Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

I Кіріспе 2-4

II Негізгі бөлім 5

I Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық-

психологиялық негіздемесі5-9

1. 1 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық негіздемесі 10-13

1. 2 Баланы мектепке психологиялық даярлауда кездесетін Қиындықтар14-18

1. 3 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың жолдары19-21

II Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі22-24

2. 1 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттары25-29

2. 2 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістері30-34

III Қорытынды 35-36

IV Пайдаланылған әдебиеттер 37-38

V Қосымша 39-41

Кіріспе .

Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ұлт бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендігі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшү, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қазірден бастап жүрүі тиіс. Дайындықтың мақсаты, жүйелі жүрүін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертхана ашылды. Зертхана төрт бағытта жұмыс істейді: «12 жылдық білім беру, оқулық теориясы», «Қазіргі заманғы педагогикалық технология», «Шағын комплектілі мектеп», «Мектепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс істейді. Сол дайындықтың негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады. Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анықталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы кезеңіне қалай өтетіндігімен анықталады [1. 17б] .

Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. «Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе жүзеге аспақ:» - деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай: Алдымен бұл байланыстың негізі-баланы мектепке психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын айта кетуіміз керек. (Л. А. Венгер, В. С. Мухина, Л. И. Божович, Н. Г. Салмина. т. б) Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені»-дейді.

Шетелдік психологтар « мектептік кәмелеттікті» баланың мектептегі оқуға қатысуға қабілеттілігі дамыған кезең немесе «мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білім, дағды, қабілет, мотивация және басқа деңгейлерді игеру» -деп атайды. Бірінші анықтама жалпы айтылса, екіншісінде психологиялық пен педагогикалық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу, есептеу сияқты білім дағдының форьмальді деңгейі мектепке психологиялық дайындаудың белгісі бола алмайды. Оны игергенмен бала мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл-ой қызметінің механизимдерін білмеуі мүмкін. Ал, психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын баланың «таяудағы даму зонасына сәйкес» (Л. С. Выготский) келуі керек. Кейінгі кезде психологтар Л. А. Венгер мен С. В. Мухинаның көзқарасын қолдауда, «мектепке дейінгі жастағы балада «мектептік» қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға лайықты психологиялық белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана қалыптасады» - дейді. Осыдан келіп, Л. А. Венгер мектептегі оқуға психологиялық дайындық балада «мектептік» қасиеттердің қалыптасуында деп есептейді. Психологияда осылайша бір ұғымның болмауынан баланы мектепке психологиялық дайындау туралы әртүрлі авторлар (Л. И. Божович, И. В. Дубровина, Н. Г. Салмина, И. Шванцара, т. б. ) оның түрлі құрылымдарын ұсынады.

Түрлі көзқарастарды қорыта келе, мектептегі оқуға психологиялық дайындықтың компаненттеріне психомоторлық (функционалдық), интеллектуалдық, эмоционалды-ерікті, тұлғалық (соның ішінде мотивациялық), әлеуметтік-психологиялық (коммуникативтік) дайындықты жатқызуға болады. Осы дайындықтар мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әрекетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Осы жағдай баланың бірінші сынып оқушысы болып қалыптасуына негіз болады. Сондықтан «психологиялық дайындық және кіші мектеп жасының бірізді байланысының феномені» - деп көрсетіледі. Сонымен осы тұстағы праблемаларға нелерді жатқызамыз: Теорияны практикаға алып келуде қандай қиындықтар бар: Психологтар практик психологтар мынаны атайды:

Біріншіден, екі жас кезінде (мектепке дейінгі, кіші мектеп) психологыялық бірлікте қарастырылатын интегративтік сипаттаманың әлі де аз жасалуы ( 2 жас бір кезеңге-балалық шаққа жатады, сондықтан бірінен-біріне өткендегі кризис, Д. Б. Элькониннің терминалогиясымен айтқанда аз. Сол өтпелі кезең секірмелі болмай, баланың дамуына ыңғайлы, оңтайлы жолмен өту керек. Осы жағдай тәжирибеде дұрыс өтіп жатырма, міне- зерттелетін мәселе осы) . 2 жас кезеңінің байланысы бала дамуында үздіксіз болатын екі жақты процесс екендігі ескерілуі керек.

Екінші мәселе деп психологтар баланың мектепке психологиялық дайындығының біріңғай тұжырымдамасының болмауын атайды.

Үшінші мектепке дайындықтың психодиогнозтикасын жүргізүдегі мәселелер. Психодиогнозтика күрделі кампанентті құрылым, сондықтан әдістемені ғана қолдану мүмкін емес, оның үстіне психологтың (егер білікті маман болса) өз көзқарасыда болады. Сондықтан психолог алдында үлкен таңдау тұрады. Ол оның (психологтың) жоғары оқу орнындағы әзірлігіне, біліміне, дағдысына байланысты.

Төртіншіден, баланы мектепке психологиялық дайындау жұмысына психолог ғана емес ата-ана да, тәрбиеші де қатысады. Ал оларды психолог дайындау керек. Бұл қалай жүзеге асуда, ол қаншалықты компанентті жағдайда өтуде. Бұл да мәселе.

Мектепке дейінгі мекемелерде мектеп педагогтарының болуы, олар балалардың әр-түрлі іс-әрекетін (ойын, оқу, еңбек, шығармашылық, тұрмыстық) ұйымдастыру мен жетекшілік етуді бақылау және сәйкесінше, тәрбиешілердің мектепте болып тәжірибе алмасып, пікірлесуі.

Тәрбиешілердің әр балаға немесе бүтіндей топқа әлеуметтік психологиялық мінездеме жазып, оны бастауыш сынып мұғаліміне беріп оқыту- бұл сабақтастық тереңдетілген жолының ең маңыздысы.

Балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын біріге дамыту жолымен жүргізілуі мүмкін. Мұнда мектеп белгілі бір мектепке дейінгі мекемені өз қарамағына алу, тәрбиелік шараларды бірге өткізу, мектепте 1-сыныпқа оқушыларды қабылдауда балабақша тәрбиеленушілерді қатыстыру, мектеп туралы кинофилмдер көрсету, кездесулер ұйымдастыру, еңбек әрекетін бағалау болып табылды [1. 17-18б] .

I Баланы мектепке психологиялық даярлаудың

педогогикалық - психологиялық негіздемесі.

Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде дайын болуы қажет. Алдымен бала едәуір қиындығы бар міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға дайын болуы тиіс. Жыл сайын осы шаралар қайталанып, жаңа сұрақтармен толысып отырады. Баласын жақсы мектепке орналасу үшін ата-ана кішкентайынан дайындай бастайды. Ол үшін балаларын жақсы мектепке дейінгі лицей гимназияларға «баланы мектепке дайындау үшін» ғана орналастырады. Нәтижесінде дәл мектепке барар кезде баланың оқуға деген қызығушылығы төмендеп, жазуға, есеп шығаруға, сурет салуға ешқандай зауқы соқпай, оқу десе жиіркеніш туындайды. Сонымен қатар мынандай қызық жағдай пайда болады. Мұғалімге дайын оқушыны оқыту өте қолайлы. Ал ата-аналар болса, мектептегі жоғарғы сұраныстардан қорқып баланың даму ерекшелігіне көңіл аудармай, кейбір психологиялық білімсіздіктерінің салдарынан өздері немесе мектепке дейінгі гимназиялардан балаларға қажетсіз білімдерді беруді тырысады және беруді талап етеді. Нәтижесінде бала оқып, есеп шығара білседе, бірер айлар өткен соң баланың мектепке психологиялық тұрғыдан дайын еместігі көрінеді.

Сонда баланың мектепке дайындығы деген не?

Баланы мектепке дайындау үшін, Л. С. Выготскийдің айтуынша, баланың оқу іс-әрекетін «жақын аймақтағы дамуына» әсер ете отырып ұйымдастырған да ғана оқу нәтижелі болады. Баланы мектепке дайындау 6-7 жас аралығында жүргізілмеуі тиіс. Ол бүкіл мектепке дейінгі, яғни 3 жастан бастап жүйелі түрде асықпай бірнеше сатылы түрде «қарапайымнан күрделіге», «кішкентайдан үлкенге» тұрғысынан жүргізіліп отыруы қажет.

Ол үшін баланың психофизиологиясын ескеру ләзім. Сонда 3-4 жастағы бала нені білу қажет:

Сенсорлық дамудан бастайтын болсақ, 3-4 жастағы баланы 6 түспен таныстырып, (көгілдір түсті алып тастау керек, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) дөңгелек, шаршы, сопақша, тіктөртбұрыш пішіндерінің қасиеттерін түсіндіру қажет.

Психологиялық деңгейіне келетін болсақ, 3-4 жастағы балаларды өзіндік сана-сезім қалыптасып, өзіндік «мені» анықтала бастайды. Бала өзінің кім екенін айқындайды. Баланың өз әлемінде өзара қарама-қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтарды үлкендердің көмегінсіз шеше алмайды, Төрт жасқа қарай көрнекі іс-әрекеттік ойлауының негізінде көрнекі бейнелі ойлауы қалыптасады, Бұл жаста бала көп нәрсені өзінің қиялымен көрген немесе естіген ертегілерінің кейіпкерлерімен шектейді.

Есте сақтау қабілеті ырықсыз. Көбінесе есте сақтау емес, ұқсатып тану ғана болады. Зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды, тез ауытқиды. Осының нәтижесінде іс-әрекеті де тез ауып отырады. Эмоционалды жәй-күйіне келетін болсақ, бұл да тұрақты емес. Көңіл-күйі тез өзгереді. Эмоционалдық жай-күйі оның физиологиялық ахуалына байланысты болады. Оның көңіл-күйіне құрбыларының және улкендердің қарым-қатынасы көп әсер етеді. Осындай іс-әрекеттердің арқасында баланың іскерліктерімен қатар тілі де дами бастайды. Ал 4-5 жасында түстерді ажырата отырып, бірнеше түсті қосу арқылы басқа түсті алуға болатынын түсінеді, көгілдір түсті көк түспен ажырата білетін жағдайға келеді. Пішіндерді қайталап отырып олардың көп түрлілігін түсініп ажыратып, (үшбұрыштар, сопақшалар), өздері оны құрайтын жағдайға жетеді. 5 жасқа келгенде геометриялық үлгілерге қарап құрап, оларды талдай алады. Осы кезде кешенді тапсырмаларды орындай отырып, заттың пішіні мен түсін анықтайды. 4-5 жаста қарым-қатынас құралы ретінде тілді қолдана отырып, өзінің көзқарасының аумағының кеңейгендігін көрсетеді. Ол енді әр нәрсені қызыққаннан сұрамай оның себеп-салдарына көп көңіл бөледі. 4 жастағы баланың негізгі сұрағы (неге?) болатындығы да осыдан.

Бұл жаста бала физиологиялық жағынан шыдамды бола бастағандықтан, психологиялық шыдамдалығы да қалыптаса бастайды. Көп шаршамайды, көңіл-күйі бір қалыпқа келе бастайды. Әртүрлі жағдайларға тұрақтылығын көрсетеді. Осы жастағы балалар құрбыларына және айналадағыларға қызықты және бағалы бола бастайды.

Ойын барысында жұптасып ойнағанды қажет етеді. Баланың сөздік қорының көбеюіне байланысты көрмеген нәрселерін тіл арқылы әсемдеп жеткізе алады. Өз ойын жинақтай отырып, болған оқиғаны ой елегінен өткізіп, тұжырымдап жеткізе алу қабілеті ойлауының біршама алға жылжығанын көрсетеді. Эмоцияоналдық жәй-күйі және қызығуы әлі де оның зейініне тәуелді болады, бірақ зейіннің тұрақтылығы және ауыспалылығы дами бастайды. Физиологиялық келеңсіздіктерге сезімталдығы азаяды. Баланың қиялы шарықтап ол неше түрлі қым-қиғаш оқиғаларды ойластырып, өзінің айналасындағыларды соларға оңай қоса бастайды. Осы кезде үлкендер балаға сауатты көмек көрсете алса, оның адамгершілік танымдық дамуына оң әсер бере алады. 5-6 жастағы балаларға заттардың көлемін, түрін, түсін анықтау күрделендірілген түрде беріледі. Хроматикалық түстерді тани отырып, олардың айырмашылығын анықтау, түстерді жылы және суық деп бөлуге үйретеді. Күрделі заттарды зертей отырып, оған сөздік анықтама бере алады, айтылған анықтама бойынша затты тануға дағдыланады. Сонымен қатар заттың көлемі туралы мағлуматты анық берудің арқасында балалар 10 элементтен тұратын тапсырманы кемуіне немесе ұлғаюына байланысты орындай алатын жағдайға жетеді.

Осы жастағы балалармен жұмыс барысында баланың қиялын оятатын шығармашылық тапсырмаларыға көңіл аудару керек.

Психалогиялық ахуалына келетін болсақ, бұл жаста балада бір шама білім қоры болады және ол күннен күнге толып отырады.

Бала өзінің тәжірібісімен құрдастарымен бөліседі, соның арқасында қарым-қатынасында танымдық мативтері қалыптасады. Бала өз алдындағы қиындықтарды шамасы келгенше өзі шешіп, өз мативтерін ересектердің мативтеріне бағындыра бастайды (үлкендер дем алып жатқанда шулы ойыннан бас тарта алады) оқуға және есепке қызығушылығы туындайды. Мақсатты түрде есте сақтап қала алады. Камуникативтік дамуымен қатар жоспарлы сөйлеуге, Яғни бала өз әрекетін жүйелі және логикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға тырысады. Осы жаста адами эмоцияның барлығын ажырата отырып, оның өз бойында да интелектуалдық, адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына жол береді.

Баланың интелектуалдық сезіміне мыналар жатады: білімпаздық, бәрін білуге құштарлық, қалжыңды көтере білу, немесе көңілділік, таңғалғыштық.

Эстетикалық сезіміне: сұлулықты сезе білу, ержүректілік сезімі.

Адамгершілік сезіміне: табандылық сезімі, ар-ождан сезімі, достық сезімі.

Осы жаста балаларда өтірік айту, яғни өз іс-әрекетін ақтау үшін мақсатты түрде шындықты бұрмалау пайда бола бастайды. Мұндай қасиеттің дамуы бала мен ата-ананың шектен тыс қатал болуы баланың өзіне деген сенімін жояды да, бала ересек адамның алдында беделін жоғалтып алмас үшін өз әрекетіндегі келеңсіз жағдайларды және өзінің әрекетін басқа біреулерге аудара салуға дайын тұрады. Міне осы кезде адмгершілік нормаларды үйрету ата-анаға жүктеледі.

6-7 жастағы балалар ойын барысында келісімшарт құрып, бір-бірінің көзқарасымен санасып, өз эмоциясының жәй-күлерін ұстамдылықпен игере отырып ойнауға үйренеді. Берілген тапсырманы сапалы орындайды, егер қате кеткен болса, тезарада жөндеуге тырысады. Бала әр-түрлі танымдық әдебиеттермен танысады, оларды өз бетінше қолдануға тырысды. 6-7 жастағы көрнекі бейнелі ойлау дамып, оған абстрактілі ойлау элементері кіреді. Сондада көп нәрсенің ішінен бір затты бөліп алу кезінде, әсіресе, қиындықтарда байқалып тұрады.

Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды. Мысалы: санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер және сүрет салу, мүсіндеу кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы мекиепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек. Негізгі жұмыстар:

Баланың қажеттеліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;

Балаға субъективті қарым-қатынас жасау ;

Баланың жақын ардағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым-қатынас жасау;

Баланың қызығушылығын тудыратын, оларды жандантыратындай сабақтарының көпшілігін ойын түрде жүргізу;

Балалармен қарым-қатынас достық түрде мейрімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс-әрекетіне қолданбау;

Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек ғана сандық, 1, 2, 3, 4, 5 баға бермей, істелген жұмысының жақсы және жаман жақтарына талдау жасай алуға үйрету.

Ең алдымен ересек адам балаларға жұмысты талдау жасауды өзі көрсетеді. Ол әр жұмысты мейлінше, мейрімділікпен әңгімелей отырып, қателіктерін баланың жанына ауыр тигізбеу жеткізуге үйретеді. Мұндай талдау бала мен тәрбиешінің арасындағы қарым-қатынастың сақталуына және баланың өзін-өзі ұстай білуіне көмегін тигізеді.

Бірінші кезекте тәрбиеші мұғалім немесе психолог балаларды өзінің эмоциясымен қызықтыруы керек. Эмоционалды тұрғыдан берілген сабақ баланың бүкіл берілген мағлұматты үлкеннен тез қабылдап оны есіне сақтап қалуына көп әсерін тигізеді. Сондықтан да сабақтар да, қойылымдар да қолдану, әуенді пайдалану, сүрет салғызу баланың жан-жақты ашылуына көп көмегін тигізеді.

Топтарда баланың саны жұп болуы шарт. Үйткені көбінесе сабақ камандалық жарыстар түрінде өтеді. Сонымен қатар егер бұл топтардағы балалардың психалогиялық ауытқулары болса немесе тіл кемістігі бар балалар болса, топ 6-8 адамнан тұратындай болуы қажет. Сабақ арасында 10 минуттық демалыстар немесе сергіту сәттері, ойындар міндетті түрде керек.

Осы кезде ең қиыны- баланың танымдылық қабілетін арттыру. Егер ондай қабілеттері болмаған күнде оқуға деген қызығушылығын туғызу қиын болады. Танымдық қызығушылықты біз жанып тұрған «алаумен» теңеуімізге болады. Ол жанып тұру үшін жаңа білімдері мен дағдыларды отын ретінде беріп отырмасақ, «алау» бықсып немесе сөніп қалуы мүмкін.

Бұл көбінесе дамуында ауытқуы бар және тіл мүкістігі бар балаларға қатысты. Өйткені олардың көбінде медициналық жағынан ауытқулар болады. Бұл танымдылық қабілеттері мүлдем дамымай қалады деген сөз емес, шала қалады деген сөз.

Міне осы кезде бізге тағы да ойын көмекке келеді. Бала ойын барысында жеңіске жетуге тырысады да берілген тапсырманы тиянақты орындап шығады. Әрекет әр-түрлі болғандықтан, қиын кездерде бала жеңістенде бас тартатын кездері болады. Сол кезде көмекке үлкен адам келуі қажет. Көмек арқылы жеңістің дәмін сезіп, екінші қайтара жеңілмеуге бел буады. Сонымен жеңіс енді баланың мақсат қоюына ықпал етіп, күнделікті іс-әрекетке айналады. Яғни А. Н. Леонтевтің айтуынша, баланың мотиві екінші жоспарға айналып, іс-әрекет бірінші жоспарға енеді.

Бала өзінің тапсырманы орындай алатынына сенімділігі артып, осындай жұмыстар жасауға қызығушылығы көбейе түседі. Ол өз көз алдында өсіп, жаңа іс-әрекеттерді жасауға құлшынып, білімнің немесе оқудың субъектісіне айналады.

Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан баланы мектепке дайындау, мектеп бағдарламасын орындауда баланың күш-жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педогогикалық-психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген қызықушылықтары жоғары деңгейге көтеріледі [2. 46-48б] .

Педогогикалық психология-зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педогогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: Оқыту психологиясы (дидактиканың психологиялық негіздерін зерттейді) ; Тәрбие психологиясы (мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді) ; ұстаз психологиясы мұғалім мен шәкірттердің арасындағы қарым-қытынасын, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Педогогикалық психология саласындағы зерттеулер оқыту мен тәрбие мазмұнын дұрыс анықтаған оқулықтар мен оқу құралдарын әртүрлі талаптарды белгілеуге, оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістерін тауып, негіздеуге көмектеседі [3. 12 б] .

1. 1 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық негіздемесі.

ГЕРБАРТ психологиялық мәліметтерді зерттеуде метафизик болады. Оның айтуынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұны. Жан адам денесімен ұштасу, байланысу кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бір неше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елемтеулер туады. Ол бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырады, адамның бүкіл мазмұны елестеулерден турады деп есептейді.

Ес, қиял т. б. ол сол елестеулердің өзара қатынастары арқылы түсіндіреді. Сезіну - оның топтауынша, елемтеулердің әр салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана.

ГЕРБАРТ- «бала еңбектенсін» - деген тұжырым жасады. Балалар еңбек жасаған кезде шаруашылықты жүргізуді, есептеуді сауаттылыққа үйренуі тиіс, деді [4. 191-192б] .

Мен тәрбиешілерге былай деп кеңес беремін баланың сезіміне, түйсігіне, қиялына ықпал жасаулар шексіз әлемге деген терезені біртіндеп қана ашықтар, оны бірден барынша айқара ашып, кең есікке айналдырмақ, өйткені ол арқылы сендердің ерік-тілектеріңсіз әңгіме болып отырған нәрсе туралы ойлар еліктірген балдырғандар лап қойып, кішкентай шарлар сияқты шығып кетуі мүмкін . . . Олар алғашында толып жатқан заттардың алдында абдырап, сосын қалады, содан кейін мән мазмұны әлі таныс емес, бұл заттарға балалардың көзі үйреніп, олар тек әншейін бос дыбыс қана болып қалады [5. 43б] .

Тұлғалық тәсіл К. К. Платонов ойынша, адамның барлық психикалық қасиеттердің, олардың әрекеті, оның жеке психологиялық ерекшеліктері нақты бір тұлғаның өзіне, тұлға негізінде қалыптасады [6. 85б] .

Мектепке даярлық топ балаларының қарым-қатнас психологиясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Педагогика пәнінен дәрістер кешені
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz