«Ағаш өңдеу өнері»


«Ағаш өңдеу өнері»
АҒАШ БҰЙЫМДАРЫ
Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.
Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін.
Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі - өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі - бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.
Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою
2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою
3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою
Геометриялық өрнекті ою кезінде оның қарапайым түрлерінен бастап, қолды жаттықтырады. Ол үшін тақтайдың бетіне алдын ала араларын 10 мм етіп, бірнеше көлденең және тігінен (шаршы немесе тіктөртбұрыш) сызықтар сызылады. Нәтижесінде шаршының немесе төртбұрыштың диагональ қиғаш сызықтарын сызып, оны үшбұрыштарға бөледі. Ойық өрнек кесетін үшкір пышақты тік ұстап, үшбұрыштың төбесінен пышақты батырыңқырап, оның табанына қарай жүргізіп, ағаш талшығын кеседі. Үшбұрыштың екінші қабырғасын да осы тәсілмен кеседі. Үшбұрыштың ортасын пышақтың ұшымен төбесіне қарай тереңдете батырып алып тастайды. Нәтижесінде үшбұрыштың төбесінде тереңдетілген көлбеу ойық шығады. Ойық үшбұрыштың төбесінің тақтай бетіне тереңдігі 1, 5-2 мм болады. Егер үшбұрыш ағаш талшығына көлденең немесе қиғаш келсе, онда пышақтың ұшымен тереңдете жұқалап екі-үш рет жаңқалай жона кесіп алады.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шидан қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік, бұрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да болады.
Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі, жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, еңді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, бірақ бояу сіңғіш, желім ұстағыш болады. әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан істейді. Күйменің, тарантастың өре ағаштарын әрі солқылдақ, әрі мықты болады деп үйенкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақтың жебесін, соқа мен арбаның оқтық және т. б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен, мал суаратын науаны су сіңіп ісінбейді деп самырсыннан жасайды. Құстың тұғыры, балдағы, пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты заттар әрі жеңіл, әрі қызыл, көк, ақ түстер аралас, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптарын көбінесе ырғай мен шырғай, ұшқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан, қара мойылдан, шаңырағын, маңдайша мен табалдырығын қайыңнан істейді. Қүйдіріп, өрнектеу көбінесе қайыңға, ал оюластырып шегелеп өрнектеу емен мен қызыл ағашқа жасалады.
ТАС ӨҢДЕУ ӨНЕРІ
Тасқа паналау, қалау, тасты құрал - жабдық ретінде пайдаланау және өрнектеу, таспен басқа затты өрнектеу, тастан мүсін жасау өнерлерінің ертеден пайда болғаны мәлшм. VI - XII - ғасырларда тасты оюлау күшті дамыды. Ескі деректерге қарағанда бұл кездерде бәдізші (скульптор), сымбатшы деп аталған тас қашаушы арнаулы шеберлер болған. Бұған сурет өнерінің ескерткіштері мен түрлі тас сымбаттар (бәдіз) және эпиграфиялық ескерткіштердің (бенгуташ) түрлі қалдықтары дәлел бола алады.
Беттеме жазулары бар үй (барқын) салу, тас бейнелер жасау дегендер көне жазу текстерінде жиі кездеседі. Бұл текстерге қарағанда, оюшы - суретшілердің скульптуралық адам суреттерін салғаны, қашап жазылған жазулар арқылы өлген адамның қысқа өмірбаяны және әр түрлі тарихи оқиғалар көрсетіліп бейнеленген құлпытастар жасағаны байқалады.
“Тастан қашап жасалған ескеркіштер айқыш - ұйқыш сызықша және өсімдік сипатты әшекейлер түрінде де, адам, хайуанат суреттері түрінде де кездеседі. Ойма өнерктермен шонжарлардың (қағандардың) ” тастан салған молалары, жай адамдардың астонданалары (сүйегін сақтайтын орындары) безеліп отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz