Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Аубакиров С. Е.
Ахмадишин И. М.
Кубжасарова Г. У.
ТІС ПРОТЕЗІН ЖАСАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
(Оқу - әдістемелік құрал)
Қарағанды 2007 ж.
ӘОТ 616. 314-089. 21. /. 22
КБТ 56. 6 я 7
А 91
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу - әдістемелік құрал) Қарағанды: ҚММА, 2007ж 73 б.
Авторлары: Аубакиров С. Е., Ахмадишин И. М., Кубжасарова Г. У.
Пікір берушілер:
1. Рузуддинов Сауырбек Рузуддинович - м. ғ. д. профессор, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі.
2. Жұмабекова Аманжан Мұхамеджановна - ҚММА-ның хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті.
3. Закишева Сауле Мусагалиевна - ҚММА-ның хирургиялық стоматология кафедрасының доценті.
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы
Оқу - әдістемелік құралы стоматологияның өзекті мәселелеріне арналған. Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, тіс-техникалық колледждер студенттеріне, дәрігер - интерндерге, дәрігер стоматологтарға арналған.
ҚММА Әдістемелік Кеңесі
№8 Хаттамасынан көшірме
11. 04. 07ж
ҚММА Ғылыми Кеңесі
№10 Хаттамасынан көшірме
26. 04. 07ж
Қысқартулар тізімі
ҚММА - Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
МОИ сықпасы - Мемлекеттік Оптикалы Институт
ММСИ - Москвалық Медициналық Стоматологиялық Институт
КХҚ - Кобальт хром құймасы
1- ші Дәріс: Тістердің функциональды анатомиясы және олардың сауыт бөліктерінің құрылымдық жалпы сипаттамасы
- Студенттерге тістердің функциональды анатомиясымен таныстыру .
- Сауыт бөліктерінің құрылымы.
- Тіс топтарының функциональды бағытталған 3 түрі болады: фронтальды (тістеуші), екі топ бүйір тіс топтары (шайнаушы) . Тістердің пішіндері олардың қызметіне сәйкес келеді. Тістердің тістеуші топтарын күрек және ит тіс құрайды. Тістеуші тістер 12, олар 6 тістен әрбір жақта, үш - үштен ортаңғы сызықтан оңға және солға қарай орналасады.
Шайнаушы тістер топтарын кіші азу тістер және үлкен азу тістер құрайды. Кіші азу тістер саны 8, әрбіреуінде төртеу, ит тістен кейін екі - екіден орналасады; үлкен азу тістердің саны 12, әрбір жақта алтаудан, үш - үштен кіші азу тістен кейін орналасады. Шайнаушы тістер көп бұдырлы және шайнау беткейлері бар: жоғарғы жақ үлкен азу тісінде 4 бұдыр, төменгі жақ үлкен азу тісінде 5 және 4 бұдыр; кіші азу тістерде 2 бұдырдан болады.
Тіс үш бөліктен тұрады: сауыт, мойын, түбір. Сауыт қызыл иек жиегінен шығып тұрады. Түбір жақтық альвеолаға енгізілген, сыртқы қабаты цементпен жабылған.
Тісте бірнеше беткей бар :
- Шайнау немесе окклюзиялық.
- Бүйір немесе апроксимальды.
- Вестибулярлы (сыртқы беті) .
- Оральды (ішкі беті) .
2. Тістер- шырышты қабықшаның тағамды механикалық өңдеуге арналған сүйектенген өсінділері болып табылады. Филогенез жағынан тістер сүиектердің жиегінде өсіп, бұл жерде жаңа қызметке ие болған қабыршақтарынан пайда болған. Тозу салдарынан олар әлденеше рет жаңарып алмасып отырады: Қарапайым омыртқалыларда өмір бойы көп рет жаңарады да, ал адамда екі рет алмасады. Кейде үш рет ауысады.
Акула қабыршығы қуысында тістің ең басты бөліктері - тіс кіреукесі мен дентин көрінеді, содықтан акула тәрізді балықтардан адамға дейінгі эвалюция процессінде тістердің гомологиясы туралы айтуға болады. Эвалюция барысында жорғалаушылардың тістері жақсүйектерінде беріктеу орнығып, соның нәтижесінде жақтың ұяшықтарында орналасқан түбір бөлігі мен тағамды механикалық өндейтін сыртқы бөлігін - тіс сауытын ажыратады. Соның өзінде құрлықта тіршілік етуге, қоректің түріне байланысты көптеген тістер дамып, жетіле бастайды. Соның нәтижесінде балықтардағы тек қоректі ұстауға арналған біріңғай сүйір тістердің орнына сүтқоректілерде әр алуан қорек түрін ұстап, өндеуге арналған түрлі пішінді тістер пайда болады, атап айтқанда: айырып-үзу, кесу, ұсақтау және ұстау үшін.
Талғаусыз қоректенгенге жататын адамда осы тістердің барлық түрлері сақталған. Алайда ұстап алу қызметінің сүиектердің қолға ауысуына байланысты оның жақ сүйектері кішірейіп, тістерінің саны азайған. Мәселен, плацентті сүтқоректілерде тіс саны 44-ке жетеді. Жаңа Дүниенің кентану маймылдарының тістері аздау, ал Ескі Дүниенің тартанау маймылдарында және адамда тіс саны оданда аздау: 2·1·2·3= 32, соның өзінде адамда 3-азу тіс (ақыл тіс) өте кеш шығады, бұл тістердің регрестену бағытын көрсетеді. Ауытқу ретінде тісі шықпаған адамдар сипатталып жазылған. Тістер өте ертедегі омыртқалардың денесінде қаңқаның басқа бөліктерінен пайда болған бірінші қатты құрлымдар болып табылады. Палеонтологтар палеозойдтың аяқ кезінде омыртқалылардың пайда болғаннан осы кезге дейін сақталып қалған тістерінен ғана білген. Олардың пішіні қоректену тәсілі мен тіршілік бейнесіне сәйкес келетіндіктен, палеонтологтар тістеріне қарап жануарлар мен адамның қазба қаңқаларын анықтай алған.
Тістердің дамуы. Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүиегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды. Көп ұзамай бұл эпителий табақшасы тереңге бойлай өсуін жалғастыра, ұзына бойына бір-бірімен тік бұрыш жасай орналасқан екі табақшаға бөлінеді.
Алдынғы, немесе жақ - ерін, табақшасы одан әрі ажырап, ерін мен жақтардың қызыл иектерін бөлетін және сөйтіп, ауыз қуысының түзеуге әкелетін ашық эпителий қатпарына айналады.
Артқы тіс табақшасы тіркеу орналасқан. Осы табақшанын жиегінде тостаған тәрізді томпайған эпителий өсіп, ұлғайып, болашақ сүттістердің бастамасын қалайды. Бұл томпақтар тіс тостағандары, немесе кіреукелі мүшелер түзілгеннен кейін тіс табақшасына тереңдей өсіп, кіреукелі мүшелер оның алдыңғы (яғни ерін немесе жақ сүйектеріне қарай) жағында орналасқан.
Дамып келе жатқан кіреукелі мүше пайда болғаннан кейін көп ұзамай тостаған немесе қоңырау пішінге келеді, соның өзінде сәйкесті шұқыр - ойыс тіс бастамасын түзетін мезенхимамен толады.
Кіреукелі мүшелер біртіндеп тіс табақшамен байланысын жоғалтып, тіс бұдыр бастамалары мүлде оқшауланады.
Оқшауланған тіс бастамаларында тістің құрам бөліктері пайда болады, бұл кезде эпителий жасаушалары кіреукеге бастама береді, сүйірлі бұдырдың мезенхима тінінен дентин мен ұлпа түзеліп, ал алғашқы кезде кіреукелі мүшені тіс қапшығы түрінде қоршап тұрған мезенхимадан цемент пен түбір қабықшасы пайда болады.
Тіс бастамасы өскен сайын тіс ұяшықтарының сүйекті қабырғалары да биіктей береді.
Альвеолярлы өсінділерді жабатын тін қызыл иек деп аталады. Бұл жерде шырышты қабықша фиброзды тін арқылы сүйек қабығымен тығыз тұтасып - өседі; қызыл иек тіні қантамырларға бай да, ал нервтерге жарлы болады.
Тіс пен қызыл иектің бос жиегі арасындағы науа тәрізді батыңқы ойыс орналасып қызыл иек қалтасы деп аталады.
Әрбір тіс мына біліктерден тұрады:
- тіс сауытынан
- тіс мойнынан
- тіс түбірінен
Тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойыны қызыл иекпен қауысырылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тіс ұшымен аяқталады, онда жай көзбен - түбір ұшында кішкене тесігі көрініп тұрады. Осы тесік арқылы тіске қантамырлар мен нервтер келеді. Тіс сауытының ішінде қуыс болады, ол қуыстың ең көлемді бөлігі - сауыт бөлігі мен қуыстан тарылатын бөлігі - түбір өзегі деп аталатын түбір бөлімнен тұрады. Өзек тіс төбесінде жоғарыда аталған төбе тесігімен ашылады. Тіс қуысын қантамырлар мен нервтерге бай тіс ұлпасы толтырып тұрады. Тіс түбірлері қантамырларына бай альвеолярлы сүйек қабығы, тіс ұяшықтары бетімен тығыз тұтасып өседі. Тіс, периодонт, альвеола қабырғасы мен қызыл иек тіс мүшесін құрайды. Тістің қатты заты мыналардан тұрады: 1) дентин, 2) кіреуке, 3) цемент. Тіс қуысын құрайтын заттың көбісі - дентин. Кіреуке сыртынан тіс сауытын жауып, ал цемент тіс түбірін қаптайды.
Сүттістердің бірқатар ерекшелігі бір: олардың көлемі кішілеу, төмпешіктері мен ажырасатын түбірлері аздау. Сүттістер мен тұрақты тістердің түбірлері саны бірдей.
Сүттістердің шығуы яғни қызыл иектің жұқарып, ауыз қуысында тіс сауытының пайда болуы туғаннан кейін 7 айда басталып, 3 жасқа қарай аяқталады. Барлығы 20 сүттіс шығады. Олардың тіс формуласы былай болады: 2·1·2.
Цифрлар әрбір жақ сүйегінің жартысындағы тіс санын көрсетеді: екі күрек тіс, бір иттіс, екі үлкен азу тіс. Алты жыл өткеннен кейін сүттістер тұрақты тістермен ауыса бастайды: жиырма сүттіске қосымша жаңа тістер шығып, әрбір сүттіс тұрақты тіспен ауысады. Тұрақты тістердің шығуы бірінші үл-кен азу тістен басталып, үшінші азу тістен басқа тістер 12-13 жаста шығып болады. Үшінші үлкен азу тіс 18 бен 30 жас арасында шығады. Адам жақсүйегінің тұрақты тістер формуласы былай болады: 2·1·2·3, барлығы 32. Стоматологиялық тәжірибеде бірінші күрек тістен бастап соңғы үлкен азу тіспен аяқтап реттік саны ыңғайлы формуланы пайдаланады: 1, 2 (күректістер), 3 (иттіс), 4, 5 (кіші азу тістер), 6, 7, 8 (үлкен азу тістер) .
Сүттістер мен тұрақты тістердің шығу реті мен уақыты
Сүттістер.
Медиальды күрек тістер: 6-8 айда
Бүйір күрек тістер: 7-9 айда
Бірінші азу тістер: 12-15 айда
Иттістер: 16-20 айда
Екінші азу тістер: 20 - 24 айда
Тұрақты тістер.
Бірінші үлкен азу тіс: 6-7 жас
Медиальды күрек тістер: 8 жас
Бүйір күрек тістер: 9 жас
Бірінші кіші азу тістер: 10 жас
Иттістер: 11-13 жас
Екінші үлкен азу тістер: 13-16 жас
Үшінші үлкен азу тістер: 18-30 жас
Тістер қабысқанда жоғарғы күрек тістер төменгі жақтағы сәйкес тіс-тердің үстінен келіп, ішінара оларды жауып тұрады. Бұлай болу себебі мы-надан: жоғарғы тіс доғасы төменгі тіс доғасынан біршама үлкендеу де жә-не оның үстіне жоғарғы тістер еріндер жағына қарай, ал төменгі тіл жағы-на қарай бағытталған. Осының себебінен жоғарғы азу тістердің тілдік төм-пешіктері төменгі азу тістердің тілдік және жақ төмпешіктері арасында жүлгеде жатады; жоғарғы және төменгі тістердің арасында сәйкестік бол-майды: әрбір тіс басқа қатардың бір емес, екі тісімен жанасады. Жанасат-ын тістер антоганистер деп аталады, соның өзінде медиальды төменгі күр-ек тіспен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің тек біреуден ғана антоганисі болады.
Физиологиялық тістесудің вариантары мыналар болып табылады: прогнатия (жоғарыда сипатталады), прогения - бұл жағдайда төменгі күрек тістер жоғарғылардың алдында орналасады және ортогнатия - жоғарғы және төменгі күрек тістер ұштары мен қабысады.
Тістер орналасуының ауытқулары. Көрші тістер орындарын ауыстыру мүмкін; тіс жақ доғасы шегінен тысқары қатты тандайға немесе ауыз алдында жақындау орналасуы мүмкін. Кейде тістер мұрын қуысынан, қатты таңдайдан жарып шығады.
Тіс санының ауытқулары: жоғарғы латериалды күректістер, екінші кіші азу тістер болмауы мүмкін. Тіс сауыты мен түбірі пішінінің ауытқулары: ұзарған түбірлер және түрлі бұрыш жасай майысқан түбірлер кездеседі. Азу тістерде әдеттегіден көбірек түрлері кездеседі. Тіс сауытында қабысу бетіндегі төмпешіктер саны өзгеріп отыруы мүмкін.
Тістердің ренгендік зерттеу негізінен интраоральдық жолмен жүргізіледі, яғни таспа ауыз қуысында енгізіліп, саусақпен тіске қараған бетіне жапсырылады немесе тістетіледі. Суретте тістердің барлық анатомиялық бөлшектері айқын көрінеді, тіс қуысы бар жер ақшыл болып түседі. Тістің альвеолярға батып тұрған бөлігінің шетінде периодонтқа сәйкес келетін жіңішке ақшыл құрсау байқалады.
Жаңа туған нәрестенің бет пішінінде жақ ішінде орналасқан сүттістердің бастамалары көрінеді.
Одан кейінгі жастағыларда сүттістердің дамуы, жарып шығуы және түсуінің, тұрақты тістердің бастамаларының пайда болып, дамуының және қартаюға байланысты өзгеруінің рентгендік суретін бақылауға болады.
2- ші . Дәріс : Сауыт құрылысының геометриялық пішініне қарап тіс сауытының кескінін келтірудің, анатомиялық ерекшеліктері
Тістер жақ сүйектеріне тіс сауттары сыртына жайғасып, жоғарғы және төменгі тіс доғасы түрінде орналасқан. 16 - дан тіс болады.
Әрбір тістің 4 беті болады:
1) Ауыз алдында қараған бет, ол алдынғы тістерде еріннің шырышты қабықшасымен, ал артқы тістерде жақтың шырышты қабықшасымен жанасады.
2) Ауыз қуысында, тілге қараған бет.
3) Өз қатарындағы көршілес тістермен жанасатын бет. Тістердің тіс доғасы орталығына бағытталған жанасқыш беттері деп белгіленеді. Алдынғы тістерде мұндай бет - медиальды, ал артқы тістерде дистальды болып табылады. Алдынғы тістерде бұл бет латеральды, ал артқы тістерде - артқы болып табылады.
4) Шайнау беті, немесе қарама - қарсы тістермен қабысу беті.
Тістегі патологиялық процестердің болған жерін анықтау үшін стоматологтар аталған беттерге сәйкес терминдерді пайдаланады: вестибулярлы, оральды медиальды, мезиальды, дистальды, окклюзиялы, апикальды. Тістің оң немесе сол жаққа жататынын анықтау үшін үш белгіні пайдаланады:
1) Түбір белгісі.
2) Тіс сауыты бұрышты белгісі және.
3) Тіс сауыты қисығы белгісі.
Түбір белгісі мынада: түбірдің бойлық осі тіс сауыты ортасымен өтетін сызықпен бұрыш түзе дистальды жаққа қарай қисайған. Тіс сауыты бұрыштының белгісі мынада: тіс сауытының вестибулярлы жақ бойынша тістің шайнау жиегі сызығы мезиальды бетке ауысқанда дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда кішілеу бұрыш түзеді.
Тіс сауыты қисықтығы белгісі мынада: тіс сауытын вестибулярлы беті дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда мизальды бетке тіктеу ауысады. Демек вестибулярлы беттің медиальды кесіндісі көлденең бағытта дистальды кесіндіге қарағанда дөнестеу болады. Бұл тіс сауытының медиальды бөлігінің дистальды бөлігіне қарағанда мықтылау дамығандығына байланысты. Тіс сауытының вестибулярлы бетінің медио - дистальды еңісі түзіледі.
Жеке тістің жоғарғы немесе төменгі жақ сүйекке қатысты екенің тіс сауыты пішіні, сондай-ақ түбірлердің пішіні мен саны арқылы анықтауға болады. Сондықтан тістердің белгілі бір тобының тіс сауыты пішіні мен түбірі санын ғана емес, сол топтың әрбір тісінің тіс сауыты пішіні мен түбірінің санын білу керек.
Әрбір жақ сүйекте төртеуден болатын күрек тістердің, пішіні қомақты тамақты кесіп - бөлетін қашау тәрізді келеді. Жоғарғы күрек тістер сауыты көлемділеу, ал төменгілерінікі екі есе енсіздеу. Түбірі біреу, төменгі күрек тістердікі бүйір жақтарынан қысыңқы. Түбір төбесі аздап латеральды қисайған.
Жоғарғы медиальды күрек тіс - күрек тістер тобындағы ең ірісі. Оның сауытының ерін беті көлденең және бойлық бағыттарда дөңес. Оның үш кішкене бойлық бөлігі бар, олардың әрқайсысы шайнау бетінде бедерімен аяқталады. Ортаңғы біліктің екі жағында біреуден бойлық ойыс жатады. Тіс сауытының тілге қараған беті көлденең және бойлық бағыттарда ойыс келеді. Мойын бөлмінде төмпешік болады, одан тілге қараған бөлімінде төмпешік болады одан тілге қараған беттің дистальды және мезиальды жиегімен тістің шайнау жиегіне қарай кететін біліктер шығады. Тістің үш белгісінің тіс сауытының қисықтығы барынша айқын бөлінеді. Түбірі конус пішінді және сауытынан ұзындау; бүйір жүлгелері онша байқалмайды. Оның үш беті бар: ерін беті және екі апроксимальды беттер.
Жоғарғы латеральды күрек тіс. Медиальды күрек тістен кішілеу және одан мынадай өзгешеліктері бар: тіс сауытының ерін бетінде ортағы бойлық жүлге орналасады ал оның екі жағында мұқалмаған тістердің кесетін жиегінде бір-бірден кішкене төмпешікті қырат жатады. Медиальды күрек тістерге қарағанда бұлардың тілге қараған бетінде бүйір біліктері жақсы байқалады. Көбіне осы бетінде тіс төмпешігінің окклюзиялды орналасқан ойыс - шұңқыр болады.
Медиальды беті дистальды бетіне қарағанда ұзындау және тік бұрыш жасай кесетін жиекке айналады, ал дистальды беті едәуір дөнгелектенеді. Тіс сауыты бұрышты белгісі жақсы байқалады. Медиальды күректістікіне қарағанда түбір қысқалау, мезодистальды бағытта қысыңқы: көп жағдайда ол түзу, бүйір жүлгелері болады. Дистальды беті медиальды бетіне қарағанда дөңестеу.
Медиальды және латеральды төменгі күректістер. Төменгі күрек тістер екі жақсүйекте де ең кішкене тістер. Соның өзінде медиальды күректіске қарағанда кішілеу. Екі тістің де барлық күректістерге тән белгілері бар. Олардың тіс сауыттары нағыз қашау пішінді. Ол алдынғы бетінде бойлық бағытта сәл дөнестеу де, көлденең бағытта жайпақтанған, артқы бетінде бойлық бағытта ойыстанып, көлденең бағытта жайпақтанған. Біліктер онша дамымаған, кейде болмайды. Түбірі едәуір жайпақтанған. Медиальды күректісте бұрыш пен түбірдің қисықтық белгілері болмайды. Оң жақтағы медиальды күректісті сол жақтағыдан айыру үшін түбірдегі айқын байқалатын латериалды бойлық жүлгенің маңызы бар.
Медиальдыға қарағанда латериальды күректістің сауыты кендеу де, түбірі қомақтылу. Соның өзінде бұл тісте бұрыш пен түбір белгілері айқын, ал қисқтық белгісі нашар білінеді.
Иттістер әрбір жақ сүйегінде екеуден болады, бүйірленген қисынқы және бүйір жүлгелері бар ұзын жалғыз түбірі бар. Тіс сауытының бұрыш жасай түйісетін екі кескіш жиегі бар; оның тілге қараған бетінде мойнында төмпешік орналасады. Ол тіл және ерін беттері кескіш жиегінде түйісетіндей болып жайпақтанған. Оның вестибулярлық беті көлденең және бойлық бағыттарда дөнес. Онда әр уақытта, әсіресе кескіш жиегінде бетті кіші медиальды бөлікке және үлкен-дистальды бөлікке бөлтін жақсы байқалатын бойлық бөлік болады. Тілге қараған бетінде мойынға қарай тістің төмпешігінде түйісетін бүйір біліктері айын байқалады. Тіс сауытының кескіш жиегі 2 жартыдан тұрады: кішілеу - медиальды жарты және үлкендеу - дистальды жарты, бұлар жиектің төбесіне тоғысады. Жиектің дистальды жартысы медиальды жартыға қарағанда сәйкесті апроксимальды бетке қарай тіктету түседі. Иттістерге барлық тіс белгілері тән бетке қарай тіктеу түседі. Иттестерге барлық тіс белгілері тән (түбірінің, бұрышының, тіс сауыты қисықтығының) .
Жоғарғы иттіс. Сауыты қомақты. Оның жанасатын беттері кескіш жиекке қарай едәуір ажырайды. Тіс сауытының тілге қараған бетінде қомақты орта білік етеді, ол тіс төмпешігінен басталып, едәуір қалындап, кескіш жиекке қарай кеңейеді. Жанасу беттері табанына кеңдеу де, бірақ қысқалау. Түбірі қомақты және барлық тістер түбірлері ішіндегі ең ұзыны. Оның апроксимальды беттері кең. Ерін жиегі тіл жиегімен салыстырғанда доғал әрі кең.
Төменгі иттіс жоғарғыдан кішілеу. Сауытының вестибулярлы бетінде де сондай-ақ тілге қараған бетінде бойлық біліктер нашар байқалады. Тіс сауытының вестибулярлы беті сәл дөнес, тілге қараған беті ойыс; жанасу беттері параллель келеді, соның өзінде медиальды беті мойынға мүлде ұқсастанбайды, ал дистальды беті беті оған шамалы қисайған. Сауытының кескіш жиегі жоғарғы иттістікіне қарағанда қысқалау да және оның медиальды бөлігінің ұзындығы жағынан дистальды бөлігінен айырмасы шамалы.
Иттістердің алдында орналасқан тістер бір бағытта өзгеріске ұшыраған- оларда тіс сауыты жайпақтанып, кескіш жиек - тіс ұщы, ал олардың арт жағында орналасқан тістер басқа бағытта өзгерген: тамақты ұсақтап, ұнтауға арналған тіс сауыты жақсы дамыған, ал иттістер бейтарап аймақта қалғандай бастапқы конус пішінін және тістің өте ертедегі қызметін - тамақты жару және жұлып - бөлу қызметін сақтап қалған. Сондықтан олар алдыңғы және артқы тістердің шекарасында орналасқан.
Кіші азу тістер, әрбір жақ сүйегінде төртеуден іле-шала иттістерден кейін орналасқан. Бірінші медиальды, ал екінші дистальды орналасады. Тіс сауытарының түйісу бетінде екі тіс төмпешігінің болуы тән. Сондықтан бұл тістер екі төмпешікті деп аталады. Төмпешіктердің біреуі - вестибулярлы, екіншісі тілдік бетінде. Түбірі жалғыз бірақ көбіне бірінші жоғарғы премолярға екіге бөлінеді; ол арғы-артқы бағытта жайпақталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz