Антик философиясы жайында


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Антик философиясы

Антик философиясы біздің заманымызға дейінгі VII-VII ғасырлар аралығында Кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан Иония мен Италиядағы гректің қала мемлекеттерінде, Сицилия жағалауындағы қалаларда, Гректің Афины қаласында пайда болды. Римде философия біздің заманымызға дейінгі II-I ғасырларда қалыптасты. Бұл кезең Ертедегі Грек елі мен Римде құлдық қоғамның кезі еді. Антик философиясының қалыптасуына Крит-Микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни мифологиялық көзқарастар және данышпан ой-пікірлер негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.

Философия мәдениетінің өкілдері - Гомер, Эсхил, Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель еңбектерінің, шығармашылықтарының мәні зор.

Фалес (VII ғ. аяғы - VI ғ. I жартысы, Милет қаласы) - сауда адамы болған. Вавилон, Египет елдерін аралаған. Оның даңқы б. э. д. 585 жылы Грекияда Күн тұтылатынын болжағаны үшін таралды. Египет абыздарынан оракул (көреген) атағын алды. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болды.

Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимандр (б. з. б. 610 - 547 жж. ) жалғастырды. Анаксимандр күн сағатын жасады, әлем картасын сызды, глобус ойлап тапты. Ол дүниенің түпнегізі етіп суды, ауаны емес, шексіз (апейрон), мәңгі өмір сүретін сапасыз материяны мойындады.

Анаксимандрдың шәкірті, әрі жолын қуушы - Анаксимен (585 - 525 жж. ) - дүниенің негізі ауа деп есептейді, оның үнемі қозғалыста болатындығына, қоюланатынына, сұюланатындығына көңіл аударған. Мәселен, қоюлану нәтижесінде желге, суға, Жерге, тасқа айналады. Демек, алуан түрлі заттар, құрылыстар ауаның әртүрлі өзгеру күйіне байланысты пайда болады және керісінше, сан алуан заттар, құбылыстар өзінің түпнегізі ауаға қайта айналуы мүмкін.

Милет мектебінің материалистік ілімін Эфес қаласында туып-өскен, асыл текті философ - Героклит (535 - 475 жж. ) . героклиттің пікірі бойынша, дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ. Бәрі ағыста, бәрі өзгерісте. Ол жаратылыстанумен айналысып, дүниенің түпнегізін жалын оттан іздеді. Табиғат құбылыстары оттан жаратылған, кезі келгенде бәрі отқа айналады. Сананы Героклит психея (рух) деп атады. Рух оның пікірінше. Материалдық сипатта болады, ол оттың ауыспалы күйлерінің бірі. Кейін таным теориясын дамытуға талпынады. Танымның мақсаты - табиғатты зерттеп, сырын ашу. Бұл танымда шешуші рөл атқаратындар - сезім, ақыл-ой.

Б. д. д. VI - V ғғ. Грекияның Оңтүстік Италиядағы отары Элея қаласында философия тарихында Элеаттар атты болған Ксенофан, Парменид, Зенондардың мектебі қалыптасты. Негізін қалаушы - туған қаласы Колофоннан қуылған - Ксенофан. Ол политеистік дінге қарсы болды, Құдайлар - адамдардың өздері ойлап тапқан нәрсе деп түсінді.

Парменид (VI - V ғғ. ) . Оның пікірінше, дүние от пен Жерден, яғни заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Еш нәрсе жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Ол философияға болмыс ұғымын ендірді. Оны көзбен көруге, сезім мүшелері арқылы сезуге болмайды, оны тек оймен тану мүмкін.

Зенон (490 - 430 жж. ) . Оның ойы - оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді. бұл, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория жөнінде бұл қозғалысты дәлелдей алмаған. өйткені, Ахиллдың жүретін жолын, садақ оғының нысанаға дейінгі аралығын Зенон алдымен теңдей етіп екіге бөледі, бөлінген бөлікті тағы да екіге бөледі. Ахилл да, садақ оғы да әр уақытта сол бөлінген нүктелерде болуы тиіс. Ал бөліну шексіз болғандықтан, оның шегіне ешқашан жету мүмкін емес.

Эмпедокл (490 - 430 жж. ) - Сицилияның Агригент қаласында дүниеге келген атақты философ, ақын, шешен, дәрігер. Ол дүниенің түрлі құбылыстарын төрт бастамадан шығарады. Олар: от, ауа, су және жер. Түрлі заттар осы бастамалардың қосылуынан пайда болып, ыдырауынан жойылады. Бұлардан басқа тағы зат емес екі рухани бастама бар - сүйіспеншілік және қастандық. Оның екі болғаны: 1. күштің тұтылуы, Жер мен Күннің арасына Айдың тура келіп, қабаттасуы. 2. сәуленің әлемде таралуы үшін уақыттың керектігі. Ендеше, сәуленің таралу жылдамдығы бар.

Анаксагор (500 - 428 жж. ) - Кіші Азия жағалауында туылғанымен, Афинаға көшіп келіп, 30 жылдай өмір сүрген ойшыл материалист ретінде танымал. Ол дүниенің түпнегіздерін емес, керісінше, олардың жылы, суық, қатты, жұмсақ сияқты тек өздеріне тән қасиеттерін өзгермейтін сапалық күйлер ретінде қарастырады. өзгеріске ұшырайтын түпнегіздік нәрселердің шексіз бөлікке бөлінетін майда сынықтары табиғаттағы сан алуан заттар, құбылыстардың ұрықтары іспеттес. Олардың өзара қосылу, ажырасуының нәтижесінде табиғат өзгерістері жүзеге асады. Заттар шексіз бөлінеді, бірақ ешуақытта құрып кетпейді, бөліктердің тек шамасы азаяды. Демек, Анаксагор тек сандық өзгерістерді мойындайды, ал сапалық өзгерістер туралы ойлаудың өзі мүмкін емес, себебі сапалық қасиеттер мәңгі өмір сүреді.

Демокрит (460 - 360 жж. ) - ертедегі гректерден шыққан материалист, атомистік теорияның негізін салушы. Ол әлем атом мен бос қуыстан тұрады деген. Олар атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, түссіз, нақты өмір сүреді деген. Атомдар бірінен-бірі түрі, қатарластығы, орны жағынан ерекшеленеді. От та атомдардан тұрады. Атом бос қуыс арқылы мәңгі қозғалыста. Атомдарды сезіну - видики деп аталады. Демокриттің пікірінше, адамдар хайуандарға тектес өмір сүрген. Соларды адам қалпына келтірген - қажеттілік деген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Сократ философиясы
Ең көне философиялық ілімдер
Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары
Антик философиясы жайлы
Ежелгі Грекия мәдениеті. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы
Дүниеге философиялық көзқарас
Ежелгі Грекия мәдениеті
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz