Химияны оқытуда компьютерді қолдану


Мазмұны
бет
Кіріспе . . . 3 - 5
1 Негізгі бөлім
1. 1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ . . . 6 - 8
1. 1. 1 Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық - педагогикалық мүмкіндіктері мен негізгі бағыттары . . . 9 - 13
1. 1. 2 Электрондық оқулық түсінігі . . . 14 - 20
1. 1. 3 Электрондық оқулықтар, құрылымы . . . 21 - 26
1. 1. 4 Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары . . . 27 - 28
1. 2 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ . . . 29
1. 2. 1 Химия сабағында динамикалық компьютерлік модельдерді
(ДКМ) пайдалану . . . 30 - 31
1. 2. 2 Химияны оқытуда интернетті тиімді пайдалану . . . 32 - 35
1. 2. 3 Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығуын арттыру,
естесақтау, ізденушілік кабілеттерін дамыту . . . 36 - 39
1. 2. 4 Компьютердің оқушы білімін тексерудегі ролі . . . 40 - 41
2 Эксперименттік бөлім
2. 1 Химия пәнінен ақпараттық технологияны қолдану арқылы
өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің
көрсеткіштері . . . 42 - 43
2. 2 Химия пәнінен дәстүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы
өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің
көрсеткіштері . . . 44 - 45
2. 3 Химиядан өткізілген дәстүрлі және дәстүрлі емес
сабақтардың саластыруына сараптама . . . 46 - 48
2. 4 Компьютерлік технологияның сабақты өткізу кезеңдеріндегі
қолдану үлесіне талдау . . . 49 -50
2. 5 Компьютерлік технологияны қолданудың оқушылардың
танымдық-ізденушілік қабілеттерінің әсерін анықтау . . . 51 - 52
Қорытынды . . . 53 - 54
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55 - 57
Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттігі туады. [3]
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс»-деп, атап көрсетті. [6]
Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кепілі екендігін көрсетіп отыр. Олай болса қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру әрбір мұғалімнің басты міндеті болып табылады. [2]
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. [9]
Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы- таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. [24]
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірбиесінде таңдап алуы керек. [17]
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. [13]
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану- оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. [16]
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген техологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Бүгін де неліктен білім технологиясы жайлы көп айтылуда? Жаңа заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлудің себебі неде? Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің тууы. Екіншіден, оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру. Ең соңында технологияны жобалау - оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып, білімге қызғушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру, әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт. [24, 4, 8]
Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірбие алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту- бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Зертеу объектісі: Семей қаласының № 37 мектеп-гимназиясы 9 «Г» - 9 «А» сынып оқушыларының оқыту үрдісі (химия пәні бойынша) .
Зерттеу мақсаты:
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.
Зерттеу міндеттері:
Болжамды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер шығады:
- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
- Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.
- Компьютерлік және саралап - деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:
а) химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.
б) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.
в) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.
Ғылыми болжам:
- Егер Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
- Жаңа ақпараттық технологияны қолданса әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады.
- Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса оқушыныі білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Зерттеу әдістері:
Бақылау алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, бағалау.
Эмпирикалық: Индукция, салыстыру, жіктеу тәсілдері.
Зерттеу іздену жолдарының кестесі: (Қосымша-А) көрсетілген
1 Негізгі бөлім
1. 1 Жаңа ақпараттық технологияның дидактикалық ұстанымдары
Технология кез келген ғылымның (оның ішінде химия пәнінің де) ажырамас бір бөлігі. Алдымен технология сөзінің мағынасын айқындап алайық. Бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады. [3, 8]
Білім беру жүйесінде де кезінде жаңа технология түрінде қабылданып, өз дәуірінде барлық ғылымға елеулі үлес қосқан. Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі. [4, 6]
Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы: Н. Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. [5]
М. Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді. [9, 5]
Білім берудегі тез қарқынмен компьютерлендіру өзектілігі мына факторлармен түсіндіріледі. [10]
- Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
- Оқушылардың коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.
- Компьютер жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалана отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату. [13]
Қазіргі кезде танымдық қажетсіну ол- жаңа ақпаратты қажетсіну дейміз. Ендеше компьютерлік, ақпараттық техника мен технологиялар ақпараттандыру мен жаһандау кезенінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің артуына, білім мазмұнындағы негізгі компонент оқу пәнін тереңірек меңгеруге себін тигізеді. [26, 17, 20]
Оқу әдістемелік құралдар жасау технологиялары дамып отырғанда оны оқу процесіне енгізу басты шарттың бірі. Ғылыми әдебиеттерде технология түсінігіне уақыт өткен сайын әр түрлі анықтамалар беріледі. Оның ішінде «Технология-бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдармен түсіндірілетін объектінің өзара әрекеттесуінен туындайтын процесс »
Қазіргі кезде оқу ақпаратының ең ауқымды кең тараған формасы (технология деп те атаймыз) - Интернет жүйесі арқылы ақпарат алу. [23, 29]
Зерттелінген ғылыми-педагогикалық, техникалық әдебиеттерден «Компьютер» ұғымына төмендегідей анықтама берілген. Б. Бөрібаев «Компьютер» есептеуіш (computer түбірі лат. compute-санау, есептеу), компьютер, вычислитель есептеу жұмыстарын атқару мен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. Компьютер -ЭЕМ- нің ғылыми жәнеғылыми көпшілік әдебиеттерден (негізінен ағылшын тілінде) қабылданған атауы. Компьютерлендіру-computeruzation- компьютеризация, компьютерлік қызмет көрсету өнеркәсібінің даму процесі және оны қоғамда кеңінен пайдалану кәсіпорындарда мекемелерді және оқу орындарын компьютерлік техникалармен жабдықтау және оны қолдану саласында тұрғындарға жалпы білім берудің деңгейін арттыру. [11, 19]
Технология терминінің түсіндірмесі әрқилы. Егер қазіргі кездегі баспасөз материалдарына жүгінсек, бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген екен. Олар: қалыптасқан оқыту жүйесі, жетілдірілген технологиялар, баламалы технологиялар, дамыта оқыту технологиялары және авторлық мектептер. Олардың әрқайсысы ғылыми тұжырымдамаларға негізделген мазмұны мен әдістемесінде ерекшеліктері бар, үрдістің мәнін түсіндіре алатындай құралған. Педагогикалық технологиялардың құрылымы мынандай болуы тиіс:
а) Тұжырымдық негізі;
ә) Оқытудың мазмұндық бөлімі:
- Оқытудың мақсаттары жалпы және тікелей;
- Оқу материалының мазмұны;
Б) Іс әрекет (үрдістік) бөлімі технологиялық үрдіс:
- Оқу үрдісін ұйымдастыру;
- Оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;
- Мұғалімнің материалды меңгерту үрдісін басқарудағы іс әрекеті;
- Оқу үрдісінің диагностикасы. [2, 4, 10]
Ал, технологияға қойылатын әдіснамалық талаптардың критерийлері мынандай болуы тиіс:
- Концептуалдық (тұжырымдамалығы) белгілі бір ғылыми концепцияға сүйену.
- Жүйелілігі үрдістің логикасы (ой ізділігі) барлық бөлімінің өзара байланыстылығы біртұтастылық.
- Басқаруға икемділігі диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсаты мен құралдар мен әдістерді жинақтап қорыту.
- Тиімділік конкуренция жағдайында жұмсалған күш, әрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілділігі.
- Қайта жаңғырту басқа бір білім беру мекемелерінде басқабір адамдардың қолдану мүмкінділігі. [19, 21]
1. 1. 1. Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық - педагогикалық мүмкіндіктері мен негізгі бағыттары.
Оқу үрдісін жандандыруды қамтамасыз ететін әдістің бірі - техникалық оқу құралдарын қолдану. Техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық жағынан негіздеуде психолог ғалымдарға жүгінсек көрнекілікті қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі терең, берік білімнің игерілуіне жақсы әсер етеді. Техникалық құралдардың ішінде компьютермен оқыту термині әдістемеде нақты қалыптасқан. Компьютер - оқу ісін жекелендіретін, оқушының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде қабылданған. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады:
- Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.
- Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.
- Қазіргі көздері - компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.
- Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан - жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
- Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін - өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді.
- Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.
- Компьютерлік технология - адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т. б. ) [4, 6, 13] .
Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г. В. Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекет - сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет - сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс - әрекеттер. Осы қосымша әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшгшн алады. Мүмкіндігінше мұндай жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын атап кетеді. Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады. Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс - әрекетін басқару үлгісі толық жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс - әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін «қабілетті» компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей оқытуға жағдай жасайды. Оқыту үрдісіндегі компьютер мен оқытудағы жаттығу сатысы - білім алушылар үшін тамаша құрал. Себебі компьютер оқыту үрдісінің жоғары саналылығына әсер етеді де, оқушының зерделілік және қисындылық деңгейін жоғарлатады. Компьютердің көзбен шолу және басқа да күрделі бейнелерді құрстыру қабілеттері. Оқыту үрдісінің ақпаратық каналдарының өткізгіштік қабілетін аттырады. Зерттеушілердің көзқарасынша, компьютердің оқыту үрдісіне енгізілуі білім саласын нақты дүниеге жақындата түседі. Компьютердің әмбебаптық және программаланушылық қасиеттері, көп мақсатты қолданылу мүмкіндіктері пәндерді интеграциялап оқытуға жағдай жасайды. [2, 18, 27]
Компьютер - оқу ісін жекелендіруге мүмкіндік бере отырып, яғни адамның психикалық, педагогикалық, жеке, жас ерекшеліктерін, оның іс - әрекетке даярлығын ескере отырып, соларға сәйкес жұмыстың мақсатын, жоспарын, әдіс - тәсілдерін белгілеп оқыту. Компьютер - әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін құрал. Өйткені әр оқушы өз қабілетіне сай жылдамдықта жұмыс істей алады. Сонымен бұл техникалық оқу құралы оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерінің жақсы жағынан қапыптасуына ықпал етеді. Жалпы техникалық оқу құралдарын қолдану дидактикалық көрнекілік, оқу материалын саналы меңгерту, жүйелілік пен жалғастық, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі, т. б. принциптерге негізделеді. [8, 9]
Адамның компьютердің көмегімен атқаратын оқу іс - әрекеттері өте көп, күрделі, әртүрлі. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы өмірге келген оқыту тәжірибесі ғылыми - практикалық мәнге ие. Оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы - бүгінгі таңда ең тиімді әдіс. Бұл әдіс - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдіс - тәсілдері мен құралдарының жүйесі.
Оқытудағы компьютерлік бағдарламаның екі компоненттер тобын бөліп қарауға болады. Олар:
- Оқу материалдары, оған мәтін, суреттер, кестелер, репликалар, ережелер.
- Арнайы алгоритмдер (бағдарламалы) . Олар оқу материалын, олардың оқушыларға әсерін қарастырады. Бірінші компонентті оқытыушы жүзеге асырса, екінші компонентті программист қолға алады, бірақ оқытушы тарапынан идея тасталынады. Компьютерлік бағдарламаларды жасауда төмендегідей факторларды ескеру қажет:
а) оқушы мен компьютер байланысының ерекшеліктері: педагогикалық, ойынды, ойтүрткілік, ақпараттық мазмұнда;
ә) оқу әрекетін басқару ерекшеліктері: жауап кезінде бақылау, оқушы әрекетін жекелеген қасиетіне сай бағалау. [11, 19]
Компьютерлік бағдарлама оқушының әр әрекетіне “Жарайсың”, “Дұрыс”, “Өте жақсы”, “Қате”, “Қайта жасап көріңіз” деген реплика түріндегі сөздер, дыбыстық әсерлер мен түрлі музыкалық әуендер негізінде, түрлі түстер әсерінде, сыйлық, құттықтау, тартулар түрінде жауап қайтарады. Бұл оқушының өз іс - әрекетіне бақылау жасауына ықпал етеді. Ал компьютер экранының және кітап бетінен оқу түрлі психологиялық ерекшеліктерге ие екенін ғалымдар атап өтеді:
- Жүйке жүйесінде қол мен көз қимылын бақылайтын арнайы механизм бар. Психологтардың айтуынша, үстел үстіндегі тұрған кітаптан қолға ұстап бақылау жүргізу арқылы оқу қолайлы.
- Қол мен көз қозғалысы қағаздағы мәтінді тез қамтуға жағдай жасайды. Кітап оқу мен құжаттарды қараудағы ақпаратты қабылдау компьютер экранынан оқумен салыстырғанда әртүрлі айырмашылықта болады. Компьютерлік бағдарламада қарапайым кітаппен салыстырғанда арнайы бет ашудың автоматтандырылған қызметі қойылған.
- Кітап оқу табиғи жарықпен жүзеге асса, компьютер экраны арнайы ішкі жарықты тудырады (бір ескеретін жайт: ішкі жарық біраз сағаттан асқан соң көздің шаршауына әкеліп соғады) .
- Компьютердің келеңсіз көрінісі де жоқ емес. Атап айтқанда, ол адамның (әсіресе, жасөспірімдер мен балалардың) көру қабілетін нашарлатады, тез шаршатады, т. б. әсерлері бар. Мұндай жағдай дисплейді тым ұзақ пайдаланудан болатыны түсінікті. Сондықтан оқу үрдісінде мұғалім дисплеймен жұмыс істеу кезінде бұл мәселелерді ескеріп отыруы керек. Бұл мақсатта сынып іші жүйелі түрде тазаланып, желдетіліп тұруы қажет. Оқушылардың экран алдында көп отырып қалмауын қадағалаған абзал.
- Көздің демалуы үшін компьютерде экран өзгеріп отыратын бағдарламалар жасалынған. Негізінен, психологтар компьютердің адам жүйкесіне әсерін, оны реттеудің жолдарын қарастыруда. [25, 30]
Пәнді оқытудың сапасын жақсарту үшін қолдану берілген ерекшіліктерге байланысты:
- Бірнеше мәрте қайталау есебінен оқушылардың ойлау, сөйлеу және тілдік материалды есте сақтау дағдыларын жаттықтыруды қамтамасыз етеді. Осы қасиеті үшін ғалымдар компьютерге “төзімді оқытушы” деген ат берген.
- Компьютер оқытылып жатқан пән мазмұнының әдістемесінің және көрнекілігінің өзгеруіне тез бейімделеді.
- Бір компьютерлік бағдарламаның өзін әртүрлі аудиторияда, оқу орындарында пайдалану мүмкіндігі бар. Қажет болған жағдайда бағдарламаға түзетулер, өзгертулер енгізуге болады.
- Бағдарламаны жасауға білікті мамандардың тартылатыны белгілі. Олай болса, компьютермен жұмыс істей отырып, оқушы таңдаулы адамдармен “жұмыстас” болады. Аталған ерекшеліктер оқушылардың жұмыс жасауына оң әсерін тигізеді. Компьютердің оқытуды жекелендіруге мүмкіндік жасауы әр оқушының әрекетін басқара алуына, оған керегінше уақытын бөле алуына оның дидактикалық мүмкіндіктерін аша түседі. Дисплей экранындағы сілтемелерге сүйене отырып, берілген тапсырманы дұрыс орындау үшін не істеу керектігін оқушы өзі шешеді. Компьютер оқушылардың білімін автоматты түрде бағалап, әділ бағасын беріп отырады. Оның көмегімен оқытудың мотивациясын күшейтуге мол мүмкіндік бар. [7, 16, 23]
1. 1. 2 Электрондық оқулық түсінігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызында халыққа Жолдауында электрондық үкімет жүйенін шұғыл енгізу қажеттігін нақты атап көрсеткені мәлім. [4, 6]
Ал, электрондық оқулық жас буынның жаңа әдебиеті болып есептелінетіні даусыз. Сондай-ақ ол компьютер технологиясының мүмкіндіктері мен кәсіби оқулықтардың дәрежесін біріктіреді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту.
Білім берудің негізгі саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағатандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжуы мүмкін емес. [4, 13, 19]
Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың қандай екендігі біртұтас ой жоқ. Дегенмен, біздіңше электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгеде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді. Оқу материалдарын іздей отырмай, өтілген және оқушыңың ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпалын тигізеді. Себебі, оқушының ең қажет элементі-аудиохабарлар.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік береді. Оқулық көлемінен шығармай керекті материалды жинақтауға болады.
Электрондық оқулықтың ең қажет элементі -аудиохабарлар. Мысалы, құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау. [16, 18, 22]
Бір жағынан электрондық оқулықтың келеңсіз жақтары да бар. Бұл психологиялық-педогогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты.
Ең үлкен кемшілігі-фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдарға санитарлық, гигиеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графиктік мүмкіншілігінің қолдануының нашарлығы және әлсіздігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz