Каспий маңы ауданының физико-географиялық жағдайы



1. Кіріспе
2. Ауданның физико.географиялық жағдайы
3. Стратиграфиясы
4. Ауданның тектоникалық құрылысы
5. Фация туралы жалпы түсінік
6. Шельф фациясы
Каспий маңы немесе Солтүстік каспий провинциясы дүние жүзіндегі ескіден келе жатқан мұнай өндіруші аудаңдардың бірі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан мұнай өндіру өнеркәсібінің 100 жылдығын тойлау себебі осы өңірді игеруден басталады.
Каспий теңізінің солтүстігіндегі мұнай жөніндегі алғашқы мәліметтер орыс патшасы I Петрдің Хиуаға жіберген, А.Беков-Черкасскийдің экспедициясымен алынған. 1892 жылы терең қабаттарда мұнай байлығының бар екендігі С.Н. Никитиннің зерттеулерінің нәтижесінде Доссорда, Ескенеде және Қарашұңғылда бірнеше ұңғымаларды бұрғылаумен дөлелденді. 1894 жылы Леманның басқаруымен петербургтік өнеркәсіпшілер тобы Жер қойнауын пайдалану құқығын иеленіп, Ембі-Каспий серіктестігін қүрады да көптеген терең емес ұңғымаларды бұрғылау басталады. 1899 жылы Қазақстан территориясында Қарашұңғылдағы ұңғымадан 40 м тереңдікте мұнайдың алғашқы шапшымасы алынады. Бастапқы тәуліктік шығым 22-25 тонна мұнайды құрады. 1900 жылы Леман, ағылшын өнеркәсіпшісі және Стахаев пен Нобельдің "Ембі" қоғамының ұйымдастыруымен "Арал-Каспий мұнай қоғамы" құрылады.
1914 жылы Мақат кенорыны, 1924 жылы Доссор кенорыны ашылады. 1970 жылға дейін Каспий маңы провинцияларының шегінде 42 кен орындары ашылады, олардың 32-сі мұнай, 7 мұнай-газ, 3 - газ кенорыны. Королев кенорыны таскөмірлі түзілімдерде күмбез түріндегі қатпарларға тураланған. Королев көтерілімі карбонның шайылған бетінің тереңдігіне сәйкес 5100 және 6000 м батырынған Теңіз және Қаратон ойпатынан бөлініп шығады. Өнімді горизонттың жатысының ең жоғарғы тереңдігі (3900 м) күмбездің оңтүстік бөлігіңде анықталған.
Королев тұзүстілік және тұзастылық мұнай кенорыны Каспий маңы ойпаңының кернеулік белдемінің оңтүстік-шығысындагы кенорыны. Атырау облысында, Атыраудан оңтүстік-шығысқа 150 км және Теңіз кенорынынан солтүстік-шығысқа 20 км орналасқан. 1984 жылы ашылды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе
2. Ауданның физико-географиялық жағдайы
3. Стратиграфиясы
4. Ауданның тектоникалық құрылысы
5. Фация туралы жалпы түсінік
6. Шельф фациясы

Кіріспе

Каспий маңы немесе Солтүстік каспий провинциясы дүние жүзіндегі
ескіден келе жатқан мұнай өндіруші аудаңдардың бірі болып табылады. 1999
жылы Қазақстан мұнай өндіру өнеркәсібінің 100 жылдығын тойлау себебі осы
өңірді игеруден басталады.
Каспий теңізінің солтүстігіндегі мұнай жөніндегі алғашқы мәліметтер
орыс патшасы I Петрдің Хиуаға жіберген, А.Беков-Черкасскийдің
экспедициясымен алынған. 1892 жылы терең қабаттарда мұнай байлығының бар
екендігі С.Н. Никитиннің зерттеулерінің нәтижесінде Доссорда, Ескенеде және
Қарашұңғылда бірнеше ұңғымаларды бұрғылаумен дөлелденді. 1894 жылы Леманның
басқаруымен петербургтік өнеркәсіпшілер тобы Жер қойнауын пайдалану құқығын
иеленіп, Ембі-Каспий серіктестігін қүрады да көптеген терең емес
ұңғымаларды бұрғылау басталады. 1899 жылы Қазақстан территориясында
Қарашұңғылдағы ұңғымадан 40 м тереңдікте мұнайдың алғашқы шапшымасы
алынады. Бастапқы тәуліктік шығым 22-25 тонна мұнайды құрады. 1900 жылы
Леман, ағылшын өнеркәсіпшісі және Стахаев пен Нобельдің "Ембі" қоғамының
ұйымдастыруымен "Арал-Каспий мұнай қоғамы" құрылады.
1914 жылы Мақат кенорыны, 1924 жылы Доссор кенорыны ашылады. 1970
жылға дейін Каспий маңы провинцияларының шегінде 42 кен орындары ашылады,
олардың 32-сі мұнай, 7 мұнай-газ, 3 - газ кенорыны. Королев кенорыны
таскөмірлі түзілімдерде күмбез түріндегі қатпарларға тураланған. Королев
көтерілімі карбонның шайылған бетінің тереңдігіне сәйкес 5100 және 6000 м
батырынған Теңіз және Қаратон ойпатынан бөлініп шығады. Өнімді горизонттың
жатысының ең жоғарғы тереңдігі (3900 м) күмбездің оңтүстік бөлігіңде
анықталған.
Королев тұзүстілік және тұзастылық мұнай кенорыны Каспий маңы
ойпаңының кернеулік белдемінің оңтүстік-шығысындагы кенорыны. Атырау
облысында, Атыраудан оңтүстік-шығысқа 150 км және Теңіз кенорынынан
солтүстік-шығысқа 20 км орналасқан. 1984 жылы ашылды.
Өнімді горизонттары тұзүстілік және тұзастылық кешенде анықтадды
(1986 ж).

Атырап, аудан горизонт- Бұрғылау Ұңғыма-
тардың жасы тығыздығы, лардың
мкм2. тереңдігі, м.
Оңтүстік Каспий Д2 - 6806
маңы МГО
Астрахань МГА С1 0,4 4853
Орал Ембі МА Р,к9 9,1 5912
Примор МА Д2 2,3 6028
Шығыс Каспий Д2 1,56 5802
маңы МГО

Ауданның физико-географиялық жағдайы

Королевское кенорны Каспий маңы мұнай-газ провинциясының Оңтүстік
Ембі мұнай-газ облысында орналасқан. Ол Каспий маңы ойпатының ернеулік
белдемінің оңтүстік-шығысындагы кенорыны. Атырау облысында, Атыраудан
оңтүстік-шығысқа 150 км және Теңіз кенорынынан солтүстік-шығысқа 20 км
орналасқан. 1984 жылы ашылды.
Геологиялық жағынан Солтүстік каспий мұнайлы-газды провинция дүние
жүзіндегі аса ірі және терең платформалық ойпанының бірі. Ол Каспий маңы
синеклизаларының шегінде орналаскан, орыс платформасының онтүстік-шығыс
шегінде жатыр.
Әкімшілік жағынан мұнда Қазақстанның Атырау, Батыс Казахстан. Ақтөбе
облыстары, сондай-ақ Ресей Федерациясының Астрахань, Саратов, Волгоград,
Калмык облыстары орналасқан.
Провинциялардың алаңы 500 мың км жуық, шөгінді жыныстың қалыңцығы 20
км-ден аса болады. Фундаментке дейінгі рифеелі-вендт кешені, сейсмикалық
зерттеулердің мәліметтері бойынша, аймақтық орталық бөлігінде қалындығы 8-
10 км-ге жетеді. Орторплатформалы тыс төменгі палеозойдан төрттік кезеңге
дейінгі түзілімдерді қосып алады. Л.Н. Кленинаның, В.Д. Ильиннің және В.В.
Липатованың материалдары бойынша (1987 ж.), шөгінді тыста екі ірі мұнайлы-
газды мегакешен, кунгур түзды қатқабатпен бөлінген тұзастылық жене
түзустіаік бөлініп шығады. Шөгінді тыстың қимасы орта девондық
түзілімдерден бастап, бұрғылаумен ашылды. Ол ірі құрылымдық-формациялы.
Тұзүстілік мегакешеннің қалыңдығы 5-9 км. Тұзастылық мегакешен геофизикалық
зерттеулердің мәліметтері бойынша Каспий маңы синеклиздарының ернеулік
белдемдерінен 3-4 км-ден оның орталық аудандарына 10—13 км-ге дейін.
Тұзүстілік мегакешенде өнеркәсіпті мұнайлы-газдылық төменгі бор, юра,
триас және жоғары перм жыныстары. Тұзастылық мегакешенде - төменгі перм,
тас көмір және девон түзілімдері болады.
Каспий маңы МГА-ң зерттелуі қимасы және ауданы бойынша өте біртекті
емес. Салыстырмалы түрде тұзүстілік түзілімдер жақсы зерттелген.
80-жылдардан бері қарай тұзасты кешені қабаттарында жаңа мұнай-газ
кендері: Теңіз, Тәжіғали, Тортай, Шөлқара, Равнина, Имашев, Королев,
Табынай, Елемес, Сазтөбе кендері ашылды.

Стратиграфиясы

Төрттік жүйе

Төрттік теңіздік және континеттік түзілімдер әр түрлі жастағы тау
жыныстарының жабыны болып есептеледі.
Голоцен. Қуаттылығы 10 метрге дейінгі теңіз құмдары, сазды және
бақалшақтастар, Каспийдің жағалауындағы аудандарга таралған. Моллюскалар
және геоморфологаялық қатынасы бойынша: қазіргі уақыттағы, жоғарғы және
орта, жаңа каспийлік, маңғышлақтық қабаттарға бөлінеді. Қалындығы 20 метрге
дейінгі аллювиалды, көлді және көлтабанды құмдар, құмдақтар, саздақтар,
ұйықтар Волга мен жыралар беткейлерінде кездеседі. Сол түзілімдері
қуаттылыга 30 метрге дейінгі шағын құмдардың массивтерін түзеді.
Плейстоцен. Теңіздік, жағалаулық және континенттік құмдар,
құмдақтар, саздақтар, саздар, бақалшақтастар. Жоғары плейстоцен - хвалын
горизонты (20 м.), ателдік свита (20 м.) жене жоғары хазар (гиркан)
қабаттары (10 м.) жатады. Ортаңгы плейстоценге төменгі хазар горизонты (10
м.) қатысты. Төменгі плейстоцен баку (40 м.) және түркян горизонты (12 м.)
тиісті.
Төрттік түзілімдерде шамалы терендікте газ кені барлығы анықталған.
Баку регио-жікқабаттың негіздері - малтастары мен құмтастары және
хвалынды түзілімдердің негізіндегі құмды будалар.
Неоген жүйесі

Неогенді жүйе плиоцен және миоцен түзілімдеріне бөлінеді.
Плиоцен. Өте ертедегі таужыныстарын, миоценнен таскөмірге дейін
қабатгарды трансгресті жабады.
Апшерондық жікқабат — негізінен теңіздік, Шығыс Каспий маңы МГА —
жағалаулық-дельталық және Каспий маңы синексизалардың ернеуінде —
континеттік түзілімдермен қалыптасқан. Теңіздік түзіліспгер үш
жікқабатшықтарға бөлінеді. Жоғарғы 20 метрден 150 метрге дейінгі
құмтастармен, саздармен түзілген. Ортаңғы - құмдардан, құмайтгардан және
саздардан тұрады. Кардиид фаунасының жаппай пайда болуымен ерекшеленеді (35-
240 м.). Төменгі - саздармен, құмдармен, әк тастармен, бақалшақтастармён
жинақталған, 2-3-тен 90 метрге дейін.
Осылайша, Каспий маңы ойпаңы және Каспий теңізіне жататын айдын
жақын арадағы және кейінгі перспективада негізгі роль тұзастының
палеозойлық кешенге жататын Қазақстанның мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің
басты шикізатты базасын айқындап береді. Сондай-ақ тұзүстілік түзілістер де
геолог-мұнайшылардың назарынан тыс қалмақшы емес. Оның дөлелі ретінде 1998
жылдың басында өнеркәсіптік кен шыэғарылған ірі кенорыны Кенбайдың ашылуы
болып табылады. Түсүстілік түзілулерде мұнай іздеу жүмыстарын жалғастыру
мақсатгылығы туралы қату температурасы төмен майлы фракциялардың көп
мөлшері бар мұнайдың жоғары тауарлы сапасы айғақтайды.
Ақшаеыл жікқабаты. Теңіздік, түщы теңіздік және көлтабанды-көлді
қабаттардан құралған. Теңіздік түзілімдер үш жік қабатшыққа (горизонтқа)
бөлінген. Жогарғы және төменгі жікқабатшық сұр сазбен, құммен, ал ортаңғы -
құмайтты саздармен қабаттаған. (150 м.)
Ортаңгы плиоцен. Төсемді таужыныстарын шайып кетумен жиналады.
Моллгоскалар және остракодтармен шұбар түсті саздар құрайды, 20-180 м.
Төменгі плиоцен. Каспий маңы синеклизының шегінде болмайды.
Миоцен. Жогаргы миоцен. Қызғылт топырақ (латерал) бойынша бірін-бірі
алмастыратын, қайраңды терригенді-карбонатгы және біршама терең сулы
терригенді таужыныстармен қалыгптасады.
Ортаңгы миоцен. Саздармен, сұр әксаздармен, төменгі бөлігінде татты-
сарғыш әктасты құмтастармен көрінеді, 35-65 метр.
Теменгі миоцен. Қара-сұр, қоңыр темір ншатты (сидерита) тас
беріііггі саздарымен және молюскалармен көрінеді, 45-250 м.

Палеоген жүйесі

Барлық үш белімдерден тұрады. Олардың қүрамыңда негізінен теңіздік
территенді, терригенді-карбонатты және карбонатты түзілімдер, тек Солтүстік
Ембі МГА - құрлықтық терригенді таужыныстары байқалады.
Олигоцен. Жоғарғы олигоцен. Жергішкті турде таралған. Оңтүстік
Каспцй маңы мұнай-газды атырапта ортаолигоценмен тығыз байланысты. Теңіздік
генезис таужыныстарымен, Шығыс Каспий маңы МГА-да (Карпенск ЧНГР және
Тепловск СГР). - төменгі олигоценнен бордың жоғарғысына дейінгі
таужыныстарыңда орын тепкен континентгік фациялармен көрінеді. Жасыл
құмайтгы саздармен, қимасының үсті құмды саздармен түзілген. Континенттік
фациялары көптеген тасмалталармен, өсімдік жапырақтарыньщ қалдықтары қалған
құмтастардың қатшалары және линзалары мен айқындалады. Континентах
таужыныстардың қалындығьі 3-6 м. Теңіздік жыныстар 30 м-ден 600-800 м-ге
жетеді.
Төменгі және Ортаңғы олигоцен. Орал—Ембі және Приморск МА-да
таралған, теңіз фациялары. Орал-Ембі МА құм және құмайт қатшаларымен
пириттелген сұр саздармен қүралған, 40 м-ден 500 м.
Эоцен. Үздіксіз түрде палеоценді, жоғарғы бор және юраны трансгресті
бітеп жабады. Теңіздік фациядан және сирек түрде континешті фацияда
айқыңцалады. Үш бөлімде көрінеді. Жоғарғы эоцен. Негізінен теңіздік сазды,
әксазды және карбонатты фациялармен көрініс табады.
Альмалық региожікқабат (ақсазды горизонт, адайлық горизонт, ордалық
қабатгар, Соддатск—Степновск СГР—Киевтік свита) өзіне сазды, агпық-сұр
әксазды, әктастық ақ қашіаларын енгізген. Қалыңдыгы 120 м-ден 235 метрге
дейін.
Бодрак региожікқабат. Оңтүстік Каспий маңы МГА-ның орталық бөлігінде
құмдық горизонты пирит және глауконитгі қоса отырып, балық қабыршақты жасыл-
сұр, қара-сұр саздармен қүралған. Қалыңдығы 40 метрден 270 м-ге дейін
жетеді.
Орта эоцен. Симферопольдік региожікқабатқа, Усак горизонтының
томенгі жағына сөйкес келеді. Тек қана теңіздік фациялармен айқындалады.
Қуаттылығы 17-ден 135 м. дейін.
Төменгі эоцен. Теңіздік фациялармен айқындалады. Бақчасарай
регаожікқабаттарына, гвимров горизонтына сәйкес келеді. Қара-сұр, сұр,
кейде пиритизді саздардан қүралғаН. Қалыңдығы 4-тен 550 метрге дейін.
Палеоцен. Әдетге сәйкес түрде теңіздік фациялармен көрініс табады.
Жоғарғы палеоцен (Качарегио жікқабаты). Әктаеш саздардан,
сазтастардан, құмтас, әксаздардан және кейбір жерлері устрицалы қатшалы,
сұр, жасыл-сұр құмайтастардан қүралған. Қалыңдығы 10 метрден 220 метрге
дейін.
Ортаңғы палеоцен (инкермандықрегао жікқабат). Ақбалшық түріндегі саз
қатшалы, кварцты құмдар және құмтасты ақ балшықтармен айқыңдалады.
Қалындығы 160 м-ге дейін. Деркул свитасы сұр саздардан, төменгі бөлігі
(цыгандық қабаты) құмтас және әктас қатшаларынан қүралған. Қалындығы 11-140
метр.
Томенгі палеоцен (монс және дания жікқабаттары). Монстық жікқабат
Каспий маңы МГА-да анықталмаған. Дания жікқабаты шектеулі түрде таралған,
ашық-сұр, жасыл-сұр әксаздармен, бормен, әктастастармен, ақбалшық
қатшалардан қүралған. Қалыңдығы 8 ден 75 м. дейін. ,

Бор жүйесі

Жоғарғы бөлім. Сеноманнан маастрихгқа дейінгі барлық жікқабаттары
бөлектеледі, бірақ қимасының қалындығы өр түрлі.
Маастрихт жікқабаты жергілікті түрде таралған. Екі жікқабатшыққа
бөлінеді: жоғарғы — ақ бор, борға үқсас ақ сұр әксаздар, төменгісі —
өксаздар, бор және әктасты саздар. Жоғарғы жікқабатшьіқ қалындығы (40-180
м). Төменгі жікқабатгық ашық-сұр әктастармен түзілген., қалыңдығы 60—110 м.
Сантон жікқабаты. Кеңтүрде таралған, жергілікгі белдемдерге сәйкес,
екі жікқабатшыққа дараланады. Жоғарғы жікқабатшық бормен, әксаздармен,
өктасты саздармен және фосфоритгі тасмалта негізді жасыл-сұр құмдармен
көрінеді. Қалыңдығы 30—50 м. Төменгі жікқабатшық бордан, әксаздардан,
фосфорипі, фосфоритгі тақталы саздардан және құмдардан құрылған, қалындығы
10— 80 м.
Коньяк жікқабаты. Шекарасы айқын емес, теменгі жатқан турон
таужыныстарымен литологиялық түрде жақын. Бордан және әктасты құмдар мен
сазды қатшалы әксаздардан қүралған. Қалындығы 20—26 м.
Туран жікқабаты. Екі жікқабатшыққа бөлінеді. Жоғарғы жікқабатшық
қалындығы 25 м дейін, төменгісі — 55 м дейін.
Сеноман жікқабаты. Өге шекті түрде таралған. Құмайтастармен,
саздармен, әксаздармен және өктастармен көрініс табады. Қалындығы 120
метрге дейін.
Альб жікқабаты. Барлық жерде дерлік таралған. Теңіздік және
континештік фациялармен айқындалады. Тесемелі жоғарғы ашік таужыныстарға
біртіңдеп шумен байланысты немесе агаінің шайылған бетінде жатады. Жоғарғы
— орта және төменгі жікқабатшықтарға сәйкес екі мүшелі болып бөлінеді.
Жоғарғы жікқабатшық құмайтас және қара-сұр саздармен кезектесуімен
айқындалады. Қалындығы 8—110 м. Жоғарга-Ортаңғы альб теңіздік түзілімдер
қалған аландарда басым түрде сазды болып келеді. Солтүстік Ембі МГА-да,
континент құмды қатқабатгармен алмасады. Қалындығы Тещздік фацияда 400 м.
дейін, континента" фацияда 275 метрге дейін.
Апт жікқабаты. Жоғарғы жікқабатшық басты түрде біртекті қара-сұр
және сұр саздардан қүралған. Қалындығы 120 м дейін. Төменгі жікқабатшық
(сағыз свитасң) — құмайттар, құмдар және құмтастар қатшаларынан, септаритті
тас беріштерден қүралған. Қалындығы 50 м. дейін.
Баррем жікқабаты. Теңіздік және түщы сулық континента фациялармен
құрылған. Теңіздік түзілімдер - сұртүсті сазды. Фораминифер фаунасы бойынша
екі жікқабатошққа бөлінеді. Қалындығы 70 м. дейіні, Солтүстік Ембі МГА және
Приморск МА-да континента үқсастықтары — құмайт, құм, құмтастар қатшасы
шүбартүсті саздар және негізді құмдар көкжиегі. Қуатгылығы 460 метрге
дейін.
Готерив жікқабаты. Жоғарғы жікқабат кезектескен түрден құмтастар
жіэне саздардан тұрады. Теменгі жікқабат құмтастың қатшаларымен саздардан
қүралған. Жоғарғы жікқабатшық - 50 м. дейін, теменгі — 10 м.
Валанжин жікқабаты. Шектеулі түрде таралған. Сөйкес түрде берриасты
жалғастырады және волга ярусымен орта аралық таужыныстарына трансгресті
орын тебеді. Сұр саздармен жене жасыл-сұр құмаит, құм және құмтастардың
қатшаларынан қүралады. Қалыңдығы 30—80 м.
Берриас жікқабаты. Саздар, құмтастар, фосфорлы, тас малталары бар
әксаздар қатшалы құмдардан қүралады. Қалыңдьнъі 10 м.

Юра жүйесі

Юралық түзілімдер бүрыштық және стратиграфиялық сәйкессіздікпен
триас және пермь үстіңде орналаеқан. Юра үш бөлімде көрінеді. Теңіздік және
континента фацияларда айқындалады.
Жоғарғы бөлім. Түзілімдер теңіздік генезисті болады. Өсімдіктер
дүниесі және өсімдік қалдықтары бойынша волга, кимеридж, оксфорд және
келловей жік қабаттарына дараланады.
Волга жікқабаты. Жогарғы волга түзілімдері - ақ құмтасты
әкгастардан, қоңыр-сұр әктасты құмтастардан қүралған. Приморск МА-да бүл
таужыныстары қара-қоңыр, сұр саздармен алмасады. Қалыңдыға 20-35 м. Орта
волга түзілімдері - саздармен, құмайт құмтастармен, сазды әктастармен,
аммониттермен айқындалады. Қалыңдығы 8-ден 30-40 м. Төменгі волга
түзілімдерінің құрамы басым түрде әктас және моллюскалы сары-сұр саз
қатшалы әксазды болып келеді. Қалындығы 50 м.
Кимеридж жікқабаты. Жергілікті түрде дамыған. Құмайт, әксаз,
глауконитті құм қатшалы ашық-сұр саздардан құралған. Қалыңдығы 30-60 м.
Оксфорд жікқабаты. Астрахань МГА және Орал-Ембі МА-да біршама
таралған. Қалған территорияларда жергілікті түрде кездеседі.
Келловей жікқабатымен шекарасы сәйкес, біртіндеп біртекті сазды
қатқабатқа өтеді. Басым түрде әксаз, құмайт қатшалы ашық-сұр әктасты
болады. Қалындығы 4-42 м.
Келловей жікқабаты. Әксаз қатшалы ашық-сұр саздардан қүралған.
Қуаттылығы 7—100 м.
Ортаңғы бөлім. Барлық жерде дамымаған, теңіздік және лагуналы-
коктинентті генезиске ие. Барлық үш жікқабаттарға бөлінеді.
Бат жікқабаты. Астрахань МГА, Орал—Ембі, Примор МА, Солтүстік Ембі
МГА-да таралған.
Жоғарғы — ортабаттік түзілімдер (жоғарғы көмірлі свита, қойқоралық
свита) көмірлі қатпен белгіленеді. Куатгыльнъі 160 м.
Төменгі батгік түзілімдердің (лингуль, тасқұдықтық свита) - шығу
тегі лагуналы — континентті, сұр саздар, әксаздар, әктастар мен құмайттар
қабаттарынан құралған. Қалындьны 40-тан 200 м. дейін.
Байос жіккабаты (төменгі көмірлі және құмды-сазды свиталар, Жолдыбай
және қүлсарылық свиталар), біршама таралған. Теніздік фациялармен-саздардьщ
және құмайтгардың кезектесіп келуімен айқындалады. Қалындығы 25—170 м.
Аален жікқабаты. Қүрамы — құм, құмтастар, құмайттар, саз сирек
кездеседі, қалындығы 9—150 м.
Төменгі бөлім. Түзілім (ембілік свита) континентгі генезиске ие.
Приморск МА және Солтүстік Ембі МГА-ны кездеседі. Төменгі бөлігі тас
малталы құмдармен, жоғарғы бөлігі сазбен қүралған. Споро-тозанды кешені
белгілі. Қалындығы 24—184 м.

Триас жүйесі

Триас дәуірі үш кешенге бөлінеді: жоғарғы триас — шұбар және
сұртүсті континента; Орта триас — негізінен теңіздік түздысулы терригенді-
карбонатты және төменгі триас — қызылтүсті, континентал шөгінділерден
қүралған.
Жоғарғы бөлім. Үш горизонтқа: қүсанқүдық, хобдалы және ақмамық болып
бөлінеді.
Қүсанқудық горизонты — жасыл-сұр саздар мен құмтастардан тұрады.
Қалындығы 100—300 м.
Қобдалы горизонт — екі мүшелі құрылысты болады: жоғарғыда - саздар
және пирит, сидеритті, құмайт, төменгісі құмдар мен құмтастар. Қалынданы
50-ден 300 м. дейін.
Ақмамық горизонты—құмдардан, құмтастардан, құмайттастардан және сұр,
жасыл-сұр, сиректүрде қызғылт-қоңыр саздардан түзілген. Қалындығы 30 м-ден
425 метрге дейін.
Ортаңғы бөлім. Сәйкес түрде, жергілікті шайылумен төменгі триасты
қайта жабады. Үш горизонт: мәстексай, индер және эльтон бөлініп шығады.
Мәстексай горизонты — полимикті құмтастарды, құмайтастарды, сұр
түсті сазды біріктіреді. Қалыңдығы 18-ден 440 м. дейін.
Индерлік свита — саздардан, әктастардан, құмайттастардан, қара-сұр
және сұр әксаздардан, пслимикті жасыл-сұр құмтастардан құрылған. Қалындыгы
140-350 м.
Эльтондык, свита — құмтастардан, қоңыр-сұр, қоңыр саздардан,
өксаздардан, доломитгерден, әкгастардан құралған. Қалыңдығы 90-270 м.
Төменгі бөлім. Астрахань МГА-ң елеулі бөлігінен басқа барлық жерде
дерлік таралған. Триас және пермь шекарасы аймақтың көп бөлігінде пікір-
таласты, бірқатар авторлар бүл межені трансгресив деп есептейді. Бөлімнің
қүрамында шартты түрде оленекжәне иңц жікқабатгарымен коррелияцияланатын
басқүншақ және ерш горизонттары бөлініп шығады.
Басқуншақ горизонты — теңіздік богда свитасы және континентті оны
қайта жабушы, төқсемді енотаев және ақтөбе свитасын біріктіреді.
Енотай свитасы — құмайттастардан және сұр, қоңыр-қызыл саздардан
қүралған, қуаттылығы 100 м. дейін. Богда свитасы әкгастар қатшасы қара-сұр
саздардан түзілген, қальщцығы 175 м. Ақтөбе свитасы қызылтүсті саздар мен
құмтастардан тұрады, қуатгылығы 10—135 м. Горизонттың қалыңдығы 320—400 м.
Ершов горизонты — континента қызыл түсті таужыныстардан түзілген,
бірқалыпта қайта қабатталган құмтастардан, қоңыр және көгіддір-сұр
саздардан қүралған. Қалындыгы 370-720 м.
Каспий маңы ойпаңының триас дәуірінің түзілімдері аймақты түрде
мұнайлы-газды. Мұнда өнімді кешендер: жогаріы триасты сұртүсті терригенді,
орта триас терригенді-карбонатгы және төменгі триас қызыл түсті терригенді
болып бөлінеді.

Пермь жүйесі

Фораминифер, жарым-жартылай аммоноиттер ауысымы бойынша пермь
жүйесінің екі бөлімі және бүкіл жікқабаттары бөлінеді.
Жоғарғы бөлім. Төменгі пермьде, орта және жоғарғы карбонда
трансгресті орнығады. Теңіздік, лагуна-теңіздік, көддік және аллювий
фацияларменен айқындалады.
Татар жікқабаты. Татар түзілістеріне шартты түрде шүбар түсті
сазтастар, қиманың ортанғы бөлігінде сульфатгы-терригенді құмайттастар
жатады. Қалыңдьнъі 50 м—850 м. дейін.
Қазан жікқабаты. Кунгур және таскөмірлі таужыныстарда уфимді немесе
трансгресті жайғасады. Ангидритгер, доломитгер және түздардың қатшаларымен
теңіздік көбінесе қызыл түсті терригенді түзілістермен айқындалады.
Қальщцығы 640 м. —750 м. дейін.
Уфа жікқабаты. МГА-ң Шығыс бөлігінде құмтастар мен құмайттастар,
сирек түрде сазды өктастар мен доломиттердің байланысты қатшалардың
көбінесе сазтастармен байқалады. Сипатты түрде сульфатты ангидриттермен
байытылған. Батыс бағытта сульфаттардың роль үлғаяды, галиттер пайда
болады.
Төменгі бөлім. Кунгур жікқабаты. Бүрышты сөйкессіздікпен сақмара
жікқабатынан төменгі карбонға дейінгі аса ертедегі түзілімдерді жабады.
Бірқатар зерттеушілер кунгур түзілімцерінің артиндік шайылған бетінде
сәйкессіз жатысын көрсетеді. Микрофитофоссилий және жарым-жартылай
фораминифер өзгерісінің негізінде, Ирен және филип горизонтының өр түрлі
қабатында жайғасады. Қалған құрылысына калий және магни түздары, доломит-
ангидритгі сульфатгы—карбонатгы-терригенді таужыныстарының ангидириттер
қатшалары мен ақ, ашык-сұр тас түздарды гологенді түзілістер қатысады.
Көптеген үнғымаларда қиманьщ сульфатгы-терригенді бөлігі және төменгі-түзды
бөлігі жекеленеді. Орал—Ембі МР қүрамында үш бедден: галлитті, карналлит
сильвинитгі және галитгі зона ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Тұз асты түзілімдері
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
Биосфералық қорықтар
«Қараарна мұнай кен орындарының топырағының ауыр металдармен ластануы»
Экожүйе және экожүйелер
Еуразияның физикалық картасы
Пәндер