Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
1.1 Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету
принціптері және механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы нарығының шетел тәжірбиесі ... ... ... ... ... ... ..14

2 Қазақстан Републикасындағы зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасынғы зейнетақымен қамтамасыз ету
нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 19

3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен
реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының әрі қарай даму жобасы ... ... ... ...31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Кіріспе

Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыздандыратын халықты нарықтық әлеуметтік қорғау жүйесіне алып келді. Жаңа экномикалық - әлеуметтік нәтижелер алып келетін Жинақтаушы Зейнетақылық Қорына жаңа принциптердің енуі ғылым мен практикада жаңа міндеттемелерді туғызды.
Бұл міндеттемелердің жаңашылдығы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы еңбекке жарамсыз халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни зейнетақымен камтамасыз ету мәселелерінің зертелуінің өзектілігін көрсетеді.Нарықтық жағдайдағы зейнетақы нарығының жаңарылуының өзектілігі зор, өйткені бұл мәселе бүкіл халықты қамтитын мәселе.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының құрылуы оның механизмі, принциптері, қазіргі таңдағы зейнетақы нарығының жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыста зейнетақылық қамтамасыз етудің тек бір түрі ғана, яғни Қазақстан Республикасының жасы бойынша зейнетке шықандардың зейнетақымен қамтамасыз етілуі жүйесі қарастырылған. Мәселені зерттеу деңгейі: Өтпелі кезендегі әлеуметтік мәселелердің өркениетті тенденциялары келесідей отандық экономистердің еңбектерінде көрініс тапқан: Аубакиров Я.А., Шеденов У.К.,Жатқанбаев Е.Б., Елемесов Р.Е., Ержанов М., Кенжегузин М.Б., Қонысбаев А.Т., Серикбаев Б.К., Мухтарова К.С., Аманжолов С.А., Садуақасова А.Б., Марченко Г.А., Молдахметов Н.С., Жамишев Б.Б және т.б.Сондай – ақ өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді өз кезегінде келесі советтік ғалымдардың еңбегінде зерттелген: Тулисов М.П., Андреев В.С., Бадыров Ю.М., Астраханов Е.И., Ланцева М.С., Ковалев Ю.М., және т.б.Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлердің (жасы бойынша) басқа еңбекке жарамсыз халықтың санына қарағанда көптігін ескере отырып, қазіргі таңдағы ең бір өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан дипломдық жұмыстың пәні ретінде ҚР – ғы Жинақтаушы Зейнетақы қорының қалыптасуы мен оның өрлеуі, мақсаты менміндетемелері қарастырылған.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
- еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
- ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін анықтау
- еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
- ЖЗҚ –ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын анықтау
Жинақтаушы зейнетақы қорының дамуы үшін келесідей іс-әрекеттер атқарылуы керек: кепілдік қорының құрылуы (сақтандыру), ЖЗҚ-ң қаржылық жағдайын көрсете алатын білікті мамандарды дайындау.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2006 қазақстан халқына жолдауында: Халықты неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты құру және әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарын жасау қарастырылған.Сонымен қатар әлеуметті зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, онда тиісті тәртіп орнатылуы тиіс деп айтылған./1;3басым/
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету мәліметтері негізінде оның қазіргі жағдайына жан–жақты талдау жасау арқылы олардың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар беру болып табылады;
- Барлық операциялар ЗТМО (ГЦВП) арқылы өтеді;
- төлемдер жүйесі;
- зейнетақы жинақтарын біріктіруі;
Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры статистикалық материалдары, отандық және шетел ғалымдардың экономикалық саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттермен журналдары құрады
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2006 халыққа жолдауы: 3 басымдық- халықты әлеуметтік қорғау
2 Источник: журнал «Рынок ценных бумаг Казахстана» 2008 г
3 Конституция Республики Казахстан, статья 28. А.: «Борки». 1998г.
4 Сулейманова Г.В. Социальное обеспечение и социальное обеспечение. Ростов-на-Дону. 1997.
5 Ұ.М.Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева // Қаржы нарығы және делдалдары. 2008 ж.
6 Тарасов В. Социальный и инвестиционный потенциал негосударственных пенсионных фондов: пути реализации.// Российский экономический журнал.-2004. – №8., стр. 53
7 Концепция реформы пенсионного обеспечения, стр. 2
8 Тарасов В. Социальный и инвестиционный потенциал негосударственных пенсионных фондов: пути реализации.// Российский экономический журнал. -2004. -№8, стр. 57
9 А. Алимбаев. Пенсионная реформа: проблемы и вопросы.// Рынок ценных бумаг Казахстана
10 Н.Н.Хамитов // Банк ісі. 2006 ж.
11 Н.Н.Хамитов // Қазіргі кезеңдегі кредиттік іс. 2009 ж.
12 Четыркин Е.М. : Пенсионные фонды. Зарубежный опыт для отечественных предприятий, актуарные расчеты. М.: «Арго», 1993г. – стр.6
13 Четыркин Е.М.: Пенсионные фонды. Зарубежный опыт для отечественных предприятий, актуарные расчеты. М.: «Арго», 1993г.- стр.55
14 Информация веб-сайт www pension. almaty. Kz
15 Мәліметтер көздері веб-сайд www.gnpf.kz
16 Мәліметтер көздері веб-сайд www.afn.kz
17 Закон Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республики Казахстан» от 20 июня 1997г. № 136-1.
18 Постановление Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Правил удержания и перечисления обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсинные фонды» от 15 марта 1999г. №245.
19 Пастоновление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 1997г. № 1396. Об утверждении Положения о лицензировании деятельности НПФ по привлечению пенсионных взносов и осуществлению пенсинных выплат.
20 Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1999г. №47 об утверждении Положения о Комитете по ергулированию деятельности НПФ Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
21 Аналитические материалы «Агентства РК по регулироваю и нодзору финансового рынка и финансовых организации» май. 2009г.
22 19.Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштері.2009 жыл.
23 Постоновление Правительства Республики Казахстан от 01.06.99 №683 «Об утверждении программы приватизации и повышения эффективности управления государственным имуществом на 1999-2004годы»
24 21.Оффицальная информация НКЦБ по накопительной пенсионной системе за 2004-2006
25 А. Умбетов. НПС Казахстана. Стратегия формирования базы вкладчиков \\Деловое обозрение Республика от 8 марта 2004 года
26 К. Тулепбаев. Новые механизмы инвестирования активов пенсинных фондов.//Рынок ценных бумаг Казахстана, №5/1999г
27 Информация от информамационного агенства «Ирбис» по коэффицентам номинального и реального дохода НПФ и КУПА за 2004-2005 года

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
1.1 Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету
принціптері және
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы нарығының шетел
тәжірбиесі ... ... ... ... ... ... . .14

2 Қазақстан Републикасындағы зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасынғы зейнетақымен қамтамасыз ету
нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 19

3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен
перспективасы
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен

реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..28
3.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының әрі қарай даму
жобасы ... ... ... ...31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...38
Кіріспе

Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасындағы жаңа
экономикалық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік әлеуметтік
қамтамасыздандыратын халықты нарықтық әлеуметтік қорғау жүйесіне алып
келді. Жаңа экномикалық - әлеуметтік нәтижелер алып келетін Жинақтаушы
Зейнетақылық Қорына жаңа принциптердің енуі ғылым мен практикада жаңа
міндеттемелерді туғызды.
Бұл міндеттемелердің жаңашылдығы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы
еңбекке жарамсыз халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни зейнетақымен
камтамасыз ету мәселелерінің зертелуінің өзектілігін көрсетеді.Нарықтық
жағдайдағы зейнетақы нарығының жаңарылуының өзектілігі зор, өйткені бұл
мәселе бүкіл халықты қамтитын мәселе.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының
құрылуы оның механизмі, принциптері, қазіргі таңдағы зейнетақы нарығының
жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыста зейнетақылық қамтамасыз етудің тек бір түрі ғана,
яғни Қазақстан Республикасының жасы бойынша зейнетке шықандардың
зейнетақымен қамтамасыз етілуі жүйесі қарастырылған. Мәселені зерттеу
деңгейі: Өтпелі кезендегі әлеуметтік мәселелердің өркениетті тенденциялары
келесідей отандық экономистердің еңбектерінде көрініс тапқан: Аубакиров
Я.А., Шеденов У.К.,Жатқанбаев Е.Б., Елемесов Р.Е., Ержанов М., Кенжегузин
М.Б., Қонысбаев А.Т., Серикбаев Б.К., Мухтарова К.С., Аманжолов С.А.,
Садуақасова А.Б., Марченко Г.А., Молдахметов Н.С., Жамишев Б.Б және
т.б.Сондай – ақ өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді өз кезегінде келесі
советтік ғалымдардың еңбегінде зерттелген: Тулисов М.П., Андреев В.С.,
Бадыров Ю.М., Астраханов Е.И., Ланцева М.С., Ковалев Ю.М., және т.б.Зерттеу
объектісі: Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлердің (жасы бойынша) басқа
еңбекке жарамсыз халықтың санына қарағанда көптігін ескере отырып, қазіргі
таңдағы ең бір өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан дипломдық
жұмыстың пәні ретінде ҚР – ғы Жинақтаушы Зейнетақы қорының қалыптасуы мен
оның өрлеуі, мақсаты менміндетемелері қарастырылған.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын
тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау
болып табылады.
Міндеттемелері:
- еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған
елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
- ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін
анықтау
- еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының
экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
- ЖЗҚ –ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын
анықтау
Жинақтаушы зейнетақы қорының дамуы үшін келесідей іс-әрекеттер
атқарылуы керек: кепілдік қорының құрылуы (сақтандыру), ЖЗҚ-ң қаржылық
жағдайын көрсете алатын білікті мамандарды дайындау.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2006
қазақстан халқына жолдауында: Халықты неғұрлым әлжуаз топтарын қорғайтын
және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты
құру және әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарын
жасау қарастырылған.Сонымен қатар әлеуметті зейнеткерлерінің зейнетақыларын
төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, онда тиісті тәртіп орнатылуы
тиіс деп айтылған.1;3басым
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету
мәліметтері негізінде оның қазіргі жағдайына жан–жақты талдау жасау арқылы
олардың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар беру болып табылады;
- Барлық операциялар ЗТМО (ГЦВП) арқылы өтеді;
- төлемдер жүйесі;
- зейнетақы жинақтарын біріктіруі;
Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры статистикалық
материалдары, отандық және шетел ғалымдардың экономикалық саласындағы
әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттермен
журналдары құрады

1 Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі

1.1 Зейнетақылық қамсыздандыру нарығының мәні

Зейнетақымен қамтамасыз етудің дәрежесі мен сапасы – ел халқының
экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құраушысы.
Қолайлы қартайған шақты материалды қамтамасыз ету мәселесі әлемнің
барлық елдері үшін, әсіресе нәтижелі экономикасы бар елдер үшін маңызды
болып отыр. Бұл мемлекет пен азамат, жұмыс берушімен жұмысшы, ата – ана
мен балалар арасындағы, әлеуметтік және экономикалық ара – қатыныстың
эволюциясы есебінен жалпы халық санындағы қартайған азаматтардың үлесінің
табиғи түрде артуынан болып тұр.
1998 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда жұмысшылардың міндетті
зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлерге төленетін зейнетақы төлемдерге
негізделген зейнетақы қамтамасыз етудің ынтымақтық жүйесі қызмет етті.
Зейнетақы нарығының негізгі сипаттамалары:
- зейнетақылық қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
- азаматтардың қартайған кезіндегі өзіндік материалдық қамтамасыз
етуіне жеке жауапкершіліктің болмауы
ескерілген жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының иесіз қалуы;
- жүйе ішінде зейнетақы құралдарының қайта үлестірілуі.
Бұл жүйе жоспарлы, әміршіл- әкімшіл экономика кезінде, еңбекке
қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылған, мемлекеттік аппарат тарапынан
жаппай бақылау және зейнеткерлер мен жұмыс істеп жүрген азаматтар арасында
қалыптасқан ара – қатынас жағдайында тиімді болды. Сондықтан ынтымақтық
зейнетақы жүйесі зейнетақының салыстырмалы жоғарғы деңгейін қамтыды, оның
көлемі жұмыстың соңғы жылдары алынған еңбек ақыға, еңбек тәжірибесіне және
жасына байланысты болды, жеңілдіктердің көп болуы зейнетке жақсы жағдайда
шығуға мүмкіндік берді.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі қалыптасқан ынтымақтық зейнетақы
нарығының қызметінің бұзылуына әкеліп соқты. Ынтымақтық зейнетақы, бір
жағынан, көптеген зейнеткерлердің минималды қажеттіліктерін қамтамасыз ете
алмады, ал екінші жағынан, экономикаға ауыртпалық туғызды.
Зейнетақы нарығының принципиалды кемшіліктері нақты белгіленді. Олар:
1. Зейнетақы жарнасы мен төлемдерінің көлемдері арасындағы тікелей
байланыстың болмауы. Зейнетақы қорына жарна иеліксіз жүзеге
асырылады, бірақ әрбір жұмысшы оған жұмыс берушінің зейнетақы
қорына жарнаны уақытылы және толық аударуына байланыссыз
зейнетақыны алу құқығына ие. Егер жұмыс беруші мемлекеттік
зейнетақы қорына міндетті жарналардан бас тартса, онда мемлекет
азаматтар алдында зейнетақылық міндеттемелерді орындауы тиіс.
2. Зейнетақы жарнасының жоғары қойылымы өндірістің шығындарын
көбейтеді. Мемлекеттік зейнетақы қорына аударылатын жарнаның
еңбекақыдан 25,5% -ы экономикаға ауыртпалық алып келеді.
Зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін ұстап тұруға кететін үлкен
көлемдегі және өсіңкілі шығындарды инфляция жағдайында жабу үшін
жарна қойылымының болашақта да өсуі жұмыс берушілердің
мемлекеттік зейнетақы қорына міндетті жарнаны аударудан бас
тартуын күшейтуге әкелер еді.
3. Зейнетақы жарнасын жинаудың төмен деңгейі жалпы экономикалық
себептерге, сол сияқты мемлекеттік зейнетақы қамсыздандыруын
қолдауда сақтандыру жарналарының түсіп отыруы мен жұмысшылардың
мүдделігін бақылау механизмінің болмауына байланысты.
4. Зейнетақыны бекітуде жеңілдікткердің көп көлемі мемлекеттік
зейнетақы қорына үлкен жүктеме алып келді. Ағымдағы заң көптеген
адамдарға зейнетке ерте шығуға және жасы бойына зейнетақыдан көп
көлемдегі льготалық зейнетақы алуға құқық берді. Нәтижесінде бір
саланың жұмысшылары артықшылығы бар саладағы жұмысшыларға
зейнетақы беру үшін жарна төлеп жүрді. Бұл әлеуметтік әділеттілік
қағидасын бұзды.
5. Жұмысшылардың зейнетақы жарнасы персоналды есепке алудың болмауы
аударымдарды көбейтуді, азаматтардың жеке шоттарында қаржыны
шоғырландыруды, жұмыс берушілердің жарналарды бақылауына
ынталандырылады.
6. Зейнетақылық камсыздандыруды басқару нарығының тиімсіздігі,
түрлі ұйымдық құрылымдар бойынша зейнетақы қаржысын жинау мен
жұмсау функциаларының шоғырланбауы оларды мақсатқа сай
қолданбауға түрткі болды және үлкен қаржылық шығындарды туғызды.
Әскери қызметкерлерді, ішкі істер органдарының басқармалық және
қатарлық құрамын және олардың отбасын зейнетақымен қамтамасыз ету
тұралы . Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтарға
зейнетақы төлеу республикалық бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге
асырылды.
Ынтымастық зейнетақы нарығының сақталуы дағдарысты және зейнетақыны
кідіріп беруді күшейтер еді. Сондықтан 1998 жылға дейін экономикалық,
құқықтық және әлеуметтік қатынастарға қызмет істеп келе жатқан ынтымақтық
зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет етті.
Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесін реформалау барлық зейнеткерлердің
материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін мемлекет
экономикасын дамытуға түрткі болады.
Қазақстанда жаңа зейнетақы жүйесі туралы заң 1998 жылы 1 қаңтарда өз
күшіне енді, ескі ынтымақтық зейнетақы жүйесінен (ынтымақтық ұрпақ принципі
бойынша қызмет еткен) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біржолата көшуін
білдіреді.
Жаңа зейнетақылық реформа туралы заңның күшіне енуі потенциалды
салымшылардың зейнетақылық нарық қатысушылары туралы ақпараттың
болмауымен, экономиканың үнемі инфляциялық жағдайымен, сол сияқты Смагулов
и К сияқты қаржылық пирамидалардың құлаған тәжірибесімен байланысты
зейнетақы жинағының сақталуына деген сенімсіздігін туғызды. 1999 жылы
мамырда өткен Қазақстан финансисттерінің 1 Конгресінде Қазақстан Президенті
Н.Ә. Назарбаев зейнетақы активтерін сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті:
Өздеріңіз білетіндей Қазақстан- ТМД және Шығыс Еуропада зейнетақы
реформасын жүргізген және жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізген ең бірінші
ел. Бұл қадамның ұзақ мерзімдік болашақта маңызы зор, сондықтан
азаматтардың зейнетақылық жинағын қорғау дәрежесінде сенімсіздік тудыруға
хақымыз жоқ.
Қазіргі кезде Қазақстанда бір уақытта зейнетақылық қамсыздандырудың екі
жүйесі қызмет етеді – олардың біреуі ынтымақтық, 1998 жылы 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша еңбек тәжірибесі мен жасы сәйкес келетін адамға ғана
зейнетақы тағайындалады, бірақ бұл жүйе бойынша 1998 ж. 1 қаңтарында 6-
айдан кем емес еңбек тәжірибесі бар соңғы азамат қана зейнетақы алады, ал
содан кейін бұл жүйе тоқтатылып, жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен
міндетті және ерікті зейнетақы жарналары негізінде зейнетақы жинағына және
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық болатын жинақтаушы жүйе
болады.
Жинақтаушы зейнетақы нарығының негізгі қатысушылары: банк-кастодиандар
, зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар және жинақтаушы
зейнетақы қорлары.
1999 жылы 1 қарашада Қазақстанда 16 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды,
олардың біреуі Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры (ГНПФ) және 15-і
мемлекеттік емес Жинақтаушы Зейнетақы қорлары (ННПФ). Соңғылары
корпоративті (бір копанияның салымшы- жұмысшылары), ашық (жалпылық) және
КУПА, банк- костодиандардың қорлары болады.2;6 б
Әлуметтік қамтамасыз ету құқығы Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілген, оған сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтарын ауруға шалдыққан, мүгедектік, асыраушыдан айрылған және заңмен
көрсетілген басқа жағдайларда жалақының минималды мөлшерімен, зейнетақымен
және жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Ерікті
әлеуметтік сақтандыруды, әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша формасын
құруды және қайырымдылық жасауды қолдайды.3;28бап Әрбір азаматтың
әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығын ескеріп, Қазақстан Республикасының
Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыруға барлық қажетті жағдайды
туғызу міндеті жүктейді. Әлеуметтік қамтамасыз ету кепілін бекіту Адам
құқығыныңжалпыға бірдей декларациясы, экономикалық, әлеуметтітағайындау
тәртібіқтары туралы Халықаралық пакт, бала құқығы туралы Ковенция сияқты
халықаралық заң актілерінің ережелеріне сәйкес келеді.
Зейнетақылық қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы- халықтың экономикалық
және әлеуметтік жағдайыныңмаңызды құрамы.
Зейнетақы (лат.pensio- төлем)- белгілі бір тұлғалардың санатына берілетін
әлеуметтік қорлардан және басқа да қайнар көздерден заңмен бекітілген
көлемде алынатын ақшалай төлем (1 айға есептелген). Зейнетақылық
қамсыздандырудың негіздемесі – түрлі заңды фактірлер: белгілі бір жасқа
келу, мүгедек болу, асырашы өлімі, белгілі қызметті ұзақ уақыт атқару –
еңбек сіңірген жылдар.4;34б
Жиырмасыншы ғасыр халықтың әлеуметтік әділеттік туралы ойын өзгертті,
бұл зейнетақымен қамсыздандырудың дамуымен байланысты: бұны бүгінгі күні
бәрі заңмен бекітілген жасқа және еңбек іс- әрекетіне қарсы келетін
жағдайға келген әрбір азаматты міндетті қоғамдық (мемлекеттік) материалды
қолдау деп түсінеді. Зейнетақыны тағайындау тәртібі мен төлеу механизмі
нақты елдің заңдарымен реттеледі, нақты және қаржылық жағдайларға сай
өзгертіледі. Әлемдегі көптеген мемлекеттер бір жағынан, өздерінің қартайған
азаматтары мен мүгедектерін зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсартудың
бюджеттік мүмкіндіктерінің салыстырмалы шектеулер мәселесімен көздеседі, ал
екінші жағынан,- әрбір адамның өзінің болашағы үшін жеке жауапкершілігін
түсінуді қалыптастырады және этикалық қолдайды. Сондықтан, ерікті
жинақтаушы зейнетақы сақтандыруда әрбір азматтың қатысуының түрлі формалары
дамыды және қолдау тауып отырады. Ал кәсіподақтардың және қоғамның
көпжылдық қысымымен әлеуметтік серіктестік феномен қалыптасқан дамыған
елдерде сақтандырудың тең қатысушысы болып жұмысшылар да табылды.
Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі құрамдас элементтердің бірі ретінде
жоғары рангте тұрған әлеуметтік қорғау деп аталатын жүйеге кіреді, ал
оның өзі мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық нарығының бөлігі болып
табылатын еңбекке жарамды халықтың ұдайы өндірісі жүйесіне енеді.
Әлеуметтік- экономикалық жүйенің түрлі деңгейлерінің өзара байланысы
мен өзара негізділігі оларды жүйелі құралдармен зерттеудің артықшылығын
анықтайды, туындаған мәселелерді жүйелі механизмдерге негізделіп шешуді
міндеттейді. Өзіндік зейнетақылық қамсыздандыруда қолданылуы кейбір
бірлестікке функционалды және логикалық бірігетін параметрлер тобын
талдауды білдіреді. Ең алдымен оларға мыналарды жатқызамыз:1) халықтың
жыныстық- жастық құрылымы және олардың денсаулығының жалпы көрсеткіштері;
2) мемлекеттің, жеке ведомстволардың және кәсіпорындардың қаржы ресурстары;
3) жұмыспен қамтылудың салалық құрылымы (сонымен бірге, денсаулыққа зиян
кәсіптердің таралуы); 4) мемлекеттің әлеуметтік саясатының жалпы
бағыттылығы (сол сияқты әлеуметтік жеңілдіктердің тізімі мен масштабы); 5)
прожиточный минимум көлемі; 6) жұмышылардың экономикалық жағдайы және жеке
жинақтарының мүмкіндіктері.5;53б
Қазіргі кезде әлемнің барлық дерлік елдерінде зейнетақылық
қамсыздандыру халықтың көп бөлігін қамтитын норма болды. Бірақ барлық кезде
емес: зейнетақыны міндетті және жалпыға бірдей деп 200 жылдай ғана уақыт
санады. 1790 жылы Француздық революция ең алғаш рет зейнетақылық қамтамасыз
етуді отанға қызмет еткен, қорғаған, оны әйгілі еткен, қоғамға
берілгендігін мысалы еткен адамдарға үлестірген. Бір ғасырдан кейін
Геманияда жалпы әміршілдік заңға сәйкес зейнетақы алушылар болып 10
жылданартық қызмет еткен барлық мемлекеттік қызметкерлер (мұғалімдерді
қоса) табылады, және зейнетақы алуға негіз өз қызметін атқаруға медициналық
бекітілген қабілетсіздік болып келеді. Ресей патшалығында 19 ғасырдың
ортасынан бастап қызмет уақытының өтіунен кейін немесе мүгедектілік бойынша
барлық шенеуніктер мен әскери қызметкерлер зейнетақы ала алды, бұл
зейнетақының қайнар көзі мемлекеттік қазына болды. Осы кезден бастап
мемлекеттік зейнетақыны толықтырып тұратын қазіргі кәсіби зейнетақы
қорларына ұқсас зейнетақылық касса болды. (бұндай кассалар Францияда,
Англияда, және Германияда құрылды). Совет заманында зейнетақы жалпыодақтық
тұтыну қорынан алынды, ал халық 1964 жылы қолхоз мүшелеріне зейнетақы және
жәрдемақы беру туралы заң қабылданған кезден бастап зейнетақы алу
мүмкіндігіне ие болды.
Бәрімізге мәлім, КСРО-да кейбір батыс еуропалық елдерде, мысалы,
Франция мен Германияда қабылданған зейнетақылық қамсыздандыру моделіне
ұқсас, ынтымақтық зейнетақылық жүйесі іске асырылған еді. Бұл модель
жоспарлы экономикаға тән, басқарудың глобальдық режимінің логикасымен
анықталды және милиондаған қартайған азаматтардың өмір сүруіне мүмкіндік
берді.
Жоспарлы экономика ұрпақтар ынтымақтастығы принципіне сай құрылған
зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі үшін позитивті моменттерді қамтамасыз
етеді. Яғни:
- еңбекке қабілетті халықты жұмыспен толық қамту;
- демографиялық проблемаларды тізбекті түрде шешуге мүмкіндік беру,
миграциялық процестерде жоспарлау:
- зейнеткерлер саны мен түсетін зейнетақы аударымдарының көлемі
арасындағы қатынаста аймақтың бірегейсіздіктерді Зейнетақы қорының
қаржысы арқылы орталықтан басқару және түзету;
- қаржылық тәртіпті қатаң бақылау және зейнетақы қорына аударымдардан
жалтарудың мүмкінсіздігі.
Осы жағдайларда әлеуметтік бағдарламалар зейнетақының неғұрлым жоғары
деңгейін қамтамасыз етеді, ал жеңілдіктердің көп болуы зейнетке шығуды
тездетеді. Зейнетке ерте шығу- зиян өндіріске және қиын климаттық
жағдайдағы жұмысқа еңбек ресурстарын тартудың негізгі стимулдардың бірі.
Зейнетақының көлемі соңғы жылдары алған еңбек ақыға, нңбек стажына және
жасына байланысты болады, алайда бір шектеу бар- зейнетақы көлемі белгілі
деңгейден аса алмайды.
Бұл жүйенің негізгі сипаттамалары келесі жағдайлар бола алады:
- зейнетақы қаржысын шоғырландырудың иелікке байланыссыздығы;
- жүйе ішінде зейнетақы қаржысын қайта үлестірудің міндеттілігі;
- зейнетақы құруда азаматтарда жаупкершіліктің және бастамашылдықтың
болмауы;
- әлеуметтік қамсыздандыру нарығының монополиялануы.
- Зейнетақы сақтандыру жарналарын төлеуге тәуелсіз тағайындалады,
көптеген нәтижесіз льготалар бар.6;2б
Көптеген елдердің зейнетақы жүйесіне мемлекеттік және мемлекеттік емес
(жинақтаушы) зейнетақылық қамсызданудың бөлінуіне қарай даму тән.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақылық жинақтарды сақтап қана қоймайды, сол
сияқты инвестициялық және басқа жобаларға жұмсау жолымен оларды көбейтеді.
Мемлекеттік емес зейнетақылық қамсыздандырудың спецификасы салымшы мен
қатысушының құқықтары мен міндеттері көлемі, сипаты, басқару формасы және
қор қызметіне әсер ету бойынша ерекшеленуіне.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын басқа да қаржылық (инвестициялық)
институттардан ерекшелейтін екі маңызды жағдай бар. Бұл, біріншіден, ЖЗҚ-
на жарнаны төлеу кезін олардың қаржылық міндеттерін орындауды бастау
кезінен бөліп тұратын белгілі уақыттың болуы. Екіншіден, жинақталған
міндеттерді бір рет алу тек екі жақпен қол қойылған келісім- шартқа сәйкес
мүмкін. Ережеге сай, жинақталған міндеттемелер жинақталған табыспен бірге
сәйкес ұйымға (ұйымдық- құқықтық статусы бойынша) беріледі.
Бірінші талапта беріле қоймайтын және әрқашан периодикалық толтырылып
отыратын ұзын ақшалардың осындай шоғырлануы- инвесторлар үшін тартымды
маңызды фактор. Алайда, өздерінің қаржылық міндеттемелерін кепілді
орындауға тырыса отырып, әлемнің зейнетақы қорлары кенеттен төлемге
қабілетсіз болып қалмау үшін актуалды (қаржылық түсімдермен
міндеттемелердің болжамды көлемін баланстайтын) есеп жүргізіп отырады. Ал
халық салымдарының сенімділігіне кепілдік беретін мемлекет осындай
құрылымдарда болатын қаржылық тәуекел мен қажетті сақтандыру қорларын
реттемелейді және бақылайды. Осы ретте Жинақтаушы Зейнетақы қорының
әлеуметтік- экономикалық қатынастардың нарықтық жүйесіне сіңіп кеткен
институт ретінде жемісті қызмет етуінің міндетті шарттарын құруға болады:
1) нарықтың барлық қатысушыларының тең жауапкершілігін заңды
кепілдейтін тұрақты құқықтың кеңістік (өзіндік қаржылық міндеттемелері
бойынша мемлекет текіреді);
2) құндық бағасы бар көптеген материалды және материалды емес
объектілеріне жеке меншік құқығы (өндіріс құралдары, жылжымайтын
мүлік,бағалы қағаздар, интелектуалды меншік объектілері, және т.б);
3) кез келген нарықтық құндық объектілерді қаржы құралдарын сатып алу
мен сатудың тиімді ұйымдастырылған және барлық қатысушыларға тең тиетін
жүйе;
4) түрлі қаржылық тәуекелмен сипатталатын әртүрлі табыстылық дәрежесі
бойынша қаржы құралдарының жеткілікті көлемі;
5) қоғамның халық жинақтарына олардың өз болашағын ойлаудың негізгі
компоненті ретінде және ұлттық байлықтың артудың шешуші факторы ретінде
көтермелі қатынасы.7;57б
Көптеген дамыған елдерде зейнетақылық қамсыздандыру үш қайнар көз
арқылы жүзеге асырылады: әлеуметтік сақтандыру шегінде мемлекеттік
зейнетақы жүйесі, зейнетақы қоры, сақтандыру компаниялары және басқа
қаржылық ұйымдар. Зейнетақылық қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі барлық
халыққа немесе тек мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, ал
кейде темір жол персоналдарына қызмет етеді. Көптеген елдерде халықты жасы
жасы және еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақымен қамтамасыз ететін
негізгі институттар- кәсіпорындардың, фирманың, кәсіби одақ пен халықаралық
ұйымдардың персоналдарының зейнетақы қорлары. Бұндай қорларды әдетте жеке
немесе өндірістік деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметінің бірі
ретіеде зейнетақыны жеке және топтық сақтандырумен айналысады.
Елде жеке зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму дәрежесі
мемлекеттік зейнетақы жүйесі халықтың қажеттіліктеріне қалай жауап
беретіндігіне байланысты. Жеке зейнетақы қорлары АҚШ-та көп тараған,
мемлекеттік жүйе дамыған Скандинавия, Австрия сияқты елдерде аз тараған.
Зейнетақылық жүйелер бір-бірінен көп жағдайда ерекшеленеді.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі 2 жүйені бөлуге болады: бюджеттік
(қорлануға жатпайды) және сақтандыру (қорлану). Бюджеттік жүйе қорларды
(мемлекеттің, кәсіподақтың бюджетінен және басқа түсімдер) шоғырландырады
және зейнетақыны ағымдық төлеу үшін оларды үлестіреді. Олар ақша
түсімдерінің қосымша көздерін алу үшін бос құралдарды инвестицияланбайды.
Сондықтан бюджеттік жүйеде зейнетақылық қамсыздандырудың қаржылық
нәтижелері анықталмаған және қажетті қаржыны шоғырландыру мүмкін бола ма,
жоқ па, соған байланысты. Бұл топқа кейбір мемлекеттік зейнетақы жүйелері
жатады. Олардың көбі екінші топқа жатады. Зейнетақы төлемдерін қамтамасыз
ету үшін қаржыны жүйелі ұзақ мерзімді жинақтау осы топтың жүйелері үшін
принципиалды болып табылады. Сол себептімұндай жүйелер қорлану деп атауға
құқығы бар. Зейнетақының өзін мұндай жүйеде арнайы сақтандыру нәтижесі
ретінде қарастырған жөн. Басқаша айтсақ, зейнетақының жарнасы мен
төлемдерінің балансы сақтандыру принциптерімен анықталады.
Зейнетақымен сақтандыруды қамтамасыз етудің түрлілігін шартты түрдеүш
бағытқа бөлуге болады:
1) зейнетақыны жеке сақтандыру- клент белгіленген көлемде
зейнетақыны сатып алады (сақтандырады);
2) клиент сақтандыру ұйымында қаржыны жинақтайды, зейнетақыны
жинақталған сомаға тән;
3) топтық сақтандыру – барлық қатысушылардың зейнетақысы жарнаның жалпы
сомасына барабар.
Егер шетелде зейнетақы қорын топтық сақтандырумен айналысатын ұйым деп
қарастырса, ал отандық тәжірибиде бұл сақтандыру зейнетақысын қамтамасыз
ететін бар ұйымдар. Қаржыны жинақтау, зейнетақы жарнаны есептеу, әдісі
туралы айтқанда, зейнетақыны сақтандырумен қамтамасыз етудің бір бағытының
екіншісінен ерекшелеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан екі зейнетақы қорын
бөлуге болады. Біріншісін шартты түрде сақтандыру десек, екіншісін-
өндірістік дейміз.8
Сақтандыру зейнетақы қоры зейнетақыны жеке немесе коллективті
сақтандыру үшін қажет. Зейнетақыны коллективті сақтандыру кезінде қор жеке
кәсіпорындар персоналдарына, қәсіподақ мүшелеріне және т.б қызмет
көрсетеді. Алайда, мұндай топтың әр мүшесі жеке тәртіпте сақтандырылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін дамыған елдерде
зейнетақыны жеке және топтық сақтандыру саны өсті. Сонымен, соңғы жылдары
АҚШ-та жеке сақтандырулардың санының өсуі жылына 20-25%, ал 1990 жылы жарна
сомасы 33,6 млрд. долларды құрады. Осыдан он жыл бұрын ол 4,6 млрд. доллар
болған еді, өндірістік зейнетақы қорлары жайында айтсақ, онда бұл елде олар
1875 жылдан бастап қызмет көрсетеді.
Келесі жарты ғасыр бойы банктерде, темір жолдарда және коммуналдық
қызметпен айналысатын компанияларда 400-ден аса қор құрылды. Өндірістік
зейнетақы қорларының қарқынды өсуі 40- жылдарда болды. Егер 1940 жылы АҚШ-
та осындай қордың қатысушылар саны өндірісте және саудада қамтылған
адамдардың жалпы санының 15 бөлігін құраса, ал 70-жылдардың ортасында 44%-
ға артты (33 млн. қатысушы).
Ұлттық экономика ұшін инвестиция қорының қаншалықты екеніне АҚШ-ң 500
ірі зейнетақы қорының инвестиция саласындағы жағдайы мен саясаты елдегі
бағалы қағаздар нарығының перспективасын бағалауда маңызды фактор ретінде
қарастырылуы дәлел.
Зейнетақы қорларының қазіргі қоғамдағы орнына байланысты көптеген батыс
елдерінде олардың іс-әрекетінің көп жақтары мемлекетпен реттеліп отырады.
Негізінен, қаржылық есеп, қор қатысушылары алдында міндеттемелерді анықтау
әдістері және т.б реттеледі және стандартталады.
Зейнетақы қоры- қатысушыларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша
қаражаттарын шоғырландыру мен оларды пайдалануды білдіретін түрлі жоспарлы
қызметпен айналысатын ұйым. Әрбір зейнетақы қоры өз заңдарына сәйкес жұмыс
істейді, және халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен
байланыссыздербес заңды және қаржылық ұйым болып табылады. Зейнетақы қоры
өзі құрылған және персоналдары қызмет ететін мекеме міндеттемелері
бойыншажауап бермейді. Алайда зейнетақы қорының тәртіптерінде оны құрған
ұйым қордың ағымдық дефицитін жабуы немесе қысқартуы тиіс жағдайлары
қарастырылған. Көптеген зейнетақы қорының негізінде зейнетақыны өзін-өзі
толық қаржыландыру принципі жатыр.9;6б
Зейнетақы қорының (міндетті немесе ерікті) қатысушысы болып қор іс-
әрекеті тараған ұйымда тұрақты, кейде мерзімді жұмыс істейтін қызметкер
табылады. Жеке тұлға бірнеше зейнетақы қорында тізбектеліп қатыса алады-
жұмыстың ауысуына байланысты қор да өзгереді. Сәйкесінше, әрқорда тұлға
өзін біраз зейнетақымен қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қорының қызметін әртүрлі инвестициялық процесс
ретіндеқарастыруға болады. Бір адам үшін қор құрылған кездегі абстрактілі
жағдайды қарастырайық. Бұл процесс екі сатыдан тұрады. Периодикалық
жарналардың бірінші жолында қор құрылады, қаржыны жинақтау жедел жүреді,
себебі алынған ақша табыс алу үшін инвестицияланады. Екінші сатыда
(инвестициядан түсім) қаржы зейнетақы төлеу үшін щығындалады. Теория
тұрғысынан зейнеткер өмірінің соңғы күндерінде құрылған қор жұмсалып
бітеді. Айтылған зейнетақыны сақтандыру мәнін көрсетеді. Өмір ұзақтығының
түрлілігіне байланысты жеке қатысушының жарнасы мен төлемдерінің нақты
балансын алу мүмкін емес. Бір жастағы және жынысты бір адамдар тобы үшін
ғана осындай баланс алуға ұмтылады.
Зейнетақылық қамсыздандырудың екі түрінде де- өндірістік және жеке
сақтандыру кезінде әртүрлі дәрежеде болса да сақтандыру принциптері
қолданылады. Алайда олардың арасында ерекшеліктер болады. Олрдың негізгісі
жеке компаниялар және мекемелер кезінде құрылған зейнетақы қорында
кәсіпкерлік пайда жоқ. Бос қаржыны инвестициялағаннан түскен табыс, әдетте,
өзінің негізгі массасында қатысушыларға арналады. Сақтандыру ұйымдарында
зейнетақысақтандырған кезде компанияға тиесілі кәсіпкерлік табысты
қарастырады.(егер ол акционерлік қоғам болса, пайданың бір бөлігі
акционерлер арасында үлестіріледі). Бұл сақтандыру зейнетақы қорларына тән.
Басқа ерекшеліктерді атауға болады, мысалы, өндірістік зейнетақы
қорында зейнетақылық қамсыздандыру көлемі мен жарна сомасы арасында қатаң
байланыс жоқ. Зейнетақы деңгейі әдетте тәжірибе мен орташа жалақыға
байланысты. Зейнетақыны жеке сақтандыру кезінде жарна деңгейі
сақтандырылатын зейнетақы мөлшерімен анықталады және алатын жалақы
деңгейіне тәуелсіз. Зейнетақы сомасы сақтандыру ережелерімен анықталатын
шекте кез келген болуы мүмкін.
Соңғы кезде шетелде байқалған өндірістік зейнетақы қорының дамудың
тездеуі факторларға баланысты. Ең алдымен, персоналдың қордағы қатысуын
ынталандырушы факторларды ерекшелейміз. Олардың негізгісі- жұмысберушінің
зейнетақыны бөлшектеп қаржыландыру. Нәтижесінде қор қатысушысына
зейнетақыны жеке сақтандыру жолымен өз жарнасымен зейнетақыны толық
қаржыландыруға қарағанда әлдеқайда арзанырақ келеді. Басқаша айтсақ,
зейнетақы қорына қатысу жасырын қосымша жалақы алуға тең. Осы жерден
зейнетақы қорының шарты- жұмыс орнын таңдау кезіндегі маңызды момент.
Зейнетақы қорының болмауы маңызды теріс фактор болып саналады.
Кәсіпкер жайында айтсақ, зейнетақы қорын қаржыландыруда құру мен қатысу
кадрлардың ағылып кетуін тоқтатады, персоналды дайындау шығындарын
азайтады. Жұмыс беруші үшін тағы бір ерекше фактор- зейнетақы қорында
жинақталған, өз акциясын қорға сату түрінде жинақталған резервтен өзіндік
несиелеу мүмкіндігі.
Зейнетақы қорының дамуында салық саясаты маңызды рөл атқарады. АҚШ- та
және басқа елдерде жұмыс берушінің қорға жарнасы өндірістің қажетті
шығындары ретінде қарастырылады да, федералды салық салынбайды. Қор
инвестициясының табысы да толық немесе бөлшекті салықтан
босатылады.Сонымен, мемлекет зейнетақы қорын қаржыландыруға жанама
қатысады.
Қарастырылуы тиіс тағы бір фактор бар- кәсіподақ әсері 50-жылдардың
басына дейін АҚШ- та кәсіподақтар өндірістік зейнетақы қорларына жақсы
қарамады, өштесті. Себебі қордың пайда болуынан кәсіпорын персоналдарына
әсер ету деңгейі азайды. Кәсіподақтар өндірістік зейнетақы қорларының
шартын жасауға қатысу құқығын алғаннан кейін, жағдай өзгерді.

1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету принциптері

және механизмі

Зейнетақы қорның қатысушылары (мүшелері) екі топқа бөлінеді:белсенді
(жұмыс істеп, қорға жарна төлеп жүргендер) және зейнеткерлер. Мүшелер
құрамы уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Қордың бастапқы қызметі
барысында барлық мүшелер белсенді боллып табылады, уақыт өте келе
қатысушылар бірінен соң бірі зейнеткерлік жасқа келіп, зейнетақы алу
құқығына ие болады. Жұмыстағы олардың орнын қордың белсенді белсенді мүшесі
бола бастайтын қызметкерлер басады. Ұйымда біраз уақыттан кейін
зейнеткерлер саны мен белсенді мүшелер арасындағы ара – қатынас тұрақтану
керек.
Теорияның мәні осындай. Алайда қордың барлық дерлік элементтері сол
әсерлерді қабылдайды, дамудың өзіндік ішкі логикасы иеленеді, сондықтан
нақты жағдайда қордың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы жайында айтудың
қажеттілігі жоқ. Оған қарамастан, қорды ұйымдастырған кезде және басқаруда
жарна сомасы мен күтілген зейнетақы төлемі және басқарушылық шығындарын
бланстауға ұмтылады. Бір уақытқа жасалған баланс болашақта бұзылады.
Тұрақтандыру факторларын екі топқа бөледі: объективті және субъективті.
Біріншісін қордың басқаруға байланыссыз фактор деп түсінеміз (демографиялық
процесстер, елдің экономикалық жағдайы, ақша – несие нарығындағы жағдай
т.б.), ал екішісіне кәсіпорын мен қор ішінде анықталатын факторларды
жатқызамыз: кадрлық саясат, кәсіпорынның (қордың) даму стратегиясы, қор
ережелерінің өзгерісі, қор жинақтарын басқару стратегиясы және тактикасы,
инвесторлар біліктілігі және т.б.
Зейнетақы қоры өз міндеттемелері бойынша қатысушылар жауап бере ме, жоқ
па, білу үшін, егер жоқ болса зейнетақы қорларында топтық сақтандыру бар
дисбаланс дәрежесі қандай екенін білу үшін әрқашан актуарлы баағалау
жүнгізіледі.
Актуарлы бағалау үшін қажетті ақпараттар тарифті ставканы есептеуге
қарағанда көп болады. Парамертлердің мәнін болашақ үшін қажет етеді. Егер
демографиялық секілді сенімді параметрлер уақытқа байланысты өзгереді де өз
әсерін дисбалансқа тигізетінін айтсақ, онда актуарлы есепте қа былданатын
экономикалық сипаттамалардың тұрақсыздығы туралы айтпай – ақ қойса болады
(жалақы өзгерісінің қарқыны, инфляция қарқыны және т.б.). Осыдан шығатын
түйін – актуарлы бағалау нәтижесін нақты бухгалтерлік нәтиже деп
қарастырудың мәні жоқ. Олар зейнетақы қор жағдайының динамикасы туралы
айтуға болатын кейбір бағдар деп қарастырған жөн.
Шетелде зейнетақы қорының актуарлық қызметі ерекше дербес іс әрекет
болып бөлініп шықты. Ол жоғары білікті мамандар – актуаршиктер (сақтандыру
математигі) жұмыс істейтін арнайы шығын фирмалармен жүзеге асырылады.
Мұндай фирмалар қордың актуарлы бағалау процесін және олар үшін түрлі
аналитикалық жұмысын орындауды өз мойнына алады. Қорлар өз күшімен ағымдық
оперативті және есептік жұмыстар кешенін жүзеге асырады.
Зейнетақы қорларын қаржыландыру әдістері және көздері.
Қаржыландыру әдістері.зейнетақы жүесін қаржыландырудың негізгі үш
әдәісі (схемесы) бар: ағымдақ шығындарды толық жабу, резерв есебінен
зейнетақы төлеу, аралас әдіс.
Ағымдық шығындарды жабу әдісі кең маштабты резервті құруды білдірмейді.
Жұмыс беруші мен персоналдың жарнасы толығымен зейнетақыны төлеуге кетеді.
Кейде құрылған шағын резерв алыс болашақта зейнетақы төлеуді қамтамасыз ету
үшін арналмаған. Сондықтан, бұл жерде зейнетақы қоры туралы емес,
зейнетақылық қамсыздандырудың резервтік емес (қорсыздану) жүйесі туралы
айтылған. Қаржыландырудың бұл әдісі әлеуметтәк қамсыздандырудың
мемтеекеттік жүйелерінде және халықаралық ұйымдардарда қолданылады. Бірнеше
мысал келтірейік.
Австрияда (мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету
жүйесі) қаржыландыру бюджеттен жүзеге асырылады, алайда, қызметкер оған
жалақыдан 9 пайызын қосады. Осыған ұқсас жүйе Францияда болды. Мұнда
қызметкерлер 6 пайыз төлейді. Ал Испанияда қызметкерлер 3,86 пайыз төлейді.
Жоғарыда айтылған мәндер 1983 жылы халықаралық еңбек ұйымымен жасалған
зерттеулерден алынды. Мұнда қырық мемлекеттің мемлекеттік қызметкерлерін
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін, сол сияқты мемлекеттік зейнетақы қорын
қамтуда. Осы зерттеуде өндірістік зейнетақы қорлары айтылмады. Алайда олар
көптеген позиция бойынша мемлекеттік жүйелерге бағытталады.
Халықаралық банкте, халықаралық валюта қорында, Американ елдерінің
ұйымында персонал зейнетақы төлеу үшін жалақыда 7 пайзын төлейді, ал қалған
қажетті қаржы осы ұымдардың бюджетінен бөлінеді. Европалық қоғамдастық
ұйымдарында персонал ағымдық шығындардың 13 бөлігін, ал қалған шығындары
ұйым бюджеті есебінен төленеді. Экномикалық кооперациямен даму ұйымында –
зейнетақы персонал жарғысы (7%) есебінен.
Ағымдық шығындарды жабу әдісі қолдану алғашқы жылдары жүйенің
зейнетақыға аз шығындарын білдіреді, өйткені бұл кезде персонал әлі де
зейнетақы құқығына ие емес, орнынан кетпейді. Зейнеиақыны жаппай төлеу
жүйені құрғаннан кейін бірнеше жылдан кейін іске қосылады.
Егер зейнетақы нарығының шығындарын төлеу персонал есебінен бөліп
немесе толық жүргізілсе, онда бірінші зейнеткерлер жаңа ұрпақ персоналдар
төлеген зейнетақыны алатын балады, басқаша айтсақ, бірінші зейнеткерлер
зейнетақыны өздерінің аз шығындаоуы кезінде алады. Осылайша, бір ұрпақ
зейнеткерлердің жинағы келесі персоналдар тобының мойнына жазылады. Сол
сияқты, жүйенің дамуына байланысты қажетті төлемдер көлемі артады, ол
жинақталған резервтің болмауынан үлкен қаржылық қиындықтарға алып келеді.
Қарастырылған схеманың ең үлкен кемшілігі – болашақта зейнетақының
төленуіне кепілдік бермейді. Егер резерв жоқ болса, төлемдерде болмайды,
жүйе жойылса, зейнетақы мүлде төленбейді.
Жоғары да аталған схеманың екіншісі – резерв есебінен ғана зейнетақы
төлеу – топтық сақтандыру бар өндірістік зейнетақы қорларында
қолданылмайды. Қаржыландырудың бұл әдісі бір реттік жарна есебінен жеке
сақтандыру кезінде және сақтандыру аннуитеттерін сатып алған кезде негізі
болып табылады. Ол зейнетақының толық алдынала қаржыландыруды білдіреді
және сәйкесінше зейнеткерлерге толық кепілдік береді, алайда оны үлкен топ
қатысушылар үшін жүзеге асыру көптеген бастапқы шығындармен байланысты. Бұл
жерге ағымдағы жылда зейнетке шыыққан қатысушыларға ғана қажетті қорға
салынатын жарна резервке тең болуын білдіретін әдісті де жатқызамыз.
Осылайша, қордың алғашқы жылдарында жарналары жоқ немесе аз. Содан кейін
олар көбейді, жетілген қорда олар аз да болса тұрақты.
Зейнетақы жүйелерін қаржыландыру үшін резервті тізбекті құру әдісі
қолданылады. Осы әдіс өндірістік, мемлекеттік және халықаралық зейнетақы
қорларында пайдаланылады. Мұндай қорларды қызмет басында (даму кезінде)
жарналар ағымды зейнетақы төлемдерінен көбіреек болады. Қолданылмаған
қаржыны табыс алу үшін инвестициялайды. Жоғарыда айтылғандай, мұндай ұзақ
мерзімге қызмет ететін қорларда жарналар төлем сомасынан аз. Айырым
инвестициядан түскен табыспен жабылып отырады. Қаржыландырудың осындай
тәсілі қаржылық ауыртпалықтың қатысушылардың келесі ұрпығы арасында тең
бөлінетіндігін білдіреді. Даму кезіндегі шығындар ағымдық шығындарды
толық жабу кезіне қарағанда біраз жоғары, жетілген кезде де осылай. Бұл
әдіс қатысушылар мен зейнеткерлер үшін кепілдікдің жоғары деңгейін
қамтамасыз етеді, бірақ кепілдік әдетте толық болмайды. Қаржыландырудың
аралас әдісін қолданатын қорларда жарна деңгейіне мысалдар төменде
келтіріледі.
Қаржыландыру көздері. Олар: қатысушылар жарнасы, жұмыс берушілер
жарнасы, босқа қаржыны инвестициялағаннан түскен табыс. Ағымдағы кейбір
зейнетақы қорларында инвестициядан табыстан басқа тек жұмыс берушілермен
қатысушылар жарнасы есептеледі. Негізіне көпм жағдайда осы үшеуі де болады.

Қатысушының да, жұмыс берушінің де жарнасының деңгейі әдетте жалақы
сомасы пайызбен шағып анықталады. Сомаға не кіретіні сәйкес ережелермен
анықталады (негізгі немесе түрлші қосымша табыс, үстеме, сыйақы қосылған
жалақы). Қорды қаржылық қамсыздандыруды позициясынан қарағанда, жұмыс
берушінің және қатысушының жарнасы қандай қатынаста екені маңызды емес. Әр
түрлі зейнетақы қорларында олар қатты ерекшеленуі мүмкін. Көп жағдайда
жұмыс беруші қорға қатысушымен бірге тең соманы аударады. Кейбір қорларда
жұмыс берушінің нақты сомасы ескңертілмейді, ұзақ мерзімді қаржылық
қажаттіліікпен байланысты.
Мемлекеттік қызметкер мен халықаралық ұйымдардың қорға аударатын жарна
деңгейін көрсететтін бірнеше мысал келтірейік (бұл жерде тізбекті
қорланатын зейнетақы жүйесі туралы сөз болып отыр). АҚШ – та қөатысушы мен
жұмыс берушінің жарнасы жалақының жеті пайызы көлемінде бекітілген, ал
Жапонияда – қатысушы 5,15 пайыз және мемелекеттік мекеме әкімшілігі 15,85
пайыз. Азия Даму Банкі: қатысушы - 913 пайыз жұмыс беруші - 823 пайыз, ал
қалған шығындарды өзі жабады. Европалық Атом зерттеу ұйымы: қатысушы 7
пайыз, жұмыс беруші – 15 пайыз (дисбалансты жабу үшін 1,5 пайыз). Біріккен
Ұлттар Ұйымының зейнетақы қорында қатысушы – 7,5 пайыз, ал жұмыс беруші -
15 пайыз.
Бос қаржыны инветициялау қор қызметінің маңызды аспекті болып
табылыды. Инвестиция портфелінің жауап беретін талаптары: сенімділік,
жоғары табыстылық, өтімділік те маңызды рөл атқарады.
Инвестицияны қордың немесе бір қаржылық мекеменің – банктің,
инвестициялық компанияның және т.б. тапсырсмасы бойынша арнайы служба
басқарады. Қордың қаржысы негізінен бағалы қағаздарға, кейде жылжымайтын
мүлікке салынады. Тәуекелді төмендету үшін инвестиция портфелі бағалы
қағаздар түрі бойынша диверсификацияланады (акция, облигация, қазынашылық
вексельдер және т.б.), ал қағаздардың өздері – экономикалық қызметті
саласы, мерзімі және валютасы бойынша бөлінеді.
Инвестиция сомасы ұзақ және орта мерзімді болады. Мемлекетті
зейнеткерлерді заңды жолмен қорғау үшін қор қаржысы инвестицияланатын
бағалы қағаздардың сапасын анықтайды, мысалы АҚШ – та АА – дан төмен
емес рейтингті бағалы қағаздар, яғни неғұрлым сенімді бағалы қағаздар бола
алады. Қор ережелерімен кейде зеңмен зейнетақы қорларын инвестициялауға
шектеулер бекітіледі. Оларға салымдардың жеке түрлеріне лимит және бір
компанияның бағалы қағаздарына салым үшін шектеулер (концентрациялық лимит)
қойылады. Әдетте қор шегіндегі инвестициялар шектеулері қарастырылады (қор
қатысушыларына ссуда беру, қор қызмет ететін персоналы бар компанияға ссуда
беру).
Инвестицияның табыстылығы объективті (бағалы қағаздар нарығының
жағдайы, елдегі іскерлік белсенділік және т.б.) және субъективті
факторларға байланысты. Субъективті факторлардың маңыздысы –
инвестицияларды басқарудағы кәсібилік. Активтер портфелі әрқашан бағалы
қағаз нарығының ағымдық жғдайымен оның перспективті бағалауын, қорда
қабылданған тәуекел дәрежесімен стратегияны есепке ала отырып қайта
қаралады. Үш көзден түскен қаржы мен зейнетақы төлем сомасы арасындағы
арақатынас туралы білу үшін кейбір резерв құруды қарастыратын елдерге тән
мемлекеттік қызметкерлердіңі зейнетақы қорлары үшін осы өлшемдерді
бейнелейтін келесі мәләметтке қарайық.

Халықаралық еңбек ұйымының зерттеулерінен алынған мәләметтер.
Зейнетақыға құқық алу шарттары
Өндірістік зейнетақы қорлары келесідей зейнетақы төлеуді қарастырады:
- қартайған жағдайына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты;
- жұмысқа қабілетсіздігі (мүгедек) бойынша;
- қатысушы немесе зейнеткердің жесіріне;
- балаларға және асыраудағы жанға.
Әр зейнетақы қорында зейнетақы құқығын алу шарттары ерекшеленеді.
Принципиалды жағдайда ұқсастық байқалады.
Зейнетақы қартайған жағдайға байланысты елуден жетпіс жас аралығындағы
адамдарға, көптеген зейнетақы жүйелерінде елу – алпыс жас аралығындағы
адамдарға тиесілі. Барлық зейнетақы жүйесінде ұйымда жұмыстың минималды
тәжірибесі қарастырылады, ол бірден отыж жылға дейін. Көптеген қорларда
қажетті тәжірибе он - он бес жылға дейін.
Кейбір елдерде зейнетке шығу жасы бекітілмеген минималды еңбек сіңірген
жылға жеткен кезде тағайындалады. Әдетте ол мерзім отыз – отыз бес жыл.
Зейнет жасына жеткен кезде қор қатысушысы қартайған жас бойынша
зейетақысын алу арқаы зейнетақы құқығын қолдана алады. Зейнетақы жасына
жетпеген, минималды тәжірибесі жоқ қатысушы жұмыстан кеткен кезде кейінгі
қалдырған зейнетақы құқығын алады. Бұл құқық кейін зейнет жасы келгенше ие.
Мысалы, елу жасында жұмыстан кеткен адам алпыс жасқа келгенше кейінге
қалдырыылған зейнетақы алады. Алпыс жаста бұл құқықты иемденіп болады.
Көптеген зейнетақы жүйелерінде қартайған шақ бойынша зейнетақы жалақы
көлеміне байланысты болады. Зейнетақы көлемін қолдану үшін негіз ретінде
соңғы жалақы, бекітілген мерзім интервалындағы орташа жалақы (3 – 5 жыл)
алынады. Басқа да варианттарда кездеседі.10;55б
Зейнетақы ретінде төленуі керек жалақы үлесі тәжірибеге байланысты. Көп
қорларда бұл үлес оған пропорционалды (мысалы, әр жұмыс жылына 1 – 2 %, 5
жыл ). Кейде бұл үлес екі элементтен тұрады: біріншісі тәжірибеге
байланысты емес (мысалы, 30 %), екіншісі – оған пропорцилоналды.
Зейнетақының минималды көлемі жиі кездеседі, ал максималды – кейде ғана
(жалақының шекті сомасы немесе үлесі ретінде, мысалы, 70 – 80 %).
Көптеген зейнетақы жүйелерінде өмір сүру индексінің өзгеруіне
байланысты зейнетақыны түзету, кейде асыраудығы жанға үстеме ақы төлеу
қарастырылады.
Кейбір қорларда ерте жалақы алу мүмкіндігі орын алады. Зейнетақы
зейнетке шығудың стандартты жасына қарағанда аз жасқа жеткен кезде жұмыстан
кеткенде төленеді. (Мысалы, БҰҰ – ң зейнетақы қорында стандартты
зейнетақылық жас алпыс екі жас, ал ерте зейнетақы елу жеті жаста мүмкін).
Ерте зейнетақы көлемі, әрине, стандарттан аз. Оны әдеттегі зейнетақы
саласын бір әдіспен қысқарта отырып, анықтайды. Мысалы, әр жыл сайын
қалыпты жасты азайта отырып, зейнетақы біраз пайызға қысқарады. Ерте
зейнетақыны тағайындағанда қатысушылардың кейбір құқықтары қысқарады.
Көп қорларда зейнеткердің біруақыттық жәрдемақы алу мүмкіншілігі
ескертіледі. Сәйкес сома зейнетақының актуарлы эквивалентті түріндегі
қатысушының зейнетақы құқығының бір бөлігінен көп болмауы керек. Уақыттық
жәрдемақы төлеген кезде зейнетақының ағымдық төлем сомасы қысқарады.
Сонымен, егер уақыттық жәрдемақы үлесі актуарлы эквиваленттің 13 – не тең
болса, онда болашақта төленетін зейнетақы көлемін 23 – дейін қысқарады.
Біруақыттық жәрдемақы төлеу кезінде қор қатысушы біраз құқығынан айрылады.
Егер қор қатысушысы зейнетақы құқығын алмай жатып жұмыстан шықсы (минималды
тәжірибесі жоқ болса) немесе олардан бас тартса, онда оның қорға аударған
сомасы және есептелген пайыздары (кейде пайызсыз) өзіне қайтарылады. Бұл
сома, әдетте, жинақталған резервтен аз.
Қатысушы өлімі кезінде де осындай болады. Сонымен, қатысушы жарнасын
оның өзіндік қорланған жинағы ретінде қарастырылады. Осы жағдайда жұмыс
берушінің қаржысы қорда толығымен немесе бір бөлігі қалады.
Мемлкеттік қызметкердің зейнетақы қорлану жүйесіне қатысты қартайған
жасқа байланысты зейнетақыға құқығын анықтайтын бірнеше мысал келтірейік.
өндірістік зейнетақы қорлары елде мемлекеттікке бағдарланады.
Австрияда зейнетақы 65 жасқа жеткен және 10 жыл жұмыс тәжірибесі
болғанда тағайындалады. Ерте зейнетақы 60 немесе одан жоғары жаста болуы
мүмкін. Зейнетақы көлемі: 10 жыл тәжірибеде – базисті жалақыдан 50 пайыз
(базиске соңғы жылдағы жалақының 80 пайызы алынады). 10 жылдан кейінгі әр
тәжірибелік жылға зейнетақы екі пайызға артады. Зейнетақы үшін максималды
есептелетін тәжірибе – 35 жыл, ал зейнетақы 100 пайыз базисті жалақыны
құрайды.
Канадада мелекет қайраткерлері 60 жылға жетіп, аз дегенде 5 жыл
тәжірибесі болса зейнетке шығады. Ерте зейнетақы 55 жаста тағайындалады. Ол
отыз жыл стажы болса ғана мүмкін. Жалақының орташа сомасын анықтау
негізінде 6 үзіліссіз ең жақсы (жалақыға байланысты) жыл алынады.
Зейнетақы көлемі - әр жұмыс жылға екі пайыз. Максималды жалақы – отыз бес
жыл тәжірибе.
Швецияда мемлекеттік қызметкерлерді қамсыздандыру жүйесінде зейнетке
шығу жасы - 62, тәжірибесі – 40 жыл. Ерте зейнетақы әйелдер үшін ғана
мүмкін (60 жас және 35 жыл тәжірибе). Зейнетақы көлемі: жалақының алпыс
пайызын оған қоса әр бала үшін тағы 5 пайыз.
Португалияда мемлекет қызметкерлеріне зейнетақы 70 жаста және бес
жылдан аз емес тәжірибеде тағайындалады, зейнетақы – 60 жас және 35 жыл
тәжірибе. Егер тәжірибесі 36 жылдан асса, онда жас бойынша шектеулер
ескертілмейді. Зейнетақы көлемі: әр қызмет жылы үшін жылдық жалақының 136
бөлігі. Максималды – 100 пайыз.
АҚШ – та зейнетақы жасы – 5 жыл тәжірибеде 62 жас, 20 жыл тәжірибеде 60
жас, 30 жыл тәжірибеде 55 жас. Зейнетақы көлемі: алғашқы жұмыстың бес жылы
үшін орташа жалақының 7,5 пайызы 5 – 10 жыл үшін – 1,75 пайыз, 10 жылдан
жоғары – 2 пайыз. Жалақыдан максималды зейнетақы үлесі 80 пайыз.
Бұл оның персоналдық зейнетақы жүйесін қартайған жас бойынша зейнетақы
жағынан зейнетақы мөлшерін анық әдісі бойынша АҚШ – ғы мемлекет
қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне ұқсас. Алайда зейнетақы жасы
62, ал минималды жұмыс тәжірибесі – 5 жыл.
Мүгедектік және уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша зейнетақы қор
қатысушының тәжірибесіне және жасына байланыссыз. Мұндай зейнетақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Қаржы нарығы: мәні, құрлымы, түрлері
Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының бағыттары мен жағдайы
Бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының құрылымы
Қаржы нарығының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы жүйесі
Пәндер