педагогика ғылымының аясында қалыптасқан, біртұтас жүйелі этнопедагогикалық білім беретін оқу пәні. Оның өз пәні - қазақтың ұлттық тәрбие үдерісі деп түсінеміз.

Қазақ этнопедагогикасы ғылымы мен оқу пәнінің әдіснамалық, теориялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін жасаушылар: этнофилософтар - Қ. Б. Бейсембиев, Н. Сәрсенбаев, С. А. Қасымжанова, Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, Ғ. Есімов т. б., этнографтар - Х. Арғынбаев, Ж. Артықбаев, С. Мұқанов, А. Әбдрахманов, Ю. В. Бромлей т. б., тарихшылар - С. Д. Асфендияров, Г. Н. Гумилев, М. Қозыбаев, М. Мұқанов, М. Қойгелдиев т. б., этномәдениеттанушылар - А. Сейдімбек, А. Жұбанов, Б. Ерзакович, С. Ақатай, Ә. Хасенов т. б., этносаясаттанушылар - Қ. Көшербаев, М. Тәжин, М. Тәтімов, этнопсихологтар - Ж. Аймауытов, Қ. Жарықбаев, Н. Елікбаев, Т. Сәрсенбаев, этнопедагогтар - Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Р. Төлеубекова, З. Әбілова, С. Қалиев т. б. ғалымдар болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үдерісін жетілдіру, әсіресе студенттің өзіндік жұмысы мен ізденімпаздығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріліп отыр.

Оқу үдерісін жетілдіру және студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғалым педагогтардың (Я. А. Каменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, М. Жұмабаев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Г. Қазмағамбетов т. б. ) еңбектері арналған.

Оқу үдерісінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру, танымдық ізденімпаздықты дамыту мәселелері бойынша С. С. Смаиловтың, А. Ғ. Әбілқасымованың, Р. С. Омарованың, Т. И. Шамованың, Т. С. Сабыровтың, т. б. зерттеулері бар.

Дегенмен, жоғарыда айтылған еңбектерді теориялық тұрғыдан талдау зерттеліп отырған проблеманың ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан әлі де болса шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді. Қазіргі таңда студенттердің пәндерді оқыту барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың қажеттілігі мен оны жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде тиімді қолданудың жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық анықталды. Осы мәселелердің шешімін табу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Студенттердің пәндерді оқыту барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  • оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін теориялық тұрғыдан қарастыру және оны қазіргі кезеңде жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау;
  • студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үдерісінің ерекшеліктерін анықтау;
  • оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмысының түрлерін және оған қойылатын талаптарды айқындап ұйымдастырудың шарттарын көрсету;
  • студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нақты әдістемесін көрсету;
  • студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру, қорытындылау.

Зерттеудің нысаны: Пәндерді оқыту барысындағы студенттердің өзіндік жұмыс жасау үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де университет қабырғасында студенттердің өзіндік жұмыстарының тұлғалық, жүйелі құрылымдық негізінде теориялық-әдістемелік тұрғыда жаңартылған жүйесі құрылып, олардың субъект ретіндегі дербес мүмкіндіктері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ерекшеліктері оқу үдерісінде көрініс тауып, өзіндік жұмыс жасау ғылыми негізде ұйымдастырылса, онда студенттердің оқу-танымдық белсенділіктері, білімі мен біліктілігі артып, заман талабына сай жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндіктер туындап, танымдық дербестігі жоғарылап, кәсіби шығармашылығы мен ізденімпаздылық деңгейі көтеріледі.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясының бағдарламасы, Елбасының халыққа Жолдаулары, зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтар мен педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар; ҚР Үкіметінің білім беруді дамытуға бағытталған заңдары мен қаулылары, тұжырымдамалары мен бағдарламалары, зерттеу мәселесіне қатысты оқу-әдістемелік құралдар, педагогикалық озық іс-тәжірибелер, автордың орындаған педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік талдау жасау, жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін бақылау, озат тәжірибелерді меңгеру, сараптау, тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптау және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Университет қабырғасындағы студенттердің өзіндік жұмыс жасау ерекшеліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген анықтамалар бір жүйеге келтірілді және ұғымның мәні мен мазмұны ашылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Студенттерге этнопедагогика пәнін оқыту барысында өзіндік жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың және ұйымдастырудың әдістемесі жасалды.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

  • студенттердің өзіндік жұмысының ғылыми-педагогикалық негізі;
  • студенттердің өзіндік жұмысының түрлері мен оған қойылатын шарттар;
  • студенттердің өзіндік белсенділігін дамытуда этнопедагогика пәнін оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі;
  • студенттерге этнопедагогика пәнін оқытуда өзіндік жұмыстарды қолданудың тәжірибелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Диссертациялық жұмыстың теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу жұмысы мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестігі, әдістемелік жұмыстардың жоспарлығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері, көздері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.

Зерттеудің «Пәндерді оқытуда студенттердің өзіндік жұмысты жасаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен зерттеулерге талдау жасау, студенттердің өзіндік жұмысының түрлері мен оған қойылатын талаптар қарастырылып, оқыту үдерісінде студенттердің жеке жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері анықталды.

Зерттеудің «Пәндерді оқыту барысында студенттердің этнопедагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары» тақырыбындағы екінші бөлімінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары анықталып, оны этнопедагогика пәнінде қолданудың әдістемесі тәжірибелік зерттеу жұмыстары арқылы көрсетілді.

Қорытындыда студенттердің жетілуіндегі өзіндік жұмыстардың маңыздылығы талқыланып, зерттеудің перспективалары көрсетілді.

1 Пәндерді оқытуда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмысты орындауда психологиялық-педагогикалық мәселелері

Қазіргі қоғам сұранысына сәйкес болашақ мамандардың жоғары практикалық кәсіби және әлеуметтік дайындығына үлкен мән беріледі. Сол себепті де жоғары кәсіби білім стандартында олардың дайындық нәтижесі құзырлық дәрежесімен бағаланады. Жалпы педагогикалық тұрғыдан алғанда «құзіреттілік» ұғымы - түлектердің жоғары практикалық кәсіби және әлеуметтік дайындығының еңбек нарығының сұраныс талаптарына сай бағалануы» деп түсіндіріледі [4] . Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыруды маманның пәндердегі кәсіби-қатысымдық құзіреттілігін қалыпастыру деп танимыз. Бұл ретте «пәнге кәсіби-қатысымдық құзіреттілік» пәндерді білумен шектелмейді. Осы ұғым аясына маман бойындағы жеке тұлғалық қасиеттердің даму нәтижесі, мысалы, олардың қатысымдық-танымдық белсенділігі мен дербестігі, пәнді игерудегі интеллектуалдылығы, өзінің мамандығы бойынша білімі мен біліктілігін өмір бойы жетілдіру т. б. енеді.

Көпшілік педагог-ғалымдар, психологтар, әдіскер зерттеушілердің пікірінше, осындай білім нәтижесінде студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) іске асыру арқылы қол жеткізуге болады. Көрнекті педагог Я. А. Коменский білім алушының өзінің талпынысы, қызығушылығы мен ізденісі оның оқуының негізгі түрткісі екендігін анықтап берген[5] .

Ю. К. Бабанский[6], В. А. Сластениннің [7] анықтауларынша өзіндік оқу жұмысы - барлық құрылымның құрамаларында: мәселені қоюдан бақылауды, өзін-өзі бақылауды және түзетуді, қарапайым жұмыстың түрлерінен күрделірегіне, іздену сипатындағы болатын студенттің өзбетіндік нақты деңгейінің болуын талап ететін оқу іс-әрекеті. Осы орайда М. Жұмабаев жас ұрпақтың білімге деген талпынысын өзіндік білім алуынан байқауға болатындығын тілге тірек етеді [8] . Ал М. Н. Скаткин болса бұл студенттердің танымдық қабілеттерін қалыптастыратын, оларды үздіксіз өз бетімен білім алуға бағыттайтын құрал деп атап көрсетті[9] .

Көптеген еліміздегі ғалым-педагогтар А. Г. Қазмағамбетов[10], С. С. Смаилов[11], Р. С. Омарова[12], О. Салимбаев[13], Г. И. Туретаева [14] т. б. әрбір маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отыратындығын айта келе, студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланатындығын айқындайды. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуі тиіс. Олар студенттерде ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасатындығын дәлелдейді. Өзіндік жұмыс дегеніміз - оқытушының тапсырмасы оның әдістемелік жетекшілігімен, бірақ қатысынсыз орындалатын студенттердің жоспарлы жұмысы [15] .

Білік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы тез, дәл саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Студенттердің өзіндік жұмысын, біліктерін дамыту, арттыру мәселелері В. А. Козаков[16], Б. Г. Ананьев[17], Л. С. Выготский[18] еңбектерінде қарастырылған. Білік дағдылы емес өзгертілген жағдайларда да жаттығулар жолымен әрекеттерді орындаудың мүмкіндігін жасайды.

XX ғасырдың ортасына таман өзіндік оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер Д. Б. Эльконин[19], В. В. Давыдов[20], В. Ляудис[21], П. Я. Гальперин[22], Н. Ф. Талызина [23] т. б. сынды ғалымдар оқу теориясында жаңа проблема көтерді. Ғалым-педагогтар зерттеулерінде дәстүрлі сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі терең әрі нақты қарастырылған болса, студенттің өзіндік жұмыс жасау проблемасы педагогика ғылымын әлі де толғандыруда. Ғалымдардың зертеулерінде студенттердің өзіндік жұмысы келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, кәсіби қарым-қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үдерісі, студенттің өз бетінше жасайтын іс-әрекеті, дербес әрекеттің сипаты және студент қабілетінің көріну формасы, оқу үдерісінің негізі, студенттің өз бетімен білім алуға дайындалудың жолы ретінде сипатталады.

Л. Т. Жаныбекова[24], А. Е. Абылкасымова[25], С. С. Смайлов[26], Г. М. Коджаспирова[27], М. Г Гарунов[28], П. И. Пидкасистый[28] еңбектерінде cтуденттердің өзіндік жұмысы өзінің мәні жағынан, оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылады. Психологиялық-педагогикалық жағынан ол мынадай сипатта қарастырылады:

  • студенттердің өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін интеллектуалды қабілеті мен дағдысы;
  • студенттің өз күшімен білім игеруге ұмтылуы, қабілеті, дайындығы;

- жеке тұлғаның өз күшімен білімді және іс-әрекет жолын игеру
ұмтылысында көрінетін қасиеті;

- индивидтің өз күшімен өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны жаңа танымдық проблеманы шешуге пайдалану қабілетін туғызатын жеке тұлға қасиеті;

- оқу тапсырмасының ерекше түрі.

Осылайша ол дидактикалық құбылыс ретінде екі жақты сапаға ие болады: студенттің оқу тапсырмасын орындау барысында көрінетін шығармашылық елестету, ойлау, еске сақтау әрекетіне сай көрінетін форма. Ол, сайып келгенде, студенттің өзіне бұрыннан таныс емес жаңа білім алуына немесе бұрын игерілген білімін кеңейту мен тереңдетуге әкеледі.

Б. Г. Иоганзен студенттердің университет қабырғасындағы дербес іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқытушының тапсырмасымен, бірақ оның тікелей қатынасынсыз орындалған іс-әрекет түрі деп көрсетеді[29] .

Өзіндік оқу іс-әрекеті туралы мәселе тамыры антикалық кезеңге кетеді.

Ежелгі Рим философтарының трактаттарында жас түлектердің өзіндік іс-әрекеті, дербестігі, білім игеруде ерекше орын алатындығы туралы ойлар мазмұндалады. Жастардың өзіндік танымдылығы А. А. Коменскийдің, сонан кейін И. Г. Песталоцци және А. Дистервегтің еңбектерінде оқытуды белсенді ету құралы ретінде тереңдетіле түсіндіріледі. Қ. Бөлеевтің есептеуінше, жастардың оқу үдерісіндегі дербестігі олардың ақыл-ой қабілеті дамуының маңызды құралы болып табылады [30] .

Оқу үдерісіндегі студенттердің өзіндік танымына сүйену маңыздылығы туралы ойлар Н. Г. Чернышевскийдің еңбектерінде де айтылады. Олардың ойлау дербестігін жандандыратын оқыту әдістемесі К. Д. Ушинский еңбегінде терең ашылды. Ол шын мәнінде білімді адам болудың өз бетінше оқып үйрену арқылы игерілуі тиіс екендігін көрсеткен [31] .

1960-жылдары өзіндік жұмыс туралы белгілі бір тапсырмаларды оқытушының тікелей қатысынсыз сабақта немесе танымдық күші мен қабілетін дамыту, білім сапасын көтеру мақсатында үйде орындау деген түсінік қалыптасты. Кейінгі зерттеулерде бұл мәселе кең қаралып, өзіндік жұмыстар туралы терең түсініктер берілді. Осыған сәйкес өзіндік жұмыс дидактикалық құбылыс ретінде қаралды, ол оқу тапсырмасы ретінде де, еске сақтау іс-әрекетіне сай көрінетін форма ретінде де, тапсырманы орындау барысындағы ойлау, сондай-ақ жастардың өзіндік іс-әрекетін басқару мен ұйымдастырудың арнайы педагогикалық құралы ретінде де сипатталады.

В. А. Козаков өз еңбегінде И. Канарскийдің 1936 жылы бірінші курсқа қабылданған студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығының нашарлығын айтқан болатын [32] . Бұл пікірден туындайтын тұжырым мынадай: ЖОО-да студенттер 1 курстан бастап өзіндік жұмыстарды еркін орындауы үшін бұл жұмыстарды мектеп қабырғасынан бастаған жөн деп көрсетілген[33] .

П. И. Пидкасистый қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылатындығын анықтап көрсетті[34] .

Дәрістер мен сабақтарда оқытудың әр түрлі технологияларын қолдануға болатындығы дәлелденуде. Әсіресе, оқытудың компьютерлік технологиясын, бағдарламалап оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, оқытудың ынтымақтастық технологиясын т. б. қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин) пікірінше, бұл технология - жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. А. К. Осницкий оның нәтижесінде әр білім алушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады деп тұжырымдайды [35] . Ал Қ. Жарықбаев өзіндік жұмыстың кейбір психологиялық жақтарын қарастырып, оның өзіндік білім алудағы негізгі күш екендігін айқындайды[36] .

Студенттердің өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікір айтылады, мәселен, оның дербес жұмыстарды ұйымдастырудағы басты өлшем екендігі көрсетіледі[37] .

Студенттердің таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, сол арқылы олардың дербестігін, ең алдымен белсенділігін арттырады. Дегенмен, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым болып табылады [38] .

Қазіргі заманда, азаматтық қоғамда өмір сүріп, оның даму жолдарында еңбек ету үшін, кажырлы, алдына бір мақсаттар меңзеп, оларды орындауға ат салыса отырып, жаңалықтарға құштар, білімді, өз қылықтары мен іс-әрекеттері үшін жауап бере алатын, қиыншылықтардан қорықпай, біреудің көлеңкесіне тығылмайтын, белсенді, парасатты, жаңалықтарға құштар, әлеуметтік өмірдегі барлық құбылыстарды сараптап, баға беріп өмір бойы даму, іздену үстіндегі адамдар қоғамға, оның әлеуметтік дамуына, өркениетті елдер қатарында өмір сүру үшін өте қажет. Педагогика ғылымында осындай қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру, соған тәрбиелеу, студент жастардың дербес даралығын, белсенділігін қалыптастырып, өз бетімен өмір сүре білуге дайындау деп атайды[39] .

Студенттердің белсенділіктерін, өзіне деген сенімін бойларына қалыптастыратын, бір де бір жолдардың бірі - студенттердің өз бетімен атқаратын өзіндік жұмысы болып табылады. Осыған сәйкес, өзіндік жұмысты ұйымдастыру жолында кездесетін мәселелерді бізге дейін де талай педагог ғалымдар көрсетіп кеткендігі де белгілі.

М. С. Ахметова өз еңбектерінде педагогиканың ең негізгі саласының бірі - өз бетімен білім алуға баулу және онсыз жақсы оқыту мүмкін емес екендігін айқындай түседі[40] . Ол - студенттерді бірыңғай тежей беруден бас тарту керектігін, оларға басшылық жасауда студент жастардың белсенділіктерін басып тастамауы қажет екендігін жазған. Сондай-ақ, К. Д. Ушинский[41], В. А. Сухомлинский[42], А. С. Макаренко[43] т. б. педагог ғалымдар оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында студенттердің өздерінің атқаратын рөлдеріне баса көңіл бөліп, оларды жүзеге асыру жолдарының селқос, немқұрайлы болуын қатты сынға алған болатын.

Кеңес өкіметі заманында оқу-тәрбие үдерісіндегі студент белсенділігі деген ұғым өзінің негізгі мазмұнынан біршама ауытқып, оның қанатын кең жайып кетуге құқық аз берілді. Ел-жұрттың ішінен өз идеясымен дараланып шыққан жеке тұлға белсенділігі сол кездегі қоғамдық ұстанымдағы моральдарға сәйкес келмейтін деген желеумен жеке тұлғаларды ығыстыру, олардың еңбектерін мойындамау да орын алғандығы да белгілі.

Ал, қазір егеменді елімізде адамның жеке басының дамуына, өз бетімен білімін көтеруге, бүкіл дүниежүзі жаңалықтарын игеруге барлық жағдайлар бар. Барлық әлемнің білім байлығы адам игілігі үшін қызмет атқаруда. Сондықтан да, студент жастардың бойына белсенділік, жаңалыққа, білімге құштарлық, соған ұмтылатын, жалықпай ізденетін, интеллектуальдық адами қасиеттерді қалыптастыру қажет. Осыған байланысты айтылған кез-келген білімді, тәжірибелі ұстаз пікірі болашақ өмірмен ұштасып жатқандай көрінеді.

М. Н. Скаткин студенттерді тек қана білім мен білгірлік жүйесімен қамтамасыз ету аз, сонымен қатар олардың білімге, жаңалыққа құштар болуын, ұмтылысын арттыру қажет, бұның өзі жан-жақты дамыған адамның жеке басы үшін өте маңызды екендігін анық көрсете келе, тек сонда ғана студент жастардың оқу еңбегіне деген көзқарасы өзгереді, оқуға, білімге, жаңалыққа өздері ұмтылатындығын дәлелдейді[44] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Ана тілі Математика пәндері
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Кәсіби оқыту
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары және оқыту процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz