Бастауыш сынып оқушыларына оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру



І. Кіріспе
І.Тарау
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
1.2. Оқытуды ұйымдастырудың формалары
ІІ.Тарау
2.1. Оқуға және жазуға үйрету әдістері

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы мемлекетінің саясатында мәдени-этникалық мүдделерді қорғау, оны сақтау басымды сипат алып отыр. Осыған орай қоғамдық мемлекеттік міндеттің жүзеге асырылуындағы басты буын – мектептегі білім беру жүйесінің мәдени-этникалық сипатын орнықтыру, дамыта оқыту қолға алынуда. «Нағыз ұлттық мектеп – мемлекетті құратын ұлттың тарихи аумағында қызмет атқаратын және осы аумақта өзінің егемендік білім беру саясатын жүзеге асыратын, оқушыларда ұлттық мінезді және ана тілінің негізінде өз халқының рухани әлемін еркін қалыптастыратын мектеп», - деп Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, қазақ мектептері үшін бүгінгі әлеуметтік сұраныстың негізі – халықтың мәдени-рухани қазынасы негізінде шәкірттер бойында нағыз жоғары мәдениетті ұлттық сананың негіздерін қалыптастыру болып табылады. Оның - өзі білім берудің идеялық мәнін қазақ ұлтының Қазақстан Республикасы халықтарының рухани байлықтары мен өзара жарасымды қарым-қатынастарын қорғауға бағытталған біріктіргіш тарихи ролін ұғыну арқылы нақты жүзеге асырылатын мемлекеттік жалпы ұлттық татулық идеологиясының алтын арқауы.
Еңбектегі әдеби-тарихи мағлұматтардың өлке танытушылық қызметін ашуда, мектептегі жалпы өлкетану жұмысы туралы зерттеулер қаралды. Қазақстанда мектептегі өлкетанудың алғашқы дамуына Т.Шонанов белсенді атсалысып, өзінің «Мектепте аймақтану жағырафия оқыту әдісінің жемсі», т.б. еңбектерінде өлкетануды оқыту мен тәрбие құралының бірі ретінде көрсетеді. Туған өлкесін білмейтін адам дүниені білмейді деген тұжырымға келген. Педагогика ғылымының даму тарихында С.Аржанов, Д.Жаринов, Р.Зеленский, К.Строев, Ә.Бейсенова, С.Жортанлв, т.б. оқу-тәрбие процесінде өз өлкесінің тарихын, табиғатын зерттегуе деген оқушылардың таным қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін, әдісетемлік тұрғыдан жан-жақты қарастырған.
1. С.Рахметова «Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі
2. Қазақ совет энциклопедиясы. 9 том. – А., 1976
3. Қ.Айтжанова. Әдебиет және өлкетану. – А., 1999
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – А., 2000
5. //Биология және салауаттану. – 2004. - №5
6. //Қазақстан мектебі. – 1992. - №2
7. //Ұлт тағылымы. – 2002. - №1
8. //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. - №10-11

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру

Орындаған: Қосқұлова Ж.Ж.
Тексерген: п.ғ.к., доцент
Қоқымбаева Т.И.

Алматы 2008
Жоспар:

І. Кіріспе
І.Тарау
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
1.2. Оқытуды ұйымдастырудың формалары
ІІ.Тарау

2.1. Оқуға және жазуға үйрету әдістері

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы мемлекетінің саясатында мәдени-этникалық
мүдделерді қорғау, оны сақтау басымды сипат алып отыр. Осыған орай қоғамдық
мемлекеттік міндеттің жүзеге асырылуындағы басты буын – мектептегі білім
беру жүйесінің мәдени-этникалық сипатын орнықтыру, дамыта оқыту қолға
алынуда. Нағыз ұлттық мектеп – мемлекетті құратын ұлттың тарихи аумағында
қызмет атқаратын және осы аумақта өзінің егемендік білім беру саясатын
жүзеге асыратын, оқушыларда ұлттық мінезді және ана тілінің негізінде өз
халқының рухани әлемін еркін қалыптастыратын мектеп, - деп Қазақстан
Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, қазақ
мектептері үшін бүгінгі әлеуметтік сұраныстың негізі – халықтың мәдени-
рухани қазынасы негізінде шәкірттер бойында нағыз жоғары мәдениетті ұлттық
сананың негіздерін қалыптастыру болып табылады. Оның - өзі білім берудің
идеялық мәнін қазақ ұлтының Қазақстан Республикасы халықтарының рухани
байлықтары мен өзара жарасымды қарым-қатынастарын қорғауға бағытталған
біріктіргіш тарихи ролін ұғыну арқылы нақты жүзеге асырылатын мемлекеттік
жалпы ұлттық татулық идеологиясының алтын арқауы.
Еңбектегі әдеби-тарихи мағлұматтардың өлке танытушылық қызметін
ашуда, мектептегі жалпы өлкетану жұмысы туралы зерттеулер қаралды.
Қазақстанда мектептегі өлкетанудың алғашқы дамуына Т.Шонанов белсенді
атсалысып, өзінің Мектепте аймақтану жағырафия оқыту әдісінің жемсі, т.б.
еңбектерінде өлкетануды оқыту мен тәрбие құралының бірі ретінде көрсетеді.
Туған өлкесін білмейтін адам дүниені білмейді деген тұжырымға келген.
Педагогика ғылымының даму тарихында С.Аржанов, Д.Жаринов, Р.Зеленский,
К.Строев, Ә.Бейсенова, С.Жортанлв, т.б. оқу-тәрбие процесінде өз өлкесінің
тарихын, табиғатын зерттегуе деген оқушылардың таным қызығушылығын
арттырудың әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін, әдісетемлік тұрғыдан жан-жақты
қарастырған.
Өлкетану жұмыстарын жүргізуге оқушылардың өз өлкесіне деген
танымдылық белсенділігін арттыруға әр пәннің алатын өзіндік орны бар.
Р.А.Абузяров Краеведение лингвострановедение, как источник дидактического
материала для работы по развитию русской речи учащихся-казахов деген
еңбегі, С.Тәжіғұлованың Өлкетану материалдарын пайдалану еңбегі, Б.Мусина
Өлкетану материалдары сабақта, Д.Төлебаева Өлкетану – ел таныту, т.б.
өлкетану жұмыстарының сипаттарын ашқан. Өлкетану үрдісінің мазмұнын жан-
жақты аша түсуде музей экспонаттарын сабаққа пайдалану оқушыларды ғасырлар
сырын тереңірек сезінуге, ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігін жете түсінуге,
туған жерге деген сүйіспеншілікке баулиды. Мұндай көрнекілікпен өткізген
сабақ оқушылардың тарих пәніне ынтасын, қызығуын арттырып, тарихи бір факті
мен екінші фактінің байланысын түсінуіне көмектесіп, білімдерін кеңейтеді,
тәрбиелейді.

Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру жолдары

Ұстаз еңбегінің ең негізгі және басты көрсеткіші шәкірттерінің еңбек
сүйгіштігімен, білімімен, өнегелілігімен, адамгершілік қасиеттерімен
өлшенеді. Шәкріт бойында қалыптасқан жақсы қасиеттердің бәріұстаз еңбегінің
көп жылдық жемісі.
Оқушыларды оқу еңбегіне және мәдениетіне тәрбиелеу ісі оны мектепте
алғаш келген күннен бастап үздіксіз жаттығу арқылы іске асырылатын күрделі
процесс. Оқу әрекеті оқушының білімін молайтып, дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыруға, сөйтіп оған тиянақты білім беруге мүмкіндік туғызады.
Білімді меңгеру үшін оқушының ынта-ықыласын туғызу, оқу мәдениетін
оның әдеттегі дағдарысына, рухани қажеттілігіне айналдыру керек.
Мұнда ең бастысы мұғалімнің жеке басының үлгісі. Өйткені, ұстаз өз
шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауы, жүріс-
тұрысы, киінуі, сөйлеуі жағынан да ықпал етуі тиіс. Әсіресе, бастауыш сынып
оқушыларын мұғалімнің рухани жан дүниесі тартады. Олар өз ұстаздарына
еліктейді. Ал, бұл дегеніміз, бала мінезінің қалыптасуына әсер ететін ең
басты күш.
Жалпы оқу мәдениетін қалыптастыру ісінде нәтижеге жетудің бір жолы –
оқушылардың оқу еңбегін қажет етуді және соған оларды дайындау. Ал бұл
қажеттілік олардың филологиялық және психологиялық дамуының басты белгісі
болып табылады. Оған тән қасиет айнала қоршаған дүниеден әсер алу, білсем
деген ұмтылыс. Бастауыш сынып оқушыларының осындай психологиялық
ерекшеліктері жалпы оқу мәдениетін меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады.
Оқушының білімге деген ынта-ықыласын, зейінін жетілдіріп тәрбиелеу
үшін әр оқушының психологиялық ерекшелігін, білімді қабылдау мүмкіндігі мен
қабілетін анықтау мұғалімге оқуға басшылық жасауға көмектеседі. Оқуға
басшылық жасауды мұғалім сабақ үстінде баланың ойлау, қиялдау қызметін
үнемі бақылап, оны дамытып отыру қажет. Содан кейін ғана ол баланың
шамасына қарай оған сабақта және сабақтан тыс уақытта оқуына бағыт-бағдар
беріп, басшылық жасай алады.
Оқуды ұйымдастыру және жоспарлау деп оқуға қажетті кітаппен немесе
мақаламен алдын-ала танысып, бұл жұмысты қалай оқитын және қанша уақытта
оқитынын белгілейді. Әрбір оқырман өзінің оқуға дайындаған, шаршау кезеңін,
бос уақытын есепке алуы қажет.
Оқуға уақыт бөлмес бұрын, оқушы өзінің күнделікті күн тәртібін қайта
қарау қажет. Кейде емтихан алдында, үйірмелердегі жұмыстарына қарай және
кітап пен мақаланың көлемін, беттерін, оқуға тиісті бөлімдерді өз уақытымен
шамалап бөлген жөн. Мысалы, адамның бос уақыты болғанымен оқу қабілеті мен
оқуға деген ынтасы әркез бірдей болмайды. Кейде кітаптың күрделілігі мен
оқуға жеңілдігіне байланысты. Осының бәрін есепке ала отырып әр оқушы
өзінің оқуына жоспар құрайды.
Оқу жоспарын уақытша да, барлық уақытында да жасауға болады. Айдың
соңында немесе жыл соңында оқыған кітаптары мен материалдарын саны мен оған
кеткен уақтының есебін шығаруына және осы оқығандарынан не үйреніп, не
білгенін талдап, қорытындылауға болады. Оқуды дұрыс ұйымдастыру мен жйүелі
жоспарлау оқушының өзін-өзі бағалау мен оқуына әркез басшылық жасауына
көмектеседі.
Оқу әрекетінің ең негізгі проблемаларының бірі оқығанды есте сақтап,
оны адам ойында бекіте білу, яғни жылдам еске түсіру, ойда сақтау,
оқығаныңды таба білу, уақытында және дәл айта білу.
Кейде адам оқығанын жылдам есте сақтайды да, жылдам ұмытады немесе
ұзақ уақыт есте сақтайды да, бірақ оны уақытында жеткізе айта алмайды,
кейбір адамдар мұндайда мен туылғаннан осындаймын, бұнда ешнәрсені
өзгертуге болмайды деп қате пікір айтады. Педагог ғалымдардың пайымдауынша,
жаттығуға ең алдымен адамның есте сақтау қабілеті бейім. Бұған адамның
есту, көру, сөйлеу қабілеттерін жатқызуға болады.
Оқу әркеті туралы сөз қозғағанда, ең алдымен әсіресе кітаппен ақпарат
құралдарымен жұмыс істегенде жазбалардың біріншісі айтылатын сөзсіз.
Біріншіден, жазбалар тексті жақсы түсінуге көмектеседі. Екіншіден, жазба
кезінде ойлау процесі ұзақ жүріп, есте жақсы сақталады. Үшіншіден, жазбалар
ұмытылған, ұмытыла бастаған фактілер мен күндерді еске түсіруге көмегін
тигізеді. Сондай-ақ жазбалар текстен ойды бөлмейді, ойланып жұмыс істеуге
үйретеді.
Жазбалардың ішіндегі ең қарапайым түрі – көшірмелер. Олар кез-келген
кітаппен, мақаламен, ғылыми, әдеби, анықтамалық, оқу құралдарымен жұмыс
жасағанда іске асады. Мұндағы керек мәліметті бір немесе бірнеше
кітаптардан алуға болады. Белгілі тақырып бойынша ізденуші ғалым, жазушы,
қоғам қайраткері бұл әдісті жиі қолданады.
Көшірмелер жоспар, конспект және тезистер секілді жазбаның күрделірек
түріне негіз бола алады. Оқудың жоспарын құру оның мазмұнын терең білуге
көмектеседі. Жоспар оқушыға оқығанын жылдам еске түсіруге. Есте сақтауын,
өзінің материалды қаншалықты түсінгенін білуге көмектеседі, өйткені тексті
жақсы білгенде ғана жоспар құра алады.
Бүгінгі таңда еліміздің білімді, саналы оқыған азаматының оқу
әрекетін меңгеруі ол тек кітаппен ғана жұмыс жасай білу емес, өзіне қажетті
тақырыпты баспасөз беттерінен таба білу және баспаның анықтамалық ақпаратын
қолдана білуі. Сондықтан да, баспасөз және ақпарат құралдарын жақсы білу,
оларды оқудың маңызы мен міндеттерін айырмасын түсіну, көркем әдебиет,
ғылыми шығарма, мақалалармен, монографиялармен жұмыс жасай білу де оқу
әрекетінің бір белесі болып табылады.
Қорыта айтқанда, оқушылар тарапынан жоғарыда аталған оқытудың
түрлерін мұғалімдер күнделікті сабақтарында қолданып отырса, бұл
шәкірттерге үлкен көмегін тигізері анық.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар:
оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер,
консультациялар, үй оқу жұмысы, т.б.
Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына
кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі обьектілер пайдаланылады. Оларға
музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін
іске асырады, оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер
дүниесін, тірі организмдерді зерттегуе мүмкіндік туғызады, танымды ынтасын
дамытады. Оқу саяхатының түрлері:
а) кіріспе саяхат – жаңа тақырыпты түсіндіру алдында оқушылардың қажетті
білімді жинастыруы;
ә) кезектегі саяхат – ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс
істеуі, кейібр мәселелерді иллюстрациялау;
б) қорытынды саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі.
Мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жсопар жасалады, онда мынадай мәселелер
бейнеленеді:
1. Саяхаттың мақсаты мен обьектісі.
2. Оқушылармен алдын-ала обьектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі:
әңгіме, бақылау, тәжірибе, т.б.
3. Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу,
есептеу, жазып алу, обьектіні толық қарау.
4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру. Мысалы,
бірінші топ – бақылау, өлшеу, екінші топ – сурет салу, сызу, үшінші топ –
есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
5. Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен таныстырады,
олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда
оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді.
Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу тиімді болады. Ең
соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Оқыту процесінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгертіп,
дүниетанымы қалыптасады, танымдық қабілеті дамиды, дербес жұмыс іскеруге
жаттығады, үйренеді.
Оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдын меңгеру ісі – қабылдау, ойлап
түсіну, жинақтау, есінде сақтау, қайта жаңғырту, тәжірибеде қолдану сияқты
оқу-процесінің буындарынан тұрады, бұлар бір-бірімен байланысты, белгілі
дәрежеде таным жолдарын байқатады.

Оқуға және жазуға үйрету әдістері

Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланысты
болады. Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал жазуды жақсы
меңгерген оқушы оқу қызметін жеңіл атқарады. Бір сабақтың өзінде оқу
қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге
екіншісінің көмегі тиіп отырады. Бұл байланыс баланың алғаш Аа дыбысын
танып, оны оқумен бірге Аа әрпін жазып үйренуден басталады да, ол бүкіл
сауат ашу кезеңінде бірлікте жүріп отырады. Демек әліппені оқып үйрену
кезеңінде ана тілі пәнінен бір күнде жүретін екі сабақтың біреуі дыбыс пен
әріпті тануға арналады. Бұл әлбетте, оқуға үйрету сабағы болады. Ал, екінші
сабақта сол күнгі үйренген дыбыстың әрпін және жаңа әріп қатысқан буын, сөз
сөйлем жазу жұмысы жасалады.
Баланы оқуға үйретуде көзделетін мақсат оларды оқығанына түсініп,
сапалы білім алуға тәрбиелеу. Әліппе кезіндегі оқу буын оқуға негізделеді.
Әліппе оқудың бірінші кезеңінде бір буынды, бірте-бірте жеңіл екі
буынды сөздер оқылады. Екінші кезеңде үш-төрт буынды сөздер оқылады. Ондай
көп буынды сөздер әліппе кітабында бірден тұтас берілмейді, олар буын-буын
жігімен үзіліп теріледі. Сондай тәсілмен та-ға-ла-ды; шы-рыл-дай-ды түрінде
жазылған сөздердің буындары өзара созылыңқылы әуенмен жалғастырылып, бір
сөз қиялына келтіріп оқуға үйретіледі.
Әліппені өтудің екінші кезеңінің аяғына таман жалғаулық шылаулар (-
да, - та, -мен) үшінші кезең соңында сұраулық шылаулар (-ма, -ме) қатысқан
сөйлемдер сиректеу болса да ұшырасады. Мұғалім оқу материалында кездескен
осындай жаңалықтарды елеусіз қалдырмайды. Қайта оларға дер кезінде
оқушылардың назарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА АМАЛДАРДЫ АУЫЗША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер