Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде
2.Бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бастауыш класстарда математика оқытудың мақсаттары, міндеттері мен мазмұны.
1. Бастауышда жұмыс істеуде орта мектепте математика оқытуда жоспарланған жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді шешудегі бастауыш білімнің рөлін дұрыс бағалай білу.
2. Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер бастауыштың өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни олар оқушылар санасында өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық түрде өтілуіне қарай, бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қаралады. Немесе біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру процессінде пікірлеу қабілетін арттыру мақсатында қаралады.
Міндеттері
1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін қалыптастыру
2. Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету.
3. Оқушыларда қисынды (логикалық) пікірлеу қабілетін қалыптастыру.
4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету
5. Оқушыларды еңбекке баулу, сана тәртіптілігі, еңбекті нақтылай ұйымдастыру, пікірді бір орынға топтау және нақтылауға үйрету.
Мақсаттары
1. Білім беру
2. Тәрбиелеу
3. Өмірлік –практикалық білім – дағды дарыту
1. Математиканы оқытудың білімдін мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады.
Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.
2. Тәрбиелік мақсат – математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы сәттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің кейбір негізгі түрлері:
а) оқушыларда ғылыми дүние танымын қалыптастыру (Тарихи – математикалық мағлуматтар көмегімен)
б) Шәкірттерде озық моралдық қасиеттерді қалыптастыру (саналы тәртіп, белсенділік, қиындықты жеңе білу бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, табандылық адалдық, жауапкершілік т.б.)
в) Математика сабағында – патриотизм және интернационализм рухында тәрбилеу (Ал-Фараби, әл-Хорезми т.б.)
г) Эстетикалық тәрбие (әдемілік) фигуралардың қасиеттері, симметрия. Ең әсем шешуін табу.
3. Өмірлік –практикалық мақсат
а) өмірлік –практиканың қарапайым есептерін шешуге физика, химия, сызу, ақпараттану т.б. пәндерді оқып үйренуге пайдалану білу
б) математикалық құралдармен аспаптарды пайдалана алу
в) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету
г) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолтабыс тигізу
1. Әбілқасымова А.Е Математикадан дидактикалық тапсырмалар жинағы А., Қазақ университеті баспасы. 1991ж. 71 бет
2. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Методика преподавания математики в начальных классах. М., Просвещение. 1984, 335 стр.
3. Оспанов Т.Қ. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. А., Мектеп, 1997ж. 160 бет.
4. Рахымбеков Д. Кенешев Ә. Математикалық ұғымдарды оқыту. Жезқазған., ЖУ. 1997 -61 бет
5. 1,2,3,4 кластарға арналған Математика оқулықтары
6. Оспанов Т.Қ., Қурмалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі ІІ болім А. Республикалық баспа кабинеті 1996

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде
2.Бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бастауыш класстарда математика оқытудың мақсаттары, міндеттері мен
мазмұны.
1. Бастауышда жұмыс істеуде орта мектепте математика оқытуда
жоспарланған жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді
шешудегі бастауыш білімнің рөлін дұрыс бағалай білу.
2. Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер
бастауыштың өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни
олар оқушылар санасында өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал
кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық түрде өтілуіне қарай,
бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қаралады. Немесе біліктілік
пен дағдыларды қалыптастыру процессінде пікірлеу қабілетін
арттыру мақсатында қаралады.
Міндеттері
1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін
қалыптастыру
2. Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі
жағдайларда қолдануға үйрету.
3. Оқушыларда қисынды (логикалық) пікірлеу қабілетін қалыптастыру.
4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету
5. Оқушыларды еңбекке баулу, сана тәртіптілігі, еңбекті нақтылай
ұйымдастыру, пікірді бір орынға топтау және нақтылауға үйрету.
Мақсаттары
1. Білім беру
2. Тәрбиелеу
3. Өмірлік –практикалық білім – дағды дарыту
1. Математиканы оқытудың білімдін мақсаты барлық оқушыларды математика
ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы
да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру
болып табылады.
Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.
2. Тәрбиелік мақсат – математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы сәттерді пайдалану болып
табылады. Тәрбиенің кейбір негізгі түрлері:
1) оқушыларда ғылыми дүние танымын қалыптастыру (Тарихи –
математикалық мағлуматтар көмегімен)
2) Шәкірттерде озық моралдық қасиеттерді қалыптастыру (саналы
тәртіп, белсенділік, қиындықты жеңе білу бастаған істі аяғына
дейін жеткізе білу, табандылық адалдық, жауапкершілік т.б.)
3) Математика сабағында – патриотизм және интернационализм рухында
тәрбилеу (Ал-Фараби, әл-Хорезми т.б.)
4) Эстетикалық тәрбие (әдемілік) фигуралардың қасиеттері,
симметрия. Ең әсем шешуін табу.
3. Өмірлік –практикалық мақсат
1) өмірлік –практиканың қарапайым есептерін шешуге физика,
химия, сызу, ақпараттану т.б. пәндерді оқып үйренуге
пайдалану білу
2) математикалық құралдармен аспаптарды пайдалана алу
3) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету
4) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолтабыс тигізу
Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде
Қазіргі, ғылыми-техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың
ролі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік қауырт прогресс жағдайында мектептің
ролі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, мектептің - басты міндеті
оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары
сана сезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық
таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу
мақсатымен мектепте берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника
және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу
жоспарын және программасын енгізу керек.
Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен
соңғы жылдары мектепте білім беруді қайта құру жөнінде үлкен
жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік,
оның ішінде математикадан да, жаңа программа енгізіліп, оқыту әдістері
жетілдіре түсті. 1995 жылдан бастап мектептін бастауыш кластарында оқыту
ісі жаңа программалар бойынша жүргізіле бастады.
Бастауыш кластардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне
байланысты жаңа әдістемелік жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске
асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде
математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі
пайдаланылды.
Бастауыш класс оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш
оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін,
бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесін игеруі тиіс және осының
негізінде ол өз бетімен творчестволық жұмыс істейтін болуы керек.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі класс
оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу
және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш
курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан
бастауыш кластарда қандай материал оқылатыны және неге дәл
сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш
кластарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай
тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді
екендігі айтылады. Математиканы бастауыш кластарда оқыту әдістемесінде
курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10
көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап
айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) оқып
үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі
оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық
мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды
қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ методикада
математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай
ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру
сипатты екендігі белгілі, олай болса, методиканың міндеті — жаңа адамды
тәрбиелеуге оқушылардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін оларды
математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып
қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен мұғалімді қаруландыру.
Математиканы оқыту методикасы жоғары оқу орнында өтілетін басқа
пәндермен тығыз байланысты.
Математиканы оқыту методикасы ең алдымен өзінің негізі математика
ғылыммен табиғи байланысты. Математиканың мектепте өтілетін курсы мазмұнын
таңдап алуда математика ғылымының өз деңгейі әрқашан әсерін тигізіп
отырады: белгілі бір уақыт кезеңінде математиканың қандай идеялары жетекші
болатынына қарай материалдың мазмұны іріктеп алынады да, енгізіліп отырған
ұғымның қайсыбір түсініктемелері (трактовкасы) беріледі. Математиканы оқыту
әдістері математиканың бастауыш курсында айқындалатын идеяларына байланысты
болады. Методиканы терең ұғынып оны мектеп практикасында творчестволық пен
қолдануда мұғалімнің математика курсын жақсы білуі және ең негізгі
математикалық ұғымдардың қазіргі кездегі түсініктемелерімен таныс болуы
талап етіледі.
Математиканы оқыту методикасы педагогикамен және педагогикалық
психологиямен тығыз байланысты. Математика курсын құруда, математиканы
оқыту методикасын таңдап алуда, математиканы оқыту мақсаттары мен
міндеттерін белгілеуде математика методикасы педагогика мен педагогикалық
психологияда айқындалған жалпы оқыту заңдылықтарына сүйенеді. Педагогика
немесе психология ашып берген оқытуға қатысты жаңа заңдылыктар методикада
да әрқашан әнгіме болады. Методиканың дербес қағидалары педагогикалық және
психологиялық тұжырымдар үшін материал болып табылады. Мұғалім әрбір
методикалық әдістен, жаттығулар жүйесінен педагогикалық және психологиялық
зандылықтардың, көрінісін байқап отырса, әрбір сабақты талдау кезінде
соларға сүйеніп отырса, әрбір оқушы терең білім алатындай дәрежеге жетуге
ат салысып, сол зандылықтарды пайдаланып отырса, сонда ғана методиканы
саналы түрде игеріп, дұрыс қолдану мүмкін болады. Математиканы оқыту
методикасынын төменгі класс оқушыларына білім және тәрбие беру міндеттерін
шешуде, басқа методикалармен (қазақ тілін оқыту, еңбекке тәрбиелеу, сурет
салу методикасы т. с. с.) көптеген ортақ мәселелері бар. Пән аралық
байланыстарды дұрыс іске асыру үшін, мұғалімнің мұны ескеруі өте қажет.
Математика методикасы мұғалімдердін озат тәжірибесінін қорытындысы
ретінде тарихпен қатарласа қалыптасып келеді. Казіргі кезде сол тәжірибе
қорытындысы да пайдаланылып отыр бірақ негізге алынып отырғаны басқа
материал математиканы оқытудың жаңа әдістері ғылыми зерттеудің нәтижесі
болып отыр, өйткенде математика ғылымының өзіндегі жаңа бағыттар мен
психология педагогикалық зерттеулердің табыстары ескеріледі Ғылыми
зерттеулердің нәтижелері алдымен жеке мұғалімдердің іс тәжірибелерінде
тексеріледі, ал содан кейін тиімді болып табылған әдістер көпшілік
мектептерде енгізіледі.

Бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесінің дамуы

Жалпы кез-келген ғылым сапасы сияқты бастауыш қазақ мектептері де
математиканы оқыту мен дамыту қолға алынуда.
І Оқушыларға қажетті негізгі білім, білік, дағдыны анықтай білуге;
2 Оқытудың негізгі мазмұнын, мақсатын, әдіс-тәсіл, формасын,
құралдарын сабақтың әр кезеңіне байланысты таңдай білуге;
3 Қойылған мақсат, міндеттердің орындалу нәтижесін оқушыларды
бақылау, әңгімелесу, тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша сәйкестей
білуге дайындау болып табылады. Мұндай білім, дағды, іскерліктерді
қалыптастыру үшін ұйымдастырылатынпрактикалық және лабораториялық
жұмыстардың мазмұнын анықтау қажет. Практикалық жұмыстардың келесі түрін
орындауды жоспарлауға болады:
1. Бастауыш кластарға арналған оқыту-әлістемелік жиынтықтың
құрлымымен таныстыру, талдау. І-ІV класқа арналған бағдарлама, оқулықтар,
математика дәптерлері, кестелер жинағы, қосымша материалдр, оқытушыға
арналған нұсқау.
2. Балалар бақшасы, бастауыш және орта буын мектептеріне
арналған бағдарламаларды талдау арқылы арасындағы сабақтастықты ашу және
оны қажетті жерде пайдалана білу;
3. Математикадан әр оқу жылының соңында оқушылардың білім,
білік, дағдыларына қойылатын талаптарды талдау, меңгеру;
4. Оқушылардың білімін тексеру түрлері, бағалау, бағалау нормасын
практикалық іс жүзіне қабылдап үйрену.
5. Бастауыш класс бағдарламасы бойынша белгіленген теориялы
білім жүйесін бекіту, пысықтау, практикада пайдалануды меңгеру үшін қажетті
жұмыстың тиімді түрін ұйымдастыруға дайындау;
6. Мектептің бастауыш шағын комплекті кластарында
ұйымдастырылған сабақтың түріне қатысу, талдау.
“Бастауыш кластар математикасы курсының түсініктері мен
ұғымдарының мазмұны және оларды қарастырудың әдістемесі” атты бағдарламаның
тарауы бойынша Орал педагогикалық училищесі пән бірлестіктері ұжымының
жетекшісі Культюшнова Л.П. жоспарланған тақырыптарын үлгі ретінде ұсынып
отырмыз.
1. тақырып. “Сандарды оқу, жазу, салыстыруға дайындық туралы негізгі
түсінік”.
1. математика оқулықтарынан І-ІV кл. әр концентрге дайындық сабақтарын
тауып, тақырыбын негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтау;
2. 1-класқа арналған № 1 математика дәптерінің Оспанов Т.К.Құрманалина
Ш.Х.т.б. дайындық кезеңіне арналған беттері бойынша жұмыс ұйымдастыру.
3 Дайындық кезеңіне арналған ойындар ұйымдастыру;
Ойын: “Көрнекі құралдары дәріптеу, сату, тіркестіру” Инвентаризация,
аукцион пособий подгот, периода.
ІІ такырып. “ Сандарды оқу, жазу және салыстыру”.
п 1 сабақ: “10-ға дейінгі сандар қатары 0 саны және цифры”.
1. “1, 2, 0, 3 сандар және цифры” тақырыптары бойынша және материалды
түсіндіру кезеңін ұйымдастыру.
2. “Ондық” тақырыбына арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы бастауыш оқыту әдістері
Бастауыш мектептегі математика
Математиканы оқыту міндеттері
Математиканың бастауыш курсындағы жай есептердің түрлері, оларды шешудің әдіс-тәсілдері
Бастауыш кластарда математикасында дайындық кезеңін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Математиканы оқытудың теориясылық негізі
Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Алғашқы ондық сандарын оқыту
Пәндер