Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды аударудың ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Фразеологияның теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Фразеологизмдердіңклассификасиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Фразеологиялық единицалардың қызметі және олардың эмоциональдық. экспрессивтік бояуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
1.4 Фразеологизмдерді аудару мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

ІІ ТАРАУ. ИДИОМАЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Аударма жасаудың лингвистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..46
2.2 Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде идиомаларды аударудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
2.3Ағылшын және қазақ тіліндегі аударма баламалығының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
2.4 Бейнелі сөз тіркестерінің көркем шығармалардағы стильдік қызметі және аударудың кейбір амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
2.5 Идиома құрылымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
2.6 Идиомаларды аударудағы лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей яғни тілдік табиғаты жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу, ат-тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары ''ешкімнің еркіне көнбей'', “өзінен – өзі тіркесіп қойған ” тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздің еркін тіркесіне (свободное сочетание слов) қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі (несвободное сочетание слов) немесе фразеологиялық оралым (фразеологический оборот) деп аталады. Фразеологиялық оралымды фразеология зерттейді.
Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Олардың қатарына, мысалы, орыс тілінде глубокая осень, глубокая печаль, волчий аппетит, перемывать косточки, сдержать слово, медвежья услуга тәрізді тұрақты сөз тіркестері, қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашын жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит арқасы қияңда, ит өлген жерде, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, мидай дала, ата мекен, ата жау, су ми, су журек тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың әрқайсысы сөздердің бір – бірімен тіркесе жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы жағынан бір тұтас, құрамы мен құрылымы жағынан тұрақты единица ретінде ұғынылады.
Идиома – тілдегі бөліп жаруға болмайтын, яғни басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтін, лексико-грамматикалық тұрақты сөздер түйдегі. «Ат тонын ала қашу», «Қырғи қабақ болу», «Төбесінен тік тұру» деген мысалдар, мәтелдер емес идиома немесе фразеологиялық түйдектер болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына әсер етпей қала алмайды.
Қоғамның даму барысында жаңадан танылған заттар мен құбылыстарды тілде сөзбен атау әр түрлі тәсілдер, соның ішінде сөз мағынасының өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы арқылы да іске асады. Сөз мағынасының өзгеруіне, оның жаңа, қосымша мағынаға ие болуы әсер ететін сыртқы себептер, негізінен алғанда, - міне, осылар.
1. Аханов К.Тіл білімінің негіздері.-Алматы, 2002,-664 бет.
2. І.Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік», Ғылым А.,1977
3. А.В.Кунин. Теория фразеологии Шарля Белли «Иностранные языки в школе», 1966, №3
4. А.В.Кунин «Фразеология это-сокровищница языка»,М, 1996. С. 5.
5. В. В Виноградов (грамматическое учение о слове), изделие второе. Издательство “Высшая школа”. М.,1972, стр.26.
6. А. И. Смирнийкий. Лексикология английского языка. М.,1956, 5,208 беттер.
7.Ожегова С.И.,Шведова Н.И.Толковый словарь русского языка.-М.:2002.
8. И.А. Мельчук. Обобщение понятия фразеологизма. Материалы конференции «Актуальные вопросы современного языкознания и лексического наследия Е. Д. Поливанова». Самарканд, 1964, стр. 89 – 90.
9. Архангельский В.Ф.Устойчивые фразы в современном русском языке.
Ростов -на-Дону, 1964. С. 45.
10. В. В Виноградов. Об основных типах фразеологических единиц в русском языке. В кн.: « Академик А.А. Шахматов». Сб. статей и материалов. М. – Л., 1947, стр. 351, 353.
11.Поржезинский В. К., Ф. Ф. Фортунатов. (Некролог), «Журнал Министерства народного просвещения», 1914, ч. 54, декабря;
12.Н.Н. Амосова Современное состояние и перспективы фразеологии. «Вопросы языка знания», 1966, №3 стр.70-72.
13. С.И. Ожегов. О структур фразеологии. Лексикографический сборник. Вып. 2. 1957, стр.40.
14. . В. В Виноградов. « Труды юбилейной сессии ЛГУ 1819 – 1944. Секция филолог. наук ». Л., 1946.
15. А. И. Смирнийкий. Синтаксис английского языка. М., 1957, стр.53.
16.Смағұлова Г.Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері.-Алматы:Ғылым,1998.-196 бет.
17. Аударма асулары. Жұлдыз, 2007,
18. А. В. Федоров «Основы общей теории перевода».M.,1965.
19. Ә.Қайдаров «Этнолингвистика негізі» А.,1998ж.
20«Төрт түлік төресі кім?», Қайнар баспасы, А.,1990ж.
21. Аударма ағаттықтарының типологиясы. Жалын, 2007,
22. Аударматанудың теориялық проблемалары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің хабаршыс ы. Филология сериясы. 2007,
23. Аударматану проблемалары. “Қайнар” университетінің хабаршысы. 2007,
24. Аударматану проблемалары туралы бірер сөз. “Ізденіс – Поиск”, 2007,
25. Аударма және идеология. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2007
26. Аударма туралы ойлар. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. 2006
27. Аударма айшықтары. Ақ жол. 2007, 15 қыркүйек.
28. Н.М.Шанский, Е.А.Быстрова «Орыс тілінің 700 фразеологиялық сөз тіркесі» M., 1987.
А. Амбражейчик 2000 русских и 2000 английских идиом, фразеологизмов и устойчивых словосочетаний; Худ. обл. М. В. Драко. – Мн.: ООО «Попурри», 2003. – 304 б.
29. Кунин А. В. Англо-русскийй фразеологический словарь.- М.:Сов.энцикл.,1967.
30. Любимов Н. Перевод – искусство. Мына кітаптан: Перевод – средство взаимного сближения народов. М., 1987, 141-142-беттер.
31.Литвинов П.П. Англо-русский наиболее употребительных фразеологических выражений.М.:Яхонт.2001,-400 с.
32. Розенталь Д.З.,Теленкова М.А.Словарь – справочник лингвистических терминов.-М.:Провещение,1985.
33. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975, 147-бет.
34. Кожахметова Х.К., Жайсакова Р.Е., Кожахметова Ш.О. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік. – А, Мектеп., 1988.224б
35. И.А. Мельчук. О терминах «устойчивость» и «идиоматичность». «Вопросы языкознания», 1960, № 4, стр.74

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халақаралық қазақ – түрік университеті

Жақсылық Ажар Сәйпідінқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АҒЫЛШЫН, ОРЫС, ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ИДИОМАЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

050119 – ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ

Түркістан- 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ.А. Ясауи атындағы Халақаралық қазақ – түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Ағылшын филологиясы
кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.к., профессор ____________ Т.Баймахан
... .. ... ... ... ... ... ... ..2 010 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АҒЫЛШЫН, ОРЫС, ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ИДИОМАЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

050119 - ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ

Орындаушы: Жақсылық
А.
Ғылыми жетекшісі,
магистр-оқытушы: Аманбаева А.

Түркістан – 2010
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУІ

1. Фразеологияның теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Фразеологизмдердіңклассификасиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
3. Фразеологиялық единицалардың қызметі және олардың эмоциональдық-
экспрессивтік бояуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .35
1.4 Фразеологизмдерді аудару мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

ІІ ТАРАУ. ИДИОМАЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Аударма жасаудың лингвистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..46
2.2 Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде идиомаларды аударудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
2.3Ағылшын және қазақ тіліндегі аударма баламалығының
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
2.4 Бейнелі сөз тіркестерінің көркем шығармалардағы стильдік қызметі
және аударудың кейбір амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
2.5 Идиома құрылымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
2.6 Идиомаларды аударудағы лексикалық, грамматикалық және стилистикалық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

КІРІСПЕ

Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей яғни тілдік
табиғаты жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек
жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу, ат-тонын ала қашу, ер қашты болу
тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де,
бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары
''ешкімнің еркіне көнбей'', “өзінен – өзі тіркесіп қойған ” тәрізді болып
ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздің еркін тіркесіне (свободное сочетание
слов) қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі (несвободное сочетание
слов) немесе фразеологиялық оралым (фразеологический оборот) деп аталады.
Фразеологиялық оралымды фразеология зерттейді.
Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы
мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте,
фразеологиялық оралым деп аталады. Олардың қатарына, мысалы, орыс тілінде
глубокая осень, глубокая печаль, волчий аппетит, перемывать косточки,
сдержать слово, медвежья услуга тәрізді тұрақты сөз тіркестері, қазақ
тілінде қас қаққанша, көзді ашын жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит
арқасы қияңда, ит өлген жерде, тайға таңба басқандай, үріп ауызға
салғандай, ат үсті қарау, мидай дала, ата мекен, ата жау, су ми, су журек
тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың
әрқайсысы сөздердің бір – бірімен тіркесе жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы
жағынан бір тұтас, құрамы мен құрылымы жағынан тұрақты единица ретінде
ұғынылады.
Идиома – тілдегі бөліп жаруға болмайтын, яғни басқа тілге сөзбе-сөз
аударуға келмейтін, лексико-грамматикалық тұрақты сөздер түйдегі. Ат тонын
ала қашу, Қырғи қабақ болу, Төбесінен тік тұру деген мысалдар,
мәтелдер емес идиома немесе фразеологиялық түйдектер болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден,
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-
қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану
үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде
алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың
дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді. Ойлаудың дамуына
тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан
жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына
әсер етпей қала алмайды.
Қоғамның даму барысында жаңадан танылған заттар мен құбылыстарды тілде
сөзбен атау әр түрлі тәсілдер, соның ішінде сөз мағынасының өзгеруі, жаңа
мағынаға ие болуы арқылы да іске асады. Сөз мағынасының өзгеруіне, оның
жаңа, қосымша мағынаға ие болуы әсер ететін сыртқы себептер, негізінен
алғанда, - міне, осылар.
Сөз мағынасының өзгеруінің сыртқы себептеріне қарағанда, ішкі, яғни
лингвистикалық себептері тіл білімінде аз зерттелген. Сөз мағынасының
өзгеруінің лингвистикалық себептері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ оның
бәрі ақыр аяғында мынаған келіп тіреледі: сөз жеке-дара күйінде емес,
әдетте басқа сөздермен әрқашан белгілі бір байланыста, қарым-қатынаста өмір
сүреді. Тілдің сөздегі бытыраңқы сөздердің ретсіз жиынтығы, сөздердің
барлығы жиналып келіп және өзара қарым-қатынаста бола отырып, оның лексика-
семантикалық жүйесін құрайды. Жаңа сөз немесе жаңа мағына тілдің лексика-
семантикалық жүйесіне келіп қосылғанда, ол тілдің лексикасында бұрыннан бар
сөздердің мағыналарымен, әсіресе өзімен синонимдес келетін сөздермен, қарым-
қатынасқа түседі. Мұндай қарым-қатынастың өзі екі жақты болуы мүмкін:
тілдің лексика-семантикалық жүйесіне келіп қосылған жаңа сөз немесе жаңа
мағынаға сөздік құрамда бұрыннан бар сөздерге жаңа сөз немесе жаңа мағына
да әсер ете алады.
Зерттеу обьектісі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тұрақты
сөз тіркестер және олардың құрылымы, аудару жолдары.
Зерттеудің нысаны – ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды
аударудың ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Зерттеудің пәні – ағылшын, орыс, қазақ тілдеріне тән сөздік қордың
негізгі бөлігін құрайтын тұрақты сөз тіркестерін талдау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі тұрақты
сөз тіркестерінің мол сөздік қордың бірден бір көрсеткіші болып табылатын
сөздердің фразеологиялық тіркестердің қолданыстағы тілдік және тілден тыс
факторларын, оның қалыптасу себептері мен қолданыстағы аударылу
ерекшеліктерін көрсету. Сонымен қатар ағылшын, орыс және қазақ тілінде
жиі, әсіресе мәтіндерінде кездесетін тұрақты сөз тіркестерінің балмасын
оңай түсініп аудару, сөздік қорды байыту, ағылшын, орыс және қазақ тілінде
мәнерлі, мағыналы сөйлеу.
Зерттеудің дереккөздері. А.В.Кунин Фразеология это-сокровищница
языка А. И. Смирницкий Лексикология английского языка. ,
И.А.Мельчуктың Вопросы языкознания, В. В. Виноградовтың Академик А.А.
Шахматов Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаевтың Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
мен фразеологиясы және Қ. Ахановтың Тіл білімінің негіздері
еңбектерінен, әр түрлі тарихи-этнографиялық әдебиеттерден жиналған
мәліметтер пайдаланылды.
Зерттеудің жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының тіл
біліміндегі өзекті мәселелерді қарастырғандықтан, зерттеу нәтижесі қазақ,
орыс, ағылшын тілдеріндегі идиомалардың аударылу жолдарындағы
сәйкессіздіктер мен айырмашылықтарды көрсетеді.Ғылыми нәтижелері мен
тұжырымдары қатысымдық мағына теориясын қалыптастыруға ықпал етіп, тілдік
бірліктерді танымдық, лингво-мәдени аспектіде ғылыми дәйектеуге негіз
болады және лексикалық бірліктердің қатысымдық мағыналарын жүйелейді.
Қатысымдық мағынаны қалыптастырушы тілдік және тілден тыс факторлар, сөз
мағынасының сөйленістегі, қатысымдағы актуалдану үрдісі лексикология,
семасиология, лингво-мәдениеттаным ілімдерінің ғылыми-теориялық негіздерін
меңгеруге ықпал етеді.
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу жұмысының нәтижелері ағылшын тілін
екінші – шет тілі ретінде оқып – үйрену барысында меңгерудің теориялық
тұжырымдарын жасауға үлесін қоса алады және сөздік құрастыруда қолдануға
және қосымша материал ретінде де пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Фразеологияның теориялық мәселелері

Сөйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем әлденеше сөзден тұрады. Жеке
сөздің сөйлемге айналуы сирек. Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен
сөйлем аралығында тағы бір топ бар, ол ─сөз тіркестері. Сөз тіркесі
дегеніміз екі не бірнеше сөздерден құралған грамматикалық топ. Сөз
тіркестері еркін және тұрақты болып екіге бөлінеді. Еркін тіркестер жұмыс
барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі әбден мүмкін. Мұндағы
сөздер қайтып ажырамастай қалыпта емес, керегі болса алмастырылып, орын
ауыстырыла береді. Мысалы, ол мектепке кешігіп келді деген сөйлемде, ол
келді, кешігіп келді - бұлар еркін сөз тіркестері.
Ал, еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен
тіркестерді тұрақты сөз тіркестері дейді. Бұларды біз фразеологизмдер деп
атаймыз. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендеріңіз синтаксис тексеретін сала
бола тұра, әлгі тұрақты тіркес неге лексикологияның мәселесі ретінде
қарастырылады. Себебі, фразеологиялық тіркес туралы мәселе синтаксис
шеңберден шығып кетеді. Тіпті мұның лексикология, фонетика грамматика
сияқты өз алдына жеке сала болып зерттелуіне де қақысы бар.
Фразеологимдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер
тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға
итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі
ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төмендегідей болады:
Лексикалық мәні.
Компоненттік құрамы.
Грамматикалық категориялардың түрі
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін, сол
фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен және сөз тіркесімен салыстыру
қажет. Екеуінің де фразеологизмдер ортақдасып кететін белгілері бар. Сөз
тіркесі дегеніңіз фразеологизмдер жасалатын ұяның бірі.
Лексиканың мәні грамматикалық жасалуы жағынан сөз бен
фразеологизмдердің ұқсасатын тұстары көп. Фразеологизм мен сөздің
лексикалық мәнін ашқанда, олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау
қиын емес.
Фразеологизмдік тіркестердің жеке сөздер тектес стилистикалық өңі
ажарлы келеды. Сөйлемдегі орнына қолданылу жүйесіне тіркесіп , кейде еркін
тұрақтанып тұратын тұстары бола береді.
Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны
жағынан да тілдің коммуникативті единицасы сөйлемге сәйкес келетіндері
бар. Бұлар мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөздер. Мақалдар мен мәтелдер
және қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың
сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр калпында жұмсалынатыны, құрамының
тұрақтылығы ескеріледі.
Мақалдар көбінесе, екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт
немесе жалпы байымдау, соңғысында қортынды, түйінді пікір айтылады. Мысалы,
кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Білгенің бір тоғыз,
білмегенің тоқсан тоғыз және т.б [1, 35 б.].
Мәтелдерде ой –пікір, топшылау мақалдардағыдай, тікелей келіп
айтылмайды да,образды түрде жанамалап айтылған ишара болады. Мысалы, қызым
саған айтам, келінім сен тыңда. Үй менікі демеңіз,үй артында кісі бар.
Ағама жеңгем сай. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Біреу тоңып
секіреді, біреу тойып секіреді және т.б
Мақал, мәтелдерден де әбден қалыптасқан, орныққан. Оның құрамындағы
компоненттердің де орны бекем.
Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара
күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдік
грамматикалық заңдарына орайласып, емін-еркін тіркесуінен
синтаксистік единицалар – еркін (ерікті) сөз тіркесі мен сөйлемдер
жасалады. Сөздердің жалпы тіркесі және синтаксистік (еркін) сөз
тіркесі сөздердің бір - бірімен емін-еркін тіркеуінен жасалады. Бірақ
сөздер бір - бірімен жапатармағай тіркесе бермейді, мағыналарының
үйлесімділігі болғанда ғана, тіркесіп жұмсалады. Мағыналық үйлесімділік
сөздердің бір - бірімен семантикалық жақтан үйлесуге бейімділігі
дегенді білдіреді. Еркін сөз тіркесінде соны құрастырушы сыңарлар
(сөздер) мағыналық үйлесімділік шеңберінде басқа сыңарлармен
(сөздермен) ауыса алады. Мысалы, оқушымен сөйлесу - мұғаліммен сөйлесу –
қойшымен сөйлесу; оқушымен әңгімелесу – мұғаліммен әңгімелесу – қойшымен
әңгімелесу; оқушымен кездесу – мұғаліммен кездесу және т. б. Осылар
тәріздес еркін сөз тіркестерін және олардың түрлерін грамматиканың
синтаксис саласы зерттейді.
Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей, яғни тілдік
табиғаты жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз,жүрек
жұтқан,жүрегі тас төбесіне шығу, ат-тонын ала қашу, ер қашты болу
тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де,
бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары
''ешкімнің еркіне көнбей'', “өзінен – өзі тіркесіп қойған ” тәрізді болып
ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздің еркін тіркесіне (свободное сочетание
слов ) қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі ( несвободное сочетание
слов) немесе фразеологиялық оралым ( фразеологический оборот ) деп аталады.
Фразеологиялық оралымды фразеология зерттейді [1, 218 б.].
Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы
мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте,
фразеологиялық оралым деп аталады. Олардың қатарына, мысалы, орыс тілінде
глубокая осень, глубокая печаль, волчий аппетит, перемывать косточки,
сдержать слово, медвежья услуга тәрізді тұрақты сөз тіркестері, қазақ
тілінде қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит
арқасы қияңда, ит өлген жерде, тайға таңба басқандай, үріп ауызға
салғандай, ат үсті қарау, мидай дала, ата мекен, ата жау, су ми, су журек
тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың
әрқайсысы сөздердің бір – бірімен тіркесе жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы
жағынан бір тұтас, құрамы мен құрылымы жағынан тұрақты единица ретінде
ұғынылады.
Фразеологиялық оралым тілде басқа единицалармен, атап айтқанда, бір
жағынан, сөзбен, екінші жағынан, еркін сөз тіркесімен шектесіп жатады.
Фразеологиялық оралымды сөзден де, еркін сөз тіркесінен де ажырату үшін,
оған (Фразеологиялық оралымға) тән басты белгілер мен қасиеттерді
айқындап алу қажет. Бұл арада фразеологиялық оралымға тән белгілерге
қатысты алдын ала ескеретін бір жай бар; фразеологиялық оралым өзінің
табиғаты жағынан – екі жақты құбылыс. Фразеологиялық оралымның екі
жақтылығы, жоғарыда аталып өткеніндей, бір жағынан, оның дара сөзге ұқсас,
екінші жағынан, еркін сөз тіркесінен ұқсас болып келуінен көрінеді. Осыған
орай, фразеологиялык оралымның белгілері де екі бағытта қызмет атқарады.
Анығырақ айтқанда, фразеологиялық оралымды сөзбен жақындастыратын белгі оны
(фразеологиялық сөз тіркесін) еркін сөз тіркесінен ажырататын белгі
ретінде,ал фразеологиялық оралымды сөзден ажырататын белгі оны еркін сөз
тіркесімен жақындастыратын белгі ретінде қызмет ете алады. Енді,
фразеологиялық оралымға тін белгілерге және ол белгілердің екі бағытта
қызмет етуіне тоқталайық [1, 219 б.].
Фразеологиялық оралымға өте – мөте тән, басты белгі – оның даяр
қалпында жұмсалу белгісі( признак воспроизводимости). Фразеологиялық
оралымдар қарым – қатынас процесінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр
қалпында бір тұтас (бүтін ) единица ретінде жұмсалады. Фразеологиялық
оралымның бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесіне салыстырғанда, ашық – айқын
көрінеді. Мысалы, суды қайнату, түймені қадау, қолды жуу, қысқа жіп, қойдың
аузы және т.б. осылар тәріздес еркін сөз тіркестері қатынас жасау
процесінде, сөйлесу кезінде жеке сөздердің бір-бірімен емін-еркін тіркесіп
айтылуынан жасалса, қаны қайнау ( ызалану), соры қайнау (сорлау),
түймедейді түйедей ету (асыра айту, үлкейту), қол қусырып (бостан-бос,
әрекетсіз), қысқа жібі күрмеуге келмеу (жетімсіздік, жоқшылық), қой аузынан
шөп алмас (момын, жуас) және т.б. осылар тәріздес фразеологиялық оралымдар
тіркескен күйінде, бүтін қалпында жадымызда сақталады да, сөйлеу кезінде
олардың сыңарлары (сөздер ) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді,
бүтіннің бөлшектері бұрыннан өзінше тіркесіп қойған қалпында бір тұтас даяр
күйінде қолданылады. Сөйлеу кезінде фразеологиялық оралымды қолданушы адам
оның құрамына енетін сөздерді өзінше (өз қалауынша) тіркестірмейді,
тұтасқан күйін бұзбай, қас қалпында (даяр күйінде) қайталай қолданады.
Мұндай қасиет фразеологиялық оралымға ғана емес,сонымен бірге лексикалық
единица – сөзге де тән. Мысалы, әдемі (сүйкімді), дәулетті, ұялмау
(шіміркенбеу), лезде (жылдам), үндемеу, қысылу (сасқалақтау), ашулану
(ызалану), қыру (жою), қараңғы деген сөздер де және бұларға белгілі
дәрежеде синонимдес болып келетін үріп ауызға салғандай, мұртын балта
шаппайды, аузы-мұрны қисаймастан, көзді ашып – жұмғанша, қас пен көздің
арасында, қас қаққанша, аузына құм құйылу, жұмған аузын ашпау, жаны
мұрнының ұшында, жанын қоярға жер таппау, ер тоқымын бауырына алу, тамырына
балта шабу, көзге түртсе көргісіз тәрізді фразеологиялық оралымдар да даяр
қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Бұлар (сөз бен фразеологиялық
оралым) сөйлеу кезінде конструкцияланбайды, даяр тұрған құрылыс материалы
сияқты қызмет етеді, тұтас қалпында не еркін сөз тіркесінің, не сөйлемнің
құрамына кіреді.
Сонымен, фразеологиялық оралымын даяр қалпын сақтай отыра қолдану
белгісі оны сөзбен жандастырады да, еркін сөз тіркестерінен ажыратады.
Фразеологиялық оралымға тән белгілер бірден екі бағытта қызмет етеді
деуіміз де осыдан. Фразеологиялық оралым – сөйлеу кезінде
конструкцияланбайтын, өзінің даяр тұрған қалпын сақтай отыра жұмсалатын,
бір тұтас (бүтін) единица (фразеологиялық единица ), ал еркін сөз тіркесі –
сөйлеу кезінде белгілі бір үлгілер бойынша конструкцияланатын
(құрастырылатын), осыған орай, сөйлеушінің тілдің белгілі бір заңдарына
сәйкестендіріп, өзінше құрастыруына көнетін единица (синтаксистік единица).

Даяр қалпы қайталану белгісі сөз бен фразеологиялық оралымға бірдей
қатысты барлық басқа белгілерді, атап айтқанда, фразеологиялық оралымның (
сөздің ) құрамы мен құрылымның тұрақтылық белгісі мен мағыналық тұтастық
белгісін ашып айқындайды [1, 221 б.].
Фразеологиялық оралым мағына тұтастығымен сипатталады. Оның өзіне
ғана тән, меншікті мағынасы бар және ол мағына фразеологиялық оралымды
құрастырушы сыңарлардың мағыналарына тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.
Фразеологиялық оралымның мағыналық тұтастығы, оның семантикасы құрастырушы
сыңарлардың мағыналардың жиынтығына сәйкес келгенде де сақталынады. Басқаша
айтқанда, мағыналық жақтан фразеологиялық оралым бір бүтін, бір тұтас
единица ретінде көрінеді де оның, семантикасында құрастырушы сыңарлардың
мағыналары ашық, айқын бейнелегенде де, мағыналық бүтіндігі, тұтастығы
бұзылмайды. Мысалы, тайға таңба басқандай немесе соқырға таяқ ұстатқандай
(ашық – айқын), қаны қайнау ( ызалану, ашулану), көзді ашып жұмғанша немесе
қас қаққанша (лезде, өте жылдам), су жүрек (қорқақ), ер жүрек ( батыл),
түмедейді түйедей ету ( асыра үлкейту), тамырына балта шабу ( құрту, жою),
қуанышқа бөлену ( қуану), шаттыққа бөлену (шаттану) деген фразеологиялық
оралымдар бүтіндей фразеологизмнің семантикасы мен оны құрастырушы
сыңарлардың ара қатысы жағынан әр түрлі (әр типтес) болғанымен, мысалға
келтірілген фразеологиялық оралымдардың әр қайсысы да мағына тұтастығымен
( бүтінділігімен) сипатталады [1, 222 б.].
Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық
қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтін бөлшектері ретінде
ұғынылатын,өз ара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) құралады да,ол
сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады,басқа
сөздерден ауыстырылмайды,қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді. Мысалы,
сақалын сипап қалу деген тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын
ауыстырып айтуға немесе оның ішіндегі бір сөздің орнына басқа бір сөзді
қолданып, мысалы, мұртын сипап қалу деп айтуға болмайды.
Сондай-ақ, мұртын балта шаппайды деген тұрақты тіркестің құрамындағы
мұрт деген сөздің орнына сақал немесе балта дегеннің орнына пышақ, шаппайды
дегеннің орнына кеспейді деген сөздер қойылмайды. Егер бұлай етіп
өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады немесе тіптен
мағынасыз,түсініксіз болып шығады. Құрамы мен сыңарларының орын тәртібінің
тұрақтылығы жағынан фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің құрамындағы
морфемалар орын тәртібін еске түсіреді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді
зерттеуші Н. М. Шанский сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипаты
қандай болса,фразеологизмнің құрамының және сыңарларының (компоненттерінің)
орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді [2, 65 б.].
Ал, сөздердің еркін тіркесіне фразеологиялық оралымдардың
құрамының тұрақтылық қасиеті тән емес. Фразеологиялық оралымның құрамының
тұрақтылығы дегенде,әдетте, оның құрамына үнемі (әрдайым) белгілі бір
сөздердің ғана енуі және олардың басқа сөздермен алмастырылмауы ескеріледі.
Ал еркін сөз тіркесінің құрамында мұндай тұрақтылық болмайды, оның
құрамында үнемі тұрақталған белгілі бір сөздер емес, әр түрлі сөздер
тіркесіп келе береді.Мысалы, дәмді ас деген еркін тіркестің құрамындағы
соңғы сыңарды (ас) тамақ деген сөзбен ауыстырып, дәмдә тамақ деп өзгертуге
немесе осы еркін тіркестің құрамындағы дәмді дегеннің орнына ыстық тамақ
деп өзгертуге болады. Мұнан аталған еркін сөз тіркестерінің атрибутивті сөз
тіркестері ретіндегі грамматикалық табиғаты өзгермейді. Ал ас – иесімен
тәтті немесе ас – адамның арқауы тәрізді фразеологиялық оралымдардың
құрамындағы ас деген сөздің орнына тамақ деген сөзді қолданып, мысалы,
тамақ иесімен тәтті немесе тамақ – адамның арқауы деп өзгертуге белгілі бір
қалыптасқан норманы бұзғандық болар еді және бұлай етудің салдарынан
аталған тіркестер фразеологиялық оралым болуда қалар еді.

Фразеологиялық оралымдардың басым көпшілігінің
құрылымдық тұтастығының бекемдігі соншалық, оның ішіне (сыңарларының
аралығына), әдетте, басқа бір сөз енбейді. Кейде бірді-екілі фразеологиялық
оралымның сыңарларының аралығына басқа бір сөздіің енуі мүмкін (мысалы:
таяқ жеу – таяқты мықтап жеу, жаны ашу – жаны қатты ашу), бірақ мұның өзі
фразеологиялық оралымдарға жалпы тән құбылыс емес.
Аталған қасиеттер белгілі дәрежеде сөзге де тән. Алайда, сөз бен
фразеологиялық оралым бір-бірімен тепе-тең емес, бұлардың арасында түбірлі
айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар қайсылар?
Айырмашылық, ең алдымен, сөздің құрылымы мен фразеологиялық
оралымның құрылымына қатысты. Құрылымы жағынан сөз бен фразеологиялық
оралым – әр басқа құбылыстар (единицалар). Сөздер, әдетте, әртүрлі
бөлшектерден құралады да, ол бөлшектер сөзден тыс, өздігінен қолданыла
алмайды. Сөздер (түбір сөздерден басқалар) морфемаларға бөлшектенеді де, ол
морфемалар сөз ішіне ғана өмір сүреді. Мысалы: жол – сыз, жол –лық-тыр-у,
жол-ы. Ал фразеологиялық оралымдар морфемалардан емес, өзіне тән формалары
бар сөздерден, олардың тіркесінен жасалады. Мысалы: сақалын сипап қалу,
тонның ішкі бауындай, жер-жебіріне жету, көз шырымын алу, ай десе ауызы,
күн десе көзі, көз ұшында, көз көрген, көз таныс және т.б.
Сөз бен фразеологиялық оралымның грамматикалық тұлғалану жағынан
да бір-бірінен айырмашылығы бар. Морфемалардан құралған сөздер тұтас
тұлғаланған единица ретінде қызмет етсе, фразеологиялық оралымдар сөздердің
тіркесе жұмылуына құралып, ажыратыла тұлғаланған единица ретінде қызмет
етеді. Мысалы, жолаушы, жолсыз, жолбарыс, қолғап, шекара және т.б. осылар
тәріздес сөздер тұтас тұлғалану қасиетімен сипатталса, ит өлген жерде, оқ
бойы жерде, жермен жексен ету, жер жебіріне жету, әліпті таяқ деп білмеу,
таяқ жеу, қам жеу, сойылын соғу және т.б. осылар тәрісдес фразеологиялық
оралымдар ажыратыла тұлғалық қасиетімен сипатталады.

Сонымен, жоғарыда аталған белгілердің бірі - фразеологиялық
оралымды сөзден ажыратса, екіншілері оны сөздердің еркін тіркесінен
ажыратады
[2, 105 б.].

1.2 Фразеологизмдердің классификациясы.

Фразеологизм – фразеологиялық бірлік, фразеологиялық оралым, сөйлеуде
дайын күйінде қолданылатын мағынасы жағынан тұтас сөз тіркестер, құрамы мен
құрылысы тұрақты, бөлшектеуге келмейтін единица.
Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан ашық айқын
ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау (түр-түрге бөлу,
топтастыру) тіл біліміне өте-мөте мәселе болып саналады. Тіл білімінде
фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар
түрліше топтастырылып жүр. Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық
әдебиеттердің бірінде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның
(тіркестің) сыңарларының мағыналарының ара қатысы жағынан үшіншілерінде
қызметі (функция) немесе эмоциональды-экспрессивтеу қасиеті жағынан
топтастырылады.
Семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің
тіркесуі. Фразеологизм синтаксистік құрылыстан ерекше болады.
Фразеологизмнің түрлері мынадай: идиомалар(ит арқасы қиянда , жабулы
қазан, қоян қолтық араласу, ізін суытпай), фразалар (нуорман,кең
дала), штамптар (айтуға келгенде, қал - қалай), мақал мен мәтелдер,
қанатты сөздер. Фразеологизмдер негізгі және универсал (әмбебап) қасиеттері
- мағынаның болуы немесе семантикалық транспозиция тұрақтылығы және
қайталануы. Фразеологизмнің пайда болуы туралы қалыптасқан пікір жоқ.
Шарль Балли тегі француз, швейцарлық лингвист байланысты сөз тіркестерді
зерттейтін стилистика бөлімінің мағынасына phraseologie деген терминді
енгізген, бірақ бұл терминді Батыс еуропа мен американдық лингвистер
қабылдамады және олардың еңбектерінде басқаша үш мағынамен ауыстырылып
қолданылды.
1.Сөз таңдау, сөйлеу формасы.
2.Тіл, буын, стиль
3. Сөйлеу, сөз тіркесі.
Шарль Балли фразеология теориясын енгізуші болып саналады, өйткені ол
алғаш рет сөз тіркесін жүйелеп, өзінің Французская стилистика атты
еңбегіне фразеология бөлімін кірістірген. Ол өзінің еңбектерінде сөз
тіркестердің 4 типін көрсетеді.
1. Еркін сөз тіркесі (Les groupements libres);
2. Үйреншікті тіркестер (Les groupements usuels), мысалы, une grave
maladie-қатаң ауру (Une dangereuse maladie-қауіпті (қатерлі) қатаң ауру);
3. Фразеологиялық қатар (Les series phraseologiques); мысалы, remporter
une viktorie-жеңіске жету, corin in danger-қатер итөну. Бұл тіркестер
компоненттерінің қайта топтастырылуына мүмкіндік береді.
4.Фразеологиялық тұтастық (Les unites phraseologiques). Бұл секілді
тіркестердің қайта топтастырылуы мүмкін емес. Сонымен, ..Шарль Баллидің
концепциясы бойынша тіркестердің компоненттері еркін топтастырылатын және
ондай топтастыру мүмкіндігі жоқ, тұрақтылық жағдайда әр басқа сөз
тіркестерден құралады.[3, 24 б.].
Кейінгі уақытта атақты лингвист жоғарыда айтылған концепциясын қайтадан
қарап, үйреншікті тіркестер мен фразеологиялық қатар тіркестердің тек
аралық типіне жататындығын атап, қорытынды жасады. Енді Шарль Балли
тіркестердің екі тобын ерекшелеп көрсетті.Олар:
1.Еркін тіркестер;
2.Фразеологиялық тұтастық. Шарль Балли тіркестің фразеологиялылығы
туралы оның синонимі, яғни идентификатор сөздері бар болғанда ғана атады.
Кейін Шарль Баллидің бұл ойлары фразеологиялық тұтастықты (сращения)
ерекшелеудің және фразеологиялықтың бірліктің эквиваленттік теориясын
өңдеудің негіз болып қаланды. Уақыт өте келе, Шарль Баллидің фразеологияға
қатысты зерттеу әлдеқайда алға қадам басты. Фразеологиялық зертеудің жаңа
қадам басып келе жатқан кезіндегі атақты ғалымның жасаған еңбектері ендігі
фразеологиялық зерттеудің әрі қарай дамуына әсер етті.
Академик В.В.Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей
фразеологизмнің біртұтас мағынасы мен оларды құрастырушы сыңарлардың
мағыналарының арақатысы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық
(фразеологическое сращения), фразеологиялық бірлік (сочетания) деп, үш
түрге бөледі [3, 55 б.].
Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н. М. Шанскийді аталған
классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі
фразеологиялық сөйлемше (выражение) деп есептейді. Енді фразеологиялық
оралымдардың аталған түрлерінің әрқайсысына тоқталайық:
1.Фразеологиялық тұтастық. Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын,
біртұтас мағынасы сыңарының мағынасымен жуыспайтын (байланыспайтын)
фразеологиялық оралым фразеологиялық тұтастық деп аталады. Фразеологиялық
тұтастық құрамындағы сыңарлар (сөздер) бір-бірімен біте қайнасып,өзара
тұтасып, бітісіп кетеді де бүтіндей тіркес семантикалық жақтан бөлінбейтін
біртұтас единица ретінде ұғынылады. Мысалы, орыс тілінде во всю ивановскую
(бар дауысымен өте қатты), собаку съел (бірдеме жайында үлкен тәжірибе
алған, өте шебер болып алған), ит өлген жерде (өте алыста, шалғайда), аузы-
мұрны қисаймастан-ұялмастан, шімірікпестен деген фразеологиялық
тұтастықтардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы
сыңарлардың мағыналарынан келіп тумайды, олармен мүлдем жанаспайды,
байланыспайды. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген фразеологиялық
тұтастықтың білдіретін бір бүтін мағынасын (ұямастан, шімірікпестен) осы
тіркестің құрамындағы аузы-мұрны және қисаймастан деген сөздердің
білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді. Орыс тілінде собаку съел деген
фразеологиялық тұтастықтың мағынасы өзін құрастырушы үш сөздің (ит, өлген
және жерде) бірде-біреуінің мағынасымен байланыспайды, әңгіме ит туралы да,
оның өлгендігі немесе өлген жері туралы емес. Бұл фразеологиялық тұтастық
бүтін қалпында “өте алыс, тым шалғай” деген мағынада жұмсалады.
Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тіркесінен жасалғанмен,құрамы
бөлшектерге ажыратылмай, зат пен құбылыстың, сапа мен белгінің немесе іс –
әрекеттің бір бүтін атауы ретінде жұмсалады. Сыңарларының бір-бірімен біте
қайнасып кетуі және, осыған орай, мағыналық жақтай дербес бөлшектерге
ажыратылмауы жағынан фразеологиялық оралымдар негізгі сіңіскен негіз болып
саналатын сөздерді (слова с опрощенной основой) еске түсіреді. Сіңісу
процесінің нәтижесінде сөздің бастапқы мағыналық бөлшектері бір – біріне
сіңісіп кетеді де,сіңісу процесіне ұшыраған сөз тілдің қазіргі тұрғысынан
алғанда,мағыналық бөлшектерге (морфемаларға) ажыратылмайтын, бір бүтін (бір
тұтас) сөз (немесе негіз) ретінде ұғынылады. Мысалы, бүлік, бүлін, бүлдір
деген сөздер, тарихи (этимологиялық) тұрғыдан алғанда, мағыналық
бөлшектерден (бүл-ік, бүл-ін, бүл-дір) құралғанмен, бұл күнде морфемаларға,
яғни мағыналық бөлшектерге ажыратылмайтын сөздер (бір бүтін лексикалық
единицалар ) ретінде танылады. Фразеологиялық тұтастықтар да осылар сияқты.
Сөздердің (ал сөздер табиғатында мән-мағынасы бар единицалар болып
саналады) тіркесінен құралғанмен, фразеологиялық тұтастықтар тілдің қазіргі
қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге ажыратуға келмейтін, бір
бүтін (бір тұтас ) единица ретінде қызмет атқарады. Сіңісу процесі
нәтижесінде сөздердің мағыналық бөлшектері (морфемалары) бір-бірімен біте
қайнасып,бір-біріне сіңісіп кететіні сияқты,фразеологиялық тұтастықтардың
да бөлшектері (сөз сыңарлары ) мағыналық жақтан бір-біріне сіңісіп кетеді.
Мағыналық бөлшектері (морфемаларға) бір-бірімен жымдаса сіңіскен сөздердің
қәзірде морфемаларға ажыратылмай, бір бүтін түбір сөз (немесе туынды емес
негіз) ретінде ұғынылатыны сияқты фразеологиялық тұтастықтар да қазірде
мағыналық бөлшектерге ажыратылмайтын, семантикалық бір бүтін единица
ретінде ұғынылады. Фразеологиялық тұтастықтың осы қасиетін ескере келіп, В.
В. Виноградов оны (фразеологиялық тұтастықты) "ертіндіге айналған
лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы" тәрізді деп есептейді.
Белгілі бір фразеологиялық тұтастықтың құрамы басқаша емес, неге
осылай, яғни неге басқаша сыңарлардың емес, құрамында бар сыңарлардың
(сөздердің) тіркесуін жасалған деген сұраққа тілдің қазіргі қалпы
тұрғысынан жауап беру қиын. Атауға алғашында негіз болған белгі уақыт озған
сайын күнгірт тартып, ұмыт болады. Мұның туынды емес сөзге де
фразеологиялық тұтастылыққа да қатысы бар. Белгілі бір фразеологиялық
тұтастықтың құрамы басқаша емес, неге осылай деген сұраққа тілдің қазіргі
қалпы тұрғысынан жауап беру қиын деуіміздің де себебі осыдан. Бұл сұраққа
жауап беру үшін этимологиялық анализ керек [3, 26 б.].
Кейбір фразеологиялық тұтастықтардың еркін сөз тіркесімен омонимдес
болып келуі мүмкін. Мысалы, Жұмысқа ат үсті қарауға болмайды дегенді ат
үсті деген тіркес "жеңіл-желпі" деген мағынада фразеологиялық тұтастық
болып саналады. Бұл тіркес ыңғайына қарай еркін сөз тіркесі ретінде де
қолданылады.
2.Фразеологиялық бірлік. Фразеологиялық оралымдардың бұл түрінде
фразеологиялық тұтастық сияқты, семантикалық жақтан бөлінбейтін біртұтас
единица. Мысалы, ауырдың үсті, жеңілдің астымен, тілі қышу, түймедейді
түйедей ету, таға таңба басқандай, және.т.б. Орыс тілінде мынандай
фразеологиялық оралымдар фразеологиялық бірлік делініп саналады: выносить
сор из избы (жақын адамдардың немесе шағын топтың өз арасындағы
керістіі,таласты жария ету), стреляный воробей (“қу мүйіз,тіс қаққан ала
аяқ”), семь пятниц на неделя (“өз шешімін, көңіл күйін өзгерте беру құбыла
беру”), кровь с молоком (ден саулығы мықты адамдар туралы, жүзі жайнаған,
нарттай қызыл, ағы ақ, қызылы қызыл), плясать под чужую дудку (біреудің
айтқанына көніп, айдағанына жүру).
Туынды сөздің бір тұтас мағынасы өзін құрастырушы бөлшектердің
(морфемалардың) мағыналардың қосындысынан пайда болатыны сияқты,
фразеологиялық бірліктің де бір тұтас мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың
мағыналарының бірлігінен пайда болады. Бірақ фразеологиялық бірліктің
табиғатын,оның бір тұтас мағынасының туынды екендігін түсіну үшін, оны
жалпы туынды сөздің емес, образды қасиеті бар туынды сөздің мағынасымен
салыстыру дұрыс болмақ. Мысалы, тілі қышу, мақтамен бауыздау, түймедейді
түйедей ету тәрізді фразеологиялық бірліктердің табиғатын түсіну үшін
оларды сулы, сусыз, ақылды, ақылсыз, ақылсыздық деген туынды сөздермен,яғни
образды (астарлы) мағынасы бар туынды сөздермен салыстыру анағұрлым тиімді.
Сулы, сусыз, ақылды, ақылсыз ақылсыздық деген туынды сөздердің мағыналары
құрастырушы бөлшектердің (су-лы, су-сыз ақыл-ды, ақыл-сыз, ақыл-сыз-дық )
қосындысы ретінде ұғынылады, бірақ бұлар (туынды сөздер) осы қалпында (жеке-
дара күйінде) образды мағынаға ие бола алмайды. Ал жүрек, жол деген
сөздерден жасалған жүректі (батыл) жүрексіз (қорқақ), жүрексіздік
(қорқақтық) жолсыздық (ешбір ретке келмеушілік, жөнсіздік, ретсіздік )
деген туынды сөздердің әрқайсының мағынасы – құрастырушы бөлшектердің
қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес образды туынды
мағына. Фразеологиялық бірліктердің де мағынасы осы сияқты. Олардың
біртұтас мағынасы – құрастырушы сыңарлардың мағыналарының қосындысынан
пайда болатын жай ғана туынды мағына емес, образды туынды мағына,астары бар
мағына.
Фразеологиялық бірлік мағына бірлігіне негізделеді.“Мұндай
фразеологиялық бірлікте сөздер жалпы образдың бірлігіне бағынады”.
Фразеологиялық бірлікті құрастырушы сыңарлар, мысалы, мақтамен бауыздау
деген тұрақты сөз тіркесінің мақтамен деген сыңары да,бауыздау деген
сыңары да өздігінен образды мағынаға ие бола алмайды да,мұндай мағынаға бұл
сөздер тіркескен күйінде, яғни бір бүтін тұрақты сөз тіркесі күйінде ғана
ие болады. Бүтіндей тіркес астарлы мағынаға ие болып, оның сыңарлары
(сөздер) бір тұтас образды мағынаның бірлігіне бағынады [3, 41 б.].
Сыңарлардың жиналып келіп,бір бүтін образды мағына ретінде көрінуі
фразеологиялық бірліктің негізгі қасиеті болып саналады. Фразеологиялық
бірліктің негізгі қасиеті болып саналады. Фразеологиялық бірлік өзімен
омонимдес еркін сөз тіркесінен бір бүтін образды мағынаны білдіру қасиеті
жағынан ажыратылады. Мысалы, тілі қышу, қолға алу, бел буу тәрізді сөз
тіркестері образды мағынасында (тілі қышу - “бірдеме деуге
ынтығу,асығу,құмарту”, қолға алу - “кірісу,тікелей шұғылдану”, бел буу -
“шешімге келу”) фразеологиялық бірлік ретінде ұғынылса,тура мағынасында
еркін сөз тіркесі ретінде ұғынылыды.
3.Фразеологиялық тізбек. Фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті
мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің
тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады.
Фразеологиялық тізбектің қатарына орыс тіліндегі щекотливый вопрос,
закадычный друг, трескучий мороз, расквасить нос тәрізді тұрақты сөз
тіркестері мен қазақ тіліндегі мидай дала, асқар тау, шалқар көл, су жаңа
тәрізді сөз тіркестері енеді. Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті
мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса,
фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірең – сараң сөзбен ғана
тіркеседі. Мысалы мидай дала, шалқар көл деген фразеологиялық тізбектердің
құрамындағы дала және көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала
берсе (мысалы: жазық дала, кең дала, үлкен дала, терең көл, кішкене көл
және т.б.), фразеологиялық байлау мағынасындағы мидай сөзі дала сөзімен,
шалқар сөзі көл немесе шабыт (шалқар шабыт) сөзімен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің басқа сөздермен тіркесіп
жұмсалу мүмкіндігі шектеулі (шағын, аз)мұндай мағынадағы (фразеологиялық
байлаулы мағынадағы) сөз фрзеологиялық тізбектің бір сыңары, тұрақты
сыңары, ретінде жұмсалады. Мысалы, ата сөзі “ ежелгі ескі” деген
фразеологиялық байлаулы мағынасында тек мекен, жау деген сөздермен ғана
тіркесіп, аталған мағынасында ата мекен, ата жау деген фразеологиялық
тізбектердің құрамында ғана қолданылады және олардың тұрақты сыңары
ретінде жұмсалады. Фразеологиялық тізбектің фрзеологиялық мағынасындағы сөз
өзімен синонимдес сөзбен ауыстырылуы мүмкін. Мысалы, асқар тау – биік
тау, қыпша бел – жіңішке бел, ата мекен – ежелгі мекен, тас қараңғы – өте
қараңғы, мидай дала – жазық дала және т.б. фразеологиялық мағынадағы сөз
өзімен мәндес (синонимдес) сөзбен ауыстырылғанда, еркін сөз тіркесі
жасалады да, ондай тіркес фразеологиялық тізбекпен бір синонимдік қатарға
енеді.
4.Фразеологиялық сөйлемше. Фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы
ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолдануы тұрақты
болып келеді. Мысалы, Айдағаның екі ешкі ысқырығың жер жарады, шегірткеден
қорыққан егіс екпес, көрпеңе қарап көсіл, т.б.
Құрастырушы сөздердің байланысының сипаты жағынан және білдіретін мағынасы
жағынан фразеологиялық сөйлемшелердің кәдімгі еркін сөз тіркестерінен
немесе сөздердің жалпы еркін тіркесуінен ешбір айырмашылығы жоқ десе
болады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы басқа жағында. Еркін сөз
тіркестері мен сөйлемдер сөйлеу кезінде жасалса,фразеологиялық сөйлемшелер,
жалпы фразеологиялық оралымдардың басқа түрлері сияқты,өзінің тұрақты
құрамы мен мағынасы бар даяр единица ретінде сол қалпында жұмсалады. Мысал,
оқытқаның-бала, оқығаның-кітап деген сөйлемді сөйлеуші адам жеке сөздерді
тілдің грамматикалық заңдары бойынша бір-бірімен тіркестіру арқылы сөйлеу
кезінде құрастырса, айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады деген
фразеологиялық сөйлемшенің жадында сақталған қалпында, шып-шырғасын бұзбай,
даяр күйінде қайталайды. Сондай-ақ, Аузы күйген үрлеп ішер; Құрғақ қисық
ауыз жыртар; Темірді қызған кезде соқ; Сорлыға сойылдың жуан басы тиер;
Тауықтың түсіне тары кірер тәрізді фразеологиялық сөйлемшелер де құрылым
жағынан сөйлемдер сияқты болғанымен, сөйлеу кезінде конструкцияланбай,
қалыптасқан, орныққан күйінде, даяр қалпында жұмсалу қасиеті жағынан
сөйлемдерден ажыратылып, фразеологиялық оралымдардың айрықша бір түрі
ретінде танылады.
Фразеологиялық сөйлемше фразеологиялық тізбектен құрамында байлаулы
мағыналы сөздің болмауы жағынан ажыратылады. Өкінішке орай ағылшын және
амекрикандық лингвистикасында арнайы фразеологизмнің теориясына арналған
еңбектер өте аз. Бірақ, А. Маккей, У. Вейнрейх, Л. П. Смит секілді
авторлардың еңбектері болғанымен, оларда фразеологизмдерді айрықшалаудың
ғылыми критерилері, фразеологизмдер мен сөздердің арақатынасы,
фразеологизмдердің жүйесі, варативтілігі, жасалуы және фразеологизмдерді
үйрету әдісі секілді іргелі сұрақтар көтерілмеген. Сонымен қатар, ағылшын
және американ ғалымдары фразеологияны лингвистикалық ғылым ретінде
қарастырмайды. Ағылшын тілінде бұл ереженің атауы жоқтығы да осымен
түсіндіріледі.
Фразеологизмдік бірліктер тілдің сөздік сөздеріне қосылады, ал
фразеология – фразеологизмдер эквивалентті сөздер ретінде
қарастырылғандықтан сол себеппен негізінен лексикологиялық құрамға кіреді,
ал лексикология – сөздер мен олардың эквиваленттерін, яғни сөздің
сөздік құрамын зерттейтін – лингвистикалық тәртіп болып табылады.
Бұл теорияның нәтижесінде сөздің фразеологизмдік бірліктерінің
эквиваленттік арнайы жеке қарастыруды талап етеді. Ол барлық өзге
қалғандарын өзгертетін фразеологизмдік айналымның ең жалпы бірлігі
берілген айналымның орнына бір қарапайым сөзді қою мүмкіндігі немесе
болымсыздығы болып табылатынын көрсеткен Ш.Балли дайындаған экспертивті
фактілердің ұқсастығы теориясына алып келеді. Ш.Балли бұндай сөзді ұқсас –
сөздер деп атады.
Ш.Балли ұқсас синонимдердің көптігін фразеологизмдік бірліктердің
тұтастығының ішкі белгісі ретінде қарастырылады.
Мұндай көзқарас қарсылықты тудырады. Фразеологизмдік бірліктердің
семантикалық тұтастығы мұндай жолмен емес, себебі сөздердің ауыспалы
тіркесі синоним – сөздермен тұруы мүмкін. Сонымен қатар, көптеген
фразеологизмдік бірліктер, ұқсас сөздерге ие емес және ауыспалы сөз
тіркестерінің көптігімен ғана теңесуі мүмкін, мәселен, drink like a
fish=drink too much, a hard wet to crack=a very difficult problem, in a
small way on a small scale және т.б.
Фразеологизмдік бірліктердің семантикалық тұтастығы оның мәтін жеке сөз
ретінде оның компонентерінің мәнімен салыстырғанда, сондай-ақ оның мәтінде
қолданылу ерекшеліктерін табумен анықтауға болады[3, 64 б.].
Қазіргі ағылшын тілінде негізгі функциясы-тілдің эстетикалық аспектісін
күшейту болып табылатын фразеологизмдер бар. Көптеген фразеологизмдер салт-
дәстүрге, дінге, тарихи деректерге байланысты жасалған болса, сонымен қатар
ағылшын фразеологизмдердің біраз бөлігі көркем шығармалардың арқасында
жасалады. Ағылшын тілінің фразеологиялық қорын біраз молайтқан сол елдің
белгілі классигінің туындылары. Олардың саны 100-ден асады.Танымал
шекспиризмдерге мысал келтіріп кетейік:
To cudgel one`s brains-ломать голову над (чем-либо)-басын қатыру.
To be hoist with one`s own retard-попасть в собственную ловушку.
ысты фразеологизмдердің көп жағдайда соңғы компоненті етістік, әсіресе,
тұйық етістік болып келсе, орыс фразеологизмдерінің соңғы компененттері
есім сөз болып келеді. Ал ағылшын тіліндегі сөйлемдердің бекітілген
құрылымы болмаған соң, белгілі ретпен орналаспайды. Ондағы
фразеологизмдердің соңғы компоненті әр түрлі сөз To shuffle off (this
mortal coil) - покинуть этот бренный мир, (покончить (счеты с жизнью)) -
дүниеден өту ( көшу) (дүниеден аттану (кету)). Орыс тіл білімінде
фразеологизмдердің стильдік қабаттары туралы ғалымдар кезінде өз ойларын
ғылыми пікірталас ретінде ұсынған. Орыс фразеологзмдерінің стилистикасы
туралы ой айтушылар қатарына олардың бірді-екілі ең маңызды пікірлерін
келтіре кеткеніміз жөн. Мәселен, А. И. Ефимов(1961ж) фразеологизмдердің
шығу тегі мен функциясы бойынша ертегілік формалар, фольклорлық, ахаизмдер,
қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеогизмдер, халық мақалдары деген
классификацияны ұсынса, А.Н.Гвоздев (1965ж) бұған қосымша кітаби
фразеологиядағы идиоматика, риторика, пуьлистикалық, тұрмыстық, әдеби,
идиоматикалар-стильдік қабат құрайды дейді. Одан кейінгі авторлар, мәселен,
Л.С.Вирсяева (1969) кітаби фразеологизмдерді 5 түрге, стильаралық 3 түрге
ұсақтап бөледі. Осыған ұқсас Е.А.Малиновскийдің (1971)тұрмыстық сөйлеу
тіліндегі фразеогизмдер, кітаби, стильаралық деп бөлгендері бар.
Қазақ тілінде фразеологизмдер туралы теориялық мәселер мен олардың
түрлерін бөлу жөніндегі пікірталас орыс тілімен сабақтас. К.Аханов,
І.Кеңесбаев пікірлері В.В.Виноградовтың анықтамасынан алыстамайды.
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев оқулығында фразеологизм идиомаға және фразаға
бөлінеді.
Қазақ тілінде фразеологизмдердің стильдік аспектісі,яғни жанрлық-
стильдік дәрежеленуі (дифференциялануы) бар. Фразеологилық қорды бұлай
жүйелеу-лексикологидағы сөздердің қолдану аясына қарай о баста қалыптасқан
принципке сай жүзеге асырылады.
Фразеологиядағы мағыналас қатардың топтарын антропоцентрлік және
тілдегі адамдық фактор тұрғысынан мынадай фразеосемантикалық өрістерге
жіктеуге болады. Бұл ретте мағыналас қатарларды алдымен жалпы
фразеологиялық семантикаға негіздей отырып, жалпыдан жалқыға сияқты
иерархиялық принциппен жүйелегенді жөн көрдік. Мұнда жеке сөз бен
фразеологиялық тіркес те доминант болуы мүмкін. Қатар ішінде мағыналы
дифференцияның тереңдеуінен жалпы ұғымның түсінігі сатыланып, нақтылана
береді.
Психологтар сезім мен эмоцияны екі түрлі ерекшелік ретінде қарастырады.
Ал қолданыс ыңғайында бұл екі сөз көбінесе синоним ретінде жүретіні бар.
Бірақ ғылыми тұрғыда екеуі екі басқа, әрі бірін-бірі толықтырып отыратыны
психикалық жайттар. Сезім адамның қажеттеріне сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының сәйкес келу,келмеу нәтижесінде пайда болады дейді
психологияда. Ал эмоция адамның сезімі арқылы түрлі қажеттердің орындалуы,
өтуі барысында пайда болатын ұнамды, ұнамсыз жағдайда туатын реңктер.
Эмоцияның ең қарапайым түріне-қанағаттану, қанағаттанбау түрлері жатса, ең
күрделі түріне –қуаныш, қайғы, қорқу, үрейлену, ашулану сияқты сеғзімдер
жатады. Фразеологиядағы синоним фразеологизмдердің ерекшелігі адамның көңіл-
күйіне бір сәттік психологиялық жағдайына байланысты туған
фразеологизмдерде синонимдік қатар өте көп. Мәселен, ренжу, ашулану екеуі
де екі түрлі сатыдағы психологиялық жағдай. Ренжу алғашқы сатысы десек,
ашулану-оның жоғарғы басқышы іспеттес. Мұнда сөз жоқ, жоғарғы эмоциядан
тұратын ашулану ұғымына байланысты синоним-фразеологизмдердің қатары тым
мол болатыны даусыз.
Ағылшын тілінде:
Bear somebody malice-затаить злобу, злобствовать, иметь злые намерения;
Set up one`s-ощетиниться, рассердиться;
Get somebody`s - рассердиться, разозлиться, вывести из терпения;
Get somebody`s goat - разозлить, рассердить, вывести из себя;
Bear a grudge against somebody - иметь зуб против кого-л;
Lose one`s shirt - выйти из себя, рассердиться, вспылить;
Орыс тілінде:
1.Доходить до белого коленя,
2.рвать и метать.
3.Лопаться от злости.
Қазақ тілінде:
1.Түсін бұзу;
2.көзі шатынау;
3.көзінен от шашу;
4.көзін алайту;
Ашулануға байланысты фразеологизмдердің ұзын санына көз жүгіртсек,
синонимдік қатарлары өз ішінде синонимдерге бөлінеді деу қиын. Себебі
қандай жағдайда болса да қатты ашуланған адамға жоғарыдағы тіркестерді
контекст ыңғайында стиьдік мақсатпен бірінің арасына бірі мәндес,ыңғайлас
боп жұмсала беретіні бар.
Жұмыс барысында ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі мағыналас
фразеологизмдерді салғастыра отырып олардың бірер эквиваленттілігін
анықтауға қадамдар жасалды.
• Әркелкі тілдер подгруппасына жататын аталған мағыналас
фразеологизмдердің бір-біріне іспеттес.
• Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерді
салғастырсақ,олардың тұлғалық жағынан бөлектіліктері көрінеді.
Мәселен, ашулануға байлантаптарынан тұрады. Тілдегі
фразеологизмдердің пайызы елдің мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты,
өйткені фразеология мен этимология сол елдің мәдениетінің көрінісі.
Фразеология это-сокровищница языка,-деп А.В.Кунин аңғарғандай-ақ тілдің
балығы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Ағылшын тіліндегі идиомалар
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың мәселелері
Қазақ поэзиясының тарихи контексті
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары
Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Пәндер