Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру


Кiрiспе
Зерттеудiң көкейтестiлiгi:
Қазiргi кезеңде елiмiздегi ғылыми-техникалық жаңару мен даму, қоғам өмiрiнiң барлық салаларындағы өзгерiстер адамның интелектуалдық күш-жiгерiн, саналы әрекетi мен iзденiмпаздылығын, танымдық ой-өрiсiнiң белсендiлiгi мен iс-әрекетiн шығармашылық сипатта жкзеге асыруды талап етедi. Демек, жастарды еңбектiң қай саласында да, бiлiм алуда да тек мәлiмет жиынтығын меңгерумен шектелмей, бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында өзiндiк iс-әрекетiн тиiмдi ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын оқушы етiп даярлау қажет болып отыр.
Әр ғылымның барлық саласында болмысын бiлiм мазмұны мен көлемi қауырт өсiп отырған қазiргi ғылыми-техникалық прогресс кезiнде бұл мiндеттердiң жүзеге асуы бастауыш сынып мектептерiндегi оқыту үрдiсiнде оқушылардың өзiндiк оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыруға тiкелей байланысты. Осыдан келiп, оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастырудың тиiмдi „дiстерi мен т„сiлдерiн, оқыту түрлерiн, нысандарын iздестiру өзектi сипатқа ие болады. Демек, оқушылардың өзiндiк жұмыстарын арнайы ұйымдастыру-оқу үрдiсiн жетiлдiрудiң негiзгi шарты болып табылады. қазiргi заман талабына сай бастауыш сыныпты бiтiрген оқушы, орта сыныпқа барған кезде өзiндiк iс-әрекетiн жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра бiлуi тиiс.
Сапалы бiлiм, саналы тәрбие алған жастарымыз егемендi елiмiздiң ертеңiн баянды етiп, қоғамымыздың әлеуметтiк-экономикалық, рухани адамгершiлiк тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан бастауыш сыныптан берiлген бiлiм мен iс-әрекет тәсiлдерiн бағалау өлшемдерiн қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игерiп қана қоймай, оны әрi қарай өзiнiң белседi, мақсатты iс-әрекетiмен сабақтастыру үшiн күнделiктi оқу үрдiсiнде бағдар алып отырғанда ғана нәтижеге қол жеткiзе алады.
Оқу үрдiсiн жетiлдiру және шәкiрттiң жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесiне байланысты көптеген ғылым педагогтардың еңбектерi арналған /Я. А. Коменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластин, М. Жұмабаев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Г. Қазмағамбетов т. б. / [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7]
Оқу үрдiсiнде оқу-танымдық iс-әрекеттi белсендiру, танымдық iзденiмпаздық, танымдық дербестiктi дамыту мәселелерi бойынша С. С. Смаиловтың, А. Е. Әбiлқасымовтың, Р. С. Омаровтың, Т. И. Шашованың, Т. С. Сабыровтың, т. б. зерттеулерi бар [8; 9; 10; 11; 12; 13]
Жеке тұлғаның адамгершiлiк дамуы мен ұлттық мәдениетiнiң қалыптасуын Қ. Бөлеев, С. Аязақбаева, Р. К. Төлеубекова, Т. А. Тойлыбаев, т. б. зерттеген [14; 15; 16; 17]
Бастауыш мектепте мұғалiмнiң кәсiби-әдiстемелiк даярлығын жетiлдiру туралы М. Құдайқұловтың, Н. Д. Хамельдiң, С. С. Смаиловтың, В. А. Якуниннiң, С. И. Архангельскийдiң, В. П. Беспальконың, А. А. Вербицкийдiң т. б. [18; 19; 20; 21; 22; 23; 24] зерттеулерiде оқу танымдық әрекеттi
Арттыруға әсер ететiн оқу үрдiсiнiң кейбiр факторлары мен құралдары, әдiстерi туралы ой-пiкiрлер айтылады.
Бастауыш мектеп оқушыларының, өзiндiк iс-әрекет дағдыларын қалыптастырудағы оқу тапсырмалары жүйесiнiң орны мен маңызы. О. Салимбаевтың басылым көрген бiрнеше ғылыми еңбектерiнде жан-жақты ашылып көрсетiлген [25; 26; 27; 28; 29]
Қазақ халқының ғұлама ойшылы А. Құнанбаевтың тәрбие туралы идеяларын педагогика практикасында пайдалану мүмкiндiктерiн зерттеген Г. И. Туретаевтың еңбектерiнiң ерекше мәндi екенiн атап айтқан жөн.
Бүгiнгi таңда елiмiздiң әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуге бағытталған талпыныстары бiлiм беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдiсiн жетiлдiру, әсiресе шәкiрттiң өзiндiк жұмысын, дербестiгi мен iзденiмпаздылығын дамытатын оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерi мен түрлерiн iздестiруге аса мән берiп отыр.
Демек, зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу әдiстемелiк құралдарға жасаған талдау. Қазiргi кезеңде бұл мәселенiң ана тiлiндегi ғылыми әдебиеттерде жеткiлiксiз қарастырылуы, өзiндiк iс-әрекетiнiң анықтамалық, ғылыми негiздемесiн жасауда, оқу үрдiсiнде бастауыш сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру деңгейi мен қазiргi талаптар жүйесi арасындағы қайшылықтардың болуы
диплом жұмысы тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру” деп таңдауға негiз болды.
Зерттеудiң мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық тұрғыдан негiздеу және оның қазiргi кезеңдегi әдiстемесiн жасау.
Зерттеу пәнi: Оқу үрдiсiнде оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- Оқу үрдiсiнде оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру ж„не оны қазiргi кезеңде жетiлдiрудiң перспективалық бағдарын айқындау.
- Бастауыш сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру процесiнiң моделiн құру.
- Бастауыш мектептерде оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйыдастырудың нақты әдiстемесiн жасау.
- Бастауыш сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру әдiстемесiнiң тиiмдiлiгiн тәжiрибе жүзiнде тексеру.
Зерттеудiң әдiстерi:
Зерттеу мәселесi бойынша философиялық психологиялық, педагогикалық және әдiстемелiк әдеби талдау жасау, мектептердегi оқыту процесiн бақылау, озат тәжiрибелердi меңгеру, сараптау, тәжiрибелiк жұмыстардың мәлiметтерiн сандық жағынан сараптап қорытындылау.
I. Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың теориялық негiздерi
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының өзiндiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсiндiру керек. Оқыту, бiлiм беру тәжiрибесi педагогикалық үрдiстiң сапасы үнемi арттырып отыруды талап етедi. Осыған байланысты ғылым мен тәжiрибеде педагогикалық үрдiстiң сапасын көтерудiң бай тәжiрибесi жинақталған. Солардың бiрi-педагогикалық үрдiстi технологияландыру.
Оқытудың технологиясы-оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн оқытудың әдiс, құрал және түрлерiнiң жүйесi арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтiп, оқыту технологиясында мазмұн, әдiс және құралдардың дара байланысы мен себептiлiгi жатыр, ал қажеттi мазмұнды, тиiмдi әдiстер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық мiндетке сәйкес iрiктей бiлу мұғалiмнiң педагогикалық шеберлiгiне байланысты.
Қазiргi заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық iлiмдер негiзiнде жасалынған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады.
Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен бiлiм беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтiң, iс-әрекеттiң жүйелi дамып отыратын жобасы.
Сабақта оқытудың әр түрлi технологиясын қолдануға болады. Әсiресе, оқытудың компьютерлiк технологиясын, программалап оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын қолдану пайдалы екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр.
Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғаның барлық сапалары тұтас сәйкестiкте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесiнде әр оқушының өзiн-өзi өзгертушi субъект дәрежесiне көтерiлуi көзделiп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
Осыған орай оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткенi, сол арқылы оқушылардың iс-әрекетiнiң дербестiгi артады.
Бұл туралы А. Байтұрсыновтың пiкiрi бойынша, бала бiлiмдi тәжiрибе арқылы өздiгiнен алуы керек. Мұғалiмнiң қызметi-оның бiлiмiнiң, шеберлiгiнiң ұзақ жолды қысқарту үшiн, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшiн, балаға жұмысты кешiктiрмей, кезiнде берiп отыру үшiн, балаға жұмысты әлiне қарай шағындап беру мен бетiн белгiлеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Бастауыш мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретiн, ерекше құнды, қайталанбас кезеңi. Сондықтан да, бастауыш бiлiм үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы, қиын да, қадiрлi жұмыс. Бастауыш мектепте балаға белгiлi бiр бiлiм ғана берiп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды обьективтi түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра бiлуге, д„лелдеуге, сөйлеу мәдениетiне үйретедi. Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейiнi тұрақсыз, импульсивтi, қабылдау мүмкiндiктерi де әр түрлi болады. Дегенмен әр баланың бiр нәрсеге бейiмi болдады. .
Бейiмдiлiк-оянып келе жатқан қабiлеттiң алғашқы белгiсi. Баланың жасырып, тiптi тым тереңде жатқан қабiлеттерiнiң көрiнуiне мүмкiндiк жасау тек оқыту үрдiсi кезiнде үлкендердiң басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейiмi жоқ, қабiлетсiз адам болмайды деп дәлелдейдi.
Сол себептi, балалардың қабiлетiн кеңiнен өрiстете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамытуға әр түрлi әдiс-тәсiлдердi қолдануға болады.
Баланы оқу-тәрбие үрдiсi негiзiнде дамыту мәселесi-бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың басты мәселесi. Көптеген ғалым-психологтардың тәжiрибесiне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдiсi негiзiнде дамыту мәселесiнде басты рольдi ең алдымен, оқушының өз бетiмен әрекетi, белсендiлiгi атқарады.
Себебi, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалiмнiң бiлiмi, тәжiрибелiк шеберлiгi мол болсын, бiрақ бала тарапынан өзiндiк белсендiлiк, әрекет болмаса жұмыстың нәтижесi, сапалы орындалуы мүмкiн емес.
Қазiргi кезде Қазақстан мектептерiнде педагогикалық үрдiстiң сапасын көтерудiң бай тәжiрибесi жинақталып келедi. Солардың бiрi-педагогикалық үрдiсте оқушылардың логикалық ойлау қабiлеттерiн дамытуда өзiндiк жұмыс түрлерiн ұйымдастыру.
Қазiргi жаңа буын оқулықтары, оқытудың жаңа әдiстерi оқушының өз бетiмен бiлiм алып дамуына мән беруде. Мұның өзi жас ерекшелiктерi, қабiлеттерi әр түрлi деңгейдегi оқушының өз бетiмен жұмыс жасап, өз мүмкiндiгiн анықтауға жол ашуда.
Бүгiнгi жалпы бiлiм беретiн мектеп қоғамының алға қойған көкейтестi мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн баланың табиғи мүмкiндiктерiн, қабiлетiн дамытып, дүниежүзiлiк деңгейдегi жоғары мәдениет пен қажеттi бiлiм қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешiмдер қабылдай алатын, әр iстi белсендi шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуiмiз керек.
Адамның қандай да болмасын әрекетi белгiлi қажеттiлiктерден (материалдық, рухани т. б. ) туады. Осы қажеттердi өтеу немесе қанағаттандыру үшiн адам белсендi әрекет жасауы тиiс. Оқушылардың таным әрекетi бiлiм алу қажетiмен ұштасып жатады. Осыған орай, олардың дербестiктi, ең алдымен белсендiлiкке байланысты, ал белсендiлiк дербестiктi керек етедi ж„не оқушының өздiгiнен iстейтiн әрекетi оның белсендiлiгiн арттырады. Бұл екi термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. қысқаша айтқанда, бұлар бiр мағынадағы ұғымдар емес. Белсендiлiк, дербестiкке қарағанда, мағынасы кең ұғым.
Оқушылардың оқудағы белсендiлiгi дегенiмiз-оқуға қажеттi бiлiм мен дағдыны меңгеру және оларды өмiрде, практикада пайдалана бiлуге үйренуге оқушының iстейтiн саналы әрекетi. Мысалы: мұғалiмнiң баяндап тұрған материалын түсiну үшiн, оқушының оны зейiн қойып тыңдауы; ал одан
алған бiлiмiн кеңейтiп, толықтыру үшiн, өздiгiнен кiтап оқуы, бақылауы, тәжiрибе жасауы, жазу-сызу сияқты жұмыстар iстеуi керек. Өйткенi өтiлген материалды саналы қайталау да, жаңадан бiлiм алу да, оның жолдарымен дағдыларына үйрену де белсендiлiксiз мүмкiн емес. Яғни оқушының белсендiлiгi ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперимент жүргiзу жұмыстарында, бiр сөзбен айтқанда, оқу процесiнiң барлық кезеңiнде қажет.
Оқыту үрдiсiнде оқушының белсендiлiгiн, негiзiнен, екi түрлi сипатта болады: сыртқы және iшкi белсендiлiк.
Сыртқы белсендiлiк дегенiмiз-оқушы әрекетiнiң сыртқы көрiнiстерi (белсендi қимыл-қозғалыстары, практикалық әркеттерi, мұғалiмге зейiн қойып қарауы, мимикасы т. б. ) . Бiрақ ол осы кезде ол басқа нәрсенi ойлап отыруы да мүмкiн.
Оқушының iшкi белсендiлiгiне оның белсендi түрде ойлау әрекетi жатады. Белсендiлiк жеке басқа тән, маңызды бiр қасиет болып табылады. Бұл қасиетсiз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелi болуы мүмкiн емес.
Оқушы белсендiлiгi қандай да болғанда да оқушының ой дербестiлiгiне сүйенедi. Оқыту үрдiсiнде оқушылардың белсендiлiгiн арттыру принципiн жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалiм сабақтың барлық кезеңiнде олардың ой дербестiгiн дамытуға тырысады. Оқушыда белсендiлiк бiр қалыпта болмайды, оның қарапайым (елiктеушiлiкке, жай қайталауға, бiреудiң айтқанын бұлжытпай орындауға негiзделген белсендiлiк) түрлерi болады. Ал күрделi творчестволық т. б. белсендiлiк оқушының жоғары саналылығы мен дербестiгiн керек етедi.
Оқушыларда жас ерекшелiктерiне және психикалық даму дәрежесiне қарай белсендiлiктiң бiрнеше түрi қалыптасып дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, өзiн-өзi тәрбиелеу т. б. белсендiлiктерi.
Осы айтылғандардан шығатын қорытынды:
Оқушылардың өзiндiк жұмысы оқыту әдiсi де, оқыту принципi де емес, ол-оқушының оқу әрекетiнiң күрделi бiр түрi немесе оқу жұмыстарының арнайы бiр формасы болып табылады.
Өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалiмнiң нақты тапсырмалар беруi, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгiлеуi, мұғалiмнiң басқаруымен оқушылардың дербестiлiгiнiң мөлшерi, олардың жұмысты өз еркiмен және қалауымен iстеуi, оған әсер ететiн мотивтер т. б.
Осыған орай, оқушылардың өзiндiк жұмысын арнайы бөлiнген уақыт iшiнде мұғалiмнiң тапсыруымен, бiрақ тiкелей көмегiнсiз орындалатын жұмыс деп айту жеткiлiксiз. Мұндай анықтамада оны ұйымдастырудың негiзгi белгiлерi көрсетiлмеген. Өзiндiк жұмысты мұғалiмнiң дұрыс басқара бiлу және оқушылардың дербестiк әрекетiнiң дәрежесi артып отыруы-осы жұмысты ұйымдастырудың негiзгi белгiлерi болып табылады.
1. 2. Математика сабағында оқушыларды өз бетiмен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Бүгiнгi таңда ғылым мен техника қарқындап өсiп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетiстiктерiн енгiзу мүмкiн емес. Осы себептен де мектеп ертеңгi бiлiмнiң негiзiн қалап алуына мүмкiндiк жасаулары тиiс. Сапалы оқыту және өздiгiнен оқып бiлiм алуға баулу негiзiнде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бiтiрушi әр бiр оқушы ғылым негiздерiнiң жаңалықтарымен хабардар болып, кейiн сол алған бiлiмi мен iскерлiгiн одан әрi дамытуға тиiс. Бұл-өскелең өмiр талабы.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу тәрбие жұмысын жақсарту және бiлiм мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан Бiлiм академиясы жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Мектептiң бастауыш сатысындағы бiлiм мазмұны тұжырымдамасында былай деп жазылған:
Бiлiм мазмұнын жаңартудың ғылыми негiзiнде бастауыш сынып оқушысын белгiлi бiр қажеттi бiлiктер мен дағдылардың иесi, оқу әркетiнiң субъектiсi, әр түрлi мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетiн автор және жас ерекшелiгiне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетiн бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы бiлiм тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетiн қазiргi заманға дамыта отырып оқыту идеясы алынады.
Мiне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты бiлiмдi, жоғары мәдениеттi, жұмысты шығармашылықпен iстей бiлетiн жеке адам қажет. Ондай адамды орта мектеп және ЖОО-ы дайындайды.
Жаңартылған бiлiм мазмұны оқушының шығармашылық қабiлетiн дамытуға, iскерлiгiн өздiгiнен iздену бiлiктерiн қалыптастырып жетiлдiруге қажеттi әрекет түрлерiн меңгеруiне мүмкiндiк беретiндей компоненттi құрамда құрылған.
Соңғы жылдары дидактика төңiрегiндегi оқушылардың танымдық белсендiлiк әркетiн және оқыту үрдiсiнде өзiндiк жұмыстарды жан-жақты арттыру мәселесi қолға алынды.
Озат мұғалiмдердiң пiкiрiнше: сабақ үстiнде оқушылар мүмкiндiгiнше оқушылар өздiгiнен жұмыс жүргiзiп, мұғалiм бұл жұмыстың үстiнен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын-ала даярлап отыру керек.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде көкейтестi мәселелердiң бiрi-оқыту үрдiсiнде оқушылардың өздiгiнен жұмыс жүргiзу әрекеттерiн жетiлдiру болып отыр. Осы әрекеттер ұйымдастырудың әдiстерi қандай, оқушыларды бiлiммен қаруландырудағы атқаратын рөлi, оқушылардың өзiндiк жұмысында бiлiк пен дағдыны қалай қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабiлетiн дамытуға қалай жетекшiлiк ету керек деген ой пiкiрлер көптеген мұғалiмдердi қызықтырады.
Бұл мәселенiң кейбiр қырлары тамырын тереңге жiберiп көне заманнан бастау алады. Сократтың өзi-ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-дi. Оқытудың күшейту құралы ретiнде оқушылардың танымдық iзденiмпаздылығы туралы пiкiр Я. А. Коменскийдiң еңбектерiнде, содан соң И. Г. Песталоцций мен А. Дистервегтiң еңбектерiнде тереңдетiледi. Н. Г. Чернышевский еңбектерiнде оқу үрдiсiнде оқушылардың танымдық iзденiмпаздылығына арқа сүйеудiң маңыздылығы туралы көптеген пiкiрлер айтылады. әЕгер бiздiң балаларымыз шын мәнiнде бiлiмдi адам болғысы келсе, -деп жазды ол, -өз бетiнше iзденiп оқу арқылы бiлiм алуға тиiсә.
Психологиялық зерттеулердiң көрсетулерi бойынша өзiндiк жұмыс, оқыту үрдiсiнiң жүйесiн құрылымы мен функцияларын, бiлiмдi меңгерудiң кең мүмкiншiлiгiн дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларымен өзiндiк жұмысты ұйымдастыру мәселесiн зерттей келе Б. Г. Ананьев, Д. Н. Богоявский, В. В. Давыдов, Е. Н. Кабанова-Меллер, П. И. Пидкасистый, М. Н. Скаткин және т. б. педагогтар мен психологтар оқушылардың өзiндiк жұмыстарының негiзгi ерекшелiк-олардың ықыласы және өз еркiмен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
П. Ф. Каптерев енгiзген әпедагогикалық үрдiсә ұғымы балаларды оқыту, тәрбиелеу, жетiлдiру, қалыптастыру, үйрету үрдiстерiнiң мәнiн қамтиды. Бұл үрдiстердiң нақтылы практикада бiр-бiрiмен тамырлас жататыны соншалық, бiр-бiрiнен ажыратып алу тым қиын. Педагогикалық үрдiске жалпы сипаттама бере келiп, П. Ф. Каптерев былай деп жазды: әпедагогикалық үрдiс өзiне тән негiзгi екi белгiнi түйiстiредi, олар организмнiң өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек және адамның жан-жақты жетiлуiә.
Балалардың оқу-әрекетi-күрделi, жан-жақты үрдiс, ал балалардың барлық әрекетiн, рухани күштерiн керек етедi. Балалардың танымдық әрекетi, оның қажеттерi мен қызығулары сезiм мен ерiк сияқты, т. б. психологиялық үрдiстерiмен байланысты iске асырылып отырады. Оқушылардың өздiгiнен жасайтын түрлi оқу жұмыстары балалардың белсендiлiгiн арттырады және оқу мен ойлау әрекетiнiң тиiмдi амал-тәсiлдерiн қалыптастырады, басқаша айтқанда, оқу материалымен белсендi түрде жұмыс iстеуге үйретедi.
Өзiндiк жұмыс-балалардың шығармашылық әрекетi мен ынтасын дамытуда зор әсер бiлдiредi, бiлiм, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаның сапалық қасиеттерiн жетiлдiруге зор мүмкiндiк бередi.
Психо-педагогика ғылымында, өздiгiнен бiлiм алу, оқушылардың ақыл-ойының дамуының жоғарғы көрсеткiшi деп қарастырылады.
Оқушы бiлiмiнiң тиянақтылығының ең басты шарты - материалдық ойланып меңгерiлуi болмақ. Егер жаңа сабақ мұғалiмнiң баяндауы арқылы түсiндiрiлсе, оқушының бәрi естiгенi арқылы ойлана ала ма? Әрине, оқушылардың бiр бөлiгi естуi бойынша-ақ ойланып, тиiстi қорытындылар жасайды, бiрақ бәрi де солай етедi дей қою қиын. Сондықтан - өзiндiк жұмыстың ең басты қажеттiлiгі - оқушыны ойға жетелеуiнде, ойланта отырып, өзiндiк қадам жасатуына байланысты. Оқушылардың өзiндiк қадамы, өзiндiк ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейдi.
Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бiтiредi, қиял бередi. ғылым-бiлiмдi меңгерудi мақсаттандырады, өзiнiң барар жерiн, жеңер қиындығын, шығар биiгiн айқын етедi. Оқушының бiлiм жүйелерiнiң меңгерудегi сан алуан қадамдары бiрiгiп, бiртұтас дүниеге айналады.
Сонымен, оқушылардың өзiндiк жұмысы деген не?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz