Бақтияр Артаев

Бақтияр Артаев
“Бақтиярың кім, “Баркерің” кім еді өзі?” дейсіздер ме? Бақтияр –
осыдан төрт жыл бұрын өткен Афина Олимпиадасының жалғыз дара чемпионы, ал
“Баркер” деп отырғанымыз – Олимпиада кезіндегі ең шебер боксшыға берілетін
Вэл Баркер атындағы ауыспалы кубок. Бұл кубоктың дүние жүзінде бармаған елі
жоқ. Тәуелсіздік алғалы бергі он алты жыл ішінде қазақ жұртын да екі рет
қуантты. Бірінші жолы “Балқаш жол–барысы” – Василий Жиров ұстап келсе,
екіншісінде “Тараздың тастүлегі” Бақтияр төбесіне көтеріп қайтты.
Бақтияр бұл құрметке қалай қол жеткізді? О-о-о, ол енді ұзақ әңгіме. Бірақ,
әліміз келгенше қысқартып айтып көрелік.
***
Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны шамадан тыс ауырлау болды да, боксшылар
шаршаңқырап қалды. Оның үстіне Афинаға барғаннан кейін де жаттығу үдемесе,
саябырлаған жоқ. Өйткені, он күндей ерте барған боксшылардың жаттығуға
уақыты мол еді. Бапкерлер де аямады. Темірден жаралған жоқ қой, Бақтияр да
құр сүлдері қалған жігіттердің бірі. Бірақ дес бергенде ақылы “күш-
қайратыңды сақта, жаттығуға барыңды сала берме” деп сыбырлағандай болды.
Өйткені, жаттығу кезінде шаршап-шалдығып, құр сүлдері қалса, рингке
шыққанда қарсыласыңа “жем” болдым дей бер. Сондықтан күтіп, бапкерлеріне
“ағай, бүгін ауырып тұрмын” деп төрт күндей демалып, жарыс басталғанша өзін-
өзі “қалыпқа” келтіріп алды.
Алғашқы жекпе-жек камерундық боксшымен болды. Одан кейін әлекедей жаланған
түркімен жігіті рингке шықты. АИБА-ның әлемдік рейтингісінде атағы онша
шықпаған жігіт болса да, мықты екен. Әсіресе, оң қолының соққысы өте ауыр.
Ауыры сол, алғашқы жекпе-жегінде латвиялық боксшыны екінші әлде үшінші
раундта ұшырып түсірді.
Түркіменмен жекпе-жекке шығар алдында төрт күн үзіліс болды. Бақтияр осы
төрт күнді “айламды қалай асырсам екен” деген оймен өткізді. Өйткені,
бокстың аты бокс, оң қолының ыңғайына кеп қалсаң, тағдырым бір-ақ секөнтте
шешілді дей бер. Ал ақалтеке тұлпарлары болмаса, бокс өнерінде аты беймәлім
түркіменнен “ұтылып қалды” деген сөзді қазақтар кешірмейді. Жаттығу залына
бас сұғып көрмегендердің өзі: “Кім еді ол сонша?” – деп шығады. Бірақ,
түркімен боксында да күштілер бар. Сондықтан Бақтияр “ұрысқа” жақсылап
дайындалып, оны бірінші раундта-ақ “сындырып” тастады. Қалған раундтарда
еркін ойнады...
Үшінші жекпе-жек - украиналық Поляков деген боксшыға түсті. Ол да
Олимпиадаға “мықтымын” деп келген боксшы. Өзі Ресей турнирлерінде үнемі
жеңіске жетіп, мерейі үстем боп жүр екен. Тіпті Ресейдің ең мықтысы атанған
Олег Саитовты ұтқан боксшылармен де бақ сынасып, жеңіске ие болған деген
атағы құлаққа жеткен. Оның үстіне ширек финалға Еуропаның кіл мықтыларын
қирата жеңіп кеп отыр. Міне, осы Поляков “паңмен” жекпе-жекке шығар алдында
бапкерлер жүзінен алаңдаушылық сезімі кәдімгідей-ақ байқалып қалған. Бірақ
Бақтиярдың көңілінде “мен оны қалай да ұтамын” деген бір сенім ұялап,
намысын қамшылағандай болды. Бірақ алғашқы 50 секөндте Бақтияр одан 6:1
болып ұтыла бастады. Сын сағатта бес ұпай деген де әжептеуір айырмашылық.
Екінші минөт басталған кезде Бақтияр қарқынын үдетті. Былайғы кезде қыздай
болып сызылып тұратын ұяң жігіттің бір ерекшелігі рингке шыққан кезде ата-
бабасының туған жері Борандының желіндей дүлейленіп кетеді. Міне, осы дүлей
боранға ұқсаған ғаламат соққыларға Поляков шыдамады. Сөйтіп, үшінші
раундтың басында Бақтияр 20 ұпай жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бапкерлердің таңғалысында шек жоқ. “Олимпиада сияқты үлкен жарыста жартылай
финалға айқын басымдықпен шығу екінің бірінің қолынан келе бермейді”, –
дейді мәз болып.
Қазақта “соңғы түйенің жүгі ауыр”, “қуырдақтың көкесін түйе сойғанда
көресің” деген сөз бар. “Ұрыс” кезегі Ресейдің мықтысы Олег Саитовқа келген
кезде бапкерлер мен боксшылардың жүзінен “Бақтияр өз биігіне жетті,
маңдайымызға қола медаль да аздық етпейді” дегенге келіңкірейтін
дүмбілездеу көңіл-күйдің ауаны аңғарылып қалды. Өйткені, орыстар Ресей
мемлекетінің мәртебесі үшін бұған дейін екі дүркін Олимпиада чемпионы
болған Олег Саитовты үшінші рет чемпион қыламыз деп келіп отыр ғой. Абырой
болғанда Бақтияр бокстағы “Ресей барьерін” де бағындырды. Қалай? Шебердің
аты шебер емес пе? Бақтияр өте ақылды жігіт. Қулық керек болса ол да бар.
Ол Саитовтың әдісін өзіне қарсы пайдаланды. Өйткені, Олег сияқты “жасы
келіп қалған” жігіт, Борандының дүлей “боранына” төтеп бере алмасын жүрегі
сезді. Одан кейін жылдамдығы төмендеу екен. Әлбетте, мұның бәрі бір сәттің
шешімі емес еді...
Бақтияр Саитовты көп “зерттеген”. Өйткені, орыс боксшыларының бір қасиеті
бар. Мысалы, кейбір әлсіз қарсыластары рингке шыққан кезде ештеңеден
қаймықпайды. Шығады да, ойына алған әдіс-тәсілдерін қолданып, беймарал ұтып
шығады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz