Айыптау мазмұны бойынша басты сот талқылауының шегі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АЙЫПТАУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ШЕГІ

А. Ә. Бектұрғанова

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

Басты сот талқылауының шегі дегеніміз - бұл сот талқылыуының жалпы жағдайы, яғни қылмыстық іс жүргізу қағидаларына сәйкес сотталушы мен айып мөлшерін көрсететін басты сот талқылауын айыптау мазмұны бойынша көрсетеді.

ҚР ҚІЖК-нің 320-бабының 1 тармағына сәйкес басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі. Міне осы тұрғыда заң шығарушы айыптау мазмұны бойынша басты сот талқылауының шегі анықталады.

Зерттеудің бірінші тарауында келесі қорытынды негізделді:

Біріншіден, басты сот талқылауында іс бойынша жария және жеке жария айып прокурордың шығарған соңғы айыбы арқылы анықталады. Прокурордың шығарған соңғы айыбы болып прокурордың өзі қолдануы немесе өзгерту енгізуінде, немесе ол айып алдын ала сот отырысының тыңдауында бастапқы айып тағуында, немесе айып жалпы басты сот отырысында бастапқы айыпты өзгерте алуы.

Екіншіден, басты сот талқылауында іс бойынша жария және жеке жария айып тағудан прокурордың толық бас тартуы жәбірленушіге байланысты анықталады, осы іс - әрекетке қатысты прокурордың айып тағудан бас тарту пікірі істі тоқтатылуы немесе жалғастырылуы мүмкін.

Үшінші, жеке айып ісі бойынша басты сот талқылауының шегі сотқа берілген жәбірленушінің арызы бойынша анықталады.

Сот мемлекеттік айыптаушының өзгерткен айыбы бойынша айып тағуы дәлелдемелерді тексеруге міндетті және сол айып мөлшері бойынша үкім шығаруы басты сот отырысындағы мемлекеттік айыптаушының көрсеткен шегінде ғана жүзеге асырылады.

Басты сот талқылауында айыпты мазмұны бойынша тексеруді бастамас бұрын, сот талқылауына қажетті айып түсінігіне, құрылымы мен мазмұнына тоқтағанды дұрыс санаймыз. Қылмыстық іс жүргізу теориясында айыптау түсінігі екі тұрғыдан қарастырылады: іс жүргізудегі айып және материалды-құқықтық айып ретінде. Іс жүргізудегі айып заңмен басқарылатын органдар және тұлғалардың қылмыс істеген кінәліні әшкерелеуге бағытталған және оны соттаудағы әрекеті. Айып материалды-құқықтық тұрғыда іс жүргізушілік құжаттарда былайша анықталады, яғни құқыққа қарсы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік жеке нақты тұлғаға өзгертілуі арқылы түсіндіріледі.

Осылайша Ф. Н. Фаткуллин айып бойынша іс жүргізушілік мәнді заңда негізделген іс жүргізушілік әрекетте құзыретті орган немесе тұлғаның айыпталушының оның қылмысы бойынша әшкереленген қылмыстық жауаптылықты жария түрде өткізуге жету керек деген [1, с. 12] .

Айыпты материалды-құқықтық түсінігінде Ф. Н. Фатикуллин іс бойынша айыпкерге айыптау қоғамға қауіпті құқыққа қайшы фактінің, қылмыс құралының нақты, сол үшін қылмыстық құқықтық жауапкершілікті мойнына алатын тұлға кінәлілігі бойынша сотталуы керек. Басқаша айтқанда, айыптау өзіндік қылмысты ашу органының моделі, ол фактілік және заңдық сыны бар қылмысқа қылмыстық заң нормаларының сілтемесі [1, с. 13] . Осыған орай, айып материалды-құқықтық тұрғыда іс жүргізушілік мағынада айыптау құралы, яғни айыптау әрекетінің құралы. Айыптау материалды-құқықтық тұрғыда айыптау әрекетінің үлгісі ретінде қарастырылады.

Т. Н. Добровольская әділ айтып өткендей қылмыстық іс жүргізу заңында айыптау түсінігі бірнеше рет кездеседі, бірақ «оның түпкі мәні біреу болғанымен, екі бір бірімен ұқсас, әрі бөлек мағынада көрсетіледі. » [2., с. 7] .

Жоғары да айтылғандарға дәлел ретінде:

ҚР ҚІЖК-нің 7-бабына 13-түсініктемесіне сәйкес қылмыстық ізге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетпен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.

ҚР ҚІЖК 278-бабына сәйкес айыптау қорытындысы бойынша тергеушінің айыптау қорытындысы кіріспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады. Яғни бұл баптарда заң айыптауды материалды-құқықтық тұрғыдан қарастырады.

Айыптау іс жүргізудегі секілді материалдық-құқықтық тұрғыда да, өз құрылымы бар. Айыптау іс жүргізушілік мәні бойынша бірнеше элементтен құралады, олар ең маңызды қызмет атқарады, негізгі әрекеттер айыпталушыны оның қылмыстық әрекетін әшкерелеуден көрінеді. Ондай әрекеттер: айыптау қорытындысын шығару, айыпты негіздеу және айыпкерді сұраққа алу, айыптау үлгісін және айыпкер ретінде шешім шығаруға негіздеу, айыптау қорытындысын бекіту және айыпкерді сотқа өткізу оны іс жүргізу мәні бойынша айыптау элементтерімен біріктірген мәні осы құрылымды көрсетеді.

Айыптың материалды-құқықтық мәнінде ең маңызды орын алатын соттың бірінші инстанциясында осы құрылымның қорытындысы туралы мәлімет.

Айыптау құрылымы айыптың материалдық-құқықтық мәнінде оның жеке бөлшектері арқылы анықталады, яғни олар логикалық тұрғыдан бір-бірінен оқшауланған, бірақ белгілі дәрежеде біртектілігімен қарастырылатын және жекелеген мағыналы маңызды элементтерге негізделеді.

Біздіңше, ең дұрыс ойды Ф. Н. Фаткуллин және сол ойды құптаған ғалымдар айтқан оған: деректер анықтығы, заңи құрылымы және заңи біліктілігі жатады. Бұл ойға қоса ҚРҚІЖК 278 бабына сай құқықтық нормаларын атап өтуге де болады: 278-бап бойынша:

1. Тергеушінің айыптау қорытындысы кіріспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады.

Іс бойынша мән-жай өзімен қылмыстың деректік моделін оның іс әрекеттеріне қатысы бойынша жекелігін көрсетеді.

Заңдық құрастыру- құқықтық модельді яғни қылмыстық құқықтың оған қатысты құрамын көрсетеді. Заңи құрамы бойынша айыптау қылмыс құрамы бойынша жекеленеді. Біртекті қылмыс істің мән жайына байланысты әр түрленеді, немесе ұқсас келеді. Тек екі іс мән жайы бойынша ұқсас болмайды. Әртекті қылмыстар бойынша алдын-ала ойластырылған өзгенің мүлкін жою және алдау арқылы жасалған қылмыстар ұқсас емес. Құқықтық біліктілік айыптауда істің мән-жайы арқылы алынады, және оның құрылымын нақты көрсетуге мінетті. Байқауымызша, айыптаудың құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың дұрыс болу тек дұрыс айыптау құрылымына ғана емес: айыпты өзгертуге, айыпты сотта дұрыс тағуда да алатын орны зор. Айыптаудың құрылымдық элементіне қоса, сотта іске енген өзгертулерде үлкен роль атқарады. Айыптау іс жүргізушілік тұрғыда қылмыстың жасалуы, айып тағушы және т. б. тығыз қатынастағы түсініктерді қамтитындықтан оның құрамын құрайтын әрбір элемент, ол: мән жайы бойынша; заңи құрылым және заңи біліктілігі болмасын сол қылмыстық істің табиғатын нақты көрсете білу керек. Кінәні нақты тұлғаға қолданылатынын көрсетуге бағытталуы керек. Ең көп сұрақ туғызған ол істі мән жайы бойынша қарау құралы еді. Жоғарыда көрсетілгендей айыптау мән жайы - бұл іс бойынша ашылған деректер, яғни нақты айыпкерге тағылған айып құрамы бар белгісі. Мән жайында нақты деректер көрсетілуі керек, яғни іске қатысты элементтердің айып тағылушыға қатысты: объекті, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы белгісі бойынша 4 санаты көрсетілуі керек. ҚР ҚІЖК 207-бабына сай айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы да көрсетілуге тиісті. ҚР ҚІЖК 207 бабына сай:

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс:

  1. оның жасалған уақыты мен орны, қаулыны кім жасаған, айыпталушы ретінде жауапқа тартылушы адамның тегі, аты мен әкесінің аты, оның туған күні, айы, жылы,
  2. айыпталушының айыпталып отырған қылмыстың жасалған уақыты мен орны көрсетілген сипаттамасы, Осы кодекстің 117-бабына сай басқада дәлелденуге тиісті жағдайлар;
  3. аталған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) .

Оған қоса ҚРҚІЖК 117 бабына сай Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар көрсетілген.

1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге :

  • 1. оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, уақыты, әдісі және басқа да мән жайлар) ;
  • 2. қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы;
  • 3. адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер;
  • 4. айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән- жайлар;
  • 5. айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
  • 6. жасалған қылмыс зардаптары;
  • 7. қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
  • 8. әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
  • 9. қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар

жатады.

2. Кәмілетке толмаған адам жасаған қылмыстар туралы іс бойынша дәлелдеуге жататын қосымша мән-жайлар осы Кодекстің 481-бабында көрсетілген.

3. Қылмыс жасауға ықпал етуші мән-жайлар да қылмыстық іс бойынша анықтауға жатады.

ҚР ҚІЖК-278 бабына сай сипаттама дәлелдеу бөлімі көрсетілген.

1. Тергеушінің айыптау қорытындысы кіріспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады. Кіріспе бөлімінде тергеуші айыптау қорытындысы жасалып отырған айыпталушының тегін, атын, әкесінің атын, оның әрекеттеріне баға беріп отырған қылмыстық заңды көрсетеді.

2. Сипаттама-дәлелдеу бөлімінде айыптаудың мәнісі, қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, уақыты, әдісі және басқа да мән жайлар, жәбірленуші туралы

мәліметтер, айыпталушының кінәлілігін көрсететін дәлелдер, оның жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, айыпталушының өзін қорғау үшін көрсететін дәлелдер және осы дәлелдерді тексеру нәтижелері баяндалады. Айыптау қорытындысы істің томына және бетіне салынған сілтемені қарауға тиіс.

3. Қарар бөлімінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер келтіріледі және осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңды көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады.

4. Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнін көрсетіп, тергеуші қол қояды.

Байқағанымыздай, бұл орайда Заң ҚРҚІЖК көрсетілгеннен басқа деректерді керек етпейтінін байқаймыз. Заң шығарушы сипаттама дәлелдеу бөлімінде айыптау қорытындысы бойынша: айыпкердің кінәлілігі формасын, айыпкердің жеке басына қатысты жағдайларды, келтірілген зиян сипаттайтын қылмыс зардабы туралы болғанын көрсеткісі келмей ме? деген сұрақ туындайды. Көрсетілген мән -жайлар ережеге сай айыптаудың заңи құрылымына және заңи біліктілігіне де әсер етеді емес пе.

Біздің көзқарасымыз бойынша бірқатар мәнжайлар қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын көрсетілген нормаларда нақтыланбаған. Мұндай заң тұжырымдары айыптау қорытындысында және айыптау мән жайында ҚР ҚІЖК 117бапта көрсетілмеген мән жайларды талап етпейтіні көрсетілген.

Айыптау шегі құрастырылған айыптау қорытындысы айыптау шегіне сәйкес және айыптау мән жайымен заңи құрастырылған және заңи біліктілік көрсетілген актідегідей бірдей болуы керек. Осыдан, айыптау қорытындысында мән жай бойынша қарастырғанда барлық жағдай қозғалған қылмыстық іске қатысты қозғалмақ. Онда айыпкер ретінде тартылса ҚР ҚІЖК 117 бабында көрсетілгеннен артық нормалар қарастырылмайды.

Оған қоса ҚР ҚІЖК-нің 207-бабының 2-тармағына сәйкес қарастырылған, сондай-ақ осы кодекстің 117-бабына орай дәлелдеуге тиісті өзге де жағдайлардың сипаттамасы. Сол себепті талдау ҚР ҚІЖК-нің 207 және 278 баптары істі мән жайы бойынша қарастыруда қылмыстық іс жүргізу заңының тиісті баптарына онан әрі тереңдету мен қатаңдату керек екенін қылмыстық іс бойынша және дәлелдеу бойынша істің мән жайы бойынша қатаңдату талаптары керек екенін көрсетеді. Қылмыстық іс бойынша айыптауға қажетті дәлелдеуде қандай нақты жайттар сәйкестігін табуға міндетті?

Заң шығарушының қалауы бұл сұрақ бойынша ҚР ҚІЖК -нің 207-278 баптары бойынша сәйкестендіруге керекті жағдай келесідей жағдайларды міндеттеуі керек:

- оқиға мен қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары) ;

- қылмыстық уәж;

- қылмыс зардаптары;

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босататын жағдайлардағы жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар. Осыларға сілтеме жасай отырып, олардың қылмыс шеңберін қысқарту емес, ҚР ҚІЖК 207 бабының тармақтары осы кодекстің 278 бабына сілтеме жасайды, осыған орай нақты мән-жай қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын өз сипатын табу керек және ол туралы іс жүргізу барысында бірнеше көзқарастар

қарастырылған.

Осы тұста Ф. Н. Фаткулинаның көзқарасы дұрыс деп ойлаймыз, қоғаммен бетке басылған деректер, солар айыпталушының жеке тұлғасын теріс көрсететін немесе онымен жасалған қылмыстық ниеттің жеңілдететін болған мен алайда қылмыстың нақты құрамына бейтарап көзқарас бойынша, яғни айыптау түсінігіне енгізілмейді, қылмыстық жауапкершілікке тартқан кезде айыпталушының әрекеттері тек жеке жазаға әсер етеді, қылмысқа әсер еткен мән жай мен жағдай тек алдын алу кезінде қажет, солай бола тұра Ф. Н. Фаткуллинаның негізгі көзқарастарының кейбір жақтары мен келіспеу себебіміз ол айыптау тұжырымдамасы кезінде міндетті түрде қылмыстық іс әрекеттің әдісі, уақытың, орнын көрсету керек дейді, бұл қылмысқұрамы бойынша айыпталушыға айып тағудың негізін анықтау үшін керек [1, с. 30] .

Біріншіден заңның қажеттілігіне сай жасалған қылмыстың уақыты және тәсілі міндетті болып табылады (ҚР ҚІЖК 297, 278 баптары) (ст. ст. 297, 278 УПК РК) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты сот талқылауы
Басты сот талқылауын тағайындау туралы мəселені шешу жəне сот отырысына дайындық əрекеттер
Басты сот талқылауын тағайындау
Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама
Басты сот талқылаулары
Қылмыстық іс жүргізу жүйесіндегі сот тергеуі
Сот үкімі және басты сот талқылауы
Басты сот талқылауының жалпы шарттары
Басты сот талқылауының ашылуы
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz