Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі



І.Кіріспе:


1.Компьютер . адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі.
2.ХХІ ғасыр. компьютер ғасыры.

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Бұл озық технологияның бала психологиясына әсері.
2.компьютердің адам ағзасына залалы.
3.Компьютермен жұмыс істеу ережелері.
4.Зерттеулер жұмыстары.

ІІІ.Қорытынды:

ІV.Пайдаланған әдебиеттер:
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді.
«21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу – сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке – шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды.
Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», – дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар: «компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей», – деп есептейді екен.
Санкт-Петербургтегі В. М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар: компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; ата-аналарымен кикілжіңге бару; үйге кешігіп келу; сабаққа үлгерімі нашарлап; сабаққа жиі бармай қалу; баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады; ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, басы ауырады, омыртқасының бұзылуы басталады.
Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады,
Компьютердің адам ағзасының физиологиялық жақтарына тигізер зияны айтпаса да түсінікті нәрсе. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында жарық, белгілі температура, санитарлық режимдер нормаларының сақталмауы жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді.
1. WIKIPEDIA. Ашық энциклопедия. Компьютер зияны.
2. «Ана тілі» газеті, 1 шілде 2011 жыл. Компьютер баланың қасы ма, досы ма?
3. «Алтын орда» газеті, 28 қазан 2001 жыл. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы құлдырап барады.
4. «Қазақ үні» газеті, 6 сәуір 2011 жыл. Ғаламторға қамалған жастар.
5. www.be1.kz сайты. Балаға ғаламторда да абай болған жөн.

Жоспар:

І.Кіріспе:

1.Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты
құралдардың бірі.
2.ХХІ ғасыр- компьютер ғасыры.

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Бұл озық технологияның бала психологиясына әсері.
2.компьютердің адам ағзасына залалы.
3.Компьютермен жұмыс істеу ережелері.
4.Зерттеулер жұмыстары.

ІІІ.Қорытынды:

ІV.Пайдаланған әдебиеттер:

Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты
құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен
қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге
жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының
біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына
әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді. 

21 ғасыр- компьютер ғасыры деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны
дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу –
сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала
заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке – шешелері
қазіргі балалар іштен біле туады деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан
10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір
үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың
құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды. 
Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ
пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден,
шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді.
Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді досы етіп таңдаған жан
айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады
екен. Бұл туралы мамандар: Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін,
айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт
етпейтін халге жетеді, – дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-
жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала,
абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз өмірге айырбастап
жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. Компьютерге байлану ауруы негізінен
кімдерде пайда болады? деген сауалға мамандардың жауабы: негізінен,
шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын
түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас
балалар аталған ауруға бейім. Олар: компьютерден тыс жерде тірлік ету
уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей, – деп есептейді екен.
Санкт-Петербургтегі В. М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының
ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар:
компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; ата-аналарымен
кикілжіңге бару; үйге кешігіп келу; сабаққа үлгерімі нашарлап; сабаққа жиі
бармай қалу; баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; өзі сияқты
компьютерге үйірсектермен ғана араласады; күнделікті ақшаға сұранысы
көбейеді; берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері
пайда болады; ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;
көз жанары төмендейді, басы ауырады, омыртқасының бұзылуы басталады. 
Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, компьютер ойынына
тәуелділік ықтимал деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да
көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады, 
Компьютердің адам ағзасының физиологиялық жақтарына тигізер зияны айтпаса
да түсінікті нәрсе. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында
жарық, белгілі температура, санитарлық режимдер нормаларының сақталмауы
жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді. 
Терминалды көру дисплейін қолданғанда астенопия деген жағдай туады, яғни
көздің көру қабілетінің функционалдық бұзылуы. Шектен шыққан ойынпаздық
дерті – лудомания деп аталады. Компьютер құмаралық аддикцияға
шалдықтырады. Бала күнінен бастап, маңызды бір істерге, жауапкершілікке, өз
өмірі үшін өзі жауап беретінін сезіндіруге дағдыландырғанымыз дұрыс. Құмар
ойын есірткіден де жаман кесапат екенін түсіне тұра, тоқтау қиын. Бұдан
шығатын жол қандай? 
Компьютерге байлану сырқатынан арылудың қандай жолдары бар?Не себеп?
Көптеген ата-аналар неге оның баласы компьютерлік ойындарға көп әуес болды
деген сұрақ қояды? Ол өз уақытын неге зая кетіреді? Уақыты бос болса неге
компьютер алдына отыра қалады? деген көптеген сұрақтар туындайды. Бұл
сауалға жауаптар – әр алуан.
Ең әуелі, әке-шешенің жіті қадағалауы қажет. Баласының сабағы мен
қызығушылығына қандай бағдарламалар маңызды? деген сауалды онымен бірге
талқылап, шешім қабылдап, ал зияндыларына құлып салып, түрлі технологиялық
тыйымдар жасаулары керек дейді қатысты адамдар. Сонымен бірге компьютерді
пайдалану үдерісінде жиі-жиі үзіліс жасап, оған балама іс-әрекеттермен бала
уақытын толтырған жөн екен.

Біз осы сұрақтарды талдап көрейік:
Бұл ойындарда өмірдегі нәрселердің бәрі бар және әрқашанда ол сәйкес келе
бермейді.
Бұл жерде кім боламын десең өз еркіңде, қай жаққа барамын десең де өзің
білесің, басқа адамға айналуға мүмкіндік бар. Егер бір нәрсе болмай жатса
қайыра бастауға болады.Өйткені кез келген сәттерді қайтадан жасауға болады.
Бұл жерде барлық қиындықтарды жеңуге болады. Бұл тек қана басқа адамдарға
қатыссыз МЕН және менің қиялдарым бар.
Сонымен бұл абзацта компьютер ойыны емес адамға тән қиялдар суреттелген,
әсіресе балаларға.
Ең бірінші және басты себеп - компьютер ойынымен қиялдың ұштасуы баланың ой-
өрісін компьютер ойынымен біріктіреді. Тек бірігу!! Тәуелділік емес. Біз
бұған төтеп бере алмаймыз өйткені біз баланың қиялын өзгерте алмаймыз, сол
сияқты компьютер ойынын жоя алмаймыз.
Кітап пен теледидар - ақпарат тасымалдаушы, олардың мазмұнын басқаруға
болмайды, ал әр бала өз өмірін билегісі келеді.Ол билік қиялды басқарудан
басталады.
Сонымен 2-себеп Билік. Адам - ол сыртқы ортаға жауап беретін автомат емес
ол белсенді,ойлайтын және басқаратын тірі жан.Сондықтан балаға бұл толық
қатысты.Сондықтан баланың өзін өзі билейтін, басқаратын, өзгерте алатын
аймағы болады. Бүлдіршіндерде ол өте кішкентай болуы мүмкін, ал
жасөспірімдерде одан көбірек.
Ал енді ойланып көрейік әр бала өз өмірінде көп нәрсе басқара ала ма? Егер
баланың өз аумағы болмаса немесе ол өте кішкентай болса ол өз қиялында
қала береді.
Ал егер балада бәрі бола тұра, тек қана аумақ емес өз бөлмесі, өз нәрселері
және өз уақыты өзінде болса да ол ойнайды.
Онда себеп баланың өз бетімен жұмыс істей алмауы және өзін басқара
алмауында.
3.себеп - өз өмірін мүлде басқара алмауында.
Не істеу керек: Бала өз-өзін басқара білуі керек; Өз-өзін басқара білуге
үйрету; Көптеген кітаптар мен пайдалы әдебиеттер қажет, ешқандай компьютер
ойындары адам мен адам арасындағы қатынасты ауыстыра алмайды. Сондықтан ата-
ана баламен әрқашан қарым қатынаста болу керек. Оларды тек қана
компьютермен қалдыруға болмайды.

Компьютер ойындарының түрлерін талдап көрейік: 
1) стратегиялық ойындар (оның қасиеті ойын барысында зерттеледі. Ол тек бір
жақты, ол тек нарықтық қатынасты қалыптастыру болып табылады).
2) 3D - Action (бұл ойындарда қару жарақ көп болып келеді. Сондықтан бұндай
ойындарды ойнау қауіпті болып есептеледі).
3) RPG (ең қауіпті ойындар болып есептеледі).
Бұл ойындар рольдік ойындар.
Компьтерлік ойындармен ойнау балаға әр түрлі әсер ететінін білеміз.
Кейбір оқушылардың ойлайтыны тек қана компьютер ойыны ғана болуы
ықтимал. Жанашыр мамандар ғасыр дерті деп бағалап отырған бұл сырқатпен
күрес жалпыхалықтық іске айналуы тиіс. Себебі ТМД елдері ішінде компьютер
мен интернетті пайдалану ісінде Қазақстан алдыңғы қатарға баяғыда-ақ шығып
қойған. Ендеше, егер аталған компьютеромания ауруы кейбір отбасы
мүшелерінде пайда болғаны анықталса, оған қарсы тиімді шаралар осы бастан
жүргізілуі тиіс. 

Балаға "сиқырлы машинаның" алдында отыруға қай жастан кейін рұқсат еткен
жөн?

 Дәрігерлердің айтуы бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуға болады,
бірақ күніне жарты сағат қана.  6 жастан бастан 12 жасқа дейін - бір сағат.
Ал 12 жастан бастап күніне екі сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге
зиян, сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін
есте сақтау керек. Егер балаға көзге арналған жаттығуларды үйретіп
қойсаңыздар, одан бетер жақсы болар еді: көзді вертикальды және көлденең
айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін тәуелділік пайда болмау үшін
компьютер алдында отыратын уақыт нақты белгілену керек. Балаға компьютердің
алдында көп отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап түсіндіре
білу қажет.
 Монитордың қарама-қарсы түстерін және ашықтылығын реттеңіз, баланың көзіне
қатты әсерін тигізбесін. Жұмыс үстеліне біркелкі түстегі суреттерді
қойыңыз. Үстел және орындық баланың бойына сәйкес келуін қадағалаңыз. Оның
түзу отыруын бақылаңыз, әйтпесе ол  сколиоздың дамуына алып келеді. Монитор
түзу тұру керек, бала оған бұрылып қарамайтындай болсын. Компьютерлік
орынға жарық түсуі керек, алайда жарық дәл мониторға түспеген дұрыс.
 
Компьютер балаға не нәрсе үйрете алады?
2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды,
әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге
мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін
сөйлемдерді. Сонымен бірге ол  қатесін көріп, оны өзі түзей алады.
Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі
болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін
неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін
тануға болады:  геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика.

Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені
жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың
моторикасын жетілдіреді.
 
Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды
дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояғын аяқтау,
қиялды дамытады. Ал музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып,
ноталарды жаттауға ықпал етеді.
  6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады.
Басында ойын түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды
ашуды үйретіңіз. Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық
ақпаратты білуге де болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша
әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу
жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты
алады емес пе?! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені
"іздегіш" сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді.
 Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол
әлі көп нәрсе білмейді. Вирусқа толы бағдарламаны жүктеп  алуы мүмкін.
Екеулеріңізге бірге отыру қызық болады, ал балаңыз түсінбегенін әр кез
сізден сұрай алады.
  Шамамен, 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар әлемдік торда "жүзе" алады. Ол
онда жүзбей тұрып, бірнеше нәрсені ұмыттырмаңыз. Біріншіден, вирустар жайлы
айтыңыз. Екіншіден, интернетте тек қана жақсы ниеттілер отырмайтынын
айтыңыздар. Поштаға әдейі зиянкес тасушы хабарламалар (спам) жіберетіндер
барын да түсіндіріңіз. Егер бала таныс емес кісіден хабарлама алса,
үлкендерді көмекке шақырсын. Егер абайсызда бір түймені басып қойып, бір
нәрсе бүлдірсе, балаға ұрыспаңыз, тек келесіде абай болуын сұраңыз.
Кейбір балалар табиғатынан ұяң келеді. Айналадағы адамдармен сирек
байланысқа түседі, қатарластарымен тіл табыса алмайды. Әр түрлі чаттар
арқылы араласу, оларды аша түседі. Олармен неше түрлі бағдарламалар арқылы
араласу (мысалы, Skype), компьютерлік бағдарламаларды танып білуге ықпал
етіп, кейінгі өмірлеріне керек болады. Бірақ бақылауды ұмытпаңыздар. Егер
сіздер осы бастан балаға компьютер алдында жұмсайтын уақытты қадағалауды
үйретсеңіз - бұл керемет болар еді. Алайда кез - келген бала өз-өзін
қадағалай алмайды. Осындай жағдайда балаға компьютерді сөндіру керектігін
еске салып отыратын бағдарламаларды қолданған жөн.
13 жастан бастап, балаға компьютерді өз еркімен қолдануға рұқсат беруге
болады. Ол бірнеше сағаттап өзіне қызық бағдарламаларды зерттеп отыруы
мүмкін. Бұл қасірет емес. Мүмкін, ол өзінің болашағын ақпараттық
технологиямен байланыстырғысы келетін шығар, сол кезде компьютер оның нағыз
досына айналады. Оны ұрсудың қажеті жоқ, оның таңдауына сыйластықпен
қарайтыныңызды білдіріңіз. Бірақ таң атқаннан, кеш батқанға дейін
компьютердің алдында отыру денсаулыққа зиян екендігін түсіндіре біліңіз. 
Осы жаста интернеттегі саяхат, чаттағы араласудар балаларды көп
қызықтырмайды. Оларды көбіне әлеуметтік желілер және онлайн ойындар
қызықтырады. Бұл жақсы ма, жаман ба, қазір шешімін тауып көрейік. Сонымен,
әлеуметтік желілер. Кейбір ата– атаналардың пікірі бойынша, олардың пайдасы
жоқ.  Дұрыс та шығар. Біріншіден, желі жаман ықпал етуі мүмкін. Бірақ
балаға көше де жаман ықпал етуі мүмкін. Бұдан сақтану үшін ненің жақсы,
ненің жаман екенін дұрыс түсіндіру. Екіншіден, компьютердің алдында ұзақ
уақыт кетіру. Үлкендердің өздері уақытты ысырап етіп алатындығын
мойындайды. Олай  болатын болса, бір сағат отырасың, сосын сабағыңды оқисың
деген сияқты келісімге келу керексіздер. Ал әлеуметтік желінің пайдасына
келетін болсақ, балаңыз демалған кездегі, лагерьдегі танысқан достарымен
байланыста болады. Балаға күн тәртібін жасап, виртуалды өмір, шынайы өмірді
итеріп тастауына әкеп соқтырады.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

[*]Көздің көру қабілетін төмендетеді
[*]Омыртқалардың қисаюына әкеледі
[*]Жүйкеге салмақ түсіреді
[*]Шаршағыштық,әлсіздік басады

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен
тыс компьютерге тәуелді болып байланады.Мінезі күрт өзгереді, айналасына
немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын
қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер
етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге
бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім жабық әлем
қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе
әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін
достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...

Компьютер не үшін керек?

Расында, сіз осыншама жапа шектіруші компьютердің залалын біле тұра,
балаңызға оны қолдануға рұқсат берер ме едіңіз? ЖОҚ деп кесіп айтуға
асықпаңыз. Өйткені, сіз оған мұлде жоламай қой дегеннен гөрі, қалай дұрыс
пайдалануды біліп алғаныңыз әбден орынды. Мәселен, компьютерде балаларға
арналған қандай бағдарламалар бар деген сұрақты бірінші қоялық. Ондай
бағдарламалар жеткілікті. Шет тілін, соның ішінде ағылшын, француз, неміс,
түрік, корей, қытай тілін үйететін бағдарламалар ойымызға бірден түсіп
отыр. Сосын балалар танымын арттыратын әртүрлі суреттерге толы компьютерлік
энциклопедиялар, табиғат әлемі, өсімдік, жан-жануарлар, мұхит пен тау-
тасты, аспен әлемін тағы басқа тақырыптарды қамтып білімін толықтыратын
бағдарламалар бар. Және ой-қиялын дамытуға арналған, тілін жаттықтыратын
сұрақ-жауап түріндегі ойындар, ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін
жетілдіретін ойындардың компьютерлік нұсқасы толып жатыр. Тек әттең-айы,
мұның барлығы орыс тілінде.Қазақ тілінде бұл бағдарламалар әзірге бұл
бағдарламалар жоқ. Әрине, жаңа ғасырдың тынысына айналған компьютерге
қазақша балалар бағдарламасын енгізу керек. Бұл осы күйі бос кеңістік
болып қалмайды. күндердің күнінде мұндай бағдарламалардың сансыз түрлері
қаптап шығатынына, оны балалар игілеігі үшін пайдаланатынымызға сенімдіміз.
Уақыт қалайда заманның талабын орындайды.
Міне, түрлі ойын түріндегі бағдарламалардың бар екенін айттық. Оны қолданып
көруге кеңес береміз. Енді компьютер-ұстаз балаға адам-ұстаздан асып түсіп,
не бере білуі мүмкін деген теңіректі зерттеп көрейікші.
Алдымен, компьютердегі балалар бағдарламасының қайсысы болмасын ойын
түрінде ұсынылады.Бірақ, қандай ойын-сабақ болса да бала белгілі бір шамада
шалығады, Сол себепті баланың ынтасын жоғалтып алмау үшін қызықтыру
амалдарын ойлап табу қажет.
Мысал: Анасы бес жасар баласына әріптердді жаңадан үйретіп жүрді. Бір күні
баланың әріп жаттауға ықыласы болмай ұалады. Арада үш күннен кейін әлгі
бала шешесінің компьютердегі әріптерге қолдарын тез жүгіртіп, текст жазып
жатқанын байқап қызыға қарап тұрады. Сосын шешесінен "әріптерді мен өзім
жазып көрейінші" деп сұранды. Анасы кенет компьютер әріптерін ірі етіп
ұлғайтып берді де, баласын үстелге ыңғайластырды. Ол бұл тәсілді қуана
орындады. Сөйтіп күніне 10 минут уақыт бөлу арқылы бала әліппедегі барлық
әріптерді жаттап алды.
Екіншіден, компьютердің ойын-сабақтары баланың есте сақтау жады мен мұқият
болу қабілетін арттырады. Қалай десеңіз, ондағы ойындар өте ашық түстерден
құралған. Және бала ол жерде әрбір заттың егжей-тегжейіне дейін мән беріп
қарап, жаттап алады.Мысалы, пілдің бейнесі. Оның түсі қандай, бойы-тұрқы
қалай, ол қай жерде мекен етеді? Осы сұрақтарға бала кейбір ажағдайда ата-
анасының көмегінен тыс жауап ала алады.
Үшіншіден, қолдарының жүйріктігі артады. Пернетақталарды басу арқылы
баланың қолдары жаттығады. Төртіншіден, бала компьютер ойындарынан әртүрлі
ақпараттар алады және қарапайым болса де ол үшін жаңа, жылдам болғандықтан,
балақай шұғыл ойлануға, түйген ойларын тез қорытып үлгеруге бейімделеді. 
Дегенмен, компьютер болғаны, баламыз керемет дарынды болып кетеді деп
ойламаңыз. Компьютер дискілерін сатып аларда баланың миына көп салмақ
түсіретін көлемді, ұзақ уақытта талап ететінін алмаңыз. Қалай дегенмен,
ондағы танымдық ойындарға сіздің де қатысып, баланың қойған сұрақтарына
жауап бере алатындай, онымен әңгімелесіп-пікірлесе алатындай, ойын түрлері
болса құптарлық. Өйткені, компьютер қанша тамаша болғанымен, өзіңіздей
жылылық бере алмайды.

Есіңізде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері туралы
Компьютердің адамзаттарға әсері
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері
Денсаулық және компьютер
Ақпараттық технологиялар кезеңі
Байланыс құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Электронды оқулық студент үшін дайын материал
Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Пәндер