Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

15-51 тобы студенті

Айтлеуова Гүлзираның

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары» тақырыбында орындағын дипломдық жұмысына

АННОТАЦИЯ

Айтлеуова Гүлзираның дипломдық зерттеуі мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыруда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктерінің теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде шығармашылық қабілетік туралы теорияларды талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың оның қалыптасу ерекшеліктері мен оның қалптасуына ыңғайлы жас кезеңі туралы қағидалар жүйелі түрде талданған. Нәтижесінде көптеген ғалымдар шығармашылық қабілетті дамытуға бастауыш сынып кезеңі ыңғайлы кезең екендiгі анықталған. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларымен дамыту жұмыстарын жүргізу олардың болашағына үлкен әсер ететіндігі күман тудырмайтыны дәлелденген.

Практикалық бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін психодиагностикалау нәтижелеріне сүйене отырып жүргізілген дамыту жұмыстарында пайдаланылған әдістемелер жинақталған, оларды пайдалану нәтижелері көрсетілген. Зерттеу барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары жүргізілген.

Дипломдық жұмыста жинақталған теориялық және әдістемелік материалдарды мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді психолог қызметіне даярлау барысында кеңінен пайдалануға болады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

  1. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІЖеке тұлға шығармашылығының даму ерекшеліктері . . . 6-19

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамыту туралы ғалымдардың ой - пікірлері . . . 19-30

2 ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін диагностикалау нәтижелері . . . 31-41

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту әдістемелерін пайдалану нәтижесі . . . 41-57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58-59

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-62

ҚОСЫМШАЛАР . . . 63-72

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Мектептегі оқыту - жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді, жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында көрсетілгендей [1] бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты - оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этникалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетінің дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың әсеріменен жүреді. Оқыту психологиясында шығармашылықты интеллект көрсеткіштерінің бірі ретінде ерте дамытуға арнайы жағдай жасау проблемасы жан-жақты зерттелуде. Осы проблемаға психологияда өте көп көңіл бөлінуінің себебі - баланың осы қасиетті қалыптастыруға сензитивтік кезеңін дұрыс пайдалану қажеттілігімен байланысты. Дамыта оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетінің дамуын қамтамасыз ету проблемаларын зерттеушілер Е. Н. Кабанова-Меллер [2], А. В. Брушлинский [3], А. Н. Леонтьев [4] т. б. ғалымдар шығармашылықтың құрылымы мен оны қалыптастыру жолдарын анықтаған. Сонымен қатар шығармашылықтың интеллектуалдық дамумен қатар жүретіндігі дәлелденді. Интеллектуалдық қабілет шкалаларын бірінші болып жасағандар Бине-Симон барлық таным процестерін сандық және сапалық жағынан бағалауға болатынын көрсетті. Соңғы кездерде оқыту барысында таным процестерді дамыту жолдарын іздеумен қатар балалардың шығармашылық қабілетін бағалауға және осы қасиетті арнайы дамыту жұмыстарын ұйымдастыру әдістемелері анықталып оларды тиімді пайдалануға арналған зерттеулер жүргізілуде.

Көптеген зерттеулерде бастауыш сыныбында оқитын балалардың шығармашылығына негіз болатын таным процестерінің күрделі көрсеткіштері дамуымен байланысты олардың сөздік-логикалық ойлауы, интеллектінің көрсеткіштері жылдам дамитындығын М. А. Холодная [5], Э. Боно [6], И. И. Ильясов [7], П. Я. Гальперин [8], Б. И. Бесполов [9], З. И. Калмыкова [10], А. К. Маркова [11], Б. М. Теплов [12] т. б. ғалымдар өз зерттеулерінде айқындады. Олардың айтуынша бастапқы оқыту жас кезеңінде балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға және өте күрделі ой операцияларын жасауды үйретуге мүмкіндіктер өте мол. Л. С. Выготский [13], Н. Ф. Талызина [14], М. Л. Фридман [15] еңбектерінде оқушылардың оқыту барысында шығармашылық қабілеті көрініс беріп, біртіндеп олардың күрделі өзгерістеріне негіз болатын сыртқы және ішкі факторларды талдай отырып олардың іс-әрекеттен туындайтынын көрсетті. Балалардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыру арқасында ойлау логикалық емес сипат алуы мүмкін. Сондықтан да ол, Б. М. Тепловтың айтуы бойынша, сыртқы негіздермен (міндеттермен және объективті мәліметтермен) ғана анықталмайды, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Сонымен қатар ішкі бағдарлардың дұрыс құрылуы шығармашылық қабілетті дамытудың шарттарының бірі. Сол сияқты барлық таным процестердің дұрыс дамып, қалыптасуына себеп болатын түрткілер бар. Оларды тиімді пайдалану арқылы баланың жалпы танымдық қызығушылығын және шығармашылық белсенділігін дамытуға болатыны дәлелденген. Сондықтан баланы мектепке қабылдаған күннен бастап мектепті бітіргенінше психолог, пән оқытушылары балалардың оқуға ынтасын және барлық таным процестерінің дамуына ықпал жасап, олардың шығармашылық қабілетін дамытуы керек.

Осы проблеманы жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен дипломдық жұмыстың тақырыбын : « Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұны.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету жұмысының ерекшеліктері.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласының Ж. Аймауытов атындағы № 64 гуманитарлық гимназия және №66 Қазығұрт орта мектебі.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып олардың қабілетін диагностикалу және дамыту әдістемелерін іріктеп алу және оларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін диагностикалау нәтижесіне сүйене отырып дамыту әдістемелерін жүйелі түрде пайдалану балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеттері:

  • оқушылардың шығармашылық қабілетінің даму ерекшеліктері бойынша теориялық және әдістемелік еңбектерді талдау;
  • бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін және интеллектінің көрсеткіштерінің дамуын диагностикалауға және дамытуға арналған әдістемелерді жинақтау;
  • бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетінің көрсеткіштерін диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқушылардың шығармашылық қабілетін диагностикалау нәтижелеріне сүйене отырып балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау үшін дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • зерттеу барысында жинақталған материалдарды талдау және дипломдық жұмыстың мәтінін жазу.

Зерттеу әдістері. Дипломдық зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш мектеп жасындағылардың шығармашылық қабілетін зерттеу және дамыту проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау, бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетінің даму деңгейін бағалауға «Вербалдық фантазия» шкаласы, «Сөздік тест» әдістемелері, дамыту жұмыстарын жүргізуге «Анаграммалар», «Ертегі құрамыз», «Торренс тестері», «Логикалық ойлауды дамыту» тесттері және «Шығармашылықты дамыту» жаттығулары және басқа дамыту тесттері кеңінен пайдаланды.

Зерттеу кезеңдері . Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.

Бірінші кезеңде тақырып бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттер талдандау жүргізілді, дипломдық жұмыстың тақырыбы, зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің жоспары анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында пайдаланылатын балалардың есте сақтау қабілетін диагностикалау әдіс-тәсілдер жинақталып, жүйеге келтірілді.

Екінші кезеңде мектепке даярлық тобындағы балалардың ес процестерінің даму деңгейі диагностикаланды, жинақталған материалдар талданып, балалардың бұл қасиетінің даму деңгейі бағаланды, жинақталған материалдар жүйеге келтіріліп талданды, балалардың есте сақтау процесін дамытуға арналған арнайы жаттығулар көмегімен түзету-дамыту жұмыстары және коррекциялық ойындар ұйымдастырылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1 ТАРАУ . Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық даму ерекшеліктері.

  1. 1. 1. Жеке тұлға шығармашылығының даму ерекшеліктері.

Шығармашылық қабілет мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан келе жатқан құпия қасиет деген пікір қалыптасқан. Құпияның сырын ашу кілтін табу философия, психология, педагогика ғылымдарының бір міндеті болып табылады. Ол қасиетті әр саладағы зерттеу жүргізетін ғалымдар түрліше түсіндіреді. Шығармашылық қабілет - адамның әлі ешкім білмейтін жаңа бір бейнені өз бетінше құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ендіру арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлейбастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жағдайлар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден- ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын [16], Әл-Фараби [17], Абай Құнанбаевты [18] ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К. Д. Ушинский [19], Ы. Алтынсарин [20], Ю. Г. Кулюткин [21] еңбектерінде шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М. Жұмабаев [22] болатын. Психологтар мен ғалымдар Л. С. Выгодский [23], В. В. Давыдов [24], Д. Б. Эльконин [25], В. А. Крутецкий [26], қазақытанның көрнекті ғалымдары Т. Тәжібаев [27], М. Мұханов [28], Ә. Алдамұратов [29], Қ. Б. Жарықбаев [30], Т. С. Сабыровтың [31] еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.

Шығармашылықтың психологиясы табиғаты туралы зерттеулерді жүргізгіндер Р. Солсо [32], С. Л. Рубинштейн [33], А. В. Брушлинский [34], Я. А. Пономарев [35], О. К. Тихомиров [36] бұл қасиеттің адамның жалпы және арнайы қабілеттерімен тікелей байланысты дамитынын дәлелдеген. Жалпы және арнайы қабілеттердің психофизиологиялық негіздерін зерттеген Б. М. Теплов [37], И. С. Якименская [38], Д. Әубәкірова [39], В. В. Рубцов [40] өз еңбектерінде қабілеттің анықтамасын беріп оның жалпы және жеке даралық өзгешеліктерін көрсеткен. Қабілетті дамыту психологиясын зерттеушілер Н. С. Лейтес [41], А. В. Крутецкий [42], Д. С. Брунер [43], А. С. Готснидер [44] зерттеулерінде қабілеттілік тәрбиеленетін қасиет екенін дәлелдеп, оны дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген.

Л. С. Выготский [45], А. Н. Леонтьев [46], Дж. Гильфорд [47], Ж. Пиаже [48] еңбектерінде оқушылардың таным процесінде болатын күрделі өзгерістерге негіз болатын сыртқы және ішкі факторларды талдай отырып олардың шығармашылығының дамуы іс-әрекеттен туындайтынын көрсетті, мұның арқасында заттық әрекеттер адамның санасы мен ойлауында бейнеленеді. Тиісті міндеттерді орындаған кезде бұйымды бөлу, бөлшектеу, ажырату жөніндегі заттық іс-әрекет «ойдағы жүйке моделіне» айналып, ол модель біртіндеп іс-әрекетпен алмастырылады. Заттық іс-әрекет интериоризация процесінде ойша талдау процесіне айналады. Сондықтан іс-әрекет тек сырттан анықталған міндеттер және объективті мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Сонымен қатар ішкі бағдарлардың дұрыс құрылуы ойлауды дамытудың шарттарының бірі болып табылады. Осы «жүйке моделі» бұрынғы тәжірибеде болғанның елесімен байланысты, дегенмен тіптен жаңа формада болуы мүмкін. М. А. Холодная [49], З. И. Калмыкова [50], М. Беркинблит [51], А. К. Маркова [52], В. С. Гончаров [53] т. б. ғалымдардың айтуынша осындай көріністегі ойлау және іс-әрекет шығармашылық қабілеттің көрінісі болып табылады. Шығармашылықты зерттеген ғалымдар анықтамасын жасап, оның дамуына әсерін тигізетін факторларды анықтады.

Соңғы екі ғасырдың ішінде шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттілікті талдауға психологияда өте үлкен мән берілуде. Өйткені шығармашылық қабілеті жоғары тұлғалар барлық іс-әрекет жағдайларында жоғары жетістікке жететіндігі дәлелденген. Психологиялық зерттеулерге іс-әрекеттің белгілі бір пәндік саласында білікті маман болып табылатын тұлғалар (шахмат ойынының шеберлері, университет профессорлары, ат шабыстарының білгірлері, білікті дәрігерлер т. с. с. ), тарихта өзіндік із қалдырған тұлғалар (ұлы ғалымдар, философтар, жазушылар т. с. с. ) және соңына қарай адамдардың қалыпты өміріндегі оқиғаларды тиімді талдауға, бағалауға және болжауға қабілетті тұлғалар (жақсы ақылшылар, тәжірибелі бейресми жетекшілер, көріпкерлер т. б. ) жатады.

Интеллект деген адамның санасын, парасаттылығын, ойлау қабілетін көрсететін психологиялық қасиет. М. А. Холоднаяның анықтамасы бойынша интеллект - адамның жалпы шығармашылық іс-әрекетін, теориялық және практикалық мәселерді шешуге қабілетін, қарама-қайшы аспектілерді анықтауға мүмкіндіктерін көрсететін тұлғалық білім мен тәжірибенің даму деңгейі /54/. Интеллекттің дамуы баланың іс-әрекеті барысында таным процестерінің барлық құрамды бөліктерінің дамуымен байланысты жүреді. Интеллекті жоғары адам әр түрлі іс-әрекеттер барысында талданып жатқан мәселелер бойынша өз пікірлерін айтқанда ойлары және әрекеттері тиімділікпен және осы кезде туындайтын мәселелерді шешуде жоғары табыстылықпен ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, интеллектуалдар өздерінің дарындылығын интеллектілі іс-әрекеттің белгілі бір ерекшелікпен сипатталатын түрінде нақты көрсете біледі.

Шығармашылық - жаңа материалдық, немесе рухани құндылыктарды, айырықша қоғамдық құндылықтарды жасайтын адамдар ұжымының немесе жеке адамның іс-әрекеті. Э. Штерн [55] білікті мамандарды немесе өз саласындағы шеберлерді зерттеу нәтижесінде олардың көпшілігі интеллектінің салыстырмалы орташа деңгейінің 120 шамасында болғаны туралы фактіні атап көрсетеді. Сондықтан ол IQ көрсеткіштерінің «шегі» туралы болжам жасады. Көптеген адамдарды зерттеу нәтижесінде интеллекті жоғары болғандардың жетістіктері өз табиғаты бойынша когнитивті емес басқа да факторлармен (табандылық, қызығушылық, ата-ананың қолдауы т. б. ) байланысты екенін анықтады. Шығармашылық даму факторларына қатысты аса маңызда жайттың бірі - интеллектілік табыстылыққа жетуде ерекше рөл атқаратын білімдер және тиісті салада мамандануға бағытталған ауқымында тәжірибе мен оқытудың нәтижесі болып табылады. Мысалы, шахматта, сәулет өнерінде, физика саласындағы ғылыми жұмыста т. б. салада жеке тұлғаның жеткілікті шамада саналы түрде мақсатқа бағытталған практикасы болып табылады. Сонымен қатар шығармашылық дамуға негіз болатын нәрселер, біріншіден, тұлғадан өзінің жеке мүмкіндіктерін жетілдірумен байланысты еріктік күш-жігерді, күш жұмсау мен уақыт шығынын талап етеді. Екіншіден, бұл зерттеулер интеллектілі дарындылықтың кейбір механизмдерін түсінуге мүмкіндік беретін ерекше түрде ұйымдасқан ұғымдық тәжірибенің жеткілікті мөлшерде жинақталуымен, тәжірибенің әр түрлі компоненттері қалыптасуымен байланысты.

Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған [56] . Ол адамның қабілеттілігін жан дүниесінің ерекше қасиеті деп біліп, қабілітті адам барлық іс-әрекет түрлерін тез үйреніп сапалы орындайтыны осы қасиеттің негізгі көрсеткіші деген. Қабілеттілікті ежелгі зерттеушілердің барлығы табиғи, ата текке байланысты тұқымқуалаушылық қасиеттерге жатқызған.

Қабілеттің тек тұқымқуалаушылық қасиет деп түсіндіруді ең бірінші болып сынағандар ағылшын ғалымы Дж. Локк және француз материалистері. Олардың айтуынша жеке тұлға ерекшеліктері тек қана қоршаған әлеуметтік ортаның жағдайларына байланысты, сондықтан баланы жастайынан оқытып, тәрбиелесе олардың барлық адамдық іс-әрекет түрлеріне ерекше қабілеттілік көрсетуге шамасы келеді, сондықтан тәлім-тәрбие баршаға бірдей болу керек деген [57] .

Барлық психологиялық зерттеулерде қабілеттілікті адамның көптеген жеке даралық ерекшеліктерін анықтайтын қасиет деп көрсеткен. Сонымен қатар қабілеттілікке берілген анықтамалардың саны көп. Оларды жүйеге келтіріп талдау үшін келесі анықтамаларға тоқтап өту қажет:

1 - қабілеттілік - жеке адам психикалық процестері мен жағдайларының ерекшеліктерін көрсететін қасиет (жанының) .

2 - қабілеттілік дегеніміз - арнайы және жалпы білімді өте жоғары деңгейде меңгеру нәтижесімен байланысты адамның көптеген іс әрекеттерге икем болып шеберліктің тез қалыптасуы.

3 - қабілеттілік дегеніміз адамның іс-әрекетті тез меңгеріп оны сапалы орындауы.

Қабілеттілікті жан-жақты зерттеген В. М. Теплов берген анықтама бойынша қабілеттілік дегеніміз жалпы және арнайы білім деңгейі. В. М. Теплов қабілеттілікті зерттеу негізінде жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері қойылған. Олар туа біте көрініс беретін тұрақты қасиеттерге жатады [58] . Олар:

а) жүйке қызметінің күші - ұзақ уақыт қарқында жүретін, жиі қайталанатын жүктемені көтере алуы;

б) жүйке жүйесінің тежелуге қарсы тұруы (тітіркендіргіштің ұзақ уақыт ішінде жиі тигізетін әсерін көтере алатындығы) .

В. М. Тепловтың айтуы бойынша қабілеттілік деген ұғым үш құрамды бөліктен тұрады. Біріншіден - қабілеттілік жеке адамды басқалардан ерекше көрініс беретін жекелік психикалық қасиеттер жиынтығы (темперамент, таным процестері, психикалық жағдайы т. б. ) . Екіншіден, қабілеттілік әр жеке тұлғаның іс-әрекеттерді тиімді, сапалы орындауы. Үшіншіден, білім және іскерлік деңгейі. Осы үшеуінің басы қосылғанда ғана жеке адам өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қабілеттілік көрсетеді [59] . Сонымен бірге қабілеттілік адамның білімін, іскерлігін, дағдысын одан әрі шыңдауға, жекешелендіруге әсерін тигізетін ішкі реттеуші күш.

Қабілеттілікті зерттеу барысында негізгі үш проблемаға өте көп көңіл бөлінеді:

1-шіден - қабілеттіліктің пайда балуы және табиғаты;

2-шіден - қабілеттіліктің типологиясы және оны диагностикалау;

3-шіден - қабілеттіліктің даму заңдылықтары және қалыптасу ерекшеліктері.

Психология тарихында қабілеттілік жан қасиеті ретінде зерттеледі. Көптеген психологтар бұл қасиет тұқым қуалаушылық қасиеттердің бірі ретінде генотиптен жеке адамға беріледі деп есептелген. Осы тұжырымдама ұзақ уақыт тәлім-тәрбие негізі ретінде қарастырылған. Жалпы қабілеттілік адамның барлық іс-әрекеттерге икемділігін көрсетеді. Мысалы: естігіштік, сезгіштік, көргіштік, дәм ажырату, барлау. Сонымен бірге қимыл әрекеттің барлық түрлерін меңгеру қабілеті (тік жүру, секіру, жүгіру, өрмелеу, жоғарыға шығып, төменге түсу т. б. ), жалпы барлық адамдарға тән, тіршілік жасауға негіз болатын әрекеттерге қабілеттілік деп көрсетілген.

Шығармашылық әрекеттерді меңгеруі оның іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты екенін анықтады [60] . Қабілеттілік адам өмірінің барлық кезеңдерінде даму жағдайында болатын қасиет. А. Н. Леонтьевтің әрекеттік теориясы бойынша адамның өз іс-әрекетінде қолданып отырған қасиеттері күнделікті шыңдалынады. Ал қажеттілігі болмай, еш қолданылмаған қабілеттілік біртіндеп сөнеді. Сондықтан қабілеттілік өте нәзік, өзіне көп көңіл бөліп, баптап, тәрбиелеп отыруды қажет ететін қасиет. (Мысалы: музыкалық, техникалық шығармашылық, өнерпаздық, математикалық т. б. ) . Барлық іс-әрекеттің түрлеріне шеберлік бірнеше қабілеттіліктердің бір-бірімен ұштасу нәтижесі болып табылады. Сондықтан адамның генотипінде бір қабілеттіліктің нышаны болмаса ол басқа қабілеттер нышанымен толықтырылады. Бұл жерде ми қыртысы функционалдық блогінің компенсаторлық (толықтырушылық) қасиетімен байланысты. Сондықтан іс-әрекеттің бір түріне қабілеті төмен адамның әрекеттердің басқа түрлеріне қабілеті өте жоғары болуы мүмкін.

Психологияды осы уақытқа дейін қабілет типологиясы ғылыми тұрғыда бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан зерттеушілер алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты түрлі сыныптастыру жолдарын қолданылады:

  1. Іс - әрекеттердің түрлеріне байланысты техникалық, өнерге, ғылым салаларына қарым-қатынас;
  2. Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, сенсориканың қызметіне байланысты: операционалдық шығармашылық қабілеттілік.

Қабілетті сыныптастырудың кең пайдаланылатын келесі түрі - қабілеттілікті табиғи және нағыз адамдық, тарихи, әлеуметтік ортада қалыптасқан түрлеріне бөлу арқылы жүйелеу. Табиғи қабілеттіліктер адамдар мен жоғары дамыған жануарларға ортақ. Олар: қабылдау, еске сақтау, ойлау, экспрессиялық қарым-қатынас жасау. Қабілеттіліктің бұл түрлері тұқымқуалаушылық нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін қасиет. Бұл қасиеттер генотиптегі нышандар қасиетке айналуға негіз болатын механизм операнттық үйрету, шартсыз рефлекстік үйрету және импритинг үйрету механизмдері деп аталады. Үйретудің бұл түрлері арқылы жануарлар мен адамдарға ортақ қабіліттер ашылады.

Арнайы қабілет - адамның бір іс-әрекет саласында ерекше табысқа жетуіне негіз болатын қабілеттіліктердің түрлері өте көп. Оларды А. Г. Понугаева келесі түрлерге бөліп көрсеткен [61] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz