Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институттының Хабаршасына жарияланған мақалалар



1 АҚПАРАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ
2 ЖАҢАШЫЛ ЖАС ҰРПАҚҚА ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘНІ
3 КИІМДІ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4 САПАЛЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
5 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
6 КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
7 СОВРЕМЕННЫЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
8 СӘНДІК ҚОЛӨНЕРДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МӘНІ
9 ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСІ
10 ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСІ
11 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕҢБЕГІНЕ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
12 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРКЕМ ТӘРБИЕДЕГІ ОРНЫ
Ақпараттылық технология терминін алғаш рет В. М. Глушков енгізді. Ол ақпаратты өңдеу (қайта өңдеу) процесімен байланысты деп анықтаған. Ал ғалымдардың анықтауы бойынша “Ақпараттық технологияны оқыту” түсінігі былайша түсіндіріледі: оқытуда компьютерді және аудиовизиуалды құралдарды дидактикалық материалдарды, жаңа педагогикалық нәтижелерге жетуге бағыттау; оқыту мерзімін қысқарту, интенсификациялау және оқу тәрбие процесіндегі дердестік; оқыту-танымдық шығармашылығындағы белсенділік және оқушылардың интеллектуалдық даму қабілеттілігі; сонымен қатар пәнді терең түсіну жетістігі және т. б.”
Біздің зерттеуіміздегі оқушыларды оқытуда ақпараттылық технологияны қолдану үшін, біздің ойымызша, “Ақпараттылық технология” және “Ақпараттылық технологияны оқыту” ұғымын мақсатқа сәйкес орынды қолдануымыз керек.
Ақпараттылық және компьютерлік технологияны оқуда және тәрбиеде адам қабілетінің дамуына оның ақыл-ойының, барлық танымдық үрдістердегі негізгі біртұтас құралы болып табылады. С.И.Архангельский әділ түрде былайша белгілеген: Оқытуда автоматтанған техниканы пайдалану “оқушыларды интеллектуалды еңбектен босату емес, ал бұл еңбекті әлдеқайда жоғарғы сатыдағы шығармашылық қызметте ойлауға, автоматталған техникалық құралдарды пайдалану сапасын күшейтуге қолдану”.
1. Баймуханов Б., Караев Ж.А., Тульбасова Б. Дидактические особенности использования информационных технологий обучения. Высшая школа Казахстана, № 6, 2000.
2. Шкутина Л. А. Интеграция педагогических и информационных технологий в профессиональном образовании. Киров: ВГПУ, 2001.
3. Архангельский С. И. Лекции по научной организации учебного процесса в высшей школе. М, ”Высшая школа” 1976.
4. Федотова Л.Н. Массовая информация стратегия производства и тактика потребления. М, МГУ, 1996.
5. Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.
6. Cолодовиченко Л. Н. Дидактические основы композиционного компьютерно – графического моделирования в подготовке студентов. Караганда, 2001.
7. Бөлеев Қ. Болашақ мүғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. Алматы., 2000.
8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан халқына жолдауы». Егемен Қазақстан 7 ақпан. бейсенбі 2008ж.
9. Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. -Алматы 1987ж.
10. Ш. Байділдаұлы. «Қазақтың ою-өрнектері».
11. Қ. Әмірғазин. «Қазақ қолөнері». -Алматы 1994ж.
12. С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері». -Алматы 1994ж.
13. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
14. “Технология” журналы
15. “Қазақстан мектебі” журналы.
16. Қазақ Совет энциклопедиясы.
17. 1. Х. Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері» - Алматы, «Өнер» 1987 ж.
18. 2. М.С. Муканов Казахские домашние художественные ремесло Издательсттво «Казахстан» Алма-Ата 1979 г.
19. Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы.
20. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Ғылым, 1990.
21. Бейсембаева З. Өзіндік жұмыс-кәсіби біліктілік көзі //Қазақстан мектебі, 2003, №9 14-15б.
22. 1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030. Білім баспасы,1998 ж.
23. 2. Тхоржевский Д.А. Гетта В.Г. Внедрение проблемного обучения на уроках труда // Школа и производство. -1997. -№4. – 6-10с.
24. 3. Гетте В.Г. Профессионально-педагогическая технология обучения в профессиональных учебных заведениях. - СПб, 1995.-46с.
25. 4. Фридман Л.М. Маху В.И. Проблемная организация учебного процесса /Методическая разработка. – М., 1990. – 234с.
26. 5. Шырынбаева Г.Қ «Қазақ халқының қолөнері». Оқулық. А- 2004 ж.
27. Қаленов О.Б. Қазақ мектебі – ауыл өмірінің айнасы //Ауыл мектебі дамуы болашағы .Конференция материалдары Алматы 2002.
28. Құдышева Б. Формирование профессионально ценностных ориентаций старшеклассников основной общеобразовательной школы // Кан. дис.-Алматы – 1996. с125.
29. Педагогика. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы «Нұрлы әлем» 2003.
30. Профессиональная ориентация старших школьников в процессе трудового обучения /Под ред.. Полякова В.А: - М, 1972/.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 154 бет
Таңдаулыға:   
АҚПАРАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ

Абдурахманова Г. А. оқытушы,
Оразамбетова Н.Б. (Алматы қ., Қазмемқызпи)

Ақпараттылық технология терминін алғаш рет В. М. Глушков енгізді. Ол
ақпаратты өңдеу (қайта өңдеу) процесімен байланысты деп анықтаған. Ал
ғалымдардың анықтауы бойынша “Ақпараттық технологияны оқыту” түсінігі
былайша түсіндіріледі: оқытуда компьютерді және аудиовизиуалды құралдарды
дидактикалық материалдарды, жаңа педагогикалық нәтижелерге жетуге бағыттау;
оқыту мерзімін қысқарту, интенсификациялау және оқу тәрбие процесіндегі
дердестік; оқыту-танымдық шығармашылығындағы белсенділік және оқушылардың
интеллектуалдық даму қабілеттілігі; сонымен қатар пәнді терең түсіну
жетістігі және т. б.”
Біздің зерттеуіміздегі оқушыларды оқытуда ақпараттылық технологияны
қолдану үшін, біздің ойымызша, “Ақпараттылық технология” және “Ақпараттылық
технологияны оқыту” ұғымын мақсатқа сәйкес орынды қолдануымыз керек.
Ақпараттылық және компьютерлік технологияны оқуда және тәрбиеде адам
қабілетінің дамуына оның ақыл-ойының, барлық танымдық үрдістердегі негізгі
біртұтас құралы болып табылады. С.И.Архангельский әділ түрде былайша
белгілеген: Оқытуда автоматтанған техниканы пайдалану “оқушыларды
интеллектуалды еңбектен босату емес, ал бұл еңбекті әлдеқайда жоғарғы
сатыдағы шығармашылық қызметте ойлауға, автоматталған техникалық құралдарды
пайдалану сапасын күшейтуге қолдану”.
Білімділік технологиялары.
Білімділік қызмет ұйымын жүйелі түрде қамту: жалпы мақсаттық және
мазмұндық бағыттағы ұйымдасқан құрылым мен түрін, мемлекеттік бағдарламада
пайдалану және білім стандарттарында және біртұтас білім стандартының даму
стратегиясын қамтып көрсету, жоспарланған жалпы мақсаттар және олардың
нәтижелеріне байланысты, негізгі кезеңдер, білім мен тәрбие процесіндегі
тәсілдер мен ұйымдастыру түрлері, жоғарғы квалификациядағы мамандарды
даярлау бағытында болады.
Педагогикалық технология білім технологиясын іске асыруда әдістерді
қамтып көрсетеді. Оқу тәрбие процесінің жалпы ерекшелігін және өзіне тән
заңдылығын іске асыру процесін, өзіне әр түрлі арнайы технологияларды –
жаңа ақпараттылық технологияларды, электронды, полиграфиялық және т. б.
құрайды.
Оқыту технологиялары.
Оқыту технологиялары таңдалған педагогикалық технологияны және
анықталған пәнді, оның тақырыбын, сұрағын нақты ұғымға қарай игеру жолын
қамтиды.
Соңғы жылдары жаңа технологияның рөлі өмірде әлемдік қауымдастықта
өсті: барлық саладағы адам қызметі оның еңбектегі алып фактор ретінде
пайдалану интенсификациясы болып табылады. Материалдық базаның дамуында
ғана емес, кәзіргі заманға сай технологиялардың деңгейін интеллектуалды
қоғамда анықтау үшін, оны жаңа біліммен толықтыру, пайдалану, меңгеру үшін
аса қажетті.
Бұлардың барлығы еліміздегі білімнің даму деңгейі және білімді
ақпараттау мәселерімен тығыз байланысты. Қазақстан ғалымдарының
тұжырымдарындағы ақпараттылық технологияларды жеке аспекті ретінде
қолдануды қарастырады: комьютерлік технологияларды оқыту жағдайында
танымдық қызметінің белсенділігі ретінде ұсынады (Ж.А. Қараев).
Бүгінгі білім беру жүйесіне белгілі бірнеше ақпараттық технология
негізіндегі еңбектерді атап көрсетуге болады. Олардың бағыттары мынадай:
жоғарғы оқу орынындағы студенттердің оқу бағдарламасындағы дидактикалық
материалдарды енгізу және жасау (Г.Д.Ұрыстаева), ақпараттылық мәдені
сұрақтарды қалыптастыру (Д.М.Жусупалиева), кәсіби білімде ақпараттылық
технологияны пайдалану (В.В.Егоров, Г.С.Шрайманова, С.М.Ударцева,
Г.О.Тажигулова), орта кәсібі педагогикалық білім жүйесінде оқушылар
әрекетін зерттеу ақпараттылығы (Р.Ч.Бектурганова). Електрондық оқулықтарда
дидактикалық жағдайларды туғызу (Г.К.Нургалиев, А.И.Тажигулова),
студеннтерді оқытудағы дидактикалық ақпараттылық технология негіздері,
ақпараттылық технологиялары көркемдік-конструкторлық білімдердін,
бейімділік дағдыларын сәндік-қолданбалы өнер бойынша қалыптастыру.
Негізгі педагогикалық мақсаттардағы ақпараттылақ технологиялардың
ерекшеліктерін құрайтындар: оқушының шығармашылық дамудағы потенциялы, даму
қабілеттілігінің қимыл қатынасы, эксперименталды-зерттеу ісіндегі
білімділіктерін дамыту. Оқу-тәрбие процесіндегі барлық деңгейдегі сапасын
және тиімділігін күшейту: әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру, қазіргі
қоғамдағы ақпараттылыққа жағдай жасау (ақпарат және есептеу технологиясы
мамандарын дайындау саласында, ақпараттылық технологияларын және т.б.
пайдалану құралдарын даярлау). Жоғарғы мектептерде жаңа технологияларды
жоғарғы мүмкіншілікте пайдалану, тәрбие міндетінің шешілуі. А.К.Мынбаева
атап көрсеткендей, шынайы табиғи әлемдегі және адамзат қатынасында
өздігінше үздік шыққан әлемдегі, шынайы әлемді үздіксіз көмек берумен қатар
байыту.
Үздік әлемдік күш маңызды бола бастайды, қатынастағы өзгеріс солай
болғандықтан, өмірлік маңызы мен мақсатттары үздік әлемге айналады.
Үздік шыққан әлем – бұл ойымыз қиялымыз, кітабымыз, кино және т.б.
үздік әлем компьютеріне бірігуі, қосылуы “Педагогтардың үздік шыққан әлемді
мойындауы, олардың адамның кәсібі үшін” аса ерекше қажеттілікті анықтау.
Күрделі потенциалды білімді меңгеретің интернеттерді ақпараттылық қорды
мәдени және білім хабарлары бағытында тарату – бұл электронды кітапхана,
анықтауыштар, үздік мұражайлар т.б. Ғалымдардың мәлімдерінше, мәдени,
гуманитарлық ой–өрісін кеңейтуді интернетпен біріктіре, ұштастыру әлдеқайда
ұмытылыспен өтуде.
Сөзсіз түрде, интернет кең қөлемдегі артық хабарларды, қосымша
әдебиеттердің сапасын педагогикалық ұтымды қолдануды қамтамассыз етеді.
С.И.Архангельский бекіткендей, оқытудың сенімділігін көтеретін белгілі
бір, қолайлы, үйлесімді жағын, артық хабарларға енгізу болып табылады.
“Артық (ақпараттық) хабарды, есептерді терең ойлап шығаруға, пәнді кең
көлемде білуге және оқытылатын пәнді меңгеруді жылдамдатады”.
Негізгі (басты) технология негізі, педагогикалық және ақпараттылық
технологиялар интеграциясында негізі қаланды, автоматты оқыту жүйесі (АОЖ).
АОЖ – оқу–әдістемелік, ақпараттылық, математикалық және ЭВМ негізінде
техниканы функцианалды өзара байланысын жүйелі алуды қамтамассыз ету.
Оқу процессіндегі негізгі және көмекші функция бағытында кең көлемде
іске асыру. Оқытудағы бірізділік, өзіндік даму дағдысын қалыптастыру, өздік
жұмыстары, өздік зерттеу істері, өзіндік тексеру, өз еңбегінің нәтижелерін
қалыптастыру, жауаптылық және жалпы оқыту нәтижесін көтеруге әкеледі.
- автоматты тексеріс негізінде, ерекше мүмкіншілігі жақсы (тиімді)
әдістермен білімін бағалау, оқу процесі барысында, өз пікірінше
факторларды болғызбау, ақпараттарды (хабарларды) толық қабылдауға
мүмкіндік тұғызады.
- Психологиялық өсудің жүктемесі және ақылды жағдай бойынша бірізділеу,
мүмкіндігінше, білім қызметінде кез-келген оқыту жүйесі жергілікті
учаскесін рефлексті басқаруды өзіндік тексеру мүмкіндігі.
- Электронды қолдауыштың мазмұның өзгерту, маңызды материалдарды
шығынсыз және т.б. толықтыру мүмкіндігі.
Жаңа рухани, эстетикалық және тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын
танымдық эволюция анықтайды. Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс
сапасын толықтыруды қолдану, потенциалды ұштастыру жүйесін кеңейтеді, тұлға
– қоғам жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл жоспарда Ю. А. Левада әлеуметтік
ақпаратты көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша,
қоғамдағы жеке бастың қабылдау белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық
ақпаратты, іргелілік ақпараты, амалды ақпарат болып бөлінеді.

Құрылымдық ақпарат.

Социализация бастапқы сатыдағы дара (жеке) меңгеруді дәстүрлік қатынас
қоғамының көмегімен (отбасындағы жеке-аралық қатынас, шағын топтарда,
мектепте) өзіндік ядро құрылымдық жекелігін құрайды; сендіру, орнату,
құндылықтан хабары болу, білім ақпаратының қабылданған нақты түрімен
байланысы болу, біздің зерттеуімізде институттан тыс қарады.
Отбасындағы тәрбиенің негізгі құралы болып ана тілі саналады. Ана
тілі– дейді К.Д.Ушинский әділ, дәл анықтап - “балаға табиғатты
түсіндіреді, оны ешқандай жаратылыс зерттеушісі түсіндіре алмас еді:
қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқын, қоғаммен, ол тұрған ортаны, оның
тарихымен және оның талпыныстарын бірде-бір тарихшы, олай таныстырмас еді,
халық сенімін халықтық поэзияны бірде-бір эстетик енгізе алмас еді, осындай
ойлау ұғымын және пәлсапалық көзқарастарын, бірде-бір философ балаға
хабарлап айта алмас еді.” Ж.Ж.Наурызбай дәл белгілеп көрсеткендей,
адамдардың негізінен өз халқының мәдениетінен шеттеуі, өз ана тілін
білмеуі болып табылады, - деген.

Беріктік (іргелі) ақпарат.

Қоғамда адамды болашақта тұрақтылықты жарыққа шығаратын хабары болуы
тиіс, мамандыққа жекелей тарту, ғылымға, өнерге, адамның артықшылығына,
арнайы қатынас жолы арқылы және білімді қалыптастыру, жеке тұлғаның
мінезіндегі қызығушылығының қаншалықты өзектілігін, ақпараттың осы түрінен
қабылданған білім байланысын, біз институттың білімге қатысын қараймыз.
Біздің зерттеуімізде, этнокөркемдік білім, жоғарғы оқу орнының арнайы
тәртібінің мазмұнының жаңаруымен іске асады, мысалы: тарих өнері сияқты,
сәндік қолданбалы өнер, этнопедагогика, дизайн негізі, сонымен қатар өзі
өтетін қалаған пәнін алуға болады. Біздің зерттеуімізде тәртіп сапасы,
жартылай таңдау арнайы курсы Қазақстанның ою өнері жаңа технология
әдісімен және арнайы семинар алынған. Этнокөркемдік білім негізінде
студенттердің ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктері жоғары.

Амалды ақпарат.

Амалды ақпарат - әр тұлғаның моральдық этикалық, құқықтық, идеологиялық
және бүгінгі қоғамдағы басқа да ережелері: бұндай ақпараттық таратушы
ерекше канал болып массалық қатынас жолы саналады.
Берілген ақпарат түрі педагогикада салыстырмалы түрде жаңа пайда болу
көзқарасы медиа білім деп аталады. ”Медиа білім” ұғымының бірнеше
түсінігі бар. Атап айтқанда, педагогикаға бағыт, массалық қатынас
заңдылығын оқытқаны үшін алға басу” (радио, кино, видео және т. б.).
“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің
тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның
рөлі”, сонымен қатар кәсіби дайындық университеттер мен арнайы колледжде
оқыту нәтижесінде оқытылатын мынадай курстарға, компьютерлік білімге,
жалпы қатынас саласындағы курстарға, ақпарат мәселесіне арналған.
Қоғамдық пікірді құруда жалпы ақпараттық шешуші рөл атқарады. Солай
болғандықтан, олар жалпы аудитория саналады. Мәдениет және қоғамдық келісім
министлігі берген ақпарат бойынша қазақстандықтар күнделікті теледидардан
80,1% хабар алады, периодтық басылымнан оқу арқылы 40,6 % хабар алады.
Жалпы ақпаратты құралдардан басқа медиа білім құралының өзекті жүйесі
интернет болып табылады. Интернетті бүгінгі күні Республика тұрғынының 2,9
% ғана пайдаланады, ғалымдар интернетті жалпы ақпарат құралы деп қарайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Баймуханов Б., Караев Ж.А., Тульбасова Б. Дидактические
особенности использования информационных технологий обучения.
Высшая школа Казахстана, № 6, 2000.
2. Шкутина Л. А. Интеграция педагогических и информационных
технологий в профессиональном образовании. Киров: ВГПУ, 2001.
3. Архангельский С. И. Лекции по научной организации учебного
процесса в высшей школе. М, ”Высшая школа” 1976.
4. Федотова Л.Н. Массовая информация стратегия производства и
тактика потребления. М, МГУ, 1996.
5. Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.
6. Cолодовиченко Л. Н. Дидактические основы композиционного
компьютерно – графического моделирования в подготовке студентов.
Караганда, 2001.
7. Бөлеев Қ. Болашақ мүғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау.
Алматы., 2000.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің
тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның
рөлі қарастырылады.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается компьютерная грамотность как повседневный
инструмент информационных знаний.

ӘОК 371. 035.3
ЖАҢАШЫЛ ЖАС ҰРПАҚҚА ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘНІ

Ақылбекова Ш.Д., Орымхан Ж., доцент-
(Алматы қ., Қазмемқызпи)

Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін,
жастарымызға жан - жақты сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ол үшін
біріншіден, бір тұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса,
екіншіден ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық дәстүрлеріне сүйене
отырып, жеткіншектер санасына туған халқының мәдениетіне деген құрмет пен
мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай – ақ ұлттық салт –
дәстүрді меңгерту, тілі мен әдебиеттің, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи
қажеттілік болып отыр.
Ұлттық тәрбие мен өнерінің қалыптастыруымен дамуы сан ғасырлық тарих
илегінен өтіп, бүгінгі таңда қоғамымызда өтіп жатқан саяси экономикалық
өзгерістерге байланысты, жаңа талаптарға сай оқушыларды қолөнерге, көркем
әдебиетке тәрбиелеу, олардың политехникалық ой өрісін жетілдіріп,
эстетикалық талғамдарын ұлттық өнерден сусындырып, қалыптастыруға
келешектің біздің алдымызға қойып отырған басты міндет. Сондықтан, қазақ
халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден –
балаға, анадан – қызына сабақтасып, әдет – ғұрпымен, көркемдік жолымен,
көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген –
қолөнері.
Қазақ халқының қолөнерінің сала – саласында кең қолданылып келген,
өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері.
Олай болса, айтайық деп отырғанымыз өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра
болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою -
өрнек өнері туралы болмақ. Қазақ ою -өрнегінің мыңдаған ғасыр тарихы бар
басы, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 5-3 ғасырлар аралығында Алтай
өңірінен Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоңыстаған түркі
халықтарының түп атаулары – байырғы сақ, ғұндар әлем мәдениетінде өнердің
өшпес асыл мұраларын, ою -өрнек өнерін қалдырған. Аталмыш өнер кезеңіне
академик Әлкей Марғұлан Аңдабы мәнер деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс
Қазақстаннан қазылып алынған Алтын адам киімі осы аңдабы мәнерінде
жасалынған өрнек.
Міне, қазақ халқының ою - өрнек өнері осылайша түркі жосығымен, ол
жосық ежелгі сақтар өнері, зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып
отырады. Біз оюмен ой айтқан елміз дегендей, халқымыз молшылықты дарияға,
теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды арыстанға, қыран бүркітке теңеді.
Сұлуды ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көркіне
теңеді. Әсемдікті аң құстан, өсімдіктен, табиғаттан іздеді. Сол сұлулықты
ою - өрнекке түсіріп, дамытты. Оның нақты айғағын Алтын адам
киімдеріндегі, алтын ою - өрнек әшекейлерінен Қарғалы обасынан табылған
диодемадан т.б. Қазақстан жерлеріндегі обалардан кездестіруге болады.
Әрине, қазақ халқының ою - өрнек өнері күні бүгінге дейін жан – жақты
толығымен зерттеле қойған жоқ. Дегенмен, бұл өнер саласының белгілі бір
дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен
этногрофтар атсалысқанын да атап өткеніміз орынды болмақ. Яғни Ш.Уәлиханов,
Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов. Ә.Тәжімұратов,
Ө.Жәнібеков, т.б.
Ою - өрнек өнерін әлі де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қажет. Өйткені
ою - өрнек өнері осы уақытқа дейін белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ.
Өрнектің семантикасы, даму тарихы, жасалу әдістері, қай ою қандай бұйымға
қолданылады, т.б. көптеген сұрақтар өз жауабын күтуде.
Ою - өрнектің өркендеуіне ата – бабаларымыздың сезімдік – талғампаздық
дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағы
мен шикізат байлықтары да қатты ықпал етті.
Қазақ халқы ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерін балаларына үйретуде ауыз
әдебиеті шығармашылығын кеңінен пайдаланды. Мәселен, Өнердің күші
ертегісінде ақылды қыз Дүрияның ханның баласы Ыдырысқа: қолынан ешнәрсе
келмейді, қолөнерінің бір түрін үйренбесең мен саған куйеуге шықпаймын.
Бірде – бір қолөнер, ою - өрнек өнерін үйренбеген адам – ол бақытсыз. Адам
қолөнерін меңгергенде ғана асқар шыңға көтеріліп, ағынға қарсы жүзе
алады ... - деген екен. Дүрияға үйленгісі келген Ыдырыс бас киім тігу
өнерін үйренеді. Кейіннен Дүрия Ыдырысқа бас киімге ою салуды көрсете
отырып, әрбір ою белгісі бір әріпті, сөзді білдіретінін түсіндіріп, бұл ою
- өрнек өнерінің бір күндерде бәрібір қажет болатынын айтады.
Айтса – айтқандай-ақ, Ыдырыс бірде қарақшылардың қолына түсіп қалып
қиналғанда Мені өлтірмеңдер. Мен сендерге бас киім тігіп беремін. Соны
ханшаға апарсаңдар 2 мың ділдә береді, - деп жалынады. Олар көнгеннен соң
Ыдырыс қалпақ тігіп, сол қалпаққа қарақшыларға тап болып қалғанын оюмен
бейнелеп беріп жібереді. Ою - өрнектен не жағдай болғанын түсінген Дүрия
Ыдырысты барып өлімнен құтқарып алады.
Міне бұл ертегі арқылы үлкендер балаларына қолөнерінің адам өміріндегі
ролін және әрбір ою - өрнектің сөйлей білетінін, яғни әр өрнекте символдық
мән жататын ұғындырмақ болған. Демек ою - өрнек өнері тек әшекелеу ғана
емес, белгілі бір ойды жеткізу мақсатында қолданылғанын түсіндірген.
Ертегінің ең басты идеясы – ою-өрнек өнерінің адам өмірін сақтап қалуға
себепші болғанын, жалпы өнерлі өлмейді деген түйінді көрсету.
Сондықтан біз мұндай қазақи ертегілерді теледидар бағдарламаларынан
көрсетсек, ою-өрнек өнерінің қаншама тәлім тәрбиелік тұстары байқалып
отырады. Жан – жануарлар, аң, құсқа байланысты ұғым–түсініктерді ауыз
әдебиеті үлгілерінен естіп, тыңдап, біліп жүрген балалар, сол бейнелерді
санасына әбден сіңіріп өседі, яғни олар осы ою өрнектерден эстетикалық әсер
алып қана қоймай, бейнеленген ұғымдарға дұрыс көзқарасы қалыптасады.
Сондықтан ою өрнекті жастайынан білуі керек, яғни ол отбасынан
басталып, бала бақшада жалғастырылып, мектепте оқытылуы тиіс. Өйткені ою
ойған адамның жүрегі жылы, нәзік әр саладан хабары бар, шебер болады.
Қазақ халқы жер, су, өсімдіктерге қатысты да қаситті ұғымдарды ою-өнек
өнерінде бейнелеу арқылы балаларының суды ластамауын, шөпті жұлмауын, талды
сыңдырмауын т.с.с. тәртіптілікті талап еткен. Күнделікті өмірде тұрмыстық
заттарға қатысты ою - өрнектер ең мәнді қастерлі ұғымдарды көрсететін
заттардың бейнесі. Олай болса, балалар күнделікті өмірде көріп жүрген
заттарының бейнесін ата- бабасының қолымен жасалынған бұйымдардан көріп,
оның әсемдігіне бір тамсанса оның өзі екінші бір затты сәндеп тұрғанына
тағы бір сүйсінеді. Ру, ен таңбаларына қатысты ою-өрнектерді үйрену
нәтижесінде балалардың тарихқа деген қызығушылығы артып, ақыл ойы дами
түседі, адамгершілігі молаяды. Ою-өрнектерді үйрену балалардың іскерлігі,
шеберлігі артады. Өйткені бұйымға оюды түсіруден бұрын қай өрнекті бұйымның
қай жеріне орналастыруды, қай тұста, қай өрнек әдемі көрінетінін алдын ала
ойластыруы тиіс. Мұның өзі қаншама білімдарлықты талап етеді.
Яғни, бүгінгі таңда тәрбиенің негізгі мақсаты Дені сау, ұлттық сана
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, мәдениетті
бойында басқа да қаситтер қалыптасқан адамды тәрбиелеу болып табылады.
Қорыта келе, қазақ халқының өткен тұрмыс тіршілігіне көз жүгіртсек, ою
- өрнек қалыптаспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ
халқының үй жиһаздары мен киім кешегіненде, зергерлік бұйымдары мен құрал
саймандарынанда, ер тұрман әбезелдері мен қару жарақтарынан да молынан
табамыз. Ал бүгінгі таңда тоқтап, қоршаған ортаға көз жүгіртейікші,
пәтеріміздің керегелеріне, жатақ орнымызға, тіпті әрі кетпей-ақ еденге
төселінетін паластарда қазақ оюларын кездестіреміз бе? Осының бәрінің
жоғалуына не себеп болды? Қайтадан қалпына келтіре аламыз ба? Қайтадан
қалпына келтіреміз десек, не істеуіміз керек?
Халық аузынан қалған ұшқыр сөз,
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?
Тілі жоқ, өнері жоқ қазақ қайтіп күн көрер?-
дегендей ою-өрнек тек қана отбасында, балабақшада, мектеп қабырғасында
қалып кетпеу үшін, күнделікті тұрмысымызға оралу үшін мынадай ойымызды
ортаға салғымыз келеді.
Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық
жасалынып оқушыларға, студент жастарға қол өнер сабағына пайдалануға шағын
журналдар шығарылса, қол өнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың
келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық.
Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының
безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы
оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.
Қазіргі өмір талабына сай мектеп оқушыларының формаларына ою салған жөн
болар еді деп өзіміздің ойымызды ортаға салып отырмыз. Мысалы, жеңнің
ұшына, жағаға т.с.с. қазіргі кеңсе бұйымдарына яғни дәптерлердің беттеріне
ою - өрнектерді, қазақтың ұлттық киімдерін көп қолданса, ол Қазақстан
Республикамыздың болашақ азаматтарымызды – дәлдікке, есепке, сүйкімділікке,
салт-дәстүрге, ақылдылыққа, құштарлыққа, көңіл-күйдің жақсылығына,
шабыттыққа, икемділікке баулиды, тәрбиелейді. Балалардың психологиялық
процесіне дұрыс ықпал жасайды. Патриоттық сезімді оятады, Отанды сүюге
тәрбиелейді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына
жолдауы. Егемен Қазақстан 7 ақпан. бейсенбі 2008ж.
Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. -Алматы 1987ж.
Ш. Байділдаұлы. Қазақтың ою-өрнектері.
Қ. Әмірғазин. Қазақ қолөнері. -Алматы 1994ж.
С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. -Алматы 1994ж.

ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ою-өрнек өнерін қазіргі бұйымдарға қолдану арқылы оқушыларды
ұлттық тәрбиеге тәрбиелеу мәселелері қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается роль эстетического воспитания подрастающего
поколения через орнаментальные мотивы казахского декоративного искусства.

ӘОК 391.984
КИІМДІ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Асқарбекова Ғ.И. оқытушы ( Алматы қ., Қазмемқызпи)

Студенттердің шеберлігін машықтандыру бірден келмейді, ол жылдар асып,
үнемі жүйелі түрде жинақталған тәжіберлік және ізденіс еңбектің нәтижесінде
ғана келетін қабілет. Шеберлігін дамыту еңбектің орта белдегі нәтижесі.
Студенттер белгілі бір шеберлікке жету үшін, оның шығармашылық қабілетін
дамытып, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады, әр іс-әрекетіне
қөңіл бөледі. Киімді көркемдеп сәндеуге студенттердің шығармашылық
қабілетін жетілдіру жолдары қарастырылады. Шығармашылық еңбек бірнеше
кезеңдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру шаралары. Тақырып бекіту, жұмыс орнын белгілеу,
т.б.
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, еңбекті ғылыми негізінде
ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі: киімді көркемдеп сәндеу туындыларының шығу тарихы
мен жасалу технологиясын зерттеу;
Киімді көркемдеп сәндеуге үйретуде студенттің шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруде төмендегі міндеттер орындалуы керек:
- көркемдеп сәндеуді тәжирибе жүзінде меңгерту;
- сәндеу әдістерін зерттей отырып, оқу-тәрбие үрдісінде оларды тиімді
пайдалану;
- киімді сәндеуді оқытудың әдістемесін құру;
- студенттердің ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ұлттық санасын
қалыптастыру;
- ұлттық нақышта сәндеудің тәрбиелік маңыздылығын айқындау;
- қазақ қолөнер түрлерін қолдану арқылы ата мұраны қалыптастыру,
мәдени дамуымызға үлес қосу;
- ұлттық өнертануға баулу;
- өз шығармашылық еңбегін жүйелеу мен оны белсенді түрде тұрақты
жүргізу;
- жұмыс барысында әдістемелік ғылыми іс-шаралар ұйымдастырып есеп
беру;
- шығармашылық еңбекке талдау жасау;
- дайындалған туындыларын көрме арқылы көрсету;
- педагогикалық ізденіспен еңбек ету;
Біз студенттердің талаптарының шыңдай түсуін, шығармашылықтарын көрсете
білуіне және оны жетілдіре меңгеруіне бағыт береміз. Ол үшін оқытушылар
студенттерге табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына
көмектесуі қажет. Студенттердің шығармашылығын оны шыңдайтын және ойы оқшау
азамат етуге ықпалы мол әдістер жүйесі деп таныған жөн. Студенттерді оқыту
үрдісінде ғылым мен еңбекті өнермен ұштастырып, олардың ой-өрісін жан-жақты
дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізінде білім беру.
Студенттерді киімді көркемдеп сәндеуге тәрбиелеудің мақсаты мен
міндеттері.
- студенттердің еңбекке қабілеттілігін дамытып жетілдіру;
- еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік
дағдыларын қалыптастыру;
- еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге
үйрету, еңбекке қызығуын арттыру;
- өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау:
- ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;
- білім мен тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға
және кәсіби еңбек түрі өнертануға баулу;
- еңбегін ынталандыру және насихаттау;
- бақылау жасау.
Шығармашылық еңбектің маңызды мәселелерін шешу мақсатында мына
әдістемелерді қолдану:
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүйелеу;
- еңбекті мақсатына жетуге бейімдеу;
- педагогикалық ізденіс;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары және зерттеу жұмыстарының ұстанымдары;
- зертханалық әдістер, зертхана жұмыстары,
- диагностика,
- талдау.
Студенттерді еңбекке оқытудың негізгі идеясы-теориясы мен тәжірибенің
байланысы және ғылыми тұжырым.
Студенттерді еңбекке тәрбиелеу және оқытудағы ең негізгісі - толық
білім алуына ықпал жасау. Студенттерді еңбекке оқыту үрдісінде ғылым мен
еңбекті өнермен ұштастырып, баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып,
тиянақты ғылыми негізінде білім беру.
Студенттерді еңбекке оқыту үрдісінде қол еңбекке баулумен ғана
шектелмей, қол еңбектің нәтижесінде шыққан қолөнер туындысына ғылыми талдау
жасау:
- заттың жасалу технологиясы;
- технологиялық карта;
- шикізат материалдары, техникалық, физико-биологиялық қасиеттерін
тану;
- құрал-жабдықтар, станоктар, олармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері,
- теория негізінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибеге еңгізу;
- шеберлік дағдыны қалыптастыру;
- заттың құндылығы мен маңыздылығы;
- халықтың тұрмыстық қажеттілігінде атқаратын қызметі және ролі;
- экономика және бизнес, кәсіби еңбек.
Бұл үш әдіс: теория, тәжірибе және ғылыми тұжырым оқытудың
белсенділігін арттырады және студенттердің толық білім алуына септтігін
тигізеді.
Студенттердің бойындағы дарындылық қасиеттің даму үрдістері:
- қолөнерге қызығуы пайда болады;
- іске машықтану арқылы икем мен бейімділігі қалыптасады;
- даму үрдесінде шығармашылық қабілеті артады;
- өз қиялы идеясы қалыптасады;
- шығармашылық ізденесі жетіледі;
- өзіндік еңбек ету қабілеті ашылады;
- шеберлік, іскерлік дағдысы қалыптасады;
- кәсібі шеберлік өседі.
Студенттер өздеріне үлкен рухани азық алып, шыңдалып, одан әрі дамытуға
күш-қуат алады. Туындысын дүниеге әкелген соң, оның екінші қабілеті өзінен-
өзі ашылады. Ол қабілет — шабыт. Көптеген өнер туындылары осы шабыт үстінде
дүниеге келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Өстеміров.К.Ө. Кәсіптік оқыту әдістемесі. А. 2006.
2. Технология журналы. № 3. 2006.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада студенттерді еңбекке баули отырып, шығармашылық қабілетін
дамыту қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются методы раскрытия творческих способностей
студентов.

ӘОК 687.16
САПАЛЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Бакирова Л.Ш. оқытушы, Джумабаева М.А. оқытушы-
(Алматы қ., Қазмемқызпи)

Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамыту тұжырымдамасында Білім
беру жүйесінің мақсаты - қоғамның жоғарғы білікті мамандарға деген
қажеттілігін қанағаттандыра аларлықтай білім берудің тиімді ұлттық моделін
жасау деп көрсетілген.
Ал бастауыш және орта кәсіптік білім беруге қатысты мемлекет саясатының
негізгі бағыты - нарықтық экономиканың даму қарқынына сәйкес жаңа
технология талаптары деңгейіндегі еңбек резервін дайындауда қамтамасыз
етуге қажетті жағдайларды туғызу.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі бірінші кезең ретінде кәсіпке дейіңгі
даярлық іске асырылар, келесі кезеңде кәсіптік орта білім кадрларын даярлау
жолға қойылады.
Орта кәсіптік білім беру мектепке дейінгі және жалпы білім беру
мекемелерінде білім берудің мазмұнын сапалық тұрғыдан жаңарту негізінде
педагогикалық іс-әрекеттің мүмкіндігін қамтамысыз етеді.
Яғни, кәсіптік білім беретін барлық орта оқу орындары сияқты
педагогикалық колледждер де нарық және бәсекелестік жағдайында білім беру
қызметін жүзеге асыратын, нарықтық эканомика кезеңінің талаптары мен
заңдылықтарына сай мамандар даярлайтын білім беру жүйесінің алғашқы
баспалдағы болып табылады.
Кәсіптік білім - белгілі бір мамандықты нақты білу. Кәсіптік даярлық
дегеніміз – кадрларды кәсіптік даярлау – ол білім беру жүйесінің негізгі
саласы. Мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа
даярлау, қайта оқыту, біліктілігін көтеру 2. Қазіргі заманғы өндіріс
салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық,
компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды. Сонымен қатар арнаулы кәсіби
мамандықты, икемділікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни
әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады. Кәсіби
бағдарлама көптеген салаларда қолданылады. Ол педагогика, психолгия, тарих,
әлеуметтану, мәдениеттану т.с.с. салалармен тығыз байланысты.
“Атап айтар болсақ, кәсіптік-техникалық мамандықтарға, мектептерге аса
назар аударылып, Білім мен Ғылым министрлігіне 3 жылдың ішінде заманға сай
білім алуға және озық техгологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім
берудің тиімді инфрақұрылымын жасау, оған қоса кәсіптік-техникалық білім
беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, тиісті білім жүктелген” 3.
Яғни елбасымыздың өзі кәсіптік білім мен даярлыққа назар аударуда және оны
ары қарай дамытуға өз үлесін қосуда.
Кәсіби білім алудың өткен тарихына көз жіберсек, мұндай идеялар Шығыста
туындаған екен. Орта ғасырлық Шығыстың атақты ойшылдары Ибн Сина, Әл
Бируни, Ибн Хальдун және басқалардың оқу орындарының оқу тәрбие жұмысының
ең құрамды бөлімінің бірі 3.
Кәсіби білімге бағыттаудың түрлері мен тәсілдері сан алуан. Кәсіптің
жаманы жоқ, мәселе әрбір оқушының сол кәсіп өз қабілетіне сай келсе,
маңызды екенін ұғынуында. Кәсіпті жан-жақты игеруі оның қыры мен сырын
білуден адамның болашағы анықталды. Бұл жұмыспен төменнен жоғарыға дейін,
яғни мектептен бастап, қала мен облыс әкімшіліктері айналысуда.
Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың
адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік
білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда,
халық шаруашылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін
еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіптік
білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін,
психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет.
Кәсіптік техникалық білім - халық шаруашылығын барлық салалары үшін
қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындай мәселесі кәсіптік-техникалық
училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін
оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік-техникалық лицейлер мен
техникалық гимназиларда іске асады. Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын
шеберлікпен меңгере алатын, қазіргі заманғы өндірістің, ғылым мен
техниканың талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
Білім беру барысында жеке адамның таным іс- әрекеттері дамиды, ой-
өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көз қарасы және мәдени деңгейі артады. Білім
беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оны
оқыту үрдісі болып табылады. Ол білім беру ісін жетілдіруге, сақтауға және
оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға еліміздің тұрақты әлеуметтік-эканомикалық
және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында мәдениетті жаңа ұрпақ
тәрбиелеп, жеке тұлға мен бүкіл қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық,
эстетикалық және физикалық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Оқушылардың білім деңгейі мен кәсіптік деңгейін ұдайы арттырып отыруды
қажет ететін факторларға: ғылымның, техниканың, практиканың дамуы
нәтижесінде ғылыми ақпарат көлемінің шұғыл өсуі, жаңа білім салаларының
дамуы, жаңа мамандықтар мен мамандандыру түрлерін енгізу және басқаруды
ғылыми негізде жетілдірудің қажеттілігі жатады.
Елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: олардың біріншісіне,
орта мамандар даярлайтын арнайы оқу орындарын, ал екіншісі жоғарғы білімді
мамандар даярлайтын оқу орындарын жатқызуға болады.
Арнайы орта және жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мазмұны бір-
бірімен өзара байланысты үш бағытта құрастырылады.
1. Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдардың негіздерін
меңгеру.
2. Мамандыққа байланысты теориялық білім беретін арнайы пәндер.
3. Тәжербиелік білім – кәсіптік шеберлікті меңгеру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарыдың, ғылым мен
практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті
жағдайлар жасау деп көрсетілген.
Олай болса, жалпы білім берумен қатар кәсіптік білім беру саласының
алдында тұрған міндеттердің де аса ауқымды, сан - саласы, өте маңызды екені
баршаға мәлім.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы
2. “Технология” журналы
3. “Қазақстан мектебі” журналы.
4. Қазақ Совет энциклопедиясы.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада орта кәсіптік білім беру және жалпы білім беру мекемелерінде
білім берудің мазмұнын сапалық тұрғыдан жаңарту негізінде педагогикалық іс-
әрекеттің мүмкіндігін қамтамысыз ету жолдары қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В статье рассмотрены вопросы качественного изменения содержания
образования в средних профессиональных и общеобразовательных учреждениях.

ӘОК 371.012
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Дарменова Р.А. п.ғ.к., аға оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)

Қарқынды дамып келе жатқан егеменді Қазақстанның және қай елдің болсын
өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениетте өзіндік орын алуы оқу-тәрбие процесінің,
жалпы білім саласының жетістік деңгейіне тікелей тәуелді қалыптасады.
Ұлттық тәрбиенің түп қазығы мектепте екені белгілі. Ал эстетикалық
талғамды дамытуды, ұлттық тәрбие арқылы қалыптастыру керек.
Себебі шығармашылық еңбек, әсем өнер арқылы эстетикалық талғамын
дамытудағы білім, іскерлік, ептілік, шеберлік дағдыларының жиынтығын жан-
жақты қалыптастыруға көңіл бөлінген жағдайда ғана студенттің кәсіби
шеберлігі, рухани-эстетикалық талғамы білім саласының әлемдік кеңістікке
еніп отырған арнайы стандартына сай қалыптасады.
Саналы еңбекке негізделген мәдениет пен өнердің бірізділігі мен
маңыздылығы Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заң жобасының бірінші
тарауының 4-бабында Азаматтарға эстетикалық тәрбие беру мәдениет
саласындағы негізгі міндет болып табылады, себебі мәдениет пен өнер егіз,
қолөнер – мол өнер делінсе, бесінші тараудың 28-бабында Өнер дәстүрлерін
игеру және оны сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын, әсемдік
мақсатындағы шығармашылық еңбек негізінде жасалатын көркемдік бұйымдардың
қолдану қажеттілігі көрсетіліп, еселі еңбекке негізделген ұлттық өнердің
тәрбиелік мәнін айқындады.
Сондықтан А.Байтұрсыновтың Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастау керек және білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
сол білімді іске асыра білу дағдысы деген ойы түсінікті. Сондай-ақ
ұстаздарға арнаған сөзінде ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл- Фараби Ұстаз
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсініп, көзімен көріп,
құлағымен естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын
ешнәрсені ұмытпайтын жандар. Ұстаз – алғыр, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше
шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын
ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне
жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек. Бұдан ғұламалардың бірауыздан ұстаз жұмысын
жоғары бағалағаны көрініп тұр.
Ұстаздың тынымсыз еңбекқор, психолог, ізденімпаз ғалым, терең қазыналы
білімпаз, жан-жақты шебер, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан тәлімгер деп
дәріптелуі нарықтық қатынасқа көшіп, білім саласын дамытуда әлемдік
кеңістікке енген Қазақстан жағдайында әбден орынды. Олай болса жоғарғы оқу
орнындағы ұстаздардың өздері заман талабына сай жаңа педагогикаға
негізделген теориялық қағидалардың әдістемелік жолдарын, практикалық іс-
шараларын стандартқа сәйкес жаңа педагогикалық технология талаптарының
инновациялық тәсілдерін жетік меңгеруі қажет.
Педагогикалық үрдісті басқаруда инновациялық көзқарас тұрғысынан жас
ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселесі сөз болғанда оны тек біліммен қаруландыру
ғана емес, сан мен сапа бірлігін теңестіру, яғни білім құрылымын жетілдіру
қажеттігі туындайды. Міне, осындай кешенді түрде қолданылған әдіс-тәсілдер
технология сабақтарының практикалық сапасын, тәрбиелік мәнін, қажеттілік
деңгейін биікке көтереді.
Қазақстан Республикасының Білім заңында ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жас тұлғаны еңбекке
баулып, оның кәсіби шеберлігін шыңдауға, оның білім алуы үшін қажетті
жағдайлар жасау, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және де басқа жан-жақты
өзіндік мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының
берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектті байыту, азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отанына
сүйіспеншілікпен қарап, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, халық дәстүрлерін
қастерлеу жүктелген.
Бұл жүктелген мәселенің нәтижелі болуы студенттердің болашақ
мұғалімдердің білім саласындағы іскерлік қабілетін, ептілігін және жоғары
оқу орнында жадына түйген білімдерін саналы түрде саралап, мектеп
қабырғасында технология пәндерін оқытудың инновациялық жолдарын оңды
пайдалана білуіне және әдістемелік іскерлігі мен жаңа педагогикалық
технологияны жете меңгеруіне тікелей байланысты. Қай халықтың болса да оның
рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні де мәлім. Тек
өнер ғана ұлтқа тән ерекшелікті жан-жақты айқындап көрсете алады.
Технология сабағының басты міндеті жеке тұлғаның бойында эстетикалық
талғамды дамыту. Ал, талғамның өзі жеке тұлғаның ойлау қабілетін
технологиялық процестерді логикалық жүйеде қарастыру мүмкіндігін адам
баласы жасаған материалды құндылықтарды арттырып, көркем дүниелердің
қажеттігін пайымдап, одан асқақтық ләззат алып сұлулықты сезініп бағалай
білу қабілетін анықтайтын психологиялық категория болып табылады.
Осы эстетикалық талғамды дамытудың педагогикалық шарттары: оқу тәрбие
процесін ұйымдастырудағы теориялық қағидаға, практикалық нәтижеге
негізделген әдіс-тәсілдердің логикалық жүйелігі деп білеміз.
Басқа сабақтарға қарағанда технология сабақтарының өзіндік
ерекшеліктері оқу әдістемелік тәсілдерінің бар екені белгілі. Дәстүрлі
оқыту технологиясымен салыстырғанда әдіснамалық оқыту технологиясы қазіргі
заманда нарықтық көзқарасты дамытуға, мәдени қарым-қатынас пен сыни ойлауды
қалыптастыруға, жағдайды дерексіздіктен нақтылыққа шығаруға, түсініктерді
схемалық бейнелеу түрінде көрсетуге, шындық пен ақиқатты толық дәлелдеуге
бағытталған. Мысалы, жаңа материалды түсіндіріп, оның теориялық қағидасын
ғылыми тұрғыдан толық дәлелдегеннен соң осы деректі фактілермен
түсіндірілген материал нақты тәжірибемен дәлелденуі қажет, яғни, алынған
білім негізінде оқушылардың жадында логикалық ой, сарамандық шеберлік пен
дағдыларды қалыптастыру ісі ескерілуі тиіс. Осылай мектеп қабырғасында
өткізілетін технология сабақтарының теориялық идеяларын практикалық іс-
тәжірибеге ұластыру мақсат етіліп қойылуы қажет. Себебі, стандарт және
бағыт-бағдар бойынша теориялық материалдардың міндетті түрде практикалық іс-
шаралармен байланысы негізінде пайдалы еңбекпен ұштасуы көзделген.
Сондықтан да технология сабақтарының сабақтастығы негізінде әрбір
элементтің дидактикалық мәні мен технологиялық бірізділігінің инновациялық
жолдарын жан-жақты қарастырып, кеңінен пайдалануы қажет.
Халық қолөнері ежелгі дәуірден ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, дамып келе
жатқан рухани және материалдық мұралардың бірі болып табылады. Халық
қолөнерінің ең бір үлкен арнасы- сәндік-қолданбалы өнер.
Қолданбалы қолөнер пәнін оқытудағы мұғалімнің негізгі мақсаты –
қолөнердің шығу, даму тарихын, халық шеберлерінің өмірін, олардың бұйым
жасаудағы құпиясын оқушыларға жеткізу, бұйымды жасап шығарудың
технологиялық тәсілдерін үйрету, тақырып таңдай білуге жетелеу олардың
эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ шығармашылық шабыттарын өсіріп,
еңбек ету қызығушылығын арттыру. Еңбек процесінде берілетін осындай
сабақтар балаларға шығармашылық бағыт береді, яғни мектеп бітірушілердің,
жеке тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты әсер етеді.
Қолданбалы қолөнер негіздерін үйрету барысында келесі принциптерді
басшылыққа алған жөн:
- іскерлік пен дағдыны дамыту;
- кеңістікті адамның белгілі бір іс-әркетіне арналған орта деп
қабылдау;
- әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді, практикалық іс-әрекеттің
түрлерін (жазықтықта, көлемде, кеңістікте) пайдалану.
Қолданбалы өнер – халықтың сәндік, әшекейлік, көркемдік, қажеттік өнер
туындылары. Қолданбалы өнер пәні – оқушылардың халық шеберлерінің рухани
байлығы туралы білімдерін жетілдіріп, көркемдік эстетикалық талғамының
дамуына әсер ететін, еңбекке деген ынтасын қалыптастыратын, оларды
техникалық біліммен қаруландыратын шығармашылық оқу түрі.
Қолданбалы қолөнердің әр түрімен айналысу- еңбекке деген қызығушылығын
арттырып, бастаған ісін аяғына дейін бітіруге бейімдейді.
Қолданбалы қолөнер бұйымдарының ерекшелігі – оларды тек әдемілік
ретінде ғана емес, тіршіліктегі қажетті материалдар есебінде де қолданады.
Мұндай туындылардың өн бойында өндірістік технология мен қолжұмыстары
эстетикасының үндестік табуы – еңбек пен эстетиканың бірізділігінің
көрінісі. Шығармашылық қол жұмыстарының негізі – халықтың көркем сурет
саласы. Бұл біздің бүгінгі күнімізге жеткен еңбек формасы.
Декоративтік тұлғамен жұмыс істеу оқушылардан бақылауды, логикалық
ойлауды, тұжырым жасауды, көркем шеберлікті игеруді талап етеді. Олардың
декоративтік суреттерді бейнелеуде қиялдау фантазиясы өседі, қолдарының
бұлшық еттері, күшейіп, ритмикалық қымилы жеделдейді, көз қырағылығы артып
техникалық білімі тереңдейді.
Қолданбалы қолөнер бұйымдарын шығару процестерінің құндылығы,
ерекшелігі сонда, ол оқушылардың соңғы нәтижесін көруге ынтықтырып, дайын
бұйымды көз алдына елестетіп бітіруін асықтырады.
Оқушы бұйымды жасау үшін өз ісін жоспарлайды, себебі бір операцияны
бітпей жатып, екіншісіне өту мүмкін емес. Міне, осылар оқушыларды
мәдениеттілікке, жинақтылыққа үйретеді және кез келген жұмысқа кіріспес
бұрын жоспарлап соңғы нәтижені болжау қажеттігін ұғындырады.
Сәндік бұйымдардың сапасын бақылау – екі жақты процесс. Бір тараптан
мұғалім оқушының жеке жұмыс жасау процесін тексереді, ал екінші тараптан
оқушы оқушының жұмысын тексереді. Ол басқалардың жұмысына өз ойын айта
алады. Оқушылар өзін-өзі бақылауы да мүмкін. Мұндай жағдайда, олар үлгі
бойынша жұмыс істей отырып, салыстыру және талдау арқылы бұйымның сапасын
анықтау жұмыстарын жүргізеді. Мұның өзі оқушыларды дәлдікке, жинақтылыққа,
тәртіптілікке үйретеді және шығармашылық қиялының ұшқырлана түсуіне әсер
етеді.
Қолданбалы қолөнермен айналысу оқушыларды жалықтырмайды, өйткені
белгілі бір еңбек әрекеттерін жүзеге асыру кезеңдері өзгеріп отырады.
Сондықтан да бұлшық еттердің бір ғана жағдайда тұрақты жұмыс істеуі ұзаққа
созылмайды. Мұғалімнің бұл кезде берілген тапсырмаларының күрделілігі
қандай дәрежеде және қаншалықты оңай және қиын екендігін байқауына
мүмкіндік туады.
Қолданбалы қолөнер бұйымдарымен жұмыс істеу оқушыларға эстетикалық
тәрбие берудің негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Олай дейтініміз еңбек ету, соның ішінде матаны көркемдік өңдеу
барысында оқушылардың қабілеттерінің жан-жақты ашылуына мүмкіндік туады.
Олар өз бетімен еңбек етуге және әдемі және әсем көз тартарлық бұйым
шығаруға талпынады. Нәтижесінде оқушылар шығармашылық тұрғыдан шабыттанып,
эмоциялық әсер алады.
Оқушылардың эстетикалық, еңбек және политехникалық білімдері
тереңдейді, олардың еңбек мәдениеті жөніндегі арнайы ұғымдары қалыптасады,
мамандықтарға деген қызығушылығы пайда болады.
Оқушылар қолданбалы қолөнер пәнін оқу негізінде техникалық әдіс-
тәсілдерді меңгереді, алған білімдерін өздерінің бала қиялдарымен
ұштастырып, пайдалы және сәнді де, әдемі бұйымдар жасап шығаруға талпынады.
Оқушылардың қолданбалы қолөнер бұйымдарын шығару кезеңіндегі іс-
әрекеттерінің жиынтығын (шығармашыл) творчестволық жұмыс деп атаймыз.
Өйткені онда тақырып таңдаудан бастап орындау, әшекейлеу әдіс-тәсілдеріне
дейін сұрыпталынып, ойдан өткізіледі.
Оқушыларды еңбек операцияларына алдын-ала өлшеу немесе есептеулер
жүргізгеннен соң ғана бұйымды дайындауға жоспар құрады.
Жұмыстың жоспарын мынадай бірізділікпен құрған жөн:
- бөліктердің барлық түрлерін дайындау (негізгі, бекіту және пішу,
кесіп алу, таңдап алу және рет-ретімен қою);
- дайын болған бөліктерді өңдеуге және жинауға даярлау (бүгілу
сызықтарын белгілеу, бөліктердің бір-біріне дәл келуін тексеру, керекті
тесіктер, қиықтар, саңылаулар жасау, бөліктерді өңдеу);
- дайындықтың барлық кезеңінен өткеннен соң бұйымның бар бөліктерін
жинау;
- бөліктердің соңғы рет өңделуі, бұйым сапасын тексеру, (егер бар
болса) кемшіліктерін жою.
Технология сабақтарына қойылатын талап деңгейі өте жоғары. Өйткені,
технология сабақтары нақты материалмен, бұйыммен, оқу құралдары-станок
жабдықпен қауіпсіздік жағдайды қатаң сақтай отырып, теория мен практиканың
қатар жүруімен және көптеген логикалық операциялар жүйесімен ерекшеленеді.
Осындай күрделі талапты мұғалім сабақ үстінде орындап үлгеруі керек.
Технология сабақтарында дидактиканың алтын заңы – көрнекілік қағидасы
толығымен сақталады. Өйткені, еңбек сабағын көрнекіліксіз өткізу сабақтың
мақсатына толық жеткізбейді. Мұғалімнің өзіндік білімі, сөйлеу мәдениеті,
әдептілік деңгейі М.Жұмабаев көрсеткендей, өз дәрежесінде болуы қажет.
Сонымен мектеп қабырғасында технология сабақтарын өз дәрежесінде атқару
болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейіне, олардың педагогикалық қызметке
деген компоненттік дайындығына тікелей байланысты екендігіне көз
жеткіздік. Сондықтан ұстаздық қызметтің қызықты, тартымды жақтарымен қатар
оларға қызмет барысында мектеп қабырғасында кездесетін қиындықтардан, кез-
келген күтпеген ыңғайсыз жағдайлардан да ұтымды түрде шығу жолдары
түсіндірілуі қажет. Оқу-тәрбие процесіне деген болашақ мұғалімнің
теориялық, практикалық даярлығы ұстаздық қызметті атқаруға бағытталған ынта-
ықыласы, құштарлық әрекеті, педагогикалық, психологиялық мүмкіндігі мен
ерекшелігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы индустрияландыру: қазақ зиялыларының көзқарасы
Психология пәні
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист
Кеңес мүшелері
Ыбырай бастаған баспа
Ыбырай Алтынсарин көз жұмды
Ө.А.Байқоныровтың өмір жолы
Пәндер