Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы

1. 1. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру шарттары . . . 4

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері оқу материалдарын қабылдау, ұғыну, түсіну міндеттерінің орындалу ерекшеліктері . . . 15

II-тарау. Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын талдау және түсінік біліктерін қалыптастырудың әдістемелік негіздері

2. 1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларда түсініктерді қалыптастырудың өзіндік сипаттары (2 сынып) . . . 29

2. 2. Оқушылардың бейнелеу өнері сабақтарын өтуде оқу материалын талдау және түсінік біліктерін қалыптастырудың жолдары . . . 43

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53


Кіріспе

Жаңа білім беретін орта мектептегі бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесіндегі күрделі педагогикалық шаралардың бірі - оқушыларда оқу материалдары бойынша түсінік біліктерін қалыптастыру. Баcтауыш мектептегі оқушыларды оқытудың мемлекеттік стандартында эстетикалық тәрбие берудің, білімдер қалыптастырудың маңыздылығы айқын көрсетілген.

«Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ол өз кезегінде қиялдау процесінің тоқталуына әкеледі», - деп атақты педагог Б. Т. Лихачев айтпақшы, балаларда сұлулық сезімін дамыта отырып, тұлға қалыптастыру ерекше маңызды педагогикалық процесс ретінде танылады. Бұл процестегі міндетті түрде орындалуы қажет педагогикалық-әдістемелік шара - оқушыларда оқу материалдарын меңгерту, түсінік біліктерін қалыптастыру.

Бұл мәселелердің зерттеулерін талдау Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. А. Сухомлинский еңбектерінде орын алған. Әсіресе бейнелеу өнерінде түсінік біліктерді қалыптастыру В. С. Кузиннің «Бейнелеу өнері және оны бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» еңбегінде кеңінен қамтылған.

Бейнелеу өнері - бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет - бұл шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, творчестволық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын жүргізудің негізгі мақсаты - оқушыларды өмір шындығына, өнерге, көркем мәдениет және халық дәстүрлеріне болған белсенді эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу болып есептеледі.

Бейнелеу өнері мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізге көркем өнер жайлы білім береді және олардың сол өнерге деген ынта- ықыласы мен бейімділігін арттырады.

Зерттеудің көкейкестілігі: Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарындағы түсінік біліктерін қалыптастыру - олардың ептіліктері мен дағдаларын арттыра отырып, эстетикалық білім беруге ықпал жасаушы негізгі педогогикалық түрткі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын талдау мен түсінік біліктерін қалыптастыру жолдарын анықтап көрсету. Осыған сәйкес туындаған зерттеудің міндеттері:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының түсінік біліктерін қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету.
  2. Оқушылардың оқу материалдарын игеру мәселелерінің шешілу жолдарына тоқталу.
  3. Бейнелеу өнері сабақтарын өтуде оқушыларда түсінік біліктерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
  4. Оқушыларда оқу материалын қабылдау мен түсінік біліктерді қалыптастыруды арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушылырының түсінік біліктері.

Зерттеу пәні - бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнің оқыту процесі.

Зерттеу әдістері - авторлардың ғылыми педагогикалық еңбектерін сараптау, талдау, анкета, байқау, тест.

Дипломдық жұмыстың құрлымы кіріспеден, бірінші және екінші тараулардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнері пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы.

  1. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру шарттары.

Оқыту - шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту - мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу - шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.

Оқу - еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды, икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, қиял, ойлау), эмоция, ерік-жігер т. б процестері дами түседі.

Оқыту процесінің әртүрлі қырларын педагогикалық дидактика, сондай-ақ жекелеген пән методикалары қарастырады. Дидактиканың осы мәселеде зерттеуге орай ерекше сүйенетін тірек ғылымы - психология. Соңғысының басты салаларының бірі - оқыту психологиясы, ол оқу процесінің екінші жағын, яғни шәкірттердің оқу мазмұндарын ұғынып, әр түрлі тапсырмаларды қалайша орындай алу мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттің оқуға талпынысы мен ынтасын қалыптастыру жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп отыратынын, әртүрлі мазмұндағы материалды ұғынып, түсіну ерекшелігін т. б осы іспеттес мәселелерді қарастыру - оқыту психологиясының зерттеу объектісі.

Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйткені шындықтағы құбылыстардың сыр-сыйпатын, мән жайын ұғыну - өте күрделі әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға белгілі болып отыр. Мәселен, сабақта матералды ұғынып, түсініудің алғашқы кезеңінде (таныстыру кезеңі) шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан соңғы кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде, түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде, олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де - нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі.

Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жай жаттап алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық оқушыда талдау (анализ), жинақтау (синтез) тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді.

Мұғалім шәкірт ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлуматтың практикалық мәнінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсенді ойлау процесін дамытудың орнына олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Шәкіртке ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады.

Орыс психологы П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «ақыл-ой әрекетін жоспармен, сатылап қалыптастыру» дейтін тұжырымдамасында оқушы қандай да болмасын бір мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (яғни, затты ұстап көру, оның тұрқын, көлемін ажырату, шамасын білу т. с. с) пайдаланады да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып дауыстап, кейін іштей айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттың іс-әрекет (экстериоризация) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (интериоризация) айналады дейді. Ақыл-ой әрекетінің қалыптасуының әр кезеңінде екі бөлім: бағдарлау мен орындау болады. Бағдарлау оқытудың қалай жүргізілетіндігіне байланысты. Шәкірт өзіне берілген оқу білетін жалпы ережелерді, негізгі заңдарды пайдаланса, онда бағдарлау анағұрлым өнімді болады. Бағдарлау - шешілуге тиісті нақты мәселенің шарттары мен мәліметтерін саралау, құбылыстың негізгі және мәнді белгілерін ажыратуға ұмтылу.

Оқушының білімді меңгеруі, ұғынуы, мұғалімнің сабақ оқытуы, екеуі де - «инемен құдық қазғандай» қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім оқушыға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдай онда ақыл-ой керенаулығын, кейде тіпті оқудан жиренушілікті тұғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әркез оқушының рухани тілектерін, таным белсенділігін шөліркетпей, оны ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын түртпектеп дамытуы қажет.

Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс.

Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттілігін оның оқу материалын тез ұға алушылығымен ғана байланыстырады. Бұл жерде де мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің, тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетін балалар да аз емес.

Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік тұғызады. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылими ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға тапсырма «ең таяу даму зонасына» сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі кетеді.

Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады. Мысалы:

  1. Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады. Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.
  2. Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу, мәселен, оқушыларға құрмалас сөйлемді түсіндіру үшін, оларды алдымен жай сөйлеммен таныстыру қажет.
  3. Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, түсінуін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсініп, игеруін айтады. Мектеп жасындағы балаларды өнерге баулу қашанда басты міндеттердің бірі боп саналады.

Өнердің негізгі саласының бірі - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері - адамның өз ортасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажырата білуіне бағыттайтын білім сатысының басы.

Сурет салуды сүю - өнерді, табиғатты, яғни қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды. Өнер қашанда қамқорлықты және асқан жауапкершілік пен жанашырлықты қажет етеді.

Бейнелеу өнері сабағы мектеп қабырғасында көп жүргізілетіндіктен, өнерді үйретуге оның әсері өте мол. Сондықтан оны жүйелі, қызықты өткізу, балалардың өнерге деген қызығуын арттыру - осы пән ұстазының басты міндеті.

Көбінесе, бейнелеу өнерін ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың бір ғана жолы деп қараймыз. Сол себепті тек ұлттық өнерді үйрету жеткілікті деп ойлаймыз. Бұл дұрыс емес. Егер өзіміздің өнерімізбен ғана шектелетін болсақ, онда жастарымыздың жан-жақты білімді болып тәрбиеленуіне мүмкіншілік тұғызбайтынымыз мәлім.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың сұлулықты танып-білуі негізгі эстетикалық түсініктерінің келеңсіздігі мен көркемдігі түсініктерін танумен байланысты. Бұларды балалар санасында әбден бекітіп алмай тұрып, олардың дүниені сезінуі мен дағдыларын жетілдіру қиынға соғады. Бастауыш мектеп оқушыларының кейбір дүниетанымдық ерекшелік белгілерін олардың салған суреттерінен, жазған шығармалары мен айтқан әңгімелерінен көріп, естіп, байқауға болады. Көптеген балалар өздерінің өмірге көзқарасын немесе кейбір қуаныш-шаттығын, назарлық-ашуларын тілмен жеткізе алмаса, оны сурет арқылы жеңіл көрсете алады. Тек сол ойларын, өзіндік тұжырымдарын дұрыс түсіну қажет. Себебі олардың шын, таза ойынан шыққан тұжырымдар өмірдегі бүкіл шындықтың көрінісі болып шығады.

Пән материалдарын оқып-үйрену, оның мазмұнын толық түсіну -оқушылар үшін күрделі психологиялық процесс.

Оқу материалын меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Сондықтан да оқушы оқулықтағы материалдарды ұғынуда, түсінуде кедергілер мен қиындықтарға кездеседі. Тәжірибеде байқалғаны мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланыс ерекше роль атқарады. Мысалы: бастауыш кластарда «Ана тілі» сабағындағы кіріспе әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, поэзиялық минуттар, экскурсиялар осы пәнді тереңірек ұғымдыруға көмектеседі. Бұлар оқушылардың ұғымталдығын, оқиғаны ұзақ есте сақтауын, тіл шеберлігін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын шыңдауға ықпал жасайды. Осы орайда ана тілі мен бейнелеу өнері сабақтарын байланыстыра оқытуға мүмкіндік мол. Себебі ана тілі сабағында оқушылардың ой-өрісі дамып, тіл байлығы, сөздік қоры жетіле түссе, бейнелеу өнері сабағы кезінде баланың ойлау жүйесі, әр нәрсені байқағыштығы ізденісі қалыптасады. Мұндай сабақ баланың есінде берік сақталады.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке бастық қасиеттерін қалыптастыруда бейнелеу өнері сабағының әсері күшті. Бейнелеу өнері пәні мектепте оқу пәні ретінде заңсыз түрде және қателікпен екінші дәрежелілер қатарына қосылып жүр. Дегенмен, бейнелеу өнерінің балаға әсерін басқамен алмастыру, басқамен толықтыру мүмкін емес. Бұл пәнде жеке бастық қасиеттердің басқа пән үстінде қалыптаспайтын түрлері дамиды. Бала өзін қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды бейнелей отырып, оларды бақылай және түсіне білуге, олардың әсемдігін көріп, оған эстетикалық баға беруді үйренеді. Эстетикалық сүйсіну баланың сезімін дамытады, сезім күйін қалыптастырады. Балалар айналадағы дүниені бақылау, көргенін бейнелеу арқылы бейнелеп отырған құбылыстың адамгершілік жағынан алғандағы құндылығын анықтауға әрекет жасайды. Баланың әсемдік өлшемі, сонымен бірге оның моральдық өлшемдерін игеруі болып табылады. Бейнелеу қызметі процесінде қалыптасатын эстетикалық сезімдер балалардың мінез-құлқына және әрекетеріне ықпал жасайды.

Өмірдің фактілері суретпен бейнелеу арқылы оқушы танымдық жағынан ілгерілей түседі, оның есте ұстау, ойлау, елестету қабілетері, дамиды. Бейнелеу өнері пәнін бастауыш сынып оқушыларының жаппай әуестенетін ісі деп атауға болады. Іс жүзінде балалардың бәрі де бейнелеу өнеріне бейімділік қана емес, қабілеттілік танытады, қолайлы жағдай жасалған кезде бұл қабілет жемісті түрде дамып, жетіле түседі.

Бейнелеу қызметі баланың болмысты қабылдауын белгілі бір дәрежеде мақсат етіп қояды. Бұл ретте тиісті процесс бейнелеу міндетерімен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге баланың рухани өмірінің басқа жақтарын да қамтиды, оның тұтастай түйсіну қабілетіне әсер етеді.

Өмірді бақылау сурет салу сабағының міндетті түрдегі шарты болып табылады. Адамдардың мінез-құлқын бақылау ерекше маңызға ие. Адамды бейнелеу оқушының адамдар жөнідегі түсініктерін терендететіндігін, оның бойында мінез-құлықтын адамгершілік мәнін эстетикалық құралдарымен бағалауға деген қажеттілікті тудыратындығын Н. К. Крупская атап өткен.

Бала мектепте, семьяда адамдардың әр-түрлі қылықтарына куә бола отырып, олардың мінез-құлықтарының адамгершілік мәніне назар аудара бермейді. Педагог балаларды бақылай білуге үйретеді. Адамгершілік қасиеттердің көрініс беруіне себепші болған жағдайларды бақылау - баланың адамгершілік тәжірибесінің жинақталуына жәрдемдеседі. Ал бақылауларды суреттер арқылы бейнелеу оның бойында адамның мінез-құлқына адамгершілік тұрғыдан баға беруге деген қажеттілікті тудырады.

Бақылау алғашқы кезде адамдардың мінез-құлқының кез-келген мазмұнды жағына жасалады. Мәселен, мұғалім балаларға: «мектепке келе жатқан жолда нендей қызықты жайлар көрдіндер?» - деген сұрақтын төңірегінде ойластырып, бақылауды ұсынады. Содан сон оқушылар осы тақырыпты сурет арқылы бейнелейді. Әрине, балаға суреттеудің бәрі бірдей қолайлы емес. Сол себепті де мұғалім балаларға бақылау үшін жанына жақын тақырып береді, баланың айтпақ ойы түсініктірек болу үшін оны бейнелеу керек екенін бірлесе отырып талқылайды. Уақыт өткен сайын бақылаулардың мазмұны күрделене түседі, сурет арқылы бейнелеу үшін өмірлік материалды таңдап алуда баланың дербестік дәрежесі арта түседі.

Педагог мұндайда әсіресе адамдар мінез-құлқының адамгершілік жағына, оның күшті жан толқыныстарына бақылау жасауға жиі назар аударатын болады. Картиналарды, суреттерді көріп тұрған бала оларды бақылау үстінде адамдардың жан толқыныстарының сыртқы белгілеріне, мимикасына, жүріс-тұрсына, дене қимылына қарап баға беруге үйренеді.

Оқушылардың адамдар сезімін түсіну тәжірибесін жинақтауы олар салған суреттердің мазмұнынан, адамдар реакциясын өмір оқиғаларын бейнелеу тәсілдерінен көрініс табады. Адамдарды бейнелеу, олардың көңіл-күйін сурет арқылы көрсету міндетінің өзі-ақ баланы өзін қоршаған ортаны түсінуге батыл араласып, адамдардың өз сезімдерін қалай білдіретінін бақылауға мәжбүр етеді.

Н. К. Крупская баланың басқаларды түсіне білуі оның өз құрбыластарының арасында дұрыс мінез-құлық көрсетуіне көмектесетіндігін анықтаған. Бала сурет арқылы өзін қоршаған өмір құбылыстарына баға береді: сурет кейіпкерлерінің мінез-құлықтары баланың мағлұматтары, қажет етуі мен мұраттары арқылы айқындалады. Сурет - баланың бейнелеу творчествосы процесінің үстінде оның қиялымен жасалған жаңа өмірдің көрінісі болып табылады. Бала бұл өмірді жасап қана қоймайды, оның өзі сол өмірге қатысып отырады. Бейнелеу өнері процесінің осы ерекшелігі баланы тәрбиелеу үшін аса маңызды, өйткені толқыныс үстінде баланы оқиға қаһарманына айналдырады, кейіпкердің бойындағы қасиеттерді өз бойына көшіреді. Оқушы бұл арқылы сан түрлі рөлдерді меңгереді. Бастауыш сынып оқушысы сурет салғанда өзінің көңіл толқыныстарын білдіріп отырады: біреулері қолдарын ерсілі - қарсылы сілтейді, дауыстап әңгімелеседі, өлең айтады, басқалары жай ғана сыбырлап сөйлеседі, енді біреулерінің бет бейнесі өзгереді. Мұның бәрі де жан толқынысынан немесе басқаның ренішін өзіне қабылдай білуден, өзін басқаның орнына қоя білу қабілетінен келіп туады. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларының өз әрекеттерін талдай білуге байланысты болады да, түбінде өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі.

Сурет кейіпкерлерінің іс-қылықтарына ортақтасу, психологиялық жағынан алғанда басқалардың ойын үстіндегі мінез-құлқына ұқсас болып келеді. Сурет салу процесінің ойындық сипатын балалардың бейнелеу шығармашылығын зерттеуші көптеген ғылымдар (С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, Г. В. Лабунская т. б. ) атап көрсеткен болатын. Бала тәрбиесі үшін мұның маңызы зор. Өйткені ойын сияқты суретте де, мінез-құлықтағы адамгершілік нормаларын игеру шын мәнісіндегі қарым-қатынас жағдайындағыдан гөре тиімдірек, ал олардың өзі әлде-қайда түсінікті болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Геометриялық фигураны қарастыру
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz