Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы



Кіріспе
I Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны
II. Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық және олардың тараптар мәртебесіне әсері
2.1 Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық түсінігі, саралануы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі. Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық процестердегі істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мән беріледі. Азаматтық процестердегі іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады. Тараптар – бұл субъективтік құқықтары мен міндеттеріне байланысты сот қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен заң оларға сот шығындарын өтеу міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату жағдайларын қоспағанда) жүктейді. Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық процестердегі құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық процестердегі істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Тараптардың азаматтық іс-жүргізу құқықтары мен міндеттері
ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланылады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастыруға болады. Жалпы – бұл тараптардың басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға жән т.б. (ҚР АІЖК-і 47-бабы). Арнай - ҚР АІЖК-і 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы тараптың негіздемесін немесе нысанын өзгертуге не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөліп қарастыруға болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтауға, сотта төрағалық етушінің қаулыларна бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекетінің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болуы керек (ҚР АІЖК-нің 150-бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК-нің 65-бабы).
Азаматтық процестердегі іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы., 2005.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы., Жеті жарғы., 2005.
3. Об ипотеке недвижимого имущества: Закон // Ведомости Верховного Совета РК, 1995, № 24.
4. О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним: Указ Президента РК, имеющий силу закона // Ведомости ВС РК. 1995, № 24.
5. О банкротстве: Закон РК // Ведомости Парламента РК. 1997, № 1-2.
6. О регистрации залога движимого имущества: Закон РК // Ведомости Парламента РК. 1998, № 13.
7. О рынке ценных бумаг: Закон РК от 2 июля 2003 года № 461-2.
8. О банках и банковской деятельности: Указ Президента РК, имеющий силу закона от 31 августа 1995 года № 244 // Ведомости ВС РК 1995 год № 15-16.
9. О государственных закупках: Закон РК от 16 мая 2002 г.
10. О транспорте: Закон РК от 21 сентября 1994 г.
11. О защите прав потребителей: Закон КазССР от 5 июня 1991 г.
12. О финансовом лизинге: Закон РК от 5.07.2000.
13. О регулировании торговой деятельности: Закон РК от 12.04.2004.
14. О кредитных товариществах: Закон РК от 28.03.2003.
15. О комплексной предпринимательской лицензии (франчайзинге): Закон РК от 24.06.2002.
16. Нормативное постановление Верховного суда РК от 09.07.1999 № 9 «О некоторых вопросах применения судами РК законодательства по возмещению вреда, причиненного здоровью».
17. О применении судами законодательства о возмещении морального вреда: Нормативное Постановление Верховного Суда РК, от 21 июня 2001 года № 3.
18. Постановление Пленума Верховного суда РК «О практике применения судами законодательства о защите прав потребителей» от 22 июля 1996 г. Вестник Верховного суда РК, 1996, № 3.
19. Гражданское право: Общая часть. Учебник // Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 2000.
20. ГК РК (Особенная часть). Комментарий. Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2000.
21. Гражданское право. Под ред. Ю.К.Толстого, А.П.Сергеева. Ч.1-3. М., 2000.
22. Гражданское право. Под ред. Суханова Е.А. М., БЕК, 2000.
23. Гражданское право России. Курс лекций. Под ред. Садикова О.Н. М., 1996.
24. Гражданское право. Под ред. А.Г. Калпина, А.И. Масляева. 2-е издание. Ч.1-2. М., 2000.
25. Гражданское, торговое и семейное право капиталистических стран. Под ред. Нарышкиной Р.Л. М., 1993.
26. Гражданское, торговое и семейное право капиталистических стран. Сб. нормативных актов. Гражданские и торговые кодексы. М., 1986.
27. Гражданское право: Практикум Ч. 1-2/ Под ред. Н.А.Егорова, А.П.Сергеева. М., 1997.
28. Гражданский Кодекс РК (Общая часть): комментарий/ под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Кн.1,2. Алматы, 1998.
29. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству РК: понятие и общая характеристика. Алматы, 2000.
30. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1999.
31. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, 1997.
32. Басин Ю.Г. Вина как условие ответственности за нарушение обязательства // Гражданский кодекс РК – толкование и комментирование. 1997. Вып. 2.
33. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. М., 1997.
34. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2. Договоры о передаче имущества. М., 2000.
35. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3. Договоры о выполнении работ и оказании услуг. М., 2003.
36. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 4. Договоры о перевозке, буксировке, транспортной экспедиции и иным услугам в сфере транспорта. М., 2003.
37. Братусь Д. Основные элементы понятия залога. Актуальные проблемы современного гражданского права. Том 1. Алматы, 2001.
38. Витрянский В.В. Договор купли-продажи и его отдельные виды. М., 1999.
39. Грибанов В.П. Осуществление и защита гражданских прав. М., 2000.
40. Додонов В.Н. и др. Словарь гражданского права. М., 1997.
41. Диденко А.Г. Научно-практический комментарий статей ГК РК о залоге // Гражданское законодательство РК: Статьи, комментарии, практика. 1999. Вып.8.
42. Диденко А.Г. Роль договора в социально-экономических преобразованиях // Там же. 2000. Вып.9.
43. Ефимова Л.Г. О соотношении вещных и обязательственных прав. // Государство и право. М., 1998, № 10.
44. Завидов Б.Д. Договорное право России. М., 1998.
45. Искакбекова С. Предприятие как имущественный комплекс.// Мир закона. 2001. №4.
46. Иоффе О.С. Гражданское правоотношение // Избранные труды по гражданскому праву. М., 2000.
47. Иоффе О.С. Обязательственное право. М., 1975.
48. Договор в гражданском праве: проблемы теории и практики. Т.1,2. Отв. Ред. М.К. Сулейменов. Алматы, 2000.
49. Кабатова Е.В. Лизинг: правовое регулирование, практика. М., 1998.
50. Лунц Л.А. Деньги и денежные обязательства в гражданском праве. М., 1999.
51. Мамонтов Н.И. Обязательства и их исполнение // Актуальные вопросы коммерческого законодательства в РК. Алматы, 1996. Том 2.
52. Нерсесов Н.О. Избранные труды по представительству и ценным бумагам в гражданском праве. М., 1998.
53. Острой М.В. Моральный вред: возникновение и развитие идеи компенсации. Учебное пособие. Алматы, 2000.
54. Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в РК. Учебное пособие. Алматы, 1997.
55. Совершение сделок: Учебно-практическое пособие/ Составитель Р.Темиргалиева. Алматы, 1998.
56. Сулейменов М.К., Осипов Е.Б. Залоговое право. Алматы, 1999.
Сейдахметова Ф., Скала В. Договоры в РК. Ч.1 Алматы, 2000

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тұлға азаматтық іске қатыса отырып, нақты
анықталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдық жағдайын қате
анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін қателігі болып табылады.
Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық
процестердегі істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде
зерттеуге көп мән беріледі. Азаматтық процестердегі іс жүргізу құқығы мен
заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың
субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай
жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар
негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастьар болып табылады.
Тараптар – бұл субъективтік құқықтары мен міндеттеріне байланысты сот
қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен заң оларға сот шығындарын өтеу
міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату жағдайларын қоспағанда) жүктейді.
Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше
белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары
болады. Азаматтық процестердегі құқық туралы олардың арасында туындаған дау
сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық процестердегі істе заңда
тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын
заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық
қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Тараптардың азаматтық іс-
жүргізу құқықтары мен міндеттері
ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын
тең пайдаланылады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастыруға болады. Жалпы – бұл тараптардың басқа да іске қатысушы
тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер
жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме
табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға жән т.б. (ҚР АІЖК-і 47-бабы).
Арнай - ҚР АІЖК-і 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген.
Мысалы, талап қоюшы тараптың негіздемесін немесе нысанын өзгертуге не
азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық
не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастыруға болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс
жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтауға,
сотта төрағалық етушінің қаулыларна бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс
жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекетінің мінезіне байланысты.
Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда
көрсетілген мәліметтер бар болуы керек (ҚР АІЖК-нің 150-бабы); әр тарап
(талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі
ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК-нің 65-бабы).
Азаматтық процестердегі іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен
жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана
көрсетілген.
Азаматтық процестердегі іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай
өңделген:
- тарап бұл даулы материалды – құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;
- тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Азаматтық процестердегі
тараптардың мақсаты құқықтану саласындағы әділ қызметтерді нақтылайды.
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға
құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді.
Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып
табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және
нәтижесінде бір затты білдіреді. Тараптар – бұл субъективтік құқықтары мен
міндеттеріне байланысты сот қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен
заң оларға сот шығындарын өтеу міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату
жағдайларын қоспағанда) жүктейді. Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі
тараптарды сипаттайтын келесі ерекше белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Осылай істегі тарап түсінігін материалды–құқықтық қатынастар субъектілері
түсінігімен анықтайды. Даулы материалды–құқықтық қатынас қатысушылары істе
сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып
табылады. Азаматтық процестердегі істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы
өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны
не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа
тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты
бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана
анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды–құқықтық қатынастың нақты
не ықтимал субъектілері танылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Азаматтық процестердегі
тараптардың теориялық және әдістемелік негіздерін Заңмен қарастырылған
жағдайда заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады.
Іске тарап ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М.А Викут
көңіл бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды
тұлға болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді.
1909 жылы Е.А. Нефедьев талаптарды субъективті түрде біріктіру және
біріккен қатысушылық терминдері бір құбылысты білдіреді деп, бірақ түрлі
тараптан, түрлі белгілер бойынша біріккен қатысушылық сөзімен талапкер
мен жауапкер тарапында бірнеше тұлғалардың бірігу фактісін білдіретінін
айтқан.
Істегі тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана
қатысады деген қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды. Заң шығарушы
басқа анықтама заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын қолданған. Сондықтан
тарап ретінде заңды тұлға болып табылатын, сонымен қатар заңды тұлға
құқықтарын қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі. М.С Шакарян
азаматтық істегі тараптар түсінігін материалды – құқықтық қатынастар
субъектілерінің түсінігімен байланыстырмау тиіс дейді. Бірақ өзінің істегі
тараптар анықтамасында ол бұл байланысты үзбейді, себебі сот шешуі тиіс
құқық туралы дау – бұл материалды – құқықтық қатынас субъектісінің дауы
болып табылады.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде Қазақстан Республикасының
азаматтары мен заңды тұлғаларынан басқа шетел құқығының субектілері, яғни
шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңи тұлғалар, халықаралық
ұйымдар олардың құқықтары дау қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары
құқық туралы дауды қарастыратын болса қатыса алады. Заңмен қарастырылған
жағдайда заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады.
Іске тарап ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М.А Викут
көңіл бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды
тұлға болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді.
Істегі тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана қатысады
деген қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды. Заң шығарушы басқа
анықтама заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын қолданған. Сондықтан тарап
ретінде заңды тұлға болып табылатын, сонымен қатар заңды тұлға құқықтарын
қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі. Заңды тұлға емес мекеменің
тарап ретінде қатысуына мысал ретінде ұжымдық еңбек дауы бойынша азаматтық
істі келтіруге болады. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 шілдесінде
қабылданған Еңбек кодексі заңының 1-бабы 1-тармағында келесілер
анықталған: Ұжымдық еңбек даулары – бұл мекемелерде еңбек ақысын төлеу мен
жұмыс жағдайларын орнату және өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдерді
орындау, сондай-ақ әрекет етуші заңдылықтарды, ұжымдық шарттар мен
келісімдерді қолдану мәселелеріне байланысты жұмыс беруші мен жұмысшылар
ұжымы арасындағы келіспеушіліктер. Яғни құқық туралы дау тараптары
жұмысшылар ұжымы талапкер және жұмыс беруші жауапкер болып табылады.

I Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы

1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестердегі тараптар іс жүргізу
кодексінің 44-бабында іске қатысушы тұлғалар құрамына кіретін іс жүргізу
қатысушыларының тізімі тараптарды анықтағаннан басталады. Бұндай құзыретті
тараптарға қатысты мойындау олар іске қатысушы тұлғаларға тән келесі
белгілерге сай келетінін білдіреді:
- іс шешіміне заңды қызығушылық таныту;
- істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады;
- өз алдына әрекеттер жасау құқығына ие;
- сот шешімінің және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтаманың заңды
күшінің әсері таралады;
- заңмен белгңленген процессуалдық құқықтар мен міндеттерге иеленеді;
Көрсетілген белгілердің ішіндегі заңды қызығушылық таныту ерекше мәнег
ие. Даулы материалды – құқықтық қатынас қатысушылары ретінде тараптардың
заңи қызығушылығының ерекшелігі іске қатысушы өзге тұлғалармен
салыстырғанда тараптардың іс шешімінде материалды – құқықтық және
процессуалдық қызығушылықтарының болуы болып табылады. Материалды –
құқықтық қызығушылықтың мәні соттың талапкер үшін талапты қанағаттандыру
немесе жауапкер үшін одан бас тарту туралы шығаратын шешімге байланысты
пайда алу не оны сақтап қалу болады. Процессуалдық қызығушылық деп іске
қатыса отырып сот өндірісіне қатысушы күтетін және оған ұмтылатын істі
қарау мен шешудің процессуалдық нәтижесін түсінуіміз керек, яғни талапкер
үшін бұл талапты қанағаттандыру туралы шешім шығаруды, ал жауапкер үшін
талаптан бас тарту туралы шешім шығаруды күту. Екі тарап үшін де
процессуалдық қызығушылық соттан тараптар арасындағы дауды шешетін шешім
алумен байланысты болады. Тараптардың заңды мүдделері қарама – қарсы болып
табылады. Себебі, тараптар материалды – құқықтық және заңды мүдде туралы
дау жағдайында болады. Субъектілері істе тарап болатын құқық туралы дау,
яғни даулы материалды – құқықтық қатынас сотта істі қараудың пәні болып
табылады. Сот тараптар арасындағы құқық туралы дауды қарастырып шешім
немесе тараптардың ерік білдіруіне байланысты, яғни талаптан талапкердің
бас тартуымен не бейбіт келісім орнатумен байланысты істі қарауды тоқтату
туралы анықтама шығарады. Осылай, сот актілерін шығару жолымен азаматтық
құқықтық дау субъектілерінің тәртіп ережелері анықталады. Сондықтан сот
шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты туындайтын салдар толық көлемде
тек тараптарға ғана таралады.
Тараптар – бұл субъективтік құқықтары мен міндеттеріне байланысты сот
қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен заң оларға сот шығындарын өтеу
міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату жағдайларын қоспағанда) жүктейді.
Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше
белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
- қарама-қайшы материалды – құқықтық және процессуалдық қызығушылықтардың
болуы;
- Заңды күшіне енген сот шешімі салдарының толық көлемде таралуы;
- Іс бойынша шығындарын өтеу;
Талап қою бойынша істі қозғаумен байланысты ғана тараптар арасындағы
құқық туралы дау сотта қарау пәні болмайды. Құқық туралы даудың болуы
ерекше талап өндірісінің де ерекше белгілерінің бірі болады. Әрекет етуші
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдылығы құқық туралы
даулары ерекше талап өндіру тәртібінде шешіліетін субъектілерді іс
жүргізудегі тараптар деп атауға мүмкіндік береді. Осы жерде келесі
қорытынды шығады тараптар тек жай талап өндірідің ғана емес, сонымен қатар
ерекше талап өндірудің тұлғалары болып табылады. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабына сәйкес іс жүргізудегі тараптар
болып талапкер мен жауапкер танылады.
Талапкер мен жауапкер – бұл құқықтары туралы дауды сот қарастыратын
тұлғалар. Осылай азаматтық іс жүргізуде әр уақытта екі тарап болады.
Олардың бірі талапкер, екіншісі жауапкер деп аталады.
Талапкер – бұл өз мүдделерін қорғау үшін талап қойған, не олардың
мүдделеріне қатысты талап қойылған азамат пен заңды тұлға. Талапкер істе
құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты туындаған құқық туралы дауы сот
шешетін тараптардың бірі, яғни даулы құқық пен заңи мүдденің ықтимал
субъектісі.
Сотқа талап қою туралы шағымданған тұлға әрдайым талапкер болмайды.
Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, азаматтар не прокурор азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық
және мемлекеттік мүдделердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мақсатында шағымданған жағдайда да қозғалуы мүмкін. Бұл шешім
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 3- тармағынан шығады. Бұнда
келесі норма бекітілген: Өзге тұлғалар құқықтары мен, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдануға заң бойынша құқығы бар
тұлғалар мүддесіне қатысты іс қозғаған тұлғаларды сот туындаған іс туралы
алдын ала ескертеді және олар сотта талапкер ретінде қатысады. Бұл жағдай
өз кезегінде келесі басқа процессуалдық нормаларының мазмұнына негізделеді:
егер талапкер прокурор ұсынған талаптармен келіспесе, онда сот үшінші
тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне кері әсер
етпейтін болса талапты қараусыз қалдырады. Егер мүдделеріне қатысты
мемлекеттік орган яғни жергілікті өзін-өзі басқару органы, ұйым не жеке
азамат іс қозғаған тұлға қойылатын талаптармен келіспейтін болса, онда сот
үшінші тұлғаларға кері әсе етпесе істі қараусыз қалдырады. Тиісті құзыреті
болғанда өкілдікке алушы атынан және оның мүдделерін қорғау үшін істе
әрекет ететін сот өкілі талап қою арызына қол қоя және оны ұсына алады.
Азамат әрекет қабілеттілікті толық не толық емес еселенетініне қарамастан
іс жүргізуде тарап болып саналады. Талапкердің мүдделерін қорғау үшін іске
қатысушы тұлғалар сотта оның өкілдері жағдайына иеленеді. Яғни талап қою
талапкерді анықтайтын белгі болып табылмайды. Іс бойынша талапкерді
анықтағанда сот кімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтынын,
материалдық пайданы алуда және мәжбүрлеп орындалатын сот шешімінің өзі үшін
тиімді болуын күтуде кім қызығушылық танытатынын ескеру керек.
Жауапкер - өзіне қатысты талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Жауапкер
бұл талапкердің пікірінше, оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған құқық
туралы даудағы екінші тарап.
Іс жүргізуде тараптар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен
заңды тұлғаларынан басқа шетел құқығының субектілері, яғни шетелдіктер,
азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңи тұлғалар, халықаралық ұйымдар
олардың құқықтары дау қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары құқық
туралы дауды қарастыратын болса қатыса алады. Заңмен қарастырылған жағдайда
заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады. Іске тарап
ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М.А Викут көңіл
бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды тұлға
болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді. Істегі
тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана қатысады деген
қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды. Заң шығарушы басқа анықтама
заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын қолданған. Сондықтан тарап ретінде
заңды тұлға болып табылатын, сонымен қатар заңды тұлға құқықтарын
қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі. Заңды тұлға емес мекеменің
тарап ретінде қатысуына мысал ретінде ұжымдық еңбек дауы бойынша азаматтық
істі келтіруге болады. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдесінде
қабылданған Ұжымдық еңбек туралы заңының 1-бабы 1-тармағында келесілер
анықталған: Ұжымдық еңбек даулары – бұл мекемелерде еңбек ақысын төлеу мен
жұмыс жағдайларын орнату және өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдерді
орындау, сондай-ақ әрекет етуші заңдылықтарды, ұжымдық шарттар мен
келісімдерді қолдану мәселелеріне байланысты жұмыс беруші мен жұмысшылар
ұжымы арасындағы келіспеушіліктер. Яғни құқық туралы дау тараптары
жұмысшылар ұжымы талапкер және жұмыс беруші жауапкер болып табылады. Еңбек
туралы заңдылықтың немесе өзге нормативті құқықтық актілерді қолдануға
байланысты ұжымдық еңбек дауларын тараптардың бірінің өкілі берген арыз
бойынша сот қарастырады. Құрылтай құжаттарына сәйкес өкілдік етуге
құзыретті кәсіподақ органдары мен оның бірлестіктері, мекеме жұмысшылары
жиналысында құрылған қоғамдық органдар мен оның бөлімшелері және
өкілдіктері жұмысшылырдың өкілдері болып табылады. Тараптар іске қатысушы
барлық тұлғалар сияқты құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады. Бірақ,
азаматтық құқықтық дау субъектілері ретінде тараптарға талап қою қызметін
жүзеге асыруға және оған шағымдануға, сондай-ақ құқық туралы дау объектісін
иеленуге мүмкіндік беретін тек оларға тиіс процессуалды құқықтар мен
міндеттер беріледі.
Заңда азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың нақты тізімі жоқ.
Азаматтық іс жүргізуге қатысушыларын негізгі үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа сот пен сот орындаушысы; Екінші топты іске қатысушы тұлғалар
құрайды. Олар тараптар, үшінші тұлғалар және Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 41-бабында көрсетілген өзге тұлғалар. Өз кезегінде олар екі
топқа бөлінеді :
- іске өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын және іс
шешілуінде материалдық және құқықтық қызығуы бар тұлғалар;
- іске өз атынан, бірақ басқа адамдар мүдделерін қорғау үшін қатысатын,
сонымен қатар іс шешімінде тек құқықтық қызығуы бар адамдар.
Тараптар яғни талапкер мен жауапкер – азаматтық іс жүргізудің негізгі
қатысушылары.
Талапты өндіру тараптары талапкер мен жауапкер болып табылады. Талапкер
мен жауапкерлер ретінде жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Әрекет етуші
азаматтық іс жүргізу заңдылығы азаматтық іске талапкердің қатысуының екі
негізгі нысанын ажыратады.
Біріншіден, сотқа өзінің бұзылған не дауласушы құқығын қорғау үшін
шағымданған тұлға талапкер болып табылады.
Екіншіден, талапкер болып өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдануға құықығы бар тұлғалар мен айыптаушы
арызы бойынша қозғалатын істе қызығушылығы бар тұлға табылады.( А.І.Ж.К 33-
б. 2-б.)
Бірінші жағдайда істі талапкер бастайды, ал екіншісінде туындаған іс туралы
хабарлаған сотпен іске қатысады.
Бұл нормаларды салыстыру талапкерді даулы құқығы не сот қарастыратын дауда
заңмен қорғалатын мүдделерін иеленуші тұлға ретінде сипаттауға
болады.Сонымен талапкер презумпциясы туралы айтуға болады. Бұл презумпция
біріншіден, сотқа шағымданғанда хабарлайтын дәлелдемелер, екіншіден, даулы
материалды-құқықтық қатынас қатысушыларының мүмкін тізімін анықтайтын құқық
нормаларының бастамаларына негізделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде жауапкердің
нақты түсінігі жоқ. Азаматтық іс жүргізі кодексінің 44 және 48 баптарының
салыстырмалы талдауы жауапкер туралы , біріншіден сотқа шағымданушы
тұлғаның субъективтік құқықтары мен мүдделерін бұзушы тұлға ретінде ,
екіншіден талапкердің субъективтік құқықтары мен мүдделерін ықтимал бұзушы
ретінде сот іске тартатын тұлға ретінде айтуға мүмкіндік береді. Яғни
жауапкер бұл талап қойылған тұлға, сонымен қатар сот талап бойынша жауап
беру үшін тартатын тұлға. Уағдаласушы Тараптар сұрау салынған Уағдаласушы
Тараптың заңдарымен көзделген iс жүргiзу және басқа әрекеттердi орындау,
соның iшiнде құжаттарды құрастыру және салып жiберу, тексерулер, тiнтулер,
алып қоюлар жүргiзу, заттай дәлелдемелердi жiберу, сараптама өткізу,
тараптардан, үшiншi тұлғалардан, сезiктiлерден, айыпталушылардан,
жәбiрленушiлерден, куәгерлерден, сарапшылардан жауап алу, тұлғаларды
iздестiру, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, оларды қылмыстық
жауапкершiлiкке тарту немесе үкiмдi орындау үшiн тұлғаларды ұстап беру,
азаматтық iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн, азаматтық талап-арыз бөлiгiндегi
үкiмдердi, орындау жазбаларын тану және орындау жолымен, сол сияқты
құжаттарды тапсыру жолымен бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетедi. 7-баптың
1-тармағының г тармақшасында:
сезiктiлердiң деген сөзден кейiн айыпталушылардың деген сөзбен
толықтырылсын,
оның атауы мен тұрған орны деген сөздер оның атауы, заңды мекен-жайы
жәненемесе тұрған орны деген сөздермен ауыстырылсын.
Азаматтық процестердегі тарнаптардың ережелік белгісі Қазақстан
республикасының Конституциясының 9-бабының 4-тармағы мына редакцияда
жазылсын:
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, бiр Уағдаласушы тараптың аумағында
тұратын адамдарды екiншi уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне шақыру, ол
келмей қалған жағдайда, мәжбүрлеу құралын қолдану қатерi болмауға тиiс.
Азаматтық хал-күйi туралы құжаттарды және басқа
құжаттарды салып жiберу.Уағдаласушы Тараптар құжаттарды салып жiберу туралы
азаматтарға хабарлай отырып азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы
куәлiктердi Уағдаласушы Тараптың тiкелей азаматтық хал актiлерiн тiркеу
органдары арқылы бiр-бiрiне аударым жасамай-ақ және тегiн салып жiберуге
мiндеттенедi. Уағдаласушы Тараптар бiлiмi, еңбек стажы туралы құжаттарды
және сұрау салынған Уағдаласушы Тарап азаматтарының және оның аумағында
тұратын өзге де адамдардың жеке немесе мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiне
қатысты өзге де құжаттарды бiр-бiрiне аударым жасамай-ақ және тегiн салып
жiберуге мiндеттенедi. 17-бап мына мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:Құжаттар Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде
дайындалған жағдайда куәландырылған орыс тiлiндегi аудармалары оларға қоса
берiледi.
Талапкерге қатысты сияқты, жауапкерге қатысты өз презумпциясы әрекет етеді.
Оған сәйкес негізінен талап қойылған тұлға (талап бойынша жауапқа
тартылған) ақырында бұл талап бойынша жауап бермейді. Талапкер мен
жауапкердің процессуалдық мүдделері өзара қарама- қайшы. Талапты өндіру
кезінде іс тараптар атынан жүреді. Сот шешімі ең алдымен талапкер мен
жауапкерге таралады. Тараптар іс бойынша сот шығындарын өтейді.
Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалды құқықтары мен
мүдделерінде көрініс табадаы. Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын
мүдделер сот қарауының пәні болып табылады. Сот шешімдерінің заңдылығы мен
негізделуі іс бойынша барлық жағдайларды зерттеу мен бекітуді толық
жүргізуге байланысты. Көбінесе бұл іске қатысушы барлық тұлғалардың ең
алдымен тараптардың процессуалдық жағдайын дұрыс анықтаумен негізделеді. Іс
қатысушысының құқықтық жағдайын дұрыс емес анықтау сот қателігіне әкеледі.
Сондықтан іске қатысушылардың қайсысы тараптарға жататынын дұрыс анықтау
өте маңызды. Бұл мәселені шешу тәжірибеде қиындықтар туғызады.
Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық сот
өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс
анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға
мүмкіндік береді. Бірақ азаматтық процессуалдық заңдылыққа тараптар
түсінігін кірістіру туралы мәселе заңи әдебиеттерде даулы болып қала
беруде. Теориялық жағынан ол дұрыс өңделмеген. Бұл азаматтық іс жүргізуде
тараптар түсінігін зерттеудің жәнеодақтас республикалардың Азаматтық іс
жүргізу кодексінде бекітілуіне ғылыми бастама қалыптастырудың маңыздылығына
дәлел болады. Тараптар үшін іске тікелей жеке қызығуының болуы қажет. Бұл
қызығушылық материалды құқықтық (сот шешімі бір бірімен олардың материалдық
құқықтықжағдайына әсер етеді), сондай-ақ процессуалдық (олардың әр біреуі
шешімнің өз пайдасына шешілуіне қызығушылық танытады) сипатта болады.
Тараптар азаматтық істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады.
Тәжірибеде Азаматтық істе тараптар әрдайым негізінен сот қарастыратын даулы
материалдық құқықтық қатынас тараптары болмайды. Бұл іс шешілуіне дейін сот
отырысында сот әрқашанда емес келесілерді:
- талапкер арызы негізделген бе жоқ па;
- сотқа шағымданушы тұлға қорғалуын сұрайтын субъективтік құқық иесі
болып табылатындығын;
- оның құқығы шынымен бұзылды ма, жоқ па;
- Талапкер жауапкер ретінде тартуды сұрайтын тұлға құқықты бұзғандығын
дұрыс анықтамауы бола алады.
Бұл судья істі қозғағанда талаптың және сот отырысында тексерілмеген өзге
құжаттарға негізделген материалдық құқықтар сәйкестігімен оның бұзылуы
туралы тек қана алдын ала пікірі болуымен анықталады. Сондықтан азаматтық
істе талапкер мен жауапкер ретінде даулы материалдық құқықтық қатынастың
нақты, соныменқатар мүмкін субъектілер қатысу жағдайлары ықтимал. Яғни,
тұлғаны тарап деп тану үшін кем дегенде даулы материалдық құқықтық қатынас
субъектісі болуы туралы негізделген түсінігі жеткілікті. Бұл тараптардың
бірінші белгісі. Даулы материалдық құқықтық қатынас субъектілерінің іс
тараптарының болуын тараптардың басқа белгісі – олардың іс шешіміндегі заңи
қызығушылығының болуы анықтайды.
Тараптардың заңи қызығушылығы материалды құқықтық және процессуалдық болып
жіктеледі. Талапкердің материалды – құқықтық қызығушылығы талапты
қанағаттандыру туралы сот шешімінің оған әкелетін пайдасын алуды құрайды.
Бұнымен талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін шығару талапкердің
процессуалдық қызығушылығы негізделген. Жауапкердің материалдық – құқықтық
қызығушылығы соттың талапкер алдында қандайда бір құқықтық міндеттемелері
жоқтығын шешіммен бекітуді құрайды. Сондықтан оның процессуалдық
қызығушылығы соттың талаптан бас тартуы туралы шешім шығару болады.
Сонымен, талапкер мен жауапкер қарама – қайшы материалды – құқықтық және
процессуалдық қызығушылықтар танытады.
Тараптардың заңи қызығушылықтары заңмен қарастырған жағдайда құқықтар мен
мүдделерін қорғау туралы арызбен шағымданған тұлғалар қызығушылығынан
ерекше болады. Бұл тұлғалардың мүдделері жеке сипатта емес және көбіне тек
процессуалдық, яғни соттың сотқа құқықтарын қорғау үшіншағымданған тұлғаның
пайдасына шешу болып табылады. Тараптар белгілеріне сонымен қатар шешімі
мен заңды күшіне енген барлық материалды – құқықтық және процессуалдық
салдардың (сот шешімінің обеътивтік және субъективтік шектері )
міндеттілігі де жатады. Дау пәніне жеке талаптар қоятын үшінші тұлғалардан
басқа іске қатысушы өзге тұлғалар үшін заң күшіне енген сот шешімі тек
кейбір салдар туындатады. Тараптар сонымен қатар іске өзінің субъективтік
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін түсуімен сипатталады. Тараптар іс
бойынша сот шығындарын заң бойынша не сотпен босатылмаса өтейді. Сонымен
талапты өндіруге тараптарды сипаттайтын белгілерге жатады:
- істе заңи қызығушылықтың материалдық – құқықтық және процессуалдық
болуы;
- өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс жүргізуге қатысу;
- сот шешімінің заңи күшіне енгенде оларға барлық материалды –құқықтық
және процессуалдық салдардың тарауы;
- іс бойынша сот шығындарын толтыру;
Аталғандар кеңестік азаматтық іс жүргізуде тараптар – бұл материалды
–құқықтық және процессуалдық қызығушылығы бар және заң күшіне тек сот
тәртібін реттелуі мүмкінқұқықтыр немесе өзара қатынас туралы арасында дау
туған азаматтық істегі материалды-құқықтық қатынастың нақты және ықтимал
субъектілері екендігі туралы нәтиже шығаруға мүмкіндік береді. Сот
қарастыратын құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектісі ретінде
тараптарды анықтау М.С Шакарян сынап ескертпелер келтірген. Ол бұл
анықтамада тараптар түсінігі құқықытық қатынас субъектілері түсінігімен
негізделмей байланыстырады деген. Сол уақытта тараптар – бұл материалдық
институт емес, ал процессуалдық құқық институты дейді, сондықтан анықтамада
процессуалдық аспект ескерілмеуі мүмкін емес және ақырында бұл анықтама тек
сәйкес тараптар түсінігін ғана қамтиды. Бұл сын негізделмеген секілді.
Біріншіден, аталған анықтамада азаматтық іс жүргізуде тараптарды материалды
– құқықтық қатынастар субъектілеріне қатаң түрде ұқсату жоқ. Бұл жерде
сонымен қатар даулы қатынастың ықтимал субъектілері туралы да айтылады.
Яғни тараптың істе материалды – құқықтық қатынас субектісі болуы міндетті
емес жағдайлардың болу мүмкіндігі көрсетіледі. Бірақ сотта істі қозғау
кезінде бұл туралы мүмкіндік қажет. Егер сотқа арызбен шағымданған
азаматтың материалды – құқықтық қатынас субъектісі болу мүмкіндігі де
болмайды. Істе тарап кем дегенде сот қарастыруы тиіс материалды – құқықтық
қатынас субъектілеріне жатқызылуы тиіс. Екіншіден, М.С Шакарянның бұл
түсініктеме процессуалдық аспект ескертілмеген туралы бекітілімі де
негізделмеген. Неліктен тараптардың іске өз құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін қатысушы тұлға болуының белгісі процессуалдық аспект бола алмайды?
Өз кезегінде М.С Шакарян, азаматтық істегі тараптар – бұл құқықтар мен
заңмен қорғалатын мүдделер туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар болып
табылады дейді. Бұл анықтаманы сәтті деп тануға болмайды. Себебі онда
тараптардың айырықша белгілерінің бірде біреуі жоқ. М.С Шакарян көрсеткен
құқық туралы дауы белгі емес, себебі ол тек тараптарды емес, сонымен қатар
өзінің жеке талаптарын қоятын үшінші тұлғаларды да сипаттайды.
Жоғарыда аталғандай М.С Шакарян азаматтық істегі тараптар түсінігін
материалды – құқықтық қатынастар субъектілерінің түсінігімен
байланыстырмау тиіс дейді. Бірақ өзінің істегі тараптар анықтамасында ол
бұл байланысты үзбейді, себебі сот шешуі тиіс құқық туралы дау – бұл
материалды – құқықтық қатынас субъектісінің дауы болып табылады.
Қазіргі кезде азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында азаматтық іс
қатысушылары түсінігінің екі түрлі анықтамасы бар. Олардың мәні келесі:
- тараптар бұл - даулы материалды – құқытық қатынастың нақты немесе
ықтимал субъектілері;
- тараптар бұл – құқық туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар.
Бұл екі анықтаманы да М.Х Хутыз сынға алған. Біріншісіне қатысты ол
бұндай анықтама логика ғылыми жағдайларына қарама-қайшы. Кез келген
түсініктер пәннің нақты белгілерін сипаттайтын нәтижелерін еселейді. Бұл
белгілер-объективті. Аталған жағдайда нақты белгі логикалық байланыс
құрамында болуы да, болмауы да мүмкін. Яғни, талданушы анықтама логикалық
тексеріске шыдамайды - деп жазған.
М.Х Хутыза бекітілімі жеткіліксіз. Біріншіден, тараптар материалды –
құқытық қатынастың ықтимал субъектілері болып табылады.- бұл оларды
сипаттайтын жалғыз белгі емес. Жоғарыда тараптардың объективті белгілері
көрсетілген (іске заңи қызығушылық таныту; өз құықтары мен мүдделерін
қорғау үшін іске қатысу; оларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін барлық
материалды – құқықтық және процессуалдық салдардың тарауы және т.б).
Екіншіден, белгінің қарама – қайшылығы бұл белгі объекті еместігін
білдірмейді. Объективті белгіге аталған азамат материалды – құқықтық даулы
қатынас субъектісі болуы да, болмауы да жатады.
Істегі сәйкес тарап егер сот оның құқығы туралы дау қарастырса және
шешсе әрдайым даулы материалды – құқықтық қатынас субъектісі. Сонымен қатар
сотқа шағымданған тұлғаның, не талапкер, не іске қатысуға тартылған
тұлғаның (жауапкер) материалды – құқық қатынас субъектісі болууы туралы
мәселе сотта істі қозғау кезінде тек ықтималдық деңгейінде болады.
Негізінен, істі соттақарау барысында бұндай ықтималдық сотты сендіруге
айналады, және егер де талапкер мен жауапкер сәйкес болмаса, яғни
материалды – құқықтық қатынас субъектісі болмаса, онда олар азаматтық іс
жүргізу заңдылығы бекіткен тиісті ережелер бойынша сәйкестерге
алмастырылады.(Қ.Р А.І.Ж.К 36б)
Сонымен, М.Х Хутызаның жоғарыда көрсетілген тараптар түсінігінің екі
анықтама тобының біріншісіне сыны сенімсіз. Анықтаманың екінші тобына :
тараптар – бұл құқықтары мен мүдделері туралы дауларын сот шешуі тиіс
тұлғалар, десек, онда онда бұл жағдайда М.Х Хутызаның сыни ескертпелері
негізделген болады. Біріншіден ол құқық туралы дауды , дау пәніне жеке
тараптар қоятын үшінші тұлғаларды да сипаттайтындықтан тараптардың негізгі
белгісі болмайтынын әдебиетте көрсетілгені туралы әділ жазады. Екіншідіен,
бұндай анықтама әдебиетте кейде жасалатындай ерекше өндіріс істерін
қатысушы тұлғаларды тараптар қатарына жатқызуға болады. Онымен келіспеуге
болмайды, себебі ерекше өндіріс тәртібінде соттар құқық туралы дауларды
қарастырмайды, ал бұл істер бойынша арызданушылар ешкімге ешқандай
материалды – құқықтық талаптар қоймайды. Бірақ М.Х хутызаның бұл сыни
ескертпелері өз алдына дұрыс. Олар тараптардың ұсынылған анықтамасында
толықтай ескерілмейді: ол, азаматтық істе тараптар – бұл істі қозғауға
түрткі болған құқықтық қатынастар мазмұнын бағалауда істі қарағанша
туындаған құқық туралы дауларын сот қарастыруы тиіс тұлғалар – деп жазған
.
Егер бұл анықтаманы қажетсіз көп сөзден бастасақ, онда ол автор сынға
салатын түсінікке тараптар – сот дауларын қарау қажет тұлғалар сәйкес
келеді.
Талап өндірісінде тараптар түсінігі туралы мәселені азаматтық іс жүргізу
құқығы теориясында шешудің кейбір аспектілері осындай болады. Әкімшілік
құқықтық қатынастардан туындайтын істерге қатысатын тұлғаларды тараптар деп
есептеуге болатыны туралы әдебиетте біртұтас ой жоқ. Бір ғалымдар бұндай
тұлғаларды тарап деп есептейді, басқалары оларды тарап деп есептеуге
болмайды дейді, себебі тараптар түсінігі тек талап өндірісіне ғана тиісті.
Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істегі шағымданушы және
әрекетіне жасалған шағымға байланысты іске қатысуға тартылған лауазымды
тұлғаны (әкімшілік орган) тарап деп санау құқық сай сияқты. Бұл істер
бойынша соттар аталған тұлғалар арасындағы құқық туралы дауларды қарастырып
шешеді. Яғни бұл істер өзінің процессуалдық мәніне қарай талап өндіру
істерімен біркелкі болады. Олардың арасындағы айырмашылық – бірінші
жағдайда соттар мемлекеттік, әкімшілік, қаржылық қатынастардан туындайтын
дауларды, ал екінші жағдайда – азаматтық, отбасы, еңбек шаруашылық
қатынастардан туындайтын дауларды қарастырады және шешеді. Материалды
құқықтағы айырмашылықтар көрсетілген азаматтық сот өндірісі түрлеріне
тиесілі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктеріне сай келеді, бірақ
олар аталған істерде қатысатын тұлғалардың процессуалдық жағдайларының
мәнін өзгертпейді. Бұл барлық істерде соттар бір тараптың (талапкердің),
екінші тарапқа (жауапкерге) қойылатын материалды – құқықтық талаптарын
қарастырады. Әдебиетте әкімшілік құқықтық қатынастан туындайтын істер
бойынша сотта талап өндіру істеріндегідей бір тараптың екіншісіне
материалды – құқықтық талаптарын қарастырмайды және бұл істердің сотта
қарау пәні лауазымды тұлға, не әкімшілік орган әрекетіне шағымы дұрыс емес
әрекеттен бас тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші
болады деп жазылған. Бұнымен келіспеуге болмайды. Дұрыс емес әрекеттен бас
тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші талапкер сотқа
арызданған бір тараптың екіншісіне қойған материалды – құқықтық талаптары
болып табылады. Мысалы, салынған айыппұлды алып тастау туралы талап сотқа
берілген тұлғаның шағымы қалай қалыптасқанына қарамастан дәл сондай талап
болады. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізудің
жарыспалылық қағидасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 15-бабында
көзделген. Сот процесінің басқа түрлеріне қарағанда азаматтық процесте
жарыспалылық қағидасының қолданылуы анық көрінеді. Бұл тәжірибе сотты
белсенді роль атқарудан босатуды және процесте тараптарға іс бойынша толық
көлемде дәлелдемелер жинауды түсіндіреді. Бірақ та қазір де судья азаматтық
процесте іс бойынша дәлелдемелер көлемін және оларды жинау жолдарын
анықтайды, сондай-ақ, өз бетімен дәлелдемелер жинайды, талап қоюды
қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады және т.б.. Судьяны процестің
жарыспалылық жағдайында оған тиесілі емес рольден босатып, тараптар
арасындағы дауды шешетін тұлғаға айналдыру қажет. 5-тақырып. Азаматтық іс-
жүргізудегі (процестегі) үшінші тұлғалар ҚР АІЖК-нің 50-бабында: "Талапты
бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы
мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа
қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс
жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне
тапсыра алады".
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап
қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер
деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1 - процессуалдық-құқықтық мағынада;
2 - материалдық-құқықтық мағынада.
Процесеуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:
1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше
тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 3 талап қоюшымен 1
жауапкердің қатысуы;
2-ші түрі еңжар бірігіп қатысуы - сотта жауапкер жағынан бірнеше
тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 1 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы:
3-ші түрі аралас бірігіп қатысуы –бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер
жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы, 3талап қоюшы мен 3 жауапкердің
қатысуы.
Материалдық-құқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін:
1-ші түрі қажетті (міндетті)- заң бойынша іске барлық қатысушылардың
(талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы
ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;
2-ші түрі — факультативті (міндетті емес) - бірігіп қатысуын міндетті
түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана
талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай
қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар
бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды
неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге
бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171-бабы 2-бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде
дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшыныңның әр түрлі
жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшыныңардың бір жауапкерге қойган талабы
бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мүндай біріктіруді дұрыс деп
тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы (АІЖК-
ніц 171-бабы 3-болігі).
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі
сотта өкіл бола алады(А1ЭКК-нің
59 бабы-болігі)
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар.
Үшінші тұлғалар-өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін
басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап
қоюушы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделері мен сәйкес келмейтін
тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі-
олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс
бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер
етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты іс бойынша бірнеше
әр түрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын
сотпен тоық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін
шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың ісі бойынша мүдделердің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін,
сондықтан олардың 2(екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
1) Даудың нысанына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар-бұл
талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың
нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар.
Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дауталап қоюшы мен
жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР
АІЖК-нің 14-тарауы ) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою
арқылы қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мың
теңге тұратын пәтер алмақшы болады, ал пәтер сатып алу үшін 80000 мың теңге
ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, 40000 мың теңге ақшаны
үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол
пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік
бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы
өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес
талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға болып табылады). Бұл үшінші тұлғалар
өз талаптарын тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.
Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым
шығаруымен белгіленеді.
Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар-бұл
процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар
сипаттамасы:
-процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын
пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен
толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келуі керек, сондықтан
талап қоюшының талабын қанағаттандырмаса әлбетте, үшінші тұлғаның талап
арызын қабылдаудан бас тартады. ( толық немесе жарым-жартылай). Іске қатыса
алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға
хақы бар.
-іске қатысу ықыласы көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар-бұл
бірінші сатыдағықаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың
біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін
болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар(ҚР АІЖК-
нің 53-бабы).
Олардың сипаттамасы:
-егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе
міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың
шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе
алады;
-олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен
немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
-дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың
негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту
немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не
бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп
орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады
және іс жүргізу міндетін мойнына алады (ҚР АІЖК-нің 47-бабы).
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске
келесі жағдайлада кірісе алады:
-өз бастамасы бойынша;
-тараптардың өтініші бойынша;
-іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-
өзі басқару органдардың ) өтініші бойынша:
-соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін
кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың
азаматтық процеске қатысуы жөнінде мысал келтірейік: Мысалы: қыста жолдың
тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі-қала автопаркінің автобус
жүргізушісі, ал екіншісі –жеке меншік автакөлік жүргізушісі аварияға
ұшырайды. Егер авропарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жнке
меншік автокөлік жүргізушісі сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы
ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес, ол
жұмыс істеп жүрген автопарк әкімшілігінен ( жауапкер ретінде ) өндіріп
алады. Сонда кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын
автопарк әкімшілігі өз қызметкерінің жалақфысынан ұстап қалып отырады, яғни
сонымен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға
болып автобус жүргізушісі танылады. Бүгінгі күні іс үшін мәні бар нақты
мән-жайларды дәлелдеу міндеті толығымен тараптар мен іске қатысушы басқа да
тұлғаларға жүктелген, ал сот оларға тек қосымша дәлелдемелер ұсынуға және
олардың өтініштері бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
Егер олар процеске қатысудан бас тартса (сотқа келуге, іс жүргізуді өкілге
тапсыруға, дәлелдемелер ұсынуға), онда мұндай жағдай олар үшін ұтымсыз және
сот шешімі де оларға қарсы қабылдануы мүмкін.
Бірақ та процеске қатыспаған тарап дәлелдемелер ұсынбаған кезде, ал сот
(судья) өз қалауы бойынша сұратып алмаған жағдайда іс бойынша объективті
ақиқат мүмкін бе деген сұрақ туындауы мүмкін. Біздің ойымызша, тарап
өзінің талаптарының және қарсылықтарының ақиқаттығын тек нақты деректер
арқылы дәлелдеуі қажет.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 77-
бабының 3-тармағына сәйкес: “Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты
дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-
жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді
дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады”.
Бірақ жарыспалылық процестің ерекшеліктерін ескере отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы
Қылмыстық процесс
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Сот дәлелдемелер түсінігі
Азаматтық іс жүргізу тараптары
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері
Пәндер