Кәсіпорын шығындары аудитінің міндеттері, мақсаттары және ақпараттық қамтамасыз етілуі



Қаржылық есеп-қисаптың қаржылық көрсеткіштердің өзгеруімен тікелей байланысты маңызды бірліктері шығыстар мен кірістер болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» заң күші бар Жарлығында және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген «Қаржылық есепті дайындау және ұсынудың концептуалды негізінде»: «кірістер – бұл есептік кезеңдегі активтердің артуы немесе міндеттемелердің азаюы», ал «шығындар - бұл есептік кезеңдегі активтердің азаюы немесе міндеттемелердің артуы»,- деп көрсетілген. Сәйкесінше шығындарды жүзеге асырмағанда, ойланған кіріске қол жеткізу мүмкін емес. Өз кезегінде, табысқа қол жеткізбей, кәсіпорынды дамыту және әлеуметтік мәселелерді сәтті шешу мүмкін емес.
«Тауар-материалдық қорларды есептеу» бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік ұсыныстарда шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру келтірілген. Ол өзіне келесі, төмендегідей суретте көрсетілген баптарды қосады:
«Материалдар» бабында төмендегілердің құны көрсетіледі:
- Өндірілген өнім құрамына кіретін, оның негізін қалайтын немесе өнімді дайындауда (жұмыстарды жүргізуде, қызметтерді көрсетуде) қажетті компонент болып табылатын көліктік – дайындау шығындарын есепке ала отырып, сырттан алынған шикізаттар, негізгі материалдардың;
- Өнімді өндіру үдерістерінде қалыпты технологиялық үдерісті қамтамасыз ету үшін және өнімді орамалау немесе басқа да өндірістік, шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалатын сатылып алынатын материалдардың;
- Жерді рекультивациялау үшін табиғи шикізаттардың, мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылатын жерді рекультивациялау жұмыстарына төлем төлеу;
- Берілген субъектіде, монтаждауда қосымша өңдеуге ұшырайтын, сатып алынатын бұйымдардың, полуфабрикаттардың;
- Сыртқы субъектілермен орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер: өнімді дайындау, шикізаттар мен материалдарды өңдеу және қондырылған технологиялық үдерістерді сақтауға бақылау жасау бойынша жекеленген операцияларды орындау;
Қорларды орталық қоймаға жеткізу бойынша сыртқы көлік

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорын шығындары аудитінің міндеттері, мақсаттары және ақпараттық
қамтамасыз етілуі

Қаржылық есеп-қисаптың қаржылық көрсеткіштердің өзгеруімен тікелей
байланысты маңызды бірліктері шығыстар мен кірістер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп-қисап туралы заң күші бар Жарлығында және
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының
қаулысымен бекітілген Қаржылық есепті дайындау және ұсынудың концептуалды
негізінде: кірістер – бұл есептік кезеңдегі активтердің артуы немесе
міндеттемелердің азаюы, ал шығындар - бұл есептік кезеңдегі активтердің
азаюы немесе міндеттемелердің артуы,- деп көрсетілген. Сәйкесінше
шығындарды жүзеге асырмағанда, ойланған кіріске қол жеткізу мүмкін емес. Өз
кезегінде, табысқа қол жеткізбей, кәсіпорынды дамыту және әлеуметтік
мәселелерді сәтті шешу мүмкін емес.
Тауар-материалдық қорларды есептеу бухгалтерлік есеп стандартына
әдістемелік ұсыныстарда шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру
келтірілген. Ол өзіне келесі, төмендегідей суретте көрсетілген баптарды
қосады:

Сурет. Шығындарды калькуляция баптары

Материалдар бабында төмендегілердің құны көрсетіледі:
- Өндірілген өнім құрамына кіретін, оның негізін қалайтын немесе өнімді
дайындауда (жұмыстарды жүргізуде, қызметтерді көрсетуде) қажетті
компонент болып табылатын көліктік – дайындау шығындарын есепке ала
отырып, сырттан алынған шикізаттар, негізгі материалдардың;
- Өнімді өндіру үдерістерінде қалыпты технологиялық үдерісті қамтамасыз
ету үшін және өнімді орамалау немесе басқа да өндірістік, шаруашылық
қажеттіліктеріне жұмсалатын сатылып алынатын материалдардың;
- Жерді рекультивациялау үшін табиғи шикізаттардың, мамандандырылған
ұйымдармен жүзеге асырылатын жерді рекультивациялау жұмыстарына төлем
төлеу;
- Берілген субъектіде, монтаждауда қосымша өңдеуге ұшырайтын, сатып
алынатын бұйымдардың, полуфабрикаттардың;
- Сыртқы субъектілермен орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен
қызметтер: өнімді дайындау, шикізаттар мен материалдарды өңдеу және
қондырылған технологиялық үдерістерді сақтауға бақылау жасау бойынша
жекеленген операцияларды орындау;
- Қорларды орталық қоймаға жеткізу бойынша сыртқы көлік қызметтері.
Шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын бұйымдар мен
полуфабрикаттарды субъектінің өз көлігі мен қызметкерлері күшімен
жеткізумен байланысты шығындар, өндірістік шығындардың сәйкесінше
шығындары да қосылады;
- Өнімді дайындау үдерісінде қалыпты технологиялық үдерісті қамтамасыз
ету үшін қолданылатын қосалқы материалдардың;
- Сырттан алынған, сондай-ақ субъектінің өзі өндірген технологиялық
мақсаттағы отын;
- Технологиялық мақсатта шығындалатын сатып алынатын барлық қуат түрлері.
Материалдық шығындарға тексеру жүргізгенде аудитор нақты шығындар
20 Материалдар тармақшасы шотында есептелетін қалдықтар санатына
қосылмайтынын анықтауы қажет, өйткені өндірістік шотта есептен шығаруда
материалдардың бір түрінің құны дайын өнімнің нақты өзіндік құнын реттеу
мақсатында басқа түрлерге ауыстырылады. Сондай-ақ аудитор өндірісте
қолданылмайтын материалдарға қатысты шығындардың өзіндік құнға есептен
шығарылмағанына көз жеткізуі керек.
Тәжірибеде өнімнің өзіндік құнына өндірістік бөлімшеге берілген,
бірақ нақты өндірісте шығындалмаған материалдар қате қосылады немесе
негізгі қызмет шығындарына әлеуметтік-мәдени нысандарда немесе сәйкесінше
көздерден қаржыландырылуы керек басқа нысандарда құрылыс және жөндеу
жұмыстарын жүргізуде қолданылған материалдарды жатқызу көп кездеседі. Бұл
кәсіпорынның кіріс есебінен есептен шығарылуы тиіс.
Аудиторға өнімнің өзіндік құнына қосылатын шикізат пен материалдар
шығындары өңделген шикізат, материалдар және полуфабрикаттар қалдықтарына
жататын, бастапқы шикізаттың тұтынушылық сапасын толықтай немесе біртіндеп
жойған қайталама қалдықтар құнымен азаяды. Олар өндірісте түсірілген баға
бойынша немесе өнімнің шығарылуының азаюында артылған шығындар бойынша
қолданыла алады. Сондай-ақ оларды халық тұтыну тауарларын шығаруды
қолдануға болады. Алайда өз өндірісінде қолданылған қайталама қалдықтар
сыртта келісімді баға бойынша өткізіле алады.
Осылайша, материалдық шығындарды өнімнің өзіндік құнына
қатыстығының дұрыстығын тексеруде аудитордың келесілерге көңіл аударғаны
жөн:
- Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына қосылатын шткізат пен
материалдарды бағалаудың дұрыстығы;
- Материалдарды алу мен дайындау үдерістерін кәсіпорынның қабылданған
есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есепте көрсету дұрыстығы;
- Өндірісте қолданылатын материалдарға жатпайтын шығындарды өзіндік құнға
есептен шығару фактілері, сондай-ақ ҚҚС-ын өндірістік құн есебінен
есептен шығару жағдайларының барлығын;
- Өнімнің өзіндік құнына цехтарға, бөлімшелерге берілген, алайда
өндірісте қолданылмаған шикізаттар, материалдар құнын өнімнің өзіндік
құнына қосу фактілері барлығын;
- Бөлінбеген табыс есебінен есептен шығуы тиіс, әлеуметтік-мәдени
нысандарда құрылыс, жөндеу жүргізуде қолданылған материалдар құнын
негізгі іс-әрекеттер шығындарына жатқызу жағдайлары кездесетіндігін
білу керек. Осындай тәртіпте басқа кәсіпорындарға көмек көрсету
шығындары да көрсетіледі;
- Шикізат пен материалдар шығындарының нормаларын кәсіпорын өндірісінің
техникалық жағдайы мен технологиясына сәйкес белгілеу дұрыстығын;
- Қайталама қалдықтарды бағалау және есептен шығару дұрыстығын;
- Өнімнің өзіндік құнына тауар биржасы қызметтеріне, брокерлік
қызметтерге төлем төлеу, делдал және сыртқы экономикалық ұйымдарға
сыйақылар беруге кеткен шығындарды қосудың негізділігін;
- Кінәлі адамдары жоқ немесе өндіріп алу сотпен бас тартылған жағдайларда
қоймалар мен өндірістегі материалдық құндылықтардың жетіспеуін өнімнің
өзіндік құнына қосу дұрыстығын;
- Кәсіпорынның материалдық құндылықтарды алуда ыдыс пен орамаға кеткен
шығындарын есеп көрсету дұрыстығына көңіл аудару керек. Мұнда мына
жағдайларды еске сақтаған жөн: егер ыдыс құны материалдар бағасына
кіретін болса, онда материалдардың нақты құнын ыдыстың қолдану немесе
өткізу мүмкіндіктеріне қарай (оны жөндеу шығындарын қоса) бағасы
бойынша азайту керек. Егер ыдыс құнын сатып алушы материалдық ресурстар
бағасынан жоғары төлесе, онда олар қолдану мүмкіндігі бағасы бойынша
материалдарды алу шығындарына қосылады;
- Табиғи шығын нормалары шеңберінде жетіспеушіліктер мен жоғалтуларды
есептен шығару дұрыстығын;
- Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнының материалдардың есептік
бағасы бойынша бағаларынан ауытқушылықтарының негізділігін.
Жоғарыда айтылып өткен материалдық шығындармен қатар өзіндік құнда
еңбекақы төлеу шығындарының елеулі салмағы бар. Бұл материалдық өндірістің
кейбір салаларындаөндіріске кететін барлық шығындардың 13 бөлігіне
дейін жетеді. Сондықтан да шығындардың осы түрін де өзіндік құнға жатқызу
дұрыстығына аудитор үлкен көңіл бөлген жөн. Мұнда сондай-ақ, еңбекақы төлеу
шығындары материалдық шығындар сияқты өзіндік құнға туындау орындары
бойынша көрсетіледі.
Еңбекақы төлеу бабында субъектінің негізгі өндірістік
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, өндірістік нәтижелері үшін жұмысшыларға
сыйақылар беру, ынталандыру және өтемақылық төлемдерге кеткен шығындар,
сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын, негізгі іс-әрекеттерге тартылған
қызметкерлер еңбегін төлеу шығындары да көрсетіледі.
Еңбекақы төлеу шығындары құрамына мыналар қосылады:
- субъектімен қабылданған еңбекақы төлеу формалары мен жүйелеріне сәйкес
мәмілелік бағалау, тарифтік ставка және лауазымдық окладқа сүйене
отырып бөлінген нақты орындалған жұмысқа еңбекақы төлемдері;
- сатуралды еңбекақы төлеу тәртібінде берілген өнім құны;
- жүйелік ережелер бойынша ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің мәні мен мағынасы
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Дайын өнім және оларды бағалау әдістері
Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері
Қаржылық есептемені құру
Кәсіпорынның табысы мен шығысын талдау
Астанателеком ҚТО Бухгалтерлік есеп және есептілік
Есепке алу әдістемесі
Пәндер