Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық салт-дәстүрлері арқылы еңбекке баулуда инновациялық технологияларды қолдану жолдары



Қазақстан Республикасының білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау… оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, хаықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. /1/
Демек, осы педагогикалықтехнологияларды оқушыны дамытуға бағытталған оқу–тәрбие жұмысының бір–бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Мұғалімге болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істі асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.
Шәкәрім «Адамның жақсы өмір cүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» – деп есептейді. /2. 156 б/ Тәрбиелеу ісі білім берумен шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс әрекет барысында түрлі ойындар, хикаялар, қойылымдар арқылы берілгені жөн. Өйткені өзгенің басындағыны өз басынан өткізетіндей аңғаруына, айналасындағылардың іс әрекетін түсінуіне, он елегінен өткізіп, сезінуіне ықпал етуі тиіс.
Бүгінгі күні өз елінің тарихын, салт дәстүрін, мәдениетін, тілін, жақсы білетін ой өрісі кең азамат тәрбиелеу үшін тәрбие бағдарламаларын қайта қарап, ескірген тәрбие әдіс – тәсілдерінен бас тартып, оқушылардың тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін тәрбиелеушілердің басшылығымен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын жаңа жұмыс түрлерін, инновациялық әдіс - тәсілдер қолдану керек.
Тәрбие жұмысы бір – бірімен тығыз байланысты бағыттарда жүзеге асырылады, және әр бағыттың өзіндік әдіс – тәсілімен, формалары бар.
Жаңа тәрбие технологиясы әр бағыттың мақсаттарына сәйкес тақырыптарын дәл таңдап, ықпал етуге тиімді нәтижелі құралдар арқылы жүзеге асырылуын талап етеді.
Тәрбиеші таңдаған тәрбие сағаттарының тақырыптары бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірін толықтырып отырады. Олар бала дамуының жақын аймағы мен қол жеткен аймағына ықшамдалып алынған. Осыған сәйкес тәрбиеші баланың жас ерекшеліктерін, сыныптың деңгейлік мүмкіндіктерін ескере отырып тақырыпты таңдап алады.
Қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық моделінің үлгісін құру жүріп жатыр. Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жаңа көзқарастар тұрғысынан екшеленіп, талданып, басқа түрлері қабылдану үстінде. Ең бастысы, оқушыға деген қатынас объект ретінде емес, оның дамушы тұлға ретіндегі қоғамды өзгертуші субъект екені мойындалып отыр.
Егер біз тұлғаны адамның әлеуметтік қасиеттерінің бірлігі деп қарайтын болсақ, онда оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының да осыған лайық өзгерістерге ұшырайтыны сөзсіз. Солай екен, қазіргі педагогика ғылымында тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияларды енгізу – кезек күттірмес міндет .
Тәрбие жұмысының жаңа үлгісі жасалуы керек. Оның негізгі идеясы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау. Тәрбие жұмысының модульдік технологиясы құрылымдық 3 болімнен тұрады: кіріспе, сұхбат (диалог) және қорытынды.
Бағыттары әр айға 4 сағаттан жасалуы керек. Бір айда бағыттардың 4 түрі алынады (кіріспе бөліміне 10 минут, диалог бөлімдеріне 160 минут, қорытынды бөлімге 10 минут уақыт бөлінеді).
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы /Егемен Қазақстан, 1999ж.,11маусым./
2. Қазақстанның тәлімдік ой-пікір антологиясы. /Құрастырған Қ.Жарықпаев, С.Қалиев.-Алматы: Рауан, 1998 ж., 2том 156 б./
3. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. /Құрастырған Қ.Жарықпаев, С.Қалиев.-Алматы: Кітап,1992 ж./
4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. /Құрастырған С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилова.-Алматы: Рауан,1994ж./

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
бастауыш сынып оқушыларын ұлттық салт-дәстүрлері арқылы еңбекке баулуда
инновациялық технологияларды қолдану жолдары.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау... оқытудың жаңа
технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, хаықаралық, ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. 1
Демек, осы педагогикалықтехнологияларды оқушыны дамытуға бағытталған
оқу–тәрбие жұмысының бір–бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің
жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, оны тәрбие жұмысының таптырмайтын
құралы ретінде қарағанымыз жөн.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз әрекетінде қажетті
өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Мұғалімге
болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл
істі асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл
қолданылмауы тиіс.
Шәкәрім Адамның жақсы өмір cүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар
адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді – деп есептейді. 2. 156
б Тәрбиелеу ісі білім берумен шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету
арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс әрекет барысында түрлі ойындар,
хикаялар, қойылымдар арқылы берілгені жөн. Өйткені өзгенің басындағыны өз
басынан өткізетіндей аңғаруына, айналасындағылардың іс әрекетін түсінуіне,
он елегінен өткізіп, сезінуіне ықпал етуі тиіс.
Бүгінгі күні өз елінің тарихын, салт дәстүрін, мәдениетін, тілін, жақсы
білетін ой өрісі кең азамат тәрбиелеу үшін тәрбие бағдарламаларын қайта
қарап, ескірген тәрбие әдіс – тәсілдерінен бас тартып, оқушылардың тым
тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін
тәрбиелеушілердің басшылығымен балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамытатын жаңа жұмыс түрлерін, инновациялық әдіс - тәсілдер қолдану керек.
Тәрбие жұмысы бір – бірімен тығыз байланысты бағыттарда жүзеге
асырылады, және әр бағыттың өзіндік әдіс – тәсілімен, формалары бар.
Жаңа тәрбие технологиясы әр бағыттың мақсаттарына сәйкес тақырыптарын
дәл таңдап, ықпал етуге тиімді нәтижелі құралдар арқылы жүзеге асырылуын
талап етеді.
Тәрбиеші таңдаған тәрбие сағаттарының тақырыптары бір-бірімен тығыз
байланыста, бір-бірін толықтырып отырады. Олар бала дамуының жақын аймағы
мен қол жеткен аймағына ықшамдалып алынған. Осыған сәйкес тәрбиеші
баланың жас ерекшеліктерін, сыныптың деңгейлік мүмкіндіктерін ескере отырып
тақырыпты таңдап алады.
Қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық моделінің үлгісін құру
жүріп жатыр. Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жаңа көзқарастар
тұрғысынан екшеленіп, талданып, басқа түрлері қабылдану үстінде. Ең
бастысы, оқушыға деген қатынас объект ретінде емес, оның дамушы тұлға
ретіндегі қоғамды өзгертуші субъект екені мойындалып отыр.
Егер біз тұлғаны адамның әлеуметтік қасиеттерінің бірлігі деп қарайтын
болсақ, онда оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының да осыған лайық
өзгерістерге ұшырайтыны сөзсіз. Солай екен, қазіргі педагогика ғылымында
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияларды енгізу – кезек
күттірмес міндет .
Тәрбие жұмысының жаңа үлгісі жасалуы керек. Оның негізгі идеясы
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өзін-өзі анықтауына, өзін-
өзі бағалауына мүмкіндік жасау. Тәрбие жұмысының модульдік технологиясы
құрылымдық 3 болімнен тұрады: кіріспе, сұхбат (диалог) және қорытынды.
Бағыттары әр айға 4 сағаттан жасалуы керек. Бір айда бағыттардың 4 түрі
алынады (кіріспе бөліміне 10 минут, диалог бөлімдеріне 160 минут, қорытынды
бөлімге 10 минут уақыт бөлінеді).
Алдымен төрбие жұмысының негізгі бағыттары белгіленіп алады.
1. Адамгершілік тәрбиесі.
2. Ақыл-ой тәрбиесі.
3. Құқықтық тәрбие.
4. Денсаулық және дене тәрбиесі.
5. Оқушылардың саяси мэдениетін қалыптастыру.
6. Сүлүлық тәрбиесі.
7. Экологиялық және экономикалық тәрбие.
8. Мамандыққа бағдарлау және еңбекке баулу тәрбиесі.
Модульдің идеясы.
1. Еркін тәрбие беру.
2. Әрбір баладан қоғамдағы нормаға сай өндіріске, тәжірбелік және
шығармашылық қызметке лайлық етіп адам тәрбиелеу.
Мақсаттары.
1. Баланың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдайлар туғызу.
2. Өз бетінше білім ала білуі.
3. Өзін-өзі басқара алуы.
4. Өз қызметін өзі ұйымдастыра білуі.
5. Өз көзқарасын қалыптастыра білуі.
6. Өзін-өзі анықтай алуы.
7. Өзіне-өзі сенімді болуға тәрбиеленуі.
8. Өзін-өзі реттей алуы.
9. Өзіне-өзі баға бере білуі.
10. Өзінің жағымды қасиеттерін қоғамда пайдалана біліу және
басқаларға игі әсер ету қабілеттілігі.
Ұстанымдары.
1. Барлық сыныптарда оөушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
кешенді жұмыс жүргізу.
2. Өтпелі кезең құбылыстарын ескеріп, тәрбие жұмысының түрі мен
мазмұнының әркез өзгеріп отыруын есепке алу.
3. Мақсатқа жету үшін қолайлы социум (әлеуметтік орта) қалыптастыру.
4. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беруді іске асыру.
5. Отбасы тірбиесі мен мектептегі тәрбиенің уйлесімдік табуына қол
жеткізу.
6. Тәрбие жұмысының дамытушылық бағытта болуы.
Әдістері.
1. Тәрбие жұмысының жүргізудің технологиясын игеру.
• оқушыларда өзіне сын тұрғысынан қарау түсінігің
қалыптастыру;
• Топтық технология әдісін тәрбие жұмысында кеңінен қолдану;
• әңгіме, пікірталас, рөлдік, іскерлік ойындарды тәрбие
жұмысында кеңінен пайдалану.
2. Оқушылардың бірі-біріне жағымды әсер ету факторын қалыптастыру.
3. Рухани мәдениеттің адам баласына қажеттілік сезімін түсіндіру.
4. Оқушылардың өзара көмек пен бір-біріне жәрдем беруге дайын
дағдысын қалыптастыру, яғни “Ұжым мені ортадан шығарып тастамайды”
ұстанымын бекіту.
5. Оқушылардың бойында өзінің тәрбиелік деңгейін жақсы сезіне білуін
қалыптастыру.
6. Педагогикалық жағдаяттарды топ, ұжым болып талдау және баға беру.
7. Ата- аналарды педагогикалық, оқушылар ұжымының мүшелері етіп
қабылдау және олармен мазмұнды тәрбиелік қызмет атқару.
Енді тәрбие жұмысының модульдік технологиясың ерекшеліктеріне
тоқтала кетейін.
1. Тәрбиелік мәні бар тақырыптарды бөлектемей, түгел қабылдауды
қамтамасыз етеді.Бұл жұмыс тәрбиенің модульдік технологиясын
пайдалану арқылы ғана жүзеге асады.
2. Кіріспе бөлімінде мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші оқушыларға
модульдің құрылымымен таныстырып, тәрбие бағыттарының
мақсатына, не керек? Нені білу керек? Қалай игеру керек? деген
мәселелерге назар аударады.
3. Диалог кезені тәрбиелік мәні бар мәселелерді кешенді түрде
игеруге арналады.
4. Диалог бөлімінде “қайта оралу” ұстанымы жүзеге асырылады. Бұл
тек қайталау емес, әрбір “қайта оралғанда” тәрбиелік
тақырыптардың мазмұны күрделене түседі және оларды оқушылар
шығармашылықпен шешіп отырады.
5. Тәрбиелік материалдарды өту түрі жұптық, топтық әдіспен жүреді
және бірімен бірі ақылдасу, ойласу негізінде болады.
6. Тәрбиешінің барлық уақытта балаларға сенім білдіруі шартты
нәрсе.
7. Оқушыларға материалдың мақсаты мен міндеттерін тәптіштеп
түсіндіру тәрбиешінің міндеті болып табылады.
8. Барлық уақытта оқушылардың білгісі келетінін есепке алып отыру
керек.
9. Тәрбиешінің әрбір оқушыны өзінің досындай көруі қажет.
10. Оқушы өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Пәндер