Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым



І.Кіріспе

1.1. Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым ... ... ... ... ... ... 4.8
1.2. Алғашқы медициналық көмектің міндеттері және түрлері ... ... ... ...9

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қан кету түрлері. Алғашқы көмек беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.16
2.2. Таңғыш және таңу туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.19
2.3. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек ... ... .. 20.23
2.4. Қолайсыз жағдайға душар болғанда алғашқы көмек беру ... ... ... ..24.25

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Жедел медициналық көмек берудің мәні зор. Бақытсыздық жағдайда және жедел ауруларға алғашқы мерзімде медициналық көмек беру зардап шегушінің өмірін сақтап қалудың шешуші факторы болып табылады және аурудың созылуына, зардап шегушінің уақытша жұмысқа жарамсыздығына және мүгедектігіне әсер етеді.
Бүкіл жер бетінде оның ішінде Республикамызда жыл өткен сайын адамның өмір сүру ортасының жағдайы қиындап осы мәселелер көрделеніп келеді. Апаттар көбейді, адамдар өміріне тікелей қауып төндіретін қылмыстар азаймай отыр. Жер шарында сол сияқты Республикамызда да экология нашарлады. Адамдардың жарақат алуы көбейіп келеді, жыл сайын жүздеген адамдар қаза болып мыңдағаны жарақат алып мүгедек болып жатыр. Міне осы қиын жағдайлардың салдарын адамзат өздері ақ азайтуына болады. Ол үшін сақтық жене өмір тіршілігінің қауыпсіздігінің ережелері мен нормаларын күнделікті орындау керек. Адам шығын болып жататынының бір себебі олардың алған жарақаттарының ауырлығы емес, дер кезінде және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете білмеуінде де болып тұр. Бүгінде адамдар қауыпты қиын жағдайларға көптеп ұшырайды немесе жағдайлардың куәгері болып жатады. Мұндай жағдайда тек жедел көмек көрсетелі білу ғана қиындықтан шығуға көмектеседі.
1. Г.Ильясова. Медицина ілімінің негіздері. Түркістан. 2008 ж.
2. Х.Ә. Нұрлақұлы, Қ.Б.Исабекова. Тіршілік қауіпсіздігі. Түркістан 2004 ж.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы.2004 ж.
4. З.А.Талқанбаев. Өмір қауіпсіздігін сақтау. Түркістан. 2004 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе

1.1. Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым ... ... ... ... ... ... 4-
8
1.2. Алғашқы медициналық көмектің міндеттері және түрлері ... ... ... ...9

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қан кету түрлері. Алғашқы көмек
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-16
2.2. Таңғыш және таңу туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-19
2.3. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек ... ... .. 20-23
2.4. Қолайсыз жағдайға душар болғанда алғашқы көмек беру ... ... ... ..24-25

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26

ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27

КІРІСПЕ

Халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу
бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және
биологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами
беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары
дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету
біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Жедел медициналық көмек берудің мәні зор. Бақытсыздық жағдайда және жедел
ауруларға алғашқы мерзімде медициналық көмек беру зардап шегушінің өмірін
сақтап қалудың шешуші факторы болып табылады және аурудың созылуына, зардап
шегушінің уақытша жұмысқа жарамсыздығына және мүгедектігіне әсер етеді.
Бүкіл жер бетінде оның ішінде Республикамызда жыл өткен сайын адамның
өмір сүру ортасының жағдайы қиындап осы мәселелер көрделеніп келеді.
Апаттар көбейді, адамдар өміріне тікелей қауып төндіретін қылмыстар азаймай
отыр. Жер шарында сол сияқты Республикамызда да экология нашарлады.
Адамдардың жарақат алуы көбейіп келеді, жыл сайын жүздеген адамдар қаза
болып мыңдағаны жарақат алып мүгедек болып жатыр. Міне осы қиын
жағдайлардың салдарын адамзат өздері ақ азайтуына болады. Ол үшін сақтық
жене өмір тіршілігінің қауыпсіздігінің ережелері мен нормаларын күнделікті
орындау керек. Адам шығын болып жататынының бір себебі олардың алған
жарақаттарының ауырлығы емес, дер кезінде және алғашқы дәрігерлік көмекті
көрсете білмеуінде де болып тұр. Бүгінде адамдар қауыпты қиын жағдайларға
көптеп ұшырайды немесе жағдайлардың куәгері болып жатады. Мұндай жағдайда
тек жедел көмек көрсетелі білу ғана қиындықтан шығуға көмектеседі.

1.1. Алғашқы медициналық көмек туралы ұғым
Алғашқы медициналық көмек - бұл ауырған немесе зардап шеккен адамға
сол жерде және емдік мекемеге тасымалдау кезінде жүргізілетін жедел
медициналық шаралар жиынтығы.
Алғашқы медициналык, көмектің міндеті — жарақат алған адамның өмірін
сақтап қалуға және аурудың асқыну мүмкіншілігін азайтып, жеңіл өтуіне
мүмкіндік жасау.
Алғашқы медициналық көмек оны көрсеткен адамына қарай келесі түрлерге
бөлінеді:
1. Алғашқы медициналық көмек. Оны ешқандай медициналық білімі
жоқ, керекті дәрі-дәрмегі жоқ кез келген адам жасай алады. Көбінесе ол
өзіне-өзі жәрдемдесу және өзара көмек беру түрінде
көрсетіледі.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек. Оны алғашқы көмек беру бойынша
дайындықтан өткен орта білімді медицина қызметкерлері жүргізеді.
Оларға мейірбике, фельдшер, лаборант, тіс технигі жатады.
3. Алғашқы дәрігерлік медициналық көмек. Оны керекті құрал-
жабдығы, дәрі-дәрмегі бар маман дәрігер жүргізеді.
Алғашқы медициналық, көмек негізгі үш шаралардан тұрады:
1.Тез арада сыртқы зақымдаушы факторлардың (электр тогы, жоғары
және төменгі температура, ауыр затпен қысылу) әсерін тоқтату және зардап
шегушіні қолайсыз жағдайдан (судан, өрт болған жерден және улы газдар
жиналған бөлмеден) алып шығу;
2. Жарақаттың немесе аурудың түріне қарай алғашқы медициналық көмек беру.
Мысалы, қанның ағуын уақытша тоқтату, жараға таңғыш байлау, қолдан дем
беру, жүрекке жабық массаж жасау, улы заттарға қарсы дәрі беру, ауруды
басатын дәрі беру, сүйек сынғанда шендеуіш қою;
3. Тез арада медициналық мекемеге жеткізу;
Ауруды немесе зардап шегушіні тез тасымалдаумен қатар, дұрыс тасымалдау
керек, яғни аурудың сипаты мен жарақаттың түріне сәйкес зардап шегушіні
қауіпсіз жағдайда тасымалдау керек. Мысалы, ес-түссіз жағдайда немесе құсу
кезінде ауруды бір жағына қарай жатқызып, тасымалдайды.
Алғашқы медициналық көмектің маңыздылығы. Алғашқы медициналық көмек
неғұрлым тез көрсетілсе зардап шегушінің одан кейінгі жағдайына, өмірін
сақтап қалуына шешуші әсер етуі мүмкін. Егер өз уақытында көрсетілмесе,
онда жарақаттар, аурулар асқынуы мүмкін немесе өлімге соқтыруы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуге қолданылатын әдістердің әрқайсысы
ұқыптылықпен және ойланып жасалуы керек. Егер алғашқы көмекті бірнеше адам
жүргізетін болса, онда біреуі басшылық жасап, қалғандары әдістерді бөліп
алуы керек. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде сол жерде әрбір
тәсілдің орындалу жүйесін анықтап алу керек. Ең алдымен зардап шегушінің
өміріне қауіп төндіретін, зақымданған жерге көмек беру керек: егер ортан
жілік сынып, артериядан қан кетіп жатса, ең бірінші оның өміріне қауіп
төндіретін қан кетуді тоқтату керек. Содан кейін барып аяқ-қолдарға
шендеуіш қойылады. Алғашқы көмек көрсету кезінде қолда бар құралдар және
тізім бойынша қолданылатын кұралдар пайдаланылады:
- таңу материалдары: бинт, медициналық таңу пакеті, арнайы
салфеткалар, мақта;
- қан кетуде қолданылатын таспалы және түтікті қан тоқтататын жгуттар;
- сүйек сынғанда аяқ-қолды қимылдатпайтын фанерлі торлы сымды
шендеуіштер;
- антисептикалық заттар: йод, жасыл бриллиант ерітіндісі, тотыққан
сутегі, калий пермаганаты;
- әртүрлі жүрек қызметін жақсартатын дәрілер: валидол, мүсәтір спирті;
- ауруды басатын дәрілер: анальган, димедрол, промедол;
- шокқа қарсы дәрілер: кордиамин, атропин, строфантин, адреналин;

- артериялық қысымды басатын дәрілер: дибазол, папаверин.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде қолда бар құралдар ретінде
таңғыштардың орнына басқа матаны қолдануға болады. Ал жгуттың орнына
ширатылған мата, белбеу қолданылады. Шендеуіштердің орнына қатты картон
қағаз, тақтай, таяқ, кейде темір қолданылады.
Біздің елімізде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы
медициналық мекемелер — жедел көмек беру станциялары және жедел көмек беру
пункттері құрылған. Жедел көмек беру станцияларының жұмысы күрделі. Олар
жарақат алғанда және жеңіл ауруларда алғашқы көмек көрсетуге міндетті,
жедел көмек керек болса, ауруханаға жеткізеді, босанатын әйелдерді босану
үйіне жеткізеді.
Жедел медициналық көмек беру станцияларының құрылымдық
негізгі бірлігі - жылжымалы бригада.
Алғашқы медициналық көмектің мақсаты: Жедел көмек беретін медицина
қызметкерлері ерекше жағдайда жұмыс жасайды. Бақытсыздық жағдай,
жарақат және жедел аурулар көбінесе әр түрлі жағдайларда: көшеде,
өндірісте, транспортта, қоғамдық мекемелерде және тұрғын үйлерде пайда
болады. Осындай көбінесе қиын жағдайларда жедел медициналық көмек беретін
дәрігерлер мен фельдшерлер қысқа уақыттың ішінде жарақат пен аурудың
дәрежесіне байланысты жедел көмек көрсетумен қатар диагностика сұрақтарын
шешеді. Олардың біліміне, іскерлігіне және шешім қабылдауына аурудың өмірі,
аурулар мен жарақаттың салдары байланысты.
Жедел медициналық көмек берудің жиілігі халықтың арасында жүрек-қан
тамырлар аурулары, жарақат және 1 жасқа дейінгі балаларда кездесетін жедел
аурулар бойынша қаралу көптігіне байланысты. Жедел медициналық көмек
берудің мәні зор. Бақытсыздық жағдайда жене жедел ауруларға алғашқы
мерзімде медициналық көмек беру аурудың немесе зардап шегушінің өмірін
сақтап қалудың шешуші факторы болып табылады және аурудың созылуына,
уақытша жұмысқа жарамсыздығына және мүгедектігіне әсер етеді.
Жедел медициналық көмек беру қызметінің басты жұмысы — медицина
қызметкерінің шақырылған жерге өз уақытында келуі, диагностика мен емдік
көмектің жоғары сапалылығы.
Жедел медициналық көмек беру станцияларында арнайы бригадалар бар, олар
ауруды стационарға тасымалдайды. Олар емхана, медициналық-санитарлық
бөлімшелерден, пункттерден сол емдік мекемеге қарасты ауруларға олардың
шақыруымен шығады.
Жедел көмек беру станциялары жеке емдік-профилактикалық мекемелер
ретінде де, арнайы мамандырылған аурухана құрамында да құрыла береді.
Ауылдық жерде жедел көмек көрсету орталық аудандық ауруханаларда
құрылады. Жедел көмек беру бөлімшесі немесе жеке станция түрінде құрылады.
Басқа елді мекендерден түскен шақыруларға қызмет көрсетуді учаскелік
ауруханаларда құрылған жедел көмек беруді кіші станцияларға жүктейді. Бұл
кіші станциялар қызмет көрсету радиусы 25-50 км-ден асқан жағдайда
құрылады.
Бөлімшеде тәулік бойы кезекші дәрігер, ал станцияларда — аға дәрігер
отырады. Оларға диагностиканың күрделі сұрақтарын дұрыс шешу және жедел
көмек беру жүктеледі. Жедел көмек беру станциялары жылына түсетін шақырулар
санына қарай категорияларға бөлінеді.
Ауылдық жерде негізінен үшінші және төртінші категориялы станциялар
жұмыс жасауы керек. Олар осыған сай жылына 25 мыңнан 50 мыңға дейін және 10
мыңнан 25 мыңға дейінгі шақыруларға қызмет көрсетеді. Ірі аудан
орталықтарында (100-200 мың халқы бар) бірінші және екінші категориялы
станция жұмыс жасайды. Олар жылына 75 мыңнан 100 мыңға дейін жене 50 мыңнан
75 мыңға дейін шақыруларға қызмет көрсетеді. 10000 халыққа норматив бойынша
1 көлік қызмет көрсетуге бөлінеді.
Жедел көмек беру станциясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары:
- Жедел көмек берумен халықтың толық қамтамасыз етілуі;
- Жұмыстың шапшаңдығы және медициналық көмектің барлық түрлерін
көрсету;
- Медицина персоналының жоғары дәрежелілігі және көмек беру көлемі;
- Медициналық мекемелерге тасымалдауды қамтамасыз ету;

Жедел көмек беру станцияларының негізгі құрылымдық бөлімшелері:
1. Оперативті бөлім: халықтан шақыруларды жинауды қамтамасыз етеді және
жедел медициналық көмек беру бригадасын және санитарлық тасымалдауды
басқарады;
Админстрациялық-шаруашылық бөлімше;
Медициналық статистика бөлімі;
Дәріхана;
Анықтама бюросы.
Жылжымалы бригадалардың құрамы және белгіленуі:
6. Жедел көмек беру бригадасы - дәрігер, фельдшер, санитар, жүргізуші;
Жедел көмек беру бригадасы - дәрігер, жүргізуші;
8. Санитарлық тасымалдау бригадасы - фельдшер, санитар, жүргізуші;
9. Босанатын әйелдерді және гинекологиялық ауруларды
санитарлық тасымалдау бригадасы - акушер, санитар, жүргізуші;
10. Интенсивті емдеу бригадасы - дәрігер, 2 фельдшер,
жүргізуші.

1.2. Алғашқы медициналық көмектің міндеті және түрлері
Алғашқы медициналық көмек ауырған және зардап шеккен адамға оқиға
болған жерже және тасымалдау кезінде жүргізілетін жедел медициналық
шаралар. Алғашқы медициналық көмек – көмек берген адамына байланысты келесі
түрлерге бөлінеді.
1. Алғашқы дірігерлік медициналық көмек, оның арнайы медициналық білімі
жоқ адам көрсете алады.

2. Алашқы дәрігерге дейінгі көмек, оны арнай ал,ашқы көмек беру бойынша
дайыдықтан өткен орта медициналық қызметкерлер көрсете алады
(акушер,мейірбике,лоборант және тіс технигі).

3. Жоғары дәрежелі алғашқы медициналық көмек,оны керекті құрал
жабдықтары, барлық дәрәләк заттары ьар дәрігер жүргізе алады.

4. Алғашқы медициналық көмектің маңыздылығы зардап шеккен адамға өз
уақытында көмек беру арқылы өмірін сақтап қалу және ауыр асқынулардан
сақтап қалу. Тез арада сыртқы зақымданушы факторлардың (элктр
тогы,жоғары және төменгі температура,ауыр затпен қысылу) әсерін
тоқтату және зардап шекен адамды қолайсыз жағдайдан тез арада алып
шығу.

5. Жарақаттың және аурудың түрі мен сипатына қарай алғашқы медициналық
көмек беру. Мысалы,қан кеткенде қан тоқтату және жгут қою. Аяқ қол
сынғанда қимылдатпайтын шиналар қою, тыныс алу және жүрек тоқтағанда
қолдан дем беру жүрекке жабық массаж жасау.

6. Егер, ішке қан кеткен жағдайда, қан кетуі мүмкін деген аймаққа мұз
салынған ыдыс басып, зақымданушыны дереу емдей мекемесіне жеткізу
керек.

7. Егер, жараланған адамды сақтап қалу үшін өз уақытында көмек берілмесе
онда оның соңы өліммен аяқталады.

8. Тез арада емдік мекемелерге жеткізу.

2.1. Қан кету. Түрлері. Алғашқы көмек беру.

Қан кету. Түрлері. Себептері
Қан кету- жара өте асқынып кеткен жағдайда адам өміріне аса қауіпті
құбылыс. Зақымдалған қантамырлардан қанның шығуы қан кету деп аталады.
Қанның қантамырлардан зақымдана салысымен дереу немесе біраз уақыттан соң
кешігіп барып та шығуы мүмкін.
Түрлері
Қантамырлардың зақымдану сипатына қарай қан күтудің артериялық,
веналық, капиллырлық. Паренхиматоздық түрлері болады.
Қан кету сырттай және іштей болып 2-ге бөлінеді. Қан сыртқа кеткенде
терідегі және көзге көрінбейтін кілегейлі қабықшадағы, қуыстағы жара арқылы
ағады. Ал асқазаннан және ішектен қан кеткенде бірнеше сағаттан кейін
сыртқа шығады. Іштей қан кету кезінде қан тканьдерге, мүшелерге, ішкі
қуыстарға қарай ағады. Сондықтан ол қан құйылу деп аталады. Ең қауіптісі
кеуде қуысына және құрсақ қуысына қарай ағуы. Қан тканьдерге құйылғанда
сіңіп, инфильтрат немесе қанталау деп аталатын кішкене ісік пайда болады.
Тканьдерге біркелкі сіңбей, жылжып аққан қан қуыстарға толып томпайады да,
олар гематома деп аталады. Қансырап, 1-2л қаннан айырылғанда, әсіресе, дене
бірнеше жерден жарақаттанғанда зақымдалған адамның өліп кетуі де мүмкін.
Себептері
1. Жарақат және жара.

2. Жүрек қан тамырлар аурулары (қан қысымының көтерілуі, венаның
варикоздық кеңейюі).

3. Қан аурулары (қанның өатерлі ісіктері, гемофилия – қан ұю
факторларының бұзылуы).

Гемофилия – адамдардың қаны ұйымайды. Бұл ауруды-гемофилия деп атайды.
Гемофилия ауруы ішектен туа пайда болады. Гемофилия ауруынан кейбір
адамдарда өте кішкентай жарақаттанудан көп қан кетіп, тез өліп қалу мүмкін.
Адам ағзасында қан қан таырлар арқылы оттегіні қоректік заттарды
ұлпаларға жеткізеді, көмір қышқыл газын алып шығады.
Қан тамырлары үш түрге бөлінеді.
1. Сала тамырлар немесе артериялар

2. Көк тамырлар немесе веналар

3. Қыл тамырлар немесе капиллярлар

1. Артериядан қан кету. Ол ең қауәптә, мұнда қан қатты екпінмен сыртқа
шығады. Ағза аз уақытта едәуір қанынан айырылады. Артериялық қан кету
белгілері – қан түсінің алқызыл болуы, қанның лақылдап, шапшып шығуы.
Егер өз уақытында көмек берілмесе, ауыр бірнеше минуттан кейін өлу
мүмкін.

2. Венадан қан кету. Ол жай екпінмен сыртқа шығады. Түсі қою күрең қызыл
болады. Қан толассыз және оның шапшып атқылауы байқалмайды. Қауіптісі
мойын тұсынан немесе өкпеден өан кетуі.

3. Капиллярлы қан кету. Тері, шел клеткасы және бұлшық еттердегі ұсақ
өан тамырлар бүлінгенде болады. Капиллярлық қан кету кезінде жараның
үсті түгелдей қан болады. Бұл қан кету өздігінен тоқтайды. Ішкі
мүшелер: бауыр, бүйрек, өкпе зақымданғанда паренхиматоздық қан кетеді.
(Бұл тіршілік үшін ғана қашан да қауіпті).

Уақытша қан тоқтату әдістері

Өмірге өте қауіпті артериялық қан сыртқа қарай кеткенде жгут немесе
бұрау салып,аяқ-қолды барынша бүгу,зақымдалған жерден жоғарыақ артерияны
саусақпен басу арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.Артериялық қан кету
кезінде қанды уақытша тоқтатудың ең қолайлы әдісі- артерияны саусақпен
басу.Артерияны сүйекке жақын немесе сүйек үстіне орналасқан қан тамыры бар
жерден басу қажет.Бастағы жарадан қан кеткен кезде құлақ қалқанының алдыңғы
жағынан самай артериясын бас бармақпен
Беттегі жарадан қан кеткен кезде төменгі жақсүйек артериясын бас бармақпен
шықшытқа қатты қысады.
Күре тамырды мойынның алдыңғы бетінен көмейдің бүйірінен омыртқаға
қарай басады. Соңынан бинт, салфетка немесе мақтаны зақымданған артерияға
тығыз етіп шиыршықытап салып, қатты қысып таңады.
Иық буыны аймағындағы, қардың иыққа тақау басындағы немесе қолтық
астындағы жарадан қан кеткен кездегі бұғана артериясын бұғана үсті
шұңқырындағы бір-қабырғаға қысады.
Жаңа қардың ортаңғы бөлімі немесе шынтаққа таю орналасса, иық
артериясын тоқпан жіліктің басына қысады, ол үш басбармақты иықтағы буынға
тіреп қалған саусақтарымен артерияны қысады.
Иық артиериясын қардың ішкі жағынан екі басты бұлшық ет тұсынан тоқпан
жілікке қарай қысады.
Қол басындағы артерия зақымданғанда басбармақ жағындағы білезік
сүйектерге садақ сүйек артериясын қысып ұстайды.
Сан артериясын шаптың маңынан қасаға сүйекке жұмырықпен қысады. Сан
артериясының ортаңғы және одан төменірек бөлімі зақымданғанда осылай
жасайды. Балтыр немесе аяқ маңына орналасқан жарадан артериялық қан
кеткенде қылта шұңқырындағы қылта артериясын басады.Ол үшін тізенің үстіне
басбармақты тіреп қалған саусақұтар мен артерияны сүйекке қысып ұстайды.
Аяқ басынан қан кетсе, оның сүйектерінің үстіндегі артерияны батыра
басып, одан соң аяқ басын қатты қысып таңады, қан артериядан өте көп
кеткенде балтырға жгут салады.
Қан тамырын саусақпен басып көрген соң дереу жгут салады немесе бұрау
салып, жараны стирильді саңғышпен таңу керек. Қан тамырын саусақпен басу
едәуір күш-жігерді қажет етеді және оны күшті жақсы әзірлеген адам
жасағанның өзінде 15-20мин артық ұстап тұра алмайды. Сондықтанда тамырды
саусақпен бірден басып мүмкін болатын болса, күйдіргі немесе бұрауды жылдам
қою қажет.
Тамшылай аққан қанды тоқтату үшін кәдімгі тазартылатын таңғышты,
мүмкін болса қысатын таңғышты қою жеткілікті. Таңғышқа қан көбірек сіңсе,
қайтадан орау қажет.
Аяқ – қолды жазу және бүгу.
Иық артериясы жарақаттанған кезде қолды шынтақтан ішке қарай бүгіп
иықтың орасы мен білектің ортасына байлап бегітеді.
Сан артериялары жарақаттанған кезде санды ішке қарай бүгіп бел мен
санның ортасына байлап бегітеді. Балтыр артериясы жарақаттанған кезде
аяқты тізеден бүгіп сан мен балтырдың төменгі жағынан байлап бегітеді.
Жгут қою ережесі
1. Жгут тек қана артериялардан қан кеткен кезде аяқ – қолға ғана
қойылады. (Сан, балтыр,қолдың қары және білекке қан кеткен жерден
жоғарырақ жараға тақау). Жгут дегеніміз - ризиналы соңында бекітетін
шынжыры бар түтік. Гут орнына кез-келген ризиналық түтік белбеу,
ширатылған мата қолдануға болады.

2. Жгут қояр алдында тиеріні қысып алмайтындай етіп, денеге жүмсақ
материал қойылады. (Киімнің немесе бинттен жасалған жұмсақ төсемнің
үстінен байлайды).

3. Жгутты жазып басынан бастап алғашқы орнын қатты байлайды. Екіншісін
сәл босаңдау, үшіншісін бос қан тоқағанға дейін орап соның шыңжырымен
бекітеді. Жгут салғанда оның күні, сағаты, және минутын белгілеп
жазып, қағазды жақсы көрінетіндей етіп бұрау бағытына қарай жгутты
астына қыстырады.

4. Жгутты қатты байлауға болмайды. Себебі қысылған жердің ұлпалары өлуі
мүмкін немесе бос байлауға болмайды. Өйткені вена ғана қысылады да
артериядан қан көбірек кетеді.

5. Аяқ-қолдың бұраудан төменгі бөлігі ұйып қалмау үшін, жгут 1,5-2
сағатқа қойылаы. Егер тасымалдау уақыты 2 сағаттан асып кетсе жгутты
уақытша 10-15 мин босатады. Ол кезде қанды саусақпен басып тоқтадады.
Одан кейін жгутты бұрынғы орнынан жоғарғы жерге байлайды.

6. Жгут дұрыс қойылса, қанның ағуы тоқтайды. Қол – аяқ бозарады. Тамырдығ
соғуы тоқтайды. Қыста жгут салынған аяқ-қолды жылылап қамтау керек,
бірақ грелка қоюға болмайды. Зақымданушыға шприц – тюбиепен ауру
басқыш дәрі егеді. Келесі көшіру кезеңінде зақымданушыға ауру басқыш
дәрі егілгенін білу үшін пайдаланылған шприц-тюбикті киім кеудесіне
шаншып қойады.

Артериядағы қан кеткенде, жгут болмаған жағдайда бұрау
салу немесе аяқ-қолды барынша бүгіп, сол қалпында ұстау арқылы қанды
тоқтатуға болады.
Қанды жіп,ширатылған орамал, мата тілкемдерімен бұрап тоқтадады.
Жгут ретінде шалбар белбеуінде пайдалануға болады. Оны қазық бау шалып
байлап, қол аяққа кигізеді де қатты қсып тартады.
Сыртқы венадан және капиллядан қан кеткенде жараны стирилді таңғышпен
(жараға стирилды салфетка немесе 3-4 қабат бинтпен жауып, үстінен
гигроскопиялық мақта салып, бинтпен қысып байлайды). Уақытша тоқтатады және
дененің зақымданған жағын тұлғаан біраз көтеріңкі етіп қойады. Кейбір
жағдайда венадан және капилярдан кеткен қанды уақытша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы медициналық көмек беру
Қан тоқтату тәртібі
Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Жарақаттар туралы жалпы түсінік
Жедел медициналық көмек
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Дәлелді медицина туралы ұғым
Алғашқы медициналық көмек көрсету
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Пәндер