Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты. Академик В.В. Бартольдтің шығармашылық жолы, азаматтық келбеті


ТОҚБОЛАТ ЕҢСЕГЕНҰЛЫ
Әлемге танылған тұлға
ТҮРКІ ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕП ДАҢҚЫ ШЫҚТЫ
Академик В. В. Бартольдтің шығармашылық жолы,
азаматтық келбеті
Тоқболат Еңсегенұлы
Әлемге танылған тұлға
ТҮРКІ ДҮНИЕСІН
ЗЕРТТЕП ДАҢҚЫ ШЫҚТЫ
Академик В. В. Бартольдтің
шығармашылық жолы, азаматтық келбеті
Бартольдтану
«Тоғанай Т»
Алматы
2014
УДК 821. 512. 122. 0
ББК 83. 3 (5 Каз)
Е. 59
Түркі тектес халықтардың бәріне ортақ бұл ғылыми еңбек Қ. А. Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды
Бұл ғылыми зерттеу жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі «Түрік тілі мен әдебиеті» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, оқу құралы есебінде ұсынуға болатын еңбек деп табылып, баспаға ұсынуға қаулы шығарды (28. 02. 2014 ж. ) .
Осы зерттеу жұмысы Қызылорда «Болашақ» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедра мәжілісінде талқыланып (03. 03. 2014 ж. ), толық аяқталған жұмыс деп есептеліп, баспадан жеке кітап етіп шығаруға қаулы қабылданды
Пікір жазғандар: Х. М. Тұрсын − тарих ғылымдарының докторы
Қ. Атлансой − РҺD философия ғылымдарының докторы
С. Тоқболат − тарих ғылымдарының кандидаты
Е. 59 Еңсегенұлы Тоқболат.
«Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты (Академик В. В. Бартольдтің шығармашылық
жолы, азаматтық келбеті) ». Оқу құралы. Алматы: «Тоғанай Т». 2014. 92 бет.
ISBN
Ғалым болудың, ұстаз, азамат, шыншыл, адал, еңбекшіл, мейірімді, қарапайым, өмірге ғашық, артында тозбайтын мұра, өшпейтін із қалдырудың үлгісін академик В. В. Бартольдтан үйренуге, соған қарап бой түзеуге болады. Сонымен қоса, ол бізге ерекше қымбат тұлға, оған мәңгі қарыздармыз. Бұл ғұлама ешкім арнайы сөз қозғамаған Орта Азияны ежелден мекендеген түрік тектес халықтардың көне тарихын, мәдениетін, дінін, дәстүрін, рухани жазба мұраларын сала-сала бойынша зерттеп, артында аса құнды дүниелер қалдырды. Академик В. В. Бартольд әлемінің терең қыр-сырын, ашылмаған құпиясын, ерекше дара келбетін осы еңбекті оқып, танысуына болады.
УДК 821. 512. 122. 0
ББК 83. 3 (5 Қаз)
©Еңсегенұлы Т., 2014
© «Тоғанай Т», 2014
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын . . .
Абай Құнанбайұлы
АЛҒЫ СӨЗ
Тұран, Түркістан, Орта Азия десе аяулы әке мен анаңды сағынғандай, жапырақ-жүрек елжіреп кетеді, оған қоса, дүниенің үштен біріндей көрінген шетсіз де шексіз кең көсілген даланы жаудан қорғаған көне түрік бабалардың айбынды келбеті, қайсар мінезі, олардың дұшпанын айқайлай қуғандағы ат дүбірі естіледі. Қазіргі Орта Азия - аталарымыз ежелден құтты мекен еткен, түрік елі жайлаған жер. Соған сәйкес, осы ұлан-ғайыр аймақтың ертедегі тарихын, мәдениетін, жазуын, дәстүр-салтын, көшпелі тұрмысын тұтастыра зерттеп, тозбастай мұра жасаған академик В. В. Бартольд Орта Азияны - «Түркістан» деп атап, жазған еңбектерінде солай қолданыпты, шындығында солай ғой.
Көне түркілер бағзы заманнан жайлаған Орта Азия бар құпиясын ішіне бүгіп, қатқақсыраған кәрі құрлық болса, оның ұзақ-ұзақ тарихы да арнайы зерттеуді шөліркей тілеп тұр. Біз бабалар тарихын зерттеуге келгенде қолы шолақ баладай кібіртіктеп қаламыз. Басқасын айтпағанда, әлге дейін өзіміздің де, түрік тектес халықтардың да рухани байлықтарын тұтастай, тиянақты етіп жасағанымыз жоқ. Сол маңызды істі біліктілікпен қолға алып жасасақ, алға озып, абырой артып, келешек ұрпақ алдында ұялмас едік қой.
Осы еңбекті жазудағы мақсат - академик В. В. Бартольдтің түрік елін, оның жайлаған жерін, тарихын, мәдениетін, дәстүр-салтын, дінін, көшпелі тұрмысын, көне жазба мұраларын сала-сала бойынша зерттеп жасаған құнды еңбектерінің сыр-сипатын ашып, оқырманға ұсыну көзделді.
Академик В. В. Бартольд көне түріктер мекендеген Орта Азияның моңғол шапқыншылығына дейінгі, моңғол шапқыншылығы тұсындағы және одан кейінгі тарихын жалғастыра зерттеп, әлем шығыстанушыларын өзіне жалт қаратқызған, мәңгі тозбайтын монографиялық еңбек жасады. Осы көне тарихымыздың үлкен дәуірін қозғаған еңбекке мүмкіндігінше кеңірек талдау жасап, бүгінгі ұрпаққа жеткізу басты мақсаттың бірі. Соған сәйкес, бұл жұмысымыз бағзы заманғы бабаларымыздың белгісіз тарихын білуге жол ашатын қажетті зерттеу жұмыс болары анық.
Бұл ғалымның «ХІІ ғасырға дейінгі Орта Азия», «Қарақытай және Хорезмшах», «Шыңғысхан және моңғолдар», «Түркістан моңғолдар билігінде», «Саманид тұсындағы Түркістан және араб шапқыншылығы», «Түрікмен халқы тарихының очеркі», «Салжұқ империясы құрылғанға дейінгі оғыздар (түрікмендер) », «Ирандықтар және түріктер» өзге де маңызды еңбектерін бүгінгі оқырманға таныстыру да алға қойылған талаптың негізгісі.
Сондай-ақ, В. В. Бартольдтің «Түркістан мәдениетінің тарихы» атты әйгілі еңбегінде түріктердің моңғол дәуіріне дейінгі, түріктердің ислам дәуірі кезіндегі тарихы, тұрғын халықтың тұрмыс-салты, ислам дінін енгізу жолдары шынайылықпен көрсетіледі. Осы аталған тың тақырыпқа жазылған еңбектер көне түріктердің әлі сыры ашылмаған тарихын, мәдениетін, дәстүрін тереңірек білуге, арнайы еңбек етіп жазуға жол ашатын таптырмас құрал, бұл мәселе де назарда ұсталады.
Атақты ғалымның өскен ортасы, білімге құштарлығы, көздеген мақсатқа жетудегі еңбекшілдігі, оның ғылыми зерттеу жұмысындағы өзіндік ерекшелігі, В. В. Бартольдтің шыншылдығы, жалғандықты білмейтін азаматтық келбеті және ұстаздық қабілеті, шәкірт тәрбиелеудегі ұстанымы, студент алдында дәріс оқуда қолданатын ұтқырлық тәсілдері бәріміз үшін аса қажет үлгі. Сондықтан бұл еңбекте осы мәселелердің сырын ашып көрсету маңызды мақсаттардың қатарына жатады.
Осы нысана етілген мақсаттарды жүзеге асыруда әуелі әлемге танылған академик В. В. Бартольдтің өмір жолына қысқаша шолу жасалынады. Болашақ ғалым жетінші сыныпта оқып жүріп-ақ моңғол тарихы жөнінде конспект жазыпты. Ол 1887 жылы Петербург университетінің шығыс тілдері факультетіне түскеннен кейін, өзінің ғылымға құштарлығын байқатып «Орта Азиядағы христиандық туралы» деген шығармасы үшін факультеттің күміс медалына ие болған. Сол университетті бітірер кезде көне түркілердің әйгілі «Қорқыт ата кітабының» Дрездендік нұсқасын тауып алып, соның төрт бөлігін аударып, қалған 12 жырды түгел көшіріп алады. Кейін сол даналық шығарманы тұңғыш рет түгел аударып шығып, Қорқыт даңқын дүниеге таратты.
Оның студент кезінде-ақ сондай зор қабілетімен көрінуінің себебі неде? Оған ең бірінші отбасының тәрбиесі әсер еткен болар. Себебі, әкесі баласының бойындағы ғылымға деген ынталықты байқап, қолдау білдірген. Екіншіден, В. В. Бартольд университетке түсісімен сондағы атақты ғалымдар Н. И. Веселовский, В. А. Жуковский, В. Р. Розендердің көзіне түсіп, солардың қамқорлығына ілікті. Мына аталған ғалым-тәлімгерлерінің ақыл-кеңесімен «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» деген тақырыпта зерттеу жасап, сол еңбегімен магистр, ғылым докторы дәрежесіне ие болды.
В. В. Бартольд осы диссертациясында Орта Азияны мекендеген халықтардың тарихын және моңғол шапқыншылығын тереңдете зерттеп, бұрын арнайы сөз болмаған Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениетін, дәстүр-салтын, сол аймақтың географиялық құрылысын, күнкөріс кәсібін, хандар мен сұлтандар арасындағы билік үшін таластың құпия сырларын нақты деректерге сүйене отырып ашып берді. Зерттеушінің бұл еңбегінің құндылығы сонша, сол диссертация негізінде жазылған жұмыс сол тұста бірнеше тілдерге аударылды. Ресейдің ғылым орталығы аталған еңбектің 25 жылдығын атап өтті. Мына біз жазған еңбекте В. В. Бартольдтің «Моңғол шапқыншылығы дәуірінденгі Түркістан» атты еңбекті жазудағы мақсат, оны көтермелеп дәріптеудегі ішкі есеп түгел айқын көрсетіліп, талдау жасалынды.
Бұл ғалымның даңқын дүниеге таратқан екінші құнды дүние - түркілердің әйгілі «Қорқыт ата кітабы». Жоғарыда білдіргендей, осы даналық мұра В. В. Бартольдтің тұтастай алып аударуымен жалпақ дүниеге жайылды. Әрине, бұл ғалымға дейін «Қорқыт ата кітабын» тұңғыш рет 1815 жылы неміс ориенталисі Г. Ф. Диц бұл эпостың бір тарауына аударма жасаған болатын. Осы зерттеуші Константинополда елші болып жүргенде баба мұрасының мәтінін сол қалада жария етеді. Біз В. В. Бартольдтің «Қорқыт ата кітабын» тауып, аударып, зерттеудегі ұшан-теңіз еңбегіне кеңірек тоқталып, лайықты бағасын бердік. Шын мәнінде, оның Қорқыт жайлы аңыздарға талдау жасауы, «Қорқыт» және «Қорқыт туралы тағы мәлімет» атты зерттеу мақалалары сол мұраның қыр-сырын шынайылықпен тануға зор ықпал етті. Біз жазған жұмыста В. В. Бартольд зерттеуін басшылыққа ала отырып «Қорқыт ата кітабына» және дана баба жайлы аңыз әңгімелерге тереңдете талдау жасауға бардық, бұл біздің парызымыз.
В. В. Бартольд университетті бітіргеннен кейін 1893-1894 жылдары Орта Азияға алғашқы сапарын бастайды. Ол әуелгі кездері археологиялық жұмыстармен де айналысады. Оның ежелгі Самархан, Афиясаб шаһарларына зерттеу жасауы соған дәлел болады. Сол сапарында ол қазақ елінің бірнеше аймағында болады. Бұған оның «Шымкенттен Әулиеатаға дейін», «Талас жағасы», «Таластан Шу және Шу даласына сапар», «Іле өлкесі», «Бибі ханым мешіті» деген еңбектері негіз. Бұл зерттеулерінде ол көне мәдени ескерткіштер жайлы сөз қозғайды.
Оның «Орта Азиядағы түрік халықтарының тарихы жайлы он екі лекция» деген зәру мәселелерді қозғаған он екі бөлімнен тұратын еңбектері В. В. Бартольдтің артында қалдырған мәңгі жасайтын құнды мұраларының қатарына жатады. Бұл ғалым 1892 жылдан өмірінің соңына дейін 350-ге жуық зерттеу мақала жариялапты. В. В. Бартольдтің «Ұлықбек және оның дәуірі» деген монографиясының өзі арнайы сөз етуді тілеп тұр. Дара тұлғаның әр салада жазған зерттеу еңбектерін және ірі ғалымдардың шығарған кітаптарына арналған рецензияларын санап шығудың өзі оңай емес. Осы академиктің жазған зерттеу жұмыстарын арнайы талдап, сөз етуде бір-екі адамның шамасы жетпейді. Бұл бастама алда әрі қарай жалғасын табады.
Қысқасы, академик В. В. Бартольд ұлы Абай айтқандай, Адам деген атқа лайық өмір сүру үшін табиғат сыйлаған зор қабілетпен тынымсыз еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүріп, артында тозбас мұра қалдырды.
1. ҒЫЛЫМНЫҢ ТЕРЕҢІНЕН ІНЖУ ТЕРГЕН
1. 1. В. В. Бартольдтің ой-өрісінің қалыптасуына орта ықпалы
Өтпелі уақыт өктемділігіне мұқалмайтын, заман таңдамайтын, ешқашан тозбайтын мәңгілік мұралар оңайлықпен жасалмайды. Ондай дүниелерді өмірге әкелген адамдар терең ойдың шексіз азабына, бейнеттің таусылмайтын тозағына шыдап жүріп, барша жұртқа тіршілікте кәдесіне жарайтын, жанына қуат беретін, зердесін ашатын асыл қазына сыйлайды. Ертеректе әкеміз «Құс көп, бірақ қыран аз» дейтін. Сондай-ақ, тегі мықты, табиғат дара жаратқан кісілер аяғының астына үңіліп, қарнын сипап масаттанбайды, алыс-алысқа қарап, дүниедегі тіршілік тынысын ақылға салып таразылап, адамзаттың тағдырына жан ашырлықпен қарап, толғанысқа түседі. Осындайда Қытай кемеңгері, Дао философиясын жасаған Лао-Цзының: «Аса ізгі адам суға ұқсайды. Су күллі жанға пайда келтіреді және (олармен) күреске түспейді», -деген сөзі еске түседі (1, 90-б. ) .
Әлгіндей, әлемге танылған азаматтардың ішінде, өзімше, біздің жанымызға жақындау тұтатын үш шығыстанушы ғұламаны айрықша атауға болады. Олар әйгілі ғалымдар: Л. Н. Гумилев пен В. Томсен және академик В. В. Бартольд. Қысқа мәлімет білдірсек, Вильгельм Людвиг Петер Томсен Орхон, Енисей, Талас бойындағы шамамен 500-ден астам биік қабырға тастарға түсірілген руна жазуын қалай оқудың құпиясын тұңғыш рет ашып беріп, бұл тасқа түсірілген алфавит көне түркі руна жазуы екенін бүкіл әлемге жария етті. Осы дүниені таңдандырған ғылыми жаңалық жайлы академик В. В. Бартольд: «25 ноября 1893 г. «в самый тревожный день своей мирной жизни», как говорит Брондаль», -деп жазды (2, 757-б. ) . Осылай, В. Томсен Батыс Еуропа ғалымдары О. Шпенглер, Н. Даниловский және А. Тойнбилердің Орта Азия халықтары варварлық сатыдан шыға алмады, көшпелілер «адамзаттың арамтамағы» (Виолле ле-Дюк) » деген сәуегейлік болжамдарын жоққа шығарды (3, 5-б. ) .
Сондай-ақ, Дания ғалымы В. Томсен Батыс Еуропа саяхатшылары А. Фон Лекок пен негізі мажарстандық Аурел Стейн Турфан аймағынан көне түркі руна алфавитімен қағазға түсірілген оншақты парақ қолжазбалар мен 65 жырдан құралған «Ырық бітіг» атты өлеңдер жинағын тауып В. Томсенге өтініш жасап жіберген еді. Ол сол мол жазбалар мен жыр жинағы түркі мұрасы екенін айғақтап, алғашқы болып аударма жасап, жария етті. Бұл еңбегі үшін оған біздің жерімізде арнайы тас мүсін орнатса артық болмас еді. Шын мәнінде, түркілердің төл жазуы, әдебиеті, мәдениеті ежелден қалыптасқандығын дәлелдеп, рухымызды көтеруге үлес қосқан Вильгельм Томсен ой, санамда өзіммен бірге жасап келеді.
Кезінде даңқы жер жарған екі алыптың (Н. Гумилев пен А. Ахматова) баласы Лев Гумилев Еуразия құрлығын мекендеп көне түріктердің ең алғаш тайпа болып қалыптасып, түркі қағанатын-империясын орнату аралығындағы, яғни ежелгі Скиф-сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы тайпаларының бірігіп күшейіп, мемлекет болғанын тұтас қамтып, ислам діні орнағанға дейінгі ұзақ кезеңді түгел қамтып зерттеп берді. Мұндай бірнеше монографиялық жұмыстан тұратын, түркі дүниесінің айбынды болмысын танытатын, бабалардан қалған ұлттық мұрамызды айғақтайтын құны зор еңбектерді жазған Л. Н. Гумилев алдында да қарыздармыз.
Ал академик В. В. Бартольд өзіне дейін әр бағытта мақалалар ғана жазылып, арнайы зерттелінбеген, түркілер ежелден мекендеген. Орта Азияны Моңғол шапқыншылығына дейін, Моңғол шапқыншылығы тұсында және Моңғол шапқыншылығынан кейін деп әр кезеңді жеке-жеке алып, жұмбақ сырын ғылыми негізде ашып, әсте тозбайтын құнды еңбек жасап, біздің бабаларымыздың ғасырлар бойы жасаған тарихын, мәдениетін, дінін, әдебиетін алдымызға жайып салды. Бұған оның шығармаларын құрастырып, алғы сөз жазған редакция алқасының: «В мировой науке трудно найти другого такого ученого, который сделал бы так много для изучения одной страны, по существу создав ее историю, для чего обычно требовалась работа ряда поколении исследователей», -деген тұжырымы дәлел бола алады (4, 6-б. ) .
Жанымызға жақын тартқан сол үш тұлғаның әрқайсысы жөнінде алда көлемді жұмыстар жазылады. Соған орай, әуелі академик Василий Владимирович Бартольд жайлы ойды әрі қарай жалғастырайық.
Бұл ғалымның артында қалдырған мол мұрасын парақтап шыққаннан кейін көз алдыңа табиғат ерекше дарынды етіп жаратқан, сирек кездесетін аса ірі ғалым елестейді. Басқасын ескермегенде, В. В. Бартольдтің ғылым жолына түсуі халық ертегісіндегі адамды таңғалдыратын ғажайып кейіпкерлерге ұқсаңқырайды. Мысалға, ол жетінші сыныпта оқып жүріп моңғол халқының тарихын зерттеумен айналысады. Оған Б. В. Луниннің «В личном архиве В. В. Бартольда (в 1886 г- «ученика ҮІІ класса гимназии конспект по истории монголов. Этот факт подверждается указанием С. Ф. Ольденбурга, что Бартольд «готовил себя к научной работе со школьной скамьи», -деп жазғаны дәлел (5, 9-б. ) .
Ал В. В. Бартольд шығармалары жинақталған еңбекте: «Уже в университете В. В. Бартольд был удостоен факультетом серебряной медали за сочинение «О христианстве в Средней Азии», -деп мәлімдеген (4, 15-б. ) . Тағы бір таңқаларлығы «В. В. Бартольд студент кезінде «Қорқыт ата кітабындағы» 1, 2, 3, 5 бөлімдердегі жыр-баянды қара сөзбен аударып, жария етеді» (6, 475-б. ) .
Мұнан да бетер ерекшелігі - В. В. Бартольд университетті бітірісімен тұңғыш рет «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» деген тақырыпта зерттеу жасап, осы аса құнды еңбегімен әлем ғалымдарын таңдандырды. Бұл пікірімізді И. Петрушевскийдің: «Классический труд великого русского и советского историка-медиевиста В. В. Бартольда «Туркестан в эпоху монгольского нашествия» бесспорно является ценнейшим вкладом в историографию восточного средневековья», -деген тұжырымы нақтылай түседі (4, 23-б. ) . Айта берсе оның осындай таңданарлық ғылыми жетістіктері жетерлік.
Ойлап қараса, «Тау тауды көреді, төменгі нені көреді» дегендей, академик В. В. Бартольд әп дегеннен түркілердің әйгілі эпостық шығармасы «Қорқыт ата кітабы» мен Орта Азияны мекендеген түркілердің орта ғасырлық тарихын тұтастай алып зерттеп құнды еңбек жария етіп еді, ер түріктердің даналық мұрасы мен сыры ашылмаған ғажап тарихы В. В. Бартольдтің даңқын дүниеге таратып жіберді. Ендеше оның алысты болжап, тереңнен қозғап, ой түйетін алғыр қабілетінің сырын ұғу үшін В. В. Бартольдтің өмір жолына, тәлім, білім, тәрбие алған ортасына зер салу қажет-ақ. Әуелгі сөз бұл ғалымның отбасы, бозбала шағы, студенттік кездегі өмірге көзқарасы төңірегінде болады.
Василий Владимирович Бартольд 3 (15) желтоқсан 1869 жылы С. -Петербург қаласында аса ауқатты, ақсүйек отбасында дүниеге келген. Бұл тәрбиелі, баршылық тұрмыс жас жігіттің аумалы-төкпелі заман кезінде де қысылмай өмір сүріп, қалаған мақсатына еркін ұмтылуына кең жол ашты. Осы ойымызды В. В. Бартольдтің көп томдық шығармалар жинағын құрастырушылар алқасының мүшесі И. Петрушевскийдің: « . . . в семье обрусевших немцов; предки отца пройсходили из Прибалтики; прадед матери, лютеранский пастор, переселился в Россию из Гамбурга; отец В. В. Бартольда был биржевым маклером», -деп білдірген сөзі бекемдей түседі (4, 14-б. ) . Мына мәліметке қарап, заманына қарай, отбасына орай жас ұрпақ қалыптасатынын білуге болады.
Мұндайда бізге ілгері дамыған елдің ежелгі іргесіне де үңіле қарау керек сияқты. Бұлай айтуымызға тағы да сол еңбектегі: «Но в детские к юношеские годы материальный достаток семьй дал возможность В. В. Бартольду получить разностороннее гуманитарные образование, в частности хорошо изучать древние классические и основные западноевропейские языки, а затем избрать для себя специальность, к которой его влекло со школьной семьи, -историю», -деген дерек итермеледі.
Ал біздің қандас ағайындардың бірталайы баласы жалпы білім беретін мектепті бітіргеннен кейін де қатардан қалмас үшін қабілеті болмаса да жоғары оқу орнына әупіріммен түсіреді, мақтангершілік емес пе бұл? Жоғарыда білдіргендей, В. В. Бартольд 7-сыныпта оқып жүріп Моңғол тарихынан конспекті жасап қойған ғой. Демек, В. В. Бартольдтің болашақ мақсаты оның балауса шағында толық айқындалған. Біз ше?
Қандас ағайындарымыздың көбіне той тойлау емес, ой ойлауы қажет сияқты. Сонда ғана тарихымыз, мәдениетіміз, ғылымымыз жоғалмай, кең байлықты өзіміз игереміз. Олай болса, В. В. Бартольдтің өмір жолын үлгі тұтуға жарайды екен. Ақиқатында, әрбір ұрпақтың өзіндік мінезі, өзіндік бейімділігі болады, табиғат солай жаратады. Оны қалай табады? Бәрімізге сөзден - іске көшу керек.
Осы орайда сол ғалымның әлемге танылуының алғашқы нышанын тапқан сияқтымыз. Ата-анасы және мектеп бұл баланы қабілетіне қарай бағыт-бағдар бергені байқалып тұр.
Расында солай жасалған. В. В. Бартольдтің бойындағы ерекшелік, жақсы қасиетттерді оның отбасы дәл тауып, қолдау білдірген. Бұған Б. В. Луниннің: «Из воспоминаний Бартольда явствует, что его интерес к истории находил поддержку в кругу семьи. Отец «заметив во мне по первым детским наивным опытом некоторый талант историка, он вполне поддерживая мои стремления и говорил мне, что маловыгодное в материальном отношении поприще ученого дает нравственное удовлетворение, вполне заменяющее материальные выгоды». В связи с этим понятно и закономерное желание Бартольда получить высшее историческое образование», -деген пікірі толық дәлел (5, 10-б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz