Оңтүстік астананың экологиясы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Оңтүстік астананың экологиясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Алматының атмосферасы . . . 5
2. «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасы: үміт пен күдік . . . 9
3. Алматы жасыл желектері . . . 15
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Алматыда бір-ақ рет болған адамның қаланы жақсы көрмеуі мүмкін емес. Ал егер ол осында тұрса ше? Онда тіпті ұмыта алмастай ғашық болып қалады. Осыдан қырық жылдай бұрын одақтық "Известия" газеті атақты американ жазушысы Эрнест Хэменгуэйдің жары Мэриден алынған сұхбатты жариялады. Сөз арасында журналист бүкіл әлемді аралал шыққан Мэриден әлемнің ең әдемі қаласы қай қала екенін сұрайды. Сонда жазушы зайыбы әлемнің ең әсем қаласы ретінде Алматыны атайды. Қаламызда ешқашан болмаған тілші "Мәскеу де, Ленинград та емес пе?" депті таңдана. Оған Мэри Хэменгуэй тағы да "Алматы" деп қайтара жауап берген. "Сіз бұрын ең әдемі қала деп Пекиңді айтып едіңіз ғой" деген газет тілшісіне Мәри Хэменгуэй: "Онда мен Алматыны көрген жоқ болатынмын" депті.
Сұлу қала, ару қала әлемге өзінің басын мәңгі қар басқан Алатауымен, табиғаттың інжу-маржаны Медеуімен, Шымбұлағымен, көкжасыл желек жамылған Көктөбесімен қымбат. Осы көрікті табиғаты үшін де Алматыны сүймейтін адам жоқ Әрине, кез келген алматылық сүйікті қалам бұдан да сұлу болса екен, ауасы да, көше де таза болса екен дейді. Қала ауасы ауыр, лас болса жаны жүдеп қалады.
Шыны керек, соңғы он - он бес жылда қала ауасы ауырлап кетті. Тіпті қаланың атмосфералық ауасы өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда да нашарлап кетті. Мұның себебі неде, қайткенде жағдайы тузетуге болады. Ауа бассейнін тазарту үшін не істеу керек?
Алматы қаласының даңқы күллі әлемге аян. Оны дүние жүзі ең жасыл желекті, Алатау баурайынан төмен қарай бұлақтары шапқылаған, ауасынан алма исі аңқыған қала деп біледі. Ағылшын жазушысы Э. Хемингуэй Алматыға әлемдегі ең сұлу қала деген баға берген.
Алайда соңғы он бес-жиырма жылда бір кездегі сұлу қала азып-тоза бастады. Ең алдымен жасыл желегі оталып, олардың орнын ресторандар, казинолар, автозаправкалар, кафелер басты. Бүкіл әлемді апорт алмасымен тамсандырып отырған «Горный гигант» совхозының жері ту-талапайға түсті. Кейін жекешелендіру басталғанда ол жерлердің бәріне мемлекег байлығын жең ұшынан бөлісіп алған «жаңа байлар» коттедждер салды. Қазір ол жерлерге қарапайым халык бара алмайды, себебі айнала мықты күзет. Ал осы «жаңа байлар» коммуналдык кызмег және су, газ, электр энергиясы үшін көк тиын төлемейтін көрінеді. Оларға шамасы келмеген соң монополистер қара халықты зар қақсатып, коммуналдық төлемдерді көтере береді. Егер төлемесе электр жүйесін қиып, суды, жылуды, газды айырып тастайды. Қара халықтың қолынан не келеді, жылап, еңіреп жүріп тиын-сиынын құрап амал жоқ төлейді. Соны біліп алған монополистер әлі де коммуналдық төлемдсрді көбейтеміз деп жаландап отыр. Бірақ иск астындагы президент сайлауының алдында дымдарын шығара алмай, катты қиналып жатқанға ұқсайды. Ал осы тау баурайларындағы биіктігі ишанмен таласқан биік офистер мен үйлер, сәнді коттедждер мен особняктар күні-түні ауаны, суды былғап жатыр. Осыдан келіп қалаға келер ауа тарылған үстіне тарыла, түсуде. Бұған шыдай алмаған президент өткен жылдары екі-үш рет қатты-қатты ескертпе де жасады. «Енді таудың ұшар басына дейін үй саласыңдар ма, тіпті Алатаудың өзі көрінбей барады ғой, қала әкімшілігі қайда қарап отыр?» деп қатты реніш білдірді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Алматының атмосферасы
Бір кезде өзінің жасыл желегімен, қып-қызыл апорт алмасымен бүкіл дүние жүзіне мәшҺур болған Алматы каласында бүгінгі таңда таза ауамен дем алу қиын. Көшеге шықсаң жүйткіген машиналар қағып кете жаздайды. Әрлі-бері жөңкіген шағын "Газельдер'' мен кіші автобустардан шыққан улы газ бен кара түтін көзіңді ашытып. қолқаңды қауып, еріксіз түшкіртіп-пысқыртады.
Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Батырбаевтың айтуынша казір Алматыда 500 мыңға жуық автокөлік бар екен. Ару калаға күн сайын 50 мындай автокөлік басқа жақтардан келеді. Міне, осынша машина жүйткіп көшеге шыға келгенде ауаны кап-кара ыс басады. Иісі жаман газды ауа қолқаны кабады. Өйтпегенде ше? Сарапшылардың пікірінше, бір машина сағатына 8-10 текшеметр улы газ шығарып, көлік қалдығынан қала ауасының 85 пайызы ластанады екен. Алматыдағы көлік дәл қазіргі қарқынмен көбейе берсе, мұның қоршаған ортаға да, адам ағзасына да бұрынғыдан да көп зияны тиері анық. Егер каладағы бір автомашина сағатына 8-10 текшеметр улы газ шығарғанда 550 мың машинадан қанша улы газ шығатынын есептей беріңіз. Ал осындай улы газды ауаны жұтып жүрген адамдар ауырмағанда, өлмегенде кайтеді? Мұндай улы газды ауаға темір екеш темір де шыдай алмайтыны ақиқат. Өйткені, қаладағы автокөліктер тәулігіне 460 тонна химиялык тозаң шығарады. Сонда әрбір қала тұрғыны бір жылда орта есеппен 150 килограмм улы, зиянды қалдыкты жұтады. Ал бұл жай ғана ауадағы тозанды шаң емес. Оның күрамыңда адамнын бойындағы иммунитетті әлсірете беретін диоксин бар. Диоксиннен қала тұрғындары катты зардап шегіп отырғаны дәрігерлерді бүгін де қатты мазалал отыр.
Қала көшелеріндегі қап-қара түтінді бұрқыратып жүрген 550 мың жеңіл автокөліктерге қала құрылыстары мен өндіріс орындарында жұмыс істейтін 29 мың жүк көлігін және оған тұрғындар мен жолаушыларды күн сайын тасымалдайтын 11 мыңнан астам алуан түрлі автобустарды қосыныз. Сонда бұлардың барлығы бір күнде орташа алғанда 500 тоннаға жуық зиянды заттарды Алматынын ауасына таратады. Сұмдық емес деп айтып көріңізші мұны. Міне, қала атмосферасының 80 процентін осы автокөліктер улал отыр.
Сөз жоқ, қала әкімшілігі оңтүстік астанамыздың ауа бассейнін тазартудағы кезек күткен проблемаларды біртіндеп шешіп келеді. Оның ең бастысы - метро құрылысын тездетіп бітіру. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов метро кұрылысынын 8, 3 км болатын бірінші кезегін 2008 жылы бітеді деп отыр. Болашақта метро жолын ашық аспан астында шусыз, жайлы трамвайлар одан әрі жалғастырады. Сөйтіп, "метро-трамвай" біріктірілген бағыттық жүйесі 100 км қашыктықты қамтып негізге магистральдағы халықты тасымалдауда басты көлікке айналады. Бұл қолга алынатын жұмыстар кала көшелеріндегі жолаушылар тасымалдау көліктерінің жүрістерін ретке келтіріп, кала аспанына көтерілетін 460 тонна зиянды калдыктардың 80 процентін шығаратын көліктерге көмек келеді.
Екінші проблема - автокөліктерді табиғи газға көшіру. Осыдан екі жыл бұрын Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, кала әкімшілігі және «КазТрансГаз» жабық акционерлік қоғамы ұзақ мерзімді меморандумға қол қойып, компания бірнеше газ кұю станцияларын салуды өз міндетіне алды. Бұл жоба бойынша 9 жылда 9 миллион доллар игерілуге тиіс. -«Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасы бойынша, -деді бізбен әңгімесінде қалалық қоршаган ортаны қорғау басқармасының бас маманы Амангелді Айнағулов, -2015 жылға дейін оңтүстік астанамыздағы барлық автокөлік газбен жүруі тиіс. Газ - бензинге қарағанда таза әрі арзан.
Үшінші проблема - автокөліктерден улы газды аз шығару үшін арнайы катализаторлар қондыру. Шетелдің машиналарына қондырылатын катализаторлардың бағасы 300-500 доллар шамасында. Бұл сөз жоқ, кымбат. Сондықтан Амангелді Айнағұловтың айтуынша, катализаторларды өзіміздегі Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты шығара бастапты. Оның құны алматылық жүргізушілерге 100-150 долларға ғана түседі екен. Алайда өткен екі жылда тек мынға тарта автокөлікке ғана катализатор койылыпты. Бұл әрине, өте қанағаттанғысыз. Бірак биылғы жылы үшінші газ құю станциясының бітуі көңілге жылы үміт ұялатады. Енді екі-үш жылда қаладағы барлық көліктердің тең жартысынан артығы газбен жүретін болады.
Төртінші проблема көлік жүрісін реттеу, олардың тығынын азайту үшін салынып жатқан үш деңгейлі айналма жолдар құрылысы болатын. Өткен жылдың 1 шілдесі күні Райымбек даңғылы мен Саин көшесіндегі көлік торабының көпір өткелі кешені пайдалануға берілді. Ал күні кеше үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы аяқталды. Бұл жолайрық оңтүстік астанадағы ең ауыр автокөлік қысымын көтеретін айналмалы көпір болмақ. Ол барлық тараптан келетін көлік ағынын тарамдап жіберетіндей етіп жобаланған. Енді осы жолайрықтан тәулігіне 120 мың автокөлік өтеді. Осы құрылысқа 2001 жылдан бері 6 миллиард 200 миллион тенге жұмсалыпты. Алға карай Алматының жол - көлік мәселесін шешу үшін осындай 18 көп деңгейлі жол айрығы қажет, оның екеуі қазір іске қосылыпты. Енді алда тағыда 16 жолайрық салынады. Жаңа кешеннің тұсаукесеріне қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысып былай деді:
-Әкімдік жоспарлаған, болашақта салынатын жолайрықтарды айтатын болсақ. Бір аптадан кейін оның екеуіне кірісеміз. Бұл - Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің және Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин данғылының киылыстарындағы жолайрықтар. Оның құрылыс мерзімі - екі жыл, бағасы - 6 миллиард тенге. Сол секілді қаражат көздері табылған кезде келесі жолайрықтардың да құрылысы кідіріссіз басталды. Күні бүгін 5-6 жолайрықтардың жобалары дайын.
Сонымен қаладағы сақалды құрылысқа айналып кеткен нысан іске қосылды. Қала әкімі 2005 жылдың шілде айында үш деңгейлі (тоннель, эстакада, жер асты бөлігі) жолайрықты толығымен бітіреміз деген уәделерінде тұрған "Трансстроймост" ААҚ басшысы Александр Рязанов пен "Казпромстроймост" ЖШС жобалаушысы Владимир Петуховтарға қала әкімдігі атынан Құрмет грамотасын тапсырды.
Қалалықтар бітуін көптен күткен бұл жолайрықтың маңыздылығы сонда, ол көлігі күн сайын көбейіп келе жатқан шаһардың экологиялық ахуалына игі әсерін тигізбек. Тек соңғы 10 жылдың ішінде Алматының автомобиль паркі 5 есеге көбейгені белгілі.
Автокөпірді жобалаушылардың айтуынша, "жоңышқа жапырақ" типті жобамен салынған аталмыш жолайрықтың әзірге Орталык Азияда баламасы жоқ. Ол монолитті темір-бетоннан салынғаңдықтан кұрылым қысымы сакталған және 9 балдық жер сілкінісіне төтеп береді. Құрылыстьң эстакадалық бөлігінің ұзындығы - 640, ал ені 30 метрді құрайды, тоннельдің ұзындығы - 90 метр. Жолайрық жобасы болашақта да саны өсе беретін автокөліктер ағынына есептелінген. Енді алдағы уақытта батыстан шығысқа қарай аларатын қаланың ірі магистралі - Рысқұлов данғылын толықтай аршу үшін Рысқұлов-Күдерин, Рысқұлов-Жансүгіров, Рыскұлов-Сейфуллин тораптарын жобалау басталмақ. Екіншіден, қалада әркайсысында 250 автоколік тұратын 150 паркинг салу қолға алынып, былтыр жыл аяғына дейін олардың 15-ін іске косу көзделген. Үшіншіден, Абай даңғылы, Төле би мен Шаляпин көшелері Қалқаманға дейін ұзартылып, Желтоқсан көшесі Әл-Фараби даңғылымеи қосылады. Төртіншіден, бағыт-тардан сыйьмдылығы аз мындаған шағын автобустар алынып тасталып, олардың орнына үлкен автобустар мен троллейбустар жіберіледі. Бесіншідсн, метро құрылысы одан әрі жалғастырылады. Бүгінде онын күрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оған өткен жылғы республикалық бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінді. Әрбір шақырымына 100 миллион доллар жұмсалатын бұл күрдел құрылыстың алғашқы желісі 2008 жылы іске қосылады. Қазір екі инфрақұрылымды біріктіріп, 100 шақырымдық "Метротрамвай" бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. Оның жолаушылар тасымалында, сондай-ақ экономикалық, экологиялық жағынан тиімділігі жоғары болмақ.
Әрине, Алматының ауа бассейнінің проблемалары мұнымен бітпейді. Мұның ішінде сапасыз бензин жырын ең бастысы деуге болады. Ал осы бензинді ауыстырар табиғат байлықтарын біз әлі пайдалана алмай отырмыз. Жақында Англияда машиналар қойдың зәрімен жүре бастады. Міне, арзан экологиялық жағынан өте таза отын. Неге біз бензин орнына осы қой зәрін пайдаланбаймыз?
Қала ауасын тазартудың басқа да жолдары аз емес. Мысалы, халықаралық ақпарат-тандыру академиясының Орталык Азия елдері бойынша президенті Геннадий Коренчук бастаған бір топ маман Алматы қаласы мен облыстың экологиялық ахуалын жақсарту барысында талмай ізденіп, нақты ұсыныстарды әкімқараларға айтудай айтып-ақ келеді.
-Біз үш жылдан бері Алматының экологиясын зерттеумен айналысып келеміз. Ізденісіміз нәтижесіз емес. Мысалы, Алматыдан небәрі 300 шақырым жерде төменгі Іле қоңыр кемір кеніші бар. Алдын ала зерттеуге сүйенсек, мұндағы көмір қоры тек Алматы облысы ғана емес, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарын қажетті отынмен қамтамасыз етуге жетеді. Ал біздің зерттеп, ұсынып отырғанымыз осындағы қоңыр көмірді қазып алып, одан жасанды сұйық отын алуға болады. Ал сол жасанды сұйық отынды кәдуілгі бензиннің орнына көліктерге пайдалануға болады. Ең бастысы, бұл сұйық отыннан ауаны ластайтын зат бөлініп шықпайды. Біз осыны қаланың бұрынғы әкіміне сан мәрте ұсынғанбыз. Алайда ол біздің ұсынымызға мән бермеді. Жақында біздің топ Алматының жаңа әкімі Иманғали Тасма-ғамбетовтің қабылдауында болып, халық үшІн ауадай қажетті осы ұсынысымызды айтып, оның ауаға да, елге де, типті көлікке де қолайлы әрітиімді екенін корғап шықтық. Сөйтіп, Иманғали Нұрғалиұлы бұл ұсынысымызды қош көріп, қажетті қаржыны Үкіметтен сұрайтынын айтты. Қазір біз жүзеге асыратын істеріміздің нақты бағдарламасын әзірлеудеміз. Егер жеткілікті қаржы бөлінсе Алматының ауасы тазарып, тұрғындардың денсаулығы да түзелмек, -деді Геннадий Коренчук бізге.
Қала ауасын бүлдірушілер тек соңғы жылдары ғана қатаң жазалана бастады. Мысалы, ҚР Әкімшілік кодексінің 247-бабы бойынша көлігі зиянды калдык бөліп шығаратын жүргізушілер алғашында 1942 теңге, ал ақауьш жөндемесе 9971 тенге айыппұл төлейді. Бұған көнбегендердің ісі сотқа жіберіліп, олардың жазасын сот белгілейді.
2. «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасы: үміт пен күдік
1990 жылдардан кейін бұрынғы жабық қаланың кілті ашылған соң бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен халық астанаға лап қойды. Содан келіп кала маңын архитуралық келбеттен жұрдай, опырайған, жапырайған «Алғабас», «Ұлжан». «Дархан», «Думан», «Ақбұлақ», «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Маяк», «Қалкаман» т. б. шағын аудандар басты. Олардың бәрі тұрғын үйлерге көмір, ағаш, мазут жағады. Одан шыққан көк түтін тау ойпатында тұрған қала тұрғындарының тыныс жолдары арқылы өкпесіне, бауырына, бүйрегіне, жүрегіне қонақтайды. Қазір қаладан біренсаран байлықтан кекірігі азған «жаңа байлар» мен шенеуніктер болмаса, сау адам табу қиын. Түшкіріп, пысқырып, күркілдеп, зіркілдеп жүрген біреу. Аурухана біткен толған ауру. «Ойбай, шетелде операция жасайын деп едім, соған пәлен мың доллар керек, қалталы азаматтар болса көмектессе екен» деп банктерден есепшот ашып алып зарлап жатқандарда есеп жоқ. Бір кезде құлын-тайдай шауып жүрген осы адамдарға аяқ астынан не болды? Осындай жағдай өз басымызда да болып елдегі көз көрген, өзім деген бірен-саран жігіттерге бірер бұйымтай білдірген едік, әлі хабар да жоқ, ошар да жоқ. «Көп түкірсе-көл» деген, осындай қиын сәтте» көмек қолын созбасақ адамдығымыз қайсы? Қазір ел жағдайы түзу. Мал қөбейген. Табиғгатқа көңіл бөлінбесе де қалта қампайту жағына қатты көңіл бөлініп жатқаны байқалады. Әйтеуір артының қайырын берсін, байлық жарыстыру, атын шығару, жаппай той өткізу сияқты бір бәсеке белең алып тұр ғой.
Міне, адамдардың денсаулығының кемуі, тіпті кеше аттай шауып жүрген жап-жас жігіттердің өліп кетіп жатқаны осы экологияның нашарлап кетуінен екені анық. Енді ше, топырақ азды, су бүлінді, ауаны ыс басты. Осының бәрі жинала келе адам денсаулығын бұзды. Бұл және бір күн емес, он күн емес, он жыл бойы осылай болып келеді. Меніңше, мұның басты себебі осы тәуелсіздік алдық деп жүрген он төрт жылда халықтың экологиялық мәдениеті сұмдық төмеңдеп кетуінен сияқты. Табиғатты тікелей қорлау басталды. Күн сайын бүгіңде өзен аңғарларына, тау етектеріне, көше бойларына бейберекет лақтырылған темекінің тұқылы мен қорапшалары, полиэтилен қапшықтар, қартон корап қалдықтары, газет-журнал қиындылары, шемішке қауыздары дейсіз бе, әйтеуір неше түрлі қоқыстан аяқ алып жүре алмайсыз. Оларды мектеп оқушылары, студенттері апта сайын машиналап жинайды. Бірак екі-үш күнде сол көрініс қайтадан қайталанады. Оу, бір-екі рет тазалық сенбілігін өткізуге болар, ал апта сайын оқушылар мен студенттерді кала тазалығына жегуді не деуге болады? Бұл олардың міндеті емес қой. Мұның соңы ауыр зардаптарға да соқтырып жүр. Жақында бір колледждің оқушыларына қөшеде тазалық сақтау туралы тапсырма беріліп, олар өткен-кеткендерге ескертпе жасап тұрады. Сондайда бір әумесер окушы қызды құлақ шекесінен қонжитып, әлгі бала ауыр ми жарақатымен ауруханаға түскен. Бүйтіп тазалық қорғағанымызға жол болсын. Осы сюжет туралы «Таң» телеарнасы қайта-қайта әңгіме көтерді.
Қазір қала орталығын былай қойғанда Алматының төңірегіндегі «Медеу» шатқалы, «Бутаковка», «Көктобе», «Алма-Арасанның» экологиясы жыл өткен сайын нашарлап бара жатыр. Ауасы таза делінетін сол таулы аймақтың да қоқыстан «көзі» ашылмай, күннен-күнге ластанып бара жатқанына жаның күйзеледі. Сөйтіп, әсем әлемімізді аялай алмай, тазалықтан жұрдай болған жағдай бар. Бұл жайт дүркін-дүркін бұкаралық ақпарат құралдарында сөз болып жатады. Одан шығып жатқан қорытынды жоқ. Қала ластанғанның үстіне ластанып барады.
Ал осыларды бақылау, қоршаган ортаны бүлдіргендерді жауапқа тартатын мекеме бар ма? Әрине, бар. Қазір қаланың әр ауданында қоршаған ортаны қорғау инспекторлары бар. Олардың бәрінің астына су жаңа көліктер берілген. Бұған қоса қауіпті індеттен қорғау стансалары. экологиялық прокуратура мен толып жатқан мекемелер бар. Бәрінің де айналысатыны - бір шаруа. Қоршаган ортаның тазалығы үшін күресу, табиғатты аялауға халықты дағдыландыру және таты басқа толып жатқан іс-шараларды жүргізу. Бұл мәселеде олар қатаң бақылау орнатып, қала тазалығы үшін пәрменді жұмыс жүргізу керек еді. Солай бола тұра жоғарыда аталған мекемелер мен құзырлы органдардың қала тазалығы мәселесінде тәртіп орната алмай отырғаны-бүгінгі күннің ащы шындығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz