Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН ТЫС ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН ТЫС ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтендіру мәселесін талдау . . .

1. 2. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың бейімделуінің тұлғалық- психологиялық ерекшеліктері . . .

1. 3. Отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың жеке тұлғалық өзгешілік сипаты . . .

2. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН ТЫС ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ШАРТТАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ . . .

2. 1. Білім беру ұйымдарында балаға достастық ортаны қалыптастыру әлеуметтік-психологиялық бейімделу фактор ретінде. . . .

2. 2. Балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға достастық ортаны қалыптастыру технологиясы . . .

2. 3. Психологиялық-әлеуметтік зерттеулер нәтижелері және оны құрудың ұстанымдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы мазмұны. Магситрлік диссертациялық зерттеу жұмысы-ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерін зерттеуге арналады. Зерттеуші ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтенудің және психологиялық бейімдеудің негізгі шарттарын бөліп көрсетіп, зерттеліп отырған мәселенің теориялық негіздемесіне талдау жасап, эксперементтік тұрғыда дәлелдеген.

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және де басқа да әртүрлі себептер тұрғысынан ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың саны артуда. Осыған байланысты ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу процесі, сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында өзекті болып отыр. Бұл жағдай, яғни ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың мәселелері және олардың психологиялық-әлуметтік бейімделуі психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналды.

Елімізде соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.

Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының, сонымен қатар психологиялық жағынан бейімделуінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масылдықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады.

Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады.

Айталық, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е. М. Рыбиновский Д. Янхольц, И. В. Дубровина, А. Г. Рузская, Дж. Боулби, И. М. Бгажнова, С. А. Беличева, Ю. В. Василькова және т. б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н. И. Пономарев, В. И. Жолдак, С. Б. Тихвинский, И. М. Воронцов, О. Ю. Фадеева және т. б. өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А. М. Прихожан, Н. Н. Толстых және О. Ажнина отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М. В. Осорина жетім баланың жеке дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаса, В. С. Мухин балалар үйіндегі жетім балалардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептерін зерттеген.

Ал, Л. С. Славина мен Г. М. Сысоева балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалардың өз мүмкіндіктерінің бағасын жоғарылату үшін жасайтын іс-әрекеттерін сипаттаған. Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Г. А. Уманов, В. В. Трифонов, Л. К. Керимов және т. б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған. Мысалы, Л. К. Керімов өз еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс-әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен. Ш. Е. Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік аспектілері қарастырылған. Бұл зерттеулер әрине, біздің мәселеге де қатысты, өйткені жетім балаларды, девиантты, қиын балалар қатарына да жатқызады. Қазақстандағы ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың дамуы мен оның тарихын Л. Г. Ақжаркенова зерттей келе ондағы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өзіндік үлес қосты. Ал, ол жердегі дене тәрбиесі арқылы ұлттық ойындарды ендіру әдістемесін Қ. Т. Жаңабаев зерттеген. Балалар үйіндегі еңбек тәрбиесін Н. Н. Семеренко қарастырған. Белгілі психологтар Б. Г. Ананьев, А. Т. Асмолов, А. А. Бодалев, В. В. Давыдов, М. Кле, А. Н. Леонтьев, отандық ғалымдар З. У. Кенесарина, М. М. Мұқанов, Ж. Н. Намазбаева т. б зерттеулерінде жалпы жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастырып, күнделікті жүріс-тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері мен бостандығының алатын орнын айқындаған. Ю. И. Юричка жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың диагностикасын қарастырған.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында ғылыми тұрғыдан саралай келе, келесідей нәтижеге көз жеткіздік, яғни жалпы орта мектептердегі оқушылар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік және психологиялық дамуының ерекшелігі, олардың біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде ғана емес, сондай-ақ олардың қоғамдағы белгілі бір орынды иеленулеріне де байланысты екенін байқаса болады. Осы жайында бір жақты жинақталған, яғни бір жүйеге келтірілген ақпарат өте аз. Сондықтанда ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың қоғамдық ортаға бейімделуі, әсіресе жасөспірімдік кезеңдегі оның жеке тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық дамуына тоқталып, оны жан-жақты зерттеу қажеттілігі байқалды.

Зерттеу жұмысы барысында ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, балалар үйінде тәрбие алып жатқан ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тек психологиялық ғана емес, сонымен қатар оларды әлеуметтендіруде “әлеуметтік-педагогикалық” білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көрдік. Бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, А. Лиханов, Е. В. Стребелова, Н. М. Михайлицкая және т. б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Жоғарыдағы ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біз әлеуметтендіру бейімдеу арқылы іске асырылатынына және адамдардың әлеуметтік тәжірибесі, қоғамдағы әдебі, нормаларымен байланыстылығына көз жеткіздік. Әлеуметтендірудің нәтижесі, қоғам талабын қанағаттандыратын әлеуметтену үдерісі болып табылады. Бірақ та, бұл үдеріс жетім балаларды әлеуметтендіруде өзіндік қиындық туғызады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе нерв жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Біздің ойымызша олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.

Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптсуына және де әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.

Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалар шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.

Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың -дербес өмір сүруге үйретуге қолғабыс етудің жолдарын іздеу болып табылады. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың үйі жағдайында әлеуметтендіру, өмірге бейімдеу үдерісінде жетім балаларға қолдау көрсетудің психологиялық жағдайларды жетілдірілудің өзектілігі арттып отыр. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың барынша нәтижелі тұлғалық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасауға болатын, олармен жұмыс жасаудың ерекше әдісін табу аса қажет. Бірақ та, жоғарыдағы аталған ғалымдардың еңбектерінде ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мәселесі көп зерттелмеген, осы мақсатында диссертацияның, яғни зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері» деп таңдадық.

Зерттеудің м ақсаты : Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздерін теориялық тұрғыдан негздеу және олардың тиімді ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау.

Зерттеудің нысаны : Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың қоғамдық ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі процесі.

Зерттеудің пәні :ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық бейімдеу факторлары.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер:

Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздерін теориялық тұрғыдан айқындалса;

- «Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік бейімделу» ұғымының мәні ашылса;

- Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық бейімделуінің ерекшеліктерін айқындау;

- Білім беру ұйымдарында балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиясы тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп, жүйелі түрде ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу үдерісіне ендірілсе, онда қоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-өзі құрметтей алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі белсендендіретін «Мен» ұғымы қалыптасқан тұлға қалыптасады, өйткені бұл қазіргі күнгі қоғам талабы.

Зерттеудің міндеттері:

- Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздерін анықтау;

- «Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік бейімделу» ұғымының мәнін ашу;

- Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық бейімделуінің ерекшеліктерін айқындау;

- Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу шарттары туралы ғылыми-әдістемелік жүйені даярлау және эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы : Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтенуі және психологиялық жағынан тұлғалық даму ерекшелігі, қоғамның әлеуметтік-мәдени-экономикалық ерекшеліктеріне тәуелді және ол әлеуметтік педагог, психолог тәрбиеші-педагог жүйесінің ықпалы арқылы іске асырылады. Оларды әлеуметтендіру және тұлғалық қалыптасуы үрдісі арқылы қоғамға дұрыс бейімделген, бойында рухани құндылықтар сіңірілген ізгілікті, өзіне сенімді, толыққанды жеке тұлғалар қалыптастыруға мүмкіндіктер тудырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы іс-әрекеттің өмір сүру қағидалары мен қоғам, табиғат пен ой-пікірдің даму заңдылықтары, философия, психология, педагогика, мәдениеттану, әлеуметтану, физиология, медицина ғылымдарының ілімдері.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 10 шілде 2000 жылы № 708 бұйрығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы «Балалар құқығы» туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі» туралы Заңы, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы қарарлары мен бағдарламалары, конституциясы, этномәдени білім беру тұжырымдамасы және басқа құжаттар мен ресми материалдар, оқу әдістемелік құралдар, философ, психолог, педагог, мәдениеттану, әлеуметтану-шылардың дүниетанымы, білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектері.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, медициналық әдебиеттерге теориялық талдау жасап, зерттеу, жүйелеу, жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін талдап, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, байқау, эксперимент нәтиже-лерін саралау, тиімділігін тексеру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері зерттеу деңгейлерін талдау арқылы сипатталды.

2. «Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтенуі» ұғымының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;

3. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық бейімделуінің ерекшеліктері айқындалды;

4. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтенуі және психологиялық бейімделуң туралы ғылыми-әдістемелер жүйесі ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ұсыныстар жасалды;

Зерттеудің практикалық мәні:

Зерттеу мазмұны, қорытындылары және әдістемелік ұсыныстарды жоғары оқу орындарында, колледждерде әлеуметтік педагогтар, психологтар, яғни педагогикалық кадрлар даярлау жүйесінде және білім беру жүйесінде кадрларды қайта даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды тәрбиеленетін мекемелер мен оларға білім беретін ұйымдараға оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды әлеуметтендіруге берілген өзіндік анықтама: «Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды әлеуметтендіру олардың әлеуметтік қасиеттерді, тұлғалық тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы қиын үдеріс»;

- ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды тәрбиелейтін білім беру мекемелердің оқу-тәрбие жүйесінде оларды әлеуметтендіруге тиімді ықпал ететін ұйымдастырушылық-психологиялық негіздер жиынтығы;

- Отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың жеке тұлғалық өзгешілік сипаты;

- Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды әлеуметтендірудің тәрбиеші-психолог-қоғам жүйесі мен әдістемесі.

Зерттеу кезеңдері:

Алғашқы кезеңде (2011 жж. алғашқы жарты жылдығы) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналып, теориялық негіздері жүйеге келтіріліп, зерттелу жәйі қарастырылды. Тарихи, философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, библиографиялық, статистикалық-материалдар жинақталды. Зерттеу жұмысының жүйесі, ғылыми аппараты жасалынды, айқындаушы іс-тәжірибе жүргізіліп, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық, әлеуметтену, бейімделу деңгейлері айқындалды.

Екінші кезеңде (2011 ж. ж. аяғы 2012 жылдың басы) жинақталған деректер қазіргі педагогика және психология ғылымдарының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынды. Мәселеге байланысты әр саладағы ғалымдардың еңбектеріндегі ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тәрбиелеу, қазіргі қоғам өміріне бейімдеу туралы көзқарастары жүйеленді. ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері анықталып, теориялық моделі құрастырылып, жетім балалар, әлеуметтік жетімдер ұғымдарының жаңаша психологиялық тұрғыдан мәні ашылып, мазмұны нақтыланды. Жүргізілген іс-тәжірибенің нәтижелері, көрсеткіштері айқындалды.

Зерттеу базасы: Тараз қаласындағы № 1 Сармолдаев атындағы балалар үйі және Ұлан балалар үйі.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- : ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағыттаудағы көпқырлы қиын үрдісі ретіндегі жетім балаларды әлеуметтендіруге берілген анықтама;

- : ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың психологиялық бейімделу ерекшелігі, оларды әлеуметтендіруге тиімді ықпал ететін ұйымдастырушылық-психологиялық негіздер жиынтығы;

- жетім балалардың әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары;

- жетім балаларды әлеуметтендірудің әлеуметтік педагог, тәрбиеші-педагог, қоғам жүйесін арнайы мекемеде іске асыру тәжірибесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелеріне арналған философиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және педагогикалық еңбектердегі қағидалар басшылыққа алынып, жасалған эксперимент жұмыстардың нәтижелері өңделді, алынған деректер сарапталып, қорытындысы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру:

Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша жалпы саны 6 мақала шыққты:атап айтсақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «ТИГУ хабаршысы» журналында 2-і мақала, және де 4-і шетелдік халықаралық ғылыми конференцияларда жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде: зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, зерттеу міндеттері, зерттеу көздері, әдіснамалық негізі мен зерттеу әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі қорғауға ұсынылған тұжырымдар, зерттеу кезеңдері, диссертацияның құрылымы қарастырылды.

“Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің ғылыми-теориялық негіздері” атты бірінші бөлімде мәселенің ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің мазмұны түсіндірілді, әлеуметтендіру үрдісі көрсетілді, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың бейімделуінің тұлғалық- психологиялық ерекшеліктері талданды, сонымен қатар отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың жеке тұлғалық өзгешілік ситаты, олардың мінез-құлық ерекшеліктері, әсер ететін себептер анықталды.

“Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу шарттарын эксперименталды тұрғыдан зерттеу ” тақырыбына жазылған екінші бөлімде білім беру ұйымдарында балаға достастық ортаны қалыптастыру әлеуметтік-психологиялық бейімделу факторы айқындалып, балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға достастық ортаны қалыптастыру технологиясы мен әлеуметтендірудің әдістері берілді, қорытынды психологиялық-әлеуметтік зерттеулер нәтижелері және оны құрудың ұстанымдары көрсетілді.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұлғалық әлеуметтік-бейімдеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған қорытындылар мен ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесінің болашағы көрсетілді.

1. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН ТЫС ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтендіру мәселесін талдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларының психологиялық қабілетін айқындау
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Баланы асырап алу тәртібі
АТА - АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz