«Өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша дәрістер



Кіріспе
1 Потенциалды қауіп туралы аксиома
2 Адамның функционалды мүмкіншіліктері және оның өмір сүру ортасымен сыйысушылығы
2.1 Өмір сүру ортасымен адамның сыйысушылығы
3 Еңбек физиологиясының негіздері
4 Өмір сүру ортасының қауіптің деңгейі мен көздері
4.1 Атмосфераның ластануы
4.2 Гидросфераның ластануы
4.3 Литосфераның ластануы
5 Табиғи негативті факторлардың көздері
6 Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері
7 Өмір сүру ортасына және адам ағзасына негативті факторлардың әсері
7.1 Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы
7.2 Ағзаға зиянды заттардың түсу жолдары
7.3 Зиянды заттардың әсері
7.4 Адам ағзасымен удың залалсыздану жолдары
7.5 Қатты улы әсер ететін заттар (ҚУӘЗ)
7.6 Күресуші ұлы заттар
8 Техногенді қауіп
8.1 Механикалық тербелістер
8.2 Электромагнитті өріс
8.3 Лазерлі сәулелену
8.4 Электрлік ток
9 Биологиялық қауіп
9.1 Микроағзалар
9.2 Басқа биологиялық қауіп.қатерлер
10 Әлеуметтік қауіп
10.1 Әлеуметтік қауіптің түрлері
11 Экологиялық қауіп.қатер
12 Төтенше жағдайлар
12.1 Табиғи төтенше жағдайлар
12.2 Антропогендік төтенше жағдайлары
12.3 Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын.ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі

12.4 Төтенше жағдай болу кезінде халықаралық ынтымақтастық
12.5 Төтенше жағдай кезінде шұғыл.қалпына келтіру мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
13 Медициналық қорғау құралдары
13.2 Халықтың жеке қорғаныс құралдары
13.2.1. Дем алу органдарын қорғау құралдары
13.2.2. Теріні қорғау құралдары
13.2.3. Халықтың ұжымдық қорғану құралдары
14 Халық шаруашылық объектілер жұмыстарының және тұрақтылықтарының жоғарылау
15 Технологиялық процестер және техникалық жүйелер қауіпсіздігін жоғарлату
16 АҚ міндеттеріне сәйкес өнеркәсіп аудандарды және қалаларды салу және жобалау
17 Салауатты өмір сүру өмір тіршілік қауіпсіздігінің факторы ретінде
17.1 Жастар мен балалар денсаулығының төмендеуінің себептері
17.2 Салауатты өмір сүрудің құрамы
18 Медициналық көмек көрсетудің негіздері
18.1 Жара түрлері және жаралау кезінде алғашқы көмек
18.2 Қан кетудің түрлері
18.3 Сыну және сыну кезінде алғашқы көмек
18.4 Күю және күю кезінде алғашқы көмек
18.5 Реанимация
Адамның өмір сүрудің әр түрлі жағдайларда қауіптен қорғай мәселелері әлемде біздің ата-бабамыз болуымен бірге пайда болған. Биологиялық әлемнің өкілдерінен адамдарға қауіпті табиғи құбылыстар зиян келтірген.
Қазігі кезде адам көбінесе өзімен жасалған қауіптерден (жол-көлік оқиғалары, өндірісте қайтыс болу, алкоголдан өлім жағдайлары және т.б.) зардап шегеді.
Статистикалық мәліметтері бойынша адамдар табиғи, антропогенді, биологиялық, экологиялық, қоғамдық апаттардан өледі, ауру және мүгедек болады.
Көптеген ғалымдардың еңбектерімен қазіргі уақыттағы қауптерден адамдарды қорғау әдістерді және құралдарды әзірлеу үшін ғылыми алғышарттар жасалынған. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (ӨТҚ) қауіпті және одан адамдардың қорғауын зерттейтін комплексті ғылыми пәні болып саналады.
ӨТҚ оқу пәннің негізгі ережелері:
- Адам қызметі қауіпті;
- қауіп – адамға, сонымен қатар жалпы мемлекетке,қоғамға қауіп төндіреді.
- қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет, қоғам, тұлға үшін міндетіболып табылады. Қауіпсіздік деп қазіргі этаптағы ғылыми және экономикалық өсуіне көнетін қауіп деңгейімен түсіндіріледі. Қауіпсіздік – құптауға болатын қауіп-қатер.
Қауіпсіздік идеологиясын құру, қауіпсізді ойлауын және мінез-құлқын жасау үшін қажетті оқу пәні- өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері болып табылады.
ӨТҚ меңгерген адам қауіптен сенімді қорғалған, басқа біреуге зиян келтірмейді, қауіпті жағдайларда сауатты іс-әрекет жасау қабілеттілігі бар.
- ӨТҚ адамның өмір мен қызмет үрдісіндегі кездесетін барлық қауіпті қарастырады
ӨТҚ міндеттің төрт тобын шешеді:
1 Өмір сүру ортасының негативті әсерінің идентификациясы (тану және сандық баға) ;
2 Адам ағзасына негативті факторлардың әсерін ескерту немесе қауіптен қорғау;
3 Қауіпті және зиянды әсерлердің зардаптарын жою;
4 Адамның дұрыс өмір сүру ортасын құру;
Өмір тіршілік қауіпсіздігінің көрсеткіші өмір сүру ұзақтылығы болып табылады. Алғашқы адам үшін 25 жыл құрайды. Адамға табиғи қауіп әсер еткен. Цивилизацияның жетілуімен байланысты (ғылымның, техниканың, экономиканың және т.б. дамуы) зиянды факторлардың саны өсуде, бірақ негізгі элементі одан қорғану болып табылады. Сондықтан адам қауіпсіздігінің деңгейі өсуде. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтылығы 64,4: ер адамдардың – 61,1; әйел адамдардың – 70,2 жыл.
Жаңа технология құрып табиғатқа басып кірген адамдар жасанды өмір сүру ортасын - техносфераны құрайды. [1, с. 5-8; 2, с. 3-8]

1 Потенциалды қауіп туралы аксиома
Қоғамдық практикалық қызметтің талдауы бекітуге мүмкіндік береді – әр бір қызмет қауіпті болып саналады.
Осы аксиомадан алдын-ала қорғайтын шараларына қарамастан әр қашанда қауіп-қатер сақталатын қорытынды шығаруға болады.
Тәуекел - мүмкін болатын оқиғалар санына уақыт бірлігіндегі жағымсыз зардаптардың қатынасы. Қаіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруға қорғайтын шаралар мүмкіндік беретін кезіндегі тәуекел қабылдауға болатын тәуекел деп санауға болады. Әдеттә жағдайларда адам өлімінің қабылдауға болатын тәуекелі жылына 1000000 жағдайға 1 құрайды. [1, с. 8-16; 3, с. 7-9]

Өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша дәрістің конспекті
пәннің ақпараттық мәліметінен құрылады және адам ағзасына негативті
факторлардың әсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік және төтенше жағдай
пайда болу кезіндегі өндірістік, тұрмыстық ортада қауіпті факторлардың
әсер етуінен пайда болатын зардаптардың жою негіздерінен, адам – өмір сүру
ортасы жүйесіндегі қауіпті және зиянды факторлардың идентификацияның
сұрақтарын баяндаудан, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету кезіндегі
қажетті медициналық қысқаша мәліметтерден тұрады.
Пәннің қандай болсын сұрақтарын өздігімен анық қарастыруға мүмкіндік
беретін оқу және анықтама әдебиеттерінің, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының мемлекеттік нормативтік актының сілтемелері қолданылады.
ПМУ барлық мамандықтарының студенттері үшін.

Кіріспе

Адамның өмір сүрудің әр түрлі жағдайларда қауіптен қорғай мәселелері
әлемде біздің ата-бабамыз болуымен бірге пайда болған. Биологиялық
әлемнің өкілдерінен адамдарға қауіпті табиғи құбылыстар зиян келтірген.
Қазігі кезде адам көбінесе өзімен жасалған қауіптерден (жол-көлік
оқиғалары, өндірісте қайтыс болу, алкоголдан өлім жағдайлары және т.б.)
зардап шегеді.
Статистикалық мәліметтері бойынша адамдар табиғи, антропогенді,
биологиялық, экологиялық, қоғамдық апаттардан өледі, ауру және мүгедек
болады.
Көптеген ғалымдардың еңбектерімен қазіргі уақыттағы қауптерден
адамдарды қорғау әдістерді және құралдарды әзірлеу үшін ғылыми алғышарттар
жасалынған. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (ӨТҚ) қауіпті және одан
адамдардың қорғауын зерттейтін комплексті ғылыми пәні болып саналады.
ӨТҚ оқу пәннің негізгі ережелері:
- Адам қызметі қауіпті;
- қауіп – адамға, сонымен қатар жалпы мемлекетке,қоғамға қауіп
төндіреді.
- қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет, қоғам, тұлға үшін
міндетіболып табылады. Қауіпсіздік деп қазіргі этаптағы ғылыми және
экономикалық өсуіне көнетін қауіп деңгейімен түсіндіріледі. Қауіпсіздік –
құптауға болатын қауіп-қатер.
Қауіпсіздік идеологиясын құру, қауіпсізді ойлауын және мінез-құлқын
жасау үшін қажетті оқу пәні- өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері болып
табылады.
ӨТҚ меңгерген адам қауіптен сенімді қорғалған, басқа біреуге зиян
келтірмейді, қауіпті жағдайларда сауатты іс-әрекет жасау қабілеттілігі бар.
- ӨТҚ адамның өмір мен қызмет үрдісіндегі кездесетін барлық қауіпті
қарастырады
ӨТҚ міндеттің төрт тобын шешеді:
1 Өмір сүру ортасының негативті әсерінің идентификациясы (тану және
сандық баға) ;
2 Адам ағзасына негативті факторлардың әсерін ескерту немесе қауіптен
қорғау;
3 Қауіпті және зиянды әсерлердің зардаптарын жою;
4 Адамның дұрыс өмір сүру ортасын құру;
Өмір тіршілік қауіпсіздігінің көрсеткіші өмір сүру ұзақтылығы болып
табылады. Алғашқы адам үшін 25 жыл құрайды. Адамға табиғи қауіп әсер еткен.
Цивилизацияның жетілуімен байланысты (ғылымның, техниканың, экономиканың
және т.б. дамуы) зиянды факторлардың саны өсуде, бірақ негізгі элементі
одан қорғану болып табылады. Сондықтан адам қауіпсіздігінің деңгейі өсуде.
Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтылығы 64,4: ер адамдардың – 61,1; әйел
адамдардың – 70,2 жыл.
Жаңа технология құрып табиғатқа басып кірген адамдар жасанды өмір сүру
ортасын - техносфераны құрайды. [1, с. 5-8; 2, с. 3-8]

1 Потенциалды қауіп туралы аксиома
Қоғамдық практикалық қызметтің талдауы бекітуге мүмкіндік береді – әр
бір қызмет қауіпті болып саналады.
Осы аксиомадан алдын-ала қорғайтын шараларына қарамастан әр қашанда
қауіп-қатер сақталатын қорытынды шығаруға болады.
Тәуекел - мүмкін болатын оқиғалар санына уақыт бірлігіндегі жағымсыз
зардаптардың қатынасы. Қаіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруға
қорғайтын шаралар мүмкіндік беретін кезіндегі тәуекел қабылдауға болатын
тәуекел деп санауға болады. Әдеттә жағдайларда адам өлімінің қабылдауға
болатын тәуекелі жылына 1000000 жағдайға 1 құрайды. [1, с. 8-16; 3, с. 7-9]

2 Адамның функционалды мүмкіншіліктері және оның өмір сүру ортасымен
сыйысушылығы
Эволюция барысында адам ағзасы әр түрлі өмір жағдайларына бейімделген,
бірақ ағзаға сыртқы ортасының негативті факторларының әсері жалғасуда.
Ағзаның даму үрдісіндегі жүйке жүйесі қоршаған ортамен оның
бірлестігін қамтамасыз ететін жетекші болып саналады. Сыртқы орта мен
ағзаның бірлестігі жүйке жүйесімен және гуморалды жолымен жүзеге асады.
Жүйке реттеу жүйке жүйесімен жүзеге асырылады – біздің денеміздің
барлық мүшелері қамдалған жүйке арқылы бастын және арқа миымен. Гуморалды
реттеу ағзаның ішкі ортасын құрастыратын басқа да сұйықтар және қан арқылы
іске асырылады.
Жүйке орталық жүйке жүйесі және жеке мүшелер және ағза талшығы
арасындағы байланысты құрайды.
Рецепторы – анықтаған факторлардың әсеріне таңдау қабілеттілігі бар
арнайы жүйке талшығы (көздегі тор қабырының фоторецепторлары, құлақ
фонорецепторлары, тамырдың баро – и осморецепторлары, терморецепторлары,
науқастық рецепторлары және т.б.)
Жүйке жүйесінің функциялары рефлекс механизмы бойынша жүзеге асады.
Рефлекс – бұл ішкі немесе сыртқы ортасынан пайда болатын
тітіркендіргіштерге реакция.
Анализаторы - ағзаға әсер ететін тітіркендіргіштің талдауын қамтамасыз
ететін функционалды жүйелері (көру, есту, иіс сезу, тері, қозғау
анализаторлары).
Иммунитет – инфекционды науқастарға ағзаның жұқтырмаушылығы.

2.1 Өмір сүру ортасымен адамның сыйысушылығы
Адам-орта жүйесі тиімді жұмыс жасау және адам денсаулығына зардап
әкелмеу үшін орта мен адамның арасындағы сыйысымдылығын қамтамасыз ету
керек.
Антропометрикалық сыйысушылық жұмыс үдісінде опеатордың жайын (дене
тұрысы), сыртқы кеңістігін шолу мүмкіндігін, адам денесінің өлшемдерінің
ескеруін қарастырады.
Биофизикалық сыйысушылық адам дұрыс физиологиялық күйін және
қабылдауға болатын жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін осындай қоршаған
ортаның құруын түсіндіреді.
Энергетикалық сыйысушылық қозғалыстың нақты жылдамдығының, жұмсалатын
қуаттылығының, қолданылатын күштің қатынасында адамның оптималды
мүмкіншіліктерімен көлікпен бақылау мүшелерінің келісуін қарастырады.
Ақпараттық сыйысушылық. Адам күрделі жүйелерде физикалық үрдістермен
басқара алмайды, үрдістің жолы туралы куәліндіретін дабылды естейді,
аспаптардың көрсеткіштерімен қолданылады. Осындай жағдайда есі мен
назарына жүк салдырмай адам қатесіз қабылдауға және өндеуге болатын ақпарат
қажет.

Психологиялық сыйысушылық адамның психикалық ерекшеліктерімен
байланысты. Адамның қажу күйіне және басқа да психикалық түсу маманның
қызметінің қауіпсіздігін азайтады. Адамның тиісті тиеуі 40-60% максималды
тиеудің аспау керек.

Әлеуметтік сыйысушылық қоғамдық топтың нақты адамға және адамның
нақты қоғамдық топқа қатынасын ескереді. Әлеуметтік сыйысушылық адамның
психологиялық ерекшеліктерімен байланысты, сондықтан оқшауланған
топтардағы экстремалды жағдайды көрсететін әлеуметтік-психологиялық
сыйысушылық деп атайды.

Технико-эстетикалық сыйысушылық адамның техникамен қатынасынан
қанағаттанушылығын қамтамасыз етуінде көрінеді.

[1, с. 27-47; 2, с. 62-77; 3, с. 12-44]

3 Еңбек физиологиясының негіздері

Еңбек физиологиясы – еңбек қызметінің әсерінен адам ағзасының функционалды
күйінің өзгеруін зерттейтін ғылым.
Адам еңбек қызметінің үрдісі барысында әр түрлі жұмыс түрлерін орындайды.
Ол физикалық және ой еңбегі болып бөлінеді. Қазіргі уақытта өндірістік
үрдістердің автоматизациясы мен механизациясымен байланысты еңбек
қызметінде физикалық кедергісі азаяды және жоғарғы жүйке қызметі
жоғарлайды.
Жұмыс қабілеттілігі деп анықталған көлемі мен сапасы бар жұмысты
берілген уақыт аралығында жеткілікті эффективтілігімен орындайтын адамның
потенциалды мүмкіншілігін түсіндіреді.
Ауырлық ұғымы физикалық еңбекке (қолмен көтерілетін жүктің максималды
өлшемі, ауысымына қолдық жүк айналымының мөлшері және т.б.) жатады.
Кедергілеу ұғымы ой еңбегіне жатады (бір қалыпты жұмыс, эмоционалды,
интеллектуалды кедергі және түб)
Демалыс дәне еңбек режимін рационалды ұйымдастыру, еңбек әдетін жылдам
меңгеру жағдайларын жасау, еңбек үрдісін рационалды ұйымдастыру негізгі
болып есептеледі. Осы міндеттердің шешуімен эргономика айналысады.
Эргономика жұмыс орның ұйымдастыру, құрал-сайман мен жабдықтарды құрастыру
бойынша ұсыныс береді.
Негізгі назарды тұрмыс үйлер мен өндірістің микроклиматына аудару
қажет. Микроклимат термо реттеуге әсер етеді. Термо реттеу – адам денесінің
температурасы қалыпты болуына әсер ететін жылуөнімі мен жылуберу арасындағы
тепе-теңдігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы.
Жұмыскерлердің кызып және салқындап кету мүмкіндігінен қорғау
мақсатында жұмыс орынға келу уақыты (сағатпен) белгіленген.
Микроклиматтың қолайлы параметрлерін қамтамасыз ету рационалды
жылытуы, желдетпенің дұрыс құруы, ауа салқындатуы, жылы көздерінің жылу
изоляциялауы, жарықтандыруы болып табылады. [3, с. 44-80]

4 Өмір сүру ортасының қауіптің деңгейі мен көздері
4.1 Атмосфераның ластануы. Адам қызметі табиғаттағы қалыптасқан тепе-
теңдікті өзгертеді. Атмосфераның жоғарғы ластануы үлкен қалаларда
байқалады.
Атмосфералық ауаның негізгі ластану көздері – әр түрлі салалы
өнеркәсіптердің кәсіпорындары, автокөлік және жылу энергетика. ҚР
өнеркәсіптерінен атмосфераға жыл сайын 2 млн.т зиянды заттар түседі, 49,5%
энергетикаға, 22,7% - түсті энергетикаға, 15,7% - қара металлургияға
келеді.
Ластанудың негізгі көлемі Павлодар мен Қарағанды облысына келеді. ҚР
ірі қалаларында 60-80% көлікке , ал Алматы қаласына – зиянды заттардың
бүкіл көлемінен 90% келеді. Ластанудың аса қауіпті нәтижесі смог болып
табылады.
Смогтың екі түрі бар:
-өндірістің газды қалдықтары немесе түтін қоспасы бар қою бұлдыр;
-фотохимиялық смог – күннің ультракүлгін сәулелену әсеріндегі газды
қалдықтардағы фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болатын жоғарғы
концентрациялы ащы газдар мен аэрозолдер жамылғысы.
Смог көз көрерлікті азайтады, ғимарат және метал коррозиясын
жоғарлатады, денсаулыққа кері әсер етеді және халықтың өлім мен
науқастылықтың жоғарлауының себебі болып табылады.
- Қышқыл жаңбырлар атмосферадағы (күкірттік және азоттық қышқылдар)
күкірт пен азот қосылыстардың физикалық және химиялық өзгеруінің
нәтижесінде пайда болады. Аэрозольдердің бөлшектерімен немесе бұлт
тамшыларымен сіңірілген қышқыл булары мен молекулары құрғақ немесе дымқыл
тұнба түрінде жерге түседі.
Биосфераға қышқыл тұнбаның әсері тұра және жанама деп бөлінеді. Тұра
әсері ағаш және өсімдіктердің өлуімен, дем алу мүшелері науқасымен зардап
шегетін халықтың денсаулығының нашарлаумен көрінеді. Қышқыл жаңбырлардың
жанама әсері су мен топырақ қышқылдықтарының өзгеруі нәтижесінде жүзеге
асады.топырақ қышқылдығының өзгеруі құнарлықты төмендетеді. Тұшы
суқоймасының қышқылдықтарының жоғарлауы кезінде тұшы судың қорын азайтады.
Атмосфераның құрамы мен күйі орташа +15° сақталатын жер мен космос
арасындағы жылу алмасу үрдісіне әсер етеді. Соңғы он жылдық бойы
биосфераның орташа температурасының жоғарлауы байқалады.
-Парникті эффект. Атмосферада газ және басқа да қоспалар
концентрациясының жоғарлауымен байланысты жер бетінен жылудың аз мөлшері
космосқа кетеді және жылу биосферада жиналады, сондықтан климаттың жылуына
әкеледі. Осы үрдісте негізгі орның көмірқышқыл газы алады. Алғашқыда
жердегі климатын және температураны біз үшін әдетті болуына
мүмкіндікберетін көмірқышқыл газдың концентрациясы 0,03% құрайды. Соңғы он
жылдық бойы көмірқышқыл газдың мөлшері әр бір 10 жыл 2% өседі.
2050 жылына қарай жердегі орташа температурасы 1,5-4,5°С жоғарлайды,
ол поляр және тау мұздардың еруіне әкеледі және 0,5-1,5 метрге әлем
мұхиттың деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Климаттың жылуы 2100 ж Әлемдік
мұхиттың 2 м деңгейінің көтерілуіне әкеледі.
- Озон қабатының бұзылуы. Техногенды ластанудың анықталған мөлшері
озонды қабатқа түсіп, оны бұзады. Озон қабатының бұзылуы қысқа толқынды
ультро күлгін сәулелердің жердің өтуіне мүмкіндік тұғызады. Ультро күлгін
сәулелену өсімдік үшін қауіпті, онкологиялық және көз науқастарының саны
жоғарлайды.
Озон қабатының бұзылуына әкелетін негізгі заттар хлор мен азот
қосылыстары болып табылады.Озондық қабатқа хлор мен азот түсуінің негізгі
көздері: ұшақтар, ракеталар, жанартаугаздары, фреон қолданылатын
технологиялар, атомдық жарылыстар.
2050 жылына 10% озон қабатының бұзылуы байқалады. [1, с. 51-63]

4.2 Гидросфераның ластануы. Гидросфера ұғымы деп қатты, сұйық және газ
күйінде болатын Жердегі барлық сулардың қосындысын айтуға болады. Жердегі
барлық су қорынан 97,5% ащы су құрайды.
Ауыз су қоры шамалы, сондықтан таза судың сапасын сақтау адамзат үшін
маңызды орын алады. Адам тамақсыз, бірақ сумен 2 ай бойы, ал сусыз –
бірнеше күн өиір сүру мүмкін.
Судың гигиеналық маңызы зор. По данным ІАН 80% инфекционды аурулар
судың нашар сапасымен байланысты.
Жыл сайын Қазақстанда халықты сапалық ауыз сумен камтамасыз етуі
нашарлайды. Халықтың 16,5% ашық су қоймасының суымен қолданылады. Ол
тырысқақтың, гепатиттың және басқа да ішек инфекциялар санының өсуіне
әкеледі. Оңтүстік Қазақстан тырысқақ аурудың жоғары тәуекелі бар
территориясы болып табылады.
Жер бетіндегі су қоймаларының ластағыш көздері тазаланбаған
канализациялық жуынды сулар, теңізге қалдықтардың көмуі мен жоюы, су
көліктермен қолданылуы жәнетанкерлердің апаттары болып табылады.
Әлемдегі су ресурстарды адаммен қолдануында екі бағытты бөледі:
сумен қолдану және сумен тұтыну.
Минералды тыңайтқыштардың (нитраттардың) молшылығы маңызды қауіп
төндіреді. Олар қанға сіңіп гемоглабинмен қосылады, осында метагемоглобин
заты пайда болады. Метагемоглобин оттегінің тасымалдайтын қасиетін
жоғалтады, нәтижесінде адамда оттек аштығы болады.
Ласанудың зардаптары ауыз судың сапасын ғана нашарлатпайды, сонымен қатар
оның қорын азайтады, биосферадағы көптеген заттардың айналымын бұзып, адам
мен барлық тірі ағзалардың науқастығына әкеледі.[1, с. 63-69]

4.3 Литосфераның ластануы. Топырақ – литосфераның үстіңгі қабаты.
Топырақтың үстіңгі қабаты көптеген өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан
құрылған, олардың бөлінуі гумустың пайда болуына әкеледі. Гумустың
құрамында өсімдіктердің көректенетін негізгі элементері бар.
Адам қызметінің барысында топыраққа тура және жанама бұзушылық әсері
пайда болды:
- Құнарлы жерлердің орындарында үйлер мен ғимараттардың құрылысы,
көлік магистральдары, пайдалы қазбаларды шығару қалдықтарының үйіндісі және
террикондар пайда болды;
- Тоғайлардың жойылуы топырақ эрозиясына әкеледі;
- жасанды суқоймалары егістік жерлердің үлкен аудандарын алды;
Жердің қалдықтармен, газ тастамаларымен, мұнаймен, қышқылды
жаңбырлармен, пестицидтермен және минералды тыңайтқыштарымен ластануы жер
құнарлығының төмендеуіне әкеледі. Көкөністердің ас құндылығы төмендейді,
қанда холестериннің саны жоғарлайды, мутагенді және канцерогенді заттардың
әсеріне ағзаның тұрақтылығы төмендейді
Қара және түсті металлургияның негізгі ластануларға никель, қорғасын,
сынап және т.б жатады. Сонымен қатар қоқыс жандыратын зауыттардың, ЖЭЦ
қалдықтары қауіпті болып табылады.
Дәлелденді, Сырдарья ө. суарылатын топырағы қорғаныспен, мыспен,
кадмиймен, фтормен және бормен ластанған. Қарағандының бойындағы топырақ –
ванадиймен, Өскемен – мыспен, қалайымен және т.б. ластанған. Адам ағзасына
осы заттар тиетін болса, физикалық және психофизикалық дамуындағы
аномалияны, тумыстан кемтарлықты туғызады. [1, с. 69-75]

5 Табиғи негативті факторлардың көздері
Органикалық әлемнің толық құбылысынан Күн белсенділігінің тәуелділігі
туралы куәландыратын 20 ғасырдың ортасына мәліметтер жиналды: астықтың
өнімі, өсімдіктердің өсуі және ауруы, жануарлар және балықтар аулаудың
көбеюі, адамдағы инфекционды науқастардың және келеңсіз жағдайлардың көп
болуы.
Жер өміріне күн радиациясы үлкен әсер етеді. Күн айналымы кезінде
белсенді аудандар Жерде көрінеді де жоғалады, ол жер айналасындағы
кеңістікте магнитті дауылды туғызады.
Осы кезендерге жер айналадағы кеңістіктің магнитті дауылдың саны
тәуелді болады. Дауылдың максималды саны наурыз-сәуір және қыркүйек-қазан
айларында болады.
Магнитті дауыл кезінде жүрек-тамырлы және жүйке-психикалық науқастар
жоғарлайды, көлік апаттардың саны 30 % өседі, сонымен қатар эпедемияның
жоғарлауы көрінеді.
Өзгеретін магнитті дауылдар қосымша токтың өткізгіштерде пайда болуына
жол береді. Магнитті дауыл кезінде артық ток мүмкін деңгейін жоғарлатады,
ол энергожүйелер мен байланыстың кабелдік желілерді тепе-теңдіктен
шығарады.
Тәжірибеге геофизикалық жағдайлар бойынша жағымсыз күндер туралы
халыққа хабар береді.
Ауа райының өзгеруі атмосфералық қысым, температура және ылғалдылықпен
қоса болады. Климаттың қалыптасуында желдер басты рөл атқарады.
Атмосферадағы ауа қозғалысы құйынды сипаттамасы бар ағыстың бір біріне
қосыла келгендімен жинақталады.[3, с. 140-145]
ҚР Қазгидромет халыққа осындай қауіп-қатер кезінде хабар береді:
Дауыл (жел ұзақтылығы - 32 мс жылдамдығынан аса), теңіз дауылы
(теңіздің толқындауына әкелетін қатты жел – 20 мс жылдамдығынан аса),
боран (тез арада қысқа уақытта желдің 20-30 мс дейін жоғарлауы оның
бағытының өзгеруімен қоса байқалады), қатты жел (14 мс аса), құйын (100
мс аралығындағы ауаның айналу жылдамдылығы), күшті құйын (жылдамдығы 100
мс және одан да көп 1000 м диаметрлі қатты жел), ұзақты жаңбыр (бірнеше
тәуілік бойы үзіліссіз болуы), қатты қар (12 сағ 20 мм аса тұнба), қатты
дауыл (12 сағ және одан да көп болатын ұзақтылығы, 15 мс аса желдің
жылдамдығы), қатты мұзтайғағы (20 мм және одан да көп даиметрлі
өткізгіштерінің үстіңдегі мұздың болуы), бұршақ, құйын, найзағай, үсік
(ауаның тәуілікті температурасының оң болуы кезінде 0°С дейін), ауа
температурасының лезде төмендеуі, жоғарлауы (1-2 тәулікте 10°С ауа
температурасының өзгеруі), қатты тұман (12 саң ішінде 100 м дейін
көріністің нашарлауы), шанды дауыл (12 сағ болатын ұзақтылығы, жел
жылдамдығы 15 мс), құрғақшылық (25°С аса ауа температурасы, 30% кем
ылғалдылық)[4, с. 25-27]

6 Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері
Тұрмыстық орта деп тұрмыстағы адамға әсер жасайтын элементтер мен
факторлардың жиынтығын айтады.
Қазіргі үйлер экология жағынан онды деп айтуға болмайды: құрылыс және
өндеу материалдарымен қоса жабдықтар және жиғаздармен ағза үшін зиянды
физикалық және химиялық факторларды енгізеді; желдетпе жүйелері пәтерлер
ауаның тазалау міндеттеріне жауап бермейді; микроклимат және шу режимі
бұзылады; қоқыстың эффективті жою сұрақтары шешілмеген. Ауадағы зиянды
заттардың концентрациясы бөлмеде он немесе жүз есе даладан қарағанда
жоғары.
Негізгі ластанушы формальдегид болып табылады – синтетикалық
материалдардың құрамына кіретін түссіз газ. Синтетикалық материалдар
винилхлорид, күкіртсутек, аммиак, ацетон және т.б қосындыларды шығарады.
Осының барлығы көздердің шырышты қабаттарын, жоғарғы дем алу жолдарын
тітіркендіреді, бас ауруына және жүрек айнауына әкеледі.
Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттармен абайлап қолдану керек:
еріткіштер, ацетон, жанар май, сонымен қатар ауру тудыратын өсімдіктерден,
арам шөптен, құртқұмырсқалармен күресу үшін у химикаттары.
Тазалғыш және жуғыш синтетикалық заттар бу мен ұнтақ демін ішке тарту
кезінде аллергиялық реақциялар тудырады.
Қауіп газдың ағып кету сонымен қатар өнімдердің жану мүмкіндігінен
болатын газды жабдықтары боп көрсетіледі. Адамға электр өрісі әсер етеді.
Телевизор алдында көп уақыт бойы тұруға болмайды, өйткені тибиғи фонымен
салыстырылатын сәулелену мөлшерін алуға болады.
Жоғары радиобелсенділігі бар материалдар тұрмыс үйлердің құрылыс
конструкцияларына өту мүмкін.
ДСӘҰ мәліметі бойынша 70 % зиянды компоненттер ас тағамдарымен адам
ағзасына түседі, сонымен қатар алкоголь құмар адамдардың денсаулығы үшін
зиянды болып табылады.
Темекі түтін дем алу зиянды болып табылады. АҚШ санауы бойынша, жыл сайын
500-5000 өлімі пассивті темеку тартумен байланысты. [3, с. 145-152]

7 Өмір сүру ортасына және адам ағзасына негативті факторлардың әсері
Бүкіл факторлар ағзаға әсер ету дәреже мен сипаттамасы бойынша зиянды және
қауіпті болып табылады.
Зиянды – анықталған жағдайларда науқасқа, қауіпті – анықталған
жағдайларда жарақаттануға әкелетін негізгі себебі болып табылады.
Табиғатының әсері бойынша қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:
- физикалық – барлық қозғалатын, кесетін, қулайтын; барометрикалық
қысымның, температураның жоғарлауы-төмендеуі; жоғарғы – түтіндеуі,
газдануы, шу, діріл, ультродыбыс, инфрадыбыс, ионды, электромагнитті
сәулелену, ультрокүлгін және инфрақызыл радиация; жарық ағымының
пульсациясы, жарқылдылығы, жарықтылығы; жарық түсудің аздығы, жарықтану
қарсыластығының төмендеуі.
- химиялық – технологиялық процестерде қолданылатын зиянды заттар;
өнеркәсіп улары; у химикаттары; тағайындауы бойынша дұрыс қолданылмайтын
дәрі-дәрмектер құрылғылары.
Биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері
және олардың өмір тіршілігі үшін қажетті тағамдары; өсімдіатер және
жануарлар; қоршаған ортаның биологиялық ластанулары.
Психофизикалық – еңбекті ұйымдастыру және сипаттама ерекшеліктерімен
ескертілген өндірістік факторлар; ой жоғары кернеулігі, анализаторлардың
аса кернеулігі, еңбектің бірқалыпта болуы, эмоционалды шаршауы. [3, с. 153-
156]

7 Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы

Зиянды заттар 2 топқа бөлінеді:
-Табиғи – табиғаттағы;
-Антропогенды – адам шаруашылығымен байланысты қоршаған ортаға
түседі.
Улы қасиеті үлкен мөлшерде бүкіл заттарда көріну мүмкін. Уларға
кішігірім мөлшерде және әдетті жағдайларда зиянды әсерін көрсететін
заттарды жатқызуға болады.
Жиі науқасқа әкелетін зиянды заттардың түрлілігіне қарамастан,
олардың өз негізінде ұқсас патологиялық процестер болады. Осыдан бүкіл
зиянды заттар адам ағзасына әсер ету сипаттамасы бойынша бөлінеді:
Жалпы улағыш – ағзаның жеке жүйелерін зақымдау (ОЖЖ, перифериялық
жүйке және қан жүйелері) немесе бүкіл ағзаның улануы, сонымен қатар
бүйрек, бауырдың патологиялық өзгерістерді тудырады (көміртек оксиды,
цианисты қосылыстар, қорғасын, сынап және т.б.)
- тітіркендіргіш – дем алу жолдардың шырышты қабатының, көздің,
өкпелердің, тері жамылғының тітіркенуі (хлор, аммиак, озон, күкірт және
азот оксиды және т.б.)
- сенсибиализациялайтын - аллерген ретінде әсер етеді
(формальдегидтер, ерітінділер, лак және т.б.)
- мутагенді – генетикалық кодтың бұзылуына, тұқымдас ақпараттың
өзгеруі әкеледі (қорғасын, марганец, радиобелсенді изотоптар және т.б.);
- канцерогенды – нашар сапалы жаңа қалыптастырғышты туғызады (хром,
никель, асбест, хош иісті көмір сутегі және т.б.)
- репродуктивті (детородную) функцияларға әсер ететін (сынап,
қорғасын, стирол, радиобелсенді изотоптар және т.б.)
Мутагенді, канцерогенді және репродуктивті (детородную) функцияларға
әсер ететін адам ағзасына химиялық қосылыстар әсерінің алыстанған салдарына
жатады. Адам ағзасына әсері жылдар және он жылдықтар бойы көрінеді.
Кейінгі ұрпақтарда әр түрлі эффектердің әсері де көрінеді. [1, с. 75-77]

8 Ағзаға зиянды заттардың түсу жолдары

- Дем алу кезінде өкпе арқылы. Осы жол аса қауіпті, өйткені зиянды
заттар тармақталған талшықты жасуша арқылы қанға барып, ағза бойы
таралады.
- Су және аспен бірге асқазан тракты арқылы. Удың түсуі темекі
тартумен, қолың кірленуімен, тамақ тұтыну кезінде, жеке гигиена ережесін
сақтамау кезінде түседі. Мысал ретінде қорғасынды алуға болады – жұмсақ
металл оңай сүртіледі, қолды кірленеді, нашар жуылады және тамақтану жіне
темекі тарту кезінде ағзаға оңайлықпен өтеді. Асқазан трактында заттар
оның құрамының әсерінен ағзаға жағымсыз жағынан өзгеру мүмкін. Суда нашар
еритін қорғасынның қосылыстры ішек суында жақсы ериді сондықтан да оны
жеңіл сіңдіреді.Химиялық заттардың көп бөлігі бауырға түсіп, жиналады және
анықталған дәрежеде залалсызданады.
- Зақымдалмаған тері арқылы. Тері арқылы химиялық заттардың өту
дәрежесі оның ерігіштігіне, терімен жанасу бетінің өлшеміне, ондағы қанның
жылдамдығы мен көлеміне тәуелді болады. Сұйық ұшатын заттар тері бетінен
тез арада жоғалады жіне сіңуге үлгермейді. Майланған (аз ұшқыш) заттар
теріде жиналады және сіңбейді. [1, с. 78-79]

7.3 Зиянды заттардың әсері

Оның молекуланың минималды мөлшері өмірге аса маңызды талшықтар –
нысана тепе-теңдіктен шығаратын және байлайтын кезінде удың максималды улы
әрекеті байқалады. Мысалы, ботулинус токсиндері перифериялық қозғалыстық
жүйкелердің аяғында және паралич туғызатын әрбір жүйке талшығына келетін
сегіз молекула құрамында жиналатын мүмкіншілігі бар. 1 мг ботулины 1200 г
тірі затты, ал 200 г Жердің бүкіл халқын жою мүмкін.

Биологиялықтан басқа заттар адамға фиброгенді әсер ету мүмкін. Осы
заттар өкпеге түскеннен кейін өкпе (фибриоз) жасушасының кішігірім кесіп
кетуіне әкеледі, пневмокониоз – науқасқа әкелу мүмкін.

Адам ағзасы зиянды заттармен контакта болу кезінде жасушаның
зақымдалуына немесе жалпы улануға түсу мүмкін:

- Жалпы (резорбтивті) улану қанға удың сіңуі нәтижесінде дамиды;
- Нақтылы – умен жасушаның жанасуы кезінде зақымдалуы байқалады;
Улану өтеді:
-аса ауыр формада – қауіпсіздік ережелерін сақтамау немесе апаттың
болуы нәтижесінде;
-созылмалы – кішігірім мөлшерде біртіндеп ағзада жиналады;
- асқындырылған – аса ауыр формасының пайда болу жағдайына ұқсас,
бірақ баяу өтеді.
Бір удың қайталануы нәтижесінде әсерінің байқалатыны:
- сенсибилизация – заттың әсер етуі үлкен эффект тудырады, аллергия
пайда болады;
- үйреншіктік – зиянды заттың ағзаға қайта енгендігінен әсері әлсіз
болады.

7.4 Адам ағзасымен удың залалсыздану жолдары:
Бірінші жолы - удың химиялық құрылымының өзгеруі. У адам ағзасы арқылы
өтіп өзінің құрамын өзгертеді, ағзадағы бар химиялық элементтерімен
қатынасқа түседі. Нәтижесінде, ағзада төмен улы және белсенді заттардың
пайда болуына әкеледі.
Екінші жолы – сақтауға беру. Сақтауға беру (сол немесе басқа мүшелерде
жиналуы) қан циркуляциясындағы у санының уақытша төмендеу жолы деп
түсіндіріледі. У науқастану, алкоголды тұтыну кезінде қайта қанға түсіп
химиялық удың асқындауына әкеледі.

Үшінші жолы – ағзадан удың шығаруы. Уды дем алу мүшелері, бүйрек, тері
жамылғысы, темір арқылы шығарады.

Ағзаға зиянды заттардың әсер ету дәрежесі бойынша 4 топқа бөлінеді: 1
– төтенше қауіпті, 2 – жоғары қауіпті, 3 – орташа қауіпті, 4 – төмен
қауіпті. Қауіп тобын анықтайтын нормалар 17 кестеде келтірілген [1, с. 79-
85, 87-88]

7.5 Қатты улы әсер ететін заттар (ҚУӘЗ)
ҚУӘЗ тобына хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкірт көміртегі,
көміртегі окисі, синильді қышқыл, сынап т.б. жатады. Осы заттар апат
кезінде атмосфераға өтіп, көпшілік адамдардың зардабына әкелу мүмкін.
ҚӘУЗ қысқаша сипаттамасы 18 кестеде келтірілген [1, с. 89].
Химикалық, мұнай өңдеу салалары, қағаз өнеркәсібі, ас өндіруші саласы,
су өткізгіші және тазалағыш құрылысы ҚУӘЗ өндеушісі мен тұтынушысы болып
табылады. ҚР жалпы ҚУӘЗ объекті 400 жуық, сонымен қатар Алматы - 14.
ҚУӘЗ зияндылығының сипаттамасын анықтау үшін келесі көрсеткіштері
қолданылады:
- алғашқы концентрация – физиологиялық эффектін сезінуін және алғашқы
зардап алу қасиетін туғызатын минималды концентрациясы, бірақ зардап шеккен
адам жұмыс өабілеттілігін сақтайды.
- шыдамдылық шегі – адам тұрақты емес зардапсыз анықталған уақыт бойы
шыдамдылығының минималды концентрациясы.
ҚӘУЗ жоғары концентрациясы дем алу ортасының рефлекті тежелеуінің
нәтижесінде лезде өлімге әкелу мүмкін. Мысалы, 5...10 мгл болу кезінде хлор
үшін, 50-100 мгл үшін болып табылады. [1, с. 88-90]
.

7.6 Күресуші ұлы заттар – биохимиялық карудың негізін құрайтын заттар

Қазіргі уақытта аймақтық және әлеуметтік даулармен болатын химиялық қарудың
үлкен қорының болуына байланысты, сонымен қатар террорлық актілердің
себебінен химиялық ошақтарының пайда болуы және халықтың улануы жоғарлады.
Күресуші ұлы заттардың әсер ету сипаттамасы бойынша бөлінеді: жүйке-
паралитикалық (зарин, зоман, V-газы); тері-іріндегіш (иприт); тұншықтырғыш
(фосген, дифосген); жалпы улағыш (синилді қышқыл, хлорциан);
психохимиялық (би-зед); тітіркендіргіш (хлор, ацетофенон, си-эс, адамсит,
хлорпикрин). .[1, с. 103-106].

7.7 ҚУӘЗ қорғау бойынша шаралар
Зардап шеккен адамды уландырғыш заттан қорғау үшін антидотты (уға
қарсылық). Антидот эффективтілігі уланудың алғашқы деңгейінде байқалады(5
мин.).
Антидот адам ағзасына тиген ҚУӘЗ залалсыздандырады. Кейбір улар ағзада
зиянсыз қосылыстарды құрып уды байлайды, баскасы адамның физиологиялық
жүйесіне, рецепторларға, ферменттерге әсері бойынша уға қарсы шығады. Олар
ішке уланудан кейін немесе алдын-ала ингаляция жолымен, дәрі немесе
инъекция түрінде барады.
Зиянды заттар әсеріне ағзаның тұрақтылығын жоғарлату үшін протектор деп
аталатын дәрі тәріздес арнаулы өнім қолданылады.
Егер адам корғайтын құралысыз уландыратын заттар әсерінің мекеніне түссе,
онда мұрынды және несеппен, содолы ерітіндімен, мұсатырлы спиртпен, сумен
суланған орамалмен ауызды жабу және ауа қозғалысына перпендикулярды
бағытпен мекенді тастап кету қажет.
Төтенше жағдайларда изоляциялайтын от сөндіргіштер қолданылады. Толығымен
оттегі жоқ жерлерде және 7 м дейін су астында жұмыс жасауға мүмкіндік
береді. Жұмыс принцибы адаммен шығарылатын көмірөышқыл газды және
ылғалдылықты сіңдіру кезінде химиялық заттардан оттегіні бөлуге
негізделген. Жасалатын жұмысына байланысты изоляциялайтын от сөндіргіштің
жұмыс уақыты 45 мин бастап 3 сағ дейін болу мүмкін.[1, с. 93-100].

8 Техногенді қауіп

8.1 Механикалық тербелістер:
-діріл – серпінді заттарда пайда болатын кішігірім механикалық
тербелістер. Діріл медицинада – діріл массажы және техникада - вибратор кең
қолданылады. Бірақ дірілдің әсері кәсіптік науқасқа – діріл ауруына әкелу
мүмкін. Діріл науқасының даму қауіптілігі дірілдің 16-20 Гц жиілігі
кезінде байқалады. Кәсіптік діріл ауруы машина жасау, металлургиялық, тау-
кен өнеркәсіптерінде, көлікте және ауылшаруашылықта даму мүмкін.
Діріл көліктегі 80% апаттардың себебі болып табылады.
Дірілден қорғану шаралары тербеліс көздерінің дірілизоляциясы болып
табылады. (рессорлар, серіппелер, серпімді төсем және т.б.)
Санитарлы ережелерімен діріл қауіпті қондырғылармен адамның байланыс
ұзақтылығын төмендетуі қарастырылады. [1, с. 135-140; 2, с. 178-183; 3, с.
177-182].
-шу – газды, қатты, сұйық ортада жайылатын механикалық құбылыстарды
айтады. 30-35 Дб дейін дыбыстық қысымның деңгейі мен шу адам үшін әдетті
дыбыс болып табылады. 75 Дб аса ұзақ уақыт бойы әсер етуі естімеу
қабілеттілігіне әкелу мүмкін. 140 Дб науқастық шегі, ал 160 Дб аса өлімге
әкелу мүмкін.
Шудың гигиеналық нормативы 12.1003-83 МЕМСТ және Шудың мүмкін
болатын деңгейінің санитарлы нормаларымен анықталады. Қалалы жерлердің
жағдайлары үшін шудың нормалауы Тұрмыстық және қоғамдық үйлердің
бөлмелерінде және тұрмыстық құрылыстар территориясында мүмкін болатын
шудың санитарлы нормаларымен және құрылыс нормалары мен ережелерімен
өтеді.ҚНжЕ II-12-77 Шудан қорғау. [1, с. 141-143; 2, с. 183-187; 3, с.
182-187];
- 16 Гц төмен жиілігімен акустикалық тербелістер инфрадыбыстық деп аталады.
Инфрадыбыстың көздері күн күркіреуі, жер сілкінісі, қару атысының
жарылыстары болып табылады. Адамның жақсы есту қабілеттілігімен
қабылданатын 16 Гц ... 20 кГц диапозонында болатын ақустикалық құбылыстарды
дыбыстық деп атайды. 110 нан 150 дБ дейін дыбыс қысымының деңгейімен
ағзаға ультродыбыстың әсері кезінде ОЖЖ, жүрек-тамырлы және дем алу
жүйелерде, вестибулярлы анализатор бұзылады, сонымен қатар бас ауруы, бас
айналуы, назар және жұмыс қабілетілігінің төмендеуі байқалады.
- 20 кГц аса тербелістер ультродыбыс деп аталады. Инфрадыбыс пен
ультродыбыс тербелістері естілмейді. Ультродыбыстың ұзақ уақыт бойы әсері
жүйке, жүрек-тамырлы және эндокринды жүйелердің, есту және вестибулярлы
анализаторлардың, қанның құрамы мен қасиетінің бұзылуына әкеледі. 80-90 дБ
ультродыбыс медицинада микромассаж пен ауыстыру процестердің үдету үшін
қолданылады. [1, с. 143-145; 2, с. 187-189; 3, с. 187-190].

8.2 Электромагнитті өріс
Қандай болмасын ортада адамның өмір сүруі оған және мекен ортасына
электромагнитті әсері байқалады. Электромагнитті өріс пен сәулеленудің
табиғи көздері атмосфералық электр тогы, күн мен галактикалардың
радиосәулеленуі, Жердің магниттік және элекирлік өрісі болып табылады.
Табиға электрлік өрістерімен қатар адам техносфера мен тұрмыс
жағдайларында жасанды электрлік өрістердің әсеріне ұшырайды. Адам
денесіндегі, киімдегі, заттардағы артық зарядтарының болуынан электрлік
өрісі адамның жүйке жүйесіне үлкен жүктеме салады.
Қазіргі уақытта компьютер телевизор немесе микротербелісті пеш
сияқты дамыған зат болып табылады. Электромагниттік сәулелену аса зиянды
фактор болып табылады, өйткені бүкіл бағытта тарайды және жұмыскерлермен
қатар бүкіл қоршаған ортаға әсер етеді. Қауіп ретінде ультрокүлгін және
рентгенді сәулеленуі, экрандағы статикалық электрлік заряды және
монитордың электромагниттік сәулеленуі болып табылады.
Бүкіл жағдайларда сәулелену деңгейін төмендету үшін мониторды
қолданылатын адамның созылған қолының деңгейіндегі арақашықтықта
орналастыру ұсынылады.
Экранның 60-70 см дейін оптималды арақашықтықта, бірақ 50 см жақын
болмайтындай орналастыру қажет. Көз деңгейі экранның ортасы немесе 23
биіктігінде болу керек.
Оқытушылардың дисплейді кластарында жұмыс ұзақтылығы күнге 4 сағаттан,
бірінші курстағылар үшін максималды уақыты күнге 2 сағаттан, жоғары
курстағы студенттерге – 3 академиялық сағаттан аспау керек.
Компьютермен жұмыс істеу ережелерін сақтамау кезінде тері науқастары,
талшықты деңгейдегі қанның биохимиялық реакцияның өзгеруі, репродуктивті
функциялардың бұзылуы, сүйек-бұлшық еттің науқастары, стресс, ұйқының
бұзылуы және т.б байқалады.
Бірақ электрлік өріс медицинада жағымды қолдануын тапқан – тұрақты
электрлік өріспен мөлшерлеп емдеу процестері өткізіледі.
Соңғы уақытта дербес радиобайланыстың қолдануына қызушылық байқалады.
Ұялы телефондардың сәулеленуіне күрделі сипаттама беруге болады.
Сәулеленудің максималды қуаттылығы шақыру моментінде байқалады.
Радиотелефонның жұмысы кезінде біріншіден бастың миы сәулеленеді.
Осындай жағдайда микроскопиялық дәнекерленген бөлімдер байқалады.
Сәулеленудің ұзақты әсері психикалық шалдығуына, мидың биологиялық
құрамының өзгеруіне, аллергияның пайда болуына, гормоналды тепе-теңдіктің
бұзылуына әкелу мүмкін. [1, с. 145-148; 2, с. 227-254].

8.3 Лазерлі сәулелену – үлкен интенсивтілігі бар электромагнитті
сәулелену. Лазер – оптикалық диапазонның электромагниттік сәулеленудің
бағытталған шоғын генерациялайтын құрылғысы. Лазерлер байланыс, навигация,
медицина, бақылау-өлшегіш техникада және т.б. қолданылады.
Лазерлі сәулелену көру органдары үшін қауіпті болып табылады, бірақ
кішігірім және орташа интенсивтілігі кезінде тірі ағзаның терісі арқылы
өтпейді. Лазерлі сәулеленудің жоғары интенсивтілігі кезінде терінің, ішкі
жасуша мен мүшелерінің бұзылуы байқалады. Сәулеленудің жоғары
интенсивтілігі бар жұмыстармен істейтін адамдар шағымдалады: бас ауруына,
тез шаршау, тышышсыз ұйқы, көздің ауруы. Ереже бойынша, осы жағымсыз
сезім демалыссыз, профилактикалық қорғау шараларсыз, еңбек режимінен
кейін арнайы емдеусіз өткізіледі.
Лазерлі сәулеленуді нормалау лазерлерді қолдану және құрастыру
санитарлы ержелері мен нормалары бойынша өткізіледі. Қауіптілік бойынша
лазерлер 4 топқа бөлінеді:
1 – көз және тері үшін қауіп тудырмайтын;
2 – көз үшін қауіпті;
3 – тура, шағылған сәулеленумен көз үшін және шағылатын бетінен 10 см
арақашықтықта тері үшін қауіпті;
4 – шағылатын бетінен 10 см арақашықтықта шағылған сәулелену кезінде
тері үшін қауіпті.
Лазердің қолданылуы желдетпемен жабдықталған жеке бөлмелерде жүзеге
асу керек, экран және қоршау тура және шағылған лазерлі сәулелерден
қорғау керек.
[1, с. 148-152; 2, с. 254-269].

8.4 Электрлік ток
Адам ағзасы арқылы электрлік ток өткен кезде термикалық,
электролиттік, сонымен қатар биологиялық әсер етеді. Осы әрекеттер
электрлік жарақатқа (электрлік күйік, электрлік белгі, тері
мееталлизациясы, электрлі офтальмия және терінің механикалық зақымдалуы)
немесе электрлік соққыға (1 – бұлшық еттерінің түйілгіш қысқаруы, 2 – ессіз
қалу, жүректің жұмысы мен дем алу сақталады, 3- жүрек жұмысының және
жүрек қызметінің зақымдалуы, 4 – дем алудың жоқтығы және қан айналымы –
клиникалық өлім) әкеледі.
Зақымдалмаған құрғақ терінің (15-20 В кернеу кезінде өлшенген) болу
кезінде қалыпты жағдайларда адамның кедергісі 3-тен 100 дейін өзгереді,
бірақ жағымсыз жағдайларда 1 кОм дейін төмендеу мүмкін.
Алғашқы (сезінетін) 1 мА болып табылады, ал 12-15 мА адам ток
көзінен өздігімен кете алмайды және өзінің бұлшық етімен бақылауға
мүмкіншілігі жоқ болады. 100 мА өлімге әкеледі.
1 кВ аса кернеумен электр қондырғыларда токөткізетін бөлімдерге
қандай болмасын жанасуы қауіпті болып табылады.
Адам денесі (бас-қол, бас-аяқ, қол-қол, аяқ-қол, аяқ-аяқ және т.б.)
арқылы токтың өтуге мүмкіншілігі бар барлық жолдарынан ең қауіпті жүрек,
өкпе (аяқ-қол), бас және арқа миы (бас-қол, бас-аяқ) болып табылады.
Егер адам жердегі құлаған кернеулі сымның қасында тұрса, онда аяқты
бірге косу керек және бір аяқтың табаны екінші аяқтың табанынан
шықпайтындай асықпай жүру керек.
Адамның электр тогымен зақымдалу кезінде зардап шеккен адамды тоғы
бар өткізгіштен босату керек. Біріншіден, өткізгішті токсыздау керек.Егер
оны сөндіре алмаса, құрғақ таяқ, жіп және басқа заттардың қолдануымен
зардап шеккен адамды одан босатуға болады. Металдық заттарға жақындамай,
киімі құрғақ болатын болса зардап шеккен адамды ұстауға болады. Көмек
көрсету кезінде құрғақ тақтайға тұрып, рәзенкелі аяқ-киім киіп және қолды
құрғақ матамен орап өзінді құрғақ тақтайға жерден изоляциялау керек.
Зардап шеккен адамның пульсы мен демі болмайтын болса, онда сыртқы жүрек
массажын және жасанды дем беру қажет. Осы шара жүректің жұмысы мен өздік
дем алудың қалпына келуіне дейін жасалынады.
Электрлік тоғының зардабынан аман қалу үшін, олардың электрлік желіден
сөнгеннен кейін электрлік қондырғылармен жұмысты жасауға рұқсат болады.
[1, с. 152-155; 2, с. 189-222; 3 с. 202-206].

8.5 Ионизацияланған сәулелену
8.5.1 Радиация – сәулеленудің бүкіл түрлері (жарық, радиотолқындар,
күн энергия және бізді қоршайты сәулеленулердің басқа түрлердің жиыны).
Иондалған сәулелену – ионизацияна тудыратын, оның атом ядросымен
байланыстағы энергиясынан көп энергияны электронға береді, нәтижесінде
кейбір химиялық элементтерінің (урана, тория, радия және т.б.). атом
ядроның өздік өзгеруі (ыдырау) болады. Осындай элементтер радиобелсенді деп
аталады. Радиобелсенді ыдырау тоқтатылмайды және иондалған сәулеленудің
бөлінуімен жүреді: α, β, γ бөлшектері және нейтронды сәулелену. Иондалған
сәулелену жасанды жолымен – рентгенді және позитронды алыну мүмкін.
Ағза жасушасына сәулелену өтуінің екі жолы бар:

Бірінші жолы – ағзаға қатынасы жоқ көздерінен (қоршаған орта
кеңістігінде) сыртқы сәулелену;
Екінші жолы – ағзаға радиобелсенді заттың қтуімен байланысты ішкі
сәулелену.
Осы сіулеленудің негізгі қасиеті иондалған әрекеті болып табылады.
Олардың жасуша арқылы өту кезінде нейтралды атомдар және молекулалар
иондарға айналады.
α-сәулелену ионизацияның жоғары тығыздыққа жол береді. Альфа-
бөлшектер адам киімі, тер беті арқылы өте алмайды. Егер сәулелену көзі
ағзадан тыс орналасатын (ішкі сәулелену) болса , онда адам үшін зиянсыз
болып табылаы. Егер осы көздің ағзаның ішіне кіретін (сыртқы сәулелену)
болса, онда адам денсаулығы үшін зиянды болып табылады.
α- сәулеленумен салыстырғанда β –бөлшектерінің иондалған әрекеті төмен
болады. Бэта – бөлшектері киіммен ұсталып қалады, адамның ашық денесінің
сәулелену кезінде пигментацияны(ядерлі күюі), тері күйіп қалуын, дене
бетіндегі жараны тудыратын тері эпителиясында жиналу мүмкін. Β –
бөлшектерінің ішкі сәулелену кезінде адам денсаулығы үшін қауіпті болып
табылады.
γ – бөлшектері адам жасушасы арқылы аса өтімді қабілеттілігіне ие,
сондықтан олар ішкі жіне сыртқы сәулелену кезінде бірдей қауіпті болып
саналады.
Нейтронды сәулелену жасанды радиобелсенді ыдырау кезінде ғана өтеді.
Нейтронды сәулеленудің ерекшелігі зат арқылы өткеннен кейін ол
радиобелсенді болып табылады және бүкіл иондалған сәулелеленуін α, β, γ
шағылыстырады. Ол ішкі және сыртқы сәулелену кезінде қауіпті болып
есептеледі.
Өмір процесі кезінде адамның сәулеленуі космос сәулеленуден, табиғи
көздерінен, тұрмыс және қоршаған ортадағы жасанды көздерінен, ядерлі
қаруды сынаудан кейін пайда болатын радиобелсенді тұнбаларынан, атомды
энергетика кәсіпорындарынан, медициналық қаралудан және радиотерапиядан
болады.
[1, с. 105-108; 2, с. 269-277].

8.5.2 Өлшем бірлігі
Белсенділік – уақыт аралығында ыдырау саны, СИ жүйесінде беккерелмен
(Бк) өлшенеді, 1 Бк секундына келетін бір ыдырауға тең болады.
жасуша арқылы өтетін сәулелену энергиясы көп болатын болса, онда
ағзаның зақымдалуы жоғары болады. Ағзаға берілген осындай энергияның саны
доза (мөлшер) деп аталады. Мөлшер әр түрлі есептеледі. Сәулеленген
объектің өлшеміне және орналасуына, адам санына, уақытқа байланысты болады.

Экспозиционды доза – иондалған сәулелену өрісінің сандық сипаттамасы.
Экспозиционды дозасының өлшем бірлігі рентген (Р) болып табылады. СИ
жүйесінде - кулон килограмға (1Клкг).1Р=2,58·10-4
Сіңу дозасы - сәулеленген зат массасының бірлігімен сіңген
энергиясы. Сіңу дозасының өлшем бірлігі 1 рад болып табылады. СИ жүйесінде
греймен өлшенеді (1Гр = 1Джкг). Сәулеленудің түрлері әр түрлі энергияның
саның босатады және әр түрлі сіңу қабілеттілігіне ие болады, сондықтан
олар тірі ағзаның жасушасына бірдей емес әрекет тудырады. Егер оған
назар аударатын болсақ, онда дозаны ағза жасушасын зақымдайтын
коэффициентіне көбейту қажет.
Саналған дозаны эквивалентті доза (Н) деп атайды. Н = Д∙Q, осында Q
бөлек сәулелену түрлері үшін : гамма и бэта – сәулелену – 1, әр түрлі
энергиясы бар нейтрондар – 5-20 ,альфа- сәулелену және ауыр ядролар – 20.
Өлшем бірлігі бэр болып табылады, СИ жүйесінде - Зиверт (Зв), 1 Зв =100
бэр.
Ескеру керек, кейбір дене бөліктері (жасуша, мүшелері) басқаларға
салыстырғанда сезімдігі жоғары болады. Сондықтан жасуша және мүшелердің
сәулелену дозасын әр түрлі коэффициенттермен ескеру керек.[1, с.110]
Сәйкестік коэффициенттерге эквивалентті дозаларды көбейтіп, бүкіл
жасуша және мүшелері бойынша қосып, эффективті эквивалентті дозаны (ЭЭД)-
(Нэ) аламыз.
ЭЭД бүкіл ағзаның суммарлы эффектін шығарады.
НЭ = Н·W, онда W – сәулеленуге әр түрлі жасушаның сенімділігін
ескеретін коэффициенті. Жеке ЭЭД, адам топтарды қосса, адам-зивертпен (адам-
Зв) өлшенетін коллективті ЭЭД аламыз. Келешекте көптеген радионуклидтер
радиобелсенді болғандықтан, күтетін (толық) ЭЭД болып табылады. [1, с. 152-
155; 2, с. 108-115].

8.5.3 Биологиялық әсері
Жасушада адам ағзасына сәулелену әсерінің нәтижесінде күрделі
физикалық , химиялық және биохимиялық процестер өтеді. Ол бөлек функциялар
мен жүйелердің өмір тіршілігінің және ағзаның толығымен бұзылуына әкеледі.
Сіңу дозасына және ағзаның жеке ерекшеліктер өлшемдеріне тәуелді
өзгерістер қайтымды және қайтымсыз болу мүмкін.
Адамның сыртқы сәулелену кезінде 150-400 рад мөлшерінде ауыртпалықтың
жеңіл және орта дәрежесінің сәулелі ауруына, 400-600 рад – ауыр сәулелі
ауруына, 600 рад аса - өлімге әкеледі. 100-1000 рад мөлшерінде сәулелену
кезінде зардаптың негізінде сәулелену аурудың дамуының жілік майы
механизмы жатыр. 5000 рад аса мөлшерінде аса уыр сәулелену кезінде
сәулелену аурудың кенет формасы дамиды. 200000 рад аса мөлшерде сәулелену
кезінде сәуле астында өлім болу мүмкін.
Биологиялық әсердің ерекшеліктері келесі:
- адаммен иондалған әсері сезілмейді
- терінің көрінетін зақымдалуы бірден көрінбейді, біраз уақыт
өткеннен кейін ғана болады;
- мөлшердің қосындысы жасырын өтеді, ол сәулелену науқастарына
әкеледі.
- [1, с. 114-120; 2, с. 275-277].

8.5.4 Сәулеленудің шекті мөлшері

Иондалған сәулеленудің шекті деңгейлері РӨН – 96 радиационды
қауіпсіздік нормаларымен және Радиобелсенді заттармен жұмыс істеу
негізгі санитарлы ережелерімен және иондалған сәулеленудің басқа да
көздерінің НСЕ -72-87 тағайындалады . Иондалған сәулелену әсер ететін
жерлерде істейтін адамдарға ШММ 5 бэр жылына, ШММ 25 бэр бір реттік
сәулелену үшін қойылады. [1, с. 120-121].

8.5.5 иондалған сәулеленудің өзгеруі

Бүкіл аспаптар тағайындауы бойынша бөлінеді:
- Индикаторлар -
По назначению все приборы подразделяются на:
-индикаторы – β және γ сәулелену мөлшерінің нысана бағасы және
көрсету бойынша радиационды шолудың аспаптары;
-рентгенметрлер – рентгенді және сәулелену мөлшерінің қуаттылығын
өлшеу үшін қолданылады;
-радиоөлшегіштер – қондырғылардың, ауа көлемінің, беттерінің
радиобелсенді зардап шегу деңгейін, α и β-бөлшектер мен γ- сәулеленудің
деңгейін анықтау және табу үшін қолданылады.
-дозиметрлер – γ-сәулеленумен қатар қауіпті ошағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
Аға сержант
Өрт сөндіру жүйелері
Атқарушы билік органы
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Қауіпсіздік ұғымы
Пәндер