Арал теңізінің экологиясы жайында



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім:
1. Арал теңізінің экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Аралдан үміт үзілді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Аралды қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
4. Аралды сақтап қалу және Арал аймағында қоршаған ортаны қорғау проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
IV. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қаншама рет «Аралды қорғау» қоры құрылды , қаншама жоба, жоспарлар жасалды, қаншама мекемелер, кәсіпорындар, тіпті, жекеленген адамдар қаржы бөлді. Арал тартылса ,ең алдымен қазақ, қарақалпақ халқына зиян келетіні , олардың арасындағы өлім-жетім, ауру-сырқау залалының дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары екені, дүниежүзілік табиғи тепе-теңдікті сақтауға әсері туралы, оның мөлдірлігі жөнінен әлемде Эгейден соң екінші орын алатын әдемі теңіз екені, жылына жүздеген мың тонна балық ауланатыны, Аралдың сүгені өзге ешбір теңізде кездеспейтіндігі талай ғылыми еңбектерге «өзек болды». Амал не, кеңес өкіметі тұсында «ортақ қазақтың » қамын ойлап, осындай киелімізге де қол ұшын бере алмасақ , тәуелсіздік алдық ТМД елдерінің ішінде ең күштіміз деп жүріп те , оның ең болмаса жұрнағын да сақтап қала алмадық. Өткен аптада Арал мәселесі бойынша Орта Азия мемлекеттерінің өкілдері жиналған жиын Арал тағдырына соңғы нүктені қойды . Енді, Аралды айтып ауызды қинаудың өзі ессіздік болып есептелді . Ресми түрде мәлімденбесе де , там-тұмдып, жылап келіп жатқан судың біразы енді, Ауғанстанға қарай бет бұратыны көрінеді . . Оның сыртында ақ дегені алғыс , қара дегені қарғыс қандай күштің тұрғанын , оның неге қажет екенін ,өзіңіз түсіне беріңіз .
Бұл жерде екі нәрсе өзегіңді өртейді. Біріншіден, ата-бабасы жар құшып , перзент сүйген ,ажалы келгенде сүйегі қалған қайран төлмекеннің жанына бір дауа табылар деп қаншама жылдан бері іргесі көтерілмей отырған қайран қазақ енді қалай қарай қаңғырар екен , екіншіден , кезінде Семейден бастап , бүкіл елді қаптаған сынақ полигонына айналдырып жатқанда Мәскеудің тілін басқалардан әлдеқайда тапқымсып жүрген сол кездегі басшыларымыз ең болмаса Аралдың , оның айналасындағы қазақ деген бүкіл бір халықтың апатқа ұшырап жатқанын Кремльдегі достарына жеткізе айтып , қатты бір реніш білдірудің орнына, омырауына неше түрлі сылдырмақ таққанға мәз болып жүргенге халқын , жерін айлаған басқалар болса ,маңыздылығы Аралдан асып бара жатса да , Вахш , Нұрек , Тақияташ , Тоқтағұл сияқты ГЭС , ГРЕС су қоймаларын салдырып , қалған суды мақтаға бұруға шешім қабылдаттырып отырғаны еске оралады да тұрады.
1. Атамекен газеті , 23 мамыр 2001 жыл .
2 . Ана тілі газеті , №9 , 2002 жыл,
3 . « Арал тағдыры » оқулығы .
4 Экспедиция "Арал-2004"
Эта экспедиция была организована как продолжение экспедиции «Арал-2003», ...
В организации экспедиции «Арал-2004» большую поддержку оказала Программа ...
5 Аральское моря - Арал - проблема ЦАР
"Арал: вчера и сегодня". Проблемы и перспективы Аральского кризиса (фотоальбом),
Алматы: МФСА, 1997., 128стр." Продолжение усилий президентов 5 ...
«Каспийдің кезекті мәселесі». Түркістан газеті 2002ж 22 наурыз.

Мазмұны:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім:
1. Арал теңізінің экологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Аралдан үміт
үзілді ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..9
3. Аралды
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .14
4. Аралды сақтап қалу және Арал аймағында қоршаған ортаны қорғау
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .25
IV. Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Қаншама рет Аралды қорғау қоры құрылды , қаншама жоба, жоспарлар
жасалды, қаншама мекемелер, кәсіпорындар, тіпті, жекеленген адамдар қаржы
бөлді. Арал тартылса ,ең алдымен қазақ, қарақалпақ халқына зиян келетіні ,
олардың арасындағы өлім-жетім, ауру-сырқау залалының дүниежүзінде теңдесі
жоқ жоғары екені, дүниежүзілік табиғи тепе-теңдікті сақтауға әсері туралы,
оның мөлдірлігі жөнінен әлемде Эгейден соң екінші орын алатын әдемі теңіз
екені, жылына жүздеген мың тонна балық ауланатыны, Аралдың сүгені өзге
ешбір теңізде кездеспейтіндігі талай ғылыми еңбектерге өзек болды. Амал
не, кеңес өкіметі тұсында ортақ қазақтың қамын ойлап, осындай киелімізге
де қол ұшын бере алмасақ , тәуелсіздік алдық ТМД елдерінің ішінде ең
күштіміз деп жүріп те , оның ең болмаса жұрнағын да сақтап қала алмадық.
Өткен аптада Арал мәселесі бойынша Орта Азия мемлекеттерінің өкілдері
жиналған жиын Арал тағдырына соңғы нүктені қойды . Енді, Аралды айтып
ауызды қинаудың өзі ессіздік болып есептелді . Ресми түрде мәлімденбесе де
, там-тұмдып, жылап келіп жатқан судың біразы енді, Ауғанстанға қарай бет
бұратыны көрінеді . . Оның сыртында ақ дегені алғыс , қара дегені қарғыс
қандай күштің тұрғанын , оның неге қажет екенін ,өзіңіз түсіне беріңіз .
Бұл жерде екі нәрсе өзегіңді өртейді. Біріншіден, ата-бабасы жар
құшып , перзент сүйген ,ажалы келгенде сүйегі қалған қайран төлмекеннің
жанына бір дауа табылар деп қаншама жылдан бері іргесі көтерілмей отырған
қайран қазақ енді қалай қарай қаңғырар екен , екіншіден , кезінде Семейден
бастап , бүкіл елді қаптаған сынақ полигонына айналдырып жатқанда Мәскеудің
тілін басқалардан әлдеқайда тапқымсып жүрген сол кездегі басшыларымыз ең
болмаса Аралдың , оның айналасындағы қазақ деген бүкіл бір халықтың апатқа
ұшырап жатқанын Кремльдегі достарына жеткізе айтып , қатты бір реніш
білдірудің орнына, омырауына неше түрлі сылдырмақ таққанға мәз болып
жүргенге халқын , жерін айлаған басқалар болса ,маңыздылығы Аралдан асып
бара жатса да , Вахш , Нұрек , Тақияташ , Тоқтағұл сияқты ГЭС , ГРЕС су
қоймаларын салдырып , қалған суды мақтаға бұруға шешім қабылдаттырып
отырғаны еске оралады да тұрады.

1. Арал теңізінің экологиясы

Арал теңізі — Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі — 1066 км2,
тереңдігі — 30—60 метр, тұздылығы — 10—12%о болған. Арал кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына
50—150 мың т балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы
бұлғын өсірілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық
тұрғыда жақсы қамтамасыз етілді. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық
кеңшары, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс
істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда — 1,5,
Түрікменстанда — 2,4, Қазақстанда —1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария
бойындағы халықтың саны 1960—1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халык
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған байланысты,
1970—1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның
негізгі себептері — антропогендік факторлар еді. Әмудария және Сырдария
өзендерінің бойында суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі
қарқындап дамыды.
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға
1960—1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974—1978
жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Соның салдарынан
Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30—200 км-ге
дейін қусырылды (13-сурет). Судың тұздылығы 40%о-ге дейін артты. Оның
үстіне Әмудария және Сырдария өзендері бойындары шаруашылықтарда
тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған
көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10—15 есеге өскен. Осындай
антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап
қалған теңіз түбінен айналаға зияндылығы өте жоғары миллиондаған тонна
тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп
болтан факторлар:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдары алқабының ауданың
барынша көбейтіп жіберу;
— жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және судың
дұрыс пайдаланылмауы;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оларды
игерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл
өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқтатылып, соңғы 1—2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген
улы тұздың мөлшері жылына 13—23 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар
әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына
зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда — 60%, Қазақстанда — 60—
70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал
өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтыларын бірте-
бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда (14-
сурет).
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар сол жердегі тұрғындардың
экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған
балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз
қоныс аударуда.
Қазіргі кезде Арал өңіріндегі адамдардың денсаулығы күрт төмендеп
қетті. Бұл өңірде, соңғы мәліметтерге қарағанда туберкулез, бүйрекке тас
байлану, сарыауру, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар бойынша
республикамыздың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті көрсетіп
отыр.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандырып отыр. Оның
біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс
елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ол әлемдік климаттың
өзгеруін, шөлге айналуды, атмосферадағы ауытқушылықтарды, антропогендік
экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.
Арал мәселесі соңғы жылдары географ және эколог ғалымдар арасында жиі-
жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар
ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар, негізінен,
Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.
Олар:
1. Сібір өзендерін Қазакстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал аркылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны
күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат
қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми
негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры — адам тағдыры" болғандықтан, оны
сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Арал мәселесі. Арал тағдыры. Арал апаты. Арал теңізінің
болашағы.
1. Арал теңізінің бұрышы сипаты қандай еді?
2. Арал тенізінің тартылу себебі неліктен?
3. Арал апатының негізгі себептері неде?
4. Арал теңізін құтқаруға бола ма?
5. Аралды құтқару туралы жобаларға келісесіңдер ме?
* "Арал тағдыры — адам тағдыры" деген тақырыпта кең көлемде пікірталас
ұйымдастырыңдар. Оны ғылыми-практикалык конференция деңгейіне көтеріңдер.
2. Аралдан үміт үзілді

ХХ ғасырда адамзат қолымен жасалған экологиялық апат - Арал
трагедиясы. Оны қалай қалпына келтіруге болада? Бұл праблема бүгінде бүкіл
планетаның бас ауруына айналып отырғаны белгілі. Сырдың құты-Арал теңізі .
Осы теңіз соңғы 20 жылдан бері құрдымға кетіп , өзінен өзі тартылып барады
. Ғалымдар мен оқымыстылар жағдай осы күйінде тұра берсе енді 10 жылдан
кейін Арал теңізі жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген болжам
айтады . Әрине , ғалымдардың пікірін жоққа шығармайық, бірақ Арал мүлдем
құрып кете қоймас . Аллатағала Арал теңізін құртып жібермес . Аралдың бар
болуы да , жоқ болуы да Аллатағаланың еркіні . Жиырма жылдан бері Арал
теңізі күн сайын құрып бара жатқанына көзіміз жетіп отыр . Қазақстанның
Батыс және Оңтүстік Батыс бөлігіне орналасқан дүниежүзіндегі ірі ағынсыз
тұзды көл-табиғаттың сирек сыйы-Арал теңізі бүгінде экологиялық апатқа
ұшырап отыр. Оның себебі неде? Ғылыми-зерттеу нәтижесін сараласақ,
средезгипрохлопок институтының тапсырмасы бойынша Қазақ ССР інің
гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтының берген Арал проблемасы
деп аталатын еңбектерінің қорытындыларына қарағанда жоспар бойынша келесі
бесжылдықта және де болашақта Орта Азияда ирригациялық және
гидроэнергетикалық құрылыс үшін Амудария мен Сырдария өзендеріндегі су
ресурстарын пайдалану мәселесі қойылған . Ол үшін екі ірі проблеманы шешу
қажеттігі туып отыр , ол Арал теңізі проблемасы және Арал өңірінін
климаты.
Арал теңізінің тартылуына байланысты туған көптеген Проблемалардың
түп тамыры суда жатыр . Арал теңізі тартылып барады : оған басты себеп-
Аралға Сырдария мен Амудария суының аса шектеулі мөлшерде жіберілуіне
немесе кей жағдайда , мүлде берілмеуінде болып отыр . Аталған екі өзеннің
суы шын мәнінде азайып кетті ме , әлде олардың суын дұрыс , тиімді
пайдалана алмай отырмыз ба? Негізінде соңғысы шындыққа әлде қайда жақын .
Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты деректерге сүйенейік. Средазгидрохлопок
институтының жасаған шаруашылықтардың суды пайдалану жөніндегі есептері
бойынша Сырдария бассейіні 3360 мың гектар жерді, ал Арыс-Түркістан су
шаруашылығы ауданын қоспағанда 3160 мың гектар жерді суландыра алады деп
белгіленген .
СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Мемлекеттік комиссиясының 1973
жылғы 7 ақпанындағы № 2 қаулысы бойынша республикадағы жалпы суармалы жер
көлемі 2910 мың гектар деп
белгіленген болатын , бірақ бұл көрсеткіш Сырдария бассейінің суландыру
мүмкіндігі тұрғысынан қаралып , 3160 мың гектарға, яғни 7 % ке көбейтілді.
1979 жылы нақтыланған суландыру схемасында, суландыруды қызылқұм
өңірін игеруге байланысты оны мамандыру саласының өзгеруін ескере отырып
дамыту , яғни бұл өңір күріш өсіруден мақта өсіруге көшіру жолдары
көзделінген , бұл суландыру нормасын азайтуға және Сырдарияның суландыру
мүмкіндігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл вариантты схеманы жасаушылар
бекітуге ұсынып отыр. Бұл жерде Сырдария бассейінінде суармалы жер көлемін,
Қазақстанға , соның ішінде Шымкент облысына бөлінген су есебінен ұлғайту
көзделген , мұнда 1990 жылдан әрі қарай Қызылорда облысында суландыру
дамыту шаралары белгіленбеген.
Сырдария бассейінінің су ресурстарын комплексті пайдалану схемасына
, сондай ақ Қазақ ССР Мелиорация және су шарушылығы министрлігінің
Қызылорда облысында суландыруды одан әрі дамыту жөніндегі нұсқауына сәйкес
біздің институт облыстың 2000 жылға дейінгі су пайдалану балансын жасады.
Суландыру жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,75 ке тең, суармалы жер
көлемі 290 мың гектар, орташа суландыру гектарына 16,7 мың текше метр деп
белгіленді. Су тапшылығының осы аса қиын жағдайында суландыруға
пайдаланылатын жалпы судың көлемі жылына 6,82 текше километр , соның
ішінде нақты пайдаланылатын 4,92 , өнеркәсіп-коммуналдық шаруашылықтарды
және ауыл шаруашылығы мен жабдықтауға 0,21, балық шаруашылығы қажетіне 1,35
, айналадағы ортаны қорғауға 1,8 , санитарлық тазарту шараларына 0,54 текше
километр . Барлығы Шардара су қоймасын жылына 12,84 текше километр су ,
соның ішінде Қызылқұм массивіне 1,71 және Қызылорда массивіне 6,82 текше
километр берілуге тиіс . Алайда , Өзбек ССР Ғылым академиясының өндіргіш
күштері зерттеу Советі Сырдария алқабында қосымша 845 мың гектар жерді
игеріп,
суландыруға болады деп отырғанын атап айтқан жөн . Болашақта осы мақсатқа
жылына 15,7 текше километр , соның ішінде Қызылорда облысына шамамен 14,0
текше километр су бөлу көзделініп отыр .
Средазгипроводхлопок институты дайындаған Сырдария өзенінің су
ресурстарын комплексті пайдалану жөніндегі схемасы және СССР Мемлекеттік
жоспарлау Комитетенің мемлекеттік сарапшы Комисиясы Сырдария бассейіні үшін
суды пайдаланудың 1985 жылғы 0,67 , ал 1990 жылы 0,73 . Соның ішінде Қазақ
ССР іне тиісінше  0,73-0,78 пайдалы әсер коэффициенті белгіленген.
Сондықтан облыстың халық шаруашылығын , әсіресе суармалы

жерді сумен суландыру жүйелерін қайта жаңғыртып , жетілдіруді жеделдету
қажет. Жылдық есеп бойынша, суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту
жөніндегі шаралардың жоспары 63 %-ке , суландыру жүйелерін қайта құру мен
жаңғырту 43 және бұрынғы суармалы жерлерді күрделі жоспарлау 63 % ке
орындалды . Жалпы ұзындығы 2409 километр магистральдық каналдардың 41
километрінің ғана жақтаулары немесе 9 % , жалпы ұзындығы 17406 километр
шаруашылық ішіндегі каналдардың тиісінше 10,5 километрі немесе 0,06
проценті битонмен жабылған .
Сырдария суы Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін қазірдің өзінде
ауыз суға жарамсыз , бұл судың керектігі Қызылорда төңірегінде 1977 жылы
15 мг экв\л , ал 1980 жылы- 16,8 мг экв\л болды . Сырдария суында сульфат
өте көп. Судағы мөлшерін 500 мг\л-ден аспауы керек десе , онда оның
Жаңақорған төңірегіндегі консентрациясы-1 метрге шаққанда 552 мг , дарияның
төменгі сағасында 825 мг, яғни концентрация-мөлшері тиісті нормадан 1,6 есе
артық жетіп отыр.
Су пайдаланушыға таза және лас суды тең бөлу үшін Шардара су
қоймасының жоғары жағына орналасқан егістікті суаруға пайдаланылған және
қалалар мен өнеркәсіптің лас жағын Сырдарияға жібермей арнаулы каналға
ағызып, сол арқылы оны жоғарыда аталған су пайдаланатын аудандардың су
қоймаларына жеткізіп, шаруашылықтарға бөлу қажет , нәтижесінде Қызылорда
облысына таза, ластанбаған су жеткізілуге тиіс. Сырдария бассейінінде
суландыруды дамыту Аралға дарияның құюын қысқартты. Арал теңізінің бірте
бірте тартылуы нәтижесінде оның денгейі 53,3 метрден 46 метрге дейін
төмендеді.
Республика гидрометерологиялық қызметтерінің мәліметтері бойынша
,1978-1980 жыл аралығында Арал теңізі акваториясынан буланатын судың
мөлшері 146 текше километрден астам болды , ал осы кезең ішінде теңізге
Сырдария мен Амудариядан құятын су мөлшері небәрі 61 текше километр ғана
болды . Арал теңізіне құятын су көлемінің осындай апатты жағдайында , таяу
уақытта оған бөлек бөлек болып тартылған , сор басқан ұсақ өлі су
шұңғылдарына айналу қаупі төніп тұр.
Теңіздің тартылуына байланысты оның аумағы тартылады. 1990 жылы
1980 жыл мен салыстырғанда ол шамамен 20, процентке,2000 жылы 60 процентке
кемиді .Судың тұздылығы күрт артады .Теңізде 1980 жылғы деңгейінде ұстап
қалу үшін су тапшылығы 1990 жылы шамамен 240 текше километр, 2000 жылы 484
текше километр болуға тиіс.

Арал теңізін құрғап кетуден қорғаудың және оны қажет деңгейде
ұстаудың енді бір жолы-су жіберілетін бас каналдағы барлық суды Аралға беру
. Бірақ бұл жерде Аралдың қажетті деңгейін сақтау үшін берілетін бұл суға
50-60 миллион сомның ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге болатынын да ескерген
жөн. Сондықтан теңіз деңгейін сақтап қалу үшін Аралға жылы тұрақты түрде
кемінде 5 текше километр Сырдария суы құйылып тұруға тиіс және Берг
бұғазынан дамбы салу қажет .
Аралға жылына Сырдария мен Амударияның 15-20 текше километр суын
жіберіп , жағдайдың өзінде де бұл үлкен теңіздің деңгейін сақтап, оның
тұздылығын азайтуға болады деп айту тым қиын.
Аралдың тартылуының зардаптарын жою мен экологиялық жағдайдың
қиындап кетуіне байланысты шұғыл шаралар бірсыпыра екі жиындарда,
мамандардың конференцияларында, Өзбек ССР ғылым академиясы президумының
екі көшпелі мәжілісінде талқыланды .

3. Аралды қорғау

Жер бетіндегі әлем көлдері арасында Арал теңізі төртінші орын алатын
еді. Бүгінде Арал теңізі ауыр халде. Бұл бірнеше Орта Азия
Республикаларының аудандары мен Қазақстанның Қызылорда аумағына енгізетін
территория тұрғындарына кері әсерін тигізуде.
Арал теңізі кейбір жерлерде бұрынғы жағасынан жүздеген километрге
тартылып қалған. Теңіз деңгейі 18 метрге төмен түскен, өмірге жарамды
территория үш есеге кеміген. Теңіздің бұрынғы су көлемінің 60%-ы ғана
қалған. Теңіздің орташа тұздануы 2,5 есе артты, бұл балықтың өліміне
әкеліп, теңізден балық аулау аудандары өз мағынасын жоғалтты. Алдын ала
есептеулер бойынша ашық қалған теңіз түбінен жел ондаған миллион
аккустикалық соданы көтеріп , 400-500 километрге жаюда. Ол суармалы
ауылшаруашылық оазисті құрту қаупін тудыруда. Орташа есеппен Арал жерінің 1
гектарына 520 килограмм құм мен тұз түседі. Экологиялық апат осы ауданда
тұратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Арал экологиясының ахуалы
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Барсакелмес қорығы
Барсакелмес қорығы туралы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Табиғи ортаның жергілікті аймақтық және ғаламдық масштабтағы мәселелері
Пәндер