Бастауыш мектеп дидактикасының оқыту принциптерін қолдану жұмыстарын жетілдіру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Педагогиканың «Оқыту теория» саласы жалпы педагогикалық маңызы бар мәселелермен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеуде. Оқыту және білім беру процесін зерттеу барлық дидактикалық ізденулердің негізі етіп алынады. Біздің елімізде педагогика ғылымының ең негізгі саласы - оқыту теориясы (дидактика) өте жоғары табыстарға жеткенімен бүгінгі жаңа педагогикалық парадигманың жаңа шешімдерін толық қанағаттандыруға әлі қабілетсіз деп санауда (Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектептерінің білім мазмұны концепциясында) .

«Дидактика» ғылым ретінде кеңестік дәуірде өте үлкен табысқа жеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. ХХ ғасырдың басынан ғасырдың басы аралығына тарихи -әдіснамалық талдау жасалынса, дидактиканың, оның ішінде бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы маңызды материалдар тауып берер еді: Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біз жоғарыда аталған кезеңде бастауыш мектеп дидактикасының даму барысы жан-жақты зерттелу қажет.

Қазақстанның білім беру жүйесінің реформалаудың жаңа кезеңі елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметін, Білім және ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешінін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 2007 жылы шілдеде қабылданған Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Сонымен қоса, бағдарлама жалпы орта білім берудің басты аспектілерін танытып осы саланың нақты жағдайына баға берді, оны ретке келтіру мен одан әрі дамытуға қажетті шаралар мен басым бағыттарды нұсқайды.

Сондықтан да жалпы білім беретін орта мектепте білім мазмұнын анықтау және оған қойылатын дидактикалық заңдылықтар мен принциптерді орынды қолдану мұғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиологиялық, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи байланыстылығын есепке алуы тиіс. Атақты физиологтар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, белгілі психологтар А. А. Смирнов, А. Н. Леонтьев, А. А. Давыдов, белгілі педагогтар Б. П. Есипов, М. А. Данилов. Л. В. Занков, М. Н. Скаткин т. б. ғылымдардың еңбектерін қол үзбей терең оқып меңгеру арқылы білім мазмұнының дидактикалық формаларын толық меңгеруге болады делінген «Бастауыш мектептің білім мазмұны» тұжырымдамасында.

Дидактика ғылымының негізгі проблемаларының бірі - оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіретін оқу құралдары мен көрнекіліктер арқылы бастауышта оқытуды жетілдіру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу қажеттігін атақты психолог-педагог ғалымдар И. Павлов, В. Бехтерев, А. Ухтомский, С. Шацкий ұсынды және білім беру мазмұнының әрекеттік жүйесі ретінде пайдалану қажеттігін ескертеді. Сол сияқты шетел ғалымдар, атап айтқанда американ педагогы Прессни бақылау тапсырмаларын тексеруді механикаландыру туралы құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын іздеу дидактиканың бірізділік пен жүйелік принципін қамтамасыз ететіндігін көрсетті.

ХХ ғасырдың соңында білім беруді реформалау басталып, көп вариантты оқу орындарын ашу, дарынды балалар мектептерін ұйымдастыру, балалардың өзіндік шығармашылығын ұйымдастыру қолға алынғанымен оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді формалары анықталынбады. Сол себепті түрлі альтернативті оқу жоспарлары дайындалып, білім мазмұнының стандарты түрлі мағынамен жасалынды. Қазақстан Республикасында 28 оқу жоспары дайындалып, олардың жоспарсыз қолданылу барысында жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылардың білім сапасы күрт төмендеп кетті. Көптеген ғалымдар, педагогтар білім мазмұнының стандарттық нормасының дұрыс анықтау ғана жеткілікті десе, біраз ғалымдар оқытуды ұйымдастырудың формалары мен мазмұнының қатар өзгерту қажеттігін дұрыс деп санайды (И. Я. Лернер) .

Қазақстан мектептерінің практикалық материалына сүйене отырып, жалпы педагогикалық, дидактикалық маңызы бар тақырыптар бойынша көп жұмыстар жүргізілді. Жалпы педагогикалық мазмұнды жұмыстар мынадай мәселелер төңірегіне тапсырылды: оқытудың даму дәрежесімен байланысты мектепті политехникаландыру, түрлі жастағы мектеп оқушылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері тағы басқа жөнінде Р. Г. Лембергтің, С. Қожахметовтың, Д. Т. Тұрсыновтың, Г. Мейрамовтың, А. И. Көшкінбаевтың, М. Құдайқұловтың, Х. Арғыновтың, Т. Ақшолақовтың, Е. И. Ривлиннің, Н. Көшекбаевтың, П. Д. Устименконың, Б. З. Ақназаровтың, Э. И. Шыныбекованың, Т. Мұсақұловтың тағы басқа жұмыстарында мектеп жағдайындағы оқыту - білім беру процесінің ерекшеліктері қарастырылды. Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың көпшілігінің еңбектері жеке оқу пәндерін оқыту методикасына арналған, сондықтан да олар дидактиканың негізгі міндеттерін шешуге қызмет еткен деп саналады.

Жоғарыда әңгімеленгендерден басқа оқыту теориясына байланысты соңғы жылдарда Х. А. Бекмұхамедова, Г. Ф. Гуревич, К. Ш. Губашева, Р. В. Ревина, К. Бейсенбаева, Ш. Ахметов, Ш. Имашев, И. М. Ломоносов, Х. Сұрағанов, Р. Я. Кеслер, И. Нұғыманов, Қ. Бадырақов, С. Жортанов т. б. авторлар бір қатар байсалды зерттеулер жүргізді.

Бұл еңбектердің мектептегі оқу жұмысының сапасын артыруға әсері болатыны сөзсіз. Алайда дидактиканың диалектикалық заңдылықтарға бағынатындығынан оқыту заңдылықтарының өзгеруіне қатысты оқыту процесін ұйымдастыру формаларында жаңа түрге келтіру қажеттігі туындайды.

Педагогика ғылымының ең ірі саласы болып табылатын дидактика ғылымының мазмұндық және құрылымдық ерекшелігі үнемі өзгеру және даму үстінде болатындықтан, оның негізгі үш мәселесіне жауап беру өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бүгінгі педагогика ғылымының сұранысы мен дидактикалық талап шарттардың арасындағы қарама-қайшылықтан дар болуынан зерттеу проблемасының тақырыбы анықталынады. Зерттеу тақырыбы: «Бастауыш мектепте дидактикалық беріктік мәселелерін шешу жолдарын жетілдіру».

Зерттеу мақсаты : Бастауыш мектеп дидактикасының оқыту принциптерін қолдану жұмыстарын жетілдіру.

Зерттеу нысанасы : Бастауыш мектепте оқыту принциптерін пайдалану процесі

Зерттеу пәні : Бастауыш мектеп дидактикасындағы беріктік принципінің қолданылу ерекшелігі

Зерттеу болжамы : Бастауыш мектеп дидактикасының мазмұндық ерекшелігі мен құрылымын концентрлік жүйе бойынша анықтау концепциясы жүзеге асырылса, дидактиканың мазмұндық стандарты мен құрылымдық элементтерін анықтау әлдеқайда жеңіл, ал оқыту процесін ұйымдастыру мәселесі тиімді болар еді.

Зерттеу болжамынан төмендегі міндеттер туындайды:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге шолу және талдау жасау;
  2. Бастауыш мектепте жиі қолданылатын оқыту принциптері және оларға жалпыдидактикалық түсініктеме беру;
  3. Бастауыш мектеп дидактикасының мазмұндық ерекшелігін анықтайтын нормативтік құжаттармен танысу және оларды мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау;
  4. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде беріктік принципін қолдану әдістемесін жетілдіру;
  5. Бастауыш мектеп дидактикасының маңыздылығы туралы және оның практикалық қажеттілігі жөнінде жазылған ғылыми шығармаларға сілтеме жасау.

Зерттеу әдістері : талдау, салыстыру, әңгімелесу, баяндау, жинақтау, шоғырлау.

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезеңде (2010-2011 ж. ж. ) зерттеу проблемасының методологиялық негізі талқыланып, тақырыптың өзектілігі дәлелденді. Ғылыми, әдістемелік және оқу әдебиеттеріне талдау жасалынды, зерттеу проблемасының ғылыми болжамы құрылып, міндеттері айқындалды.

2-ші кезең (2011-2012 ж. ж. ) бастауыш мектепте беріктік принципін қолдану білім беру мазмұнына арнайы талдау жасау арқылы жүзеге асатындықтан, бастауыш білім беру мазмұны мемлекеттік стандартқа сәйкес зерттелініп, оның өзгеру динамикасы дайындалды, оның тәуелділік заңдылығына байланысты негізгі әсер етуші факторлары анықталынды. Бастауыш мектепте беріктік принципін қолдану арқылы оқыту процесінің сапасын арттыру мүмкіндігі қарастырылды және бастауыш мектеп дидактикасының құрылымдық элементтері мен компоненттері, олардың түрлі өзгерістері жаңа педагогикалық технологияларға қатысты қайта зерттелінді.

Қорғауға ұсынылады:

  1. Бастауыш мектеп дидактикасының білімдік мазмұны.

2. Бастауыш мектепте беріктік принципін қолдану әдістемесін жетілдіру жолдары.

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Бастауыш мектеп дидактикасының құрылымдық компоненттері

Қазақстан республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Педагогикада оқытудың мәні оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы дәстүрлі қалыптасқан кезеңдер тұрғысынан да қаралады.

Бірінші кезең - оқу материалын қабылдауды қамтиды. Оқушылар танымдық міндетті объектіні бақылау немесе нақты материалмен алдын ала танысу негізінде ұғынады. Екінші кезеңде теориялық тәуелділіктер мен оқу міндетін шешудің тәсілдерін мағыналы ойлау жүреді. Оқушылар оқу материалын түсіну деңгейіне келіп, жаңа білім алады. Үшінші кезеңде алған білімдерді жаттығулар, өз бетімен жұмыс, қосымша түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту жүреді. Төртінші кезеңде игерілген білім мүмкіндігіне қарай оқушылардың мектеп учаскесіндегі, тұрмыстағы, өндірістегі практикалық іс-әрекетіне қосылады.

Барлық кезеңдерде де оқушылардың білімі бақыланып, тексеріледі. Бұл мұғалімге оқыту үдерісіне танымдық іс-әрекеттің бірінші кезеңінен келесілеріне қарай қозғалыстың жалпы барысын сақтай отырып түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Оқытудың мәнін дұрыс түсіну мұғалімге оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқаруға көмектеседі. Оқу себептері оқушының қоғамдық мәнінің бағыттылығын, оның жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтайды. Бастауыш сынып оқушылары оқуының орынды себептері білімге ұмтылу, жақсы баға алу ынтасы, мұғалім мен ата-ананың алғысын алу, құрдастарының арасында сыйлы болу, мамандық алу, Отанға пайдалы азамат болу ынтасы, сүйікті ұстаздарына, көркем әдебиет кейіпкерлеріне еліктеу т. с. с. болып табылады. Мақсат - осы себептерді дамыту және бекіту.

Бастауыш сынып оқушыларының оқуын тежейтін себептер де жеткілікті. Мысалы, солардың ішінде оқуға ынтасының болмауы, оқи алмауы, оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқудан артта қалуы, білім, білік, дағдыларының жеткіліксіздігі, тәртіпсіздігі, жолдастарының және жанұя жағдайларының теріс ықпалы т. с. с. болуы мүмкін. Кейде мұғалімнің балаларға деген құрметінің жеткіліксіздігі оқуға теріс қатынасты қалыптастырады. Бұның бәрі үлгермеушілікке, білімнің үстірттігіне әкеліп соғады. Ең бастысы - оқушының қоғамдық мәнінің адамгершілікті дамуына кері ықпал жасайтындығы. Осыдан оқушы өзінің орта дәрежедгі немесе үлгермеуші екендігіне дағдыланады, оқудағы кемшіліктерін жоюға, оқу еңбегін және өзінің моральдық сапаларын жетілдіруге белсенді күш-жігерін жұмсайды.

Нәтижесінде, мұғалімнің алдында оқушыны қайта тәрбиелеу сияқты қиын міндет пайда болады. Оқушыны қолдау, оған өз күшіне деген сенімге ие болуына көмектсеу - мұғалімнің басты жұмысы. Жалпы нашр оқығысы, үлгермеуші болғысы келетін оқушы жоқ. Мұғалім өз ісін осы қағиданы басшылыққа алып бастауы керек.

Оқудың орынды себептерін дамыту мен қалыптастыру негізгі оқу іс-әрекетін, оқудағы танымдық қызығуды дамыту болып табылады. Бастауыш сынып балалардың өзін-өзі басқару, тәрбиелеу тәжірибесі жеткіліксіз. Сондықтан мұғалім шешуші роль атқарады. Педагогикалық шеберлікті игерген, сынып оқушыларының мүддесін, олардың жеке қабілеттері мен бейімділіктерін жақсы түсінетін мұғалім танымдық қызығуды дамытуға себепші болатын материал мазмұнын оқушылардың жеке тәжірибелерімен орынды байланыстырады. Сабақ мазмұны оқушы тәжірибесіне жақын, түсінікті, қызық бола бастайды. Оқушылардың оқу ынтасына қызық ұйымдастырылған практикалық жұмыс, экскурсиялар, бақылаулар, сонымен қатар, балалардың сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға белсенді қатысуына айрықша көмектеседі.

Міне, осыған орай, заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:

  • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • азаматтық, үйілменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысуы қажеттігін тәрбиелеу;
  • республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
  • жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
  • қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып үйрету үшін жағдайлар жасау.

Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі - қоғамдық өндірістің дамуы және оның ғылыми техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің үдемелі ғылыми техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуын талап етеді.

Осыған орай, егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелер желісінің ұлғая түсуі кәсіптік техникалық, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.

Қазақстан республикасының заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

Қазақстан республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі. Бұл принципке сай Қазақстан республикасының әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жұмысына, тіліне, ұстайтын дініне қарамастан білім алуға құқы бар.

Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің теңдігі. Әртүрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойылатын талаптардың қажеті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандартты республика үкіметі жасап бекітеді. басқаша жаңа түрде қолданылуы.

Жаңалықтарды сонымен қатар, қолданылу кезеңіне байланысты жіктеуге болады. Соған байланысты, «қолдану», «мүмкіндік», «өзгеріс» деген ұғымдарды пайдаланамыз. «Қолданылу» сөзі жаңалықты әр түрлі мақсатта қолданғанда айтылады.

Инновациялық әрекет жаңалық пен жаңа енгізуден туындайтын сұрақтар шешімін де қарастырады: нақты жаңалықтың протипі бола ма, егер бар болса, басқа білім аймағына тән түрі бар ма?

Ал оқу-тәрбие үрдісі ұйымдастырудың дидактикалық жүйесі педагогикалық негіздеу арқылы басқаша қаралады:

а) алты күндік немесе бес күндік оқу аптасы сақталғандай білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті (мектеп - балабақша, мектеп - оқу-тәрбие жиынтығын, мектеп - жоғары оқу орны) ;

б) мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі;

в) белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру; жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасау.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әрекеттік мазмұндық құрылымын мынадай сурет (1 сурет) арқылы көрсетуге болады:

Сыртқы мазмұны

факторлар

Ішкі ұғым

факторлар

жаңалықтың нәтижесіне ықпал

ететін факторлар

1 сурет. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әрекеттік мазмұндық құрылымы

Дидактикалық міндеттерді іс жүзінде асыру басшылыққа тығыз байланысты. Сондықтан, мектеп басшыларына ең бірінші жаңартуларды, өзгеріс бұрынғы немесе қазіргі оқу-тәрбие үрдісіне қажеттігі жағынан қарастыру керек.

Қазіргі кезде шет елдердегі эксперименттік мектептер өз жұмыстары үшін көмекті педагогикалық институттардан алып отыр. Олар радикалды өзгерістерді қажет теіп, косметикалық операциялардан бас тарту керек дейді.

Кез-келген білімнің жаңа саласы бірталай әдістемелік мәселелер тудырады. Жаңа ғылыми сала пәні, құрылымы мен қызметі жағынан белгілі білім беру жүйесінің қайта құрылуын, педагогикалық жаңалықтарды жасауын қажет етеді. Сонымен, инновациялық жаңалық ашумен байланысты зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша кез-келген жаңалық бірден нәтиже бере алмайды. Себебі, 1) жаңа тәжірибе әр уақытта көкейкесті мәселелерді шеше бермейді. 2) кез-келген жаңалық белгілі бір педагогикалық мәселені шешу үшін пайдаланылады.

Білім беру оның дидактикалық мазмұнына тікелей байланысты болғандықтан дидактикалық құрылымының компоненттерін нақтылап алған дұрыс. Дидактикалық құрылымдық компоненттер оқытудың принциптеріне сәйкес анықталынып, ұйымдастыру формаларына түр береді. Оқытудың меншікті түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әртүрлі болуы дидактикалық компоненттердің қолданылу орындарын дұрыс анықтауды қажет етеді.

Білім мазмұнының дидактикалық құрылымының компоненттік жүйесі төмендегідей түрде беріледі:

  • білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығы қамтамасыз ететін үздіксіздігі.
  • бұл барлық білім беру саласындағы мекемелерде, әсіресе бастауыш, орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтастығын, соған байланысты қисыңдылық бірізділігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді;
  • ғылымның, техниканың, мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беруді ғылыми бағытта үнемі жетілдіру;
  • білім беру кеңесі заңды ұйым, оның өзіндік мүлкі болады, өз атынан мүліктік және жеке мүлікті емес құқыққа ие болады;
  • білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды, оның үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.

Білім берудің озыңқы дамуы . Халық шаруашылығының барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты. Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса, өндіргіш күштердің, халықтың материалдық жағдайының дамусыз өсуіне игі әсер етеді.

Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі . Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолымен басқару. Демократияландыру - бұл білім беру мекемелерінің ведомоствалардан, жергілікті мұқтаждықтардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүдесіне бет бұруы, қоғамдық күштерде білім беру ісін басқаруға қатысуы.

Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты. Барлық оқу орнындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің зиялылығын сипаттау, табиғат құбылыстарын қоғамдық өмірді ғылыми материалистік көзқарас негізінде түсіндіру, халық мәдениетіне зиян келтіретін ымырашылдықпен, жоққа дамушылықпен күресу.

Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдарда білім берудің тәуелсіздігі . Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар, бағдарламалар және дифференциялық оқыту, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектердің оқу және тәрбие жұмысында алатын орны, кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану т. б. болып отыр.

Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы айтылған іргелі үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін эстетикалық талғамын, экологиялық-салауатты өмір сүру мәдениетін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар да басшылыққа алынады.

Бастауыш сатыдағы оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұныны төмендегідей түрде беріледі: дүние туралы (көркем, мифтік, т. б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі) ; оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас) ; дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім біліктер.

Бастауыш саты оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағындырылатынын ескерсек, онда бұл сатыда оқытылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтыны түсінікті: мұнда, негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осымен байланысты, білім мазмұнын әлі де жете сараламай былайша жіктеуге болады: коммуникативтік мәдениет, ақыл-ой мәдениеті, эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі.

Әрине бұдан білім мазмұнында ғылым негіздерінен ештеңе қамтылмайды деген түсінік тумауы керек: оқу әрекетін қалыптастыру приоритетті мақсат және мұның өз білімінің теориялық деңгейін көтерумен тікелей байланысты болғандықтан әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы ролімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Білім беруді жетілдіру талаптары
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелер
Математика оқыту методикасы
Қысым жасамай оқыту
Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Оқыту теориясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz