Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойындарды ана тілі сабағында пайдаланудың психологиялық, педагогикалық, әдістемелік материалдарына талдау
Кі р і с п е
I тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу . тәрби жұмысын
ұйымдастыру барысында қазақтың ұлттық ойындарын
пайдаланудың педагогикалық мәселелері.
1.1. Қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихы
1.2. Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойын
қолданудың педагогикалық. психологиялық негіздері
II тарау. Бастауыш мектеп жүйесінде ана тілі
пәнін оқытуда ұлттық ойындарды қолданудың
теориялық әдістемелік мәселелері.
2.1.Ана тілі пәнін оқытуда ұлттық ойындарды
пайдаланудың қазіргі кезеңдегі зерттелу мәселелері мен
тәсілдері
2.2.Ана тілі пәнін оқытуда ұлттық ойынды
пайдаланудың тәжірибелеріне талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры. Білімділерді аялап тербетер, баптап әсірер тәрбие керек. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару- ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет-талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып, оны өсіріп шығару. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндей шығармашылық негіздерді нығайту оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады. Мүғалім өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білуі қажет. Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу - мұғалімнің басты мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден бір тиімді жолы-сабақта ойын түрлерін пайдалану болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану - ғасырлар бойы тасада қалып келген тамаша дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлксн көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезініп өседі. Сонымен қатар халықтық ақыл ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады.
Мектептің табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек оларды саналы етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға, халқымыздың салт - дәстүрін меңгертуге тиіс. Осы мәселелерді қарастыруда ұлттык ойындардың алатын орны ерекше.!
Ойын - баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Мысалы: Иохан Хсйзинигтің "Ойыншы адам", Д.В. Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар", С.Л.Шмаковтың "Ойын және балалар",

1 . Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты.
Н е г і з г і ережелер. Алматы, "Роид" 2002 ж.
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің

Ж а л п ы бастауыш білім. Алматы "Роид" 2002 ж.
3.Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары 1-5 сыныптар. Алматы 1997ж.
4.Қуыр, қуыр, қуырмаш,, С.Ахметов. Алматы. 1993ж.
5.Педагогика, М. Жұмабаев.
6.Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. 2001ж. Ү.Жазықбаев. Ж.Тәжиева. 69-76 бет.
7.Педагогика, Ж. Б.Қоянбаев. Астана. 1996
8.А.С.Макаренко „Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары, Ал маты. 195 2 жьш.
9.Б.Төтенаев. "Халық ойындарының тәрбиелік маңызы"
10.Қазақтың ұлттық ойындары. Б.Төтенаев.
11.Ұлттық ойындарды оқу- тәрбие ісінде пайдалану. Е.Сағындықова. Алматы. „Рауан,, 1993. 3-10 бет.
12.Ұлттық ойындар- тәрбие негізі. М.Н. Смайылова. 10. Сауаттылыққа үйрету әдістемесі. Б.Ысқақ.Ү.Сатқанбаева. Шымкент-2000. 21-30 бет
13. Қазақстан мектебі. 1974.№5.
14. Ақ сандық, көк сандықАБалалар фольклоры. 1988.3-13 бет.
15. Педагогика, М. Жұмабаев
16."Ұлағат" журналы. №6. 200ІЖ. 30 бет.
17.Казақстанмекгебі №1-2. 2002 к.
І8.Казақстан мектебі №3 2002 ж.48 бет. Ойын адам психикасын дамыту факторы.
19. "Болашақ" газегі. Қазан№39. 2003 ж. „Ойын фольклоры сабақга,
мамыр. 2003 жыл. Қараша №41 2003жьш.
20. Әдістемелік жаршы №1. І998 жыл. 10- беі Баланьң тілін
дамытудағы сыныпгың маңызы,
21.Бастауышмектеп.„Білімберубағьпыңдағыжаңа ізденістер. 9-11 бет. 2000. №10
22.Бастауыш мектеп. №3 1998ж 15 бет. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы. №9.2002ж. 24-25 бет.
23.Бастауыш мектеп. "Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері'' №10 2000ж. 34-35 бет.
24.Бастауыш мектеп . Ойын арқылы дамыгу.2003ж. 23.Бастауыш мектеп "Білім берудің бастыкұральг''

Мазмұны
Кі р і с п е
I тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу - тәрби жұмысын
ұйымдастыру барысында қазақтың ұлттық ойындарын
пайдаланудың педагогикалық мәселелері.
1.1. Қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихы
1.2. Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойын
қолданудың педагогикалық- психологиялық негіздері
II тарау. Бастауыш мектеп жүйесінде ана тілі
пәнін оқытуда ұлттық ойындарды қолданудың
теориялық әдістемелік мәселелері.
2.1.Ана тілі пәнін оқытуда ұлттық ойындарды
пайдаланудың қазіргі кезеңдегі зерттелу мәселелері мен
тәсілдері
2.2.Ана тілі пәнін оқытуда ұлттық ойынды
пайдаланудың тәжірибелеріне талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
К і р і с п е
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі:
ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры. Білімділерді аялап тербетер,
баптап әсірер тәрбие керек. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси,
мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін
білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару-
ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам
ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық
мәселе болған. Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса
маңызды міндет-талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып, оны өсіріп шығару.
Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндей шығармашылық негіздерді
нығайту оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану,
барлық әдіс тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие
беру жүзеге асады. Мүғалім өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білуі
қажет. Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу - мұғалімнің басты
мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден бір тиімді жолы-
сабақта ойын түрлерін пайдалану болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ойын
түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану - ғасырлар бойы тасада қалып
келген тамаша дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге
үлксн көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың
өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-
дәстүрлерді саналы түрде сезініп өседі. Сонымен қатар халықтық ақыл ойдың
дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі
мақсаттарға жол ашады.
Мектептің табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек оларды
саналы етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп
оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың
нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани
қазыналарымен байытуға, халқымыздың салт - дәстүрін меңгертуге
тиіс. Осы мәселелерді қарастыруда ұлттык ойындардың алатын орны ерекше.!
Ойын - баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар зерттеуде.
Мысалы: Иохан Хсйзинигтің "Ойыншы адам", Д.В. Элькониннің "Ойын
психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар",
С.Л.Шмаковтың "Ойын және балалар",
Б.Тотенаевтің "Ұлттық ойындар", Е.Сағындықовтың "Халық ойындарының
тәрбиелік маңызы", Смайлованың "Ұлттық ойындар тәрбие
негізі", А.Б.Салқынбай, Б.Көккөзованың "Ұлттық ойындарды оқу
тәрбиесінде пайдалану" атты еңбектері жазылды. Б.Ысқақ,
Ұ.Сатқынбасваның "Әдіскер тағылымы", Ү.Жазықбасва мен Ж.Тожиснаның "Жаңа
адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді" атты еңбектерінде кіші мектеп
жасындағы оқушыларға білім беруде ойындардың маңыздылығы жөнінде атап
керсеткен.
Жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.
Бұл ғылым жүйесіне тұтас педагогикалық процестің енгізілумен байланысты.
Білім беру саласында жаңа ынтымақтастың пен жаңаша ойлау жүйесі қлыптасуда.
Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді интелтктуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп -
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз с а л а д ы .
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім
беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі
мәселе болса, бастауыш мектеп - оқушыны түлға етіп қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы.
Ауыл қазақ мектебі үлттық деп аталауына лайық болуы үшін оқушыларды
тәрбиелеуде, тәлім тәрбиенің әдіс-тәсіл түрлерін жақсы қарастыруымыз керек.
Елбабамыз Нұрсүлтан Әбішүлы Назарбаевтың "Бүгінгі күндегі қазақ
жеріндегі оқу - ағарту ісі тек бір мекеменің міндетімен шектеліп қойылмауы
тиіс. Ұлт болашағын қамтамасыз ету - әрбір сапалы азаматтың парызы мен
борышы. Демек, ұлтымыздың рухани жаңаруы бүкіл халықтың ісі" деп айқын
айтқан іргелі тұжырымдары бәріміздің ойымыздан шығады.
Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып,
түбегейлі жаңартылуы керек. Елімздің болашағы көркейіп, өркениетті
елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру
қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Сабақ құрылымын жан-жақты жаңа
технологиялық әдістермен түрлендіріп жатқанымен, ұлттық ойындарды
пайдаланудың да білім сапасын көтерудегі а л а т ы н орны айрықша.
Бастауыш сынып оқушысы әлі дс ойын баласы. Оларға халықтық ойындарды
пайдаланып өтілген сабақ өте тартымды да, қызықты, әрі жеңіл болады.
Сондықтан да біз бастауыш мектеп оқушысына ойын элементтерін пайдаланып
сабақ өту тиімді екенін ескере отырып, дипломдық жұмысты осы тақырып
тұрғысында қарастырып отырмыз.
Дипломдык жүмыстың мақсаты:
Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойындарды ана тілі
сабағында пайдаланудың психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік материалдарына талдау ж а с а й о т ы р ы п , о н ы
қолданудың психологиялық,педагогикалық
негіздерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1 . Бастауыш мектеп жүйесінде ана тілі пәнін оқыту барысында қазақтың
ұлттық ойындарын пайдаланудағы әдістемелік мәселелері.
2. Ұлттық ойындардың даму тарихына ғылыми
түрғыдан шолу жасай отырып, пайдалану қажеттігін
дәлелдеу.
3. Ана тілі сабағында ұлттық ойын түрлерін пайдалана
отырып,оқушыларға ана тілінен білімнің,
біліктің белгілі жүйесін меңгерту.
4. Ана тілі сабағында үлттық ойын түрлерін пайдалана отырып, оқу
қызметін ұйымдастыруға қажет болатын мағлұматтарды тиімді пайдаланудың
қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
5. Ана тілі сабағында ұлттық ойын түрлерін еріктілік саналық
негізінде ұйымдастырып, оқушының оқу қызметін қамтамасыз ету.
Зерттеу объектісі: 4-сынып ана тілі сабағындағы оқу-
тәрбие жұмыстарның ұлттық ойындармен байланыстыру мәселелері.
Зерттеу әдістері:
Тақырыпқа байланысты озық іс-тәжірибелерге сұрыптама жасау, әдебиеттер
таңдау, озат тәжірибелерді жинақтау.
Зерттеупәні: 4 -сыныпта ана тілін оқьпу процесі.
Зерттеу кездері: Қазакстан Республикасының ресми материалдары,
окулықгар, оку құралдары, Қазақстаңдық және шетел ғалымдарының
педагоггардың, психологтардың ойын төңірегіңдегі еңбектері, озық тәжірибелі
ұстаздардың ұлтгық ойындарды оқу тәрбие процесіңде пайдалану жөніндегі
тәжірибелері және автордың өз тәжірибесі.
Зерттеудің әдісі: Педаготикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерді қарастырып, теориялық талдау жасау, озық
педагогикалық ; тәжірибелерді оқып үйрену және жинақтап қорыту,
педагогикалық бақылау, салыстыру, зерттеу жасау, жинақталған материалдарды
өңдеу.
Диплом жүмысының қүрылымы:
Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және әдебиеттер тізімінсн тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты,
зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні,
міндеттері, зерттеудің, ғылыми болжамы, әдістері, зерттеу кездері
баяндалады.
Бірінші тарауда бастауыш мектептің оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
халықтық ойындарды пайдаланудың педагогикалық психологялық мәсе(лелері,
ұлттық ойындардың өзіндік ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші тарауда бастауыш мектеп ана тілі пәнін оқытуда ұлттық
ойындарды қолданудың, әдістемелік негіздері арқылы оқушылардың оқу іс
әрекетін дамыту мәселелері қарастырылады.
Қорытындыда теориялық және тәжірибелік жұмыстардың
нәтижелері негізделген түжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастру
барысында қазақтың халықтық ойындарын пайдаланудың педагогикалық
мәселелері.
І.І. Қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихы.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға
баспайды. Демек зерттеуді өз тарихынан бастау -ғылым жетістіктерін игерумен
қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер түғызады. Дәл осы
жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатысы болса керек. Ойналып
жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық,
садақ ату, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы
жайында ағылшын ғалымы Э.Маклей "Бұл ойындардың барлығы дерлік Азия
елдерінде тарағанға ұқсайды"- дейді. Бүл ойды Венецияның саяхатшысы Марко
Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген
"қызбөрі" ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған
кезінен, яғни топтық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне
тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра
беруден бастаған. Солардың бірі -ұлт ойындары. Халықтың сәби шағымен
бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой
жүйесінің заңды жалғасы ретінде танып білудің, үйренудің, тәжірибе
пайдаланудың үлкен білімдік тәрбиелік маңызы бар.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген.
Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері
ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болған. Көшпелі өмір кешіп, мал
баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де көңіл
көтеретін қызығы да осы ұлт ойындары еді.
Халқы арасында "Десаулық - зор байлық" деп тегін айтылмаған. Бүл арқылы
халық даналығы тіршіліктің көзі деп денсаулық екенін тағы ескертеді.
Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде
ойынды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру -жас организмнің дұрыс
та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге жасөспірімдер ойын ойнаған кезде
көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт
алады.
Демек, қазіргі бізге жеткен өнердің театр элементтерінің қай қайсысы
болса да ойын үстінде көрсетіліп, осы ойындардың әр түрлі мәнерлі
орындауының нәтижесінде көп қазіргідей үлкен өнер дәрежесіне жетті. Біз
зерттеп жинаған жүзге тарта ойындардың қалыптасу тарихы, халық арасына
таралуы, тәрбиелік мәні - мағынасы, міне осының айғағы іспетті.
Өткен ғасырлардағы Қазақстан жерінде болған орыс саяхатшыларының
еңбектері мен зерттеулеріне қарағанда, жамбы ату ойыны ең алғаш рет Азия
мен Қазақстанда тараған көрінеді. Содан барып Европаға, тағы басқа елдерге
ауысқан сияқты. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін тағы басып көрсетеді.
Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып атқан ғой.
Ал жұмыр жерделі басқа халықтар арасында жамбыны бір орында тұрып жаяу,
аспай - саспай ғана ататындары бар. Бұл ойын күні бүгінге дейін ұлттық
маңызын жойған жоқ. Қазіргі заманда жамбы атудан дүние жүзілік біріншілік
өткізіліп тұрады, тек жамбының орнына нысана қойылады.
Қазақтар жамбыны атқанда қазіргі кездегідей анадай жердегі тақтайдағы
нысананы көздеген емес. Олар үзын сырықтың басына мергенге арналған
сыйлықты, болмаса жамбыны атқанда, ораулы түрған өзін емес, байлаулы түрған
жібін атып барып жамбыны жерге түсіріп отырған. Жамбыны атқанда да әркім
өзінің садағымен ғана атының үстінде жүріп атқан."Жамбы ату" ойыны
мергендер тігілген жүлдені атып алғанға дейін жалғаса берген. Ендігі
ойналатын өзіндік тарихы бар ойындардың бірі -"күміс алу".
Бұл ойынға қатысу үшін нағыз ат құлағында ойнайтын шабандоз жігіттер
іріктеліп шыққан. Себебі ойынға қатысушылар қатты ағынмен келе жатқан аттың
үстінен еңкейіп, жолдағы ораулы жатқан күмісті алу тиіс. Демек, ойынға
қатысушыларға ата шаба білу ғана жеткіліксіз. Ержүректік пен шапшаңдық та
ауадай қажет болған. "Қыз қуу" ойыны қазақ ойындарының ішіндегі аса бір
қызығы. Бұл ойын-ұлттық спорттың дене шынықтыру ойыны ретінде дамыған. "Қыз
қуу" ойынының шығуы өте әріде дамыған. Қазақстан жерінде өмір сүрген
алғашқы сақ тайпаларының өмірі көпшілік жағдайда жаугершілікпен өткен. Ал
жайшылықтағы өмірде мерген қыздарға үнемі әскерлер тап болып, бос
уақыттарында атпен бірін-бірі қуалап ойнаған. Міне осыдан барып халық
арасында "қыз қуу" ойыны пайда б о л ғ а н .
Қазақтың мереке-тойының тағы бір ойыны-"көкпар тарту" немесе "көк бөрі
тарту". Бұл ойынға ата шабатын, білегінің қарымы мықты астында жаратқан аты
бар ауыл адамдарының барлығы қатысады. Адамзат даму үстінде. Ұрпақсыз ешбір
халық, я жан дамымайды. Сондықтан ұрпағын өсірудегі халқымыздың жасаған
тарихи-халық мұраларына зер салсақ, бұл салада істелген халық даналығы үшан
теңіз.
Халық мүғалімі Байтоғайұлы Малқай, бала өміріндегі ермекті баланың
еңбегі-дейді, демек, ермек-еңбек. Сондықтан да бала еңбегі ойын. Балалардың
да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс жас уақытындағы
ойын. Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық, құмалақ
(түйенің , қойдық), бестас, доп. Міне мұның бәрі осы балалар еңбегінің
құралдары болады.
Халық бала тәрбиелеуде өзінің асыл ойларын мол тәжірибелерін көбіне
өлеңге, әнге қосып айту арқылы баланың ой-ықыласын өздеріне тез баурап
алуға болатын әдіс-айлалар қолданғанын білеміз. ¥лт ойындары-
интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай
дейтініміз ұлт ойындарының арасында өзара үндестік,
тығыз байланыс бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.
Бұл пікіріміз жалаң болмас үшің заманымыздың заңғар жазушысы, ұлт
ойшылдарының бірі-М.Әуезовтың мына бір пікірін еске ала-кетейік: Біздің
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған алуан өнері бар
ғой.
Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұртты
көзін, шаттандыру ғана емес, ойыннның өзінше бір мағыналары да болған.
Қазақ халқының ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге
келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге
жетелейтін адамгершілік үлгі- өнегенің желісі бар. Қазақ халқының ұлт
ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: сауық, дене шынықтыру, спорт
және ой шыңдау.
Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді
оқыту барысында, үзілістерде, ұзартылған күн топтары мен сабақтан бос
уақыттардагы тәрбие жұмыстары, мектепте өткізілетін ертеңгіліктер мен
кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануга болады.
Ойынның түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктелініп
алынуы тиіс. Ұлттық ойындар сонымен бірге сол халықтың тарихынан да хабар
береді.
Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі-оның сөйлеу
тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан , дәстүрлі
жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары-тіл дамытудың әсерлі құралы. Сабақ
барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың тек
бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғарғы сыныптарда да пайдасы мол.
Ойын арқылы баланың адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге
құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де
ойын элементтері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын
араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау
үшін сабаққа белсенді қатынасып, қойылған сұ ұраққа жауап іздеп, ойлана
бастайды. Сабақта ойын элсмснттерін қолдану оқушының ой-өрісін дамытуға
әсер етеді.
Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге
құмарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі.
Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған ұлт ойындарының бір түрі ой
шынықтыру ойындары болса, оның көп қоры бұл күндес үміт болып, бізге жетпей
отыр. Халық ойындары ақыл-ойдың дамуына, өнер жарыстыруға, білгенін-ортаға
салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады. Сондықтан ойын арқылы оқушы әрі
тынығады, әрі ұжымның ұйымшылдығына үйренеді. Төзімділік, шыдамдылық пен
ұстамдылық, өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің алғашқы қажеттігін
сезінуде осы ойын бастатады.
Ұлт ойындары-халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде
оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір, тәжірибелерін кеңейтуге,
дүниені танып-білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне көмектесетін аса қажетті
тәрбие құралдарының бірі.
Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып, алған білімін кеңейтіп, көркемдік
талғамдарын арттыруда, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып халықтық
тәрбие беруде, ізгі мінез-қүлық пен биі адамгершілік, ұлттық қасиеттерін
қалыптастыруда ана тілі мен әдебиеті пәнінің атқарар міндеті мол, орны
ерекше. Оқушы білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі
мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушылардың
шығармашылықпен жұмыс істетіп, біліктері мен дағдыларын іскерлікпен
дамытуға байланысты.
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа
технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер
еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын саралағанда берік
білім берудің, оқу-белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын
элеменнтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады.
Әрбір өтілген сабақ оқушының тіл-байлығын әдеби сауаттандыруын,
шығармашылығына жол ашатын ойлау элементтерін дамытатындай негізде құрылуы
қажет.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жүмабаевтың: "Ойлау-
жанның өте бір қиын терең ісі". Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан
мүғалім ойната отырып ойлануға, жүйелі сөйлей білуге ұмтылдырып отыру
қажет. Күнделікті сабақта ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық
ерекшеліктері бар. Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып
табылады. Оқушы өзінің және басқалардың ойын нәтижесін бақылай, талдай,
қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде пайдаланады. Балалар білімді ойын
арқылы алады және шығармашылығын дамыта түседі. Ойынның қиын
сабақта болмасын мақсатты жоспары болады. Ойын барысында бала сол
тақырыпқа сәйкес ізденеді. Сол тақырыптың мазмұнын ашып, ізденімпазділік
әрекетін көрсете түседі. Балалар ойындарының маңызын жоғары
бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазды: "Болашақ қайраткер ең
алдымен ойын арқылы тәрбие алады".
Д.В.Элъконин: "Ойын- ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара қатынас,
практикалық білімдері және қызметі". Профессор Чистяков В.М.
"Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар,
оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс
қорытындылауға олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау
қабілеттерін дарытады". Н.К. Крупская: "Ойынның айрықша маңызы бар: Ойын
олар үшін-оқу, ойын олар үшін-еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің мықты
формасы". Б.Тетенаев: "Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек
балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті
түсінігіндегі тіршілігіндегі қозғалысымен көңіл көтеріп,
демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды". Психолог
А..В. Запорожец:"Ертегі сияқты, ойын да баланың бейнелейтін адамдарының ойы
мен сезіміне терең бойлауға үйретеді, күнделікті әсер шеңберіне адамның
алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады".
Балаларды оқытудың және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде
бұрын да, кәзір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де
ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрскет деп түсінеді. Шетел және біздің
ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай
бағыттар да қолданылады:
1. Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту.
2. Окыту мақсатын бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі чех педагогы
Я.А.Коменский. Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және
бейімдглігне ең жауапты түрі деп санайды.
Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның
шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін
ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. Адам баласы қоршаған
орта туралы шындықты белсенді іс-әрскеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс
әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Ал бастауыш сынып оқушыларына іс-
әрекеттердің үшеуі де тән. Дегенмен, бүл жастағы жас жеткіншектер үшін
ойының маңызды іс-әрекеттің бірі. Бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді
формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-
қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі. Адамгершілік
нормаларын игереді, әлеуметтік ролдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы
көрсете білген "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекст ету қандай
орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойын да
бала қандай болса, өскеннен кейін көбінесе сондай болады".
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп
тіршілік етуі әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады.
Баланың психикалық даму үрдісінде, ойын әрекетінің тағылымдық және
тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе
болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін
қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын әрекетінің
бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындағы үлкен педагогтардың
бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Т.Тәжібаев халық
ағарту ісі мен оқу тәрбие саласындағы зерттеулерінде баланың ойын әрскетін
психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның тәлім-тәрбиелік, білімдік маңызын
халықтың тағылым беру өнерімен ұштастыра отырып зерттейді. Қазақ халқының
өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл
қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып,
өрістетіп отырады деп санаған. Ойын арқылы бала өмірден
көптеген мәліметтер алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп
ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез құлқын,
ерік-жігерін қалыптастырады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді,
ізденімпаздылық тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін
қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде
болады. Баланың ойын тәжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Ойын
үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетімен
салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ, ес, қиял сияқты психикалық
процестері қалыптасады, сөйлеу тілі дамиды. Қозғалыс ойындары арқылы
баланың зейіні қалыптасады. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі
әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Оқу ойындарын
қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
Ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді.
Ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі
белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әр қайсысы бір ойында өздерінің
қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді. Ойын
проблемасымен шұғылданған ғалымдар Р. М Жуковская,
Д.В.Менджерицкая, Н.Я..Михайленколардың айтуынша, балалардың
өздігінен көріністік ролдік ойындар ойнауы үшін білім машықтарының
болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген
білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар
өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып арнайы кезеңдерді
нактылы білуі кажет. Кіші жастағы оқушылар алған білімдеріне,
өмірден азды-көпті жинаған тәжірибелеріне сүйене отырып,
тәртіптерін, мінез- құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады.
Балалардың өзара қарым-қатынастары тұрақты
қажеттілікке айнала бастайды. Мұғалім балалардың қарым-
қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез-
құлқының қалай қалыптаса бастағанын анықтайды, бала
бойында қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып,
жеке жұмыс жүргізеді. Әсіресе ойын арқылы әр баланы
жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке баулиды.
Педагогтың балалар ойындарындағы ролі өте маңызды және өзінше
ерекше. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны
жөніндегі ақыл кеңесшісі, балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ
төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бала. Ойын
баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуга, сондай-ақ қабылдауын
жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойындар көп салалы,
күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі,
оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады. Оқыту
процесінде ойын екі түрлі мақсатта қолданылады. Қандай ойын болса да, ол
негізгі бір мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады. Ойын
адам жанын ынтықтыруымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап,
білім дәнін бойға білдіртпей дарытады.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танытудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Заманымыздың талантты педагогы В.А. Сухомлинский: "Ойынсыз, музыкасыз, "
ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл ой тәрбиесі
деген болмайды" деп санайды. Демек, жоғарыдағы пікірге сүйенсек бастауыш
сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін
толық пайдалану, сабақ барысында алған білімдерін практикада
қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны
бөлек. Балалар ойындарын жалпы алғанда үлкен екі топқа бөлуге болады:
1. Сюжетті ролді шығармашылық ойындар.
2 Ережелік ойындар.
Сюжетті, рөлді шығармашылық ойындарға: тұрмыс тақырыбына қатысты
ойындар, өндірістік тақырыптағы ойындар, құрылыс ойындары, табиғи
материалдарды пайдаланатын ойындар, қоғамдық саяси тақырыптағы
ойындар, сахналық ойындар, сауық, ермек ойындары жатады. Ережелі
ойындарға: дидактикалық және қимылды ойындар.
Дидактикалық ойындарға: заттармен және ойыншықтармен ойналатын
ойындар, сөздік дидактикалық ойыңдар, үстел үстіндегі баспа ойындар,
музыкалық дидактикалық ойындар жатады. Қимылдық ойындарға: сюжетті,
сюжетсіз, спорттық элементтері бар ойындар енеді. Дидактикалық ойындардағы
негізгі міндет балалардың ақыл ойын дамыту, білімін байыту болса, қимылды
ойындардағы негізгі міндет, қимыл қозғалыс белсенділігін дамыту, жетілдіру.
Бірақ, бұл екеуін мүлде екі бағытта деп есептеуде болмайды. Біріншіден
ойлау, сөйлеу, ес, қиял, ерік дамытыпса, екіншіден қимыл қозғалыс
мәселесімен қатар адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Екеуінің де
мақсаты, баланың жеке басын дамыту.
Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты, балаларға білімділік, іскерлік,
әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал
ету.
Педагогикалық үрдісте дидактикалық ойындар екі жақты: ол-
біріншіден оқыту әдісі болса, екіншіден - дербес ойын әрекеті.
Дербес ойын әрекеті сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Ойынға басшылык
ету үш бағдардан тұрады: ойынға дайындық, оны өткізу,
қорытынды нәтижені сараптау. Ойынға дайындыққа мыналар кіреді: белгілі
бір жас тобына қажетті оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес
өткізетін уакытты орынды ескере отырып, ойынды іріктеу, қажетті
дидактикалық материалдарды сұрыптау жатады. Тиімді қолданылған ойындар
мұғалімнің түсінліріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап,
берік игеруіне көмектеседі. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларының аңсары
сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын ауыр материалды да
жеңіл игертіп бала жүйкесіне ауыртпалық түсірмейді. Өздеріне ұнаған ойыннан
кейін ол әрі тез сергіп, тапсырманы ықыластана, сапалы орындайтын болады.
Ойын балалар сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана
емес, оларға берілген негізгі ұғым түсініктерді берік меңгерту мақсатында
жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінсн жұмыс істеуге үйренеді, ойлау
қабілеті дамиды өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады.
Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып, өтілген материалды
берік меңгерту. Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы
тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік,
сауаттылық мақсаттарға жетелейді. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар
мыналар:
1.Ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі Қысқа болу
шарт.
2.Ойынға қажетті көрнекілік материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге
қойылу керек.
3.Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі қажет. Ойын
тым тез қарқынмен жүргізілсе, оған көпшілік балалардың ойы ілесе алмай
қалатынын, ал ойын жай сылбыр жүргізілгенде оған деген ынта ықыластың күрт
кеміп кететінін тәжірибе көрсетіп жүр.
4.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндірілгені жөн.
5. Жүргізілетін ойын оқушылардың қиялын ұштауға шешім қабылдап, ой
қорытындысын жасай білуге, тілін дамытып, сауатты жазуға жетелеу керек.
Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы, яғни
сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны әдістемелік,
танымдық, білімдік, тәрбиелік сауаттылық жағынан сапалық жаңа деңгейге
көтеру. Оқытудың тәрбиелік қасиеті мен практикалық бағытын күшейтуде осы
міндеттерден туындайды. Сабақта ойын элементтерін пайдалану- сабақтың
формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір
буыны. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғүрлым сәйкес алынса оның танымдық-тәрбиелік маңызы да арта
түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді,
оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Баланың қиялы
әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.
Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы
тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы: қазақ баласы біреуі ат болып
қашса, біреуі құрық салады, шырпыларды түзіп, көш жасайды.
Балшықтан мал жасайды. Жалпы ойын баланың тілінің
өркендеуіне көп пайда тигізіп, ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, сөйлей береді.
Жалпы ойынмен тұрмысқа, яғни басқа адамдармен бірігіп тұруға үйренеді.
Өзінің сөзін тілін біреуге тыңдатып, басқаның тілегін, сөзін өзі тыңдап,
қысқасы бірікксн тұрмыстың бірінші шарты, жалпы заңдарды орындап
үйренеді. Ал, енді жалқы ойын, яғни жалғыз ойнау баланың алаңғасар,
еліктегіш болмай, өз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы.
Тарихтың сарғайған парақтары дәлелдегендей, өзінің төл өнерлерін
ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдырғаны рас. Тіпті сонау бағзы заманнан
бірге жасап келе жатса д а, бүгінгі тұрмысқа жатырқап қарамай, жаңа мазмұн
алып, өмірден берік орын алған ұлттық халық ойындары қаншама. Солардың бірі
– "тоғыз-құмалақ ". Бауырлас қырғыз, қазақ, елдерінің арасына кең тараған ,
ерте заманнан бері ұмытылмай келе жатқан бұл ойынның қашан шыққанын,
майдан шыққанын және кімнің ойлап тапқанын дәл айта қою қиын .
"Тоғызқұмалақ" ойыны туралы ғылыми дәлелмен терең талданып, жете
зерттелген оқу құралдары, әдебиеттер жоқ .
Кейінгі 'кезде газет - журналдардың бетінде жарияланған материалдарды;
"Тоғызкұмалақ" ойынын тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарыпты. Бертін келе ойын
халық арасында кеңінен тарап, халық бұқараның мәдени қажетіне айналыпты.
Мұны кейде қойшының "алгебрасы" дейді екен" - деген жорамал - топшылаулар
айтылғанымен, ол әлі зерттелмеген тың мәселе. Мүндай ойды ақын Шона
Смаханұлының Еңбек Ері атағын екі рет алған шопан Жазылбек Қуанышбаевқа
арналған өлеңінен де ақтарамыз.
А қ ы н : Жатқанда жусап койымыз,
Қалт еткенде қолымыз,
"Тогызқүмалақ " ойнаймыз
Бір ойнасақ қоймаймыз
Жатқан кезде мал. тыныш,
Бұл да бізге сәл тыныс.
Ұтып я ұтылсақ,
Боп қалады бұлқыныс.
Кезек үтсақ, әрине,
Д е й а л а м ы з " и т - ж ы ғ ы с " -дейді. Бәлкім солай болған шығар.
Дегенмен бүгінгі "Тоғыз құмалақ" ойынының мәні де, мазмүны да басқаша .
Табиғаттан әнші - күйші сауықшыл қазақ халқы адамның ой - өрісін
кеңейтетін, өмірге қажетті ауызекі есепке төсілдіретін, тез арада тың шешім
жасай алуға дағдыландыратын, ұстамдылыққа үйрететін дәл осы ойынды ойлап
табуы бір күндік іс болмаса керек. Бұл халқымыздың даму тарихындағы қолы
жеткен көп өнерлерінің бірше жатады. ' Тоғыз құмалақ "ойынының өзіне тән
ерекшелігі - бұл нағыз математикалық есеп ойыны.
Тоғызқүмалақ - үлкендерді былай қойғанда жас жеткіншектерге спорт
әліппесін үйретумен қатар, олардың ой - өрісін, сана -сезімін дамытуга ,
оқу - үлгерімін жақсарта түсуге және сапалы тәрбие беруге өзіндік септігін
тигізеді.
Бүгінгі күннің басты талабы әр халықтыц мәдени мұрасының асылын жаңа
заманның ағымына бейімдеп, жоғалтпай пайдалана білу. Сондықтан қолымыздағы
қымбат қазынаны заман талабына сай, бүгінгі таңдағы өрелі өмірімздің биік
талғмына лайық жетілдіре түсу - біздің борышымыз. Жоғарыда айтылғандай
жастар үшін математиканың үйрену мектебі бола алатын "тоғытз құмалақ" ойыны
әрі үлттық мұра болып табылады. Олай болса біздің мақсатта осы бір асыл
қазынаның жерде қалдырмай қолдан - қолға қарасақ халқымыздың өнерін
өрбітсек.
Ұлт ойындарының келесі бір дамыған кезеңі XV ғасыр, яғни Қазақстан жерінде
алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл кездегі ойындардың көбіне
қоғамдық құбылыстың ерекшелігіне қарай жеке адамның ролі арқау болып,
топтың элементтер араласты. Айталық ұлттық ойындар арқылы үстем тап өз
мүддесін, өз идиологиясын өткізгісі келсе, халық еңбекші тап соған қарсы
өз дегенін айтуға тырысты. Олардың қоғам құрылысына деген көзқарастарын
бейнелейтін элементтер әсіресе асық ойындарында көбірек көрсетілген.
Ұлт ойынының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі ХІІ-ІХ
ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың құрылу дәуірі өйткені
ойындардың қай - қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек
өндірістіқ қарым - қатынастың қалыптасуына негізделген. Кезіндегі өндіріс
күштерінің құралдарына пайдалануға икемделген тас ағаш, сүйек табиғи заттар
осы дәуірдегі қалыптаскан ұлт ойындарына да сол өндіріс құралдарының
материалдары қолданылады. Мәселен, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған асық
ойындарына кез - келген сүйек емес жануарлардың асықтарын икемдеді.
"Бес тас" ойынына кез-келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай,
домалақ тастар, "қарагие" ойынына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен
ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда тал пайдаланылған. Демек, бұл табиғи
заттар өндірістік қатынастардың дамуына қандай әсерін тигізсе, ұлт
ойындарының қалыптасуында да сондай маңызды болды .
Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған
жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп,
демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды.
Мәселен, әр түрлі қимыл - әрекетті ойындар мен
асық ойындары мен асық о й ы н д а р ы тайпалық одақтарда
ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды. Себебі
үлкендерден көргенін бала да күн ұзақ далада, үй ауласында ермек етеді.
Адамзаттың дүниеге келген күнінен бастап-ақ ақыл-ой қабілетінің ортаға,
өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін, белгілі бір жүйеге
келтіретін осы балалар мен жас өспірімдер ойындары.
Г. В. Плеханов Письмо без адреса атты еңбегінде ойын -еңбек
бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді, - деп келіп,
материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен,
адам өмірінде ойын да қажетті екенін дәлелдеді.
Бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатымыз ең әуелі ұлт ойындарының даму
тарихымен қалыптасу кезеңдерін анықтау болса, екіншіден ұлт ойындары халық
өнерінің негізі екндігін, оның тәрбиелік мазмұны мен жас өспірімдердің
болашақ өмірінің бастамасы осы ұлт ойындары екендігін дәлелдеу жеке бастың
тұлға ерекшелігін қалыптастырудағы ойынның ролін,жалпы этнографиялық
ерекшелік-теріне талдау жа с а у.
Халқымыз тәрбие жемісін ерте тартуды ұнатады. Тәрбие нәтижесі баланың нағыз
жалынатқан кезінде көріну керек. Бала бойында қалыптасып келе жатқан
адамгершілік қасиеттер оның өте жас кезінен-ақ байқалады деп есептеген.
Сондықтан қазақ халқының қоғамдың тұрмысы, рухани өмірі баланың ерте ер
жетуге себепші болған.
1. 2. Бастауыш мектеп жүйесінде ұлттық ойын қолданудың педагогикалық
психологиялық негіздері.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде хальқ педагогикасы
жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ҒЫЛЫМИ - педагогикалық көзқарастарды
қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударады,
құнды пікірлер айттьп - өмірлік мұра қалдырады.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың кай-
қайсысы да адамға оның игілігіне қызмет етуге бағыталған. Осындай құнды
мөдени игіліктердің бірі ұлт ойындары, қазактың ұлттық ойыңдары туралы
арнайы еңбек жазған Б. Тотенаев 'Ұлттық ойьндардың қалыптасуы тек балаларға
ғана керектігімен дамып қана қойған жоқ ересектердің күңделікті
түсінігіндегі қозғалысы мен көңіл көтерп, демалыс уақьпын өткізудегі
еңбектің бір түрі ретінде де дамыды деген пайымдау жасады. Ойын да халық
педагогикасыньң құрамды бір бөлігі. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте
бай және әр алуан болып келеді, дегенмен халық ойынньң неше алуан түрлерін
туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзіңде қолданып, оньң тәрбиелік,
білімдік жақтарын да көре білді. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз
талабы, өз ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасы "Білім - туралы
заңында" "Білім жүйесінің басты міңдеті жеке тұлғаның ұлттық және жалпы
азаматтык құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті
жағдайлар жасау "- делінген. Сонымен бүгінгі күннің жаңару бағьпы- жалпы
азаматтық және ұлттық құңдыльіқтардан сусындаған, ұлттық' дүние танымы,
мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар
тәрбиелеп шығару. Оку тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойыңдарымыз. Ол
саңдаған ұрпақтьң керегіне жарап оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген,
сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қаійкті)!!' ұлт ойындары ойын-сауық,
тұрмыс салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойыңдары және оймен келетін
ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір
саласы бөлініп есептеледі. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын
ежей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді
көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-
жақты дамымақ емес. Ұлгтық ойындар арқылы мектептегі оку тәрбие процесін
жетілдіру педагогиканьщ маңызды резервтерінің бірі. Шәкірттің ақыл ойы,
парасаты ұлттық салт сананы сіңіру арқылы бойына дариды. Баланың сөздік
қорын молайтып сөзді еркін өз мағынасьнда қолдануға, тез-жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға ойын бірден бір таптырмайтын құрал.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін,
әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өседі деп армандайды, бұл
мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар
бойы қолданылып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінің сынынан өткен салт-
дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогика дәуірдің не бір қатал сынынан өтіп, жаңарып,
жаңғырып, шың болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте
қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына.
Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім -
тәрбиенің тұп қазығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұжымыныңда басты
борышы. Қазақ елінің дербестілігінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық
қажеттіктерге қарай Білім туралы жас жеткіншектерді салауатты, саналы өмір
мен еңбекке тәрбиелеуге бағытталған, оқытудың мазмұны мен формасын
жаңалауға, оларды ұлттық-мәдени және аймақтық ерекшеліктерге орай
нақтылауға, кажеттікке қарай түзетулер жасап, қазақ тілінде оқытатын
мектептерді қайта құруға жетелейді. Осы мектептерде өзінің даналығымен
дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі
болып табылуға тиіс.
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-
тәрбиенің түп қазығына айналдыру - ата-ананың да, мектеп ұйымының да басты
борышы. Әсіресе, халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата - салтын
ұмыта бастаған бүгінгі ұрпаңты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымызға м і н
д е т .
Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар.
Оны ең жақсы қасиеттерімен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіру, халықтық
тәрбие беруді саралап, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста
дамыту және оны ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру көзделеді. Осыны ескеріп,
жалпы білім беретін қазақ.мектептерінде пәндерді оқытқанда білім беру
мазмүны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-
дәстүрлерінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, рухани байлығынан, сондай-
ақ республиканың табиғи, экономикалық, экология ерекшеліктерінен көрініс
беріп отырса, құба-құп болар еді.
Ойын баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты
құбылыстың бірі деуге болады. Оқушы ойын арқылы өзінің күш- жігерін
жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек
дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткерлерді тәрбие
жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір -біріне
ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог - ғалымдар " жақсы ойын -
жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын - жаман жұмыс сияқты " деп қарап,
бұлардың арасындағы айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жасқа
ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр - қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді
іс - әрекет пен күш- жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды.
Демен, ойын мен жұмыстың ұқсастығы - жақсы ойында, жақсы жұмыс та көңілді
қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Баланың ойынында да тиісті жұмыстағыдай
белгілі дәрежеде жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негзгі айырмашылығы
мынада: баланың ойынына нақты материалдық, рухани байлықты жасай алмайды,
ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені белгілі. Оқушының
қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын негізіне оқушының
психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады эмоциялық әсер ұшқындайды,
белсенділігін арттырады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Оның бәрі
баланың шығарымпаздық қабілетімен дарынын ұштайды. Ойын үстінде оқушы бейне
бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын
екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай "сөйтейік,
бүйтіп көрейік" деуі олардың "ойынды ойын" деп түсінуінен. Оған байланысты
ойын туралы жасалатын түжырым мынау:
а) Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды кеңейтеді, тілді ұстартады,
сөздік қорды байытады, өмірді танытып сезімді кеңейтеді.
ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) Эстетикалық тәрбие беру құралы.
г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек ойын оқушыны жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физологиялық негіздері болып табылады. Ойын оқушының көңілін өсіріп,
бойын сергітіп қана қоймай оның өмір қүбылыстары жайлы таным -
түсінігіне де әсер етеді. Оқушылар ойын арқылы жақсы тез тіл табысып, жақсы
үғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы
өзінің денсаулығын нығайтады.
Балалардың ойындық қызметі әрқашанда олардың арасынды белгілі бір
өзара қатынастардың туып, дамуымен байланысты болады. Ойында әр бала
белсенді ұстайды. Ол өзінің тілегенінше және құмары қанғанша ойнайды,
ойнайтын жолдастарын белсене іздейді, олармен белгілі бір қарым -қатынаста
болады.
Ойын балалардың жақын араласуына, олардың арасында байланыс орнауына,
іш тарту және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді. Балалардың
бәрі бірдей белсенді болмайтыны сөзсіз, сондықтан мұны ескермеске болмайды.
Енжар, тұйық, жүрексінгіш балалар бар. Мұндай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz